Домой Блог Страница 162

Алакөлге барып қайт

news138Жыл өткен сайын Алакөл аймағы­ның туристік әлеуеті артып, алыс-жақын шетелден қысқа, ұзақ мерзімге демалып қайтуға келетін қонақтардың қатары көбеюде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Алакөлде 150 мыңға жуық адам демалыпты. Биыл бұл сан өсіп, 160 мыңнан артық адам демалуға келеді деп күтілуде. Бұған көл бойындағы туристік қызмет көрсететін нысандардың мүмкіндігі кемел жетеді.

Аудандық кәсіпкерлік басұармасынан алынған ақпаратқа сүйен­сек, бүгінде Алакөл ауданы ау­ма­ғында 112 демалыс үйі, демалыс аймағы, пансионат, қонақүй және туристік кешен орналасқан. Атап айтқанда,  500 орынды СДО «Пе­ли­кан», 350 орынды  «Ала теңіз», «Аласу» және 200 орынды «Қара Тас», 150 орынды «Көктұма» пан­сио­наты,  тағы да басқа же­ке­мен­шік үйлердің жа­нынан ашылған қонақүйлері бір уақытта 4500 адам­ға қызмет көрсете алады. Бұлардың барлығы Алакөл көлінің жағасында орналасқан. Осы демалыс орын­дарының мүмкіндігін жақсарту үшін облыстық туризм басқармасы ҚР туризм саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырым­дама­ла­рын бекіту туралы №508 қаулы­сы­на сәйкес,  көл жа­ғалауының инф­рақұрылымын да­мы­туға бағыт­тал­ған 17 іс-шара  қарас­тырыпты. Осы­ған орай 2015 – 2017 жылдар  ара­лығында  Ақши ауы­лының көл жа­ғалауында 3 ірі инвес­тициялық жо­баны іске асыру жос­парланып, «Falkon Petrolium» ЖШС-нің және «Ак­­вамарин  ре­сорт»  пен  жеке кәсіпкер Д. Каримовтың көп­са­лалы демалыс орындары бой кө­теруде. Алдағы уа­қыт­та «Аква­марин  ре­сорт»  де­ма­лыс аймағының ашылу салтанаты бол­мақ.

Халықтың әл-ауқатының артуы­на байланысты Алакөлге күре жол, те­міржол, әуежолымен де келе­тін­дер көбейе түсуде. Сондықтан Ала­көл ау­даны әкімдігінің 2015 жылғы 12 ма­мырдағы № 183 Қаулы­сы­мен «Авиа­ком­пания «Жетісу» АҚ-на Үшарал қа­ласының әуежайы құры­лысын жүр­гізу және қызмет көрсету үшін 49 жылға уақытша пайдалану құ­қы­ғы­мен 3 гектар жер телімі бө­лінді. Қазір облыстық жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жолдары бас­­қар­ма­сы арқылы сағатына 50 адамға қыз­мет көрсететін әуежай бе­кетін салуға ЖСҚ даярлауға бө­лін­ген 21,0 млн. теңге қаражатқа «Каз­аэро­проект» АҚ-мен жоба дай­ын­далуда.

Көптен бері көл жағалауындағы заманауи байланыс жүйесін жетіл­діру жайының айтылып келе жат­қа­ны анық. Жұрт тілегін ескерген ала­көлдіктер туристерді сапалы ин­тер­нет жүйесімен қамтамасыз ету үшін Достық ауылынан 1 база­лық ин­тер­нет стансысын орнатып, желіде бай­ланысуды жеңілдете түскен. Ал­дағы уақытта Үшарал қа­ласы, Ақши және Көктұма ауы­лы­на базалық ин­тер­нет стансысын ор­нату жоспары қа­рас­ты­рылуда.

