Домой Блог Страница 178

Жастардың діни сауатын арттыруға бағытталған семинар өтті

Жастардың діни сауатын арттыруға бағытталған семинар өттіАстана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ұлағат» мәдениет және даму қорымен жастардың діни сауаттылығын көтеру, олардың діни лаңкестік ұйымдар қатарына қосылудың алдын алу мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг тақырыбы: «Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы жастардың психологиялық және діни сауатын арттыру».

Іс-шара барысында «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов «Қазіргі Қазақстандағы діни тұрақтылық және рухани даму мәселелері» туралы дәріс оқыды.

Сонымен қатар, психолог-практик Наби Гульзиадамдарға психологиялық әсер ету әдістері, жаңа технологиялармен әсер ету тәсілдері, психологиялық әдістерге кері әсер ету салдарын түсіндіре отырып, деструктивті ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру шараларын түсіндірді. Семинар-тренингке қатысушылар мазалап жүрген дінге қатысты сұрақтарына дұрыс жауап алды.

Семинар-тренингке қатысушылармен белсенді диалог жүргізіліп, аудиториямен әрқашан байланыста болып, сұрақтарына тиімді жауап берілді. Семинар-тренинг соңында экспресс-сауалнама қорытындысын жасады. Экспресс-сауалнамада қатысушылардың тарапынан анонимді түрде сұрақтар қағаз бетіне түсіріліп, тұрғындардың сұрақтарына сараптама жасап тренингті қорытындылады.

Қытайда әлемдегі ең үлкен «Диснейленд» ашылады

Қытайда әлемдегі ең үлкен «Диснейленд» ашыладыЕртең Шанхайда «Диснейленд» ашылады.

Аумағы жағынан әлемдегі ең үлкен ойын-сауық орталығының құрылысы 2011 жылы басталған. Қытай тарихындағы ең ірі шетелдік инвестициялық жобаның құны – 5,5 млрд доллар. Жоспар бойынша былтыр пайдалануға берілуі тиіс «Диснейлендке» 2014 жылы қосымша 800 млн. доллар инвестиция құйылды.

Ал енді осы ауқымды жобаның қарапайым қытай тұрғындарына әсері қандай? Өзгенікін қайтесің, өзіңдікі тұрғанда. Шанхай «Диснейленді» қытай жұртына осылай деп ұран тастады және бұл маркетингтік ұран нәтиже берді де. Осыдан үш ай бұрын ашылу салтанатына алдын ала шығарылған билеттер бар-жоғы 20 минутта жоқ болды. Ал билет бағасы – 499 юань, яғни 26 мың теңгедей болғанын айта кетеу керек.

Ойын-сауық орталығы бір айдан бері сынақ ретінде жұмыс істеп тұр. Енді, міне есігін айқара ашпақ. Бұл сәтті балдырған балалар ғана емес, ересектер де ерекше күтті. Қытайдың түкпір-түкпірінен келушілер көп. Тіпті, ашылу салтанатына билетті алдын ала сататын ресми сайт халық нөпіріне шыдамай, істен шыққан болатын.

«Дисней» компаниясы жобаға 5,5 млрд АҚШ долларын салды. Егер ойын-сауық орталығына жылына 12-15 миллион адам келсе, тек 8 жылдан соң ол өзін ақтайды.

24.kz

Ғалымдар қымыздан түрлі тәтті тағамдар жасауды қолға алды

тәтті тағамдарАлматыда Тағамтану академиясының жанынан жылқы сүтінен әртүрлі тағамдар жасайтын зауыт іске қосылды.

Мамандар мұндай өндіріс орны дүниежүзі бойынша алғаш тек Қазақстанда ашылып отырғанын айтады. Белгілі академик, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шармановтың айтуынша, Қазақ тағамтану академиясының бірнеше жылғы ғылыми жұмыстары жемісін беруде. Яғни, мамандар жетістіктерін кәдеге жарату үшін өндірістік жүйе іске қосылды. Жылқы сүтінен жасалатын тағамдардың денсаулыққа пайдасының мол екені өз алдына, қарапайым халыққа сүт өнімдерінің бағасы да қолжетімді.

