Домой Блог Страница 166

Алматы облысынан Сенат депутаты сайланды

05889aceb7e697b1d9c85ee1128018b1Бүгін Талдықорған қаласының І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облысы мәслихаттарының бірлескен отырысы өтті.

Жиынды жүргізген облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Мұқановтың айтуынша, облыстағы түрлі деңгейдегі мәслихаттарда жалпы саны 334 депутат болса, бүгінгі жиынға 324 депутат қатысты.

Басқосудың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау мәселесі қаралды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов баяндама жасап, сайлауды өткізу тәіртібі туралы түсіндіріп өтті.

Жалпы Сенаттың шығып қалған депутатының орнына екі кандидат -Ескелді ауданының әкімі Нұрлан Қылышбаев және кәсіпкер Ермек Мұжықов тіркелген.

Облыстағы мәслихаттар депутаттарының қолдарына бюллетень таратылып, олар арнайы қойылған кабиналарда өз таңдауларын жасады.

Сайлау барысында 288 депутат Нұрлан Қылышбаевқа, 35 депутат Е.Мұжықовқа дауыс берген. 1 бюллетень жарамсыз деп танылды. Сөйтіп, сайлау қорытындысында басым дауыспен Нұрлан Қылышбаев Сенат депутаттығына Алматы облысынан сайланды.

Жиын соңында облыстық мәслихат хатшысы Серік Мұқанов, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт жаңадан сайланған депутатқа құттықтау тілектерін айтса, Н. Қылышбаев өзіне білдірген сенімі үшін көпшілікке ризашылығын жеткізді

Индустрияландыру жобалары ұсынылды

0115337feb85d95ffb01b592a9d7d107Бүгін Астана қаласында Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылған «Индустриалды-инновациялық жобалар көрмесіне» облыстың атынан 4 жоба қатыстырылды. Атап айтқанда, «Қайнар АКБ», «ZHERSU POWER» ЖШС аккумулятор зауыты, «Леовит» ЖШС фармацевтикалық зауыты және «Алматы тағамдары» ЖШС кондитерлік фабрикасы. Компаниялар көрмеде өздері шығарған өнімдерді көрсетті.

Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір «Әлеуметтік индустрияландыру» фильмімен басталды. Фильмде индустрияландыру шеңберінде сәтті жүзеге асырылған жобалар ұсынылды.

Олардың қатарында қуаттылығы жылына 14 мың тонна өнім өндіре алатын Іле ауданындағы «Danone Berkut» ЖШС бар. Қазіргі кезде зауыт 58 түрлі өнім шығарады. Оған қоса биылғы жылы өндірісті кеңейту арқылы жаңа сапалық деңгейге шығып отыр. Сондай-ақ «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС өткен жылы жалпы сомасы 600 млн. теңге болатын өнім шығарды. Кәсіпорын өнімдері Ресейге, Қырғызстан мен Әзірбайжанға экспортталатыны да айтылды. Үшіншісі – Қарасай ауданындағы «Келун-Казфарм» ЖШС.

Индустрияландыру картасы шеңберінде Алматы облысында 2010-2015 жылдары 289,4 млрд. теңге көлеміндегі инвестицияға 51 жоба нақты іске қосылды. Бұл орайда 7550 жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы тағы 3 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олар – Қапшағай қаласындағы «Казиндустрия» ЖШС тас өңдеу зауыты, Талдықорған қаласындағы «Жетісу Мажико Агрокешені» ЖШС май өнімдері мен қоспа жем өндірістік кешені, сол сияқты Текелі қаласындағы темір рудалары кенін қазып алу мен өңдеу арқылы инновациялық технологиямен шойын алатын «Bapy Mining» ЖШС. Тартылған инвестицияның мөлшері 14,5 млрд. теңге, 900-ден астам адам жұмыспен қамтылатын болады.

«Жастар — болашақ энергиясы» жастарға арналған жазғы лагері

Фабрика форматов07_1Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалы астанамыздың белсенді жастары үшін «Зерен» демалыс орнында «Жастар – болашақ энергиясы» атты лагерь ұйымдастырды.