Қысқасы, Алакөлдің туристік әлеуеті артып келеді. Мұнда дема­лу­шыларға барлық жағдай жасал­ған. Көлдің шипалы суымен емде­ліп, жүйкеңізді тынықтырғыңыз кел­се, еш ойланбай Алакөлге тар­тып кеті­ңіз.

zhetysu-gazeti.kz

«Бала дауысы» байқауының финалында тағы бір трио Алматы облысының атынан ән шырқайды

20160705030815Алматы облысында Әлия Назарбаеваның «Бала дауысы» І Ұлттық балалар ән байқауының аймақтық кастингі өткізілді. Сегізінші аймақтық іріктеу Талдықорған қаласында өтті. Тіркеуден кейін «Бала дауысының» күнделіктерін жүргізетін Аида мен Бауыржан қатысушыларды таң сәріден қарсы алып, оларды ойындарға, флэшмобтар мен телетүсірілімдерге тартумен болды. Өз вокалдық қабілеттерін сынап, Гранд-финалда өз өңірін таныту құқығына күресу үшін бүкіл Алматы облысынан 105 бала Жетісудің кіндігінде жиналды.

 Байқаудың 10 жасар қатысушысы Темірлан Кабул кастингке Жамбыл ауданындағы Қарасай ауылынан келді. Темірлан вокалмен кәсіби түрде 4 жасынан бастап шұғылданып келеді. Оның ата-анасы Ерлан мен Зәуре Ибрагимовтар ұлдарының музыкалық біліміне басты назар аударады. «Біз бекерге келген жоқпыз деп есептейміз! Біздің балаларымыз нағыз жұлдыздарды өз көздерімен көріп, балалардың өздерінен де нағыз жұлдыздар сынды сұхбат алынып жатты — бұл балаларға да, бізге де арналған мереке! Барлық аналар мен әкелерге айтарым: ең бастысы — баланың талантын дер кезінде тани білу. Өйткені әрбір адам дүниеге келген кезде оған өзіне тән белгілі бір қасиет беріледі. Ал ата-ананың басты міндеті- сол қабілетті аша білу. Ал бұл байқау-табысқа жетелейтін тағы да бір қадам»,- деді Темірланның әкесі. 8 жасар Алуа Әбдікәріммен бірге байқауға бүкіл отбасы келді деуге болады: бауыры, сіңілісі мен екі апайы. Солардың бірі Әлия Қасымбекованың айтуынша, «біз өз сіңілімізге қолдау көрсетуге келдік, барлығымыз қобалжып тұрмыз, ол, әрине, бізден қаттырақ толғанып тұр. Сіңілімізге және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!». Бекарыс Қадырбаев Талдықорғандағы кастингке Іле ауылынан өз педагогы Раушан Шыныбаевамен бірге келді. Бекарыс 11 жаста, ол классикалық музыканы, поп-музыка мен хип-хопты тыңдайды. «Маған әртүрлі музыка ұнайды. Қазақтық халық әндерін жақсы көремін, көрермендердің алдында өнер көрсеткенді жаным сүйеді. Мен нағыз атақты әртіс боламын!» — деп бала өз сенімділігін білдірді.

«Алау» тобының солисті мен Алматы облысының «Бала дауысының» тәлімгері Әсет Арыстанбекке таңдау жасау оңай болған жоқ. Айым Елтайқызы, Әмір Қайсар мен Нұржан Әбілқасымовтан тұратын үштіктің құрамынан Әсет те, музыкалық продюсерлер де бір жеңімпазды бөліп жара алмады. Өйткені үшеуінің де музыкалық және әртістік қабілеттері мінсіз, сонымен қатар таланттары да әрқырлы.  Сондықтан қазылар алқасы үштік құру туралы шешім қабылдады. Бұл үштіктің Астанада өтетін «Бала дауысының» Гранд-финалын көркейте түсері сөзсіз.

 Әмір Қайсар 5 жасынан бастап ән шырқайды, қазір ол «Би-би» студиосында өз өнерін шыңдауда. Баланың әнге деген әуестігі оның әжесі мен атасынан дарыған. Әмірдің репертуары негізінен классикалық әндерден тұрады, бұл әндер оның тамылжыған даусын аша түседі. Кез келген ұл бала сияқты Әмір футбол ойнағанды ұнатады. Нұржан Әбілқасымов 9 шет тілінде ән айтуға деген дайындығымен қазылар алқасын таңғалдырды. Нұржан академиялық вокалға және  фортепианодағы ойынға музыкалық мектепте үйреніп жүр, ал бос уақытында волейбол командасында ойнайды. Бұған қосымша бала «Мен жұлдызбын» балалар студиосына барады, бұл студиоға үшінші жартылай финалға қатысушы — Айым Елтайқызы да барады екен. Айым екі музыкалық аспапты меңгерген: домбыра мен фортепиано. Нұржан мен Айым осы жеңіске жетулері музыкалық педагогтары Серікжамал Асыбекованың арқасында деп есептейді.

