Домой Блог Страница 165

Жас кәсіпкерлер Астанада тағылымдамалардан өтті

0

28 маусым мен 2 шілде арасында Астана қаласында «Аймақаралық бизнес-тағылымдамалар» жобасы іске асырылған болатын. Жобаға еліміздің 14 аймағы мен Алматы және Астана қаласынан 30 жас кәсіпкер қатысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жас кәсіпкерлерге үлкен назар аударылуда. Себебі, жастар инновацияшыл, тәуекелшіл, демек, бизнеске деген құлшынысы өте жоғары. Сондықтан болар, Қазақстан ғылым және білім министрлігі тапсырысы бойынша Қазақстан жастарының Конгресі еліміздің 30 жас кәсіпкерін елордамыздың орта және шағын бизнес ұйымдарынан тағылымдама өтуге мүмкіндік берді. Бес күнге созылған тағылымдамалар барысында «Аrta software», «Жасыл Экономика», «Коворкинг Мультиспэйс» сынды бизнес ұйымдарының жұмысымен танысып, бизнес процесстерді оптимизациялау бойынша кеңестерді алды.

Тағылымдалар аясында Асель Кожакова, «Geneva Business School» Қазақстандағы мектебінің директоры Алина Абдрахманова, жас кәсіпкер Эрик Сагиевтің талімгерлік сабақтарынан өтті.

 

Астанада еліміздің үздік балуандары күш сынасуда

Астанада еліміздің үздік балуандары күш сынасуда«Сарыарқа» велотрегінде Қазақстанның белгілі балуандары күш сынасуда. Елорда күнін мерекелеу орай қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына VI «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің ақтық сыны басталды. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары Астанада бас жүлде «Тайтұяқты» сарапқа салады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Финалға еліміздің облыстарынан, Астана мен алматы қалаларынан 34 балуан қатысады. Биылғы жарыста «Қазақстан барысы» атанған үш балуан Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Бейбіт Ыстыбаев та бағын сынайды.

Ең жас балуан Маңғыстау облысының тумасы Нұрдәулет Жарылғапов 20 жаста, ал ең үлкені– Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Дулат Алпысов 37-де.

Спортшылардың барлығы абсолюттік салмақта (90+кг) шеберлік байқасады.Жеңімпазға алтын «Тайтұяқ», жеңімпаздың белбеуі және ақшалай сыйлық табысталады.

Әдеттегідей, ұйымдастырушылар қазақ күресінің жанкүйерлеріне де тосын сый әзірледі. Көрермендер арасында автокөлік ұтысы өткізіледі.

Аспазшылар семинарына 350 жуық кондитер қатысады

Аспазшылар семинарына 350 жуық кондитер қатысадыБелгілі мәскеулік аспазшы Ренат Агзамов елордаға ат басын тіреді. 3 шілдеде Тәуелсіздік сарайында мейман Қазақстан мен Таяу шетелден келген кондитерлерге арналған семинар өткізеді. Шараға 350 адам қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ренат шараға қатысушылар үшін қызықты бағдарлама әзірленгенін атап өтті. «Семинарда кондитерлік өнердің қыр-сырымен бөлісемін, торт пісіргенде ғажайып нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін күрделі технологиялар туралы айтамын», — дейді мейман.

Ренат Агзамов бала кезінен торт пісіреді. Ол апта сайын өз ассортиментіне ондаған жаңа және жетілдірілген рецепттер қосып алады. Дәмі мен көркі әртүрлі торттарға барша әлемнен тапсырыстар түсіп жатады.

Сонымен қатар, Елорда күні аясында шілденің 4-і мен 6-сы аралығында «Аспазшылар шеберлігі – сүйікті қалаға» фестивалі өтеді. Мереке күндері қалалық алаңда жетекші аспазшылар жарысы өтеді.

Жарысқа елордалық мейрамханалардың үздік аспазшылары қатысады. Фестиваль қонақтары ұлттық тағамдардың түр-түрімен танысады. Шара барысында аспазшылар өздерінің ерекше туындыларын көрсетсе, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары сервис деңгейі мен сапасын арттыру мүмкіндігіне ие болады.

