Домой Блог Страница 126

Шаршамауға көмектесетін кеңестер. Музыкотерапия

Шаршамауға көмектесетін кеңестер. МузыкотерапияБритан елінің азаматы Адриан Хилл сурет салуды ұнататын. Оған қоса, ол емделушілердің сурет салған кезде өздерінің ауруын ұмытып, көңіл-күйі көтерілетінін байқаса керек. Сондықтан санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандарды емдейтін А. Хилл бұл әдісті өзінің тәжірибесінде де қолдана бастапты. Кейін бұл әдіс «арттерапия» деген атауға ие болыпты.

Арттерапия – бейнелеу өнерімен емдеу деген сөз. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия – ауру адамның психоэмоциональды халiне шығармашылық арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Арттерапияның бірнеше түрі бар:

  • Музыкотерапия;
  • Құм терапиясы;
  • Ертегі терапиясы;
  • Би терапиясы;
  • Кинотерапия;
  • Фототерапия.

Біз осы жазбамызда музыкалық терапияға тоқталсақ деп едік.

Әрбір музыкалық шығарма адамды қуаттандыратын, оның өміріне әсер ететін көптеген  ақпаратқа толы. Музыкотерапияның екі түрі болады: Белсенді және енжарлы. Белсенді музыка тыңдау кезінде тыңдаушы музыканың шығуына өзі көмектеседі, қосылады немесе ырғағын қолмен соғып  келтіреді. Сонымен қатар ол аспапта да ойнай алады. Ал пассивті тыңдаушы оның  ішкі дүниесін ашатын музыканы жай тыңдап қана сауығады.

Музыкотерапевттердің айтуынша, әр тыңдаушыға жеке әуен таңдау керек. Сонымен қатар белгілі бір ауруларды емдейтін арнайы «сауықтырушы-шығармалар» да бар көрінеді. Мысалы, көңіл-күйіңіз болмаса, В. А. Моцарттың «Рондо в турецком стиле» шығармасын, «Кармен» операсынан Ж. Бизенің  «Хабанерасын» тыңдауға болады.

Келеңсіз жағдайларды ұмыту үшін Ф. Шуберттің «Аве Мария» шығармасын тыңдағаныңыз дұрыс. Таңертеңгі ұйқыңызды  ашу үшін   А. Вивальдидің шығармаларын жүктеп алыңыз. Егерде өзіңізді шаршағандай сезінсеңіз, Э. Преслидің, Л. Армстронгтің шығармаларын қосыңыз.

Ұйқыңыз бұзылса, П. И. Чайковскийдің пьесаларын, Р. Шуманның «Мечты», К. Глюктің «Мелодия»шығармаларын тыңдаңыз. П. И.Чайковскийдің «Вальс цветов», В. А. Моцарттың музыкалық шығармалары асқазанның аурулары мен он екі ішектің қабынуынан емделу кезінде көмектеседі екен.

Діни музыка өмірдегі қиындықтарды жеңуге, басыңызға ауыртпашылық түскен кезде, ішкі жан дүниеңіздің тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Музыкотерапия сеанстарын күн сайын өткізгеніңіз жөн. Алғашында шығармаларды тыңдау уақыты 10-15 минут болса, жеткілікті. Кейін терапия уақытын ұзартуға болады.

Тыңдайтын шығармалар сізге түсінікті, құлаққа жағымды болуы — басты шарт. Егер де музыка  жағымсыз естіліп, сізді шаршатып жіберсе, өзіңізге ұнайтын шығармаға ауыстырып алғаныңыз абзал.

Музыкотерапияны тыныштықта, жайлы креслода отырып, өткізгеніңіз дұрыс. 

