Домой Блог Страница 167

Астанада ежелгі көшпелілер ауылы ашылады

Астанада ежелгі көшпелілер ауылы ашылады3 шілдеде «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті фестивалі өз шымылдығын ашады. Дәстүр бойынша Елорданың туған күніне орай нағыз ежелгі көшпелілер ауылы орын тебеді. Мұнда ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігімен және тұрмысымен танысуға болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аумақта «Көшпелілер музейі» ашылады. Көшпелілер циркі, би ұжымдарының өнері, дәстүрлі «Ат жалында» атты каскадерлік шоу, «Саят» аушы құстар думаны және салт-жоралық, музыкалық фольклор фестиваль бағдарламасы көрермендерін одан сайын қызықтыра түспек. Қалашыққа келетін ең кішкентай қонақтар үшін кіреберісте киізден алаңқай жасалады. Ал «Костюмдер тарихы» бағдарламасында Ұлы дала төсінде киген киім-кешекпен, оның тарихымен танысуға болады.

Этноауыл қонақтары қазақ халқының мәдениетінің әралуандылығымен таңғы сағат 11-ден кешкі 22.30-ға дейін таныса алады. Әдеттегідей, шараға Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, сонымен қатар, таяу шетелдерден де халық қолөнерінің шеберлері келеді. Шеберлік дәрістер барысында қолөнершілер қарапайым жіптен ою-өрнекті кілем тоқу немесе металл кесегінен көздің жауын алатын әшекейлер жасау өнерін ортаға салады. Сондай-ақ олардың еңбектерін қолданбалы өнер заттары сатылатын жәрмеңкеден табуға болады.

Сонымен қатар, күн сайын ерекше сазды концерттер ұйымдастырылады. Мысалы, шараның ашылуында сағат 16.00-де ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған эпикалық әндерді тыңдауға болады. Ал кешке сағат 21.30-дан 22.30-ға дейін қонақтар Нұрлан Өнербаевтың концертін тамашалайды. Келесі күні қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орайластырылған концерт өтеді. Мұнда ақынның қанатты шабытпен дүниеге келген шығармаларын тыңдауға болады. Ал шараның соңында келушілер «Жүйелі сөз» дәстүрлі ақындар айтысын тамашалайды.

5 шілдеде сағат 16.00-де қонақтар үшін атақты әнші, композитор Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына орайластырылған «Күміс көмей» дәріс концерт ұйымдастырылады. Содан кейін сағат 19.00 ақындар ақтық сында сөз жарыстырады.

Фестивальдің соңғы күні жыр төгіліп, күй күмбірлейді. «Хассак» және «Сарыарқа» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің концертінен кейін сағат 17.00 еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған эпос кеші өткізіледі. Аталмыш кең ауқымды шараның шымылдығы дәстүрлі «Астана-Арқау» түркі музыкасы фестивалімен жабылады.

Көшпелілер өркениеті фестивалі сағат 20.00 «Той тарқар» шарасымен салтанатты түрде жабылады.

«AstanaCup – 2016» шарасына 500 артық каратэші қатысады

«AstanaCup – 2016» шарасына 500 артық каратэші қатысады2 шілдеде елордада каратэ шинкиокушинкайдан дәстүрлі ХII «Astana Cup – 2016» ашық халықаралық турнир өтеді. Додаға балалар, жасөспірімдер, ересектер мен ардагерлер қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Екі күн бойы Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қазақстан каратэшілері татамиде күш сынасады. Еліміздің 15 қаласынан келген жас спортшылардың да шеберлік байқасатынын айта кеткеніміз жқн. Турнирдің құрметті қонақтарының ішінде каратэ шинкиокушинкай дүниежүзілік ұйымының президенті Кенджи Мидори және атқарушы директор Ясуказу Кои болады.

– Каратэ ең батыл, қатал, кеңінен тараған спорт түрі. Каратэмен шұғылданатын жас спортшылар уақыт өте келе жақсы атлет, жеңімпаздар болады, дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс 2 және 3 шілдеде «Дәулет» спорт комбинатының ғимаратында өтеді.

Астана көшелерімен цирк кавалькадасы жүріп өтті

877b5a1116ca5b7b889f55b0030Ертең, 2 шілдеде дәстүрге айналған «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі ашылады. Жыл сайынғы шара көрермендерін тәнті етпек. Бүгін астаналықтар фестивальдің жарқын шараларының бірі – дәстүрлі кавалькаданы тамашалады. Цирк әртістері үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен қала көшелерімен жүріп өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерекелік шеру Астаналық цирк жанынан басталып, Қабанбай батыр даңғылымен, Достық көшесімен, Түркістан және Қонаев көшелерімен жүріп, Астаналық циркке келіп тоқтады.

Фестиваль қатысушылары үлкен автобусқа мінді. Шеруді жануарлар, аттар, пони, түйелер бастап жүрді. Өтіп бара жатқан адамдар мен көлік жүргізушілері парад қатысушыларын қошеметтеп, естелікке суретке түсті.

