Домой Блог Страница 164

ОҚО-ның « ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындығы пысықталды

ОҚО-ның « ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындығы пысықталды«ЭКСПО-2017» АҚ» Ұлттық компаниясының өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысының алдағы көрмеге дайындық жұмыстарымен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Компания өкілдері тарихи-танымдық және табиғи-экологиялық бағыттар бойынша 3 және 5 күндік арнайы туристік маршруттармен жүріп, жұ мыстардың барысын бақылады.

Сонымен бірге, облыстан іріктелген 100 еріктімен кездесу кеші өтіп, «ЭКСПО-2017» көрмесі барысындағы еріктілер қызметінің маңыздылығы бойынша жастармен сұхбаттасу жүргізілді.

Күнгейге саяхат кезінде компания өкілдері «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесін жарнамалау және алға жылжытуға арналған аудан, қалаларда орналасқан билбордтар, жергілікті телеарналардан бейне роликтерді трансляциялау жұмыстары мен баспа беттерінде мақалалар жариялау жұмыстарына талдау жүргізді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың бастамасымен ашылған «Ontustik tourism center» ақпараттық туристік орталығының «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесі қарсаңында туристерге ақпараттық қызмет көрсететін, сервистік қызмет саласын дамыту және туристік іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарымен танысты.

Алматы облысында БЖК-2020 бағдарламасы аясында 2 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

20160704053448Алматы облысының Қарасай ауданында БЖК-2020 бағдарламасы аясында 2 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Мұндай қойма 83 гектар бағы бар «Керуен» ЖШС ауылшаруашылық тауар өнімін арттырырып, шырын өндіруді қолға алғаннан кейін қажет болған.

Бұл туралы Алматы облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы хабарлап отыр.

Әр сақтау камерасына 200 тонна көкөніс сыяды. Қойманың сұрыптау базасы Голландияда жасалған сұрыптау құрылғысымен жабдықталған. Ол көкөністерді түсі, салмағы бойынша сұрыптай алды.

«Керуен» ЖШС — жедел дамып келе жатқан компания. Ол Қазақстан экономикасының медицина, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қонақ үй бизнесі, шараларды ұйымдастыру, кейтеринг сынды салаларында қызмет жасайды.

«Германия Гран-приінде» қазақстандық балуандар үш медаль еншіледі

20160704103401Дортмунд қаласында грек-рим және еркін күрес балуандары арасында «Германия Гран-приі» өтті.

Еркін күрестен отандық балуандар бірден үш наградаға ие болды. 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша Дәулет Шабанбай финалға дейін жетіп, әзербайжандық Джамаладдин Магомедовтен жеңілді.  Ал Нұрлан Бекжанов (70 келіге дейін) пен Мамед Ибрагимов (97 келіге дейін) қола медаль алды.

ҚазАқпарат

Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді

Елорданың миллионыншы тұрғыны дүниеге келдіБүгін түнде Астананың миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты. Сағат 01:00 №1 перинаталды орталықта қыз туды. Ол ата-анасының тұңғышы. Анасы – №9 «Нұршашу» балабақшасының тәрбиешісі Арайлым Мұхамедьяр (1994 ж.т.), әкесі — «Астана-РЭК» маманы Олжас Мұхамедьяр (1992 ж.т.).

Қала әкімі Әсет Исекешев ерлі-зайыптыларды құттықтап, пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жас отбасы ата-анасымен тұрады, сондықтан бұл олар үшін нағыз тосын сый болды.

«Бүгін мен үшін қос мереке – әкемнің туған күні және қызым дүние есігін ашып отыр. Оның үстіне, пәтер кілтін табыстады. Мемлекет басшысына алғыс айтамын, жасалған жағдайлардың арқасында сап-сау қыз тудық. Ай сайын, жыл сайын халқымыздың саны арта берсін деп тілеймін. Әке мен ана болу бақытын әркімнің басына берсін», — дейді қызының есімін Саида деп қойған бақытты әке.

18 жылда ерлордада бала туу көрсеткіші екі есеге өсті, ана мен сәби өлімі 5 еседен артық төмендеген. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік денсаулық жүйесіне баса назар аударуының арқасында қолжеткізілді. Күн сайын елордада 75-80 бала туады. Өткен жылы Астанада 26110 нәресте, ал үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 13740 сәби дүниеге келген. Қаладағы перинаталды орталықтардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша қауіпсіз ана қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Астанада көшпелілер өркениеті фестивалі ашылды

cbac63125f0bff07eb530e40927Кеше шымылдығын ашқан «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарын көшпелілер өркениетімен таныстырады. Аталған шара Астанада 9 жыл қатарынан өткізіліп келеді, оған 300 жуық әртіс қатысады. Мұнда өткен заманда киген киімдерді, декорацияларды, қолөнер шеберлерін және шабандоздарды көруге болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл келушілер назарына жаңа инсталляциялар және ең бастысы – музей ұсынылмақ.

