Домой Блог Страница 169

Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалайды

Жауынгерлік өнер фестивалінде астаналықтар жекпе-жектер ұрыстарын тамашалайдыАстанада Елорда күні қарсаңында «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында екінші халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтеді, шара барысында үздік жекпе-жек өкілдері бір аренада өз өнерлерін ортаға салады. Фестиваль бағдарламасында үздік шеберлер 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Елордалықтар спорттық мерекеге арнайы келген танымал қонақтармен кездеседі.

Вин-Чун халықаралық федерациясының құрметті президенті Сифу Дональд Мак Астанаға алғаш рет ат басын тіреді. Қазақстанда аталмыш федерацияның 4 мектебі жұмыс істейді.

Фестиваль қонақтарының бірі аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нұрмагомедов. Ол Астананың әрқашан да жылы шыраймен қарсы алатынын атап өтті.

Спорт сүйер қауым фестивальде кәсіпқой спортшы, әскери жекпе-жектер нұсқаушысы Сергей Бадюктің өнерін тамашалайды. Ол келер жылы астаналық парктерде шанти-практика өткізуге уәде берді.

– Спортқа тартылатын жастар көп, бақытымызға орай, бұл бүгінде сәнге айналды. Бәріне бірдей жекпе-жекпен айналысу қажет емес, ең бастысы деніміз сау әрі мықты болсақ болды. Астанада алаңдармен жасақталған жақсы парктер бар, сондықтан келер жылы шанти-практика өткізуіміз әбден мүмкін, – деді Сергей Бадюк.

Фестивальдің құрметті қонақтарының ішінде тай боксшысы және кикбоксер, тай боксынан Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин де бар. Спорттық мерекеге отандық спортшылар да қатысады.

Айта кетейік, аренада Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік шеберлері өнер көрсетеді. Ал ертең, 29 маусымда қатысушылар елордалық оқушыларға арналған шеберлік дәрістерін өткізеді.

Елордада қымыз мерекесі өтеді

Елордада қымыз мерекесі өтедіЕлорда күнін мерекелеу аясында «Жерұйық» паркінде даладағы нағыз қазақ ауылы орын тебеді. 5 және 6 шілдеде алғаш рет Ұлы дала халқының басты сусыны – қымызға арналған «Қымызмұрындық» халықаралық этнографиялық фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қалада 1992 жылдан бастап өткізіліп келген бүгінгі этнографиялық мерекенің тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» көрмесі болмақ. Оны өткізу идеясы еліміздің өзге өңірлерінде де қолдау тапты – Алматы, Павлодар, Тараз, Шымкент және т.б. қалаларда.

Бірнеше күн бойы көк шалғында ұлттық нақышта безендірілген 10 киіз үй тігіледі. Мол дастархан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар – құрт, бауырсақ, жент, ірімшік, шұбат пен қымыз ұсынылады. Бұдан басқа, қонақтар самауырыннан құйылған хош иісті шай ішеді. Ал кіре берісте қолданбалы өнер көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылады. Сонымен қатар, этноауылда алтыбақандар орнатылып, жігіттер мен қыздар, сауық-сайран құрып, ән айтады. Жақын маңда батырлар мен балуандар күш сынасып, шеберлік байқасады.

Фестивальдің ашылуында қымызды мадақтауға арналған театрландырылған қойылым, қатысушылар шеруі, би мен айтыс өтеді.

Мұнымен қоса, келушілер шара барысында қымыз туралы білімін тексеріп, қымыз ішуден жарысады, армрестлинг, арқан тарту және т.б. сайыстарда күш сынасады.

Ежелден дала халқы жазда бие сауып, қымыз ашытқан. Бұл айтулы шараға ауылдың алты ауызы, туған-туыстар, көрші-қолаң, дос жарандар шақырылған. Жаздағы алғашқы сусыннан дәм татқызу және молшылықтың белгісі ретінде қасиетті сусынды жерге төгу қазақтар үшін тұтастай бір салт-жора. Ұйымдастырушылар фестиваль барысында осы дәстүрді жағыртпақ ниетте. Шараға Қазақстаннан басқа,  Қырғызстан, Омбы, Қалмақ, Алтай аймағы, Новосібір, Якутия, Забайкалье аймағы, Бурятиядан келген шеберлер қатысады.