Футбол матчын өткізуге байланысты қала көшелерінде қозғалыс шектеледі

5b353d078ca590c70f5877872d318 тамызда сағат 20:00 «Астана-Арена» стадионында «Астана» ФК мен белоруссиялық «Батэ» командасының арсында УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф матчы өтеді. Кездесу соңына дейін Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін жабылады. Жүргізушілерге Орынбор көшесі арқылы жүру ұсынылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі жүргізушілерден мұқият болып, қоғамдық көлікпен жүруге кеңес береді. Әуежайға баратын астаналықтар мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарынан балама жолдарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Көрермендерге ыңғайлы болуы үшін сағат 18.00 жанкүйерлерді бес жерден алып кету үшін арнайы рейстер (шаттлдар) ұйымдастырылады. Автобустар мына мекен жайлар бойынша тұрады:

1)  «Қазақстан» СК жанындағы тұрақ (Қ. Мұңайтпасов к-сі);

2)  «Әзірет Сұлтан» мешітінің жанында (Р. Қошқарбаев даңғылы);

3)   «Нұр-Астана» мешітінің жанында (шығыс жағындағы тұрақ);

4)  Астаналық цирк жанындағы тұрақ (Қорғалжын тасжолының бойындағы тұрақ);

5)  Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионның жанындағы тұрақ (Кенесары к-сі);

Жанкүйерлерді қайта жеткізу үшін шаттлдар Қабанбай батыр даңғылының бойында «Астана-Арена» стадионының тұрағында және аялдамада тұрады.

Жұмыспен қамту орталығына 8 мыңнан астам жүгінді

Жұмыспен қамту орталығына 8 мыңнан астам жүгіндіЖұмыспен қамту орталығына 8 487 адам жүгінді. Олардың 4 233 адамы тұрақты жұмыс орындарына, 1 244 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, 623 адам кәсіптік оқытудан өтіп жатыр, 435 түлек жастар практикасына қатысуда, 105 жұмыссыз азамат әлеуметтік жұмыстарға орналастырылды.

Мұнымен қоса, жыл басынан бері 9 Бос орындар жәрмеңкесі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін, әйелдер мен жастар және арнайы білім беру саласына да қатысты жәрмеңкелер өткізілді. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілерді «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының нормалары мен ережелерін сақтау туралы ақпараттандырады.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы туралы елорда тұрғындарын хабардар етумен айналысатын мобильді топ жұмыс істейді. Елорда тұрғындары еңбек нарығындағы жағдай мен кадрларға сұраныс жайлы толық ақпарат ала алады.

Бұрын хабарланғандай, үстіміздегі жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша елордамызда еліміздің басқа аумақтарымен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі төмен болып, 4,7%-ды құрады. Сонымен қатар, қолға алынған шаралардын нәтижесінде әйелдер жұмыссыздығы 1,6 пайыздық бөлікке (6,3%-дан 4,7%-ға ) және жастар жұмыссыздығы 0,4 пайыздық бөлікке (5,6% -дан 5,2%-ға) төмендеген.

ОҚО-да жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды

ОҚО-да жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталдыБүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен селекторлық мәжіліс өтті. Онда ОҚО-да жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мәжілістің күн тәртібінде бүгінгі таңдағы өзекті 3 мәселе қаралды. Олар жаңа оқу жылына дайындық барысы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы мен бұқаралық спорттың дамуы туралы.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша облыс әкімі тиісті сала басшыларының баяндамасын тыңдап, бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Яғни  аудан, қала әкімдеріне жаңа 2016-2017 оқу жылына дайындық барысын пысықтауды, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен тапсыру мерзіміне жіті назар аударуды жүктеді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы бұқаралық спортты дамыту мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыс аумағында жыл басынан бері 28 спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілгенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды  және қарапайым тұрғындарға мейлінше қолдан келетін мүмкіндіктерді жасау үшін әрбір көпқабатты үйлердің ауласына  қарапайым спорт құрылғыларын орнатуды  аудан, қала әкімдері мен сала басшыларына тапсырды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі күн тәртібінде қаралған әрбір мәселені жіті назарда ұстайтынын айтты.

ОҚО-да жыл басынан бері салықтан 150,4 млрд. теңге түскен

index_50Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде  Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы мен бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәслихатында спикер бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамның» мемлекет үшін өте маңызды екенін атап өтіп, салық және кеден саясатына қатысты мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын 9 міндетті атады.

