Домой Блог Страница 125

ОҚО-да жергілікті полиция қызметкерлері жүк көліктеріне бақылауды күшейтті

ОҚО-да жергілікті полиция қызметкерлері жүк көліктеріне бақылауды күшейттіОсы жылдың 1–тамызынан бастап ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері  облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясымен  бірге  Оңтүстік Қазақстан облысы көлемінде көліктердің техникалық жағдайын қатаң тексеру және жүк көліктері жүргізушілерінің ҚР ЖҚЕ талаптарын сақтауын бақылау мақсатында  «Нөлдік қауіптілік»  жедел-алдын алу  іс–шараларын жүргізуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мәселен, аталған іс-шара шеңберінде 17 тамыз күні    Ақдала–Арыс – Бадам ауданаралық автожолын бақылауға алған  ОҚО ІІД ЖПҚ Жол-патрульдік  полиция полкінің қызметкерлері  ондағы жүк көліктеріне тексеру жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 28 дерегін анықтады.

Атап айтар болсақ, автокөлікті басқару кезінде ұялы телефон қолданудың – 6 дерегі, қауіпсіздік белдігін тақпағанның – 5 дерегі, күндізгі жарық шамдарын қоспағанның –7 дерегі,  техникалық байқаудан өтпегеннің – 4 дерегі, маневр жасау ережелерін бұзудың –1 дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушілер жауапқа тартылды. Сондай-ақ,  арнайы рұқсатсыз белгіленген мөлшерден тыс жүк тиеген  3 жүк көлігі ақылы айыптұраққа тоғытылды.

Облыстың автожолдарындағы жалпы қозғалысты бақылауға алған жергілікті полицейлер «Нөлдік қауіптілік» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүк және жеңіл көліктермен жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың 7000-нан астам дерегін әшкереледі. Аталған іс-шараның жалғасуы жоспарлануда.

Жол құрылысының сапасы – билік назарында

Жол құрылысының сапасы – билік назарындаОҚО әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Шымкент қаласындағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар көшелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жыл басында өңір басшысының тапсырмасына орай жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, қаланың орталық көшелерін кеңейту жұмыстары басталған болатын. Осы аталған тапсырманың орындалуын қадалаған әкімдік өкілдері Тәуке хан мен Д.Қонаев даңғылы бойындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын аралап көрді.

Қазіргі таңда қаланың орталық көлік қозғалысындағы маңызды бағыт—Тәуке хан даңғылы бойындағы  жол жиегіндегі арықтар, аяқжолдар мен пандустар жаңартылуда. Күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айына дейін жалғасын таппақ. Қуантарлығы, құрылыс жұмыстарына пайдаланылған қажетті материялдардың 95 пайызы отандық құрылыс өнімдері.

Айта кетейік, жалпы облыста 199 нысанда жөндеу жұмыстар жүргізіліп, 519,9 шақырым жол мен жолаяқ және 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шқ. күрделі және 147,9 орташа жөндеуден, 72,3 шқ. құрылыс пен қайта құру, 146,7 шқ. елді мекендердің көшелері орташа жөндеумен қалпына келтірілетін болады.

Жақын арада Астана маңындағы елді мекендер қаланың құрамына қосылмайды

64_bigТаяу арада елордаға жақын орналасқан елді мекендер мен ауылдар қаланың құрамына қосылмайды. Бұл туралы «ҚазАқпараттың» ресми сауалына Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы 2016 жылы қалаға аумағына елді мекендерді кіргізу қарастырылып отырмағандығын атап өтуде.

Айта кетейік, бүгінде қалаға жақын орналасқан Ақмола облысы құрамындағы Қоянды, Қосшы, Талапкер, Жібек жолы және басқа да елді мекендер бар.

Бүгінде Астана айналысынан жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу мәселесі өзекті екені белгілі. Қазіргі кезде жер телімдерін бөлуге шектеу енгізілген, алайда, инфрақұрылым тартылған аумақтарда жер учаскелері бөлінеді деген де нұсқау бар. Дегенмен, қазіргі кезде дайындық кезеңіндегі жер телімдері жоқ секілді.

«Қазіргі таңда жер бөлу үшін қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген дайын алаңдардың жоқ болуына байланысты, Астана қаласында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру таяуда жүзеге асырылмайды. ҚР Ұлттық экономика министірінің 27.03.2015 жылғы №255 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бөлініске дайын алаңдардың болған жағдайында ғана және азаматтардың қатаң кезектілік тәртібінде жүзеге асаырылатын болады»,-делінген басқарма мәліметінде.

Белгілі болғандай, елордада жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға 110 мыңнан астам адам кезекке қойылды.

