Домой Блог Страница 173

Партияның Алматы облыстық филиалы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы меморандумға қол қойып, бірлескен жоспарларын бекітті

Партияның Алматы облыстық филиалы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы меморандумға қол қойып, бірлескен жоспарларын бекітті«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы хатшылығы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойып, бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

Шараға партия белсенділері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этно-мәдени бірлестік жетекшілері, облыстық партия филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай: «Халық бірлігі мен қоғамдық келісім – елімізді өркендететін екі басты фактор. Мемлекет басшысы жас ұрпақтың болашағы үшін осы екі құндылықтың маңызын түсініп, оны сақтауға көп көңіл бөледі. Осы күнге дейін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесе жұмыс атқарып келеміз. Бүгінгі жұмыс жоспары осы ынтымағымызды одан ары жандандырады деп сенемін», — деді.

Бірлескен іс-шаралар жоспарында «Қазақстан-2050» стратегиясын тиімді жүзеге асыру, Президент ұсынған «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесін ілгерілету, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын насихаттау, сараптамалық және пікір алмасу алаңдарын ұйымдастыру, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде  жүйелі түрде қабылдаулар  өткізу, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру көзделген.

Елордада «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалі өтеді

Елордада «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалі өтедіЕлорда күнін мерекелеу аясында IX «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары бір апта бойы шілденің 2-сі мен 7-сі аралығында үздік цирк ұжымдарының өнерін тамашалайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Цирк өнері марафонына әлемнің 8 мемлекетінің үздік әртістері қатысады. Дүниежүзілік фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, өз жанрларындағы нағыз шеберлер, цирк әулеттерінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ. Атап айтқанда, Белоруссия, Голландия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркменстан және Эфиопия әртістері елордалық цирк күмбезінің астында өз өнерін ортаға салады. Олардың көбі Астанаға алғаш рет келеді.

Фестиваль көрермендері Африканың экозитикалық алыптарының шоуын тамашалайды – керік Багира және мүйізтұмсық Бони, сондай-ақ, үйретілген аюлар мен маймылдар манежге шығады.

Сонымен қатар келушілер назарына акробаттардың өзіне абурап алатын номерлерін, соның ішінде акробаттық жол, ауада тартылған жіп үстінде өнер көрсететін, моноцикл мінген эквилибристтер, арқанмен жүретіндер, сондай-ақ, эфиопиялық әртістердің орындауындағы икарийлік ойындар. Фестиваль бағдарламасына гимнастикалық жанрлар да енгізілді.

Фестиваль барысында ұйымдастырылатын жарқын оқиғалардың бірі — «Кавалькада» мерекелік шеруі — қатысушылар шілденің 1-і мен 4-і күні сағат 17.00-де үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен қала көшелерімен жүріп өтеді. Цирк әртістері Қабанбай батыр даңғылының бойымен Достық көшесіне дейін барады, содан кейін Түркістан және Қонаев көшелерімен жүріп, шеру Қабанбай батыр даңғылында Астаналық цирктің жанында аяқталады.

Фестиваль Астанада осымен тоғызыншы рет өткізіледі. Осы уақыттың ішінде «Азия жаңғырығы» цирк өнері әлеміндегі өзіндік брендке айналып, жоғары көркемдік, ұйымдастырушылық және техникалық деңгейде өтетін маңызды шара болып табылады. Астаналық цирк жыл сайын төрткүл дүниеге жаңа әртістердің талантты, түрлі жанрлардағы әртістердің – сайқымазақтар мен акробаттардың, жонглерлар мен эквилибристтердің, гимнасттардың, сиқыршылардың және аң үйретушілердің есімдерін жария етеді.

Айта кетейік, биылғы фестиваль Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады және әлемдік цирк өнерінің басты жетістіктерін кеңінен таратуға, үздік дәстүрлер мен бағыттарды сақтауға және ұлғайтуға бағытталған.

