Домой Блог Страница 112

Елордада Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Таңертеңнен бері қала тұрғындары мен қонақтары Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында өтіп жатқан ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне асыға келуде. Мұнда Қызылорда облысынан әкелінген өнімдердің кең ассортименті төмен бағамен сатылады. Жалпы, 40 сауда шатыры орнатылып, 400 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімі ұсынылып отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

ccce258aa08a912a02b8ff07bed.jpeg

Жәрмеңке «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» Өңірлер күндері аясында өтіп жатыр. Астанаға Қызылорда қаласы мен өңірдегі 7 аудан өз өнімдерін әкелді.

Жәрмеңкеде жарма, көкөністер, жемістер, сүт, ет және шұжық өнімдері, балық, бал, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер сатылады. Бағасы да төмен.

98f4072770f47f9b2c36aa234f9.jpeg

— Азық-түлік бағалары қуантады. Мен күріш, болгар бұрышын, алма сатып алдым. Бәрі арзан. Осындай жәрмеңкелер жиі өткізілсе екен, — дейді Астана тұрғыны Гүлнар Әлімжанова.

Сонымен қатар, жиналған қауым қызылордалық өнер қайраткерлерінің «Ырысты, күрішті Қызылорда» концерттік бағдарламасын және академик Ыбырай Жақановтың туғанына 125 жыл толуына орайластырылған «Ақ күріштің атасы — Ыбырай» атты көрмені тамашалайды. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» маркасымен шығарылған отандық өнімдер көрмесі де көпшілік назарына ұсынылады.

5d86b8f4fed5b410c8c237b8282.jpeg

Еске салайық, Қызылорда облысының мәдениет күндері аясында М. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханада өңірдің тарихымен және мәдениетімен таныстыратын «Туы биік, тұғыры берік Сыр елі» кітап көрмесі өтіп жатыр. Мерекелік шаралар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттер мен қоғамдық қайраткерлердің, танымал тұлғалардың кездесуімен жалғасады.

Астана қаласының Балалар деревнясында «Бәрі де бақыт үшін» ұранымен қайырымдылық шарасы өтеді.

Конгресс-холлда аймақтың өнер иелері «Сыр — Алаштың анасы» атты мерекелік концертте өз шеберлігін ортаға салады. Сондай-ақ, фойеде «Тәуелсіздіктің дара жолы — Сыр елі жетістігі» фотокөрмесі мен ел тәуелсіздігіне арналған сурет көрмесі өтеді. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында кітап көрмесі, ал ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрмелер мен экспозициялар ашылады.

Арыс қаласына жаңа әкім тағайындалды

Арыс қаласына жаңа әкім тағайындалдыҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Арыс қалалық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Арыс қаласының әкімі болып Мұрат Болатұлы Қадырбек тағайындалды, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

М.Б.Қадырбек 1980 жылы туылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының тумасы, білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.

Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымында бастаған. 2004-2008 жылдары Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс-Қазақстан облысы № 2 Тарбағатай аудандық сотының судьясы лауазымдарын атқарған. 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаментттері директорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен. 2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Солтүстік-Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттері басшысы — тәртіптік кеңес төрағасы лауазымдарын атқарған.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып еңбек етіп келді.

Әлеуметтік осал топтардан шыққан 20 бала Астана әкімінің білім грантына ие болды

Әлеуметтік осал топтардан шыққан 20 бала Астана әкімінің білім грантына ие болдыАстана әкімі Әсет Исекешев мектеп түлектеріне – жетімдерге, мүгедектерге, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, көп балалы отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға елордалық ЖОО-ларда оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы куәліктер табыс етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Бұл да мемлекеттің, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының бір белгісі екендігін атап өткеніміз жөн. Елбасы әрқашан да білімді ұлттың болашағы жарқын болады дейді. Білімнің арқасында біз бәсекеге қабілетті, күшті боламыз. Білім саласын дамыту – мемлекеттің басымдықтарының бірі болып табылады»,- деді Әсет Исекешев.