Жалпы, бие сүті – иммундық-биологиялық және емдік-профилактикалық қасиеттері жоғары өнім. Жылқы сүтінен жасалған балмұздақтың нарықтағы басқа балмұздақтардан айырмашылығы – құрамында денсаулыққа қауіпті қант, май қышқылының трансизомерлері жоқ. Зауыт мамандары алдағы уақытта бірнеше тағам түрін шығаруды жоспарлап отыр.

Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті:

— Сиырдың сүтіндегі май қышқылының құрамында трансмайқышқылы деген улы зат бар. Ол өзі сауғанда бірге тұрады. Ал биенің сүтінде ол жоқ. Сондықтан біз ойладық керемет қасиеті бар дүниеден тамақтың басқа түрлерін жасап көру керек деп. Қымыздан басқа. Содан қарасақ тортты, печеньені, кәмпитті жасауға болады екен. Оның есесіне неше түрлі шоколад. Әрмен қарата балмұздақ.

24.kz

Елордада Дельфий ойындары мәресіне жетті

Дельфий ойындарыХІІ Дельфий ойындарының жеңімпаздары анықталды. Елорда бойынша 13-15 маусым аралығында өткен сайысқа екі жүзден астам өнерпаз қатысты. Биыл бұл өнер додасы «Тәуелсіздікпен – болашаққа» деген ұранмен 14 және қосымша 4 жоғары аталым бойынша өткен.

Ұйымдастырушылар «бұл жолғы ойындардың басты жаңалығы – ишара тілінде ән айту, киім дизайны және диджей номинациялары», — дейді. Айта кетейік, Дельфий ойындарының мақсаты – 10 және 25 жас аралығындағы шығармашыл жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету.

Әлия Аппасова, ұйымдастырушы:

— Қалалық ойындардан кейін бірінші және екінші орын жеңімпаздары міндетті түрде республикаға өтеді. Ал, республикалық ойындарда өзінің өнерін көрсетіп жеңімпаз атанғандар халықаралық деңгейдегі Дельфий ойындарына қатыса алады.

24.kz

Ауыз ашу мен бекітуге қажетті әрі пайдалы тағамдар

Көптен күткен қасиетті Рамазан биыл да жаздың ыстығына сәйкес келетіндіктен кейбіреулерге (әсіресе ең алғаш ораза тұтатындарға) ұзақ уақыт сусыз, тамақсыз жүру қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан ауыз бекіткенде және ауызашарда бізге күні бойы күш-қуат беретін, шөлдеп, шаршап қалмайтындай пайдалы тағамдар жегеніміз жөн. Олар:

– су (көп мөлшерде);
– ыстық және салқын сорпалар (бидай, жүгері көже, рассольник, кукси т.б.);
– айран, сүт, ірімшік;


– күн сайын түрлі көкөністерден жасалған жеңіл салаттар;
– ботқалар;
– нан, макарон өнімдері;
– қайнатылған, буға піскен ет;


– құрма, өрік, мейіз, жаңғақ, миндаль т.б.
– бал;
– жеміс-жидектер.

Ал қандай тағамдарды мәзірімізден мүлде алып тастауымыз керек?

– кофе, қою қара шай;
– қуырылған, майлы тағамдар;
– ащы, қою тағамдар;
– тәттілер;


– газдалған сусындар;
– жартылай фабрикатталған шала өнімдер (дайын түшпара, манты, сорпалар, лағмандар, «бигбон», «роллтон» т.б.).

asylsoz.kz

«Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамбліне — 30 жыл

11a1c9df565dda6c400bbbd6db2342feТалдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Өнердің өрнегі — би» атты мерейтойлық салтанатты шара өтті. Кештің шымылдығын ашқан облыс әкімі Амандық Баталов өнер ұжымының шығармашылық жолына табыс тіледі. Әйгілі өнер зерттеушісі, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібеков негізін қалаған ұжымның мемлекеттік би ансамбль дәрежесіне көтерілуіне атсалысқан азаматтарға ризашылығын жеткізді.

