Домой Блог Страница 176

Астана мен Челябі арасында жаңа пойыз жолға шығады

Астана мен Челябі арасында жаңа пойыз жолға шығадыКөпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында   2016 жылдың  3-ші  шілдесінен бастап жаңа  «Астана-Челябі»  пойызы жолға шығады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасысмалы» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл бағыт   Ресей темір жолы компаниясымен бірлесіп  жолаушылардың Челябіден   №145/146  «Челябі-Мәскеу-Санкт-Петербор» пойызына ауысып мінуі үшін ыңғайлы жасалған. Енді еліміздің Рудный, Костанай және баска елді мекендердің тұрғындары үшін Ресей қалаларына тез жететін тамаша мүмкіндік туып отыр.

Пойыз Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Костанай және Троицк стансалары арқылы жүреді.   Астанадан 16 сағат 00 минутта, ал Челябіден 10 сағат 56 минутта аттанады. Челябіге дейін жүретін уақыты — 19 сағат 26 минут, кері қарай -20 сағат 20 минут .

Пойыз   Астана қаласынан 2016 жылдың  2-ші шілдесінен бастап, ал Челябіден  3  шілдеден бастап күнара қаатынайтын болады.

Елбасы Астана қаласындағы орталық саябақта болды

Елбасы Астана қаласындағы орталық саябақта болдыМемлекет басшысы саябақтың инфрақұрылымымен танысып, жаңадан ашылған жағажай аймағын көрді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев электромобилмен қоғамдық демалыс аймақтарын аралап шығып, елорда тұрғындарымен әңгімелесті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті қалалықтардың жаппай, белсенді және мазмұнды демалысы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, мәдени-сауықтық қызметтерді сапалы ұйымдастыру жастардың әсіресе жаз мезгіліндегі уақытын пайдалы өткізуіне септігін тигізеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әуесқой жасөспірім балуандардың белдесуі өтіп жатқан саябақтың спорт алаңында болды.

Қаланың орталық саябағының инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары аясында аттракциондар орнату жұмысы жүргізіліп, спорттық және ересектер мен балаларға арналған бассейндері бар заманауи жағажай аймағы ашылды. Сондай-ақ жаттығу алаңы, шаңғы роллеріне арналған ұзындығы 3,8 шақырым трассасы бар дене шынықтыру және сауықтыру аймағы ашылған. Саябақ аумағындағы сауда нысандары шаһардың архитектуралық стилімен үйлестірілді.

Мұнда күн сайын классикалық және танымал музыка концерттері, таза ауада бұқаралық спортпен айналысу тәрізді мәдени-көпшілік және спорт шаралары өтеді. Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде саябаққа келушілер саны жұмыс күндері 3 мыңға дейін, ал демалыс күндері 10 мыңға дейін көбейді.

«Алтын Үкі-2016» сайысында мергендер заманауи қарудың үлгілерін қолданады

«Алтын Үкі-2016» сайысында мергендер заманауи қарудың үлгілерін қолданадыҚарағанды облысының іргесіндегі «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Алтын Үкі-2016» 4-ші халықаралық мергендік жұптар сайысы басталды. Бұл сайыс барысында өзі ісінің үздіктері кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жарысқа ҚХР, АҚШ, Ресей Федерациясы, Белорусь Республикасы, Ұлыбритания, Пәкістан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының күштік ведомствалардың мергендері қатысады. Сайысқа қатысатын мергендер көптеген елдің қару-жарақ қатарын құрайтын заманауи мергендік мылтықтың үлгілерін қолданады.

