Домой Блог Страница 175

Астанада жыл басынан бері 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

865ace599f4b4dcf693b9fb3fa6Жұмыспен қамту орталығы жалпы, елордада биыл 12 жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр. Бүгін шара барысында 30 астам қалалық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынды, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жұмыс іздеушілер де, жұмыс берушілер де бос орындар жәрмеңкесінің маңыздылығын атап өтуде. Елордалық Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін шаралардың арқасында жеке меншікті жұмыс берушілер көп уақыттарын жұмсамай өздеріне лайықты жұмыскерлерді таба алады.

Жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесінің арқасында 2 858 адам жұмысқа орналастырылды. Бәрі де өзіне лайық жұмыс таба алды. Атап айтқанда, 998 адам қоғамдық жұмыстарға кірісті, 411-і кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберілді. Сонымен қатар, 254 адам жастар практикасына қабылданды.

Биыл Жұмыспен қамту орталығына бес жыл болады. Осы кезеңде 36 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, 30 мыңдай елорда тұрғынына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Бес жылда 9,5 мың адам кәсіптік даярлау және қайта даярлаудан өтті.

Астанада үздік жауынгерлік жекпе-жек өкілдері өнер көрсетеді

Астанада Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі осымен екінші рет өткізіледі. Әлемдегі түрлі жекпе-жектердің үздік өкілдері бір аренада бас қосады. Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Филиппин және Жапония мемлекеттерінің шеберлері көрермендер назарына 11 дисциплина бойынша көрнекі рыстар ұсынады, соның ішінде джиу-джитсу, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай, вин-чун, қазақша күрес, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань және пекити-тирсия кали.

ae09de4f4e09295643c8bc1dc54.jpeg

Биыл шараға Вин-Чун Халықаралық федерациясының (IWCO) құрметті президенті – Сифу Дональд Мак, Ultimate Fighting Championship қамқорлығымен өнер көрсететін, аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кәсіпқой ресейлік тайбоксер және кикбоксёр, тай боксынан және кикбоксингтен кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасындағы жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, тай боксынан Ресейдің Еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды әйгілі тұлғалар қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өткен жылғы фестивальге қатысқан актер, кәсіпқой спортшы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша әскери нұсқаушы Сергея Бадюк спорт сүйер қауым үшін тосын сый болмақ.

Маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды. Еліміздің танымал боксшысы, 2005 жылғы және 2007 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» кәсіпқой бокс клубының бас директоры Серік Сәпиев, тай боксы мен К-1 кәсіпқой спортшы, әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы Таиланд Королі кубогының иегері Дәулет Отарбаев, каратэ мен ММА-ден әлемнің үш дүркін чемпионы, джиу-джитсуден Еуропаның үш дүркін чемпионы Айдар Махметов, сондай-ақ, Қазақстанның джиу-джитсу мен ММА федерациясының президенті Анатолий Ким сияқты кеш қонақтары өз шеберліктерін ортаға салады.

Фестиваль Елорда күніне орай екінші рет өткізілмек. Аталмыш шара әлемнің түрлі жекпе-жектер бойынша үздік спортшылардың басын қосатын бірегей алаңға айналды.

Еске салайық, бірінші жауынгерлік өнер фестиваліне барша әлемнен 150 жуық шебер қатысып, шара барысында Стивен Сигал, Сергей Бадюк пен Бату Хасиков көпшілікке түрлі жекпе-жектерден айла-тәсілдер көрсетті. Сонымен қатар елордалық көрермендер алғаш рет шаолинь монахтарының өнерін тамашалады.