Құттықтау соңы марапаттау салтанатына жалғасып, бірқатар өнерпаздарға Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі төсбелгісі, министрлік пен облыс әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасы берілді. Сонымен қатар әкімнің арнайы сыйлығы – пәтер кілті Тоғжан Есенәлиева, Қасымхан Тілеубергенов және Талдықорған әуендері фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Гүлнар Оспановаға тапсырылды. Шара соңында «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі өз өнерін паш етті.

Алматы облысында «Алтын белгі» төсбелгісі тапсырылды

Алматы облысында "Алтын белгі" төсбелгісі тапсырылдыКеше Алматы облысы бойынша 214 «Алтын белгі» иегерлеріне Талдықорғандағы «Жастар» саябағында құрмет көрсетілді. Үздіктерді облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

Түлектерді құттықтай отырып, облыс басшысы А. Баталов «Алтын белгі» төсбелгісін мектеп бітірушілер өздерінің білімділігімен, ой өрісінің кеңдігімен, талаптылығымен алып отырғанын мақтан ететінін атап өтті.

— Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қадам басқан еліміздің абыройлы азаматы болыңыздар. Алар асуларыңыз биік, мұраттарыңыз асыл болсын!

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады», — деген еді. Адамзат баласы өмір бойы білім алады. Өйткені білім – таусылмас қазына, баға жетпес байлық. Біз Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, әлем өркениетіне жақын, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтеміз, — деді А. Баталов.

Мұнан соң облыс әкімі білім саласына облыста бұдан әрі де барлық қажетті қолдаулар көрсетілетінін айтты.

— Осы орайда, өскелең ұрпақтың терең білім мен тәрбие алуына өңірімізде қолайлы жағдай жасалып отыр. Нәтижесінде соңғы жылдары облысымыздың озат оқушылары республикалық, халықаралық білім сайыстарында биік белестерді бағындырып келеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы да өткен жылдан жоғары болып, орташа көрсеткіш – 80 балға жетті.

    «Алтын белгі» иегерлеріне, барлық жас түлектерге – үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, Ақ жол! – дейміз.

   Мәңгілік Еліміздің беделін асырып, биік белестерге жете беріңіздер! – деді үздіктерге «Алтын белгі» тапсырып тұрып облыс әкімі.

Жалпы, биылғы жылы облыста 214 түлек «Алтын белгі» төсбелгісіне, 171 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.

Бұл орайда ҰБТ нәтижесі бойынша ең жоғары – 124 балды Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы орта мектептің түлегі Талшын Шоқаева алды. Жалпы 28 оқушы 120 балдан жоғары көрсеткішке ие болды.

Салтанатты шарада концерт ұйымдастырылып, педагогтардың қолынан ақ көгершіндер ұшырылды.

Елордада апта сайын жәрмеңке өтеді

Елордада апта сайын жәрмеңке өтедіАпта сайын жұмадан жексенбіге дейін Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Кенесары, 14) мен «Думан» ойын-сауық орталығының тұрақтарында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілуде.

22 сәуірд — 5 маусым аралығында 24 жәрмеңке өткізілген, осы кезеңде жалпы құны 222,7 млн теңгелік 434 тоннадан артық өнім , соның ішінде өткен демалыс күндері 39 тонна өнім сатылды.