 Жартылай финалға қатысушылардың триосын Алматыдағы Музыка мектебінде ауқымды финалға дайықтық жұмысы күтіп тұр. Байқаудың шешуші күні балалар көрермендер алдында арнайы финалға жазылған 16 әннің бірін орындап шығады. Ал әзірге «Бала дауысы» әрі қарай жол тартады: 9 шілдеде ән байқауы Қазақстанның бас қаласы -Астанаға ат басын тірейді.

ҚазАқпарат

Өнертапқыш қытайлық қазақ қайыс тілетін аспап ойлап тапты

Қытайлық қандасымыз Ізгілік Бақытбекұлы қайыс тілетін аспап ойлап тапты. Он жеті жасар жас өнертапқыш Қытай Халық Республикасы, Іле Қазақ автономиялы облысында тұрады. Ол өзінің аспабын Елорда күніне орай өтіп жатқан «Мыңжылдықтар тоғысқандағы Астана» атты көшпенділер өркениеті фестиваліне алып келген.

Енді қамшы, жүген, құйысқан, айыл-тұрман жасайтын шеберлердің жұмысы жеңілдейтін болады. «Әкем өрімшілікпен айналысады. Қайыспаларды пышақпен тіледі де, уақыты көп кетеді әрі көркемдігіне әсер етеді. Уақытты ысырап етпейтін осындай аспап жасау ойыма келді» — дейді ол.

Автор: Шырақ Байкенова

 

ОҚО-ның Түлкібас ауданы табиғи газбен толық қамтылды

20160705105744Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 6 шілде — Астана күніне орай, бүгін Түлкібас ауданындағы үш елді мекенге көгілдір отын берілді. Осылайша, Түлкібас облыс бойынша 100 пайыз табиғи отынмен қамтамасыз етілген бірден-бір ауданға айналды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданның таулы аймағында орналасқан Келтемашат ауылдық округінің Дәубаба-1, Дәубаба-2 және Төрткүл ауылдарына жеткен табиғи газды беру салтанатына қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов жергілікті халықтың қуанышымен бөлісті. Облыс әкімі ондағы 94 жастағы жергілікті ақсақал Сұлтан Кенжебековпен бірге көгілдір отын алауын жағып, қарияның шаңырағында болып, дастарханынан дәм татты.

Айта кеткен жөн, бүгінгі көгілдір отын жеткен үш елді мекенде 1,5 мыңға жуық халық тұрады.

Жалпы ұзындығы 34,27 шақырым болатын газ құбырының құрылыс жұмыстарын «Энергоресурс» ЖШС мекемесі жүргізген. Мердігердің айтуынша, газ өткізу жұмыстары 2015 жылы басталып, осы жылдың маусым айында аяқталыпты. Жалпы ауданда соңғы 5 жылда 37 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілген.

Сұлулық зертханасы: Шаш күтіміне арналған кеңестер

Сұлулық зертханасы: Шаш күтіміне арналған кеңестерШаш адамға көрік беріп, келбетін аша түседі. Дей тұра, шаш күтімі деген тек сусабынмен жууды  ғана білдірмейді.  Сондықтан біздің мына кеңестеріміз Сіздерге пайдалы болар деген үміттеміз.