Әдеттегідей, шара барысында елордалық үздік барменнің және даяшының есімі, сондай-ақ, ең дәмді фирмалық тағам анықталады.

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін Оңтүстік Қазақстан облысы бастады. Бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жаңа Оқушылар сарайының алдында ашылған шараға ат басын тіреді.

Жәрмеңкеде 50-ден астам ауыл шаруашылық тауар өндірушінің өнімі ұсынылады. Оңтүстік өңірден елордаға 354 тонна өнім әкелінді, соның ішінде, 69 тонна ет өнімі, 141 тонна көкөніс, 33 тонна жеміс, 17 тонна картоп, 7 тонна сүт өнімі, 5 тонна шұбат, 7 тонна балық, 25 мың жұмыртқа және т.б.

af3875fd047a4c72bc4373a565e.jpeg

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызды өнімдердің толық ассортименті ұсынылады. Барлық өнім базардағы бағадан 15-20% арзан сатылады. Жәрмеңке 2 және 3 шілдеде Оқушылар сарайының тұрақ аумағында (Б. Момышұлы даңғ., 5) өтеді.

Айта кетейік, кеше қала басшысы Ә. Исекешев әлеуметтік маңызды тауарларға баға қалыптастыру мәселесі бойынша кеңес өткізіп, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Осы бағыттағы пәрменді шаралардың бірі Қазақстанның ауыл шаруашылық жәрмеңкелері болып табылады.

Орыс драма театрында 115-ші мерейтойлық театрлық маусым жабылды

Орыс драма театрында 115-ші мерейтойлық театрлық маусым жабылдыМ. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында кезекті театрлық маусым аяқталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл театр ұжымы атаулы шараны ерекше атап өтпек. 115-ші мерейтойлық маусымның жабылу салтанатында кеш қонақтары «қызыл жолмен» жүріп өткен әртістерді қошеметпен қарсы алды.

Театр әртістері көрермендерге ерекше тосын сый жасады – актерлар соңғы бес жылдан бері көпшілікті қуантып жүрген қойылымдардан театрлық калейдоскоп көрсетті. Атап айтқанда, «Кьоджинские перепалки», «Тот, майор и другие», «Дикарь», «Затюканный апостол», «Язычники», «Томирис», «Черный монах», «Примадонны», «Хаос», «Пробуждение» және т.б. спектакльдерден үзінділер ұсынды.

Осы күнге дейін спектакльдерде жетекші рөлдерді сомдап жүрген қазіргі заманғы орыс драма театрының бастауында тұрған тұлғаларға және театр өнерінің корифейлеріне сахна төрінде құрмет көрсетілді.

Биылғы маусымда театр халықаралық фестивальдерге қатысып, Қазақстанның қалалары бойынша гастрольдерге барды, спектакльдердің премьераларын және «Горьковцы, с любовью!» ұранымен түрлі акциялар өткізді.

Ұйымдастырушылар мерекеге орай бірнеше арнайы номинация дайындап, театр мен спектакльдердің үздік актері мен актрисасын атап өтті.

Айта кетейік, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының тарихы 1899 жылдан басталады. Бүгінде театр репертуарында Н. Гоголь, А. Чехов, М. Булгаков, А. Вампилов, Ф. Вебер, У. Шекспир, Т. Уильямс және басқа да авторлардың шығармаларынан 30 артық шара бар.

Ұлттық драматургия театр репертуарында ерекше орын алады.О. Бөкейдің «Последнее причастие», Б. Жандарбековтың «Томирис — царица сакская», А. Оразбековтың «Одинокая яблоня» шығармалары М. Горький атындағы театрда алғаш рет орыс тілінде қойылды.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының соңғы күні жас кәсіпкерлер Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сабитовпен кездесті

0


«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының соңғы күні жас кәсіпкерлер Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сабитовпен кездесті. Кездесу барысында Елбасының жолдаулары, Бес институциялық реформалары және орта кәсіпті дамыту жайлы, елімізде кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдаулар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу жайлы сөз қозғалды. Еліміздің әр өңірінен келген жас кәсіпкерлер өз сөздерінде ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, елімізде орта кәсіптің дамуына үлес қосып келетінін айтап өтті.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен 27 маусым күні өз бастамасын алған еді. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен танысты. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алды.