— Биылғы фестивальдің ерекшелігі – бес киіз үйден жасалған көшпелілер музейі. Тағы да бір айта кетерлік жайт, түрлі инсталляциялар орнатылады: түркі халқының басын қосатын бал балдар, көшпелілердің тұрғынжайлары, атрибуттар. Көбі көшпелілер қалай тұрған деп сұрайды. Үйлері қандай болған, киімі. Осының барлығы фестивальде көрсетілген, — дейді «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалінің екінші режиссері Арайлым Қалдыбаева.

0d2bf4a17c23b938128ca21a470.jpeg

Сонымен қатар, музейде көшпелі қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің артефактілері, ескерткіштері қойылған. Дәстүрлі тұрғынжай интерьері жасалып, ұлттық костюмнің түр-түрі, әшекейлер, тұрмыстық заттар, қару-жарақтар ұсынылады. Еліміздің мұражайларының қорларынан жиналған экспонаттар келушілерді Орталық Азиядағы көшпелілер өркениетінің әлемімен таныстырады.

— Мұнда жыл сайын келіп тұрамыз, Қазақ хандығы заманындағы батырлардың рөлдерін сомдаймыз. Мысалы, мен ата-бабаларымыз киген киімге ұқсайтын батырдың костюмін киіп тұрмын. Оның салмағы 27 кг, — дейді Алматы қ. «Арлан» театрының актері Алмас Калиуллин.

acfbefccd0752ca1b7197ee0526.jpeg

Көшпелілер өркениетінің орталығы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына қарсы алаңда орналасқан және 6 шілдеге дейін ашық болады. Шара барысында келушілер назарына дәстүрлі музыка концерті мен ақындар айтысы, «Ат жалында» атты спорттық шоу, «Алтын сақа» жарысы, «Фольклордағы өмір» этношоуы, көшпелілер циркі ұсынылады, сондай-ақ, кереуен сарай мен халықтық қолданбалы өнер жәрмеңкесін, музыкалық аспаптар көрмесін және т.б. аралауға болады.

«Аялаған Астана — 2016» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Аялаған Астана - 2016» конкурсының жеңімпаздары анықталдыОқушылар сарайында IV «Аялаған Астана — 2016» республикалық конкурсы аяқталды. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен 7-мен 13 жас аралығындағы 11 талантты бала қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл астаналық Сәдуақас Жанель телекөрермендердің ең көп дауысын жинап, Гран-при иеленді. Сонымен қатар, жеңімпаз «Артек» лагерінде өтетін «Балалар Жаңа толқыны — 2016» халықаралық конкурсына қатысуға жолдама алды. «Қазақстан» телеарнасының шығармашылықты қолдау бойынша «АҚ Балапан» сертификаты Маңғыстау облысының өкілі Аружан Сағынғалиеваға табысталды.

Конкурс «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өтті, жас қатысушылардың өнерін жобаның бас продюсері Лина Арифулина бастаған халықаралық қазылар алқасы бағалады. Соның ішінде, белгілі қазақстандық әртістер Гүлнұр Оразымбетова, Серік Ибрагимов, Құрмаш Маханов және «Балалар Жаңа толқыны» конкурсының бас директоры Александр Румянцев те бар. Тыңдармандар қатысушыларға сәйкес номер бойынша СМС жіберу арқылы дауыс берді.

Конкурсты ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы(Ресей), «Қазақстан» РТРК және «Нұр Отан» партиясы.

ART FEST қала тұрғындары мен қонақтарын күтеді

Бүгін Astana Art Fest 2016 фестивалі салтанатты түрде ашылды. Қазіргі заманғы өнер туындыларын тамашалау үшін Нұржол желегіне жүздеген қала тұрғыны жиналды. Елорда күніне орайластырылған фестиваль екінші рет өткізіліп отыр. Бүгін сулы-жасыл желекте алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінің «Адам энергиясы» тақырыбын жеткізетін алаң жасалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

ART FEST қала тұрғындары мен қонақтарын күтеді

Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында ашық аспан астында бірегей инсталляциялар жұмыс істеп, театрландырылған қойылымдар көрсетіледі, сандық өнер мен өнеркәсіптік дизайн павильондары қойылады, ашық Арт форум және поэзия зертханасы, сонымен қатар, сәулетшілердің, медиасуретшілердің көрмелері ашылады. Күнде кешке диджейлер мен бишілер өз өнерлерін ортаға салады.