Астана әкімінің білім гранттары елордалық еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша бөлінеді. Бұл ретте техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтарға басымдық берілген.

Анықтама: 2008 жылдан бастап 268 түлек диплом алған. 81 студент оқуын жалғастыруда, соның ішінде 34 студент – С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 13 – Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде, 8 — Медицина университетінде, 2- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 21 — Еуразия гуманитарлық институтында, 1 – Астана университетінде, 2 — Технология және бизнес университеттінде.

Оқу жылы қарсаңында 41 өтініш қабылданды, соның ішінде 21-і республикалық грант бойынша, 20 өтініш арнайы комиссиямен қаралды. Нәтижесінде жалпы сомасы 7 210 000 теңгені құрайтын гранттар бөлінді.

Жалпы биыл жергілікті бюджет есебінен 101 студентті оқытуға (оқуын жалғастырып жатқан 81 студент + биылғы 20 студент) 38,9 млн теңге жұмсалды. Қала әкімдігі ЖОО басшылықтарымен бірлесіп студенттердің үлгерімін тұрақты бақылауға алды.

Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгіленді

Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгілендіҚазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай номер белгіленді. Егер жоспарланып жатқан террористік актілері туралы білсеңіз, немесе радикалды топтардың адамдарды өзіне тарту, көндіру әрекеттеріне тап болсаңыз, не болмаса оның куәгері болсаңыз, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиетті тарату туралы білсеңіз, «110» номеріне хабарласыңыздар. Осы номер бойынша Қазақстанның кез келген аймағынан келіп түскен қоңырау аумақтық белгісі бойынша ҰҚК департаменттерінің кезекшілік қызметтеріне жолданады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы хаттамалық тапсырмасымен облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне ІІМ, ҰҚК, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникация министрлігімен жергілікті жерлерде терроризмге қарсы «қауырт» желілер ашу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазіргі кезде ҰҚК келісімге қол жеткізген аудандық, қалалық телефондардан және «Beeline» мобильді операторының номерлерінен тегін қоңырау шалуға болады. Басқа байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Оқу орындарының түлектерін ақылы жастар практикасына қатысуға шақырады

Оқу орындарының түлектерін ақылы жастар практикасына қатысуға шақырадыЖастар практикасы оқыған мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде және жеке меншікті ұйымдарда алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 486 жас маманды жастар тәжірибесіне жіберді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бүгінде, олардын 335-і алғашқы тәжірибелерін алып, 182-і тұрақты жұмысқа қабылданды.

Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектеріне оқыған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға бағытталған. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Бүгінде оның мөлшері айына 53 800 теңгені құрайды.

Айта кетейік, жұмыс орындарының саны шектелмеген, бұл уақытша ғана жасалып отыр. Бұл ретте соңғы үш жылда жұмыссыздар ретінде тіркелген түлектердің жасы 29-дан аспауы керек. Жас маманның Астанада тұрақты тіркеуі, жеке куәлігі мен дипломы болуы керек.

Жұмыссыз азаматты жұмысқа қабылдау туралы шешім шығарылған жағдайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онымен жеке еңбек келісімшартын жасайды. Жастар практикасының ұзақтығы – 6 айдан аспайды.

Толық ақпарат алу үшін Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына мына мекен жай бойынша хабарласу керек: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 25, «Өркен» ІО. Анықтама телефондары: 57-86-47, 57-85-42, 26-65-18.

Алматы облысында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Алматы облысында 3 жаңа мектеп пайдалануға берілдіБілім күні Алматы облысында «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған 3 мектеп пайдалануға берілді. Жаңа мектептер Іле, Еңбекшіқазақ және Көксу аудандарында ашылды.

3 мектептің бірі Іле ауданына қарасты Боралдай кентінде орналасқан. Бұл 600 орындық заманауи үлгідегі жаңа мектеп ауылдағы үш ауысымда оқытуды жоюға мүмкіндік береді. Қуаныш иелерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов құттықтады.

— Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді шын жүректен бүгінгі Білім күнімен құттықтаймын. Бүгінгі күн баршамыз үшін қос қуаныштың үйлескен сәті. Себебі, Сіздер бүгін жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастағалы отырсыздар. Мемлекет басшысы білім – кемел болашақтың негізі, сол себепті өскелең ұрпақтың жан-жақты білім алып, дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Әрдайым алғыр, оқуларыңда озат, қашанда жаңа ойлар мен озық идеялардың бастамашысы болып жүре берулеріңе тілектеспін, — деп атап өтті Лаззат Тұрлашов.

Осыдан кейін мектептің қызыл лентасы салтанатты түрде қиылып, қонақтар мен шараға қатысушылар ғимарат ішін аралап, оқу кабинеттерін қарап шықты.

Бұл мектептің құрылысына Ұлттық қор мен жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1623,9 млн. теңге қаражат жұмсалған.

Бүгін сондай-ақ үш ауысымды ескі мектептің орнына бой көтерген 300 орындық жаңа мектеп Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында ашылды. Нысанның жалпы құны – 778,1 млн. теңге. Мектеп құрылысы Ұлттық қор мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылған.

Тағы бір жаңа мектеп Көксу ауданына қарасты Жамбыл ауылында ашылды. Онда 120 оқушы білім алатын болады. Білім ордасы жергілікті бюджет қаражатына салынған. Жалпы құны – 438, 4 млн. теңге. Бұрыңғы ауыл мектебі мектепке бейімделген ғимаратта орналасқан еді.

Осылайша, мемлекеттік бағдарламаның арқасында облыстағы үшауысымды мектептер саны азаюда.

Астанада Нұржол желегінде 900 артық ақылы тұрақ орны жасалады

Астанада Нұржол желегінде 900 артық ақылы тұрақ орны жасаладыЕлорда әкімдігі көлік жүйесінің сапасын жақсартуға бағыталған «Астана қаласының тұрақ кеңістігін басқару» жобасын қолға алды. Озық технологиялар алдымен Нұржол желегінде пайдаланылады. Әңгіме аумақты шлагбауммен жабу туралы емес. Бұл — Қазақстанда енгізіліп жатқан мүлдем жаңа технология.

Сынақ жұмыстары барысында Нұржол желегінде 910 тұрақ орны жасалады. Әрбір тұрақ орны арнайы жол белгісімен және тетіктермен жабдықталады. Аумаққа кірген кезде жүргізушілер электронды таблодан бос тұрақ орындары туралы мәліметті көреді. Көліктік бақылау қызметінің өкілдері көлік қою ережесін бұзу жағдайларын автоматтандырылған фото және бейне құралдардың көмегімен тіркейді.

Жүйе сынақтан өткізілгеннен кейін және халықты «Тұрақ кеңістігін басқару» жобасының іске қосылғандығы туралы ресми түрде хабардар етілген соң тұрақ кеңістігін пайдаланғаны үшін ақы алынатын болады.

Жоба бойынша ақы төлеудің бірнеше жолы қарастырылған, ол кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Атап айтқанда, қолма-қол ақшамен және арнайы паркоматтар арқылы есеп айырысу, арнайы мобильдік қосымшаның көмегімен SMS-пен және сайттағы жеке кабинет арқылы төлеу.

Келер жылы сынақ жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда Астана қаласының әкімдігі басқарылатын 9 000 жуық тұрақ орнын жасамақ. Басқарылатын тұрақ орындары 25 көшені, елорданың сол жағалауында Тұран – Сарайшық – Орынбор – Сығанақ «квадратын», оң жағалауда — Сарыарқа — Бөгенбай батыр, Республика – Есіл жағалауын қамтиды.

Анықтама: 2015 жылы Price Waterhouse Coopers халықаралық ұйымы Астананың Нұржол желегіндегі көлік айналымын зерттеді. Мониторинг нәтижесінде, жүргізушілердің 80% өз көліктерін жұмыс орындарының жанында орта есеппен 8-9 сағатқа қалдыратыны анықталды. Сондай-ақ, 13-14 сағат бойы машиналар тұрғын үй кешендерінің алдында тұрады және жүргізушілердің 15-20% ғана темір тұлпарларын жабық паркингтерге қоятыны белгілі болды. Яғни, елордалықтардың басым бөлігі күні бойы тұрақта тұрады.