Жастар лагерін өткізудің басты мақсаты – жастар арасындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және жастар үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, қоғамдық-рухани құндылықтарды дамыту.

150-ден астам белсенді, өршіл, жарқын азаматтық позициясы бар жастар, олардың ішінде  ұстаз, мұғалім, музыкант, студент, кәсіпкерлер, тілшілер мен спортшылар сынды әр түрлі сала өкілдері жастар лагеріне қатысты. Қатысушылар «АРТ КВАДРАТ», «Азаматтық қоғам: жастардың еліміздің және елордамыздың өміріне белсене қатысуы», «Жастар кәсіпкерлігі» атты  3 топқа бөлінді. Шара аясында өзекті мәселелер талқыланып, жаңа шешімдер мен идеялар ұсынылған болатын. Жас патриоттар еліміздің дамуына байланысты өз пікірлері мен көзқарастарын айтып, ортаға салды. Күрделі мәселелерді талқылағаннан кейін жастар әсем ән мен қызықты әңгімеге толы кешті алау жанында өткізді.

Жастар лагері аясында «Көшбасшы» (коуч В.А. Сергеев), «Шешендік өнер» (коуч С.Л.Полубинский), «Ғаламтор және СММ» (коуч А.Б.Берлібай), «Креативтілікті дамыту» сияқты өткізілген тренингтер жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, көптеген пайдалы кеңестер берді.

Сонымен қатар, қатысушылар спорттық-сауықтыру ойындары мен жарыстарға қатысып, өздерінің жақсы физикалық қабілеттерін көрсете алды. Ал «Ұлы дала жастары» атты мерекелік бағдарламасы барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, керемет әсер қалдырды.

Құрманың қасиеті

Құрманың қасиетіҚұрма – арабтардың күнкөрісінде  маңызды орын алатын  иісі мүлдем білінбейтін бірақ  дәмі тіл үйіретін  тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының  3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта  түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.

 Құран Кәрімде  де құрма жайлы бірнеше жерде баяндалған: «Көктен су түсірген де – Алла.  Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтүн, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген ғибраттар бар» (Әнғам сүресі, 99).

  Адамзаттың ардақтысы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) бірде Сахабаларға  қарап: «Ағаштар арасында жапырағы еш түспейтін  ағаш бар, ол ағаш мұсылмандарға ұқсайды. Оның  қандай ағаш екенін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сонда  сахабалардың бәрі ағаш атауларын  атай жөнеледі.  Хадисті жеткізуші Ибн Омар (Алла ол кісіден разы болсын)  ішімнен  құрма ағашы шығар деп ойлап отыр едім, лезде сахабалар Алла Елшісі жақсы біледі деді жамырай. Сол сәтте  Пайғамбарымыз (с.а.у):  «Ол құрма ағашы», –  деді.  (Муслим. Тирмизи)

 Алла Елшісі (с.а.у) құрманы  қатты ұнатқан. Мәселен, құрма маусымында өзіне сыйлық ретінде тартылған жас құрмаларды кері қайтармайтын. Тағы бір сөзінде «Құрмасы жоқ үйдің адамдары анық аш қалғаны» деп, құрманың Мәдиналық кедейлердің күнкөрісінде қаншалықты орын алғанын байқатқан (Ибн Мәжә).  Шаңырағында айлап қазан асылмаған уақыттардың өзінде де оларға арқау болған құрма мен қара су еді. Айша анамыз (р.а.) сол күндерді: «Алла елшісі (с.ғ.с) қайтыс болғанда да, қара құрма мен қара судан басқа ештеңе таппағанбыз», – деп еске алған (Бұхари). Бірақ тек құрма жеп күнелткен уақыттарда сахабалардың ешбірі ауруға ұшырамаған.

 Себебі, құрма жемісі тек қана азық емес, сан түрлі дерттің таптырмас шипасы. Құрма адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті барлық дерлік пайдалы заттарға ие.

