Домой Блог Страница 110

Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ президенті тағайындалды

20160906102135ҚР БҒМ Ғылым комитеті бұйрығымен Әнуарбек Сұлтанғазин Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Әнуарбек Жәлелұлы 1956 жылдың 20 қарашасында дүниеге келген. Экономика мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, доцент.
Ә.Сұлтанғазин еңбек жолын ҚарМУ-дың комсомол комитетінде бастаған. 1990-шы жылдары ол Қарағанды әкішілігі басшысының орынбасары қызметінде, содан кейінгі жылдары Қарағанды облыстық қаржы басқармасын, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Қаржы министрлігінің қаржы жүйесі қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.
2000-2001 жылдары ол ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі төрағасының орынбасары болды. 2001 жылдан бастап республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі болды. 2006 ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы болды.
2007 жылдың қазан айында ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалып, 2008 жылдың қыркүйегінен заместитель председателя правления АО «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауысты. 2010-2012 жылдары ол «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2012-2013 жылдары -АО «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2013-2014 ж.ж. Ә.Сұлтанғазин «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» аутсорсинг секторының сараптамалық тобының қызметін басқарды.
2014 жылдан 2016 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аппарат басшысы, кейін — «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
«Құрмет» орденімен наградталған.

Баланың бойының өсуі неге байланысты?

Баланың бойының өсуі неге байланысты?Бойдың өсуі баланың денсаулығы мен физикалық дамуының маңызды көрсеткіші саналады. Алғашқы жылы сәби 25 см-ге өссе, екінші жылы 10-12 см қосады. Екі жастан жыныстық жетілуі кезеңінің басталуына дейін баланың бойы жыл сайын 4 см-ге өсуі тиіс.

Бес жасқа дейін бой өсуіне қалқанша безі гормондары мен өсу гормоны ықпал етеді. Ал жыныстық жетілу басталғанда, жыныстық гормондар басымдылық танытып, бой бірден өседі. Әдетте ер балаларда ол қыздардан екі жыл кейін жүреді.  Қыз балалардың біраз уақыт қатарлас ұлдардан ұзын болатыны да сондықтан. Жасөспірімдік кезеңде бой шамамен 20-25 см-ге өседі.

Егер баланың бойының өсуінде қиындықтар болса, ата-аналары бірден дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Бой өсуінде артта қалушылық генетикалық, туа біткен, эндокринді немесе басқа да аурулар, дұрыс тамақтанбау, витамин жетіспеушілігі себептерінен болуы мүмкін. Ал баланың бойының жылдам өсуі гентикалық себептерге байланысты. Оған қоса, бойдың бірден өсуі ерте жыныстық жетілумен байланысты болуы ықтимал. Ерте жетілген баланың бойы бірден ұзарғанымен, біраз уақыттан соң қатарластарымен теңеліп, тіпті, олардан бойы қысқарақ болып та жатады.

islam.kz

Елордада отбасылық дуатлон өтеді

Елордада отбасылық дуатлон өтеді11 қыркүйекте Триатлон паркте бүкіл отбасыға арналған шара өтеді. «Отбасылық дуатлон» барысында белсенді демалуға әуес жандар 2 км велосипедпен бағындырады, ал балалар 500 м қашықтыққа жүгіреді, деп жазады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Отбасылық дуатлонға денсаулығына қарай белгіленген қашықтықты бағындыра алатын ересектер мен балалар қатысады. Балалар екі жас санатында сайысқа түседі: 9-дан 11-ге дейін және 12-ден 14 жасқа дейін.

Бұл күні ерлер 2 км жүгіреді, ал аналар осы қашықтықты велосипедпен бағындырады, балалар 500 метрде жарысады.

Отбасылық дуатлонға тіркелу үшін қатысушылар family-duatlon@mail.ru электронды поштасына өтінім жіберулері керек. Егер 11 қыркүйекке дейін тіркеліп үлгермей жатсаңыздар, жарыс өтетін күні де өтінім беруге болады. Тіркеу сағат 9:00-10:30 аралығында өтеді. Шара 11:00 басталады.

Қашықтықты сәтті бағындырып, жүлделі орын алған отбасылар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Отбасылық дуатлонның бас жүлдесі отбасыға арналған Ыстық көлге жолдама, күміс жүлде – елордалық фитнес-орталықтардың біріне отбасылық абонемент, ал қола жүлдегерлерге велосипед беріледі.