30 шілдеден бастап электронды жолақы төлеу жүйесі іске қосылады

f32fba343bd859347a34fcfa415Қазіргі кезде жеңілдікті және оқушыларға арналған көлік карталары тегін таратылып жатыр. 30 шілдеде Astra Plat электронды жүйесін іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Астана LRT» ЖШС төлем жүйелері орталығының мәліметінше, бүгінде 44 мыңнан артық жеңілдікті және 68 мыңнан астам оқушыларға арналған көлік картасы берілді. Электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілетін кезеңде 1 маусым – 31 тамыз аралығында 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүреді. Бұл үшін әр бала автобуста атаулы көлік картасын немесе оқу орнынан берілген анықтаманы (фотосуреті бар) көрсетуге тиіс.

Қолданыстағы заңнаманың талабына сәйкес қала маңындағы автобустарда жол жүру барлық азаматтар, соның ішінде азаматтардың жеңілдікті санатына жататындар үшін де ақылы болып табылады. 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар үшін жолақының 50% төленеді.

Қала маңына қатынайтын жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін көлік аймақтарына бөлінген тарифтік желі енгізіледі. Мұндай унификация тарифтер түрін 25-тен 5-ке дейін қысқартуға, сондай-ақ елді мекендер үшін жолақы құнын 97%-ға, орта есеппен 44,5 теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, көлік карталарын сату мен толықтыру желілерін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала маңындағы ауылдардың тұрғындары көлік карталарын автобус салонында тікелей жүргізушіден сатып алып, толықтыра алады. Көлік картасы болмаған жағдайда, жолаушы жолақысын жүргізушіге немесе кондукторға қолма-қол ақшамен төлеп, белгіленген үлгідегі (QR-кодпен) бір реттік қағаз билет алуға құқылы.

Атаулы көлік карталарын пайдаланатын жолаушылар басқа да артықшылықтарға ие. Олар қала маңына қатынайтын автобустардан қалалық және экспресс маршруттарға тегін ауысып отыра алады. Бұл ретте жолаушы қала маңына қатынайтын автобустан шыға берісте көлік картасын терминалға қоюы керек. Содан кейін кейін 60 минуттың ішінде экспресс маршрутқа немесе қалалық автобусқа отырады.

Заңнама талаптарына сәйкес, тегін жол жүру құқығы Астана қаласында тұратын азаматтардың жеңілдікті санатына жататын тұлғаларға беріледі. Алайда, бүгінде аталған жеңілдіктерді барша республикамыздың халқы пайдаланып жүр. Заңнамамен сәйкестендіру үшін Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласының маңындағы елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың жеңілдікті санатына жататын тұлғалардың жол жүруін қаржыландыру мәселесін қаруы керек.

Астанада өтетін спорттық жарысқа Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қатысады

52ae725e85b8efab5b12a528426Танымал қазақстандық велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров жексенбі күні, 26 маусымда Астанада өтетін дуатлоннан жарысқа қатысады. Спортшы «Астана дуатлон-2016» шарасына қатысушылармен бірге үш қашықтықты бағындырады – 5 шақырымқа жүгіру, 15 шақырымды велосипедпен жүріп өту, және соңғы кезең – тағы да 5 шақырым қашықтыққа жүгіру. Қашықтықтың жалпы ұзындығы – 25 шақырым – ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Бұрын хабарланғандай, Елорда күнін мерекелеуге орай дуатлоннан жарыс Астанада екінші рет өткізілетін болады. Спорттық шара Астананың сол жағалауында ұйымдастырылып, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңнан басталады. Жүгіру Қонаев көшесінен басталады, одан әрі қатысушылар Қабанбай батыр даңғылы, Достық және Орынбор көшелерімен жүгіріп өтеді. Мәреде жасалған арнайы аймақта спортшылар велосипедке отырып, жарысты жалғастырады. Веложарыс та Қонаев көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылымен жалғасады, дуатлонға қатысушылар НЗМ (Назарбаев зияткерлік мектебі) жанынан қайта айналып Керей және Жәнібек хандар көшесіне дейін барады, содан кейін осы жолмен Орынбор көшесіне дейін жүреді, веложарыс Қонаев көшесінде мәресіне жетеді.

