Домой Блог Страница 174

К.Мәсімов полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

97570bcdae629094a97d7112f84373abҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен кездесіп, полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді олардың кәсіби мерекелері – Полиция күнімен және Мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтады.

Оқушылар сарайына барған сәтінде К.Мәсімов көрме галереясын, кеме жасау сыныбы мен ойын залын аралады. Сонымен қатар, Премьер-Министр Жұлдызды зал мен сәндік-қолданбалы өнерге арналған көрме галереясына барды.

Оқушылар сарайын аралаған соң Үкімет басшысы облыстың қоғам өкілдерімен кездесу өтетін үлкен концерт залына бет алды, онда ең алдымен еліміздің барлық полицейлері мен мемлекеттік қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Алматы облысының басшылығы К.Мәсімовті өңірдің дамуы туралы ақпараттандырды

Алматы облысының басшылығы К.Мәсімовті өңірдің дамуы туралы ақпараттандырдыМемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Алматы облысында жүр.

Талдықорған қаласына келген Премьер-Министр әуежайдың жөндеу барысын қарап, авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмысына баға берді.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабы құрылысының жобасымен танысты. Ағымдағы жылы мұнда жалпы аумағы 16,9 мың шаршы метр болатын төрт тұрғын үйді салу аяқталды, 705 пәтерлі бес коммуналдық үйдің құрылысы жалғасуда. Тұрғын үй алабында тоғыз балабақша, бес мектеп, емхана және басқа да бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды орналастыру жоспарланған.
Облыс әкімдігінің басшылығы Премьер-Министрді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық және тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіп кешені бағдарламаларын жүзеге асыру, газдандыру, халықты ауыз сумен қамтамсыз ету туралы ақпараттандырды.

Бұдан өзге, қайта салынған Жастарға қызмет көрсету орталығын аралау аясында К.Мәсімовтің жастар көшбасшыларымен кездесуі өтті, оның барысында жас буынның аса өзекті мәселелері, атап айтқанда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, жастар қозғалыстарын дамыту перспективалары талқыланды.

Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

220952bc35846f88a9a2e60ae71c5cceҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақтың әлеуметтік-экономикалық жай-жапсарын бағалау үшін Алматы облысына келді.

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов жастар белсенділерімен жүздесіп, жастарға қызмет көрсету орталығына барды.

Премьер-Министрмен кездесу кезінде жас депутаттар, мұғалімдер, ғалымдар, дәрігерлер, спортшылар, кәсіпкерлер, журналистер мен студенттер жұмыспен қамтудың, тұрғын үймен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылап, жастар кәсіпкерлігін қолдау мәселелерін көтерді.

Кездесу жақында салынып біткен Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті. Мұнда «Жасыл ел» мен студенттердің құрылыс жасағының облыстық штабтары орналасқан. Орталық жастар мәселелерін шешуде сервистік көмек көрсетеді, атап айтқанда, жастарды оқытумен және еңбекке орналастырумен, жастар бастамаларын қолдаумен айналысады.

Кәрім Мәсімов Алматы облысының жастар саясатын жүзеге асырудағы табыстарын атап өтті. Премьер-Министрдің пікірінше, қазақстандықтарға жастар үшін перспективалар тудыруға барынша көңіл бөлу қажет.

Бүгінде Алматы облысында 521 мыңнан астам жастар бар, 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді.

Талдықорғанда есептік кездесуі өтті

Талдықорғанда есептік кездесуі өттіКеше Талдықорған қаласында республиканың аудандық және облыстық әкімдіктерін бейне конференция байланысы режиміне қоса отырып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің қоғам өкілдерімен есептік кездесуі өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметы.

Кездесуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық одақтар мен қауымдастықтар, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелері, партиялық және кәсіподақ ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысты. Атап айтқанда, есепті 350 қатысушы залда, 1700-ден аса қатысушы бейне конференция байланыс арқылы тыңдады. Соған қоса, Министрліктің ресми сайты (mgov.kz) мен «Bnews.kz» АА тікелей эфир ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Асқар Мырзахметов Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің 2015 жылға арналған негізгі даму бағыттары мен мекеменің ағымдағы жылға  арналған міндеттерін баяндап, сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Оның есептік ақпаратына сәйкес былтырғы жыл агроөнеркәсіптік кешен үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша  ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайып, 3,3 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте республикалық өндіріс көлемінде ең үлкен үлестік салмақ Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

Министрдің айтуынша, аграрлық сектор бизнеске тартымды болып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) агроөнеркәсіптік кешендегі (АӨК) мемлекеттік саясатқа деген сенімдері артып келеді. Атап айтқанда, бағыттың болашағы бар екеніне ауыл шаруашылығына құйылып жатқан инвестициялар, оның ішінде АШТӨ-нің өз қаржысының 80%-ды құрауы дәлел.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, бидайға деген ұсыныс пен сұраныс көлемі теңгерімделіп, ол ауыспалы егісті енгізуге, жемдік астық, майлы, жемшөптік дақылдар мен жалпы бақша дақылдары аумақтарын кеңейтуге мүмкіндік берді. Алайда, егін науқанының қорытындысы бойынша 2016 жылы бірқатар облыстарда меморандумдардың индикативті көрсеткіштеріне қол жеткізілмей қалуы күтілуде. Осыған байланысты А. Мырзахметов әкімдіктерді Меморандумдарда қарастырылған жоспарлық көрсеткіштерді орындау жұмысын жандандыруға шақырды.

Министр жылдың аяғына дейін субсидияға қатысты ескі қағидалардың күші жойылмайтынын айта кетті. Субсидиялардың тиімсіз түрлерінен тиімді түрлеріне көшу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Министрлік Мәжіліс депутаттары, бизнес, ғылым, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ әкімдіктер мен басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен Жұмыс тобын құрды.

Халықты жеміс-жидек өнімдерімен және ерте пісетін көкөніспен қамтамасыз ету үшін Министрлік қарқынды бақтарды отырғызу бойынша АӨК субъектілерінің шығынын өтеуде. 2014 жылдан бері «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қатысуымен жалпы алаңы 670,2 гектарды құрайтын 10 жоба пайдалануға беріліп, 756,1 гектарды құрайтын 12 жоба мақұлданды. Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап АШТӨ-нің жылыжай жабдықтарын сатып алуға жұмсалған шығындары өтеле бастады. Осылайша, соңғы екі жылда жалпы 1,3 млрд. теңгеге 30,8 гектар жылыжай субсидияланды.

Ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайын талдау 2015 жылдың қорытындысы бойынша  80%-ды құрайды. Бұл ретте, күріш, қой еті, тауық жұмыртқалары, бидай ұны, нан бойынша қамтамасыз ету 100%-ды құрайды.

Сонымен бірге, ішкі тұтынымдағы отандық өнімнің үлесі жекелеген тауарлар бойынша әлі күнге төмен деңгейде қалып отыр. Министрдің айтуынша, өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өңдеуші кәсіпорындардың қант, құрғақ сүт, сары май мен қатты ірімшік өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын өтеу арқылы шешіліп отыр. Мәселен, 2015 жылы бюджеттік субсидиялар көлемі шамамен 2,6 млрд. теңгені құрады.

Жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны көбейді. Генофонның біртіндеп жақсаруы мен жануар өнімділігінің артуы байқалуда. Нәтижесінде, 2015 жылы 16 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдері, оның ішінде 6,4 мың тонна тоңазытылған сиыр еті экспортталды.

Кооперацияны дамыту шеңберінде сүт өндіру мен өңдеуді жоғарылату үшін 700 сүт қабылдау пунктін құру жоспарлануда. Бұл ауыл тұрғындарын айтарлықтай көлемде жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Аталған  нәтижелер «Агробизнес-2020» бағдарламасында көзделген АӨК-ні мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде қамтамасыз етілді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жыл сайын АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі ұлғаюда. 2015 жылы АӨК-ні субсидиялау көлемі 173,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 18,1%-ға көп. 2016 жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі 182,7 млрд. теңге деңгейінде  жоспарлануда.

Агроөнеркәсіптік кешенге жұмсалатын шығындардың едәуір бөлігі, атап айтқанда, 2011 жылғы 32 млрд. теңгеден 2016 жылы 155,2 млрд. теңгеге дейінгі немесе 4,9 еселік көлем жергілікті атқарушы органдарға берілгендігін атап өткен жөн.