  1. Шаштың ұштарын үш ай сайын қиып отырыңыз.
  2. Қолданатын тарағыңызды жиі ауыстырып тұрыңыз. Тарақ табиғи материалдан (ағаштан) жасалғаны дұрыс. Темір тісті тарақ шашқа зиян!
  3. Басыңызды еңкейтіп тұрып, күніне екі рет шашыңызды тарап тұрыңыз. Бұл бас терісінің қан айналымын жақсартатын массаж ретінде денсаулыққа өте пайдалы.
  4. Шашыңызды тарағанда, асықпаңыз. Шашты тарауды шаштың ұшынан бастаңыз. Шатасқан тұстарын тарақпен емес қолмен дұрыстаңыз.
  5. Сусабынды (шампунды) шашыңыздың типіне қарай дұрыс таңдаңыз. Шашыңызға нәр беретін маскаларды жасап жүруге дағдыланыңыз.
  6. Шашыңызды жұмсартып, қалыпқа келтіру үшін кәдімгі шикі жұмыртқаны қолданыңыз. Жұмыртқаның ақ уызы майлы шашқа, ал сары уызы құрғақ және көп түсетін шашқа пайдалы.
  7. Шаш кептіру үшін фен қолданбауға тырысыңыз.
  8. Дұрыс тамақтануды әдетке айналдырыңыз. Себебі шаштың тез өсіп, әдемі болуына ғана емес, жалпы өзіңізді сергек сезінуіңізге де күнделікті тағамыңыз көп әсер етеді. Мүмкіндігінше тәтті, ащы, ұннан жасалған және майлы тағамдардан бас тартыңыз. Күніне 2 литр таза су ішіп отырыңыз.

Ұлттық қолөнерімізді дәріптеп жүрген қытайлық қандастарымыз Астанаға келді

Ұлттық қолөнерімізді дәріптеп жүрген қытайлық қандастарымыз Астанаға келді.

«Шетте жүргендіктен өз қазағың, өз Отаның қатты ыстық болады. Елдегі ағайындарымыздың күлгені де, отырғаны да тәтті бізге. Ұлттық дүниелерімізді жасап сағынышымызды басамыз»,- дейді Іле Қазақ автономиялы облысынан келген Алтынгүл Мәден.

Жырақта жүрсе де, ұлттық қолөнерімізді дәріптеп жүрген қытайлық қазақтар Елорда күніне арнайы келіпті. Қандастарымыз «Мыңжылдықтар тоғысқандағы Астана» атты көшпенділер өркениеті фестивалінде қолөнер бұйымдарын паш етті.

Автор: Шырақ Байкенова

http://www.youtube.com/watch?v=ub1QaJ_Sd98

Сұлулық зертханасы: Бет терісін ағарту

Сұлулық зертханасы: Бет терісін ағартуБет терісін ағарту кез-келген қыздың басты мәселесі болатын шығар. Алайда, беттегі түрлі дақтар мен күн көзінің әсері сол мақсатқа жетер жолда тосқауыл болады да тұрады. Бет терісін ағартатын қымбат косметологиялық процедураларды әр әйелдің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан біз бүгін олардың альтернативті жолдарын ұсынып отырмыз.

Бет терісін ағартуда ең жиі қолданылатын нәрселер: айран, сүт өнімдері және лимон. Олардан басқа түрлі көкөністер мен жемістер. Төменде келтірілген маскалардың құрамында олардың барлығы бар. Алайда теріні түрлі дақтардың пайда болуынан сақтайтын ең басты нәрсе — күн көзінен қорғану. Ол үшін нарықта толы кез-келген SFP факторы бар кремді қысы-жазы пайдалануды ұмытпаңыз.

Сүт пен банан қосылған маска

Бананды сүтке езіңіз. Нәтижесінде пайда болған ботқаны бетіңізге жағып, 20 минут ұстаңыз. Жылы сумен жуыңыз.

banany-i-moloko

Балдан жасалған маска

Жылытылған бал да беттің ағаруына көмектесе алады. Ол үшін балды жылытып, бетіңізге тегістеп жағыңыз. Бал 20 минуттай әсер етсін. Одан кейін бетке арналған жұмсақ ысқыштың көмегімен бетіңізді ысқылап жуыңыз. Ең соңында бетіңізді суық сумен шайыңыз.

61-2(1)

Бал мен жұмыртқадан жасалған маска

Бет терісі үшін бал қоспа ретінде де пайдалы. 1 ас қасық балды 1 тауық жұмыртқасымен араластырып, бетіңізге жағыңыз. 15-20 минуттан кейін сумен жуып тастаңыз.

klassicheskie-komponenty-dlya-zdorovya-i-gustoty-shevelyury

Ас содасы мен лимоннан жасалған маска

Беттің қара дақтарын кетіруге ас содасы мен лимон шырыны да жақсы көмектеседі.  Ас содасы мен лимон шырынын араластырып, амброзивті паста жағдайына жеткенде бетіңізге жағып, скраб сияқты екі күнде бір рет тазалаңыз. Егер бет терісі құрғақ болса, одан да сирек қолданғаныңыз жөн. Сумен шайғанда мұқият болыңыз: сода ұнтақтары терідегі ұсақ тесіктеріне кіріп, май бездерін бітеп тастауы мүмкін.