Этноауыл қонақтары қымыз ішу рәсімін және якутиялық қалыңдықты киіндіру жорасын, Забайкалье аймағының өкілі Жалсанова Дариманың аттың қылынан жасаған үлгілер коллекциясының, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, қазақстандық Қайролла Әбішевтің коллекциясының, Шадапова Ханданың «Байкал маржандары» костюмдер коллекциясының көрсетілімін және т.б. тамашалайды. Мереке күндері «Алтын дала дауысы» бүкілресейлік байқауының лауреаты, созылыңқы қалмақ әндерін орындаушы Эврена Оргаева, нағыз алтай хомусында ойнайтын Игнатьев Виктор Викторович Астанаға арнайы ат басын тірейді.

Қымыз жасау мен оны сақтау туралы білгісі келетіндер, сондай-ақ, ұлттық қуыршақтар жасауды, тоқу мен тігуді үйренуге ниетті жандар шеберлік дәрістеріне қатыса алады.

Сонымен қатар, фестиваль қымыз жасау мен өндіру, қолданбалы қолөнер бойынша жас дарынды шеберлер, суретшілер мен модельерлер үшін жақсы алаңға айналып, өзін-өзі таныстыруға мүмкіндік береді.

Елорда күніне орай үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтеді

Елорда күніне орай үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтедіЕлорда күніне орай Астана қаласында 4-6 шілде аралығында VII «Астана самалы» халықаралық үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестивалі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Аталған шара астаналықтарды бірнеше жылдан бері қуантып келеді.

Биыл Астана қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының, ҚР Ұлттық ұланының, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының, Тагилдың «Тагил- BEND» және Ресейдің Муниципалды Оренбургтің үрмелі аспаптар оркестрлері өз өнерлерін ортаға салады. Фестивальдің арнайы қонағы – 1976 жылы ежелгі жалаумен ойнау өнерін жандандыру мақсатында құрылған Storici Sbandieratori delle Contrade di Cori фольклорлық тобы. Бұл топ Қайтар өрлеу дәуірінің керемет костюмдерін киіп, өткен заманның ғажайып жай-күйін қалыптастырады. Трубаның таза дыбысы, дауылпаздардың ырғақты дабылы, орындаушылықтың ойнақылығы көрермендерді таң қалдырып,  шаттыққа бөлейді.

Концерттің ашылуы 4 шілде күні сағат 20.00-де қалалық алаңда өтеді. 5 шілдеде сағат 11.00-де қала әкімдігінің алдындағы алаңда плац-концерт, осы күні кешке «Бәйтерек» монументінің сахнасында бэнд-марафон ұйымдастырылады. Барлық ұжымдар өнер көрсететін фестивальдің «Астана самалы — 2016» соңғы шеру-концерті 6 шілде күні сағат 11.00-де Әскери-тарихи музейден бастап, Республика даңғылының бойымен «Жастар» сарайына дейін өтеді.

Алматы облыстық ҚХА-ның XXII сессиясы өтті

Алматы облыстық ҚХА-ның XXII сессиясы өттіБүгін Талдықорған қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының әкімі, облыстық Ассамблеяның төрағасы Амандық Баталовтың төрағалығымен «Мемлекеттік этносаясаттың басты мақсаты – болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру» атты тақырыппен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті.

Жиында баяндама жасаған облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайдың айтуынша, облыста 200-ден астам қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында 400-ден астам мәжіліс өткізген. Сондай-ақ түрлі қайырымдылық шараларының шеңберінде 20 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Баяндамашы биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бірқатар шаралар белгіленіп отырғанын да тілге тиек етті. Бұл жұмыс жыл басынан бері жалғасып келеді.

Облыстық Ассамблеяның жергілікті жерлерде, аудан, қалаларда жүргізген жұмыстары туралы Іле аудандық күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы С. Чатуев, балкар этномәдени бірлестігінің белсендісі Ф. Хаджиева, аудандық «Алакөл» газетінің тілшісі В. Иванова, Панфилов аудандық «Шатлык» ән-би ансамблінің жетекшісі, С. Аметов, «Видергебурт» талдықорғандық немістер қоғамы төрағасының орынбасары Е. Молодцов, Қаратал ауданы Бастөбе селолық округі әкімдігінің бас маманы И. Цой, әзірбайжан мәдени орталығының белсендісі Б. Бахшиева сөз сөйледі. Олардың барлығы да достық, келісім мен бірлік – мемлекеттің бақуаттылығы мен дамуының кепілі, көпұлттылық байлығымыз бен құндылығымыз екенін атап өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов жиынды қорытындылау барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне тоқталып, қол жеткізген табыстар еліміздің тұрақтылығының арқасында екенін айтты.