«Астана-дуатлон — 2016» жарысына 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алады. Қатысушыларды тіркеу шара өтетін күні «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда таңғы сағат 7-ден басталып, турнирге 15 минут қалғанда аяқталады. Дуатлон таңғы сағат 10.00 басталады. Бірақ 18-ге толмағандар тіркелу үшін ата-анасының жазбаша рұқсатын әкелуі керек. Жарысқа қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келуі қажет.

Былтырғыдай әрбір қатысушының уақыты жеке белгіленеді. Жарыс жеңімпаздары қашықтықты бағындыруға жұмсалған ең аз уақыт көрсеткіштері бойынша бірнеше топта анықталады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар, соның ішінде Астананың таңдаулы фитнесс клубына жылдық абонемент, велосипедтер және т.б. табысталады.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда дуатлонға қатысушылар мен шара қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылады.

«Астана-дуатлон-2016» жарысының регламентімен www.astanaday.kz сайтынан танысуға болады.

Елордалық полицейлер футбол алаңында мемлекеттік қызметкерлермен шеберлік байқасты

108d99d6e9b886329101f6249e2Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда елорда әкімдігі мен қалалық Ішкі істер департаментінің командаларының арасында футболдан «Достық кубогы» жарысы өтті. Жолдастық кездесу қалалық тәртіп сақшыларының пайдасына шешілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Спорттық жарыс қазақстандық Полиция күні мен Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған. Алғашқы жолдастық кездесу былтыр өткізіліп, матч 2:2 есебімен тең аяқталған болатын.

Биылғы кездесу тартысты өтті. Қос команданың өкілдері жаңбырға қарамастан бір-біріне дес бермеді.

Сонымен қатар, алаңда ерекше көзге түскендер түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығының бөлім бастығы Жеңіс Бектаев «Үздік қақпашы», Тергеу басқармасының бөлім бастығы «Үздік шабуылдаушы», оқу-жаттығу ротасы командирінің орынбасары Ардақ Амантаев «Үздік қорғаушы», №8 БЖСМ директоры Ербол Кошанов «Үздік ойыншы» атанды.

Үзіліс кезінде қолданбалы спорт түрлерінен алты кезеңдік полицейлік эстафета өткізілді. Бірінші кезеңде  — ПМ-9 мм толық емес бұзу/жинау, стадионды айналып, 450 м жүгіру. Екінші кезең – газқағармен 200 м жүгіру. Үшінші кезең – зембілмен 200 м жүгіру. Төртінші кезең — 200 м жүгіру. Бесінші кезең – ролликпен 800 м жүгіру. Алтыншы кезең – 150 м қашықтыққа толық әскери керекті жабдықтармен және киіммен жүгіру.

Келесі кездесуге дейін «Достық кубогы» Астана қаласының Ішкі істер департаментінде болады.

Астанаға «Ұлы дала азаматтары» автошеруі келеді

3fe8925f79dd9fed41a62dcd808Ұлы Отан соғысы басталған күні «Ұлы дала азаматтары» республикалық автошеруін өткізуге арналған конференция ұйымдастырылды. Шара еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге және ҰОС жылдары алғашқы әскери құрамалардың құрылғанына 75 жыл болуына орайластырылған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталған кең ауқымды шараның мақсаты мемлекеттіклік пен патриоттық сезімді, халық бірлігін, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға септігін тигізу және қазақстандықтарды «Мәңгілік ел» идеясын ұстануға, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға шақыру, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен батылдығын насихаттау болып табылады.

– Біз Бішкек арқылы жүреміз, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Қазалыда міндетті түрде боламыз, Ақтөбеге соғамыз – жақында орын алған оқиғалардың салдарынан Отанымызды қорғап, қаза тапқан 312-ші дивизия – ұлттық гвардияға тағзым етеміз, содан кейін дивизия құрылған Петропавлға барамыз, – дейді Астанадағы «Генералдар кеңесі» РҚБ өкілі, генерал-майор Марат Марденов баспасөз мәслихаты барысында.

