Домой Блог Страница 118

Сербияда Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Белградта Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан мен Сербия басшылары ақын бюстіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сербияда Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға арнаған сөзінде қазақтың ұлы ақынының туғанына 170 жыл толған тұста Белград қаласында оның ескерткішінің ашылуы маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Бүгінгі іс-шара қазақ ақындары мен жазушыларының туындылары серб тіліне және керісінше серб қаламгерлерінің шығармалары қазақ тіліне аударылуына ықпалын тигізсе деймін. Осылайша, біз халқымызды және жастарымызды жақындастыра түсеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта Сербияның Қазақстандағы мәдени күндерін және Белградта еліміздің мәдени күндерін өткізуді ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бұдан кейін Қазақстан мен Сербия арасындағы мәдени және гуманитарлық байланысты нығайту қадамдары жалғасын табатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Сербия Президенті Т.Николич пен Белград қаласының мэрі С.Мали сөз сөйледі.

ОҚО əкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Сарыағаш ауданында қызметтік іс-сапарда болды

index_54Облыс əкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Сарыағаш ауданында қызметтік іс-сапарда болды. Іс-сапар барысында аудан əкімі Қ.Əбдуалиевпен біргелікте ауданда құрылысы жүріп жатқан əлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымы істелініп жатқан елді мекендердің жұмысын аралап көрді.

Дербісек, Қапланбек, Құркелес, Біртілек, Қошқарата ауылдық округтеріндегі мектептерді Сарыағаш қаласы Самал мөлтек шағын ауданындағы инфроқұрылым аралап кестеден кешігіп жатқан мердігер компанияларға жəне техникалық бақылаушыларға кемшіліктерін айтып, жұмысты жандандыру қажеттігін ескертті. Жібек жолы ауылдық округіндегі шекара бекетіне баратын жолды тез арада бітіру қажеттігін жəне сапасына өте мұқият қарау қажеттігін тиісті мамандарға тапсырды.

Мұғалімдер тамыз кеңесінде бас қосты

Биылғы жылы Алматы облысында 9 мектеп пайдалануға беріліп, тағы 37 мектептің құрылыс жұмыстары келесі жылы толығымен аяқталады. Сөйтіп апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік туады. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен «Білімді ел – мәңгілік ел» атты мұғалімдердің тамыз конференциясында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов айтты.

Дәстүрлі форумға облыстың аудан, қалаларындағы білім мекемелерінің өкілдері қатысты.

Мұғалімдер тамыз кеңесінде бас қосты

Конференцияның алдында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін, инновациялық идеяларды және білім саласын одан әрі дамыту жоспарлары туралы мәліметтер көрсетілген көрмемен танысты.

Пленарлық отырыстың салтанатты ашылуында баяндама жасаған облыстық білім басқармасының басшысы Л. Базарқұлова мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім сапасын көтеру, жазғы демалыс және сауықтыру шаралары, педкурстардан өту қорытындылары, сол сияқты үйірмелік жұмыстар жайлы кеңінен баяндады. Жуырда ашылған Оқушылар сарайындағы түрлі үйірмелер балалардың жан-жақты дамуына мол мүмкіндік қарастырылып отырғанын да айтты. Сонымен қатар білім басқармасында баспасөз орталығы ашылатынын тілге тиек етіп, бұл орталық арқылы білім саласындағы жаңалықтар, өзекті мәселелер талқыланатынын жеткізді.

5a0a19d0d22c42ec5a9ee2687fb1712e

Конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитеттің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов жаңартылған білім мазмұнына сәйкес енгізілетін жаңа реформалар туралы, атап айтқанда, үш тілде білім беру, 5 күндік оқу аптасына кезең-кезеңімен көшу, мектеп формасы және басқа да жаңалықтар туралы кеңінен баяндады.

 Форум соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов сөз алып, өңірде 9 мектеп пайдалануға берілетінін, тағы 37 мектептің құрылыс жұмыстары келесі жылы толығымен аяқталатынын, бұл апатты және үш ауысымды мектептер мәселесінің толық шешілуіне мүмкіндік беретінін айтты. Сол сияқты балабақшалар құрылысы қарқынды жүруде. Бүгінгі күні мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін тиімді қолдану нәтижесінде облыста балаларды мектепке дейінгі қамту деңгейі 79 %-ке жетті.

— Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында және «100 нақты қадам»  жоспарында тиісті міндеттер жүктеді.