— «Мәңгілік Ел» құндылықтары саналатын бірлік, бейбітшілік, келісім ұғымдарының мәнін әрбір отбасына, әрбір үйге жеткізу үшін этномәдени бірлестіктердің әлеуетін кеңінен пайдалануымыз керек. Барлық қайырымдылық шараларын Ассамблея арқылы үйлестіріп, әрбір елді мекенде жұмыстың әлеуметтік бағытын күшейтуіміз керек. Сонымен қатар Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін нығайту шараларын қабылдау қажет. Бұл жұмыстар немқұрайлы сипатта болмауы керек, — деді Алматының облысының басшысы қорытынды сөзінде.

Осы жиында бірқатар қоғам қайраткерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық алтын медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Алматы облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Сессия соңында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясының шешімі бірауыздан қабылданды.

Жиын соңында этномәдени бірлестіктер дайындаған концерт ұсынылды.

6 шілдеде Астанада ақындар айтысы өтеді

Астананың туған күнінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Бағаналы ордам — басты ордам» ақындар айтысы өтеді. Еліміздің ең мықты суырып салма ақындары өзара сынға түседі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

c932c00d0d91280ac93cb3a669c.jpeg

Сахна төрінде осы кезге дейін талай айтыстарда топ жарған, көпшілікке кеңінен танымал 12 ақын өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназар және басқалары.

Ақындар айтысы атаулы датаға орйластырылып отырғандықтан, айтыстың басты тақырыбы еліміздің жетістіктері мен даму перспективалары, сондай-ақ, егеменді еліміздің қалыптасу тарихы болмақ. Ақындар қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелерді жырға қосады. Айтыскерлер өз ойларын сиқырлы сөзбен айтып, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізіп, өз тыңдармандарын қуантпақ.

«Бағаналы ордам — басты ордам» ақындар айтысының әділ қазылар алқасының құрамына танымал суырып салма ақын, қазақ халқының шығармашылығының осы бір ерекше түрін херттеп жүрген ғалым Аманжол Әлтаев, ҚР халық ақыны Қонысбай Әбілов, белгілі айтыскерлер Дәулеткерей Кәпұлы, Серікзат Дүйсенғазин және басқалары енді.

Айта кетейік, дәстүр бойынша Астана қаласының әкімдігі ақындар айтысын Елорда күнін мерекелеу аясында осымен оныншы рет өткізгелі түр. Жыл сайын ақындар «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында орналасқан сахнада өнер көрсетеді. Биыл айтыс елордамыздың ең үздік концерт залдарының бірі — Конгресс-холлда өтеді. Шілденің 6-сы күні сағат 15.00-де қазіргі заманғы қазақ ақындарының шеберлігін тамашалауға шақырамыз.

Тістің саулығына пайдалы 10 тағам

Тістің саулығына пайдалы 10 тағамҚазіргі таңда дүкен сөрелеріндегі сан-алуан тағамдардың бірқатары химиялық қоспаларға толы. Оларда адам ағзасына пайдасы мол табиғи дәрумендер жоқтың қасы. Мысалы, көп мөлшердегі қант, газдалған сусын, шарап секілді күнделікті тұтынатын тауарлар тістің бірден-бір жауы.

Дегенмен, тістің беріктігі мен тазалығына оң әсерін тигізетін азық-түліктер де аз емес. Біз сіздерге сондай тағамдардың 10 түрін ұсынамыз.