 Құран және Сүннетте адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) былай бұйырады: «Әйелдеріңізге босанғаннан (нифас халінде) кейін  құрма жегізіңдер. Босанғаннан кейін құрма жеген әйелдің баласы момын, жуас болады. Мәриям Исаны (а.с) дүниеге әкелген кезде  жегені тек құрма болатын. Егер құрмадан да қайырлы жеміс  болса, Алла соны жеуін әмір етер еді», – деген. Тағы да айта кететін жайт Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жаңа туылған  сәбидің ауызына құрма салатын болған. Сол сәбилер кешегі өткен сіз бен біз танитын  ғалым Ибн Аббас секілді сахаба ғалымдар. Бұл үрдіс күні бүгінге дейін әдетке айналған.

Құрманың  медициналық тұрғыдан пайдалары

 Олар айтарлықтай құнарлы (100 г.-да 277 ккал.), сондықтан керемет қуат көзі болып табылады. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Фтор тістерді тісжегіден қорғаса, тағамдық талшықтар мен селен иммунитетті көтеріп, қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларының алдын алса, калий сол жүрек пен қан-тамыр ауруларында көмектеседі. Құрма суық тигенде (әсіресе ағзаның шамадан тыс әлсізденген жағдайда) көмектеседі; еркектік қауқарды көбейтеді; сарыуайым кезінде, ағзаның әлсізденуінде, созылмалы шаршау кезінде жәрдем береді; бауырды, бүйректі және жүйке жүйесін бекітеді; ішектегі пайдалы бактериялардың өсуін қамтамасыз етеді; қанды нәрлендіріп, ағзаға аурутудырғыш микробтарға қарсы тұруға көмектеседі және қышқылды теңгерімді қолдап тұрады.

 Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді.

 Бұл жемісті шикі түрінде де, кептірілген түрінде де жей беруге болады. Құрмадан салаттар, нәрсу (компот), десерт, тіпті бал да дайындайды.

 Құрма пальмасының жемістері гипертониктерге (қан қысымы көтеріңкі адамдар) аса пайдалы, себебі қан тамырының тарылуын баяулатады. Құрма Алланың қалауымен күш-қуатты көбейтіп, тонусты арттырады; көптеген кеселдерде көмектеседі; әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Құрма бауырды қуаттандырады,  асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі күштендіреді. Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы (Бронхит) сияқты тыныс жолдарына шипа. Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады. Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді. Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған (гемоглобин) кісіге көп жеуіне  кеңес беріледі. Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында  микроп атаулы  жоқ бірден-бір жеміс. Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады. Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды (босанғаннан кейін әйелдерде болатын және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Күнімізде медицина құрманы бир күнде  ең  көп дегенде бесеуін жеуге кеңес  береді.

muslim.kz

Ашық аспан астындағы балет Астанада

adf65cf4b3e3995f059a1102e012 шілдеде Елорда күні қарсаңында Тәуелсіздік сарайы алдындағы ашық алаңда қала тұрғындары мен қонақтары «Баядерка» балетін тамашалайды. Бұл баядерка Никия мен  ержүрек жауынгер Солордың арасындағы махаббат жайлы шығыстың романтикалық аңызы. Балеттің тұсаукесері 2015 жылғы 25 желтоқсанда «Астана Опера» театрында  өткен болатын. Енді қойылым ашық аспан астында ұсынылмақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әсерлі де жарқын, ауқымды бейне-инсталляциялы сауықтық балет, қаламыздағы мерекелік іс-шараларға ерекше көрік бермек. Әлемдік хореографияның әйгілі туындыларының бірі Тәуелсіздік сарайы аясында өтетін мерекеге жаңа рең беретіні сөзсіз.

— Былтыр пирамида аясында «Аида» операсы көрсетілді. Бұл жолы балет қоюға шештік. Жаңа әрі әдемі спектакльдердің бірі болғандықтан «Баядерканы» таңдадық. Оқиға ыстық Үндістанда өрбиді, — дейді спектакльдің қоюшы хореографы Алтынай Асылмұратова. – Далада кеңістікті мүлдем басқаша сезнесің. Алғашында әртістер үшін бұл үйреншікті емес. Қойылымға труппа түгел қатысады. Ауа райы жақсы болады деп үміттенемін.