«Алғашқы топтағы 4 қадамдағы  шаралар кедендік декларациялауды жеңілдетуді, сондай-ақ импорттың соңғы тұтынушыға жетуін қадағалауды көздейтін жүйелерді интеграциялау және электрондық декларациялауды дамыту. Сауатты орындау шарты кезінде аталған шаралар кедендік ресімдеу рәсімін жылдамдатуға септігін тигізеді. Бұл, әсіресе, кәсіпкерлер үшін қолайлы өзгеріс болмақ»,- деді А.Үмбетәлиев.

Өздеріңізге мәлім, мүліктер мен қаражаттарды рақымшылық жасау мерзімі осы жылдың соңына дейін ұзартылған. Осы орайда, аталған бағыт бойынша жұмыстарды жандандырып, департамент пен облыс әкімдігі бірлесе мүлікті жария етуге байланысты медиа-жоспар құрып, халық арасында кеңінен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдары тарапынан, Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жылжымайтын мүліктер бойынша 328 млн.теңгені құрайтын 19 өтініш бойынша рақымшылық жасалынды. Ал жыл басынан облысымыздың 146 азаматы 14,2 млрд.теңге көлемінде ақша қаражаттарын жария етті.

Департамен басшысы  2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына қойылған жоспарды барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша асыра орындағандарын айтып, мемлекеттік бюджетке 150,4 млрд. теңге көлемінде қаржы өндіріліп,  межеленген жоспар 139 пайызға орындалғанын мәлім етті.

Брифингте Алтынсары Үмбетәлиев сотқа дейінгі тергеп-тексеру бағытында сапалы жұмыстар ұйымдастырғанын, нәтижесінде заңсыз айналымнан 313 дана ойын құрал-жабдықтары, 457 853 дана алкогольдік және 11 188 дана контрафаткілік өнімдері анықталғанын хабарлады.

Псиxологиялық жасыңыз нешеде? (Тест)

Псиxологиялық жасыңыз нешеде? (Тест)Мамандардың айтуынша, адамның шын жасын оның өмір сүріп келе жатқан жылдарының саны емес, психологиялық жағдайы мен өмірде көрген тәжірибесі анықтайды екен. Ал сіздің психологиялық жасыңыз нешені көрсетеді?

Төменде көрсетілген 25 тұжырымды оқып, қаншалықты келісетіндігіңізді анықтап, оған мынандай баға беріңіз:

  • Егер тұжырыммен толықтай келіссеңіз – 4 ұпай;
  • Егер жартылай тұжырыммен келіссеңіз – 3 ұпай;
  • Егер тұжырымның бір бөлігімен ғана келіссеңіз – 3 ұпай;
  • Егер тұжырыммен келіспесеңіз – 1 ұпай.
  1. Мен қалжыңдарды жақсы түсінемін, әзілдерді көтере аламын.
  2. Менің ішкі түйсігім (интуиция) жақсы дамыған, басқаларды да бірден түсінемін.
  3. Менің болашағым көптеген қызықты оқиғаларға толы.
  4. Басқалар менімен дос болуды қалайды, мен басқаларға ұнаймын.
  5. Маған ұқсамайтын, менің көзқарастарыммен келіспейтін адам да мен үшін қызықты болып, маған ұнай алады.
  6. Кішкентай балаларды жақсы көремін.
  7. Түрлі қиын тапсырмаларды шешкенді ұнатамын.
  8. Қандай да бір істі бастағанда, оны барынша жақсы істеуге тырысамын.
  9. Түрлі оқиғалардың себептері мен үшін қызықты.
  10. Жұмыстан басқа айналысатын хоббиім көп.
  11. Өмірдегі кез келген өзгерістерді жақсылыққа деп болжаймын.
  12. Менің жұмысым басқаларға пайда әкелетіндігіне сенімдімін.
  13. Армандар мен қияли ойларға салыну мен үшін үйреншікті іс.
  14. Жақсы музыка менің көңілімді көтере алады.
  15. Жаңашылдықты жақсы көремін, жаңа ойларды қуана қабылдаймын.
  16. Қиындықтар алдында бой алдырмаймын, қайта тырысып, дегеніме жетемін.
  17. Менің күлкім әр уақытта шын көңілімнен шығады.
  18. Ең үлкен сырларым мен құпияларымды айта алатындай досым бар.
  19. Физикалық белсенділік, спорт, жаттығулар өмірімнің таптырмас бөлігі.
  20. Жаңа адамдармен танысқанды ұнатамын.
  21. Қазір қолымнан келмейтін жаңа бір іспен айналысқым келеді.
  22. Мен әр уақытта тартымды, сымбатты болғым келеді, соған уақытымды бөліп, тырысамын.
  23. Кішкентай қиындықтар менің көңілімді бұза алмайды.
  24. Мен өмір сүріп жатқан кезеңім өзіме ұнайды.
  25. Менің сәтім түсетін «жұлдызды» уақытым әлі алда.