  1. Көк шай – құрамында полифенол және табиғи антиоксидантары быр көк шай тіс қабыршақтануынан қорғап, тіс жегінің алдын алады. Фторға бай көк шай тіс эмалін де қорғайды. Сондай-ақ, бұл шай түрі ауыз қуысын жағымсыз иістен арылтады.
  2. Сүт пен йогурт – бұл тағамдардың құрамында қант аз болғандықтан, тіс жегі қаупінен сақтайды, тіс беріктіне ықпалын тигізеді.
  3. Ірімшік – кальций мен фосфатқа толы ірімшік бактерияларды өлтіріп, тіс эмалін сақтайды.
  4. Жеміс-жидек – алма, құлпынай, апельсин, лимон, киви секілді жеміс түрлері С витаминіне бай келеді. Олар қызыл иектің зақымдауынан қорғап, пародонтоздың алдын алады.
  5. Көкөніс – асқабақ, сәбіз, картоп, брокколи эмаль мен қызыл иектің саулығына әсер етеді.
  6. Пияз – пісірілмеген, яғни шикі пияз антибактериалды қасиетке ие. Өз рационында пиязды жиі қолдансаңыз, тістеріңіз берік әрі ерекше таза болады.
  7. Сельдерей – сельдерейден бөлінетін сөл қызыл иекке ерекше пайдалы. Бактериялардан қорғайтын бұл тағам тістің тазалығына да пайдасы мол.
  8. Кунжут дәндері – тіс қабыршатануын алдын алады, эмальдің сақталуына көмегін тигізеді.
  9. Ет пен жұмыртқа – кальций, витамин D және фосфор тістің мықты әрі дұрыс өсуіне әсер етеді.
  10. Су – тіс зақымдануынан қарапайым су да қорғайды. Күнделікті дұрыс мөлшерде ішкен су ауыз қуысын тазартып, тамақ қалдықтарын болдырмайды.

Тістің саулығы тек тамақтанудың ғана емес, сондай-ақ, дұрыс күтімнің арқасында жүзеге асады. Тіс пастасы мен щеткасынан басқа, тіс жібі мен арнайы сұйықтықтарды қолданған абзал. Тіс жібі тамақ қалдықтарынан айрылтса, ауыз шайқауға арналған сұйықтық тіс жегінен сақтап, жағымсыз иістен қорғайды. Ауыз қуысы тазалығында тіл тазалығы да ерекше орын алады. Оны арнайы қасықпен немесе щеткамен тазалауға болады.

Уақытылы өткізілетін ауыз қуысы тазалығы мен дұрыс тамақтану ережесі тісіңіздің сақтығына оң әсерін тигізеді.

el.kz

Ер азаматтың жүрегін не жаралайды?

Ер азаматтың жүрегін не жаралайды?Зерттеушілер әйелдер үшін еркектің эмоционалдық сатқындығы көзге шөп салудан да қиын түсетіндігін анықтады.

Ал ер азаматтар үшін бәрі керісінше екен.

Әйел адам әуел бастан баласы үшін жанын беруге даяр. Сондықтан күйеуі жанұясын тастап кетпей, өзіне қорған болып, қамқор жасағаны әр әйел үшін өте маңызды.

Жары өзге біреуге ғашық болады деген ой әйелдің жүрегін жаралайды. Ал еркектердің жанын жегідей жейтін мәселе – өз балам деп алданып, өзге баланы тәрбиелеу. Сондықтан еркек әйелінің адал болғанын барынша қалайды.

“Яғни өзге еркекке ғашық болса да, көзіне шөп салмаса болғаны”, – дейді Норвеждік ғылым және технология университетінің мамандары.

Тәжірибеге мыңнан астам еріктілер қатысты. Нәтижесінде еркек пен әйел психологиясының басты айырмашылығы анықталды.

Тәжірибеге қатысқандар қызғаныш туралы төрт түрлі сауалнамаға жауап берді. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы сатқындықтың эмоционалды немесе сексуалдық көрінісін өте маңызды санаған (дамыған оқиғаның төрт түрлі сценариі ұсынылды).

45,9% еркекті әйелінің эмоционалды сатқындығынан гөрі өзгемен жыныстық қатынасқа түскені мазалайды екен. Ал әйелдер тарапынан тек 16,6% ғана бұл пікірді қолдады. Бұл әйел мен еркек психологиясындағы үлкен айырмашылық деп айтуға болады.

aikyn.kz

Алматы облысындағы су қорғау жолақтарын нығайту үшін 1 млрд. теңге бөлінді

Алматы облысындағы су қорғау жолақтарын нығайту үшін 1 млрд. теңге бөліндіАлматыда Есентай өзенінің Жетісу ауданындағы және Қарасу өзенінің Түркісіб ауданындағы учаскелері мен су қорғау жолақтарында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы су объектілерін және жер қойнауын пайдалануды реттеу бөлімінің басшысы Айдын Темешевтің айтуынша, бұл екі учаскеде 66 тұрғын үй мен 48 азық-түлік базасын су басу қаупі бар.

Есентай өзенінің Райымбек даңғылы мен Ангарский көшесі аралығындағы учаскесі қайта жаңғыртылады. Ұзындығы — 4,5 шақырым. Бұл учаскеде өзеннің табаны тереңдетіліп, жағасы темірбетонмен және габионды құрылымдармен нығайтылады.