«Баядерка» балетін театр сахнасынан ашық алаңға шығару үшін біраз уақыт қажет болды. Сарай алдына біздің климаттық жағдайларға сай келетін шыныпластиктен және алюминийден жасалған театрландырылған декорациялар қойылды. Сахнаның өзі үлкен – ені 24 метр. Оның үстіне сахна сыртында биіктігі 13 метрлік аумақ болады.

— Көрерменге арналған 1400 орны бар үш деңгейлі алаң дайындалды, үлкен проекциялықбаннер орнаттық. Біздің техника жаңбыр немесе қар сияқты қолайсыз күн райында да жұмыс істеуге жарамды, – дейді «Астана Опера» театрының көркемдік қойылым кешенінің жетекшісі Виктор Караре.

Айта кетейік, бұл күні басты партияларды «Астана Опера» театрының жетекші солисттері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мәдина Баспаева (Никия), Тайыр Гатауов (Солор), Гауһар Усина (Гамзатти) орындайды. Қойылымға 120 жуық балет әртісі мен миманс қатысады.

Мереке күндері қалалық қызметтер күшейтілген режимде қызмет етеді

Мереке күндері қалалық қызметтер күшейтілген режимде қызмет етедіАстана қаласының әкімі Әсет Исекешев Елорда күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу бойынша жиын өткізді. Жиын барысында қала басшысы мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мереке күндері құқық қорғау органдары мен барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар, қаланың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында және адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде мерекелік шаралар өтетін жерлерде бақылауды күшейту қажет екендігі атап өтілді. Қала басшысы тиісті органдарға учаскелік инспекторлардың тіркелген аумақтарында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары олардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қорғалатынына сенімді болуы керек», — деді Ә. Исекешев. Әкім шаралар өтетін орындарда сауда нысандарын орналастыру мәселелеріне жеке тоқталып, мереке күндері халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Оңтүстікқазақстандық құтқарушылар шомылу маусымында сақ болуға шақырды

20160701014824Оңтүстікқазақстандық төтенше жағдайлар қызметкерлері шомылу маусымында сақ болуға шақырды. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Асибеков айтты.

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 320 су  айдыны болса, оның 41-і — су қоймасы, 16-сы — көл, 82-сі — өзен, 181-і — канал. Ал осы  су қоймалардың яғни, Тоғыс, Бадам, Шардарада жедел-құтқару жасағының құтқару бекеттері ұйымдастырылған, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Облыс аумағында өткен жылға қарағанда биылғы жылы жазатайым оқиғадан қайтыс болған адам өлімі көбейген, соның ішінде бала өлімі көп. Орташа есеппен алғанда 2016 жылдың басынан бері 35 адам суға батқан оның ішінде 26-сы — жөсөспірімдер. Оқиғаның көбісі шомылу аймақтарынан тыс жерде орын алған», — деді Н. Асибеков.

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында төтеншеліктер орын алған жағдайдың көбісі ересектердің қарауынсыз қалдырылған балалардың каналдарда, үйдің жанында ағатын арықтарда, бассейнде суға бату жағдайы екенін айтады. Сондықтан олар барша тұрғындарға арнайы белгіленген жерде шомылып, сақ болуға шақырды және ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырып кетпеуді сұрады.

ҚазАқпарат

ОҚО-да 3 машина трактор станциясы құрылды

ОҚО-да 3 машина трактор станциясы құрылдыҚазіргі таңда Түлкібас ауыл шаруашылығы жағынан қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Бүгінде ауданда ауыл шаруашылық техникалары жаңартылып,  шаруа қожалықтар мен кооперативтер біріктірілуде.

Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі Қ.Абдуалиев шаруа қожалықтың иелерімен кездесті. Онда ол саланы одан әрі жандандыру мақсатында заман талабына сай жаңа техникалармен жабдықталған станциясын құру мәселесі қолға алынғанын айтып, бүгінде ауданның үш аймағында машина трактор станциясы құрылып,   өз жұмысын жүргізіп келетіні жеткізді.