Жарыстың мақсаты – түрлі үлгідегі кәсіби тәсілдерді орындау әдістерін жетілдіру, мергендердің дене төзімділігіне шыдау мүмкіндіктерін анықтау, психологиялық кернеуге шыдау, сондай-ақ атыс және далалық машық деңгейін анықтау. Дәлдеп атудың шеберлері 5 күн бойы түрлі қашықтықтағы нысаналарға атудан, жылдам атудан, бүркемелену машықтары мен ойлы-қырлы жерлерді бағдарлаудың үздігі атану үшін күресетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «Алтын үкі – 2015» жарысында Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері жеңімпаз атанып, алтын кубокты иеленді. Бұл жарыстың әр кезеңі жоғары деңгейдегі төзімділікті, күш-жігерді, сапалы командалық жұмыс пен әр қатысушының жақсы даярлығын талап етті.

Суретке әдемі түсу тәсілдері

Жақсы фотосессия үшін бар болғаны екі-ақ нәрсе қажет: білікті фотограф пен суретке әдемі түсудің қыр-сыры жайында сіздің аздаған біліміңіз. Суретке түсудің құпиясынан хабардар болсаңыз, суреттің ойдағыдай шығуы үшін фотомодель болуыңыз шарт емес.

Ендеше, төмендегі ақыл-кеңеске көз жүгіртіп, есіңізде сақтаңыз. Керек болса, үйде айна алдында біраз жаттығып алудың да артықтығы жоқ. Бұл жаттығулар камера алдында өзіңізді еркін ұстауға, ширақ қимылдауға, бастысы, суреттің жақсы шығуына мол септігін тигізеді.

 Фотографқа қарай бір қырыңызбен тұрып, басыңызды бұрып қараңыз. Иығыңызды тік, иегіңізді аздап төмен ұстаңыз.

Суретке әдемі түсу тәсілдері

Диванға отырып, арқалығына қарай аздап жантайыңыз.

Қабырғаға аздап сүйеніңіз, денеңізді бос ұстаңыз.

Былай тұрып суретке түсу кадрда бүкіл бойды, сонымен қатар әдемі мүсінді көрсетуге өте ұтымды.

Былай да мүсіннің сымбатына назарды аударуға болады. Назарыңыз фотографта емес, басқа жақта болғаны да суретке өзінше ерекшелік сыйлайды.

Төмендегі сурет көңіліңізден шықса, қолыңызды қатып қалғандай екі жаныңызға жабыстырып алмай, бос, еркін ұстау керектігін есіңізде ұстаңыз.

Екі қолды кеуде тұсында айқастырып алу өзгелерді жанына жолатқысы келмей, итеріп, қуып тұрғандай көрінеді. Десе де, камера алдында мұны неге бір байқамасқа?! Бастысы, жүзіңіз жылы болсын.

Егер әдемі, ұзын шашыңыз болса, камера алдында онымен де жұмыс жасаңыз.

Жағажайда, табиғат аясында немесе үйде диванда жатқанда төмендегі тәсілді ескерсеңіз, сурет өте сәтті шықпақ.

Суретке жан кіргізе біліңіз. Ол үшін кеңістік пен сызықтарды дұрыс пайдалануды үйреніңіз.

Сәтті сурет! Арнайы түсіру орнын да таңдамайды. Мұнда басты назарда көз тұр. Сондықтан камера қарар алдында көз алдыңызға қандай да бір образды елестетуіңіз көп көмек болмақ.

anabol.kz

Мемлекет басшысы Астананың «жасыл аймағының» даму барысымен танысты

Мемлекет басшысы Астананың «жасыл аймағының» даму барысымен таныстыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың орман плантацияларын және «Ақ қайың» көшеттер питомнигін аралады. Соңынан дәстүрлі қырғауыл ұшыру шарасына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына ағаш отырғызылатын аумақтың жалпы көлемін ұлғайту жұмыстарының барысы, сондай-ақ 2018 жылға дейінгі жасыл желекті алап пен оның биоалуандылығын дамыту жоспары туралы баяндалды.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін брифинг өткізді.

Елбасы Астана маңындағы жасыл желек орман шаруашылығы қызметкерлері мен ғалымдардың тынымсыз еңбегінің арқасында пайда болғанын атап өтті.

