Домой Блог Страница 161

«Үшқоңыр» жаңа өнер ұжымы іске кірісті

«Үшқоңыр» жаңа өнер ұжымы іске кірістіАстана күні қарсаңында Алматы облысының Қарасай аудандық мәдениет үйінде «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің тұсаукесер рәсімі өтті. Ұлт аспаптар оркестрінің орындауында «Қарасай» күйі, Б. Есебаевтың «Жан аға» әні, Е. Спанәлиевтің әні «Солай», Б. Омаровтың әні «Үшқоңырға кел» осы күні тұңғыш рет орындалып, тыңдарманның құлақ құрышын қандырса, оркестрдің орындауындағы Қ. Жұмағалидың «Әке аманаты» атты күй-поэмасы да көрерменнің көңілінен шықты.

Жаңа өнер ұжымында республикалық және халықаралық байқауларда топ жарып жүрген жас дарындар — барлығы 35 өнерпаз бар. Олардың 14-і – оркестр мүшесі, 8 – биші, 10 – дәстүрлі және эстрада әншілері. Көркемдік жетекшісі танымал композитор Бағлан Омаров, музыкалық жетекшісі Еркін Рахимов, концертмейстері Қуаныш Жұмағали. Өнер ұжымы қажетті аспаптармен және техникалық жабдықтармен толықтай жарақтандырылған.

Тұсаукесер рәсімінде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов ансамбль жұмысына сәттілік, шығармашылық табыс тіледі.

Алматы облысында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында демеушілік көмек көрсетілді

Алматы облысында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында демеушілік көмек көрсетілді«Даму-Көмек» мүмкіншілігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету бағдарламасының арқасында Алматы облысының мүгедек кәсіпкерлері өздерінің бизнестерін құрып, дамыта алады.

«Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсетуге бағытталған.

Меңсұлу Шілікбаева, Любовь Бурляева, Әлжан Үрпекбаева, Күләш Шалдыбекова, Айман Салкеева, Ольга Беликова және Бағдат Атантаева қорға жүгініп, тігін машинасын сатып алуға көмек сұраған.

Олардың әрқайсысы өздерін материалдық тұрғыда қамтамасыз етумен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдардың да рухы мықты болатындығын іс жүзінде дәледеуге тырысады. Көмек сұраған адамдардың барлығының да іс тігуде мол тәжірибесі бар, өздерінің шеберліктерін көрсетіп, еңбексүйгіштік қырларын да көрсете алған.

Бұл жолы қайырымдылық көмек қолын «Қайнар — АКБ» ЖШС және «GLASMAN» ЖШС компаниялары созды. «Қайнар  АКБ» ЖШС зауыты негізінен автомобильдерге, ауыл шаруашылығы техникалары мен әскери техникаларға арналған аккумуляторлық батареялар шығарумен айналысады.

«GLASMAN» компаниясы ең талапшыл сатып алушылардың сұраныстарына сай келетін және мектеп оқушыларының нақты арманын іске асыруына көмектесетін классикалық ерлер киімін және мектеп киімі нысанын жасайды.  Өндірістің автоматтандырылған жүйесі сапасы жағынан шетелдік үздік бұйымдарға жол бермейтін, классикалық сәннің дүниежүзілік деңгейінің талаптарына сай келетін, өлшемдері саналуан, ал құны, бәсекеге қабілеттілігі жөнінен бәрінен басым бұйымдарды шығаруға мүмкіндік береді.

Бұл кәсіпорындар осыдан біраз уақыт бұрын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болып, өз бизнестерін дамытқан болатын. Ендігі уақытта олар «Даму-Көмек» бағдарламасы арқылы түрлі көмек көрсетуге мүмкіншілік алып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 154 мүгедек кәсіпкер демеушілік қолдауға ие болған еді.

ҚазАқпарат

“Жаңару кубогы”: “Павлодар қыздары жеңімпаз” (фото)

Шілденің 3 күні Қазмедиа орталығының киноконцерт залында Жайдарман ойындарынан «Жаңару кубогы» республикалық арнайы жоба болып өтті.

Еліміздің барлық аймағынан түрлі лигаларда үздік өнер көрсетіп жүрген топтардың басын қосқан жоба жоғары деңгейде өтті деуге әбден негіз бар. Кешті Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен жүргізді. Сонымен қатар сайысқа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қолдау көрсеткен болатын.