Павлодарда Оңтүстіктің ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Павлодарда Оңтүстіктің ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өттіӨңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет Павлодар облысында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке  болашақта өңірлер арасында  тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. Жәрмеңкеге облысымыздың 15-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Оңтүстікқазақстандық  дихандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс жидек өнімдерін жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалады. Диханшылардың айтуынша, қойылған  барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылған. Бұл ең алдымен, ұсынылатын өнімнің сапасы мен тиімді бағасына байланысты.

Аталған жәрмеңке Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соның ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық  екенін тағы да дәлелдеді.

Алматы облысының Астанадағы Күндері өтеді

Алматы облысының Астанадағы Күндері өтеді9-11 қыркүйек аралығында Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты тақырыпта Алматы облысының Астанадағы Күндері өтеді.

Шара аясында өңір қаламгерлері кітаптарының тұсаукесері, өнеркәсіп өнімдерін, қолөнер бұйымдарының, сурет және музей экспонаттарының көрмелері, спектакльдер, концерттік бағдарламалар және Алматы облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Осы шараларды тамашалауға Сіздерді Ұлттық музейге, Жастар театрына, Ұлттық кітапхана мен Конгресс-холға шақырамыз.

Жәрмеңке Оқушылар сарайы жанындағы алаңда ұйымдастырылады.

ОҚО-да жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды

ОҚО-да жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылдыОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері  «Назар аударыңыз, балалар!» жедел іс-шарасы барысында №55 орта мектебінде «Бірінші сынып жаяу жүргіншілеріне арналған» акциясын өткізді, деп жазады ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі.

Полицейлер балаларға оқу жылы барысында аса маңызды және қажет болатын жол белгілерімен таныстырды. Оқытылған теориялық оқушыларды практика жүзінде көрсету үшін жол қиылысына алып барды. Сонымен, жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды.

Нақ осы күні оқушыларға «Жолдос көмекке асығуда» мультфильмі көрсетіліп, әрбір жаяу жүргінші балақайларға естеліктер мен фильм дискілері таратылды.

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргінші балалардың қатысуымен 246 жол көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 22 бала қаза болса, 241 жарақат алған.

ОҚО-да 511 мың азамат «connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша кеңес алған

3D Operators working in a call center

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бойынша 7 айда 511 мыңнан астам азаматқа кеңес берген, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осы уақыт ішінде халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру мақсатында облыстың 309 211 тұрғыны электрондық санды қолтаңба алған. Олардың барлығы «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдана алады.

Аудандардағы елді мекендерге шыққан Мобильдік ХҚКО-ы 1 мыңға жуық шығыс жасап, осының шеңберінде 36324 мемлекеттік қызмет алынды. Ал 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 1926 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ, есту және сөйлеу қабілеті нашар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алулары үшін әрбір бөлімде сурдоаударма инспекторлары жұмыс жасайды.

Мемлекеттік қызметтерді үйінде 1 және 2 топтағы мүгедіктігі бар тұлғалар алатынын атау қажет. Мұндай шығуларда Мемлекеттік корпорация ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдау және беру, электрондық санды қолтаңба жазу ал қажет болған жағдайда клиенттерге электрондық үкімет порталы арқылы өздігінен мемлекеттік қызметтерді алуға үйретеді.

Бүгінде сұранысқа ие электрондық анықтамалар олар: мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы анықтама және зейнетақы аударымдары туралы анықтама мен ҚР азаматтарының жеке куәліктерін рәсімдеу үшін өтініштері болып отыр.

Жетісу граниттері ЭКСПОға жол тартады

Жетісу граниттері ЭКСПОға жол тартадыАлматы облысына қарасты Ақсу ауданынан орын тепкен «Жетісу – Гранит» ЖШС-гі «Экспо-2017» нысандарын салу үшін «АБК Кұрылыс» ЖШС-мен 374 млн. 471 мың теңгеге, құрылысқа қажетті 17585 шаршы метр гранит бұйымдарын шығару туралы келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Бүгінгі күні   жалпы жолданған гранит көлемі 12330,92 шаршы метр немесе 229,7 млн. теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, «Жетісу – Гранит» ЖШС-гі өңірлік даму картасына ену үшін тиісті құжаттарын Алматы облыстық кәсіпкерлік және инновациялық- индустриялық даму басқармасына өткізуде.  Алдағы уақытта жобалық құны 1 млрд. 800 млн. теңгеге бағаланған гранит өңдейтін зауыт салу көзделуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдеріне Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далбағаев мәлімдеді.