Жәрмеңкеге 15 жеткізуші мен өндіруші қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтарына тауардың 500 астам түрі ұсынылады: ет, балық, сүт өнімдері, шұжық өнімдері, жемістер мен көкөністер, ұн, жарма, май және т.б. Жәрмеңкедегі бағалар базардағыдан төмен, мысалы, картоптың келісі 95 теңге, пияз – 80 теңге, қырыққабат – 60 теңге, қияр мен қызанақ 400 теңге, сүттің литрі – 160 теңге, он жұмыртқа – 210 теңге тұрады.

Астана Елорда күніне дайындық үстінде

Ел жүрегі – Астана! Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аталып өтетін жылы Елорда күні ерекше мәнге ие. Қала әкімдігі әрбір елорда тұрғыны мен қонағына қызықты болатын әр алуан мәдени-спорттық шаралар бағдарламасын әзірледі. Мерекелік шаралар географиясы қаланы тұтастай қамтиды, соның ішінде қала маңын, гүлбақтар мен парктерді, сондай-ақ, қалалық алаңдарды. Мереке күндері Астанаға арнайы келетін қонақтар саны жыл сайын ұлғайып келеді. Мерекелік бағдарламаның шымылдығы маусымның 20-нан 26-на дейін өтетін «Сахнадан сәлем» театр фестивалімен ашылады. Өнер сүйер қауым еліміздің өңірлерінен, сондай-ақ, Ресей мен Украинадан келген сахна майталмандарының үздік қойылымдарын тамашалайтын болады. Эстафетаны AstanaArtFest 2016 қазіргі заманғы өнер фестивалі жалғастырады. Шара аясында Сулы-жасыл желекте би мен музыка фестивальдері, кітап пен поэзия мерекелері, суретшілер симпозиумы және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылады. Биыл Астана тұрғындары мен қонақтары түрлі мемлекеттердің әртістерінің қатысуымен өтетін «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалін, музыка индустриясының үздіктерінің қатысуымен өтетін «Астана Арқау» түркі музыкасыныңфестивалін көре алады. Елорда күні аясында отандық сән индустриясының көрсетілімі меналғаш рет сән мен стиль саласындағыELLE журналының сыйлығымен марапаттау салтанаты ұйымдастырылады. Қазақстандықтардың назарына «Арқайым – Күннің қаласы» технологиялық 3D-шоуы ұсынылады. «Астана Әзіл Фест» және «Көңілді Астана» жобалары аясында әзіл-сықақ кештері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Айта кетейік, биыл қазақтың бай мұрасы мен мәдениетін насихаттайтын іс-шараларға баса назар аударылмақ. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі аясында үлкен этноауыл орын тебеді, бұдан басқа, алғаш рет «Қымызмұрындық» этнографиялық қымыз фестивалі, халық аспаптары оркестрлерінің «Серпер» музыкалық фестивалі өтеді. Жаздың жарқын оқиғаларының бірі «Бағаналы ордам – басты ордам» республикалық ақындар айтысы болмақ. Қазақстандық композитор Сейдолла Бәйтерековті еске алуға арналған кеш пен «МузАрт» тобының шығармашылығының мерейтойына арналған концерт аншлагпен өтеді деп күтілуде. Салауатты өмір салтын ұстанатындарға арналған спорттық бағдарлама Елорда күніне арналған шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрермендер мен спортшылар халықаралық жауынгерлік өнер фестивалін, дуатлоннан қалалық турнир, ұлттық спорт түрлері - асық ату мен қазақ күресінен - «Қазақстан барысы» турнирін тамашалайды. Биыл Елорда күнін мерекелеуге Қазақстанда аккредиттелген басқа елдердің елшіліктері де өте белсенді қатысады. Мысалы, АҚШ елшілігі Астанаға «Broadway Bound» мюзиклін әкелу бастамасын көтерді, ол Бейбітшілік және келісім сарайында және Бәйтеректің жанындағы ашық алаңда көпшілік назарына ұсынылады. Ал Италия елшілігі «Астана Самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысатын ту көтеріп жүретіндерді әкеледі. Шаралардың толық бағдарламасымен, аңдатпалар мен алдағы оқиғалар туралы ақпаратпен www.astanaday.kz сайтында танысуға болады.Концерт билеттері «Қазақстан» ОКЗ, «Mega Astana» СОО, «Сарыарқа» СОО, «Керуен» СОО, «Конгресс-холл», «Жастар» сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, ҚазМедиа орталығы, Министрліктер үйі 11-ші кіреберісте орналасқан қалалық кассаларда, сондай-ақ, www.koncertyastany.kz сайтында онлайн режимде сатылады. Концерттердің жазбалары жетекші республикалық телеарналардан көрсетіледі. Ел жүрегі – Астана! Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аталып өтетін жылы Елорда күні ерекше мәнге ие.