Жаңадан құрылған станция Түлкібас ауданына қарасты кооперативтермен шаруа қожалықтардың  егістіктегі жерін аудару, егу, жинау тағы басқада жұмыстарын жүргізетін болады.  Жалпы ауданда 1455 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары бар.

Шаруалармен кездесу барысында аудан басшысы астық ору науқанымен танысып, егін ору техникаларының дайындығын пысықтады. Бүгінде аудан егін жинау науқанына толыққанды дайын. Ол жұмыстарға 35  техника жұмылдырылады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Ерлер әйелдерге қарағанда көбірек жұмыс істейді

Ерлер әйелдерге қарағанда көбірек жұмыс істейдіАҚШ мамандары телефон бойынша сауалнама жүргізді. Оған 10900 жуық адам қатысты. Зерттеушілер ерлер әйелдерге қарағанда көп уақыт жұмыс істейтінін анықтады.

Алайда, әйелдер, үйлерінде біраз шаруа тындырып үлгерген. Еңбекпен қамтылған ерлер әйелдерге қарағанда күніне орташа алғанда  42 минут көбірек жұмыс істеген, деп жазды The Daily Mail.

Аптасына 35 сағаттан артық жұмыс істеген ерлер, күніне 8,2 сағаттан жұмыста болған. Ал әйелдер күніне шамамен 7,8 сағат жұмыс істеді.

Әйелдердің 50% және ерлердің 22% күнделікті үйдегі шаруалармен айналысқан. Әйелдердің  70% және ерлердің 43% тағам дайындау және үйді жинаумен айналысқан. Мамандардың айтуынша,  2003 жылдан күн сайын тамақ пісіретін ерлер саны  8% артқан, ал үй шаруасымен айналысатын әйелдер саны  4% қысқарған.

Елордада муниципалды экскурсиялық автобустар жүреді

Елордада муниципалды экскурсиялық автобустар жүредіАстанада 4 тілді (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) аудиожүйемен жабдықталған екі қабатты экскурсиялық автобустар жүретін болды. Қазіргі кезде Есіл өзенінің сол жағалауында ұзындығы 20 км артық арнайы тұйық маршрут әзірленді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

2014 жылы елордада жеке меншікті компания осы сияқты автобустарды пайдаланған болатын. Бүгінде жобаны «Астана Конвеншн бюро» ЖШС жеке меншікті инвестор «Sightseeing tours» ЖШС есебінен жүзеге асыруда.

Экскурсиялық автобус елорданың көптеген көрікті жерлерінің жанынан өтеді, және қозғалыс барысында мына аялдамаларға тоқтайды:-

  • «Думан» ОО,
  • «Хан Шатыр» СОО,
  • «Қазақ Елі» монументі жанындағы алаң,
  • «Астана Бәйтерек»монументі.

Сонымен қатар, Есіл өзенінің оң жағалауын да қамтып, маршрутты ұзарту көзделген, онда келесі аялдамалар болады:

  • Астана Парк – Тұран даңғылындағы орталық кіреберіс;
  • Есіл өзенінің жағалауы, жаяу жүргіншілер көпірінің жанында;
  • Абай даңғылы, Орталық алаң;
  • Республика даңғылы Иманов көшесінің бұрышы;
  • ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі.

Есіл өзеніндегі маршруттың ұзындығы – 80–100 минут, автобустардың интервалы 30–40 минут, жұмыс уақыты – сағат 10:00-20:00. Билеттерді алдын ала өтінім беру арқылы және автобустың ішінде сатып алуға болады. Егер экскурсияға қатысқыңыз келсе мына телефон бойынша хабарласуға болады: 8-777- 222-28-38.

Билеттің құны санатқа (балалар, ересектер, зейнеткерлер, студенттер, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар) байланысты әртүрлі болады.

Мұнымен қоса, «Hop-on/Hop-off» билет жүйесі қарастырылған, яғни, жолаушы кез келген сәтте автобустан түсіп, музей немесе көрікті жерлерді аралайды, содан кейін кез келген арнайы аялдама кешенінен экскурсиялық автобусқа қайта отыра алады.