Марафонға қатысушылар мен жанкүйерлерге арналған тұрақ орындары анықталды

Марафонға қатысушылар мен жанкүйерлерге арналған тұрақ орындары анықталдыЖексенбі күні, 4 қыркүйекте елордада «Астана Марафон» өтеді, оған 4 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде. Марафонда таяу және қиыр шетелдің, барлығы 23 мемлекеттің, Атап айтқанда, Ұлыбритания, Малайзия, Польша, Чехия, Италия, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Австралия, Германия, Иран, Ресей, Ирландия, Бельгия, Эстония, Бразилия, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Венесуэла, Түркия, Грекия, Жапония елдерінің өкілдері бағын сынамақ.

2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Астана марафоны биылғы ауқымды шаралардың бірі болмақ. Қатысушылар 10 км, 21,1 км және 42,2 км жүгіреді. Осындай «жазық» маршруттың арқасында атлеттер өздерінің жеке рекордтарын жаңарта алады.

Қазіргі кезде 3200 адам тіркелді, соның ішінде:

42 км – 295 адам,

21 км – 579 адам,

10 км – 2310 адам,

Relay marathon – 16 адам.

Еске салайық, марафонды өткізуге байланысты 4 қыркүйекте сағат 7:30-14:00 аралығында орталық көшелерде қозғалыс тоқтатылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өз бағдарларын алдын ала жоспарлауларын сұраймыз.

Омбыда Астана туралы көрме өтіп жатыр

Омбыда Астана туралы көрме өтіп жатырОмбы облысының тарихи мұрағатында «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ашылды. Экспозиция Астана қаласының мемлекеттік мұрағатымен ұйымдастырылды және ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулы Эльдар Қонаев, Омбы облысының мәдениет вице-министрі Людмила Чекалина және Астана қаласы мемлекеттік мұрағатының директоры Балқия Баймағанбетова сөз сөйледі.

Салтанатты шара барысында дәстүр бойынша «шашу» шашылды. Омбы Достар үйінің ұлттық музыкалық ұжымдары мен өңірдегі қазақ диаспорасы қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Астана – Еуразия жүрегі» экспозициясы – мемлекетаралық мәдени-тарихи жоба, оған қазақстандық мұрағатшылар ерекше ықыласпен дайындалды. Шараның мақсаты Омбы тұрғындары мен қонақтарын Астананың тарихымен таныстыру және Қазақстан мен Ресейдің мәдени мекемелерінің арасындағы байланысты нығайту болып табылады.

Көрмеге 100 астам экспонат қойылған. Экспозицияның әрбір бөлімінде қаланың Акмолинск деп аталған 1832 жылдан бастап елорданың қалыптасуының барлық кезеңдері көрініс тапқан. Мұнда жәрмеңкелер, ауруханалар, мектептер, банктер және басқа да тіршілікті қамтамасыз ету үшін маңызды мекемелердің ашылуына қатысты материалдар, сондай-ақ, Акмолинск қаласының фотосуреттері ұсынылған. Тың игеру кезеңіндегі қаланың тыныс-тіршілігі туралы әңгімелейтін экспонаттар да бар. Тіпті, тың игеруге жіберу туралы жазылған өтініш, Акмолинск қаласына келген алғашқы тың игерушілердің ақ-қара фотосуреттері де қойылған. Бұдан бөлек, ҚазКСР Жоғары Кеңесі президиумының тың игеру өлкесі Акмолинск қаласын Целиноград қаласы деп атау туралы жарлығы, КСРО Министрлер Кеңесінің «Целиноград қаласын дамыту туралы» қаулысы, 60-шы жылдары қаланы салу барысының суреттері де көпшілік назарына ұсынылған.

Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы бөлек экспозиция жасалған. Көрмеге келушілер қаланы қайта атау туралы жарлықпен, елорданы салу барысы туралы материалдармен, қаланың төлқұжатымен, бас жоспарымен, Астананың суреттерімен және т.б. таныса алады.

Қазақ халқының қолданбалы өнер бұйымдары мен тұрмыстық заттары көрмеге ерекше көрік береді: әйелдің ұлттық киімі, авторлық зергерлік бұйымдар, панно, музыкалық аспаптар – домбыра, қобыз. Сонымен қатар, қонақтар отандық нумизматтардың коллекциясынан алғашқы қазақстандық банкноталарды, мерейтойлық монеталарды, қазақстандық филателисттердің пошталық маркаларын көре алады.

Қазақстандық мұрағатшылар Омбы облысының мәдениет министрлігінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Өз кезегінде, астаналық әріптестер ресейлік тарапқа елордалық Мәдениет және мұрағаттар басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.

«Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі 26 тамыз – 26 қыркүйек аралығында өтеді. Омбы облысының тарихи мұрағат қызметкерлерінің айтуынша, көрмеге келушілер саны күн сайын артып келеді.

Әлеуметтік желідегі ақпаратты қалай тексеруге болады?

Әлеуметтік желідегі ақпаратты қалай тексеруге болады?Кез-келген төтенше жағдайдың арты қоғамда пайда болатын дүрбелеңге ұласатыны анық. Ресми ақпарат таратуға тырысып жатқан журналистермен қоса, «азаматтық журналистика» өкілдері де ақпарат тасқынының шиеленісе түсуіне үлес қосуды міндет деп санайды. Осындай ашық дереккөздермен жұмыс істегенде журналист қандай ережелерді есте сақтауы қажеттігі туралы нұсқаулықты назарларыңызға ұсынамыз.

Ең бірінші сізге келген контентті тексеру жоспары қажет:

  • Контентті тексеру жоспарын алдын-ала құрып алыңыз;
  • Әрбір фактті тексеру жолы әртүрлі болуы мүмкін;
  • Дереккөзді де және ол ұсынған контентті де тексеріңіз;
  • Тексерусіз дереккөздерге сенбеңіздер, тіпті ол оқиға куәгері, зардап шегуші болса да. Эмоция араласқан жерде обьективтілік жоғалады. Олардың нашар есте сақтау қабілеті сізді басқа бағытқа бұруы мүмкін.

Бірінші кезекте назар аударыңыз:

  • өзге вебсайттарға сілтеме жасаған вебсайттарға;
  • оқиға орнына;
  • контентті жіберген автордың осыған дейінгі суреттері мен видеосына;
  • осыған дейінгі хабарламалары мен твиттеріне;
  • оның жазылушыларына.

Назарда ұстау керек басты нәрсенің бірі — шынайылыққа барынша қолжеткізу үшін дереккөздің контактілерін анықтап, бірден байланысу қажет. Шынайы дереккөздің әлеуметтік желідегі ақпараты да толыққанды болады.

Сізге келген контентті тексеру үшін қандай детальға мән беру қажет?

Оқиғаның мерзімін анықтау:

  • YouTube-та Pacific Standard Time форматында жүктелген уақыты мен сағатына назар салу қажет. Кейде видео оқиға орын алғанға дейін салынуы мүмкін.
  • Ауа-райы туралы мәлімет. www.wolframalpha.com сайтына «what was the weather in /орын/ /күні/» деген өтініш енгізу арқылы оқиға болған жердің температурасы, бұлттылығы, ауа-райының өзгеруі туралы мәліметті біле аласыз. Осы арқылы видеодағы ауа-райымен салыстыруға болады.

Оқиғаның мекен-жайын анықтау

  • Твит арқылы хабарлама келген болса, оның гоеметкалары бар ма?
  • Сізге (шіркеу, мешіт, басқа да белгі) көрнекі орындар қаншалықты көрініп тұр?
  • Google-ден ол орынның қандай көшеде екендігі анықтала ма?

Әрбір цифрлы фотодан ақпарат білуге болады. Google ұсынған арнайы құралдар арқылы суреттегі оқиға орнын, уақытын, фотоаппарат типін анықтауға болады.

