Домой Блог Страница 177

Астанада ментальды арифметикадан олимпиада өтті

578e690b949edec4da5f017517ffe819_LАстанада екінші қалалық ментальды арифметика бойынша олимпиада өтті.

Жарысқа 5 пен 15 жас аралығындағы 200 бала қатысты. Оларға әртүрлі арифметикалық қиын жаттығуларды ойша есптеп шығару тапсырылған. Ал көмекші құрал ретінде тек қарындаш пен бір парақ қағаз ғана берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл зерек балалар ең қиын деген жаттығуды оңай шешіп береді. Айта кетерлігі, әлем бойынша ментальды арифметикамен АҚШ, Еуропа, Түркия, Қытай, Малайзия, Сингапур және Үндістанды қосқанда 5 млн бала шұғылданады.

Татьяна Хабалашвили, ментальды арифметиканы оқыту орталығының директоры:

— Өздеріңіз білетіндей, оң қолмен жазатындарда миының сол жақ бөлігі дамыған. Соның кесірінен баланың шығармашылық мүмкіндіктерді толық ашылмайды. Ал солақайларда мидың оң жақ бөлігі дамғандықтан логикалық ойлау қабілеті жоғары емес. Ал бізде балалар миының қос бөлігін бірдей дамыта алады. Болашақта мұның берері көп. Мәселен қандай да бір шешім қабылдар кезде жан-жақты саралап барып қабылдайды. Әрбір қадамын ойланып басатын болады.

24.kz

Астанада дуатлоннан жарыс өтеді

Астанада дуатлоннан жарыс өтеді26 маусымда Елорда күнін мерекелеуге орай Астанада дуатлоннан ашық қалалық турнир екінші рет өткізілетін болады. Биыл жарысқа қатысушылар 25 шақырым қашықтықты бағындырмақ. Жолдың жалпы ұзындығы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ – ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Астана-дуатлон — 2016» жарысына 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алады. Бірақ 18-ге толмағандар тіркелу үшін ата-анасының жазбаша рұқсатын әкелуі керек. «Астана-дуатлон — 2016» жарысына қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келуі қажет.

Қатысушыларды тіркеу шара өтетін күні «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда таңғы сағат 7-ден басталып, турнирге 15 минут қалғанда аяқталады. Дуатлон таңғы сағат 10.00 басталады.

Турнир үш кезеңнен тұрады: алдымен қатысушылар 5 шақырым жүгіріп өтеді, содан кейін 15 шақырымды велосипедпен жүреді, ал соңғы кезеңде – тағы да 5 шақырым қашықтыққа жүгіреді.

Ақ халатты абзал жандар марапатталды

Ақ халатты абзал жандар марапатталдыБүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет үйінде өңір басшысы Амандық Баталов облыстың медицина саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өз сөзінде үмітке үміт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай келе, елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заманауи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.

— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бір сөзінде: «Өмірде нағыз табысқа – адамдарға және өз еліне пайда әкелетіндер ғана қол жеткізеді»,- деген болатын.

Мемлекетіміздің қуатты елдердің қатарында болуы үшін – әр адамның дені сау, рухы биік болуы тиіс. Осы орайда, «100 нақты қадам. Ұлт жоспары» медицина саласының дамуына жаңа серпін беруде. Адам өміріне араша болған барша ақ халатты абзал жандарға мықты денсаулық, еңбегіне жеміс, отбасыларына бақыт тілеймін. Әр адамға жан жылуын аямай, аялы алақан, мейірімділікпен халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер, — деп мереке иелеріне жылы лебізін білдірді.

Осы күні жылдағы үрдіс бойынша жұмысына деген адал сүйіспеншілігі мен маңдай терінің арқасында еңбегі жоғары бағаланған сала қызметкерлері облыс әкімінің «Құрмет» және «Алғыс» хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ бұл күні 8 номинация бойынша жылдың үздіктері де анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтар болсақ:

«Үздік дәрігерлік амбулатория» номинациясының жеңімпазы және 100 000 тг ақшалай сыйлыққа – Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір дәрігерлік амбулаториясы;

«Үздік аудандық аурухана» номинациясының жеңімпазы және 150 000 тг ақшалай сыйлыққа – Райымбек ауданы Нарынқол аудандық ауруханасы;

«Үздік аудандық орталық аурухана» номинациясының жеңімпазы және 250 000 тг ақшалай сыйлыққа – Талғар аудандық орталық ауруханасы;