– Жылдар бойғы егілген ағаштардың жалпы аумағы 73 мың гектар болды, жыл сайын қосымша 5 мың гектар ағаш отырғызылады. Бұл аумақ көлемі жөнінен Бурабай ұлттық саябағына тең. Біздің ендігі міндетіміз – Елорда маңындағы орман ағаштары алабын Бурабай саябағы аймағына ұластыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту үшін барлық өңірде орман өсіру ісін дамыту қажеттігіне де назар аударды.

– Осы жылдары жаңа елорда – Астана ғана емес, сонымен қатар «екінші Бурабай» бой көтерді. Бұған дейін мұның бірі де болмаған. Ен далада жаңа қала бой көтерумен бірге оның маңында «жасыл аймақ» та пайда болды. Соның арқасында қалада шаң-тозаң мен ұйтқыған жел де азайды. Бұл ормандарда жеміс-жидектердің алуан түрі өседі, жан-жануар әлемі пайда болды, – деді Елбасы.

Соңында Мемлекет басшысы еліміздің барша азаматтарын ағаш егу ісіне өз үлестерін қосуға, Қазақстанның табиғи байлықтарын аялауға шақырды.

Астана маңында ағаш отырғызылған аумақтың жалпы көлемі 73 мыңнан астам гектарды қамтиды. Болашақта елорданың «жасыл аймағын» Ақмола облысы Ақкөл ауданы ормандарымен ұштастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, қаланың «жасыл аймағында» туризм мен демалыс орындарын дамыту мақсатымен 2014 жылы «Жасыл Аймақ» Қызылжар орман шаруашылығы аумағында сафари-саябағы құрылды. 2015 жылы жабайы жан-жануарлар түрі мен санын көбейте отырып, саябақ аумағын 300 гектарға дейін кеңейту жөнінде жоба әзірленді.

Елордада жас орындаушылар байқауы өтеді

Елордада жас орындаушылар байқауы өтеді22 маусымда Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында елорданың талантты жастары музыкалық сайысқа түседі. Байқау домбыра, қыл қобыз, прима қобыз бен жетіген номинациялары бойынша өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

—  Байқау шығармашыл жастарды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл елордалық талантты жастарды анықтаудың жақсы мүмкіндігі, — деді Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Ербол Рыспаев.

Байқау жастарды тәрбиелеу кезінде ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен тарату және ұрпақтар сабақтастығы бойынша іс-шаралар аясында ұйымдастырылады. Шара барысында 14 пен 25 жас аралығындағы жастар ұлттық аспаптарда ойнау шеберлігін көрсетеді.

Жыл басынан бері Астанада 8 мыңнан астам пәтер салынды

Жыл басынан бері Астанада 8 мыңнан астам пәтер салындыАстана қаласы статистика департаментінің хабарлауынша, барлық қаржыландыру көздері есебінен 8 564 пәтер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 964 254 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 25,8%-ға артық, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жеке салушылармен жалпы ауданы 86 505 шаршы метр тұрғын үй салынған. Жалпы, тапсырылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 9%, 2015 жылғы қаңтар-мамырда бұл көрсеткіш 3,2% болған.

Сонымен қатар, 2016 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 53254,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 12,3% артық. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 25,1%-ды құрады.

Әкімдікте әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Әкімдікте әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтадыЕлорда әкімі Әділбек Жақсыбеков қала әкімдігінің аппарат отырысында әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Ләззат Күнгейбаева мен Валентина Хальзованы Астанада өткен AIBA Әлем чемпионатында жоғары жетістікке қол жеткізгендерімен құттықтады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, дүбірлі додада Қазақстан өз тарихында алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орынға табан тіреді. Отандық былғары қолғап шеберлері төрт алтын мен екі қола жүлде еншіледі. Соның ішінде елордалық екі спортшы жеңіс тұғырына көтерілді.

«Қала активінің көзінше Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, спортта да, жеке өмірде де жетістіктерге жете берулеріңе тілектеспін», — деді Ә. Жақсыбеков чемпиондарға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағын табыстай отырып.

