«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «ARTA Software» IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты. Компания ұйымдарды басқару үшін және жұмысты жүйелеу үшін бағдарламалармен қамтамасыз етеді . «ARTA Software» бағдарламалармен қамтамасыз ету әзірлеуші компания ретінде 2005 жылы құрылды. Кәсіпорынның атауы ежелгі скифтердің сенімдеріне байланысты қойылған. Мағынасы шабыт, ақиқат, әділдік, тәртіп, сондай-ақ адал еңбекті іске асыру болып табылады. Ұйымның басты мақсаты тұтынушылардың шығындарын қысқарту және инвестиция қажеттілігін барынша азайту, сату өнімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті артықшылықтарға ие болу.
Еліміздің әр өңірінен келген жас бизнесмендер кәсіпорынмен танысу барысында кәсіпорынның жетекшісі Болат Башеев мырзамен танысты. Өз кезегінде кәсіпорын жетекшісі бизнес барысында кездескен қиыншылықтарынмен бөлісті, жұмыс барысында жасаған қателіктерін атап өтіп олардан арылуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-і күні «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен өз бастамасын алды. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.
«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы барысында жас бизнесмендер «ARTA Software» IT-компаниясының жұмыс барысымен танысты
Алматының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 26 балалар алаңқайы пайдалануға беріледі
Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Рахат» шағын ауданында «Жаңа Алатау» қоғамдық қорының қайырымдылық қаражатына балалар алаңқайы жасалып, пайдалануға берілді.
Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бұл биыл Наурызбай ауданында ашылған төртінші балалар алаңқайы. Жыл соңына дейін тағы да 22 балалар спорт алаңын пайдалануға беру жоспарланған.
Осылайша, қазіргі таңда оңтүстік астанада «Алматы-2020» бағдарламасының «Әлеуметтік бағдарланған қала» бағытына сәйкес, ішкі аулалық аумақтарды дамыту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
«Қаланың спортттық инфрақұрылымын салу — 2020 жылға қарай, спортпен тұрақты түрде айналысатын қала тұрғындарының үлес салмағын 30 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.
Айта кетелік, қолданысқа берілген жаңа алаңқайда 288 шаршы метрлік мини-футбол алаңы, көше тренажері, балалар әткеншектері, жарақат алудан қорғайтын 140 шаршы метрлік резеңке төсеніш, сондай-ақ, қоқыс тастайтын жәшіктері бар орындықтар орналасқан.
Абаттандырылған нысанның жалпы аумағы — 1000 шаршы метр.
Жобаның құны — 12 млн теңге.
Айта кетелік, осы аптаның соңына қарай, Наурызбай ауданында тағы 2 алаңқайдың құрылысы аяқталады.
Ұшықты емдеу тәсілдері
Көп тараған аурулардың бірі — ұшық. Суық тигенде ерінге ұшық шығады. Ол – суық тиюдің белгісі. Ұшық алдымен қызарады, сосын қыши бастайды. Одан әрі инемен сұққылағандай болып, ісініп кетеді. Зерттеуші ғалымдар ұшықтың қайталануы стрестік жағдайлардан болады деп санайды.
Ұшық жұқпалы. Сол кезде «симплекс ұшығы» деген вирус аузыңызға кіріп кетіп, ұшық жұқтырасыз.
Ұшықты емдеу, алдын алу, жеңілдету үшін мынандай ережелерді сақтау қажет:
1.Ұшықты таза әрі құрғақ ұстайды. Мазаламаса, тиіспеңіз. Іріңге толып кетсе, дәрігерге көрсетіңіз;
2. Тіс щеткасын ауыстырыңыз. Тіс щеткасын дымқыл жерде ұстауға болмайды. Дымқыл ауа вирустың өмірін ұзартады;
3. Ұшыққа мақта шөкімімен вазелин жағып қойған жөн. Мырыштың 2 пайыздық ертіндісімен ұшықты тәулігіне бірнеше рет сүртсе, тез жазылады;
4. Құрамында аргинині мол шоколад, кола, бұршақ, жержаңғақ, желатин мен сыраны тұтынуды шектеңіз;
5. Ұшық көбінесе стрестік жағдайлардың салдары болғандықтан, жақсы демалып, бұлшық етті бос ұстаңыз.
6. Ұшықты жазу үшін алоэның сөлін сығып алып, оны шай қасықпен күніне 2-3 рет ішіп отырады. Және де терек ағашының сөлімен ұшық шыққан жерді күніне 2-3 рет сүртеді.
Алматы облысында «Ауылым — алтын бесігім» форумы өтуде
Талдықорған қаласындағы «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» аумағында аудандық және қалалық қоғамдық келісім кеңестерінің оңды тәжірибесін бөлісу және жұмыстың тиімді түрлерін анықтау мақсатында облыстық форум өткізілді.
Форум, сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру, жастарды Қазақстандық Патриотизм рухында тәрбиелеу, қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ұйымдастырудағы алдыңғы қатарлы тәжірибені өңірлерге таратуды мақсат етеді.
Басқосу аясында қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыстары туралы ақпараттық стендтер, альбом, кітапшалар көрсетіліп, этномәдени бірлестіктердің қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық орыс орталығының төрағасы Бузыкин Александр Александрович және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Элефтерия» облыстық грек ЭМО-ның төрағасы Иорданиди Георгий Константинович еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық сақтау, бірлік пен келісімді нығайту шаралары, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру жайында сөз сөйледі.
Бүгін бұл шара Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мәжілісіне жалғасып, онда Ассамблея жанынан құрылған кеңестер жұмысы туралы есептер тыңдалады. Сонымен қатар форумдағы ең үздік жұмыстардың иелеріне ақшалай сыйлықтар табысталатын болады.
Астанада жауынгерлік жекпе-жектердің үздік спортшылары өнер көрсетеді
Бүгін «Дәулет» ұлттық теннис орталығында екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтеді. Шара барысында Қазақстан, Ресей, Қытай, Италия, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің үздік жекпе-жек өкілдері бір аренада өз өнерлерін ортаға салады.
Фестиваль бағдарламасы бойынша көрермендер назарына 11 дисциплинадан көрнекі ұрыстар көрсетеді, соның ішінде джиу-джитсу, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай (тайс боксы), вин-чун, қазақ күресі, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань, пекити-тирсия кали.
Биыл шараға аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлғалар қатысады. Өткен жылғы фестивальге қатысқан актер, кәсіпқой спортшы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша әскери нұсқаушы Сергея Бадюк спорт сүйер қауым үшін тосын сый болмақ. Маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды.
Сонымен қатар, 29 маусымда екінші Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалінің қатысушылары Астана қаласының спорт мектептерінің шәкірттеріне арналған шеберлік дәрістерін өткізеді. Олар тай боксының ерекшеліктері мен артықшылықтарын іс жүзінде көрсетіп, жаңа бастап отырған спортшыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап береді.
Адамның өмір жасын ұзартатын тағам табылды
Ғалымдар таңертең сұлы жармасын тағам ретінде дайындап, жеу мен ұзақ өмір сүрудің арасындағы байланысты анықтады.
Таңертең тек баланы ғана емес, сонымен бірге өзіңіз де сұлу жармасынан әзірленген ботқаны жеуге кеңес береді мамандар. Бұл ботқаның құрамында ағзаға пайдалы нәрлі заттар бар, ол ағзаның күні бойы қалыпты болуына себін тигізеді.
Сондай-ақ, «нашар» холестериннің деңгейін төмендетеді. Ісік ауруларының алдын алуға да әсері бар, әрі өмірді ұзартады. Дәрігерлер 7 жылдан астам балалардың денсаулығы жағдайына талдау жасағаннан соң осындай тұжырымға келген. Олар 3 және одан үлкен жастағы 10 мыңдай баланы тексерген.
Ал олар аптасына 5 рет сұлы жармасынан пісірілген ботқа жеген. Тәжірибеге қатысқандар 10 жасқа дейін артық салмақ қоспаған, — деп хабарлады Myjane. Дене салмағы қауіпті ісіктердің туындау тәуекелін елеулі төмендетеді, дейді дәрігерлер.
