Домой Блог Страница 163

Астана күніне орай Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Астана күніне орай Түлкібаста бірқатар әлеуметтік нысандар ашылдыКеше ОҚО басшысы Б.Атамқұлов Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысандардың салтанатты ашылуына қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 6 шілде – Астана күніне орай, Түлкібас ауданындағы үш елді мекенге көгілдір отын берілді. Осылайша, Күнгейдегі Түлкібас облыс бойынша 100 пайыз табиғи отынмен қамтамасыз етілген бірден-бір ауданға айналды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Осы күні облыс басшысының қатысуымен Жаңаталап елді мекенінде 150 орындық орта мектеп ел игіліне берілсе, Түлкібас поселкесіндегі  «Бәйтерек-4» ЖШС-нің көкөніс концервілеу және өңдеу зауыты ашылды. Жылына 1,5 мың тонна көкөніс өнімдерінен  концервілеу шығаратын цехтың жоба құны 115 млн. теңге. Оның ішінде 55 млн. теңгесі өз қаржысы болса, 60 млн. теңгесі «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде қаржыландырылған. Мұнда жергілікті 35 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Сонымен қатар, аймақ басшысы аудандағы күніне 30 тонна сүт өндіретін «Майлыкент сүт» зауыты мен 5 мың тонна нан өнімдерін шығаратын «Түлкібас нан» зауытында болып, өнеркәсіптің жұмысымен танысты.

Оңтүстіктің шығыс қақпасы саналатын жері шұрайлы, табиғаты тамаша 110 мың  халық мекен ететін Түлкібас ауданы  бүгінгі күні қарыштап дамып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші күн санап артып келеді.

Қалалық алаңда аспазшылар фестивалі өтіп жатыр

Қалалық алаңда аспазшылар фестивалі өтіп жатырҚалалық алаңда «Аспазшылар шеберлігі – сүйікті қалаға» атты төртінші аспазшылар фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Шара 6 шілдеге дейін жалғасады. Осы күндері даяшылар, бармендер мен аспазшылар өзара сайысқа түседі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

2 кезеңмен өткен байқауға елордалық мейрамхана, кофехана мен кондитерлік дүкендерден 7 адам қатысты. Даяшылар алдымен өздерінің кәсіби машықтарын көрсетіп, қолына стакандар қойылған табақты ұстап, сигвеймен тапсырыстарды таратты. Екінші кезең күрделірек болды, стакандарға алманы дөп тигізгендер аз болды. Байқау соңында қазылар алқасы Аманжолов Қуатты бірауыздан жеңімпаз деп таныды.

Фестивальдің алғашқы күні қазақстандық эстрада жұлдыздары: әншілер, музыканттар мен би ұжымдары өнер көрсетті.

Бәйдібек ауданында астық ору науқаны басталды

Бәйдібек ауданында астық ору науқаны басталдыОҚО Бәйдібек ауданында егінге орақ түсті. Жалпы ауданда биыл масақты дақылдардың егіс көлемі   31 мың 824 гектар жерге егілген. Оның бүгінгі таңға, 3540 га бидай орылып, қамбаға  6600 тонна өнім жиналды.  Ал  арпаның  960 га орылып, 960 тонна өнім алынды.

Жалпы аудан бойынша 107 бірлік комбайн тіркелсе, оның 79-ы орақ науқанына қатысуда. Шаруалар егін орағы науқанымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстарын да қатар жүргізуде. Осылайша мал азығының  202   тоннасы  дайындалды.

Агротехникалық талаптардың сақталуы, жаңа технологиялардың қолдануы мен мемлекет тарапынан дер кезінде берілген қолдаулардың арқасында  биылғы жылы  астықтың  мол өнімін  өсіруге қол жеткізіп отырмыз дейді бәйдібектік диқандар.

Алдын-ала жасалынған болжамдық есеп бойынша 31 мың 824 гектар масақты дақылдардың әр гектарынан 16 центнерден (2015 ж -17 ц/га) жалпы 51 мың тоннаға  жуық астық жиналады деп күтілуде.