Ұлттық жоспарда елімізге іскерлік танытып, жаңа бастамалар көтеретін білікті маманның аса қажет екені баса айтылды. Мақсат біреу – ол оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Педагогикалық ұжымның, ұстаздардың жауапкершілігін барынша арттыру. Бұл – бәрімізге маңызы жоғары, талабы биік, ортақ міндет. Сондықтан, облыс ұстаздары алдағы уақытта білімді ұрпақ, тәрбиелі шәкірт, саналы азамат тәрбиелеп шығаруға бар күш-жігерін жұмсайды деп сенемін, — деді Л. Тұрлашов өз сөзінде.

Мұнан соң басқосу облыс педагогтарын марапаттау салтанатымен жалғасты. 17 мұғалімге «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин төсбелгісі» берілді. Сонымен қатар педагогтарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Жалпы, мектепке дейінгі біліммен қамту саласында «Күншуақ» жекеменшік балабақшасының меңгерушісі Перзат Қадырова мектепке дейінгі тәрбие барысында инновациялық технологияны тиімді қолданғаны үшін «Жаңашыл жетекші» төсбелгісімен, дипломмен марапатталды.

ОҚО-да «Мектепке жол» акциясы өтті

ОҚО-да «Мектепке жол» акциясы өттіОңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл тоғызыншы жыл жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты Елбасының оқушылардың мектепке дайындығын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, көп балалы отбасылар, жетім, жартылай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмауынан алдын алу болып табылады.

Жалпы, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облысымызда әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 934 жас есепке алынған. Осыған орай, «Бізбен бірге» еріктілері Достық,Чапаевка және Қайнар бұлақ шағын ауданында тұратын 50 -ден аса түрлі жағдайдағы көп балалы және жартылай жетім отбасыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп көмек көрсетті.

ОҚО-да «Жас сақшы» атты бес күндік семинар басталды

ОҚО-да «Жас сақшы» атты бес күндік семинар басталдыОңтүстік Қазақстан облысында  полицияларға тартылған қоғамдық көмекшілер үшін  «Жас сақшы» жастар жасақтарының 5 күндік құқықтық оқыту семинар-тренинг жұмыстары   басталды.

Облыс әкімінің тапсырмасына орай,  жыл басынан бері  облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі аудан және қалаларда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полицияларға қоғамдық көмекшілерді тарту мақсатында 500 жастың тізімі жасақтаған болатын.

Облыс әкімдігінің қолдауымен жасақталған бес жүз жасқа арнайы логотип жазылған күртешелер мен асылмалы былғары сөмкелер және оларға қызметтік куәліктер берілетін болады. Шымкенттен бастау алған  5 күндік құқықтық оқыту семинар-тренинг  барысында қоғамдық көмекшілер ішкі істер органдарының жұмысының қыр-сырымен танысып, білім деңгейін көтеретін болады. Аталған шара Сарыағаш, Мақтарал, Сайрам аудандары мен Түркістан қаласында жалғасын табады.

Балаларға қуаныш сыйлады

Балаларға қуаныш сыйлады1 қыркүйек – білім күні қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы  Ассамблеясы «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Акция аясында «Алтын адам» отандық тігін фабрикасы Арыс қаласында орналасқан Т. Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы «Бәйтерек» жанұясының тәрбиеленушілеріне мектеп формасын тегін тарту етті. Отандық брендтің сапалы киімін киген балалар демеушілерге ризашылығын білдірді.

Айта  кету керек, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы аталмыш балалар үйінде қайырымдылық шараларын тұрақты  ұйымдастарып келеді. Жуырда облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары бүлдіршіндерге арнап, дастархан жайса, облыс әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлері балаларды  «Фиркан сити» сауда-ойын-сауық орталығына  алып келіп, көңілді  күн сыйлады.

ОҚО Әділет департаменті басшысының азаматтармен есептік кездесуі өтті

ОҚО Әділет департаменті басшысының азаматтармен есептік кездесуі өттіБүгін, ОҚО әділет департаментінің басшысы Е.С. Дауылбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық әділет органдары Үйлестіру кеңесі, «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің мүшелері, облыс әкімі аппараты, кәсіпкерлер одағы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 27-қадамын іске асыру, сонымен қатар Дүниежүзілік «Doing Business» банк рейтингісінің «Келісім-шарттарының орындалуы» индикаторында Қазақстанның беделін көтеру мақсатында бұл жүйе биыл елеулі өзгерістер көрсетті. Реформаның негізі жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін кезең-кезеңмен біртіндеп қысқарту, сондай-ақ олардың қызметін автоматтандыру: атқарушылық іс жүргізу органдарының кызметінің автоматтандыру ақпараттық жүйесін кеңейту; борышкерлердің мүлкі туралы деректерді электронды форматта алу мүмкіншілігі; сот орындаушысының әрекеттерінің электронды санкциялануы және атқарушылық ісі шегінде борышкерлердің мүлкіне сауда-саттық өткізу тек электронды түрде жүргізіледі. Осы және әділет органдарының құзыреті шегіндегі өзге де мәселелер бойынша баяндама жасаған департамент басшысы, азаматтардың және БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