Автошеруге қатысушылар 8 шілдеде елордаға ат басын тірейді. Салтанатты шара «Отан қорғаушылар» монументінің алдындағы алаңда өтеді. 1941 жылы бұл жерде Қызыл Әскердің далалық оқу орталығы болған. Алаңда Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғам, қалалық жастар ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің және т.б. қатысуымен митинг өткізіледі.

Өкше жарылып, тілімденсе…

Өкше жарылып, тілімденсе...Жаздыгүні жалаңаяқ жүргеннен өкшенің терісі тілімденіп, жарылып кетеді. Оның қараған көзге оғаш көрінгені былай тұрсын, денсаулыққа тигізер зияны да көп. Тілінген, қиылған жерлерден қан жолдарына инфекция кіріп, түрлі ауруға шалдығу қаупі де жоқ емес. Сондықтан егер өкшеңіз жарылса, төмендегі масканы жасап, дереу емдеңіз!

Шағын легенге 1,5 литр ыстықтау (бірақ аяқ күйдірмейтіндей) су құйып, 4 ас қасық сутек тотығын (перекись водорода) қосыңыз. Осы суға аяғыңызды салып, біраз отырыңыз. Егер өкшеңіз тым қатты жарылған болса, ұзағырақ отыру керек. Аяқты судан шығара салып, өкшеңізді пемзамен ысқылаңыз. Ал одан кейін сумен шайып, құрғатып сүрткен соң, дәріханадан алған глицериннің үстінен құты толғанша қарапайым алма сірке суын қосыңыз.

Жақсылап шайқап, осы қоспадан өкшеңізге жағып, аяғыңызға полиэтилен қап киіңіз. Бұл масканы жатар алдында жасап, қапты таңертең шешсеңіз, аяғыңыздың терісі жұп-жұмсақ болып, тілімденгені тез жазылады.

 Аяқты суға аптасына бір-ақ рет салу жеткілікті, ал масканы күнделікті жасаған жөн.

anabol.kz

Маса мазаңызды алды ма?

Маса мазаңызды алды?1. Маса шаққан жерді, алдымен, сумен жуып алыңыз. Жараланған теріні сабынмен жуып, залалсыздандырыңыз.

2. Шаққан жерге дереу мұз басыңыз. Масалардың шаққаны кейде ұзаққа дейін білінбеуі мүмкін. Уақыт өте келе ісініп, теріңізге жағымсыз әсер тудырады. Ісіктің бетін қайтару үшін жараның орнына мұз басқан абзал.

3. Теріде қышу пайда болса, тиіспеңіз. Масаның шаққан жерінде терінің беті ашық болады. Тырнақ – микроб жинаушы болса, терінің ашық бетіне микробтардың жоламағаны дұрыс. Сондықтан, маса шаққан орынды тырнамаңыз. Бұл сәтте дәріқұтыңызда жәндік шаққаннан кейін қолданатын арнайы сықпа май болғаны дұрыс. Оның қолдану шарттарын ескере отырып, жарақаттанған теріңізге жаймен жағыңыз.

4. Немесе күнделікті тұрмыстағы ас содасы мен суды араластырып, паста жасаңыз да, шаққан орынға жағып қойыңыз. Тіпті, медициналық спирт те бұған дәрі бола алады. Олар теріні залалсыздандырып, қышу мен қабынуды басады.

5. Тағы бір табиғи емдеу шарасын ескере жүріңіз. Жалбыздан жасалған май немесе сұйықтықтар да бұл кезде сізге көмегін тигізе алады. Жалбыз тек суық тигенде ғана емес, сонымен қатар маса шаққан теріні емдейтінін білетін болдыңыз. Сонымен қатар, қалақай (крапива), өгейшөп (мать-и-мачеха), насыбайгүл (базилик) сынды өсімдіктер ісіктің бетін қайтарады.