Талдықорғанда Астана күні атап өтілді

dce3a01f83c6442c8c47c2cb5400fd54 (1)Бүгін «Жастар» саябағындағы «Астана – ел тәуелсіздігінің айғағы!» атты мерекелік бағдарлама Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады. Гүлмен көмкеріліп әзірленген «Арман қала — Астана» көрме конкурсы, мемлекеттік мекемелердің көрмесі спорттық жарыстар, концерттік бағдарлама, балалар аттракциондары және басқа да қызықтар мерекеге ерекше реңк берді. «Жастар» саябағының бас сахнасынан барша жетісулықтарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:

— Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанның ең айшықты мерекелерінің бірі – Астана күнін атап өтіп отырмыз. Бұл — азат елдің асқақ арманын орындауға, қол жеткен табыстарын еселеуге серпін берер ерекше мереке.

Қазір Астана сәулеттік жағынан «Азия жауһары» ғана емес, сонымен қатар әлемдік геосаясаттың, экономика мен мәдениеттің алқалы алаңы болып отыр. Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Сарыарқаның төріндегі бейбітшілік бесігі болған Астана өсіп-өркендеп, гүлдене берсін! Баршаңызды осы қуанышты мереке күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін! – деді.

«Ел жүрегі – Астана!» концерттік бағдарламасы мерекенің мазмұнын аша түсті.

Бүлдіршіндер қуанышы — Талдықорған қаласы

Бүлдіршіндер қуанышыБүгін Талдықорған қаласының кішкентай тұрғындары үшін қуанышты күн болды. Қалада 125 орынды заманауи балабақша ашылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Кәтия апа» балабақшасы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде барлық талаптарға сай салынды.

Жалпы, бүгінгі күні Талдықорған қаласында 50 балабақша, оның 16-сы — мемлекеттік, 25-і – жекеменшік, 1-еуі – шағын орталық және 8 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді. Жаңа балабақшалар салу мен ашу ісі жалғасуда.

Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды — Талдықорған қаласы

Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылдыАстана күні қарсаңында Талдықорған қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы бүгін Орталықтың ашылу салтанатында белгілі болды. Жаңа ғимараттың ашылуымен жастарды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өз сөзінде облыс әкімі жастар саясатын жүзеге асыру мәселелеріне тоқталып өтті:

— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады» — деп Қазақстанның гүлденуін жас ұрпақпен тікелей байланыстырады. Сондықтан Тәуелсіздігіне 25 жыл толған елімізді құрып, ұлы істі бастап берген алдыңғы толқынның ізін лайықты жалғастыру – Сіздер, жастардың міндеті.

Бүгінгі ашылып отырған Жастарға қызмет көрсету орталығы жастардың жаңа идеялары мен жобаларына бағыт береді, күш-жігерін біріктіріп, түрлі мәселелері бойынша көмек көрсетеді. Жастардың әрі демалатын, әрі білімін жетілдіретін, әрі пікір алысатын, оларды жан-жақты қолдауға барлық мүмкіндіктер жасайтын ортақ шаңырақ болады деп сенеміз, — деді А. Баталов.

Аталмыш ғимараттың құрылысын жүргізген «Азияэнергопроектмонтаж» ЖШС басшысы Айдар Қиялбай орталықтың символикалық кілтін Жастар ресурстары орталығының директоры Айдын Нұрмұханбетовке салтанатты түрде тапсырды.

Жастар өкілдері атынан сөз алған жас маман, Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушысы Нұрлыбек Әубакеров мемлекет тарапынан жас буынға осындай ұланғайыр жағдай жасалып отырғанда жастар да өздерінің білімімен, белсенділігімен, іскерлігімен қоғам дамуына айтулы үлес қосатынын жеткізіп, ризашылығын білдірді.

Ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін қонақтар Орталықтың ішімен танысып, түрлі кабинеттерді, студияларды, интернет-кітапхананы, коворкинг, фитнес-орталықты, антикафе, сол сияқты білім беру, жұмыспен қамту, жастардың жобаларын қолдау бағыттарындағы консультациялық орталықтарды аралап көрді.