«Үздік облыстық медициналық мекеме» номинациясының жеңімпазы және 200 000 тг ақшалай сыйлыққа – Алматы аймақтық туберкулез диспансері;

«Кезексіз емхана!» номинациясының жеңімпазы және 100 000 тг ақшалай сыйлыққа – Көксу аудандық орталық ауруханасының емханасы;

«Үздік менеджер» номинациясының жеңімпазы және 100 000 тг ақшалай сыйлыққа – Текелі қалалық ауруханасының бас дәрігері Төлеуханова Ләйлә Омарханқызы;

«Үздік мейірбике» номинациясының жеңімпазы және 100 000 тг ақшалай сыйлыққа – Сарқан аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі Малайбекова Салтанат Есімбекқызы;

«Жылдың үздік дәрігері» номинациясының жеңімпазы және 500 000 тг ақшалай сыйлыққа – Қарасай аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Стадников Максим Александрович ие болды.

Марапаттау рәсімінен кейін номинация иегерлері өздерінің алғыс білдіру сөздерінде барша медицина саласы қызметкерлерінің басты мақсатының ортақтығын, ол – азаматтардың дертіне шипа беріп, дер кезінде сапалы жәрдем көрсету екендіктерін бір ауыздан атап өтті.

Шараның соңы Сүйінбай атындағы облыстық филармония ұжымының орындауындағы концерттік бағдарламамен ұласты.

Таразда «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» байқауының шешуші кезеңі өтті

Таразда «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» байқауының шешуші кезеңі өттіТаразда «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» республикалық байқауының шешуші кезеңі өтті.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған сайыс 3 айға созылып, қазақ дастарханының байырғы тағамдарын қайта жаңғыртуға бағытталды. Іс-шараға қатысқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бұл біздің көпжылдық дәстүрлерімізді сақтап, насихаттауға аса қажетті екендігін атап өтті. 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан жиналған аспаздар көпшілікке өздері дайындаған, бүгінде ұмыт болған ас түрлерін көрсетті. Ол үшін мамандар ел ішін аралап, көненің көзін көрген қариялармен тілдесті.

Сондай-ақ Тараз төрінде неофольклор стиліндегі дизайнерлер сайысы да ұйымдастырылды. Онда қолөнер шеберлері ұлттық ою-өрнектерді қазіргі заманауи киім-кешекке қолдану, түрлі матадан көйлек жасау тәсілдерімен бөлісті.

24.kz

Астанада қазақ және ағылшын тілдерінен тегін курстар өткізілуде

Астанада қазақ және ағылшын тілдерінен тегін курстар өткізілудеТілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ақпан айында елордада қазақ тілін үйрету бойынша курстар ашылды. Тыңдаушылардың жалпы саны — 1500 адам. Оқу жыл соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қалалық Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне және қала тұрғындарына арналған қазақ тілінен тегін оқыту курстарын ұйымдастырады. Білікті мамандар сабақтарды «Іскер» оқу орталығында аптасына екі рет өткізеді.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық аясында әлеуметтік сала қызметкерлері үшін ағылшын тілінен курстар ашылды. Тыңдаушылар саны – 600 адам. Сондай-ақ, 110 мемлекеттік қызметші де шетел тілін меңгеруде.

Астанада үздік 100 медицина қызметкері марапатталды

Астанада үздік 100 медицина қызметкері марапатталдыЕлордада медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Оқушылар сарайында үздік дәрігерлерге арналған салтанаты шара өткізілді. Қаланың денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан 100 медицина қызметкеріне марапаттар табысталды.

Денсаулық сақтау саласында көп жылдар бойы табысты еңбек еткені, халыққа сапалы қызмет көрсету жөніндегі мәселелерді шешуге белсенді атсалысқаны үшін үздік медицина қызметкерлеріне «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»,  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері, сонымен қатар, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің және елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерік Байжүнісовтың атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Жер реформасы бойынша Алматы облысы халқымен кездесу жиыны өтті

Жер реформасы бойынша Алматы облысы халқымен кездесу жиыны өттіБүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы «Байсерке — Агро» ЖШС базасында ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б. А. Сағынтаевтың төрағалығымен жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің Алматы облысы халқымен кездесу жиыны өтті. Аталмыш отырысқа Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін Комиссиямен үш отырыс және  Ақмола облысының халқымен кездесу өткізілді.

Алдынғы мәліметтерге сүйене кетсек, жер реформасы бойынша комиссия мүшелерінің негізгі міндеттері жер заңнамасының нормаларына қатысты ұсыныстарды  қарау болып табылады.