6. Эфир майлары да маса шаққан орындарды кетіруге септігін тигізеді. Ол жараның қабынып кетуінен қорғайды. Оларды қолданар алдында, сіздің теріңізге қайсысының «жағатынын» біліп алыңыз.

Ал маса сіздің мазаңызды алмас үшін не істеу керек?

 Маса көбіне сулы жерді мекендеп, көбейеді. Сол үшін, судан жырақтау жүріңіз.

 Денеңізді улы жәндіктерден қорғайтын арнайы спрей, май секілді заттарды жаныңыздан қалдырмаңыз.

Денеңізге ауа өткізіп тұратын, бірақ, етек-жеңі жабық киім киіп жүріңіз. Дегенмен, ашыққан масалардың киімнің сыртынан да шағатыны бар.

 Далалықта серуен құрып, табиғат аясында демалсаңыз, шағын ғана от түтетіп, түтін шығарыңыз. Себебі, масалар түтіннен қорқады.

anabol.kz

Тоқсан тоғыз ауруға ем ешкі сүті

f61be1a6ac7c96b1a707b69d4c8d3c15«Қойдың сүті — қорғасын, ешкі сүті — ем» деп келген қазақ халқы ешкі сүті адам ағзасына пайдалы екендігін өте ерте замандардан бері білген. Ендеше ғаламтор беттерінде жарияланған ешкі сүтінің емдік қасиеттеріне біраз көз жүгіртіп көрелік.

Ешкі сүті — А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті сонымен қатар белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады.

Аллергияда. Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім — ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие.

Ағзаны қалпына келтіруде. Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.

Сүйекке пайдасы. Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

Ішек дисбактериозында. Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтанда бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетгі түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационына еңгізіңіз.

Асқазан және ішек ауруларында. Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

Ешкі сүті диатез дертінде. Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Ал бұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың анықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.

Ұйқы безінің қабынуына. Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы. Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.

Қатерлі ісік дертіне пайдасы. Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады. Халықтық медицина мынадай емдік тәсілдер ұсынады:

Ешкі сүті жүкті аналарға. Ешкі сүті құрамындағы дәрумендер, микро және макроэлементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ана тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.

Емізулі анаға. Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі ана қан аздық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігінен сақтандырылады.

Артық салмақтан арылғысы келетіндерге. Ешкі сүті майлы болғанымен ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді.

Ешкі сүті косметологияда. Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруте табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде, ешкі сүтімен шайып тұру қажет.

Жүрек ауруына ешкі сүтінің пайдасы.  Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді.

ҚазАқпарат

К.Мәсімов Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткізді

К.Мәсімов Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткіздіТалдықорған қаласындағы жаңа Оқушылар сарайын аралау барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы облысының жұртшылығымен кездесу өткізді.

Іс-шараға сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Өңір әкімі Амандық Баталов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері мен перспективалары туралы мәлімдеді.

Үкімет басшысы өз сөзін құттықтаудан бастады. Кәрім Мәсімов Қазақстанда 23 маусымда атап өтілетін Полицейлер күні және Мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтады.

Премьер-Министр жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобаларын жүзеге асыру барысымен, кәсіпкерлікті, өнеркәсіп өндірісін және ауыл шаруашылығын қолдау шараларымен танысты.

«Бүгін жемісті күн болды, маңызды мәселелер айтылды. Жауапты тұлғаларға бүгін көтерілген бір де бір мәселе қалыс қалмауын тапсырамын. Осында отырған адамдар сол шешімдерді сезіне білуі тиіс. Мемлекет басшысы бізге осыны тапсырды», — деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр сондай-ақ жастар белсенділерімен кездескенін айтып өтті. «Олардың бәрі біздің еліміздің тәуелсіздігінің құрдастары. Олар мүлде басқа адамдар — ашық, еркін, сауатты, қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде жетік сөйлейді. Бұл бізді қуантады», — деп баса айтты К.Мәсімов.

Кездесу соңында К.Мәсімов өңір тұрғындарына амандық пен гүлденуді тіледі.