Өзара бақ сынасқан 20 топтың арасынан үздіктерді қоғам қайраткері Мұрат Әбенов,  НұрОтан партиясының төрағасы орынбасарының кеңесшісі Берік Уәли, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ернат Мұхамадиев, Қазақстан ҰТА жүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы, Ұлттық музейдің баспасөз жетекшісі Олжас Сыдықбек және қазақ эстрадасының жұлдызы Серік Ибрагимов секілді танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасы анықтады.

Сонымен, үздік үштікке ілінген Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының «Мұнай тамшылары» командасы 200 000 теңгенің сертификатын иеленсе, екінші орын алған Атырау облысы, Құрманғазы ауданынан келген «Құрманғазы жастары» командасы 300 000 теңге ұтып алды.

Ал сайыстың жеңімпазы болып, Павлодар қаласынан келген «Чехов аялдамасы» тобы атанып, 400 000 мың теңгелік сертификат пен қоса, «Жаңару кубогын» төбесіне көтерді.

Орын иеленген топтардың барлығы арнайы жүлде сертификаттарымен қатар, дипломдармен және кубокпен марапатталды.

Ойыннан кейін жайдарманшылар үшін боулингтен де жарыс ұйымдастырылып, жаңаөзендік «Мұнай тамшылары» жеңімпаз атанды. Ал екінші-үшінші орынды астаналық «Энерго» мен атыраулық «Бейбарыс» командалары бөлісті.

????????????????????????????????????

_DSC4834

_DSC4929

ffffff

9 шілдеде Түмен облысында қазақтардың құрылтайы өтеді

9 шілдеде Түмен облысында қазақтардың құрылтайы өтедіТүмен облысы Құрылтайға дайындық үстінде. Құрылтай сенбі күні, 9 шілдеде Қазан ауданында өтеді. Өңір басшысы Владимир Якушев — ұлттық мерекелердің белсенді қатысушысы.

 «Бұл мерекенің тарихы терең. Ертеректе Құрылтайға түрлі аймақтан, түрлі ру мен тайпадан жиналып, саяси және экономикалық мәселелерді талқылаған: кіммен тату, кіммен соғысу керек, хан сайлау, жайылымдық жерді бөлісу секілді шаруашылық мәселелер қаралған. Маңызды отырыстан кейін дастархан басына жиналып, аламан бәйге өткізіп, той-думан жасаған»,-дейді  ұлттық-қоғамдық бірлестіктерді үйлестіру кеңесі президиумының  мүшесі және «Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымының президенті Есенғали Ибраев.

Бүгінде қазақтар үшін Құрылтай маңызды мерекелердің бірі. Жыл сайын Түмен облысында үлкен Құрылтай өтеді. 2015 жылы Құрылтайды Есіл ұйымдастырды, оған 4 мыңдай халық жиналды. Биыл Қазан ауданына 85 жыл толғандықтан (Оның үстіне, аумақ Қазақстанмен шекарада орналасқан) Құрылтай Қазан ауылында өтетін болды.

Жыл сайын Түмен құрылтайына Қазақстан өкілдері қатысады. Бізде солтүстікқазақстандық Қазақстан халқы Ассамблеясымен келісім жасалған. Олар да атсалысады.

Құрылтай 9 шілдеде Қазан ауылында өтеді, басталуы 11:00-де.

ҚазАқпарат

«Тақтар ойынының» жетінші кезеңі ауа райына байланысты кейінге шегерілді

«Тақтар ойынының» жетінші кезеңі ауа райына байланысты кейінге шегерілдіТанымал «Тақтар ойынының» телехикаясының жетінші кезеңі 2017 жылы жоспарланған мерзімінен кейінірек шығалы, деп мәлімдеді киносаганың продюсерлері Дэвид Бениофф мен Дэн Уайсс.

Жоба жетекшілері оның шығатын күнін әлі жария етпеді, өйткені олардың айтуынша жаңа бөлімдердегі оқиғалар қыста болатындықтан түсіру тобы осындай ауа райын күтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейінгі кезең сәуір айында шыққан болатын.

Бұған дейін Бениофф пен Вайс «Тақтар ойыны» сегіз кезеңмен тоқталатындығын мәлім еткен. Сонымен қатар қысқа болады, бұрынғысынша он бөлімнен емес тек жеті сериядан тұрады.

ҚазАқпарат

Астанада ноғай суретшісінің көрмесі өтеді

Астанада ноғай суретшісінің көрмесі өтеді8 шілдеде «Астана» Ұлттық сурет галереясында Астана күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Ғасырлар түкпірінен» атты жеке көрменің ашылу салтанаты өтеді.