Биыл Астаналық цирк көрермендерін жаңа номермен таң қалдырмақ. Екі әртіс күрделі жанр — штейн-трапта өнер көрсетпек. Цирк өнері марафонына сегіз мемлекеттің әртістері қатысады. Белоруссия, Голландия, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Ресей, Түркменстан және Эфиопия елдерінің дүниежүзілік фестивальдердің жүлдегерлері мен лауреаттары, өз жанрларындағы хас шеберлер, цирк өнеріндегі әулеттердің ұрпақтары өздерінің виртуоздық көрсетілімдерін қонақтардың назарына ұсынатын болады. Әртістердің көбі елордалық цирк күмбезінің астында алғаш рет өнер көрсететін болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары цирк өнері фестивалін шілденің 2-сі мен 7-сі аралығында тамашалайды.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер Айгерим Ахметжановамен мастер-класс өткізді

0

Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер Айгерим Ахметжановамен мастер-класс өткізді
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер Айгерим Ахметжановамен мастер-класс өткізді. Айгерим Ахметжанова 2000 жылдан бері тренингтер өткізуде, сату және маркетинг саласында үлкен тәжиребесі бар. Айгерим Борибаевна танымал «КазТелеком», «Корпорация «Базис-А»» «12 месяцев» дүкендер желісі, корпорация «Асыл Арман», ЖШС«Инвест Холдинг Астана» компаниялармен жұмыс жасаған. Еліміздің аймақтарынан келген жас кәсіпкерлер тағы бір білікті жаттықтырушыдан дәріс алды.
Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер Айгерим Ахметжановамен мастер-класс өткізді
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-і күні өз бастамасын алды. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.

Жас кәсіпкерлер «Naimi.kz» компаниясының иемденушісі Қаирбеков Ұланмен кездесті

0


2016 жылдың 30 маусым күні «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, «Naimi.kz» компаниясының иемденушісі Қаирбеков Ұланмен кездесті. Қаирбеков Ұлан, Сингапур мемлекетіндегі Nanyang Technological университетінде білім алып, кейіннен Қаржы Министірлігенде жұмыс жасаған. Кездесу барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясының маңыздылығын атап өтіп, шет елде алған білімі мен тәжірбиесімен бөлісті.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-нен қазан айының 2-сі аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтуде. Тағылымдамалардың қатысушылары – жіберілген өтінімдер бойынша іріктелген жас кәсіпкерлер. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас кәсіпкерлер «Naimi.kz» ЖШС болды

0

Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы барысында  жас кәсіпкерлер Naimi.kz ЖШС болды

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас кәсіпкерлер «Naimi.kz» ЖШС болды. «Naimi.kz» ЖШС коммерциялық директоры Мағжан Мәдиев жас кәсіпкерлерге өз кәсібімен таныстырып, тәжірбиесімен бөлісті. «Naimi.kz» 2015 жылдың қаңтарында құрылған жоба. «Naimi.kz» сайтын қолдана отырып әрбір қала тұрғыны өзіне керек маман шақыра алады. Өз кәсібінің маманы мен тұтынушыны жақындататын жобада бүгінгі күні 10 мыңнан астам маман тіркелген, ал мобильді қосымша арқылы түсіп жатқан тапсырыстар күніне 200-ден артық. Мобильді қосымша пайдаланушыларының жалпы саны – 42 мыңнан астам адам, ал қызмет іске қосылғалы бері қанағаттандырылған өтінімдер 24 мыңнан асады. Қызмет мобильді қосымшалар арқылы жұмыс жасайтын өтінімдерді өңдеу моделі, сонымен бірге жекеменшік орындаушылар қызметтерінің сапасы секілді екі басты нәрсеге байланысты.
Блог - astananews: «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасы барысында  жас кәсіпкерлер Naimi.kz ЖШС болды
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтіп жатыр. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренуде. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алуда.

Көптен күткен жаңа нысан салынуда

Көптен күткен жаңа нысан салынудаАлматы облысындағы Көксу ауданы Жамбыл ауылында Мемлекет басшысының апатты мектептер мәселесін шешу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 120 орынды жаңа мектеп салынуда.

Заманауи мектептің құрылысына 430 млн. теңге бөлінді. Онда сапалы білім алуға қажетті жағдайлардың бәрі жасалатын болады.

Тапсырыс беруші Көксу аудандық құрылыс бөлімінің мамандары құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын айтуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын техникалық және авторлық қадағалау қызметтері бақылап отыр.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы К. Әдетбековтің айтуынша, бұл мектеп — көптен күткен нысанның бірі. Ал бұрынғы мектептің ғимараты балабақша ретінде жасақталып, пайдаланылмақ.

Қаллеки театры ХХV маусымын «Абай» трагедиясымен жабады

d5fb29c3728abfcc32edf6efd6142045_resize_w_520_h_Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 30 маусым күні сағат 19.00-де ХХV мерейтойлық маусымын М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен жабады.

Театр ұжымы үшін ХХV мауысым (2015 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы) табысты әрі тың жаңалықтарға толы маусымның бірі болды. Себебі, биыл Тәуелсіздікпен құрдас қарашаңырақ өзінің мерейлі маусымына аяқ басты.

