Домой Блог Страница 168

Елорда тарихынан сыр шертетін көрме ашылды

Елорда тарихынан сыр шертетін көрме ашылдыЕлордада ерекше көрме ашылды. Ол Астананың 18 жылдығына арналған. Қала күні қарсаңында жұртшылық өткеннен сыр шертетін жәдіргерлермен танысады. Қазақ астаналарын таныстыруға әрі тануға арналған бес бөлім көрме қонақтарының білімін арттыра түсетіні анық.

Мұрағат қорында елордаға қатысты 500-ге жуық құжат жиналған екен. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары көрмемен шілде айының соңына дейін таныса алады.

Ақерке Бәшірова, Астана қ. мемлекеттік мұрағаттың қызметкері:

— Көрме бүгін ашылып жатыр. Атауы – Астананың өткені мен бүгіні. Мұнда 1937 жылғы Ақмола қаласы туралы ең көне құжаттар бар. Сондай-ақ бұл жерде Қазақстан астаналары жайлы құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері сақталған.

khabar.kz

«Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени туры басталды

«Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени туры басталдыҚазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бастамасымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Ұлттық музей сенің қалаңда» атты мәдени тур Батыс Қазақстан облысынан бастау алды, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.

Көрме қонақтары назарына «Ұлттық музейге саяхат» және 3Д графикалық видеороликтері ұсынылды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар еліміздің брендіне айналған «Алтын адам» жәдігері туралы жан-жақты мағлұмат жинап, оны жақыннан тамашалуға мүмкіндік алды.

Мәдени саяхат барлық облыстарды аралайды деп жоспарлануда.Көрме ары қарай Ақтөбе қаласында жалғасын табады.

Барша әлемнің үздік бишілері елордада бас қосады

Барша әлемнің үздік бишілері елордада бас қосады5 және 6 шілдеде қалалық алаңда нағыз би сайысы өтеді. Осымен жеті жыл қатарынан әлемнің үздік бишілері көше биінен International Street Dance Session in Astana 2016 халықаралық фестиваліне қатысу үшін Астанаға келіп жүр.

Қатысушылар түрлі стиль мен жанрларда өнер көрсетеді — хип-хоп, поппинг, дэнсхол, вакинг, крамп және хаус. Оның үстіне, шараға әртүрлі жастағы және дайындық деңгейі әртүрлі бишілер қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Командалық және жеке сайыстарда конкурсқа қатысушыларға танымал хореографтар өз бағасын беретін болады.

International Street Dance Session халықаралық фестиваліне жыл сайын талантты жігерлі жастар қатысады, аталмыш шара түрлі стильдегі бишілердің басын қосып, елордалықтарды көше биі әлеміндегі жаңа бағыттармен таныстырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Өткен жылдары шараға танымал «Шаг вперед» фильміне түскен, «Билер» және «Би алаңының жұлдыздары» теледумандарына қатысқан, сондай-ақ,  Майкл Джэксон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер сынды жұлдыздармен жұмыс істеген атақты биші хореографтар келген.

Аспаздық өнер – қалалық алаңда

Аспаздық өнер – қалалық алаңдаЕлорда күнін мерекелеуге орай жетекші аспаздар қала әкімдігінің алдындағы алаңда кездеседі. Ең «тәтті» «Аспаздар шеберлігі – сүйікті қалаға» фестивалі шілденің 4-і мен 6-сы аралығында өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аспаздық жекпе-жекке елордалық мейрамханалардың үздік кәсіпқой аспазшылары қатысады. Фестиваль қонақтары ұлттық тағамдар ассортиментімен танысып, одан дәм татып, лайықты бағасын береді. Мұнымен қоса, аталмыш шара аспазшылар үшін өздерінің ерекше туындыларын көрсетудің, ал қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін – сервис сапасы мен деңгейін арттырып, өз атын шығарудың бірден-бір мүмкіндігі.

Әдеттегідей, мерекеде елорданың үздік бармені және үздік даяшысы, сондай-ақ, ең дәмді фирмалық тағам анықталады.

А. Баталов журналистер қауымын құттықтады

А. Баталов журналистер қауымын құттықтадыБүгін байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында салтанатты қабылдау өткізді. Шараға республикалық, облыстық, аудандық БАҚ өкілдері, блогерлер, журналистика ардагерлері – жалпы саны 150-ге жуық адам қатысты.

Салтанатты шараға жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:

— Телеарналар, радиолар, басылымдар, интернет ресурстар бүгінгі күні облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып, өңірдің жетістіктері мен табыстарын көрсетуге, маңызды экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешуге жәрдемдесіп келеді. Президенттің бастамасымен жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларды насихаттай отырып, журналистер еліміздің дамуына елеулі үлес қосуда, — деді өз сөзінде.