2015 жылы ормандарды молықтыру мен орман өсіру көлемі 60,2 мың гектар аймақта жүргізілді. Бұдан басқа, Астана айналасында “жасыл белбеу” құру жұмысы жалғасуда. Оның жалпы алаңы 73 мың гектарға жетті. Шығыс Қазақстан облысының аумағында жабық тамырлы жүйемен көшет отырғызу материалдарын  өсірудің жаңа технологияларын қолданатын заманауи орман тұқымы кешені қолданысқа енгізілді.

30 гидротехникалық құрылысты салу және  реконструкциялау арқасында Қазақстанның алты облысында суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету жақсартылды. Сонымен бірге, су беру сенімдігін жақсарту үшін жалпы халық саны 75,1 мың адамды құрайтын 31 елді мекенде сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік берген 432,6 шақырым су құбыры желісі реконструкцияланды және салынды.

Осы және басқа да сумен қамтасыз ету мақсаттарына 2014 жылы 42,1 млрд. тенге, 2015 жылы бар болғаны 37,7 млрд. теңге бағытталған. Алайда, бөлінген қаражат су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтірудегі бүкіл қажеттілікті қамтуға мүмкіндік бермейді. Оның үстіне, елімізде сумен қамтамасыз ету жүйесінде айқын тепе-теңдік жоқ. Мысалы, оңтүстік облыстарда АШТӨ үшін судың 1 текше метрі тиынға бағаланады (ОҚО-да судың бір текше метрі 0,2-0,8 теңге, Жамбыл облысында – 0,2 теңге, Қызылорда облысында – 0,3 теңге), ал Павлодар облысында судың 1 текше метрі 16 теңгені құрайды.

Осылайша, экономикалық негізделген тарифтер су шығындарын үнемдеудің негізгі тетігі  болып табылады. Осыған байланысты, Ауыл шаруашылығы министрлігі жеке және халықаралық инвестициялар тартуды жоспарлап отыр, алайда кепілдендірілген пайданы тек қана дұрыс тарифтік саясат ғана қамтамасыз ете алады. Бұл жобалардың негізгі мақсаты су саласын бюджетке тәуелділіктен біртіндеп ажыратып, инвестициялық тартымдылықты жақсарту болып табылады.

Бүгінгі қалыптасқан жағдайда АӨК-нің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кірген фермерлердің үлесін, қолданыстағы суармалы жерлер алаңын ұлғайту арқылы экономикалық өсімнің қозғаушы күші болу.

«Нұржол» желегінде Astana Art Fest фестивалі өтеді

«Нұржол» желегінде Astana Art Fest фестивалі өтедіЕлорда күнін мерекелеуде барысындағы жарқын оқиғалардың бірі — Astana Art Fest қазіргі заманғы өнер фестивалі. Шараның салтанатты ашылуы 4 шілдеде өтеді. Осы күндері «Нұржол» желегінде ашық аспан астында ерекше инсталляциялар орнатылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өткен жылы шараға сансыз көп қонақтар мен қатысушылар жиналды. Биыл да ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты инсталляциялар мен шеберлік дәрістерін ұсынбақ.

Биылғы фестивальдің негізгі тақырыбы — «Human energy — Адам энергиясы». Мереке қонақтары ашық аспан астындағы айырықша инсталляцияларды, жанды қойылымдарды, сәулетшілердің көрмелерін, суретшілер медиаларын, музыкалық және би думандарын және т.б. тамашалайды. Биылғы фестивальге негізінен Қазақстанның өкілдері қатысады, сонымен қатар, шара барысында таяу шетелдерден келген қонақтар да өз өнерлерін ортаға салады.

Фестиваль алаңы төрт тақырыптық секторға бөлінеді: қазіргі заманғы өнер, сәулет, дизайн және театр. Сонымен қатар, мұнда Astana Art Forum пікірталас-білім беру алаңы жұмыс істейді, оның аясында қатысушылар кез келген адамның талғамына сай дәрістер оқып, шеберлік-сыныптарын өткізеді.

Шара барысында көпшілік назарына жаңа бастаған суретшілердің еңбектері ұсынылады. Кейбір мүсіндер жаз бойы елорда тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы фестивальге 44 қазақстандық және 10 шетелдік шығармашылық өкілдері қатысқан болатын.