Жергілікті бюджеттен бұл мақсатқа — 640 млн. жуық теңге бөлінді. Мердігерлік ұйым — «Спецстрой Компаниясы» ЖШС. Қайта жаңғырту жұмыстары қазір басталып та кетті. Ол биылғы жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады.

«Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылы аралығында негізінен жеке тұрғын үйлер, зират, өндірістік базалар орналасқан. Ал Рысқұлов даңғылы мен Маркелов көшесі аралығында тұрғын үйлер өзен арнасына өте жақын орналасқан. Оның үстіне бұл аумақта қоймалар, базарлар бар. Яғни, өте қауіпті участок. 450 жеке тұрғын үй бар. Сел бола қалса, бұл үйдерді су басуы мүмкін. Біз қазір

Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының тиісті рұқсатын алдық. Енді өзен арнасында өсіп тұрған, құрылысқа кедергі келтіретін 170 ағаштар алынып тасталады», — деді ол.

Ал Қарасу өзеніндегі қайта жаңғырту жұмыстары  Ипподром мен Ержанов көшесі аралығындағы учаскесінде жүргізіледі. Ұзындығы — 4,2 шақырым. Жоспар бойынша өзеннің табаны тереңдетіліп, жағасы нығайтылады. Жергілікті бюджеттен бұл жұмыстарға — 540 млн. теңге бөлінді. Жұмыс алдағы желтоқсан айында аяқталады.

«Жөндеу жұмыстары барысында коммуникация желісі өшірілмейді. Есентай өзені бойынша желілердің орны ауыстырылады. Бірақ, бұл жөнінде меншік иелерімен алдын ала келісіп алынады», — деді А. Темешев.

ҚазАқпарат 

Алматы облысының Үшарал қаласындағы аэродром алдағы жылы жаз маусымында әуе рейстерін қабылдауды бастайды

Алматы облысының Үшарал қаласындағы аэродром алдағы жылы жаз маусымында әуе рейстерін қабылдауды бастайдыАлакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамыту туризм саласын дамытудағы басым бағыттардың бірі. Қазіргі уақытта жаңа қонақ үй, демалыс аймақтары мен нысандарының құрылысына қатысты жұмыстар басталды. Өз кезегінде туристерді Алакөл жағалауына қауіпсіз және жайлы жағдайда жеткізу үшін Үшарал аэродромына тұрақты ұшуларды қалпына келтірудің қажеттігі туды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

Қазіргі уақытта Үшарал қаласының әскери аэродромын  азаматтық авиация үшін бірлесе пайдалануды қарастыратын ҚР ИДМ мен ҚР Қорғаныс министрлігінің «Аэродромдарды бірлесе игеру және бірлесе орналасатын аэродромдардың тізімін бекіту жөніндегі» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Сонымен бірге Алматы облысының әкімдігі Үшарал әуежайы аэровокзалы ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу аяқталды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жақын күндері бастау көзделіп отыр. Сондай-ақ, ұшып-қону алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы және әуе қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті радиотехникалық және метеорологиялық құрал-жабдықтар орнатуға қатысты мәселелер шешілуде.

Бизнес жүргізудің xалықаралық тәжірибесі

0


Осындай тақырыпта Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастырған Өңіраралық бизнес-тағылымдамалар аясындағы кездесулердің бірі жас, дегенмен бизнес акуласына айналған кәсіпкер — Эрик Сагиевпен өтті. Жас кәсіпкер — «Hamstar» кофеханаларының негізін қалаушы және балалар мен ересектерге арналған Мәскеудегі атақты «Андерсон» кафелер желісінің франшизасының иесі. Осыған қоса, қазіргі таңда Эрик «Сарыарқа» Астана қаласының кәсіпкерлер Ассоциациясының басқарма кеңесінің мүшесі.

Өңіаралық жас кәсіпкерлерге арналған бизнес-тағылымдамалардың қатысушылары өздерінде туындаған «Мейрамxана бизнесінің ерекшеліктері қандай?», «Интерьер мен меню қандай болуы қажет?», «Бизнесті сәтті қылу үшін не істеу керек? Қазіргі таңда қандай қиыншылықтар кездесуі мүмкін?» сияқты сұрақтарға өз жауаптарын алды. Эрик Сагиевтің айтуы бойынша мейрамхана ісіндегі сәттілік кепілі – қанша ақша табуды ойлау емес, ал тұтынушы талаптарына жауап беру.