Елордалық мектептер үздік ондыққа енді
Биыл ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа баллының қорытындысы бойынша Астананың үш мектебі республикамыздағы үздік мамандандырылған мектептер ондығына кірді. «Дарын» мамандандырылған лицейінде ҰБТ-ның орташа баллы 113-ті, дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің орташа көрсеткіші 111,98 баллды және дарынды қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінде 111,63 баллды құрады.
Жалпы, еліміздегі дарынды балаларға арналған 124 мектептің бесеуі елордада орналасқан. Соның ішінде, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі мен дарынды балаларға арналған № 81 «Astana English School» гимназиясы бар.
Еске салайық, 2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша үздік мамандандырылған мектептер тізіміне дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде»мектебі енген болатын, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Астана Елорда күніне орай безендірілуде
Қала тұрғындары мен қонақтары әдемі мерекелердің бірі – елорда күнін қарсы алады. Ару Астана жаңа кейіпке енбек – ғимараттардың мерекеге орай безендірілген қасбеттері, жарқ-жұрқ еткен конструкциялар және шағын сәулетті пішіндер ерекше атмосфера орнатпақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алматы ауданында 21 жарықдинамикалық панно мен 375 кронштейн орнатылған. Басты көшелерге консольдік тулар, ал Бейбітшілік пен келісім сарайының және «Жерұйық» паркінің алдына ту паннолары қойылды. Парктердегі шамдар мен көпірлер мерекеге орай гүл шарлармен безендіріледі.
Жалпы, «Алматы» ауданының аумағында шағын сәулеттік пішіннің 22 жиынтығы орнатылып, ғимараттардың қасбеттері әрленеді.
Сол жағалауда керемет шарлар мен тырналар көздің жауын алады. Ал баршаның көзайымына айналған «I Love Astana» конструкциялары Есіл өзенінің жағасына, Астаналық паркте, Қабанбай батыр даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында, «Жан Жүрегім Астана» – «Астана Опера» театрының жанында, «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығының жанында және Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Я люблю Астану» конструкциясы орнатылды.
Елорданың туған күніне орай ағаштар да безендіріледі, «Құрманғазы» гүлбағында декоративтік рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. «Арай», «Ғашықтар» парктерінде, «Астаналық цирк» гүлбағында, «Астана Опера» театры ауданындағы гүлбақта және «Есіл» ауданы әкімдігінің жанында жарықтандыру тіректерінде кронштейндер безендіріліп жатыр. «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына қарсы жерасты өткелі, «Астана Опера» театрының алдындағы көпір, Орынбор көшесіндегі екі жаяу жүргіншілер көпірі мен «ҚазМұнайГаз» көпірі, Сығанақ көшесіндегі «Транстроймост» көлік жолайырығы әдемі жарықтандырылатын болады. Мұнымен қоса, тұрғын үйлердің қасбеттерін безендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Сарыарқа» ауданының әкімдігі орталық көшелерді, алаңдар мен мерекелік шаралар өтетін орындарды безендіруді қолға алды. Осылайша, Есіл өзенінің жағасында арка орнатылып, жаяу жүргіншілер көпірі безендірілді, қалалық алаңда ту конструкциялары мен сауда шатырлары болады.
Аудан аумағында «Көбелек», «Көбелектің ұшуы», «Астана күні», «Кемпірқосақ», «Жүзімнің сабағы», «Геометриялық тоннель», «Стильденген жануарлар», «Кілт», «Гүл аркалары», «Көше жиһазы» және т.б. шағын сәулеттік пішіндер орнатылады.
Ал теміржол вокзалының жанында, қалалық алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, ҚР қаржы министрлігі ғимаратының және абай ескерткішінің жанында қала тұрғындары мен қонақтары «Инстаграм» және «Астаналық фото» гринобустарымен (фотостендімен) естелікке суретке түсе алады.
Ел ордасы — Астана қала тұрғындарын қуантып, қала қонақтарын қарсы алуға дайын.