 Бұрынырақ, республикалық комиссияның екінші отырысында төрт жұмыс тобын (құқықтық, экономикалық, ақпараттық-түсіндіру және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша) құру жөнінде  шешім қабылданды. Жұмыс топтарының басшыларымен топ  ішінде жеке отырыстар өткізілді.

Халық арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 14 мамырынан бастап Call- центр (1434) қызмет етуде. Бүгінгі күнге дейін келіп түскен қоңыраулардың саны 9464 жетіп, оның ішінде жертелімдерін рәсімдеу,  жалға алу, сату, сонымен қатар, ү.ж. 6 мамырында ҚР Президентімен бекітілген жарлығымен нормаларға мораторий жүргізу мәселелеріне қатысты қоңыраулар келіп түсуде.

Бұған қоса, арнайы ашылған «jerturaly.kz» сайтына сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсуде. Бүгінгі күнге дейін 860 сауал келіп түсті. Барлық келіп түскен ұсыныстар тіркеуге алынып, комиссия мүшелерінің қарауына енгізілуде.

Елордалық Павел Ильяшенко Риоға жолдама алды

321f0052ddbfee4bcb8d09c5142Елордалық беcсайысшы Павел Ильяшенко Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды. Халықаралық рейтингтің қорытындысы бойынша қалалық Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы төрт жылдықтың басты додасында бағын сынайтын болды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Олимпиадаға дейін 50 күн қалды, қазіргі кезде еліміздің намысын қорғайтын спортшылар құрамасы жасақталып жатыр. Қазіргі заманғы бессайыстан елордалық атлеттер бұған дейін бір лицензияға қол жеткізген болатын. Бейжіңде өткен Азия чемпионатында Елена Потапенко жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын қорғап қалды.

Павел Ильяшенко Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Спортшы қазіргі заманғы бессайыстан Қазақстан құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері, командалық біріншілікте Еуропа және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионы.

«Өткен Олимпиадада Павелге тәжірибе жетпеді, ол дайын болған жоқ, әрі жас, оған бүкіл елдің атынан үлкен жауапкершілік жүктелді, бала абыржып қалды. Осы жылдардың ішінде Павелмен көп жұмыс істедік, нәтижелерді арттырдық, жақсарттық, бәйге алуға жігерлендірдік», – деді қазіргі заманғы бессайыстан ҚР мемлекеттік бапкері және спортшының жеке жаттықтырушысы Оксана Дмитриенко.

Айта кетейік, қазіргі заманғы бессайыс – бес дисциплинадан тұратын спорттық көпсайыс: конкур, семсерлесу, ату, жүгіру және жүзу. Спортшылар әр сайысқа қатысудың нәтижелері бойынша ұпайлар жинайды.

Спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар төрт жылда бір өтетін додаға дайындық кезеңдерін аяқтап қалды. Еске салайық, жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-і мен 21-і аралығында Рио-де Жанейрода өтеді.

Астанада театр апталығы басталады

Дәстүр бойынша елорданың туған күніне орайластырылған мерекелік шаралар «Сахнадан сәлем!» IVХалықаралық театр фестивалінен басталады. Фестиваль аясында Қазақстан мен таяу шет мемлекеттерінің үздік әртістерінің орындауындағы көрнекті қойылымдар көпшілік назарына ұсынылатын болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада театр апталығы басталады

Астанадағы театр апталығының шымылдығы 20 маусымда елордалық «Жастар» театрының әртістерінің орындауындағы«Моцарт» мюзиклімен ашылады. Келесі күні Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры режиссер Б. Ұзақовтың «Бір кем дүние» драмасын ұсынады.

Фестивальдің үшінші күні театр сүйер қауым Батыс Қазақстан облыстық қазақ дарама театрының(Орал қ.) «Жалт еткен бір сәуле»,сондай-ақ, Өскеменнен келген қонақтардың Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының «Үйлену» қойылымдарын тамашалайды.

23 маусымда көрермендер елордалық М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының жаңа «Пробуждение» треш-драмасын және Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры шымкенттік әртістердің орындауындағы «Бас» драмасын көре алады.

Бұдан басқа, келесі күні С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры тарихи драмаларды ұнататындарға «Құлан қыпшақ – Кейкі батыр» қойылымын ұсынады. Ал фантастикаға әуес жандар елордаға «Зверь» фантастикалық хикаясын ала келген Ф. Достоевский атындағы орыс драма театрының (Семей қ.) қойылымын тамашалайды.

