Домой Блог Страница 171

Елордада «Аялаған Астана» конкурсы өтеді

Елордада «Аялаған Астана» конкурсы өтедіКеше Астанада Оқушылар сарайында жыл сайынғы IV «Аялаған Астана – 2016» республикалық конкурсы басталды. Оған Қазақстанның өңірлерінен кастингтен өткен 7-13 жастағы 12 талантты бала қатысты. Конкурс 2 шілдеде сағат 13:00 «Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирде өтеді. Жобаның бас продюсері Лина Арифулина бастаған қазылар алқасы балалар шығармашылығына өз бағасын беретін болады. Сонымен қатар, ұнаған қатысушыға оның тиісті номері бойынша СМС арқылы дауыс беруге болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, балалар музыкалық ұжымның сүйемелдеуімен жанды дауыспен ән айтады.

Қатысушылар Астанаға келді және Қазақстан мен Ресейдің үздік педагогтарымен дайындалуда. Конкурсқа қатысушылардың бос уақыттары жоқ. Олар қаланың көрікті жерлерін аралап, «Балапан» телеарнасының түрлі балаларға арналған шараларына қатысады.

«Аялаған Астана – 2016» конкурсының гран-при иегері белгілі «Артек» лагерінде өтетін «Балалар Жаңа толқыны — 2016» халықаралық байқауына қатысуға жолдама алады.

Аталған жобаны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, «АРС» компаниясы (Ресей), «Қазақстан» РТРК және «Нұр Отан» партиясы.

Алматы облысында 200-ден астам сарбаз Әскери ант қабылдады

Алматы облысында 200-ден астам сарбаз Әскери ант қабылдады Алматы қаласына жақын аудандардың бірі Жамбыл ауданының орталығы — Ұзынағаш кентінде орналасқан ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 28237 әскери бөлімінде жауынгерлерінің Әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті.

Қолына қару алған жауынгердің өміріндегі маңызы зор, айтулы сәтке «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшы құрамы, аталмыш әскери бөлімдердің ардагерлері мен жеке құрамы, сондай-ақ ант қабылдаушылардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауынгерлдердің қатарын Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының өкілдері құраған. Олар осыған дейін, бір ай бойы әскери қызметтің қыр-сырымен танысып, Отан қорғаушыға қажетті жауынгерлік дайындықтан өтіпті.

Өзінің құттықтау сөзінде ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Нұрбай Бектұрсынов жауынгерлерді Әскери антқа адал болуға шақырды.

«2016 жылды құқықтық тәртіп әскерлері — Ұлттық ұлан «Тәуелсіздік — тұғырымыз, Отанға қызмет міндетіміз» атты ұранмен бастағанын білесіздер. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тәуелсіз еліміз — Қазақстан Республикасы экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. Біз бұл жетістігімізге ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен отандастарымыздың жанқиярлық еңбегі сондай-ақ, елім деген есіл ерлердің ерен ерліктері арқасында қол жеткіздік. Сіздер де сабақтастықтың алтын жібін үзбей, тәуелсіздік күзетіндегі жаужүрек жауынгерлер болуларыңыз қажет»,- деді полковник Нұрбай Бектұрсынов.

Әскери бөлім командирі полковник Нұрлан Мұстафин де жауынгерлерге ізгі тілегін білдіріп, ата-аналарды әскери бөлімге ашық есік күніне шақырды.

Айта кетелік, аталмыш әскери бөлімнің міндетіне төтенше жағдайлар мен табиғи және техногенді апаттардан халықты  құтқару жұмыстары кіреді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қазақ халқының біртуар перзенті, Кеңес Одағының батыры  Бауыржан Момышұлы атын иелеген әскери бөлімде Отанға Ант берген жауынгерлер ел басына күн туғанда батыр бабаларымыз секілді өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратындықтарына сенімді.

ҚазАқпарат

«Тату» жасатқан адамдар ашушаң болады

татуДенесіне сурет салдыру соңғы жылдары белең алып кеткені белгілі. Бұрын оны көбінесе түрмеде жазасын өтеушілер мен байкерлер ғана жасататын.

 Қазір көп адамдар денесіне сурет салғызатын болды. Кэмбридждегі Энглия Раскин Университеті ғалымдарының жүргізген жаңа зерттеуі «татуды» жасатқан адамдардың көпшілігі агрессивті және бүлік тудыруға бейім екендігін көрсетті, деп хабарлады The Daily Mail.
Зерттеуге 20-58 жас аралығындағы 378 (181 әйел, 197 ер адам) адам қатысты. Олардың 97-сінде «тату» болған. Зерттеушілер тату жасатпаған адамдарға қарағанда, оны жасатқан адамдарда шалт мінез, пиғылы бүлік шығаруға басым екенін байқаған. Ғалымдар екі топ арасындағы білім және әлеуметтік мәртебе деңгейіндегі айырмашылықты анықтамады.
«Тату» жасатқан адамдар ашушаң болып шықты. Зерттеушілер бүлікшіл адамдардың теріс эмоциялары оларға тату жасатуға мәжбүрлеуі мүмкін деп болжады.

aikyn.kz

Алматы облысының 15 компаниясы «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға ниетті

Алматы облысының 15 компаниясы «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға ниеттіАлматы облысының 15 компаниясы «Алтын сапа» мен «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысуға өтініш білдірді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша жыл сайын табысталады. Ал «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесінің басты мақсаты — отандық кәсіпорындар мен ұйымдар өнімдерінің сапасын арттырып, оның қызметін өзектендіру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жағдай жасау, сонымен қатар, сапа идеяларын көпшілікке тарату. Өткен жылы Астана қаласында «Үздік өндірістік тауар» аталымында облыс атынан «Рыбпром» ЖШС марапатталған болатын. Ал «Байсерке Агро» ЖШС «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанған.

Облыстық кәсіпкерлер палатасында байқауға қатысу ережелері, қатысу мен бағалау әдістемесі бойынша оқу-семинары өткізіліп, биыл оған жергілікті 27 компания қатысты. Айта кету керек, байқауларға қатысу өтініштері осы жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. Кейін сарапшылар тобы облыстық кезең қатысушыларын анықтайды. 2015 жылы аймақтық кезеңге Алматы облысының 32 кәсіпорны қатысқан болатын.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Әсет Шаяхметовтің айтуынша, байқау өңірдің ең үздік өндіріс орындарын анықтайды.

«Байқау критерийлері кәсіпорындардың мықты тұстары мен алдағы уақытта дамытуы қажет бағыттарын анықтайды. Сондай-ақ, қатысушысы атанудың өзі өндірістің дамуына серпін береді, тауар өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Бұл мәселе қазақстандық бизнес үшін ЕАЭО мен ДСҰ жағдайында аса маңызды», — деп атап өтті Ә.Шаяхметов.

ҚазАқпарат

Басты мақсат – медиация институтын дамыту

Басты мақсат – медиация институтын дамытуБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен облыстық соттың төрағасы Мейрамбек Таймерденов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімнің негізгі мақсаты – облыстағы сот жүйесін модернизациялау мақсатында атқарылатын жұмыстарды «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жүргізу.

Кездесу барысында облыс әкімі А. Баталов бұл меморандумның бұдан әрі де жетістіктер мен жемісті ынтымақтастыққа ықпал ететінін жеткізді.

— Бүгінгі күні Президент белгілеген 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау маңызды міндеттеріміздің бірі, онда сот жүйесін жаңғырту жөнінде 11 мақсатты қадам айқындалған. Бұл орайда бітімгершілік рәсімдері мен медиация тәжірибесін дамытудың маңызы зор. Бұл екі тараптың дауды қысқа мерзімде, материалдық және моральдық жағынан неғұрлым аз шығынмен шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке бір қадамда атап көрсетілген сот процестерін дыбыс-, бейнежазба жүйелерімен қамту ісі де облыста енгізіліп жатқаны қуантады. Енді біз меморандум шеңберінде үш басым бағыт аясында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізетін боламыз, — деді А. Баталов.

Облыстық соттың төрағасы М. Таймерденов басым бағыттар ретінде облыстың аудандық соттарының жанынан арнайы кабинеттер ашу, қоғамда беделі бар азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін кәсіби емес медиацияны дамытуға тарту істерін атап өтті.

Сонымен қатар М. Таймерденов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының рейтингісі бойынша Алматы облысының соттары медиацияны қолдану мен дамыту жағынан алдыңғы қатарда екенін жеткізді.

ТОП-3 Жазғы диеталар

5770ad41302ebЖаз – артық салмақ қоспай өзіңді тәтті-дәмділермен еркелетуге арналған тамаша маусым. Назарларыңызға жазға арналған үш диета түрін ұсынамыз.

Құлпынай диетасы

Құлпынай диетасы – өте тиімді, жағымды және дәмді жазғы диета. Оның көмегімен сіз 4 күнде 4 кг салмақ жоғалтуыңызға болады. Бұл диетаға отырсаңыз күніне 1 кг құлпынай тұтынып, рационыңыздан тәтті және қуырылған, алкоголь, кофе, майлы тағамдарды алып тастайсыз.

1 күнгі тамақтану үлгісі

Таңғы ас: 250 г құлпынай, 1 стақан майсыз айран және жасыл алма. Осыларды пайдаланып блендермен дәмді йогурт жасауыңызға болады.

Түскі ас: 1 стақан құлпынай, 80 г тауықтың қайнатылған төс еті, 2 қияр және аскөктен жасалған салат.

Тіске басар: 150 г құлпынай.

Кешкі ас: 2 стақан құлпынай, 80 г майсыз сүзбе немесе 1 стақан майсыз айран.

Шие диетасы

Шие диетасы – сізді артық салмақтан арылтып, денеңізді тазартып және жасартады. Осы диетаны ұстай отырып, сіз екі аптада 3-5 кг салмақ жоғалтасыз. Ол үшін күніне 1-1,5 кг шие тұтынуыңыз қажет. Ол сіздің тәттіге деген құмарлығыңызды басады.

1 күнгі тамақтану үлгісі

Таңғы ас: 450 г шие және 1 стақан айран.

Түскі ас: 250 г шие, пісірілген балық немесе тауық еті.

Тіске басар: 200 г шие.

Кешкі ас: қиярмен аскөктен жасалған салат және 150 г шие.

Ұйықтардан 2 сағат алдын 1 стақан майсыз айран.

Қияр диетасы

Бұл диетаға 1 апта отырғаннан кейін сіз 5 кг дейін салмақ жоғалтасыз. Қиярдың колориясы аз болғандықтан, қияр ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады және теріні тазартады. Бұл диетаның ережесі бойынша, сіз күніне 5-6 рет тамақтану арқылы 1-2 кг қияр жеуіңіз қажет. Сонымен қатар, сізге кофе, балық, ет, тәттілер және қуырылған тағамдардан бас тартуыңызға тура келеді.

1 күнгі тамақтану үлгісі

Таңғы ас: 2 қияр және кебектен жасалған нан.

Түскі ас: Көкөністерден жасалған сорпа және 2-3 қияр.

Тіске басар: 1 алма немесе грейпфрут.

Кешкі ас: Қиярдан жасалған салат және өсімдік майы қосылған салат.

Ұйықтардан 2 сағат алдын 1-2 қияр.

anabol.kz

Астаналық жастар қайырымдылық жасады

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арналған “25 Игі іс” атты республикалық акция аясында астаналық энтузиаст жастар аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасыларға көмек көрсетті.

Рамазан айында осындай игі істің бастамашысы болған — Олжас есімді жас жігіт. Ол инстаграмдағы парақшадан Астанадағы көмекке зәру отбасылар туралы ақпарат оқып, оларға мүмкіндігінше көмектесуді ұйғарыпты.  Содан соң өзі сияқты жастарды шақырып, қаражат жинаған.

Олжастың жанына топталған адамдардың әлеуметтік деңгейлері әртүрлі.  Араларында жұмыс істейтіндері, жұмыссыздары, студенттер де бар. Олардың бірі — ақша берсе, бірі — киім-кешек, бірі — ойыншық берген.

Шара барасында жастар қаланың әр шетінде тұратын көмекке зәру он бес жанұяға қайырымдылық жасады. Жиналған қаражатқа бір қап картоп, ұн, ет, күріш басқа да қажетті азық-түліктер алып, әр отбасыға таратып шықты.

«Біз бұған дейін тіпті таныс та емес едік. Біздің басымызды қосқан – осы игі іс. Ешкім ешкімді қыстаған жоқ. Мұнда келгендердің бәрі көмекке зәру жандарға бейжай қарамайтын жастар» дейді Ару Байғалиева.

13507155_600892960072937_2970383199868830519_n 13516367_600892856739614_5473191314636033490_n 13466519_600892866739613_4084470152127644499_n

Астана – Дуатлон – 2016

Елордамызда екінші рет қатарынан дуатлон өткізілді. Турнирге 300 астам қала тұрғындары мен өзге де аймақтардан келген қатысушылар қатысты.

Олардың арасында әйгілі велошабандоз Александр Винокуров, Республикамыздық Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиярұлы да бар. Жарысқа қатысушылар әуелі 5 километр жүгіріп өтті. Одан кейін 15 километр велосипедпен жарысты, қорытынды кезеңде – тағы да 5 километр жүгірді. Осылайша барлығы 25 километр қашықтықты құрады. Мұның символикалық мағынасы бар. Себебі еліміздің егемендігіне биыл – 25 жыл. Жеңімпаздарға теледидар, ноутбук, кроссфитке абонемент секілді сыйлықтар табысталды. Турнирдің ұйымдаструшыларының айтуынша дуатлон алдағы жылдары да жалғасын табатын болады. Себебі жылдан-жылға қатысушылар саны еселеп келеді Бұл елорда тұрғындары арасында велоспортқа деген қызығушылық артқанының көрсеткіші болса керек.

Автор: Шырақ Байкенова

Астанада ашық аспан астында балеттік қойылым өткізіледі

Астанада ашық аспан астында балеттік қойылым өткізіледі

2 шілдеде елорда күні қарсаңында Тәуелсіздік сарайы алдындағы ашық алаңда «Астана Опера» театры Л. Минкустың керемет «Баядерка» балеттік спектаклін ұсынады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа жобасы — ашық аспан астындағы балеттік қойылымы — Астана күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша сый болады.

Ұйымдастырушылар әсерлі де жарқын, ауқымды бейне-инсталляциялы сауықтық балет, қаламыздағы мерекелік іс-шараларға ерекше көрік береді деп есептейді.

Әйгілі сценограф Эцио Фриджерио дайындаған экзотикалық Үндістанның әсерлі көріністері, «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапиноның таңдаулы костюмдері Тәуелсіздік сарайы аясында өтетін мерекеге жаңа рең беретіні сөзсіз.

«Астана Опера» театрының шығармашылық тобының пікірінше, мұндағы драма мен лириканың үйлесімді байланысы, дивертисменттік билердің әралуандығы, әлемдік хореографияның жауһарларының бірі саналатын әйгілі көлеңкелер патшалығы көрінісінің әсерлі көркемдігі, көрерменге ең жарқын және терең әсер қалдырады.

«Жобамыз Тәуелсіздік сарайының сәулеті мен көркем дизайнын ескере отырып жасалды. Көрерменге арналған 1 400 орны бар үш деңгейлі алаң дайындаймыз, сондай-ақ тропикалық джунглияда тұнып тұрған әсем салтанатты сарайлар, жұмбақ ғибадатханалар бой көтеретін шымылдығы бар сахналық алаң болады. Қойылым соңында сахна үстінде пайда болатын балериналардың көлеңкесі арнайы тұғыр арқылы жүзеге асырылады. 20 астам проектор арқылы көрсетілетін бейнелер, Тәуелсіздік сарайы ғимаратының төбесін тұтас қамтиды», — дейді «Астана Опера» театрының көркемдік қойылым кешенінің жетекшісі Виктор Караре.

Әйгілі балет желісіндегі махаббат үш тағанының кейіпкерлері — нәзік баядеркашы Никия, ержүрек жауынгер Солор және радждың тәкаппар қызы Гамзатти. Бұл күні басты партияларды қазақстандық балеттің жарқыраған жұлдыздары, «Астана Опера» театрының жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мәдина Баспаева (Никия), Тайыр Гатауов (Солор), Гауһар Усина (Гамзатти) орындайды. Қойылымға 120 жуық  балет әртісі мен миманс қатысады.

«Ашық аспан аясында билегенде, ерекше күйге енесің. Самал желдің костюмді желпіп өткенін, ұланғайыр кеңістік пен мүлде басқа жарықты сезіну — осының барлығы алғашында әртістер үшін үйреншікті емес. Күннің ашық болатынына үміттенеміз, өйткені, ауа шамалы ылғалданса, балетке арналған еден суланады да, оның үстінде билеу мүмкін емес», — дейді спектакльдің қоюшы хореографы, «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова.

Жаңа Панама каналын алғашқы кеме жүзіп өтті

Жаңа Панама каналын алғашқы кеме жүзіп өттіҚытайдың контейнер тасушы кемесі кеңейтіліп, қайта ашылған жаңа Панама каналын кесіп өткен алғашқы кеме атанды.

Кемені каналдың Атлант мұхиты жақ бөлігіндегі қос жағалауында мыңдаған адам қарсы алды.

77 км болатын жаңа арнаның құрылысы 2007 жылы басталған және 2014 жылы аяқталуы тиіс болған.

Алайда бұл жобаны қаржыландыруға қатысты туындаған шерулер оның аяқталу мерзімін кешеуілдетіп жіберді. Жоба құны — 5,2 млрд. доллар.

Айта кетейік алғашқы Панама каналы 1914 жылы ашылған болатын.

ҚазАқпарат