Қала әкімдігі әрбір елорда тұрғыны мен қонағына қызықты болатын әр алуан мәдени-спорттық шаралар бағдарламасын әзірледі. Мерекелік шаралар  географиясы қаланы тұтастай қамтиды, соның ішінде қала маңын, гүлбақтар мен парктерді, сондай-ақ, қалалық алаңдарды.

Мереке күндері Астанаға арнайы келетін қонақтар саны жыл сайын ұлғайып келеді.

Мерекелік бағдарламаның шымылдығы маусымның 20-нан 26-на дейін өтетін «Сахнадан сәлем» театр фестивалімен ашылады. Өнер сүйер қауым еліміздің өңірлерінен, сондай-ақ, Ресей мен Украинадан келген сахна майталмандарының үздік қойылымдарын тамашалайтын болады.

Эстафетаны AstanaArtFest 2016 қазіргі заманғы өнер фестивалі жалғастырады. Шара аясында Сулы-жасыл желекте би мен музыка фестивальдері, кітап пен поэзия мерекелері, суретшілер симпозиумы және т.б. қызықты шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл Астана тұрғындары мен қонақтары түрлі мемлекеттердің әртістерінің қатысуымен өтетін «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалін, музыка индустриясының үздіктерінің қатысуымен өтетін «Астана Арқау» түркі музыкасыныңфестивалін көре алады. Елорда күні аясында отандық сән индустриясының көрсетілімі меналғаш рет сән мен стиль саласындағыELLE журналының сыйлығымен марапаттау салтанаты ұйымдастырылады. Қазақстандықтардың назарына «Арқайым – Күннің қаласы» технологиялық 3D-шоуы ұсынылады. «Астана Әзіл Фест» және «Көңілді Астана» жобалары аясында әзіл-сықақ кештері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Айта кетейік, биыл қазақтың бай мұрасы мен мәдениетін насихаттайтын іс-шараларға баса назар аударылмақ. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» фестивалі аясында үлкен этноауыл орын тебеді, бұдан басқа, алғаш рет «Қымызмұрындық» этнографиялық қымыз фестивалі, халық аспаптары оркестрлерінің «Серпер» музыкалық фестивалі өтеді. Жаздың жарқын оқиғаларының бірі «Бағаналы ордам – басты ордам» республикалық ақындар айтысы болмақ. Қазақстандық композитор Сейдолла Бәйтерековті еске алуға арналған кеш пен «МузАрт» тобының шығармашылығының мерейтойына арналған концерт аншлагпен өтеді деп күтілуде.

Салауатты өмір салтын ұстанатындарға арналған спорттық бағдарлама Елорда күніне арналған шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады. Көрермендер мен спортшылар халықаралық жауынгерлік өнер фестивалін, дуатлоннан қалалық турнир, ұлттық спорт түрлері — асық ату мен қазақ күресінен — «Қазақстан барысы» турнирін тамашалайды.