Ұлттық музейдің қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, көрмеге ресейлік суретші-график Әлібек Қойлақаевтың туындылары қойылады, сонымен қоса суретші көрме соңында келген қонақтарға графика өнерінен арнайы шеберлік дәрісін өткізеді.

Әлібек Қойлақаев — ноғай ұлтынан шыққан суретші. Краснодар Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің түлегі. Өзінің жылдар бойғы еңбегі мен білімінің арқасында суретші өзінің жеке әдісін жетілдірген: сурет салу кезінде Әлібек қауырсын мен тушь қолданады.

2016 жылы Әлібек Қойлақаев Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Ескішехир қалаларында өзінің жеке көрмелерін өткізген болатын.

Бұған дейін суретші бүкілресейлік, республикалық форумдарға, іс-шараларға қатысып, Мәскеу (2010 ж.), Махачкала (2010-2012 жж.), Санкт-Петербор (2011 ж.), Ставрополь (2012-2013 жж.), Пятигорск (2010-2013 жж.) қалаларында жеке көрмелерін өткізген.

ҚазАқпарат

ОҚО-ның екі ауылында мәдениет үйлері пайдалануға берілді

ОҚО-ның екі ауылында мәдениет үйлері пайдалануға берілдіЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі аясында және «Астана» күні мерекесіне орай, ОҚО Сарыағаш ауданындағы Ақтөбе және Тегісшіл ауылдық округтерінде екі мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Қос елдімекендегі ғимараттардың ашылуына облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Е.Тілеубердиев пен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасарлары А.Есбаев пен Қ.Қыстаубаевтар қатысты. Пайдалануға берілген мәдениет нысандарының екеуі де толықтай құрал-жабдықтармен, компьютерлермен және жиһаздармен қамтамасыз етілген. Мәдениет үйлерінің жанында кітапхана, оқу залы, жоғары жылдамдықта істейтін интернет пен телефон байланыстары бар.

Ауданның Ақтөбе ауылдық округіндегі Қызыләскер елді мекенінде орналасқан 150 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыстық бюджеттен 91 млн. теңге қаржы жұмсалған, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.  Ал Тегісшіл ауылдық округіндегі Таскескен елді мекенінде орналасқан 75 орындық мәдениет үйіне облыс қазынасынан 61 млн. теңге қаралған.

Жалпы аудан бойынша осы жылы мәдениет нысандары жоқ ауылдық округтер мен елді мекендерге мәдениет нысандары, яғни, ауылдық клуб пен кітапханалардың құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Сарыағаш қаласы және Бірлік, Жібек жолы, Құркелес ауылдық округтерінде мәдениет нысандарының құрылысы осы жылы аяқталып, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы меркесіне орай, халыққа осы жылдың қыркүйек айына дейін толық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, биыл 4 саябақ пен 1 мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттары дайындалып, облыстық салалық басқармаға тапсырылды.

Астана күні мерекесінде Шардарада мұражай ашылды

05d9274b-8b0a-453a-8c34-0a91dbd1f516Елордасы – Астана қаласының 18 жылдық туған күнінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара қаласында бас қала күніне лайықты тарту жасалды. Мерекеде Шардара су қоймасы жағасынан екі қабатты, заманауи үлгіде салынған жаңа мұражай ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. Облыстық бюджеттен бөлінген 107 млн. теңгеге ауданы 1800 шаршы метрді құрайтын мұражай құрылысы былтыр шілде айында басталып, осы жылғы шілдеге дейін «Жер-Су-Жол-Сервис» ЖШС-мен жүргізіліп, уәделі мерзімде тапсырылды, деп хабарлайды Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары  Ж.Бөкенбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Айтөреев, аудан әкімі А.Абдуллаев, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Г.Аренова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа мұражай халықтың игілігіне қызмет көрсете берсін деген тілектерін айтысты.

Құрылыс жұмысын өз дәрежесінде жүргізген «Жер-Су-Жол-Сервис» серіктестігінің бас инженері Қанат Ержігіт жаңа нысанның кілтін аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Нұрлан Сымайыловқа салтанатты түрде табыс етті. Ғимараттың ашылу салтанатына куә болған еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары ел игілігіне беріліп отырған музей үйінің іші-сыртын аралап көрісті. Талапқа сай салынған қос қабатты ғимараттың көркіне көздері тойған еңбек ардагерлері «бұл нысан Астана күніне лайықты тарту болды» десті.