«Жүргізушіден» «компания иесіне» дейін

0


Өз басынан өткен табысқа жету жолын Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастырған Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар аясындағы кездесуде Аслан Кунияров – “Astana Medical” ЖШС басқарушысы Астана қаласының «Сарыарқа» кәсіпкерлер Ассоциациясының басқармасының мүшесі – баяндады.
Өз кәсіпкерлік жолын енді бастауға кіріскен жас кәсіпкерлердің қай-қайсына қыр-сырын сол жолмен жүріп өткен тәжірибелі кәсіпкердің өз аузынан есту кімге болса да қызық. Жүргізушіден компания иесіне дейін көтерілген Аслан Кунияровтың ойынша өз-өзіне деген сенім және білім өте маңызды.
Аслан Кунияров кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты маңызды кеңестер беріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін бірден-бір пайдалы жоба. Қатысушылардың өздерінің айтуынша олар өз кәсіптерін дамытуда көмегі зор болатын пайдалы тәжірибе алды, табысты кәсіпкерлер мен тренерлер көрсеткен үлгісі мен берген сабақтары бойынша өздерінің алға қойыған мақсаттарына жету үшін не қажеттігін түсінгенді және мұндай бағдарламаның болғанына алғыстарын білдірді.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «Ютария LTD» ЖШС жұмыс барысымен танысты

0


Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің қазіргі уақыттағы жағдайы аса мәз емес. Қуаттарды жеткіліксіз жүктеу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстан тәуелді болу, айналым қаражатының жетіспеушілігі, өнімді алға бастырудың нарықтық құралдарын пайдаланбау тәрізді саланың проблемалары бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Айтарлықтай тұрақты түрде тек тігін өнеркәсібі ғана дамуда, оның соңғы 7 жылдағы нақты өсімі оң динамиканы көрсетті.Жалпы алғанда саланың ел экономикасына әсері елеулі емес және экономиканың басқа салалары тәрізді макроэкономикалық әсері жоқ.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «Ютария LTD» ЖШС жұмыс барысымен танысты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрылған «Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС түрлі сала жұмысшылары үшін компьютерлік технология мен графиканы қолдана отырып, арнаулы киім дайындауға мамандануда. Фабрика цехтарында тігетін, пішетін, кесте тігетін автоматтандырылған бағдарлама арқылы басқарылатын жабдық бар. Кәсіпорында жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын инновациялық жобалау, нанотехнологияны қолдану үдерістері, ғылыми-қолданбалы әзірлемелер енгізілуде.
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» 27 маусым мен 2 шілде аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтуде. Бес күн ішінде жобаға қатысушылар елордалық шағын және орта бизнес нысандарында тағылымадан өтеді. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алуды.

Ерік Сұлтанов Батыс Қазақстан облысының делегаттарымен кездесті

0

index

Қонақтарды қарсы алған Ерік Сұлтанов кездесу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңіраралық ынтымақтастықты дамыту тапсырмасының аясында өтіп отырғанын айтты.

«Мұнай газ машина құрастыру саласы бойынша облыста 10 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ең ірілері  – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты», «Мұнаймаш», «С.М. Киров атындағы зауыт». Аса ірі болмаса да он мыңнан астам түрлі бөлшек жасайтын зауыттар бар. Біздің жақсы машиналар жасауға тәжірибеміз жетеді», — деді Ерік Хамзаұлы.

Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев, өз кезегінде, бүгін қол қойылатын меморандум ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болатынын айтты.

«БҚО мен СҚО географиялық орналасуын, әлеуетін ескере келе ынтымақтастықтың келешегі зор деп білемін», — деді Бағдат Азбаев.