soda-i-limon

comode.kz

Қолөнер шебері шидің артықшылықтары туралы айтып берді

Қазақ көшпелі болса да, өте таза халық болған. Киіз үйге шыбын-шіркей кіріп кетпес үшін, салқын болып тұру үшін ши тоқып, киіз үйдің керегесіне іліп қойған екен. Сондай-ақ, құрт жаюға, тары сүзуге, басқа да тұрмыстақ мүдделерде қолданған шидің артықшылықтары туралы Роза Жасбалаева айтып берді. Қолөнер шебері «Мыңжылдықтар тоғысқандағы Астана» атты көшпенділер өркениеті фестиваліне Алматы қаласынан арнайы келген. Фестиваль қонақтарына жіп иіруден, ши тоқудан, текемет басудан, сырмақ тігуден шеберлік көрсетіп, қазақ қол өнерінің байлығы туралы түсіндірді. «Арнайы мамандығым жоқ. Мұның бәрін неміс анамнан үйрендім.» дейді ол.

Автор: Шырақ Байкенова

Астанада Arkaim 3D ойын-сауық қалашығы ашылды

Елорда күнін мерекелеу аясында «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда «Арқайым – күннің қаласы» 3D интерактивті ойын-сауық қалашығы ашылды. Мұнда қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен астаналықтар мен қала тұрғындары өткеніміздегі және болашақтағы атмосфераны сезінеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

dd7335927d4cc1f1d8888e94394.jpeg

Қалашық төрт аймақтан тұрады. Бірінші сферада «Ұлы дала жетістіктері» мультимедиялық галереясы орналасқан, онда Тас тәуірінен 17-19 ғғ. дейінгі даму эволюциясы көрсетілген. Ата-бабаларымыз қолдан жасаған күнделікті тұрмыстағы заттар, зергерлік бұйымдар, әшекейлер ұсынылған.

Жүздеген жыл бұрын Шығыс Қазақстанда табылған алғашқы «Ақ бауыр» обсерваториясымен «Ашық ғарышқа саяхат. Астана» проекциялық театрында таныса аласыздар. Бұл сферада елорданың орталығынан ғарышқа сапар шегесіз, негізгі ірі планеталардың жанынан ұшып, олар туралы ақпарат алуыңызға болады. Саяхат «Жұлдыздар соғысы» стиліндегі би жарысымен аяқталады.

Фестивальдің ерекшеліктерінің бірі – Айша бибі мен Қарахан батырдың трагедиялық оқиғасы жайлы сыр шертетін голографиялық театр.

Төртінші аймақ — жаңаша әрленген этникалық музыка ұсынылатын «Welcome to Astana city!» концерттік ойын-сауық алаңы. Сонымен қатар, тақырыптық интерактивті аймақтар да жасалған. Аниматорлардың этно-футуристік костюмдері мен осы стильдегі әдеттен тыс кәдесыйлар қалашықта айырықша атмосфера қалыптастырады. Концерттік бағдарлама сағат 19.00 басталады.

3D-қалашық бүгін және шілденің 5-і мен 6-сы күндері сағат 11.00-21.00 аралығында жұмыс істейді, кіру тегін.

Елорда күніне орай «Тәуелсіздік жыры — Астана» фотокөрмесі өтіп жатыр

Елорда күнін мерекелеу аясында қалалық алаңда «Тәуелсіздік жыры — Астана» фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрмеге белгілі фототілшілердің, Ресей Суретшілер одағы мүшелерінің және тағы басқа еңбектері қойылды. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көпшілік назарына 300 жуық жұмыс ұсынылып отыр.

Елорда күніне орай «Тәуелсіздік жыры - Астана» фотокөрмесі өтіп жатыр

Шараға қатысушылар елордаға деген сүйіспеншіліктерін жасырмады.

Көрмеде ұсынылған фотосуреттерде қаланың тыныс-тіршілігіндегі ең маңызды оқиғалар бейнеленген, Астананың көрікті жерлері көрсетілген.