Видеоны анықтау

  • Видеоны жүктеген аккаунт қаншалықты таныс?
  • Аккаунт иесі осыған дейін өзін сенімді дереккөз ретінде көрсете білді?
  • Аккаунт қайда тіркелген?
  • Аккаунт тарихына қарасақ, контентті жүктеген адам қай жерде?
  • Видео ескірген бе?
  • Жүктеген адам  видеоны «тазартқан ба», не түпнұсқа контент жүктелген бе?
  • Барлық видео бір сапада ма?
  • Видеоға сипаттамада .avi немесе .mp4 форматы бар ма?
  • Видео сипаттамасында «YouTube арқылы жүктелген» деген жазу бар ма? Егер болса, видео смартфонмен жүктелген болуы мүмкін.
  • Видеоның коды бойынша Twitter немесе Facebook-тен іздеп, басқа ақпараттар қарап көріңіз.

ВВС ақпарат шынайылығын қалай тексереді?

Сильвия Костело, ВВС-дің тұтыну бөлімі контентінің журналисі: «Егер сізге біреу қандай-да бір видеоматериал жіберсе, міндетті түрде оны тексеру қажет. Оның шынайы видеотүсірілім екендігі анықталғанға дейін көптеген сұрақ қойылуы тиіс. Сізбен байланысып тұрған адамның шын мәнінде оқиға орнында болатындығына сенімді болыңыз. Бұл өте маңызды. Егер сізге фото жіберсе, суреттегі мекен-жайды Google картасынан қарап, мета мәліметтерін салыстыруға болады. Барлығы үшін универсалды әдіс жоқ, бірақ егер сіз осындай бірнеше тексерулер жасап, олардың нәтижесі дұрыс болса, қолыңыздағы материалдың шынайы екендігіне сенімді болуға болады.

Алекс Маррей, ВВС-дің тұтыну контенті бөлімінің журналисі: Біз дәлелденбеген ақпаратпен жиі жұмыс істеуге мәжбүр боламыз. Мысалы, 2012 жылы апатқа ұшыраған Costa Concordia лайнеріне қатысты оқиға кезінде де жалған ақпаратпен кездестік. Бізге 2008 жылы Жаңа Зеландия жағалауында апатқа ұшыраған лайнердің видеосын жіберген. Оны салған қолданушы «Бұл Costa Concordia лайнері қисайып, апатқа ұшырағанға дейінгі видеосы» деген еді. Сондай-ақ бізге бортта болдық деген жолаушылардан электронды хаттар да келіп түсіп жатты.  Бірақ кейінірек оның барлығы жаңсақ мәлімет екендігі анықталды. Бірінші кезекте маған лайнер қисайған кезде бір жақтан екінші жаққа теңселіп жүрген адамдардың видеосы күдік туғызды. Бұл құбылыс бізде бар куәгерлердің айтқан сөзімен тең келмейтін еді. Сол кезде мен дауылға тап болған корабльдердің видеосын іздей бастадым.  Бірден қолданушы жіберген «Costa Concordia» лайнерінің видеосы деген видеоға тап болдым. Ол видео қолданушы айтқандай  2012 жылы емес 2008 жылы түсірілген екен.

Материалыңыздың шынайылығын тексеру кезінде барлық деталь маңызды. Мысалы, «Ол жерде ауа-райы қандай?» деп сұрай салыңыз. Егер ол сізге «күн ашық» деп, ал интернетте «жаңбыр» деп жазулы тұрса, бірден күдік пайда болады. Бұл — бірінші қадам. Ол қай жерде, айналасында не бар, көшенің атауы қандай деген сияқты сұрақтардың жауабы да өте маңызды. Бұл өте оңай тексерілетін ақпараттар.

Ақпаратты тексеру — ең міндетті, ең маңызды жұмыс, көп жағдайда ол кадр сыртында қалады. Біздің басты жетістігіміз — «ВВС қателік жіберді» деп ешкімнің айта алмайтындығында.

7kun.kz