Жыл басынан бері елордада 77 көп балалы ана марапатталды

Жыл басынан бері елордада 77 көп балалы ана марапатталдыӘрбір аудан әкімдігінде көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» құрмет белгілерімен салтанатты марапаттау рәсімі өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Алматы» ауданында аталған 42 көп балалы ана құрмет белгісіне ие болған, соның ішінде 14-сі «Алтын алка», ал 30-ы«Күміс алқа» алған. «Есіл» ауданында алтыннан алқа таққан 4 және 5 күміс алқа иегері тұрады. «Сарыарқа» ауданы бойынша «Алтын алқа» алғандар алтау, ал 20 ана «Күміс алқамен» марапатталған.

Астанада еліміздің демографиясына елеулі үлес қосқан аналарға ерекше құрмет көрсетіледі. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында еализации социальнкөп балалы аналар мен олардың отбасыларына жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Әкімдік шағын футболдан жарыс өткізеді

Әкімдік шағын футболдан жарыс өткізедіБайланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Астана қаласының әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жарыс 25 маусымда Астанада Кенесары к-сі, 14 мекен жайы бойынша орналасқан Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Басталуы сағат 9:00. Қатысушылар өтінімдерді 23 маусым сағат 18.00-ге дейін бере алады.

Команда капитандары сағат 8.30-да жеребе тастауға келуге тиіс.

Жарыс форматы: топтық кезең және плэй-офф кезеңі. Плэй-оффқа өз тобында 1-ші және 2-ші орындарға ие болған командалар шығады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.

Баршаңызды жарысқа қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз: 55-67-09, 8-778-676-61-31 (Құрман Еркін).

Ұлттық музыкалық аспаптарда ойнайтын жас орындаушылар байқауы өтті

Ұлттық музыкалық аспаптарда ойнайтын жас орындаушылар байқауы өтті2016 жылдың 22 маусымында «Жастарды ұлттық нышанда тәрбиелеу және ұрпақтар сабақтастығын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізу» жобасы аясында домбыра, қыл қобыз (прима қобыз),  жетіген сияқты номинациялары бойынша жастар арасында ұлттық музыкалық аспаптарда ең үздік орындаушыны анықтау мақсатында К. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыка-драмалық театрында байқау өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді насихаттау, жас ұрпақты тәрбиелеудегі сабақтастық, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қолдау, достық қарым-қатынастарды орнату болып табылады.

Байқауға 14 пен 25 жас аралығындағы жас орындаушылар қатысты. Астана қаласының музыкалық мектептері және өзге де оқу орындарының тәрбиеленушілері шақырылды.

Қазылар алқасы  конкурстан кейін қорытынды жасап, қатысқан жеңімпаздарға грамоталар және сыйлықтар, ал  қалған барлықтарына  грамоталармен марапатталды.

zhastar.astana.kz

Жаз басталғалы «Алау» сарайында 8 мыңнан астам адам болған

Жаз басталғалы «Алау» сарайында 8 мыңнан астам адам болған«Алау» жазғы спорт орталығы осы күнге дейін 8 мыңнан астам астаналықты қабылдаған, 1000 астам адам Hockey Room хоккей мектебіне барса, 1500 оқушы қызығушылығына қарай ермек тапты, соның ішінде 250 бала көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бірнеше жылдан бері күн жылынғанда «Алау» сарайы жазғы спорт орталығы форматында жұмыс істеп келеді. Мұнда үстел теннисін, бадминтон ойнап, 400 метрлік жолда ролик тебуге болады. Жазда да мүз айдынында коньки тебу мүмкіндігі жасалған. Биылғы маусымның жаңалығы –шағын гольф.

Қала тұрғындары «Алау» сарайынан шықпай-ақ кез келген спорт түрінде бағын сынай алады.