Мұнан соң облыс басшысы баспасөз қызметінің өкілдері мен бірқатар журналистерге ҚР Ақпарат және коммуникация министрінің, облыс әкімінің Құрмет грамоталарын және естелік сыйлықтар тапсырды.

«Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Тілеуғабыл Мыңжасар, облыстық «Жетісу» телеарнасының редакторы Наталия Хоменко, биылғы жылы «Үздік блогер» атанған белгілі қаламгер Қанат Әуесбай облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, әріптестеріне құттықтау тілектерін жеткізді. Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды

0


«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасының екінші күні жас бизнесмендер «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығында болды. «Жасыл технологиялардың халық академиясы» Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай елді мекенінде орналасқан. Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттегі әртүрлі санаттағы тұрғындарға «жасыл» экономика мен «жасыл» технологиялар туралы жүйелі білім беріп, энергия және су үнемдеу технологиялары тәжірибелерімен таныстыру. Бұл технологиялардың ішінде елімізде шағын энергетика, энергия үнемдейтін жылыту мен жарықтандыру, туризм, жасыл құрылыс, қалдықтарды қайта пайдалану және басқа да бағыттар бойынша жүзеге асырылған жобалар бар.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 20-25 аралығында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен Астана қаласында өтеді. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер Әсел Қожақовамен мастер-класс өткізді

0


«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер танымал бизнес-тренер Әсел Қожақовамен мастер-класс өткізді. Әсел Қожақова маркетингтік коммуникациялар қызметі бойынша Red Point Kazakhstan компаниясының негізін қалаушы және бас директоры. Coca-Cola, Microsoft және General Motors халықаралық компанияларда мол тәжірибесі бар. Microsoft компаниясында маркетинг саласында маман қызметінен PR қызмет көрсету және маркетинг басшысына дейін қызмет атқарған, General Motors компаниясында маркетинг және PR саласы бойынша Қазақстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия мемлекеттерінде аймақтық директор қызметін атқарған, кейіннен филиал басшысының орынбасары болды. Қысқа мерзімде Beeline компаниясынд қоғаммен байланыс қызметінің басшысы болып жұмыс істеді. Әсел Қожақова өзінің мол тәжиребесіне сүйене отырып бизнес жүргізуді, бизнесте жоспарларлау мен стратегияларды құруды, дұрыс таңдау туралы әңгімелеп берді.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен 27 маусым мен 2 шілде аралығында Астана қаласында өтеді. Бес күн ішінде жобаға қатысушылар елордалық шағын және орта бизнес нысандарында тағылымадан өтеді. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.

Тәуелсіздік алғалы бері Алматы облысында 188 елді мекен жаңа атауға ие болған

a6972a45-63d2-4f9f-8a22-b39f01bde682Тәуелсіздік алғалы бері Алматы облысында 188 елді мекен жаңа атауға ие болған. Сондай-ақ, 75 ауылдық округ, 191 әлеуметтік нысанның атауы жаңаланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Ахмет Кендірбекұлы мәлімдеді. Ұлы Жеңістің маңыздылығы мен өзектілігі де ескеріліп, 39 көшеге соғыс ардагерлерінің есімдері берілген.

Облыстағы тілдік ахуал, мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту мақсатында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталған А. Кендірбекұлы мемлекеттік тілдегі құжат айналымы туралы да тарқатып айтып берді. Мысалы, 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының 82,3 %-ы, ал шығыс құжаттарының 99,3 %-ы мемлекеттік тілде көрініс тапқан.

Ана тіліміздің мәртебесі бесіктен бастау алатындығын айтқан спикер балабақша, мектептегі мемлекеттік тіл мәселесіне де тоқталып өтті. Облыстағы 337 балабақшаның 70,0%-ы қазақ тілді. Ал, 737 мектептің 414-і қазақ тілінде білім береді. Соның ішінде қазақ тілінде оқитын 330 мыңнан астам оқушының арасында 8054-і этнос өкілдері.

Оразада шөл мен аштықтан сақтайтын 6 сусын

Оразада шөл мен аштықтан сақтайтын 6 сусынОраза кезінде шөл мен аштықтан сақтайтын, үй жағдайында жасауға болатын кейбір сусын түрлері туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

 1. Қалмақ шайы немесе ұйғырдың «әткен шайы»

Дағыстан жерінде тұратын мұсылман әйелдері сол жақта «қалмақ шайы» атанып жүрген, біздің жақта «әткен шай» делінетін шайды сәріде ішіп алғанның пайдасы көп екенін жеткізеді. Ал шайдың құрамы шынында бай. Ол сүт пен сары май қосылып, көк шай жапырағынан дайындалады. Бұларға аздаған тұз себіледі. Осылай әзірленген сусын адамның қарнын тоқ етіп тұрады, қандағы қант құрамын жақсы реттейді, организмнің қорғаныс функциясын күшейтеді. Осы шайға жақсылап қанып алған адамның ағзасы кешке дейін шөлдің екпінін баса алады. Бұған таулы аймақ тұрғындары талай жылдардан бері көз жеткізіп келеді.