Ұлыбританияда әлемдегі ең үлкен әуе кемесі аспанға көтерілді

Ұлыбританияда әлемдегі ең үлкен әуе кемесі аспанға көтерілді Ұлыбританияда техникалық ақау салдарынан болған сәтсіз әрекеттен кейін бірнеше күн өткен соң қолданыстағы әуе кемелерінің ішіндегі ең үлкен кеменің жарты сағаттық сынақ ұшырылымы жүзеге асырылды.

Бұл туралы France Presse агенттігі хабарлады.

Британдық үкімет кемені әзірлеуге 3,7 миллион доллардай жұмсады.

Әуе кемесінің ұзындығы 92 метр, ол   4,9 шақырым биіктікке көтеріліп,   сағатына 148 шақырымға дейін жылдамдықты еңсере алады.  Кеме гелийінің арқасында кеме ауада екі аптаға (борттағы экипажбен бұл мерзім  5 күн) дейін тұра алады.

ҚазАқпарат

Жаңа мектеп бой көтеруде

9f7d9c3a8377aa5c5ab6427703457a96Алматы облысы Талғар ауданы Еламан ауылында 300 орынды жаңа мектептің құрылысы басталды. Білім мекемесін тұрғызуға облыстық бюджеттен 940 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Жаңа мектептің жалпы аумағы 3,5 гектарды құрайды. Мектептің өзі бас жоспарға сәйкес 1,5 гектарға мөлшерленген. Жобада ауқымды спорт зал, кітапхана, үлкен асхана, 100 орынға арналған мәжіліс залы қарастырылған.

Талғар ауданы, Қайнар ауылдық округінің әкімі Жандос Ясыновтың айтуынша, округте 11 елді мекен, 4 жалпы білім беретін мектеп бар. Және оған қоса Еламан ауылында 130 орынға арналған мектеп балаларды тек бастауыш сыныптарды үш ауысымда оқытады. Бұл мектептің бастауыштарға ғана арналғандығы себепті жоғары сынып оқушылары көрші ауылдарға барып оқитын еді. Енді жаңа мектеп ашылғаннан кейін бұрынғы мектептің ғимаратын балалар бақшасы ретінде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сөйтіп, екі мәселені бірден шешуге мүмкіндік туады: жоғары сынып оқушылары білім іздеп басқа ауылға сабылмайды және бүлдіршіндер үшін балабақша ашылады.

Халықаралық би фестивалі өтті

f808032261123022c9c6db5dce3d4a81Өткен демалыс күндері «Жастар» саябағы «Silkway-2016. Жібек жолы» халықаралық би фестивалін өткізу алаңына айналды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараны Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жастар саясаты жөніндегі басқарма, облыстық жастар ресурстары орталығы, «Жас Отан» жастар қанаты «Funky Town» жастарды қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль саламатты өмір салтын насихаттауды, шығармашылық тәжірибе алмасуды мақсат еткен. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сонымен қатар Корея, Англия, Германия, Өзбекстан, Қызғызстаннан бишілер қатысты. Салтанатты шараны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға, сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй тіледі.

Екі турдың қорытындысы бойынша бас жүлде ағылшын командасының еншісіне берілді. Басқа да қатысушылар анрайы сыйлықтармен марапатталды.

Б.Атамқұлов облыстық мәслихаттың депутаттарын қабылдады

14021460_1036830883099917_2666357496673401459_nӨңір басшысы Б. Атамқұлов облыстық мәслихаттың депутаттары Р. Оспаналиеваны, Д. Әбіш пен Қ. Молдасейітовті қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Рашкүл Жәлелқызымен кездесуде атқарушы және сайланбалы органдарының гендерлік теңдік мәселелері талқыланды.

Ал, Қайрат Молдасейітовпен облыс әкімі ВИЧ індетін жұқтырған балалар мен олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу проблемаларын талқылады. Сонымен қатар, кездесуде профилактикалық бағдарламаларды құру жолында жергілікті бизнес-қоғамдастық қорының қолдау көрсету тақырыбы қозғалды.

Аймақ басшысының қабылдауында болған облыстық депутат Дулат Әбіш Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына жасаған сапары жөнінде баяндап, онда су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан жөнелтілген гуманитарлық көмектің барғанын айтты.

Кездесу барысында облыс депутаты сол аймақтың әкімінің алғыс хатын табыстап, сол ауданда тұратын этникалық қазақтар — қандастарымыздың алғысын жеткізді.

Астанада бір жылда инвестициялар көлемі 2,4% ұлғайды

Астанада бір жылда инвестициялар көлемі 2,4% ұлғайдыАстана қаласының статистика департаментінің мәліметінше, 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 383 894 млн теңгені құрады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 2,4% артық. Бұл ретте Астананың республикалық көлемдегі үлесі — 10,4%.

Инвестициялардың басым бөлігі жеке меншік нысандағы кәсіпорындармен игерілген, бұл олардың жалпы көлемінің 74,8% құрайды.

Қаржыландыру көздерінің бөлінісінде мемлекеттік бюджет қаражаты 25,2%, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаржысы — 59,2%, банк несиелері – 1,6%, басқа несиелік қаржы – 14% болды.