Жалпы, Жастарға қызмет көрсету орталығы бірнеше бағытта қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020», «Қолжетімді тұрғын үй — 2020», «Серпін — 2050», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша жастар арасында түсіндіру-насихаттау бағытында жұмыс жүргізбек. Ол үшін Орталық осыдан бір жыл бұрын бағдарламалардың әкімшісі саналатын мемлекеттік органдарға жастарды арнайы тағылымдамадан өткізіп, тәжірибе жинақтауына жағдай жасаған. Қазіргі кезде сол мамандар жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша бағыт беретін болады.

Екіншіден, жастардың бос уақытын тиімді де пайдалы ұйымдастыру жұмысын үйлестіріп отырмақ. Оған ғимаратта атап өткен заманауи құрылғылар мен бөлмелерде барлық мүмкіндіктер бар.

Астанада Абай ескерткішінің жанында кітап пен поэзия мерекесі өтті

Астанада Абай ескерткішінің жанында кітап пен поэзия мерекесі өттіЕресектер мен жас оқырмандарды кітап оқуға баулуға арналған кітап пен поэзия мерекесі бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл шара барысында Ф. Оңғарсынованың «Өлеңдер жинағы» кітабының тұсаукесері өткізілді, «Абайдың рухы» атты театрландырылған қойылым көрсетіліп, Бөкейханов пен Мұқағали оқулары мен «Оқитын уақыт» промоакциясы ұйымдастырылды.

Келушілер назарына Абай Құнанбаевтың өмірі туралы шығармалар ұсынылды. Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрының актерлары Шығыстың ұлы тұлғасының халқының білімді болғанын көру сынды арманын жүзеге асыра алды.

Арнайы орнатылған стендтерде тәуелсіздігіміздің тарихы көрсетілді. Тақырыптық экспозиция бірнеше бөлімнен тұрады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қорынан жиналған кітаптарда тарихи тұлғалар, Астана туралы жаңа Қазақстанның жобасы ретінде, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы жазылған. Мерекелік шараға елордалық ақындар қатысты.

Латын әліпбиіне көшкен жөн — Алматы облысы

Латын әліпбиіне көшкен жөн - Алматы облысыӨңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған істер сараланды. Брифингте бағдарламаның ағымдағы жылдың алғашқы жартысында жүзеге асырылған жұмыстары таныстырылды. Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Ахмет Кендірбекұлы мемлекеттік тілдің мәртебесіне, өңірдегі тіл саясатына тоқталды.

Тілдерді дамыту басқармасы ал­ғаш ашылған жылдары қазақ тіліндегі іс-қағаздар бар-жоғы 16 пайызды ғана құраған болатын. 2009 жылы сол көрсет­кіш 90 пайызға көтерілді. Бұл бас­қарма­ның жемісті жұмысын көрсетеді. Басқар­маның ең басты мақсаты – төл тіліміздің мәртебесін асырып, мемлекеттік қызмет­шілердің қазақ тілінде жұмыс жүргізуі. Бүгінгі таңда тілдік жағдайды зерделеу үшін өңірлік атқарушы органдардағы кірісшығыс құжаттарына тоқсан сайын мониторинг жасалып тұрады. Өткен жылдарға қарағанда Алматы облысы бойынша мемлекеттік тілдің қолданылу көрсеткіші 99,3 пайызды құрады. Облыста 10 мемле­кет­тік, 2 жекеменшік мемлекеттік тілді оқыту орталығы жұмыс істейді. Ағым­дағы жылдың бірінші жартыжыл­ды­ғында төл тілімізді оқыту үйірмесіне 626, ағылшын тіліне 62, орыс тіліне 44 тыңдаушы қабылданды. «Қазтест» жүйесі негізінде 11827 адам тесті­леуден өтті.