2. Ұйытылған айран

Қолдан ұйытылған құнарлы айран көпке дейін қарынды да ашырмайды, шөлге де төтеп беруге көмектеседі. Себебі, оның құрамында микроэлементтер, ағуыздар мен дәруіштер көп. Айран ас қорыту жүйесінің жақсы жұмыс жасауына да жағдай жасайды. Ораза кезінде мұның маңызы да зор.

3.Сүт қосылған банан коктейлі

Ұсынушылардың айтуларынша, бұл — шөл мен аштықты бірден қайтаратын өте керекті сусын. Ер кісілер мен балаларға бірдей сүйікті болып табылатын балмұздақтан, сүттен, шырыннан және жемістен жасалған сусын адамға өзінің пайдалы дәруіштерімен қатар, өте жақсы көңіл күй де әкеледі. Дегенмен, сәресі үшін сусын дайындап жатқан кезде тәтті нәрсенің шөл шақыратынын ұмытпаған абзал. Сондықтан оған қойылатын сусынның құрамында ұйытылған тәтті сүт (сгущенка), тосап секілді тәтті тағамдардың болмауын қадағалау керек. Мұның орнына балмұздақ, банан, апельсин шырыны секілді сусындарды алып, салқындатып қойсаңыздар, сол сенімдеріңізді ақтайды.

4. Райхан шәрбаты

Бұл – өзгеше сусын. Бірақ оны ішіп көрген адам шөлді кез-келген компот пен шырынға қарағанда анағұрлым артық басатынын бірден байқайды. Ал мұндай ғажайып сусынды әзірлеу үшін бір бума базилик үстіне 1,5 литр қайнаған су құйылады да, 2 шай қасық қант қосылады. Сосын бір лимонды бірнеше тілікке бөліп салады. Осыдан кейін-ақ сусын сіздің көз алдыңызда өзінің түсін өзгертіп, жайнап сала береді. Кейін салқындаған кезінде тоңазытқышта 2-3 күн ұстауларыңыз керек.

5. «Шөлге қарсы күрес» коктейлі

Егер күннің ыстықтығы сынап бағанасынан 30 өлшемнен жоғары көтеріліп кететін болса, мұндай күндері сәріге тап осындай коктейль дайындағаннан артығы жоқ. Оны дайындау да оңай: стақандағы суға лимонның жарты, апельсиннің жарты шырынын сығып құйыңыз да, оған аздаған тұз қосыңыз. Сосын салқындатып алу керек. Осы қарапайым ғана компоненттер мезгілдің ең ыстық кезінің өзінде сізді аса қатты шөлдетпей ұстап тұра алады. Бірақ асқазан-ішек жолдарында сырқаты бар жандардың мұндай сусынды ішпегені дұрыс.

6. Бал қосылған су

Емдік қасиеті бар, ағзаны азықтандыруға үлес қосатын, жұмсақ, дәмді бұл сусынның пайдалы жақтары өте көп. Бал қосылған суды ішу Алла елшісінің суннасы. Ол үй жылылығына жақын суда ерітіліп жасалады. Оған бір қасық табиғи алма сірке суын қосу керек. Осы қарапайым сусында сәріде ішу адамды көптеген ару-сырқаудан сақтап, қосымша қуат береді. Оның ораза кезіндегі пайдасы зор болмақ.

Baq.kz

ОҚО-дан Астана күніне орай ауыл шаруашылық керуені жөнелтілді

ОҚО-дан Астана күніне орай ауыл шаруашылық керуені жөнелтілдіБүгін Оңтүстік Қазақстан облысынан Астана қаласы күніне орай, ауыл шаруашылығы керуені аттанды. Онда жалпы құны 157,7 млн.теңге болатын 374 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері бар.

Астана қаласында шілде айының 2-3 күндері өтетін жәрмеңкеде 50-ден астам оңтүстікқазақстандық тауарөндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады.

Астаналықтарға мереке қарсаңында нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан 69 тонна ет пен ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 33 тонна жеміс – жидек, 17 тонна картоп пен 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат 25 мың дана жұмыртқа, 50 тонна бақша өнімдері мен тағы басқа 27 тонна өнімдер ұсынылады.

Бұл өңірдегі аудан мен қалалардың Бас қалаға жасаған өзіндік тартуы. Соған орай, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен ауыл шаруашылық басқармасының мамандары жиналып керуенді салтанатпен шығарып салды.

Жалпы облыста егіс көлемі 5 мың гектарға артып 780 мың га құрады. Ал суармалы жер көлемін қосымша 8,7 мың га ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі