Домой Блог Страница 172

Блогерлер Жетісу табиғатына тәнті болып қайтты

Алматы облысының ішкі туризмін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Re-Public» блог-туры мәресіне жетті. Бұл шара Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында көрсетілген отандық туризмді дамыту тапсырмасы аясында ұйымдастырылған болатын.

Блогерлер Жетісу табиғатына тәнті болып қайтты

Блог-турға Ақтау, Шымкент, Семей, Қарағанды, Қостанай, Орал, Көкшетау, Алматы қалаларынан 50-600 мыңға дейінгі жастар аудиториясын қамтып отырған әлеуметтік желі парақшаларының әкімшілері қатысты. Бір аптаға созылған блог-тур барысында Қазақстанның әр түпкірінен жиналған блогерлер Түрген сарқырамасы, Есік, Қайыңды,  Көлсай көлдері, Шарын шатқалы, Әулиеағаш, Жаркент мешіті, Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағы және Бұрқанбұлақ сарқырамасына саяхат жасаған болатын. Олардың сапары бүгін Талдықорған қаласында аяқталды. Саяхатшыларды Алматы облысы әкімінің орынбасары  Бақтияр Өнербаев пен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев бастаған Жетісу жастары күтіп алды. Алқалы жиында блогерлер бір апта бойы алған әсерлерімен бөлісіп, екі тарап өзара пікір алмасып, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Абзал Әуелбеков, «Шырайлы Шымкент» әлеуметтік парақшасының әкімшісі:

— «Re-Public» сынды жобалар еліміздің ішкі туризмін дамытуда үлкен үлесін қосады деп білемін. Бір апта бойы  Алматы облысының көрікті жерлерін  көріп, үлкен әсер алдық. Өйткен, мұндай әсем табиғатты бұған дейін шетелдік бағдарлама, кинолардан ғана көретін еді. Ал бұл жолы сондай керемет жерлердің өзіміздің Қазақстанда барын көріп таңқалдық. Тамсанып жүрген Еуропа да, Америка да керек болмай қалды, — деген жүрекжарды лебізімен бөлісті.

ОҚО соты мен облыс әкімдігі арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

ОҚО соты мен облыс әкімдігі арасында ынтымақтастық  меморандумына қол қойылдыОңтүстік Қазақстан облыстық сотында татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты жағдайда қол қойылды.

Іс-шараға өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов, облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялар қатысты.

Өз кезінде облыс әкімі аталған құжаттың маңыздылығын айтып, оны бекіту қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге ықпал ететінін және дауларды сотқа дейінгі реттеп, қолайлы құқықтық орта туғызудың қоғамдық-саясилығын атап өтті.

Жиында сөз алған облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов бүгінгі жүзеге асып жатқан ынтымақтастық туралы меморандум Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған идеяларына толықтай сай екендігін жеткізді. Меморандум аясында тараптар көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді ынтымақтаса отырып, жүзеге асыратындарын айтты.

Қол қою рәсімінен соң қонақтар Шымкент қаласының Әл-Фараби және Қаратау аудандық соттарының ғимараттарын аралап көрді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Жабайы табиғаттың үздік фотолары

Лондондағы Табиғат тарихы музейі дәстүрлі «Жабайы табиғаттың үздік фотографы» атты мәртебелі халықаралық байқаудың жеңімпаздарын жариялаған болатын.

Байқау бірнеше номинация бойынша жүргізілді. Олардың қатарында: «Әсер», «Аспаннан қарағандағы көрініс» және «урбанизм» номинациялары да бар. Барлығы аталған байқауға 96 мемлекетте түсірілген 42 мың фото қатысты.

Бұл мақалада Сіздердің назарларыңызға сол байқаудан іріктеліп алынған жабайы табиғаттың үздік фотолары ұсынылып отыр. Оған қоса ең қызықты, ең сәтті кадрлар мен олардың түсірілімі жайлы шағын тарихи деректерді де оқи отырыңыздар.

Жабайы табиғаттың үздік фотолары

Байқау жеңімпазы – осы фото. Жаһандық жылынудың әсерінен түлкілер канадалық тундраның солтүстігіне, поляр түлкілері мекен ететін жерге, көшуге мәжбүр. Олар бір-бірімен бәсекелес (екеуі де лемминг секілді шағын сүтқоректілермен қоректенеді) қана болып қоймай, бір-бірін жеуге де барады – түлкілер өз «туыстарымен» қоректене береді.

Жабайы табиғаттың үздік фотолары

Брайда жолақ киті сардина үйірін қақ жарып өтіп, мыңға жуық балықты бір жұтыммен қорек қылуда. ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) шығыс жағалауының жанынан өте жыл сайынғы миллиардтаған сардиналардың миграциясы мыңдаған жыртқышты қызықтырады.

e84d2462e1257eeba39b64411d78539b

Екі комод айдаһарлары ұрпақ жалғастыру үшін бір-бірімен тартысуда. Бұл варандар – әлемдегі ең үлкен кесіртке саналады, салмағы 150 килограмға дейін барады. Жекпе-жек кезінде олар артқы аяғына тұрып тырнағымен қарсыласының қалың терісін тесуге тырысады.

a1c8abba46fc857e214baf9e69fe0d7f

Бір күні исландиялық фотограф еріген қар арналармен аға отырып, ағашқа ұқсас сурет жасайтын байқайды. Фотогра бұл сәтті жібермей, фотоға түсіріп алады. Фото «Бөлшектер» категориясы бойынша жеңімпаз атанды.

4e2388a9e3290fc44c3f27791a9903b4

Ұзын мұрынды қоңыздар жұбы (ұзындығы бірнеше милиметр) жапырақ бетіндегі тамшы болып көрініп, табиғатпен үйлесім таба отырып, шағылысуда. Бірнеше сағатқа созылатын шағылысудан кейін ұрғашы қоңыз жапырақты тесіп жұмыртқаларын сол жерге жасырып қояды.

02cd605a35d358204d1cea59fb145f62

Оңтүстікафрикалық фотограф Том Пещак серфинг тақтайында жүзіп бара жатқан адам мен оның жанында жүзіп жүрген акуланы фотоға түсіру арқылы акула мен серферді «достастыруға» тырысқан. Бұл балықтардың өзгелерінен айырмашылығы сол, оларда Лоренцини ампулалары (қоршаған ортаның электрлік сигналдарын қабылдауға мүмкіндік береді) бар. Фотодағы серфинг тақтайы осы акулаларды үркітетін электрмагниттік маякпен жабдықталған.

60af54868e6b4534095522b911a35c18

Швед фотографы Ганс Штрандт бұл фотоны жаңбырлы ауа райы кезінде Исландияның үстімен ұшып бара жатып түсірген. Суреттегі тау мен ондағы мұздықтар күлмен жабылған. Күл жамылғысы бұл маңда жақын арадағы вулкандардың атқылауынан пайда болған. Соңғы 500 жылдағы вулкан атқылауларының 1/3 бөлігі дәл осы Исландияда болған.

a581b3b7b1c6fea8d0ae4b3ee302e336

Чарльз Джеймс африкалық грифтердің өз олжаларымен қоректенуін түсіруге көптеген сәтсіз талпыныстар жасады. Жалғыз сәтті шыққан мына фотода Рюппель грифтері мен африкалық грифтер зебраның етін жеуде.

48175fa7da28c34a9644a3a1c895a324

Ұлыбританиялық фотограф Ричард Петерс түлкіні суретке түсіріп, «урбанизм» категориясы бойынша жеңіске жетті.

ea7c423e4d26c8a8dbefd3223fdbeffd

Өрт Голландиядағы аршагүл өсетін жерден түгелдей жайпап кеткен. Алайда бірінші болып өсетін өсімдіктерге (мысалы, фотодағы қарағай бұтағына) мұндай өзгерістер пайдалы, бәсекелестер аз, жарық көп, күл топырақтың өнімділігін көбейтеді.

3633f870ead3d68682915a2b3847db4e

Оңтүстікафрикалық фотограф Вим ван дер Хивер қорек іздеген леопардты аңдып, үшінші күні сәтті кадрге қол жеткізді. Фотографты таңғалдырғаны басқа нәрсе – әдетте жыртқыш өз қорегін торуылдайды, бірақ бұл жолы ол өз олжасын жазық даладан іздеді. Барлығы көзді ашып-жұмғанша орын алды: леопард қарақұйрықты шап берген сәтте ван дер Хивер сәтті фото түсірді. Мұндай астан кейін леопард екі аптаға дейін тамақтанбай жүре алады.

26d0babd7c2c0fb554c1bc67b32eb978

Натрон (Танзания) тұзды әрі сілтілі көлінің ақ-қара гаммасы ұшақтан алқызылт қанаты бар фламингоны фотоға түсіруге өте жақсы фон болып тұр. Көлдің сілтілігі оны көптеген тіршілік иелері үшін улы етеді, алайда фламинголар мұндай ортада өздерін еркін сезінеді.

a48e4e391db15baf4bae8d65662f073b

Намибиядағы 2013 жылғы қатаң құрғақшылық мыңдаған орикс бөкендерінің аштықтан және шөлдеуден қырылуына әкелді. Орикстер құрғақ климатқа мейлінше төселген. Олар мұндай төземділікке дене температурасын 45 градусқа дейін көтеріп, бірнеше апта бойы сусыз жүру арқылы арқылы қол жеткізген.

el.kz

Ерін далабының түсі қандай?

krasnaya-pomadaӘйел заты тым нәзік жаратылыс иесі,оның ерін далабына қарап қандай жан екенін байқауға болады. Ендеше психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер.

Ашық-қызыл түсті далапты — қолданатын әйелдер байсалды,отырған орнында, қоршаған ортасында өзіне сенімді, аз-аздап паңдығы да бар. Кей-кейде махаббат бойынша жеңіл-желпі шатысқа да барып қалатын адамдар болғаны.

Күлгін түсті далапты — жақсы көретін әйелден мүмкіндігінше алыстау жүрген жөн.Олар өте менмен,қолынан келсін-келмесін әр нәрсеге ұрына  кететін,өкініш дегенді білмейтін тік бақайлы болып жаратылған. Айтқанынан қайтпайтын тік мінезді адамдар.

Қоңыр түсті далапты — ұнататын әйелдің сыртқы бейне,бет-пішіні момақан ғана болып көрінеді және оған сеніп те қаласың,алайда,ішкі жан-дүниесі от болып жалындап тұрады.  Оны сын сөзбен білдіреді.

Қып-қызыл далапты — ұнататын әйел мақсатына атойлап жетеді екен және де олар адал,ақиқатшыл, кей-кейде қатігез болғанымен негізінен тіке айтатын, айналасындағыларға жақсы әсер ететін және солай ете алатын жандар болып келеді.

Сұйық түсті далапты — ұнататын әйелер  белсенді болып келеді,алдағы күндерге сеніммен қарайтын,салауатты өмір сүрушілікке құштар жандар.

anabol.kz

Атыраулық аспаз ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына ерекше тағам ұсынбақ

Атыраулық аспаз ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына ерекше тағам ұсынбақАтырау облысы Индер ауылы Елтай ауылының тұрғыны  Гүлжан Шәкімова Астанадағы  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде шетелдіктерге бұқа жүрегінен дәм таттыруды көздеп отыр. Г.Шәкімова көрмеде жұмыс істеу құқығына республикалық аспаздар байқауының жүлдегері атанған соң ие болды.

«Байқауда «Жаужүрек» деп аталатын қазақтың ұлттық тағамын дайындадым. Тағам ірі қараның жүрегінен әзірленеді.  Қазақ дәстүрлеріне сәйкес, біздің аналарымыз бұрын оны өз ұлдарына шайқас алдында дайындаған.  300 аспаз қатысқан байқауда ол үшінші орынға ие болдым. Осы тағамды ЭКСПО-2017 көрмесінде де дайындауға ниеттімін», — деді Г.Шәкімова облыс әкімі Нұрлан Ноғаевке.

Осыған дейін хабарлағандай, Н.Ноғаев облыстың 72 ауылдық округіне жұмыс сапарымен баруды жоспарлаған болатын. Индер ауданы — аймақ басшысы барған төртінші аудан.

Индер ауданында әкім барған нысандардың бірі — Елтай ауылында орналасқан «Жас Өркен» балалар лагері. Нысан 2011 жылы қолданысқа енгізілді. Онда 175 адам тұра алады. Қазір мұнда 157 жергілікті оқушы демалып жатыр, қызметкерлердің саны — 39 адам.

ҚазАқпарат

Қарақұмық диетасы: артықшылықтары мен кемшіліктері

Қарақұмық диетасы: артықшылықтары мен кемшіліктеріҚарақұмық диетасы артық салмақтан арылтып қана қоймай, ағзаға оң әсерін де тигізеді. Жасұныққа бай бұл жарма ағзадағы токсиндер мен артық суды сыртқа шығарады. Әдетте, қарақұмық диетасын тек арықтау үшін ғана емес, ағзаны тазалау үшін де ұстап жатады.

Қарақұмықтың құрамында көмірсу, ағуыз бен майларды, фосфор мен йодты сіңіріп, зат алмасу процессіне қатысатын В, Р дәрумендері бар.

Қарақұмық диетасы монодиета санатына жатады. Яғни оның мәзірінде тек қарақұмық қана болады. Сондықтан да ол нәтижелі болғанымен, арықтаудың ауыр жолы саналады. Осыны ескере отырып, бұл диета түрін 5-7 күннен артық ұстауға болмайды. Ал егер қайталап ұстағыңыз келсе, арасы алты айдан кем болмасын. Монодиета кезінде күнделікті қарақұмықты қанша жесеңіз де, еш тыйым жоқ. Сондықтан ашырқау сезімі де бола қоймайды. Басты талаптар төмендегідей:

  • Ұйқыға жатардан 5 сағат бұрын тамақтану керек;
  • Суды көбірек ішіңіз (1,5 литрден көп);
  • Судың сыртында қантсыз көк шай ішуге болады;
  • Қарныңыз қатты ашса немесе іш қататын болса, жатардан 1 сағат бұрын 1 стакан майсыз айран ішуге болады;
  • Қарақұмықты тұз, дәмдеуіштер салмай, май, сүт, тұздық құймай, буға пісіру керек немесе үстінен қайнаған ыстық су құйып, таңға дейін қалдырыңыз (толығырақ төменде).

 200 г қарақұмықты ыдысқа салып, бетінен 0,5 л қайнаған ыстық су құйыңыз да қақпағын жауып қойыңыз. Таңертеңге дейін дайын болады. Егер суды түгел сіңіріп алмаған болса, суын төгіп тастаңыз.

 Қарақұмық диетасын бастағанда-ақ нәтижесінің қандай болатынын болжап білуге болады. Яғни бастапқы күндері қанша салмақ тастасаңыз, ары қарай да солай жалғаспақ. Нәтижелі диетаның көрсеткіші – бір апта ішінде 10 киллограмға дейін барады.

Қарақұмықтың құрамында мол дәрумендер мен микроэлементтер болғандықтан бұл диетаны ұстау кезінде шашыңызға, тырнағыңыз бен теріңізге оның ешқандай да кері әсері болмайды.

 Қарақұмық диетасынан кейін әдеттегі ас мәзіріне бірден ауысуға болмайды. Диета біткеннен кейінгі бір апта бойы майлы тағам жемеген жөн. Оның орнына ағуызға бай, майсыз тағамдарды мәзіріңізге енгізіңіз. Сондай-ақ оларды да буда дайындаған дұрыс. Қуырылған, тұзды, ащы тағамға жоламаңыз. Алғашқы аптада тұзды азырақ қолданыңыз. Тағамның тұзын аздап салып, күн өткен сайын біртіндеп қосуға болады. Сонымен қатар ұн тағамдары, тәттілерге де шек қою керек. Аздаған мөлшерде тек қара шоколадтың дәмін татуға болады.

 Сондай-ақ диетадан кейінгі екінші аптада да ас мәзірін қадағалау керек. Бұл уақытта аздап көмірсудан қосуға болады. Онда да көкөністер, жарма мен майсыз сүт өнімдері түрінде ғана.

 Егер диетадан кейін бұрынғы салмағыңыз қайта пайда болсын демесеңіз, ас мәзірін қадағалап, дұрыс тамақтануды қолға алу керек. Майонез, кетчуп, тұздықтар, майлы қаймақ, алкогольді сусындардан бас тартыңыз.

Кері әсері қандай?

 Қарақұмық диетасы кезінде қант мен тұздан толықтай бас тартуға тура келеді. Сондықтан да бас ауруы пайда болуы, қан қысымында қандай да бір ауытқулар болуы мүмкін. Глюкозаның жетіспеуінен мидың жұмыс істеу қабілеті төмендеуі ғажап емес. Сондықтан да ұмытшақтық, шаршау, әлсіздік болады.

 Қарақұмық диетасын диабет, асқазан жарасы, гипертония сынды аурруға шалдыққан жандарға және бала емізетін келіншектерге ұстауға болмайды!

anabol.kz

Елорда күнінде Астанада қайда баруға болады?

Елорда күнінде Астанада қайда баруға болады?Елорда күніне санаулы күндер қалды. Мереке Астана тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлайды деп күтілуде. Алда болатын шаралар туралы толығырақ афишадан біле аласыз.

3 шілде — Elle Style Awards Kazakhstan 2016 сыйлығымен марапаттау (Бейбітшілік және келісім сарайы, 17:00)

4 шілде — ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің шы­ғармашылығына арналған  «Жан досым» концерті өтеді (Конгресс-холл, 18:00)

4-5 шілде — «Астана-Арқау» түркі музыкасы фестивалі  («Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залы, 19:00)

4-6 шілде — Халық аспаптар оркестрінің IV халықаралық музыкалық «Серпер» фестивалі (қалалық алаң, 17:00)

4-6 шілде — Астана аспаны халықаралық фестивалі (Сарайшық көшесі бойындағы көпір маңындағы жағалау, 12:00)

4-6 шілде — Евгений Плющенконың «Снежный король-2» ертегі-шоуы («Қазақстан» спорт сарайы, 16:00 және 20:00)

5 шілде  — «Көңілді Астана» әзіл-сықақ кеші (Конгресс-холл, 18:00 және 21:00)

6 шілде — Турецкий хоры қатысуымен өтетін Халықтық караоке («Бәйтерек» монументі маңындағы алаң, 21:00)

6 шілде — Ақындар айтысы (Конгресс-холл, 15:00 )

6 шілде — АБК және «МузАрт» топтарының, Қарақат Әбілдина, Қыдырәлі Болманов, Төреғали Төреәлі және Тұрсынбек Қабатовтың қатысуымен «Ұлытау Ұлы» концерті («Алау» мұз сарайы, 19:00)

8 шілде — Ұжымның 15 жылдығына арналған «МузАрт» тобының концерті(«Қазақстан» орталық концерт залы, 16:00 және 20:00)

ҚазАқпарат

«Астана-Дуатлон-2016» жарысына қатысушылар 25 км бағындырды

Астанада кеше дуатлоннан жарыс өтті. Аталған турнир Елорда күні қарсаңында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл шараға 500 жуық адам қатысты, соның ішінде спортшылар да, әуесқойлар да бар.

Спорттық жарысқа Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

— Меніңше қала күні қарсаңында бұл барша астаналықтар үшін үлкен мереке. Бәріңізді осы мерекемен құттықтаймын, — деді Кәрім Мәсімов.

Әділбек Жақсыбеков Мемлекет басшысының елімізде спорт пен мәдениетті дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес спорттық шаралар өткзіліп жатқанын атап өтіп, қатысушыларға спорттық дәстүрлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Астана-Дуатлон-2016» жарысына қатысушылар 25 км бағындырды

Жарыс «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңнан басталып, сонда аяқталды. Биыл жарысқа қатысушылар республикамыздың тәуелсіздігінің мерейтойлық датасына орай 25 км бағындырды. Турнир үш кезеңмен өтті: 5 км жүгіру, 15 км велосипедпен жүру және 5 км қашықтыққа жүгіру.

6840e59c367033a2b91d16f5d12.jpeg

Қатысушылар бес топ бойынша марапатталды. Дуатлоннан жарыста ерлер арасында 29 жасар Евгений Непомнящний және әйелдер арасында 16 жасар Жанерке Асан абсолютті чемпион атанды. Олар сәйкесінше, 56,10 минут және 1 сағат 13,21 минутта мәреге жетті. Аталған қатысушылар 16-30 жас аралығындағы жеңімпаздар. Яков Козлов (1 сағ 1 минут) және Елена Пономарева (1 сағ 22 минут) 31-40 жас санатында жүгіруде топ жарды. 41-50 жас санатында Игорь Карачев (59,43 минут) және Татьяна Михалева (1 сағ 24 минут) көш бастады. 50 жастан асқандар арасында қалада өткізілетін барлық спорттық-бұқаралық шараларға тұрақты түрде қатысып жүрген Болат Жәмішев үздік болды, ол қашықтықты 1 сағ 9 минутта бағындырды.

b46232b22f6d2f1c3bc918aed38.jpeg

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және елордалық спорттық мекемелерге абонементтермен марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін дуатлонға қатысушылар мен қонақтар үшін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда концерттік бағдарлама, сондай-ақ, лотерея ұтысы ұйымдастырылды.

Астанада журналисттер арасында шағын футболдан турнир өтті

Астанада журналисттер арасында шағын футболдан турнир өттіСенбі күні Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда шағын футболдан турнир өтті. Байланыс және ақпарат күніне орай ұйымдастырылған шараға белгілі телеарналардың, баспасөздің, ақпарат агенттіктерінің өкілдері қатысты. Бас жүлдені «Қазақ радиосының» командасы еншіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Стадионда ойыншылар мен оларға қолдау көрсетуге келген жанкүйер әріптестерінің көңіл-күйі ерекше сезілді.

Шара барысында «Kazsport», «Хабар», «Қазақстан» телеарналарының, «Астана­ Ақшамы», «Егемен Қазақстан» газеттерінің, сондай-ақ, «Казконтент», «Журналисттер үйінің», «Қазақпарат» агенттігінің, «Қазмедиа орталығының», «Көркем» студиясының, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының, «Қазақ радиосы» және «National Geographic Қазақстан» қызметкерлері шеберлік байқасты.

— Құрметті әріптестер, Сіздерді алдағы Байланыс және ақпарат күнімен құттықтаймын. Сіздердің белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз – объективтіліктеріңіз бен жаңалыққа, ақиқатты анықтауға деген ұмтылыстарыңыз – кәсіптеріңіздің ерекше қасиеті осы. Біз БАҚ өкілдерімен достық әріптестік қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймыз. Баршаңызға табыс пен жаңа шыңдардан көрінуді тілеймін, әрқашан да көздеген мақсаттарыңызға жетіңіздер, — деді қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов.

Жеребе тасталғаннан кейін командалар төрт шағын топқа бөлінді.