Спикердің айтуынша, қостілділік – күрделі мәселе. Бұл қазақтардың ішінде орыс тілді азаматтардың көптігінен болып отыр. Бұл мәселені шешудің жолы латын әліпбиі болмақ. Латын әліпбиіне көшкенде қос тіл мәселесі өздігінен жойылмақ. Сонымен қатар, басқармада атқарылған іс-шаралар қазақ тілін дамыта түспек. Осы­ған орай өткен жылы 20 шара белгі­лен­се, биыл тағы он іс-шараға көбейген. Жыл басы­нан «Сәрсенбінің сәтінде» әдеби кеші, тіл және өнер қайраткерлеріне ар­налған «Тағзым-2» шарасы, «Батагөй», «Алаш мұраты және Мұхамеджан Тыныш­паев» ат­ты ғылыми конференция, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты «дөңгелек үстелі», «Мем­ле­кет­тік тіл жә­не бұқаралық ақпарат құралдары» бай­қауы, об­лыстық «Тіл» оқу-әдісте­ме­лік орта­лығының Қарасай аудандық фи­лиалының ашылу рәсімі ұйымдасты­рылды.

Ахмет Кендірбекұлының айтуынша, облыс аумағындағы көрнекі ақпараттар­дың жай-күйін қадағалау мақсатында ағым­дағы жылдың ақпан-қараша айла­рында «Мемлекеттік тіл және жарнама» акциясы жарияланды. Акция барысында 574 рейдтік зерделеу жүргізіліп, 1076 нысан қамтылды, 376 кемшілік анықта­лып, оның 312-сі түзетілген.

Облыс бойынша қазақ тілінде оқы­та­тын мектептердің саны артып, сапасы кө­терілген. Қазақ тілінде білім алуға құш­тар өзге этнос өкілдерінің де саны арт­қан. Мәселен бүгінгі таңда 8054 өзге этнос балалары қазақ тілінде білім алу­да. Бұл – өңіріміз үшін үлкен көрсеткіш. Брифинг қорытындысында Ахмет Кен­дір­бекұлы тілшілерге ерекше рух беріп, жігерлендіріп, азаттығымызды асқақта­туы­мыз керектігін айтты, деп хабарлайды Жетісу газеті.

 

Артық салмағыңыздың сыры неде?

Артық салмағыңыздың сыры неде?Семіздік «дертіне» шалдыққандар саны соңғы жылдары артып келеді. Ал оны дер кезінде тоқтатпаса, түрлі аурудың қозуына себепкер болатыны айдан анық. Негізінен, семіздіктің алты түрі болады. Сіздегі артық май олардың қайсысына жататынын білесіз бе?

Жоғарыдағы суретте семіздіктің түрлері берілген. Соған қарап, артық салмағыңыздың сырын ұғыңыз.

  1. Бүкіл денені май басу

Егер сіздің жағдайыңыз бірінші суреттегідей болса, онда тамақсау болғаныңыз. Қомағайлық –артық салмақты көптеген адамдардың негізгі мәселесі. Өзі тойса да, көзі тоймай, шамадан тыс бір қасық асап қоюдың нәтижесі бірден мүсініңізде-ақ менмұндалап тұратын болады. Сондықтан ас мәзіріңізге және оның мөлшеріне көңіл аударыңыз. Тәттілер мен ұн өнімдерін, өте майлы тамақтарды мәзіріңізден сызып тастаңыз. Сондай-ақ тамақтанудан жарты сағат бұрын 2 стакан су ішу қулығын да байқап көруге болады. Дене жаттығуын жасай жүруді де ұмытпаңыз. Сонда нәтижеге тезірек қол жеткізесіз.

  1. Қойқарын

Томпиып қарныңыз ғана шығып тұра ма? Ендеше, сіз «Артық тамақ жеп қойдым» деп түрлі диета ұстап жүрмеңіз. Томпиған қарын – артық астың емес, күйзеліске көп түсіп, уайыммен жүретініңіздің белгісі. Мұндайда жанның тыныштығын ойлаңыз, өзіңізге ұнайтын іспен көбірек айналысып, әр күннің әдемі сәттерін көре білуді үйреніңіз. Ал ұсақ-түйек тұрмыстық мәселелердің мүсініңізді бұлай «бүлдіруіне» жол бермеңіз.

  1. Глютенді семіздік

Жамбас тұсының «семіруі» гормональді дисбаланс немесе менопауза, яғни етеккірдің толық тоқтауынан хабар береді. Мұндайда көбірек қозғалып, жаман дағдыларды ұмытқан жөн.

  1. Зат алмасудағы дисбаланс

Мұндайда артық май құрсақ қуысында жиналып, тіпті дұрыс дем алуға кедергі келтіруі де мүмкін. Одан арылу үшін көбірек қозғалыста болып, зиянды тағамдарды тұтынбау керек.