Түс таңдауына қарап, мінезін байқаңыз

Түс таңдауына қарап, мінезін байқаңызАдамдардың түс таңдауына қарап психологтар олардың мінезін, ішкі жан-дүниесіндегі құбылыстарды болжайды. Киім, автокөлік, жиһазды таңдауда әрқайсымыздың өз талғамымыз бар. Біреулердің бір ғана сүйікті түсі болады. Олар үнемі қандай зат алса да, сол түстегісін іздейді. Ал кейбіреулер киімнің жиі көк түстісін таңдап, автокөліктің қызылын, жиһаздың қоңырын ұнатады. Сонымен өзіңіздің немесе жаныңыздағылардың мінезін білуге тырысып көріңіз.

Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік, албырттықтың мінезінен хабар береді. Көбінесе ақты жастар жөн көреді. Ал бұл түсті ересек жастағы жанның таңдағаны оның өзгеге көмектесуге ынтығып тұратынын аңғартады. Оның қолынан көп нәрсе келеді. Алдына мақсат қойғыш жан. Сонымен қатар ақ түсті киім кигенді қалайтын ересек адамдар қарапайым өмірді қалайды әрі жастық шағын жиі аңсайды.

Қызыл түс тасыған күшті білдіреді. Көбінесе қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Албырт, белсенді, тез шешім шығаратындар бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар. Оларды бірқалыптылық тез жалықтырады. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді.

Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылып, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.

Алқызыл, қызғылт түс нәзіктіктің белгісі. Көбінесе бұл түсті балалы болуды қалайтын әйелдер ұнатады. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді.

Қызыл-қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірбие алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді.

Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылды жақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды. Дегенмен көпшілікпен араласқанға құмар. Шыдамды, тым байсалды. Ұжымның арасында өзін көрсеткенді қаламайды. Өйткені өзгелер жомарттығын пайдаланып кетеді деп қорқады.

Қызғылт сары, сарғылт түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды. Құбылмалылық, жігерсіздігі да бар. Бұл мінезін жеңу үшін әрекет те жасайды. Негізі қызғылт сары, сарғылт түс жастардың түсі.

Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді, әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзгеге жаны ашығанымен өзін ғана ойлайды. Күлгін түсті қатты ұнататындардың осындай мінезі бар.

Көгілдір, көк түсті киімдерді көп киетіндер сараптама жасаудың шебері. Бірақ бұл мүмкіндігін жасырады. Аталған түсті қалайтындар өте қарапайым келеді. Сезімталдығы да бар. Бірақ іштей қатал мінезі де жоқ емес. Оны өзгелерге аңғартпауға тырысады. Көгілдір түсті жақсы көретіндер өте сақ адамдар.

Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес.

Сұр түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді. Сұр түске құмарларға бала күнінде ерекше көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады. Сондықтан өзін көрсетуге келгенде тым жасқаншақ. Ол мұны қалыпты жағдай деп түсінеді.

Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды. Жасыруға тырысады. Қара түсті таңдайтындардың шын мәнінде жан-дүниесі бостау келеді дейді психологтар.

17 жасар елорда тұрғыны қала Әкімінің кубогын жеңіп алды

Мереке күні «Жастар» сарайының сахнасында «Бәрі де ән салады» Астана қаласы әкімінің кубогы чемпионатының финалы өтті. Вокалмен айналысатын 17 жасар қала тұрғыны Әнел Смайылова жеңімпаз атанды. Жарысқа кәсіпқой әншілер де, әуесқойлар да қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Чемпионат Астанада екінші рет өткізіліп отыр және Елорда күніне орайластырылған. Жарысқа 16-дан 75-ке дейінгі адамдар қатысты.

— Кастинг 15 мамырда өтті. Оған 250 астам адам қатысты. Оның ішінен үш жас санатындағы 60 адам іріктелді: музыкалық білімі ба 16-30 жастағылар, музыкалық білімі жоқ 16-30 жастағылар және 31+, — дейді караокеден чемпионаттың қоюшы режиссері Бақытжан Таженов.

Бірнеше апта бойы қатысушылар вокалдан кәсіби оқытушылармен жұмыс істеп, шеберлік дәрістеріне қатысты. Байқаудың екінші туры 26 маусымда өтті. Оның қорытындысы бойынша әр топта 15 адамнан 45 адам ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, караокеден чемпионат республикамызда ниет білдіргендердің барлығы қатыса алатын жалғыз байқау болып табылады.