Елордада су бұру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр

e0e5ee69f89c6a14052c3e93b7dБүгін елорда әкімдігінде «Су бұрудың өзекті мәселелері: Ағынды суларды тазарту. Нөсер және дренажды кәріз» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Конференция жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар, ғылыми зерттеушілер. ҒЗИ, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев конференцияға қатысушыларға табысты жұмыс тіледі. Қала басшысы көтерілген мәселелердің кез келген шаһар үшін маңызды болып табылатынын атап өтті.

– Бүгінгі конференцияның мақсаты су тазарту саласындағы үздік инновациялық технологияларды енгізу мен озық тәжірибені және қаламыздың инженерлік инфрақұрылымын модернизациялау аясында оларды қолдану мүмкіндігін талқылауға негізделеді. Елордамыз қарқынды дамып келеді, оны одан әрі дамыту мәселелері алдымызға жаңа міндеттер қояды, олардың бірі ағынды суларды бұру мен тазарту мәселелерін кешенді түрде шешу қажеттілігі болып табылады. Бұл жобаны үздік әлемдік практикаларды ескере келе, кешенді жүзеге асыруға тырысамыз, сондықтан бұл конференция әлемдегі техникалық шешімдерді зерделеп, олардың ең үздіктерін қолдануға көмектеседі деп ойлаймыз, – деді Әсет Исекешев.

БҰҰ ДБ Қазақстандағы тұрақты өкілі Наримас Шимомур конференция барысында баяндама жасап, Қазақстанның астанасының қарқынды дамуы қызметтер сапасына ерекше назар аударуды қажет ететінін және бүгінде су бұру мәселесін көтеру маңызды екендігін айтып өтті.

– Астанада су бұру проблемаларын шешу және санитарлық жағдайларды жақсарту үшін нақты қадамдар жасалып жатқанына қуаныштымын. Бұл қаланың тұрақты дамуына және экожүйенің жақсаруына әкелетін алғышарттар. Әрине, бұл фактор тұрақты экономикалық қызметке негіз болады, – деді ол.

Пленарлық отырыс барысында ағынды суларды тазартудың теріс салдарын жою туралы Дүниежүзілік банктің ағынды сулар мен су қоймаларын тазарту мәселелері жөніндегі кеңесшісі Минахем Либхабер баяндады.

– Ағынды суларды тазарту кезінде үздік сапаға қол жеткізу керек. Негізгі ластаушы заттар суда болады, ал оларды жойған кезде – бұл түрлі аурулар тудырады. Тазарту ағынды сулардың қайда, қандай жинақтағышқа жіберілетініне байланысты, өйткені ластау орын алатын қабылдағыш әртүрлі болуы мүмкін, – дейді Минахем Либхабер.

Оның айтуынша, тазарту технологиялары әртүрлі, сондай-ақ, ағынды сулардың типтері де маңызды. Бұл ретте климаттық жағдайлар да маңызды рөл атқарады, тазарту құралдары төмен және жоғары температуралар үшін арнайы жобалануы керек.

Конференция ккешке дейін өтеді. Пленарлық отырыстан кейін панельді сессиялар басталды.

Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды

3327a20a661c788eabeef5072f7Елордалық спортшы, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында алтын жүлде еншіледі. Ақтық жекпе-жекте 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде біздің боксшы өзбекстандық қарсыласы Шахрам Гиясовты айқын басымдықпен жеңді. Үш раундта да Данияр көш бастап, өз шеберлігін, техникалық арсеналы мен жақсы қорғана алатынын көрсетті. Төрешілер 3:0 есебімен Даниярды бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Отандық спортшы Олимпиада ойындарында Қазақстанның қоржынына үшінші алтын жүлдені салып отыр. Бұл бокстағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін елордалық спортшы Василий Левит Олимпиаданың күміс медалін олжалаған болатын.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Данияр Елеусінов жарыс қорытындысы бойынша өз пікірін жеткізді:

«Мен мақсатыма, арманыма жеттім. Өте қуаныштымын, бақыттымын. Ата-анамның арқасында. Олар мені кішкентайымнан желеп-жебеп, осы мақсатыма жету жолында қолдау көрсетті. Рахмет! Отаным Қазақстанға, жанкүйерлеріме мың алғыс!»

Айта кетейік, бүгінде Данияр Елеусінов Қазақстанның беделді боскшыларының бірі. Ол әлем чемпионы, АИБА халықаралық бокс қауымдастығының нұсқасы бойынша екі мәрте үздік боксшы атанды, Азия ойындарының жеңімпазы, ал енді ең бастысы – Олимпиада чемпионы. Елеусінов бокс әлемінде «қазақша» деп аталып кеткен 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде еліміздің ұлттық құрамасы спортшыларының алтын медаль алу дәстүрін жалғастырды.

astana.gov.kz