Ұпайларды өзара қосып, нәтижені оқыңыз.

75 ұпайдан артық

Биологиялық жасыңызға қарамастан, сіздің бойыңыздағы жігер мен күш, өзіңізге деген сенімділік жетіп жатыр. Сіздің достарыңыз көп, болашаққа сеніп, басқаларға мейіріммен қарайсыз. Психологиялық тұрғыдан сіз өте жассыз. Болашақта да осылай бола берсін.

50 – 75 ұпай арасында

Өмір жолында сіз ерте есейіп, балалық шақтың кейбір қызықтарын жіберіп қойған сияқтысыз. Өмірлік қиындықтар мен уайымдаулар, күнделікті қажеттіліктер сізді қарапайым дүниелерден қуанту қасиетінен арылтады. Алайда ол бойыңызға салмақтылық пен жауапкершілік береді. Сіз психологиялық тұрғыдан қарағанда жас емессіз, алайда сізді «кәрі» деуге де болмайды. Сізге кішкене сергектік пен өмірге деген оң көзқарас жетіспейді.

50 ұпайдан кем

Сізді өмірде көпті көрген, жасына қарамай ерте есейген адам деп айтуға болады. Сіз көп нәрсеге шын баға бере аласыз, бірақ осы себепті де көп қызығушылықтарыңыз артта қалды. Мұндай психологиялық жағдай үлкен кісілерге тән. Егер сіздің нақты жасыңыз әлі ондай болмаса, алдағы өмірді қызықсыз өткізбей, оны өмірге толтыруға тырысыңыз.

Есте болсын, жасыңыз қанша екені емес, өзіңізді қанша жасқа сезінетіндігіңіз маңызды.

anabol.kz

Бәйдібекте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 нысан пайдалануға беріледі

Бәйдібекте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 нысан пайдалануға беріледіБәйдібек ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, 25 нысан пайдалануға берілуде, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Яғни ауданда жыл басынан бері бірқатар əлеуметтік нысандар ашылса, алдағы уақытта спорт, мəдениет жəне білім беру мекемелері пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Солардың бірі Мыңбұлақ ауылындағы 150 орындық  Мәдениет  мектебі. Бүгінде құрылысы қарқынды жүріп отырған білім ошағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жаңа мектеп  заман талабына  сай  мультимедиалық, лингофонды  кабинеттермен жабдықталған. Сондай-ақ, физика, химия, биология кабинеттері арнайы талапқа сай құрал жабдықтармен қамтамасыз етілсе, қосымша спорт зал мен асхана жайлары да бар.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданы бойынша жалпы 49 мектеп жаңа оқу жылына толығымен дайын. Ал 2016-2017 оқу жылының қысқы маусымына барлық мектеп 100 пайыз қатты отынмен қамтамасыз етілген.

2015-2016 оқу жылында ауданда 3 білім ұясы мен Жолғабас мектебіне  жапсарлас асхана мен спорт зал пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 5 мектеп құрылысының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру мақсатында тиісті басқармаларға ұсынылды. Ал  аудандағы тағы да салынып жатқан 150 орындық  2 мектептің құрылысы  2017 жылға өтпелі.

Биылғы оқу жылында аудан бойынша 1471 оқушы 1 сынып табалдырығын аттамақ.