ХХV МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МАУСЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Жыл премьералары:

1. М. Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы. Қойылым режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков;

2. Т. Теменовтің «Аққудың көз жасы…» лирикалық драмасы;

3. О. Жанайдаровтың «Жұт» драмасы. Қоюшы режиссері – Башқұртстанның еңбек сіңірген қайраткері Айрат Абушахманов;

4. А. Чеховтың «Шие» комедиясы. Қоюшы режиссері – Сергей Потапов. Якутиядан арнайы шақыртылған танымал театр және кино режиссері, «Золотая маска» сыйлығының иегері;

5. Р. Мұқанованың «Сарра» драмасы. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева;

6. А. Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясы. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков;

7. Ж. Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?…» драмасы. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов.

Театр ұжымы қатысқан фестивальдер:

– 2015 жылы Өскемен қаласында өткен XXIII Республикалық театрлар фестиваліне В. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» пьесасының негізінде сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драмамен қатысып, «Үздік режиссерлік шешім» номинациясына ие болды. Қойылым режиссері, Қазақстанның Халық артисі – Т. Теменов;

2015 жылы Атырау қаласында өткен драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» драмасымен қатысып, режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Н. Жұманиязов «Үздік режиссер» номинациясын, актриса А. Бермұхамбетова «Үздік актриса» номинациясына ие болды;

2015 жылы 29 қараша мен 6 желтоқсан аралығында Мәскеуде қаласында XIII Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумында «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасымен қатысып, Гран-при иегері атанды. Сондай-ақ, қойылым барысында өз өнерлерін ортаға салған Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов – полковник Лукьянов, актер Әбілмансұр Серіков – Пернебек Боранбаев, актриса Ақмарал Танабаева – Инга рөлдері үшін «Золотой Витязьдің» алтын дипломанттары атанды;

2016 жылдың ақпан айының 26 мен наурыз айының 3 аралығында Челябі қаласында (Ресей) МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізген «CHELoBEK ТЕАТРА» IV Халықаралық кіші форум театр фестиваліне Астана қалалық Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры А. Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасымен қатысып, театр ұжымының еңбегі жоғары деп бағаланды;

2016 жылдың 27 мамыр мен 2 маусым аралығында Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өткен VIII Халықаралық «Гостиный двор» театр фестиваліне «Тыраулап ұшқан тырналар» (авторы: В. Ежов, режиссері: Т.Теменов) лирикалық драмасымен қатысты.

Гастрольдік сапарлар:

– 2016 жылдың 25-30 сәуір аралығында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы аясында Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Талдықорған қаласында гастрольдік сапарда болды.

baq.kz

Түнімен телефоннан түспейтіндердің назарына

Түнімен телефоннан түспейтіндердің назарынаБритандық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Олар барлық медициналық қараудан оның ішінде магнитті резонансты томографиядан өтіп, жүректерін тексертеді. Алайда дәрігерлер көру қабілетін жоғалтатын еш ақау таппады. Офтальмолог екі әйелдің де көз жанары көрмей қалған уақытта немен айналысқанын анықтады. Белгілі болғандай, екеуі де түнде төсекте бір қырындап жатып, бір көзі жастықпен жабылған күйі жалғыз көзбен қалта телефонын қарайтын болған.

Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.

Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді.

Ihsan.kz

Елімізде дәрі-дәрмек туралы ақпарат беретін сайт іске қосылды

https://baq.kz/kk/news/ult_sauligi/elimizde_daridarmek_turali_akparat_beretin_sait_iske_kosildiҚазақстанда дәрі-дәрмек жайлы толыққанды ақпарат беретін жаңа веб-сайт іске қосылды. Дәрі-дәрмектер туралы деректер базасы денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.

 «KNF.KZ» сайты ақ халаттылардың жұмысын жеңілдетуге және науқастарға тез сауығып, аз шығындалуға мүмкіндік береді, яғни, дәрілердің тиімділігі туралы пікірлер мен әр түрлі ауруларды емдеу бойынша ұсыныстар жинақталған. Сондай-ақ қымбат дәрі-дәрмекке балама боларлық арзан препараттың да бағасы көрсетілген. Базаны дайындауға британдық формуляр әзірлеушісі Дункан Энрайт атсалысқан. Оның командасында отандық мамандар мен Еуропаның оншақты сарапшысы жұмыс істейді.
«Қазір базада жеті жүзге тарта дәрі-дәрмек атауы бар. Бірақ жақын арада Қазақстанда тіркелген барлық дәрілерді тізімге енгіземіз. Тиімсіз дәрі-дәрмектерді де қосамыз. Онда бірден пікірлерді, рейтингтер мен дәрілердің арзан аналогтарын көрсетеміз. Біз сайтты үнемі пысықтап, жақсартып отырамыз», — деді Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеуші Дункан ЭНРАЙТ.

Формулярдың ерекшелігі — дәрі түрін жылдам іздеуге және әлемнің әр түкпіріндегі дәрігерлердің пікірін бірден көруге мүмкіндік береді. Қазақстандық формуляр қазірдің өзінде орталық Азияның ең үздігі танылды. Сондай-ақ қазір фармацевтер міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енетін дәрі түрлерін талқылауда.

baq.kz