Биыл Елорда күнін мерекелеуге Қазақстанда аккредиттелген басқа елдердің елшіліктері де өте белсенді қатысады. Мысалы, АҚШ елшілігі Астанаға «Broadway Bound» мюзиклін әкелу бастамасын көтерді, ол Бейбітшілік және келісім сарайында және Бәйтеректің жанындағы ашық алаңда көпшілік назарына ұсынылады. Ал Италия елшілігі «Астана Самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің фестиваліне қатысатын ту көтеріп жүретіндерді әкеледі.

Шаралардың толық бағдарламасымен, аңдатпалар мен алдағы оқиғалар туралы ақпаратпенwww.astanaday.kz сайтында танысуға болады.Концерт билеттері «Қазақстан» ОКЗ, «Mega Astana» СОО, «Сарыарқа» СОО, «Керуен» СОО, «Конгресс-холл», «Жастар» сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, ҚазМедиа орталығы, Министрліктер үйі 11-ші кіреберісте орналасқан қалалық кассаларда, сондай-ақ, www.koncertyastany.kz сайтында онлайн режимде сатылады. Концерттердің жазбалары жетекші республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Алматы облысында «Мерейлі отбасының» жеңімпаздары анықталды

Алматы облысында «Мерейлі отбасының» жеңімпаздары анықталды«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аймақтық кезеңінде I дәрежелі дипломға Талғар ауданының тұрғындары Ақанаевтар отбасы мен қапшағайлық Угничевтар отбасы ие болды. Дипломдар мен естелік сыйлықтарды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тапсырды. Бұл туралы Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен мерекелік шарада белгілі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді. Бұл ұлттық байқаудың Мемлекет басшысының қолдауымен үшінші жыл өткізіліп отырғанын тілге тиек етті. Өткен жылы облыстық деңгейдегі конкурсқа 241 отбасы қатысса, биылғы жылы олардың саны 255-ке жеткен.

— Бүкіл қоғамның айнасы берекелі отбасы десек, бұл байқаудың негізгі мақсаты – халық мәдениеті мен өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту, ұлттық салт-дәстүрдің сарқылмас қайнар бұлағының көзін ашу. Сол арқылы отбасы институтын нығайту, қоғамда отбасы құндылығын дәріптеу. Мерейлі отбасыларды үлгі-өнеге ету арқылы өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу. Бүгінгі байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын. Үздік шыққандар Жетісудың ғана емес барша қазақ елінің мақтанышы деп білемін, — деді өз сөзінде облыс басшысы А. Баталов.

Мұнан кейін марапаттау салтанаты басталды. I дәрежелі дипломға дүниежүзіне танымал талантты суретшілер әулеті талғарлық Ақанаевтар отбасы ие болды. Әкесі – Амандос Атибекұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әдебиет және көркемөнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Оның жұбайы – Нэлли Витальевна, балалары Руслан мен Ботакөз және немерелері де өнерлі суретшілер. Дәл осындай диплом Қапшағай қаласында тұратын көп балалы отбасы Угничевтарға тапсырылды. Бұл отбасы өз балаларымен қатар 17 бала асырап алып, тәрбиелеп отыр. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға туған ата-анасындай қамқорлық көрсетіп, мейірімін төгіп келеді.

Екінші орынға Еңбекшіқазақ ауданынан келген Шоқпаровтар мен Ұйғыр ауданының тұрғындары Бағбаевтар, сонымен қатар Сарқан ауданының өкілдері Біліскелдиновтар ие болды.

III дәрежелі дипломды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен тапсырды. Бұл жүлделі орындар Қарасай ауданынан Мамедовтар отбасына, Ескелді ауданынан Мейірбековтер отбасына, Талдықорған қаласынан Қожахметовтар отбасына берілді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Жергілікті жердегі іріктеуден облыстық турнирге жолдама алған 19 отбасының қалған 11-і де түрлі марапаттарға ие болды. Оларға алғыс хаттар мен 50 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Аканаевтар мен Угничевтар Астана қаласында өтетін республикалық конкурста Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

AH1Z9226

AH1Z9242

AH1Z9263
AH1Z9301