Үш күнге жалғасатын Art Fest шарасында шығармашылық иялы қауым мен өнер әлемінің түрлі бағыттары мен жанрларының өкілдері, музыканттар, хореографтар мен ғалымдар бас қосады. Мұнда түрлі сала өкілдері тәжірибе алмасып, жаңа арт-технологиялар, қазіргі заманғы бағыттар, үрдістер туралы ақпаратпен бөлісіп, тәжірибе алмасады. Қазақстан мен таяу шетелден келген қатысушылардың бірегей туындылары көрермендерді қуантуда, ал балалар алаңдары жаз бойы жұмыс істейді.Биылғы фестивальдің жаңалығы — медиапоэзия зертханасы. Көрермендер сөз бен музыканы біріктіретін жарқын импровизацияларды тамашалайды.

Мемлекеттік және тәуелсіз отандық театрлар блогы адамдарды өз ерекшеліктерімен таң қалдырмақ. Айта кетейік, барлық инсталляциялар алдағы ЭКСПО-2017 көрмесінің және оның компоненттерінің – су, күн және ауа энергиясы тақырыбында жасалады. Алаңға қойылған осы стихиялардың символдары — Тәңірі мен Қасқырдың бойшаң қуыршақтары қонақтарды қуантатын болады.

Сондай-ақ, Көрермендер интерактивті шығармашылық жұмыстарды тамашалайды. Онда күн сәулесінің көмегімен фанераға түрлі-түсті суреттер салынады. Айта кетейін, шара барысында кез келген адам осылай сурет сала алады.

Art Fest фестивалінде астаналықтар 50 астам инсталляция тамашалайды

13b2fced1e93ad36f3c8ae57ea4Astana Art Fest екінші қазіргі заманғы өнер фестивалі барысында 42 өнер қайраткері 50 астам туындысын көпшілік назарына ұсынады. Фестиваль аясында конкурстық және білім беру бағдарламалары, шеберлік дәрістер мен шығармашылық зертханалар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

— Биылғы фестиваль бағытының негізгі идеясы – адам энергиясы. Ашық аспан астында өтетін көрмеде қазіргі заманғы өнер, сәулет, өнеркәсіптік дизайн және музыка саласындағы суретшілеріміздің туындылары қойылады. Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Елорда күнін мерекелеу аясында 8-ден кешкі 12-ге дейін кеш қонақтары Швейцария мен Германиядан келген диджейлердің музыкасын тыңдайды, — деді Astana Art Fest 2016 ұйымдастырушыларының бірі Әнуар Нұрпейісов.

Шараны өткізудің басты идеяларының бірі барша әлемде кеңінен таралып жатқан көше театрларын дамыту болып табылады. Биыл Astana Art Fest фестиваліне тек қазақстандық театрлар ғана қатысады.

Art фестивалі шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Нұржол желегінде өтеді. Қазіргі заманғы өнер әлеміндегі шара үш күнге жалғасады. Сонымен қатар, маңызды мәселелерді тақылауға арналған Astana Art Forum пікірталас алаңы жасалмақ. Оған ғалымдар, дизайнерлер, суретшілер және т.б. қатысады. Фестиваль ҚР Ұлттық музейінде Art Fest Gala Night шарасымен аяқталады, онда Швейцария, Ұлыбритания және Қазақстанның әртістерінің, мәскеулік медиапоэзия зертханасының ерекше қойылымдарын тамашалауға болады.

Астаналық парктерде ЭКСПО мемлекеттері көрсетіледі

Астаналық парктерде ЭКСПО мемлекеттері көрсетіледіБүгін, 4 шілдеде қалалық парктерде гүлден ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің эмблемасы жасалады. Astana Park Land фестивалі аясында «Жерұйық», «Арай» және «Астаналық» парктерде барша әлемде ЭКСПО көрмесін өткізудің тарихымен танысуға болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көк, қызғылт сары және жасыл – Astana Park Land фестивалінің түстері. Парктердің әрқайсысы құрлықтарға бөлінген. «Астаналық» паркте халықаралық көрмені өткізген Еуропа мен Австралия мемлекеттері көрсетіледі. Қызғылт-сары түске боялатын «Жерұйық» паркінде Азия елдері: Жапония, Корея, Қытай және Қазақстан болады. Ал жасыл түспен безендірілетін «Арай» паркінде Солтүстік және Оңтүстік Америка орналасады, мұнда ЭКСПО көрмесін өткізген АҚШ, Канада және Бразилия мемлекеттерінің тарихы баяндалады.