Әкім қыздарға отандық спорттың табыстылығына үлес қосқаны үшін алғыс айтып, қалада спортты дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып жатқанын, соның ішінде елордалық спортшылардың тұрғын үй-тұрмыстық мәселелері шешіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Астанада өткен әлем біріншілігінің ұйымдастырылуына жоғары баға берілді, оны AIBA халықаралық ұйымының өкілдері де растады.

Астанада театр фестивалі ашылды

Астанада театр фестивалі ашылдыЖыл сайын Елорда күні қарсаңында Астанада «Сахнадан сәлем!» халықаралық театр фестивалі өтеді. Шара маусымның 20-сы мен 26-сы аралығында өз көрермендерін күтеді. Осымен төртінші рет өткізілетін фестивальдің шымылдығы «Жастар» театрында  режиссер Н. Жақыпбайдың «Моцарт» мюзиклімен ашылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Апта бойы елордалық театр сахналарында Астана, Алматы, Жезқазған, Орал, Өскемен, Шымкент, Семей қалаларының, сондай-ақ мәскеулік «Театр Луны» және киевтік «PaperWall» театрларының труппалары өз өнерлерін ортаға салады. Биыл шараға 11 театр қатысады.

«Бұл өте қызық фестиваль. Біздің басқа да қазақстандық шараларға қарағанда «Сахнадан сәлем!» нағыз мереке, мұнда достар мен кәсіпқойлар кездеседі, шығармашылық практикамен және тәжірибемен алмасады. Фестивальдің құндылығы да осы», — деді театр сыншысы және драматург Еркін Жуасбек.

2013 жылдан бері фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінің, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелдердің: Ресей, Литва, Түркия, Дагестан, Грузия театрлары қатысты.

IV халықаралық театр фестивалінің құрметті қонақтары әрі қазылар алқасы құрамында танымал драматург, театр сыншысы Еркін Жуасбек, ҚР халық әртісі, Гүлжахан Әспетова, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, сондай-ақ шетелдік қонақтар Мәдениет қайраткерлерінің астаналық цехі кеңесінің мүшесі Игорь Краснопольский және театртанушы Мария Юрьева сынды өнер қайраткерлері болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары апта ішінде «Антракт» драмасын, «ОнОнаЖизнь» визуалды-пластикалық спектаклін, «Қара шекпен» мысалын, «Зверь» фантастикалық тарихын, «Құлан қыпшақ – Кейкі батыр» тарихи драмасын, «Пробуждение» трэш-драмасын, «Бас», «Жалт еткен бір сәуле», «Бір кем дүние» драмаларын тамашалайды. Спектакльдер бағдарламасы төменде ұсынылған.

Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес өз жоспарымен жүріп жатыр

Алматы облысында шегірткеге қарсы күрес өз жоспарымен жүріп жатырАлматы облысында шегірткеден қауіп жоқ.

Өйткені шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жылдағыдай өз жоспарымен жүріп жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы облысындағы аумақтық инспекциясының мамандары мәлімдеді. Олардың айтуынша, шегіртке мен басқа да зиянкестерге қарсы жұмыстарды үйлестіретін комиссия құрылған. Оның жұмыс топтары барлық ауданда бар. Қазір 6 ұшақ пен 18 бүріккіш техника өңдеу жұмыстарына тартылған. Олардың күшімен 101 мың гектар жер химиялық жолмен өңделді.

Серік Ақанов, ҚР АШМ Алматы облысындағы аумақтық инспекциясының басшысы:

— Ауылдық әкімдер, шолушы бар, малшы бар, өздерінің округтеріндегі жер иелері бар — солармен күнде хабарласамыз, біздің штабқа, аудандық штабқа, облыстық штабқа тұрақты ақпарат беріп отыр. Біз ары қарай техникасын қолданып, күнделікті өзіміз атқаратын қызметтерімізді атқарып отырмыз.

24.kz