Сонымен қатар, орталық аумағында таза ауада жағажай волейболы мен шағын футбол ойнауға болады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған гидро- және иппотерапия сабақтары өткізіледі

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған гидро- және иппотерапия сабақтары өткізіледіАстана қаласының Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1 сәуірде ашылғанымен, осы күнге дейін ондаған жас елордалық пен қарияға қол ұшын созды. Орталықта ересектер мен балаларға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, еңбек, экономикалық және құқықтық қызметтер ұсынылады. Апта сайын мүмкіндігі шектеулі балалар гидро- және иппотерапиядан өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Орталықта дефектологтар, психологтар, еңбек терапевттері, музыка мұғалімі, Емдік дене шынықтыру нұсқаушылары және реабилитолог дәрігерлер жұмыс істейді. Олар 290 жалғыз басты қария мен І және ІІ топтағы мүгедектерге, сондай-ақ, психологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 300 жуық балаға көмектеседі.

Балалар блімінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді оңалту үшін апта сайын «Құлагер» ат спорты кешенінде иппотерапия өткізеді. Қазіргі кезде аталған ем түрімен 200 астам бала қамтылған.

Балалар атқа мініп қана қоймай, ойын алаңдарында ойнайды, батутта секіреді, жан-жануарлар бұрышын тамашалайды. Мұнымен қоса, орталықта гидротерапия қызметтері де ұсынылады.

Барлық қызметтер тегін ұсынылады. Өз денсаулығын жақсартып, өмір сүру сапасын жақсартқысы келетіндер ересектер мен балалар үшін орталықтың есігі әрқашан да ашық. Жазылу туралы ақпаратты www.soc-center.kz сайтынан немесе 27-32-18 телефоны арқылы алуға болады.

Теннисші Галина Воскобоева Рио-2016 Олимпиадасына лицензия ұтып алды

Теннисші Галина Воскобоева Рио-2016 Олимпиадасына лицензия ұтып алдыҚазақстандық Галина Воскобоева  Рио-де-Жанейрода өтетін 2016-Олимпиада ойындарына төртінші лицензияны ұтып алды.

Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, Галина 2014 жылы жарақаты салдарынан тоқтап тұрған WTA рейтингі есебінен (64-орын) лицензия алды.

Халықаралық теннис федерациясының қағидаларына сәйкес кортқа оралғаннан кейін қазақстандық өзінің бұрынғы рейтингімен 11 ірі турнирлерге қатысу құқығына ие болады.

Нәтижесінде, Қазақстан өкілдері Галина Воскобоева, Михаил Кукушкин және Юлия Путинцева Олимпиадалық ойында бір разрядта Қазақстанның атынан шығады.

 «Үлкен дулыға» екі турнирінің жеңімпазы қазақстандық Ярослава Шведова жұптық разрядта шығады. Төртжылдық турнирде Шведова отандық Галина Воскобоевамен шығады.

ҚазАқпарат

Анкарада Сүйінбай Аронұлына ескерткіш қойылады

Анкарада Сүйінбай Аронұлына ескерткіш қойыладыАнкара қаласында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі мен Анкара қаласының Кечиөрен ауданы муниципалитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Түркиядағы Қазақстан күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметі.

Салтанатты шараның алғашқы күні, яғни 19 маусымда қазақ елінен барған «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің өнерпаздары түркиялық көрерменге мерекелік концерт көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты.

Сонымен қатар, кеше Анкарада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған конференция өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шара аясында көрнекті ақын Сүйінбай Аронұлына арнап, Анкара төрінен ескерткіш мүсіннің ашылуы жоспарланған.

Қытайда әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер жасалды

Қытайда әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер жасалдыҚытайдың жаңа Sunway TaihuLight суперкомпьютері әлемдегі ең қуатты есептеуіш машина ретінде танылды.

Бұған дейінгі қуатты компьютер «Тяньхэ-2» де қытайлардың қолынан шыққан. Жаңа машина одан үш есе қуатты. Америкалық және жапондық компьютерлер осы көрсеткіштен біршама қалыс қалған.

Sunway TaihuLight есептеу қуат — 93 петафлопс, ал «Тяньхэ-2» қуаты 33,8 петафлопс қана болған. Алғашқы үштікке кіретін американың суперкомпьютері — Titan қуаты бар-жоғы — 17,6 петафлопс қана.

ҚазАқпарат