  1. Күре тамыр жолдарының семіруі

Семіздіктің бұл түрі ген арқылы беріледі. Десе де, «Тұқымымнан» деп қарап отырмай, күресу керек. Егер май аяқта жиналатын болса, оған біраз күш түсіріп, қозғалу қажет. Мұндайда жедел сатыны мүлде ұмытып, тек баспалдақпен жүруді қолға алыңыз.

  1. Қозғалыстың жоқтығынан семіру

Өте аз қозғалатын адамдарда семіздіктің дәл осы түрі болады. Олар, негізінен, кеңсе қызметкерлері екені айтаса да түсінікті. Сондықтан мейлінше көбірек қозғалыста болып, мүсініңізге ғана емес, денсаулығыңызға да еріншектігіңіздің кесірі тиіп кетпеуін қадағалаңыз.

anabol.kz

Сіз қандай тағамға құмарсыз? Оның сыры неде?

Сіз қандай тағамға құмарсыз? Оның сыры неде?Ағзамызда тоқтаусыз түрлі процестердің жүріп жататынын білесіз бе? Ал онда қандай да бір «ақау» бола қалса, оны дереу ретке келтіру үшін ағзамыз бізге хабар беріп, көмек сұрайды. Егер де сол көмекті уақытылы көрсете алсаңыз, денсаулығыңыз да мықты, көңіл күйіңіз де көтеріңкі болмақ.

Терінің құрғақтығы

Бұл ағзада Е дәруменінің жетіспеушілігін білдіреді. Оның орнын толтыру үшін күнделікті ас мәзіріне жаңғақ, майлы балық пен өсімдік майын қосыңыз.

Шаш пен тырнақтың сынғыштығы

Бұл ағзада В дәрумендер тобы мен кальцийдің аздығынан хабар береді. Ал олар дәнді дақылдар мен ботқалардың құрамында молынан бар.

Қызылиектің қанауы

С дәруменінің жетіспеушілігін аңғартады. Ал ол пияз бен сарымсақтың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі.

Ұйқысыздық

Магний мен калийдің аздығы салдарынан болады. Бұл микроэлементтер сарыөрік, абрикос, қараөрік пен қызылшаның құрамында жеткілікті.

Аяқ-қолдың тартылуы

Бұл да калий мен магнийдің аздығынан болады. Жоғарыда айтқан өнімдерді көбірек тұтыныңыз.

Шынтақ терісінің тілімденуі

Бұл ағзада А және С дәрумендерінің жеткіліксіз екенін білдіреді. Ал олар барлық қызылсары түстес көкөністер мен жемістердің құрамында бар: сәбіз, асқабақ, қызанақ, абрикос, сарыөрік, т.б.

Тұздыға құмарту

Бұл ағзада қандай да бір инфекцияның пайда болғанынан немесе қуық-несеп жолдарының қабынуынан хабар береді.

Тәттіге құмарту

Бұл жүйке жүйесінің жұқарғанынан сыр береді. Демек, ағзаға дереу глюкоза қажет. Мұндайда бал немесе шоколад көмек болмақ.

Тұщыға құмарту

Бұл гастрит немесе бауыр ауруларынан хабар береді. Тұщы тағам түйілуді және асқазанның ауруын басады.

Тамақ тұщы сияқты көрінсе

Бұл – күйзелістің белгісі.

Пістеге құмарту

Ағзада антиоксиданттардың жетіспеушілігін білдіреді.

Қышқылға құмарту

Өт қабы мен бауырдың жұмысын жақсарту үшін лимон мен мүкжидекті ас мәзіріне қосу керек.

Ащыға құмарту

Асқазан-ішек жолдарындағы жайсыздықтан хабардар етеді. Ағзаны тазарту керек.

Өткір ащыға (острый) құмарту

Ол ас қорытуды реттейді, бірақ өткір ащы тағамдарды аш құрсаққа жеуге болмайды және мөлшерден асырмау маңызды.

Теңіз өнімдеріне құмарту

Ағзада йод тапшылығын білдіреді.

anabol.kz