Стадион алаңы екіге бөлініп, бір уақытта екі командадан жарысты. Бір тайм 10 минутқа созылды.

Тартысты өткен турнирде «Қазақ радиосының» журналисттері бас жүлдені жеңіп алды.

—  Бүгін мереке қарсаңында барлық журналисттер өз жұмысының қорытындысын шығарды. Жарысқа 13 команда қатысты, соның ішінде Амангелді Сейтқан, Зейін Әліпбек сынды журналистика майталмандары да ойнады. Осындай іс-шаралардың арқасында біз — жас журналисттерүлгі алып, кәсіби тұрғыдан өсеміз. Бәріне де сәттілік тілеймін, келесі мерекеде кездескенше, — деді «Қазақ радиосының» дикторы Досымжан Ермұрат.

Жарыста «күміс» жүлде «Хабар» телеарнасының қызметкерлеріне, «қола» «Қазақстан» телеарнасына бұйырды. «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі төртінші орында.

Жүлделі орын алған командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Халал ас – денсаулық кепілі

IMG_7468«Халал» деген жазуы бар түрлі өнімдер бүгінде дүкен сөрелерінде сіресіп тұр. Әсіресе, ет, шұжықтардың сыртқы қаптамаларында. Иә, мол табыс табуды ғана көздеген кейбір кәсіпкерлер ет, нан өнімдерінің сыртына «халал» деп жазып, нарықтық сатылымға шығарып жатқаны жасырын емес.

Ас – адамның арқауы. Адал тағам – денсаулық кепілі. Сондықтан әлемнің көптеген мемлекеттері, соның ішінде біздің еліміз де адам денсаулығына пайдалы әрі қауіпсіз халал тағамға тиісінше мән бере бастады. Тіпті дамыған мемлекеттер тек халал азық-түлік саласына ғана емес, жеңіл өнеркәсіп, парфюмерия мен фармакология және басқа да салалардың халалдығына айрықша ден қоюда.

Осыдан екі жылдай бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан осы бағытта жұмыс істейтін халал өнімдерін стандарттау бөлімі құрылған болатын. Енді биылғы ақпанда аталмыш басқарманың құрылтайшылығымен халал стандарттарын енгізумен және өнімді сертификаттаумен айналысатын   «Халал даму» ЖШС ашылды.

Осы уақыт аралағында «Халал даму» ЖШС-нің арнайы сертификатына еліміз бойыша 50-ге жуық кәсіпорын иеленіпті. Оның екеуі күні кеше ғана облыс орталығында орналасқан екі мейрамханаға табысталды. Бұл жөнінде Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ жанынан ашылған «Халал даму» ЖШС-нің директоры Бейбіт Мырзагелдиев айтып берді.

— Бүгінгі таңда бізде өнімдерге гендік сараптама жасайтын озық үлгідегі аппараттар да бар. Сондықтан кез-келген кәсіпорын өнімдерінің халал стандартының талаптарына қаншалықты жауап бере алатындығын тиісті деңгейде анықтай аламыз. Біз еліміздегі халал индустриясының дамуын, ел азаматтарының мейлінше жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуді мақсат етеміз. Дұрыс бауыздалмаған малдың еті де денсаулыққа зиян. Ал азық ретінде пайдаланатын жануарларды элекр тогымен өлтіру еттің сапасына нұқсан келтіреді. Мұндай әдіспен малды жансыздандырғанда мал денесінен қанның біркелкі ағып кетуіне кедергі болады және қан ағзадан толық шықпай қалады. Осының нәтижесінде әсіресе ісік ауруларын тудыратын концероген сақталып қалады, бұл адамның денсаулығына өте қатерлі. Сондықтан біз республика көлемінде қасапшыларды оқытуды қолға алып жатырмыз. Қойылған талаптардан сүрінбей өткен қасапшыларға арнайы мөр басылған құжат беріледі, — деді Б. Мырзагелдиев.