Министр ауыл шаруашылық мақсатындағы нысандардың тыныс — тіршілігімен танысты

Министр ауыл шаруашылық мақсатындағы нысандардың тыныс - тіршілігімен таныстыБүгін Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдің бірнеше ауылшаруашылығы нысандарына ат басын бұрып, тыныс – тіршілігімен танысып қайтты.

Тарқатып айтар болсақ, бірінші кезекте ведомство басшысы Көксу қант зауытында болып, осы салада еңбек етіп жүрген шаруа қожалықтарымен кездесті.

Көксу қант зауыты өткен жылы шаруалардан 140 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, одан 14 мың тонна дайын қант өнімін шығарғаны белгілі. Үстіміздегі жылы 1 млрд. теңге қаражат бөлініп, зауытты модернизациядан өткізудің нәтижесінде зауыттың қуаттылығы артып, 25 мың тоннаға дейін дайын өнім алу жоспары бар. Сондай – ақ арнайы аппараттар мен автоматтандырылған жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында отын мен коммуналдық қажеттіліктерге  кететін шығындар көлемі төмендейтін болады. Бұл өз есесіне шығарылған өнім сапасының артуы мен өнімнің өзіндік құнының арзандауына әсер етеді.

Министр Асқар Исабекұлының келесі ат басын бұрған нысаны жаңа салынып жатқан 400 мүйізді ірі қараға арналған сүт – тауарлы фермасы болды. Бұл нысан мемлекеттік – жеке меншік серіктестік негізінде қолға алынған инвестициялық жоба болып табылады. Жобаның іске асырылуы кезінде бірнеше инновациялық озық технологияларды енгізу қарастырылуда. Мақсаты: жылына 2560 тонна сүт алу және 50 бас асыл тұқымды бұзау сату.

Осыдан кейін «Уыз май Industry» ЖШС-не тоқталған министр нысанның жұмысымен, өндіріс технологиясымен және алдағы жоспарларымен танысты. Атап өтер болсақ, бұл серіктестіктің негізгі қызмет түрі – ауылшаруашылық өнімдерін соның ішінде май бұршақты сатып алу, сақтау және қайта өңдеу. 2013 жылы кәсіпорын кеңейтіліп, жаңадан бұршақ майы мен күнжара өндіретін зауыт іске қосылды. Қуаттылығы: жылына 40,8 мың тонна май бұршақты қайта өңдеу. Өндіріс көлемін арттыру үшін 2016-2018 жылдар аралығында жалпы құны 1 млрд. 150 млн. теңге болатын 3 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 60 жаңа жұмыс орнын ашу жоспары бар. Қазіргі таңда мұнда 100 адам жұмыспен қамтылған.

Ауылшаруашылық нысандарын аралауды Көксу ауданында қант қызылшасын өсірумен айналысатын «Қайрат» шаруа қожалығы мен Талдықорған қаласындағы «JLC сүт» ЖШС аралаумен аяқтады.

Осы кездесуді асыға күткен өңір шаруалары көкейінде жүрген біраз сауалдарын қойып, министр Асқар Мырзахметовтың тұшымды жауабын алып жатты. Жалпы шаруа қожалықтарының басшылары мемлекет тарапынан саланы дамыту мақсатында қолға алынып жатқан бастамалар мен жан – жақты қолдауларына ризашылықтарын білдірді. Ведомство басшысы осы кездесулер барысында шаруалардың аталмыш саланы дамытуға қатысты ой-пікірлерін тыңдап, үкімет деңгейінде қарастыратындығын да атап өтті.

Кәсіби мереке марапаты

Кәсіби мереке марапатыҚазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 24 жыл толуын мерекелеуге орай Алматы облыстық ІІД қызметтік автопаркі тағы 25 автокөлікпен толықты. Қазақстан полициясы күніне орай Талдықорғандағы «Жастар» саябағында өткен салтанатты шарада облыс әкімі Амандық Баталов тапсырды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, облыс басшысы А. Баталов өңірде ішкі істер органдары мамандарының нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар мен мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға назар аударылып отырғанын атап өтті.

Мұнан кейін бірқатар қызметкерлерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады.

Полиция қызметкерлерін облыстық ІІД бастығы, генерал-майор Мұрат Ұрұмханов құттықтап, полиция ардагерлеріне, қызметкерлеріне және полицияға жәрдем көрсеткен азаматтарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар тапсырды.