Электр энергетикасы секторына да инвестиция тарту мәселесі бойынша Ақсу өзені бойына бірнеше шағын су электростанциясын салу жобасы қолға алынды. Нақтырақ айтсақ, «Ақсу ГЭС» ЖШС-гі аталмыш  өзен бойында ГЭС салу үшін жер пайдалануға мемлекеттік актінің құжаттарын ресімдеу жүргізуде, өзеннің жоғарғы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары атқарылуда. Бұл жобаның құны 900 млн. теңге.

Елордалық медицина қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған акциялар өткізеді

Елордалық медицина қызметкерлері ҚР Тәуелсіздік күніне орайластырылған акциялар өткізедіАстана қаласының денсаулық сақтау басқармасы халықты сауықтыру және аурулардың алдын алу бойынша «25 ізгі іс» ауқымды акциясының басталғаны туралы хабарлайды. Қаланың шалғай жатқан аудандарында, ірі кәсіпорындарында және базарларда жалпы практика, акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, отоларинголог дәрігерлерінің, УДЗ мамандарының, онкологтардың қабылдаулары ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қалалық емханаларда зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған Ашық есік күні өткізіледі. Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде аурулардың алдын алу және анықтау үшін тар шеңберлі мамандардың көшпелі консультациялары ұсынылады.

Жол-көлік оқиғаларында жарақат алудың алдын алу үшін қыркүйектің 1-і мен 10 аралығында Астана қаласының мектептерінде «Назар аударыңыз – бағдаршам» акциясы өткізіледі.

2016 жылдың 11 қыркүйегінде «Отбасы – біздің ортақ әлеміміз, біздің тыныштығымыз, біздің болашағымыз!» ұранымен Ұлттық отбасы күніне арналған шара өткзіледі. Оған 500-ден астам адам қатыспақ. Акцияның мақсаты – отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты қорғау және дені сау бала тууға қатысты жауапкершілікті қалыптастыру. Осы күні үш перинаталды орталықта жаңа туған сәбилерге естелік сыйлықтар табысталады.

Балабақшаларда мектепке дейінгі балаларға арналған тіс жегі профилактикасы бойынша 2 мың баланы қамтитын ойын түріндегі тренинг өткізілмек.

Толық ақпаратты 55-68-28, 76-83-12 телефондары бойынша алуға болады.

Үлескерлердің мәселесі толықтай шешімін тапты

2532715850fd8719e22cb7ad5bfac0c7 (1)Үлескерлердің үшін тұрғын үй мәселесін шешу — Алматы облысы басшылығының үнемі бақылауында тұрған мәселе болатын. Үлескерлердің қатысуымен құрылыс жүргізу жұмыстарына жауапты Алматы облысы әкімдігінің уәкілетті органы болып табылатын «Жетісу Жаңа Құрылыс» ЖШС-нің директоры Нүгірбек Абулғазиннің мәлімдеуінше, бүгінгі күні Алматы облысында үлескерлік құрылыс мәселесі толықтай шешілді.

Өздеріңізге белгілі, 2008-2009 жылдар аралығында Алматы облысында 4129 үлескері бар 21 проблемалық нысан болатын. 2009 жылы мемлекеттік қаржыландырудың көмегінсіз 12 нысан бойынша 1553 үлескердің мәселесі шешілген болатын.

«Сонымен қатар, мемлекеттік қаржылық қолдаудың арқасында тағы 34 кешеннің құрылысы аяқталып, нәтижесінде тағы 9 нысан бойынша 2576 үлескердің мәселесі шешімін тапты. Бұл мақсатқа бюджеттен 34,588 млрд. теңге бөлінген болатын, оның 34,009 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінген болса, 0,579 млрд. теңге жергілікті бюджеттен қарастырылды. Осының арқасында барлық қажетті инженерлік жүйелері тартылған 355 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй бой көтерді», — деп хабарлайды Нүгірбек Абулғазин.

Н. Абулғазиннің хабарлауынша, үлескерлердің мәселесі бойынша соңғы нысан саналатын «Өмірұзақ» тұрғын үй кешені бойынша соңғы құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталған. Жалпы аумағы 20,922 мың шаршы метр болатын 114 пәтерден тұратын 51 жеке тұрғын үй тұрғызылды.  Нәтижесінде 105 үлескердің мәселесі оңды шешімін тапты.

Осылайша, бүгінгі күні Алматы облысында үлескерлік құрылыстың проблемалық мәселелері толықтай шешілді.