ОҚО-да халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда

ОҚО-да халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылудаОңтүстік Қазақстан облысында халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Ендігі жерде тұрғындар денсаулық сақтау саласындағы наркологиялық  және психоневрологиялық ұйымдарынан алатын анықтаманы алысқа шабылмай бір жерден алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Яғни бұл екі қызмет түрін  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін болады. Халыққа қызмет көрсету арқылы берілетін бұл қызметтің түрі еліміз бойынша Оңтүстік Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отыр.

Бүгін облыс әкімінің  аппарат басшысы  Е.Әлімқұлов орталыққа арнайы барып аталған қызмет түрінің жүргізілу тәртібен  танысты.

Онда ол Елбасының «100 нақты» қадам Ұлт жоспарындағы «Ашық үкімет» жобасы аясында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында жүзеге асырылып отырғанын айтты.

Сонымен қатар, облыста осы жоба аясында облыс әкімінің бастамасымен «Ашық әкімдік» жобасы енгізілуде.

Бүгінгі таңда аталған екі қызметті ұсынушылар корпорация ғимаратына орналастырып, бүкіл материалдық, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызмет алушылардың легін реттеу мақсатында электронды кезек жүйесіне енгізілді. Халыққа қол жетімділікті ұсыну «Ашық әкімдік» жобасының қағидасы.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бектілген 174 мемлекеттік қызмет көрсету түрі болса, оның ішінде 171 түрі халыққа қызмет көрсету орталығы мен мелекеттік органдар арқылы ұсынылады.

Мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша күштер біріктірілді

Мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша күштер біріктірілдіОңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот және өзге де уәкілетті органдардың актілерін орындау жүйесін жетілдіру мақсатында, Ішкі істер департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасында үш жақты Меморандумдардың жасалуы мен оларға қол қою ұйымдастырылған, деп хабарлайды ОҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Құжаттар аясында ақпаратпен алмасу, бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастыру, мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдар және басқа да төлемдер бойынша борышкерлерді анықтау, ол үшін арнайы техникалық құралдарды пайдалану, борышкерлердің автокөліктеріне тыйым салу және оларды айып тұрағына орналастыру, борышкерлерге берілген жүргізуші куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру бойынша өзара іс-қимыл жасау мәселелері реттелді.

2016 жылдың басынан облыстың сот орындаушыларымен 51 676 атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет пайдасына жалпы 814,241 млн. теңге  өндірілген.

Меморандумдарда көзделген шарттарды іске асыру нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстың тиімділігінің артылуы күтілуде.

Ата-аналар оқушылардың үлгерімін қосымшаның көмегімен бақылайды

Ата-аналар оқушылардың үлгерімін қосымшаның көмегімен бақылайдыЕнді ата-аналар оқушылардың үлгерімін электронды түрде бақылай алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Биыл Edupage порталы арқылы Astana Learning Management System жобасы іске қосылады. Аталған жүйе веб-сайт форматында да, смартфондар мен планшеттерге арналған мобильді қосымша түрінде де жасалды.

Edupage порталының көмегімен сабақ кестесімен, бағалармен, үй тапсырмаларымен кез келген уақытта танысып, сабаққа қатысу журналын, асхана мәзірін көріп, қосымша оқу материалдарын алуға, тіпті сауалнамаларға да қатысуға болады.

Жоба мектеп жаңалықтарын, алмастырушы мұғалім, өткізілетін жиналыс немесе шаралар туралы ақпаратты тәулік бойы оқуға мүмкіндік береді. Ата-аналар мектеп әкімшілігімен және әр мұғаліммен тікелей байланыс орнатады.

Ал мұғалімдер болса, осы жүйенің көмегімен сабақ кестесін автоматты түрде жасап, барлық бағаларды электрондық түрде тіркейді.

Қосымшаны Play Market пен App Store-дан жүктеп алуға болады.

Жүйе іске қосылған кезде мектеп әкімшілігі оқушыларға пароль сөздер таратады.

Айта кетейік, бағдарлама ғаламтордың ең төмен жылдамдығымен жұмыс істейді.