Парктерде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декорациялар да қойылады. Мұнда суретке түсіп, концерттік бағдарлама тамашалауға, ұлттық тағамдардан дәм татуға болады. Фестиваль шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өтеді.

Ақпарат әлемді басқарады

news132Шешендік өнермен баспасөз бетін шиырлап, ақпарат айдынында үздіксіз қалам сілтеп келе жатқан журналистердің еңбегі қашанда елеулі. Қиындығы мен қызығы мол жаңалық жаршыларын осы аптада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қабылдап, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады. Осыған дейін облыстық әкімдіктің залында өтіп келген салтанатты шараның шымылдығы биыл тұңғыш рет І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында түрілді. Сөз тізгінін ұстаған тіл­шілер адамзатты ақиқатқа құрылған ақпаратпен азықтандырып, еліміздің мәдени-рухани өміріне елеулі үлес қосып келеді. Шығармашылықтың қазанында қайнаған публицистика шеберлері қай салада да түрен салып кете беретін әмбебап әрі қоғамдық-саяси өмірде де әу бастан белсенді.

«Қол бастаудан сөз бастау қиын» демекші, журналистика – кез келген адам игере ал­май­тын күрделі мамандық. Себебі, журналистің бірауыз сөзімен дүйім ел ақпараттанып, тарат­қан жаңалықтары қоғамда қоз­ғаушы күшке ие болады. Сон­дықтан, бұл саланың жүгі ауыр, жауапкершілігі зор. Қа­зіргі таңда өлкемізде облыстық те­леарна, 72 газет-журнал, екі-екі­­ден радио, ақпараттық агент­­тік және 5 республикалық телеарнаның қосыны жұмыс істейді. Еліміз тәуелсіздік ал­ғалы бұқаралық ақпарат құ­рал­дары әлемдік журналисти­ка­мен теңесіп, ашық байланысқа шығуға мүмкіндік алды. Бү­гін­гідей ақпарат тасқындаған заманда өзгелерден қалыс қал­май, жылдамдықпен жұмыс істеу – уақыт заңдылығы.

Алматы облысының әкімі журналистер­ге облыс орталығынан аумағы 8360 шаршы метрді құрайтын Журналистер үйін қолданысқа берді. Бұл – тілшілердің жұ­мыс істеуіне жасалған үлкен жағдай.

Алматы облысының әкімі баспанасыз жүр­ген жас тілшілерге де ерек­ше көңіл бөліп, төртінші билік өкілдеріне пәтер кілтін табыс­тауды дәстүрге айналдырған. Биылдың өзінде жұмысқа кір­гендеріне көп уақыт өте қой­ма­са да, жас жүректеріне жігер алып, қолдау көрген облыстық «Жетісу» газетінің тілшілері Қуаныш Тұнғатар мен Құрал­бек Сәбитұлы таяуда, ал тура төл мерекемізде «Жетісу» теле­арна­сының журналистері Ес­болат Айдабосын мен Ерлан Жүніс су жаңа пәтер кілтін алды.

Шарада ақпарат айды­нын­да құлаштай жүзіп, жүктеген мін­детті мінсіз атқарып келе жат­қан бір топ журналистер ма­ра­патқа ие болды. Алматы облысның әкімі баспасөз қызметінің бас маман­дары Сағыныш Намаз­ша­мова мен Қарлығаш Арыс­танбекова ҚР Ақпарат және ком­му­ни­ка­ция­лар министрлі­гі­нің Құр­мет грамотасын ал­ды.

Салтанатты марапаттан кейін республикалық, өңірлік басылымның тілшілері кезек-кезек сөз алып, жыл сайын жүл­де беріп, ерекше құрмет көр­сететін өңір басшысына риза­шы­лықтарын жеткізді.

Мерекелік шара «Өнер – өшпес мұра» атты концерттік бағ­дарламамен жалғасты. Мем­­­­­лекет мүддесі мен Ұлы Да­­ла­ның мақсат-мұраты жо­лында аянбай тер төгіп келе жат­қан қаламы ұшқыр, ойы жүй­рік журналистер қауымы алқалы жиыннан кейін облыс әкімі Амандық Баталовпен ес­телік суретке түсті.

Журналистер мерекесімен құт­тықтаған Талдықорған қа­ла­­сының әкімі Бағдат Қа­ра­саев та бір топ жетісулық тіл­шілерді қабылдап, ақжарма тілегі мен арнайы сыйлық табыс етті.

zhetysu-gazeti.kz