ОҚО Қазығұрт ауданында құрылыс нысандары бақылануда

ОҚО Қазығұрт ауданында құрылыс нысандары бақыланудаОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Қазығұрт ауданында іс-сапармен болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы мен сапасын аралап көрді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2016-2017 жылға өтпелі кезеңімен салынып жатқан Махамбет елді мекеніндегі М.Өтемісұлы атындағы 300 орындық, Ынталы елді мекеніндегі 300 орындық және Қаржан елді мекеніндегі 300 орындық білім нысандарының құрылысы мен «Болашақ» мөлтек ауданның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылыстарымен танысты. Құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарында мердігер мекемелермен техникалық қадағалаушыға, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес сапалы және өз мерзімінде аяқтауды, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, білім ошақтары ел игілігіне берілгеннен кейін 1231 балаға білім алу мүмкіндігі ашылмақ. Аталған білім беру нысандары мен «Болашақ» мөлтек ауданның инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысының жалпы құны 3005,4 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, 2015-2016 жылдары 220,4 млн. теңгеге салынған 2 көпірдің аяқталған құрылысымен танысты.

Арыс қаласында жаңа көпір ашылды

Арыс қаласында жаңа көпір ашылдыТаяуда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Конституция күніне және Арыс қаласының 60 жылдық мерейтойларына орай Стадион тұрғын ауданында жургілікті тұрғындар үшін көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі С. Ертай, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты түрде ашылған көпірдің лентасын қала әкімі С.Ертай және Арыс қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Б.Исламбеков қиып ашты.

Айта кетейік, көпір құрылысын бас мердігер «СК»ДАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Көпірдің жалпы ұзындығы 63 метр, ал ені 4 метр. Салтанатты ашылу рәсімі үшін қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.

Атты патруль қоғамдық тәртіпті қорғайды

Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полиция полкінің кавалериялық взводы қаланың шетінде, саяжайлар мен саябақ аумақтарында күн сайын рейд өткізеді. Атқа мінген тәртіп сақшылары патрульдік машиналар өте алмайтын жерлерде қызмет атқарады.

Астанадағы атты полиция 1992 жылы құрылды. Осы күнге дейін көптеген әкімшілік бұзушылықтар мен ауыр қылмыстар ашылды. Жыл басынан бері атты полициямен 700 жуық бұзушылық тіркелді.

Полицейлер жұмысына таңғы 7-ден бастап дайындалады, аттарын тазалап, тамақтандырады. Күн сайын атқа мінген 12 қызметкер жұмысқа шығады, белгіленген маршрутты 2 полицей патрульдейді.

Ат қорадағы 80 жылқының тұқымы әртүрлі – ахалтеке, буденный, ағылшын, қостанай және т.б. Әр қызметкерге 2 аттан келеді

98676c7aa659885e870245a7c5b.jpeg

Полицияның кіші сержанты Еркебұлан Ахметкәрімовтің атты полицияда істегеніне бір жылдан асты. Осы уақыттың ішінде ол 128 әкімшілік хаттама толтырған.

Еркебұланның айтуынша, бұл жұмыстағы ең басты нәрсе – атпен байланыс орната білу. Кейіпкеріміз маршрутқа серіктері Ракетамен және Каскадпен шығады.

— Жылқы – сезімтал жануар, егер адам аттан қорықса, ол оны жолатпайды. Ал керісінше, қорықпай, сипап, оған күтім көрсетсең, бәрі де жақсы болады, байланыс орнайды.

Мен аттарды жақсы көремін, жандарында жүргенді ұнатамын,- дейді тәртіп сақшысы.

Атпен патрульдеу тек жылы кезде ғана жүргізіледі, қыста рейдтер жаяу жүзеге асырылады. Аттар орта есеппен 18-20 жыл бойы қызмет етеді.