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Алматы қазақ мемлекеттік академиялық театрының қонақтары астаналықтардың назарына «Қара шекпен» мысалын ұсынбақ.

Сонымен қатар, фестивальге Ресей мен Украина әртістері де қатысады. 25 маусымда «PaperWall» Киев театрыкөрермендергережиссер М. Назаренконың«ОнОнаЖизнь»визуалды-пластикалық спектаклін көрсетеді. Театр апталығы «Театр Луны» мәскеулік театр әртістерінің орындауындағы «Антракт» драмасымен аяқталады.

Фестивальдің тұсауы 2013 жылы кесілген. Бұл уақиға Астананың 15 жылдық тойы аясында өтті.

Жыл сайын «Сахнадан сәлем!» халықаралық фестивалінің ауқымы кеңейе түсіп, оған қатысатын қалалар мен мемлекеттердің саны артып, Қазақстанның театр әлеміндегі айтулы оқиғаға айналды. 2013 жылдан бері фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінің, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелдердің: Ресей, Литва, Түркия, Дагестан, Грузия театрлары қатысты. Биыл бағдарламада 11 театр өнер көрсетпек.

Фестивальдің құрметті қонақтары әрі қазылар алқасы құрамында танымал драматург, театр сыншысы Еркін Жуасбек бастаған өнер қайраткерлері болады. Атап айтсақ, Қазақстанның Халық әртісі, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Гүлжахан Әспетова, Қазақстанның Халық әртісі, Шәкен Айманов атындағы ха¬лық¬аралық сыйлықтың иегері, профессор Талғат Теменов, сондай-ақ шетелдік қонақтар – театр және кино актері, режиссер, Ресей театр менеджерлері гильдиясының мүшесі, «Мәдениет қайраткерлерінің астаналық цехі» Кеңесінің мүшесі Игорь Краснопольский, театртанушы, «Балтық үйі» жобасының үйлестірушісі, ТМД және Балтия елдерінің «Ресейдегі кездесу» Халықаралық театрлар фестивалінің жетекшісі Мария Юрьева келеді.

Қаланың барша тұрғындары мен қонақтарын «Сахнадан сәлем» фестиваліне шақырамыз. Билеттер Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» ОКЗ, «Мега», «Сарыарқа», «Керуен» ойын-сауық орталықтарында сатылады.

Елордада Дельфий ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Елордада Дельфий ойындарының жеңімпаздары марапатталдыБірнеше күн бойы 10-25 жас аралығындағы жас дарындар өзара жарысты. Бұл жолы Дельфий ойындары «Болашаққа тәуелсіздікпен!» ұранымен өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазылар алқасының шешімімен Аида Қажмаханның бейнеролигі үздік деп танылды. Ал Ирина Гураева креативті сурет жасаған. Жансая Беспайдың «Тұмар Ханым» коллекциясы ерекше атап өтілді.

«Прима қобыз» номинациясында Наргиз Бақтығалиева топ жарса, домбырада ойнаған Асанәлі Әшімов пен Табыс Құдайберген көпшілікті тәнті етті. Фортепианода Мария Шавтельская үдік атанды. «Номад» би ансамблі және «Самұрық» би  мектебі «Халық биі» номинациясында көш бастады.

Ойындар аясында музыка жекпе-жектер өткізілді. Халық әндерін орындауда Маржан Әбдірахманова және Набира Рақымжан үздік болды. «Эстрадалық ән» аталымында Әйгерім Русланова жеңіп шықты,  академиялық ән салуда әділ қазылар алқасын Талғат Аллабиринов пен Құдайберген Әбілдин таң қалдырды. Мишель Слобода үздік диджей атанды.

Биыл алғаш рет «Ымдау тілі әні» номинациясы енгізілді. Оған 16-дан 25 жасқа дейінгі Астана тұрғындары қатысып, Алмат Теңізбай жеңіске жетті.

«Театр» номинациясы қатысушылардың да, көрермендердің де қызығушылығын оятты. Қазақ ұлттық өнер университетінің «Драма театры және киноактер» мамандығы бойынша студенттері ең үздік қойылым көрсетті. «Бейнелеу өнері» санатында Дәулет Досмағанбетов жеңіске жетті.

Барлығы конкурсқа 200 астаналық қатысты. Ойындар жас таланттарды анықтауға және дамытуға, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуге көмектеседі, тұлғаның рухани қалыптасуына қолдау көрсетеді.