Облыстың әлеуетіне «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының бас директоры Ренато Мароли  өз бағасын берді.

«Біз бүгін бірнеше зауытты аралап, үлкен әсерде қалдық. Біздің жақ жеткізушілерге барлық ақпаратты беріп, шарттарды түсіндіруге әзір», — деді Ренато Мароли.

«Біз «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясымен әріптестікке мүдделіміз. Бізге  шарттарыңызбен танысу маңызды», — деді Ерік Сұлтанов.

Облыс әкімі бүгінгі кездесу өңіраралық ынтымақтастықтың әрі қарай табысты дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

СҚО баспасөз қызметі

Алматы облысы бойынша 37 «Медиация кабинеті» жұмыс істейді

Алматы облысы бойынша 37 «Медиация кабинеті» жұмыс істейді«100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы заң үстемдігі тұрғысынан сот жүйесіне бекітілген барлық 11 қадам Алматы облысы бойынша жүзеге асырылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облыстық сотының судьясы Нұргүл Айымханова мәлімдеді.

— Осы жұмыстың нәтижесінде ұлттық сот жүйесі айтарлықтай жаңартылды. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар сот төрелігінің үш деңгейлі жүйесіне көшті. Судьялар этикасы кодексінің жаңа жобасы әзірленді. Кодексті қабылдау ағымдағы жылы судьялардың VII съезіне жоспарланып отыр. Бүгінгі күні елімізде «Сот кабинеті» электронды қызмет көрсету жүйесі жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Бұл жүйе арқылы сот дауына қатысушылар өз істерінің қозғалысын қадағалауға мүмкіндіктері бар. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі порталында «Талдау» форумы енгізілді. Бұл жаңа қызмет өзіне барлық санаттағы республика соттарының сот тәжірибесінің жалпы қорытындысын кіргізеді. Жоспарланған қадамдар сот жүйесінің жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған, нәтижесінде қоғамның сотқа деген сенімі артады, — деді ол.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 2016 жылдың тек 6 айдың өзінде соттардың өндірісіне 20 182 азаматтық іс түскен. Оның ішінде медиация тәсілімен 1001 іс оң шешілген. Соттармен анықталған заң бұзушылықтар бойынша 120 жуық жеке ұйғарымдар шығарылған. Осы орайда айта кетейік, Алматы облысы бойынша жергілікті жерлерде 37 «Медиация кабинеті» жұмыс істейді. Онда тұрғындарға медиатордың кеңестерін алуға жағдай жасалған.

Алматы облысының барлық сатысындағы соттарда істер толығымен дыбыс-бейне жазба құралдарымен қаралады. Мұндай қондырғыларымен бүгінгі күні Алматы облысы соттарындағы сот отырысы залдары 90% жабдықталған. Былтырғы бірінші жартыжылдықта сот ісінің өтуіне көңіл толмаушылық білдірген 8 арыз түскен болса, биылғы 6 айда небары 1 ғана шағым түскен. Демек, бұл сот барысының үтір-нүктесіне дейін дыбыс-бейне құралдарына тайға таңба басқандай жазылып, ашық өтетіндігінің нәтижесі.

 Істі сот талқылауына дайындау институтына аса үлкен мән берілгендіктен олармен судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттеріне ерекше көңіл бөлу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сөзбұйдалыққа жол бермеу мақсатында талап қою арызын қараусыз қалдыру, істерді қарауды кейінге қалдыру мәселелері де облыстық соттың қатаң бақылауында.

Бүгінгі таңда облыстағы судьялардың 47 пайызы жастар екен. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 2-бөліміндегі «Заңның үстемдігін қамтамасыз етудің» 17-ші қадамындағы судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту бойынша да облыстық сотта тиісті жұмыстар ұйымдастырылып жүргізілуде. Судьялыққа үміткерлер облыстық соттың жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің, содан соң жалпы отырыстың қатаң сүзгісінен өтіп барып, ұсыным алады.