Үш қызметкерге қызметтік пәтердің кілті берілді.

Кездесу соңы концертке ұласып, Қазақстан полициясының құрдастары – 24 жастағы полиция қызметкерлерінің қолынан ақ көгершіндер ұшырылды.

Талапты да дарынды жастар марапатталды

Талапты да дарынды жастар марапатталдыАлматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің дарынды балаларымен кездесті. Облыс орталығындағы Тілдер сарайында өткен осынау кездесуге дарынды да зерек 50 жас қатысты. Олардың барлығы түрлі деңгейдегі олимпиадалардың, ғылыми байқаулар мен зияткерлік жарыстардың жеңімпаздары болып танылған.

Аймақ басшысы А. Баталов өзінің құттықтау сөзінде:

—  Бүгін біз мұнда жас дарын иелерін ұлықтау үшін жиналып отырмыз. Мемлекетіміз сендердің мүмкіндіктерің мен бойларыңдағы өнерлеріңді дамытуға, сендерге сапалы білім беру үшін әлемнің дамыған мемлекеттерінің стандарттарына сәйкес барлық жағдайды жасауда. Осында тұрған барлығыңның болашақтарың жарқын болатындығына, есімдерің тек Қазақстанға ғана емес, барша әлемге танылатындығына сенімдімін. Жақсылыққа, білімге, өнер мен ғылымға деген талпыныстарың мен құлшыныстарың үшін жеке өз атымнан сендерге тағы да алғыс білдіргім келеді. Сендерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, жарқын болашақ тілеймін, — деп сөзін қорытты.

Осыдан кейін облыс әкімі өңірдің ең дарынды балаларына құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтарын табыстады.

Ал балалар есесіне көңіл бөліп, сый-сияпатқа бөлегені үшін Амандық Ғаббасұлына алғыстарын білдіріп, өздеріне артылған сенімді қашан да ақтауға тырысатындықтарын уәде етті.

Сонымен қатар шара аясында ғылыми жобалардың таныстырылымы өтті.

Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар байқауының жеңімпазы  Әділет Қажыақпар өзінің «Қазақтың ағаш ұқсату өнері» атты жобасымен таныстырды. Сондай-ақ халықаралық ғарыштық зерттеулер жобалары байқауының жеңімпаздары Әсия Мақұл мен Карина Тұрсұновалар да өз жұмыстарын көрермен назарына ұсынды.

Сүйінбай ақын ескерткіші Түркияның төріне қойылды

Сүйінбай ақын ескерткіші Түркияның төріне қойылдыАнкара қаласының ең үлкен саналатын Кечиорен ауданында сөздің пірі атанған Сүйінбай ақынның бюсті орнатылды. Былтырғы жылы ақынның 200 жылдығына орай осы елде Сүйінбай саябағы ашылған болатын.

Саябақтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Кечиорен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак «Қазақ жері атажұртымыз болса, түрік жері анажұртымыз. Байланысымыз жалғасып, өткен жылы ашылған саябақтың ішіне бүгін шайырдың бюстін қойып отырмыз. Рамазан айымен дөп келіп отырған қуаныш құтты болсын!» — деді.

Алматы облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев та сөз алып, тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай атқарылып отырған шара Елбасының сарабдал саясатының арқасында жүзеге асып отырғанын жеткізді. Қазақ халқының, облыс басшының атынан түрік бауырларға, осы істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс айтып, мұндай шаралардың түркі дүниесін байыта түсетініне, Мəңгілік елдің мəңгілік мұралары болатынына сенім білдірді.

ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев, мемлекет жəне қоғам қайраткері Шəмшə Беркімбаева, ақынның тікелей ұрпағы Ғабит Садырбаев екі ел арасында саяси, экономикалық байланыстармен қатар алтын көпір болып отырған руханият əлемі – түркілік тұтастық екенін атап өтті. Сүйінбай ескерткішінің ашылуын соның бір жарқын көрінісіне балады.

Бюстің ашылу рəсімін Сүйінбай атындағы облыстық филармония өнерпаздары əн-күймен көмкеріп, анкаралықтардың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бюстің авторы – мүсінші Нұрғалым Исабаев. Өткен жылы Н. Исабаевтың жасаған мүсіні ақынның туған ауылы Қарақыстаққа қойылған болатын. «Бұл бюст Қарақыстақтағыға қарағанда көлемі жағынан үлкен. Жəне бұл жұмысымда қазақтың киімдеріндегі ою-өрнектерін зерттеп жүрген ғалымдармен бірлесе отырып, бас киімі мен шапанындағы зердің мəн-мазмұнына жете мəн бердім. Мəселен, қалпағына билерге тəн «Билік ағашы» оюы салынды», дейді автор.

Бюстің тұғырымен қосқандағы жалпы биіктігі 2,60 метр, иық тұсынан ені 1,35 метр.

Осы күні «Калаба Кент» алаңында Жамбыл жыраудың 170 жылдығына орай облыстық Сүйінбай атындағы филармония мен «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі қазақ өнерін паш етіп, халық əндері мен билерін анкаралық көрермендер назарына ұсынды.

Анкарадағы конференция жыр алыбы Жамбылға арналды

13fe32a788d00eb032bb2d0c564b64c0Түркияның астанасы Анкара қаласында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай ғылыми конференция өтті. Бұл айтулы шараға Алматы облысының делегациясын облыс əкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев бастап барды. Делегация құрамында мемлекет жəне қоғам қайраткері Шəмшə Беркімбаева, жазушы Жұмабай Шаштайұлы, ғалымдар Бақтияр Сманов, Тоқтар Албеков жəне басқа да азаматтар болды. Юнус Эмре атындағы мəдениет орталығында өткен конференция  жұмысын Кечиорен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак құттықтау сөзбен ашып, қонақтарға ыстық ықыласын білдірді. Түбі бір туыстас халықтар арасындағы тамыры терең байланыстардың жаңа заманда жалғаса беретініне, жаңғыра беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мұнан соң Алматы облысы əкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев Жамбыл бабамыздың 170 жылдығы ақпан айында Жетісу  жерінде  басталғанын, бүгін сол игі істі түрік бауырларымыз бастамашы болып өз елінде жалғастырып отырғанын ризашылықпен атап өтті.

— Қазақтың Гомері атанған ақынның мұрасы мəңгілік. Оның туындыларын қазір тəуелсіздік тұрғысынан бағамдап келеміз. Бұл іске түрік бауырларымыз да айшықты үлес қосуда. Бүгінгі конференцияны қазақ еліне деген зор құрмет деп білеміз. Барша түрік бауырларымызды елімізде мерейтойдың мəресі ретінде Алматы облысында өтетін үлкен республикалық айтысты тамашалауға шақырамын. Облыс əкімі Амандық Баталовтың атынан осы шараны ұйымдастыруға мұрындық болған түрік бауырларымызға, ТҮРКСОЙ ұйымы мен Түркиядағы елшілікке зор алғыс айтамын – деді Б. Өнербаев өз сөзінде.

Сонымен қатар ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы төтенше жəне өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев, Шəмшə Беркімбаева сөз алып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынас, рухани үндестік, соның ішінде Жамбыл жыраудың өлмес мұрасы туралы айтып өтті.  Жыраудың өмірі мен шығармашылығы əрі эпик ақын, əрі айтыс ақыны, əрі азаматтық үні айқын тұлға ретінде əр қырынан талданды. Бір миллион жол өлеңі бар ғасыр жасаған жыраудың  Көроғлыны отыз күн жырлағаны да тілге тиек етіліп, бұл мұраларды түрік азаматы Ахмет Аляздың жаңа қырынан зерттеп жүргені де айтылды. Сол сияқты Мугла университетінің доценті Экрем Аян, Халықаралық Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуп Омироғлы, «Қазақ əдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы, Гази университетінің докторы Жемиля Кнаджы қазақ елі мен Анадолы елінің өнеріндегі ұқсастық пен ортақтыққа қатысты, жамбылтануға байланысты пайымды пікірлерін білдірді.

Жетісудан арнай келген əнші Бейбіт Мұсаев Жамбылдың  «Ақындарға арнау» атты толғауын шырқаса,  Кенже Ақжолова «Əдемі қыз» əнімен тəнті етті.

Конференцияға дейін Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармония əртістері мен «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі Астана күніне орай «Anteres» сауда үйінің фойесінде мазмұнды концерт қойғанын да атап өту керек.