Домой Блог Страница 179

Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталады

Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталады Бүгін Талдықорған қаласында «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталатын болады.

Бұл байқауға үлгі боларлық, жеткен жетістіктері айтарлықтай отбасылар қатысты.

Алматы облысы комиссияның отырысында жүлдеден үміткер 8 отбасы таңдалды. Бұдан басқа 30 отбасы облыс әкімінің алғыс хаттары және ақшалай сияпаттарымен марапатталады.

Комиссияның шешімі бойынша ІІІ орын Талдықорған қаласында тұратын Қожахметовтер, Ескелді ауданынан келген Мейірбековтер және Қарасай ауданының Мамедовтер отбасыларына берілді. ІІ орынды Ұйғыр ауданынан келген Бағбаевтар, Сарқанд ауданында тұратын Білескелдиновтер, Еңбекшіқазақ ауданының Шоқпаровтар отбасылары жеңіп алды. Ал І орын Қапшағай қаласының Угнечевтер және талғарлық Ақанаевтар отбасыларына тағайындалды.

Алматы облысы атынан кезеңнің жеңімпаздары — Ақанаевтар мен Угнечевтер отбасылары Ұлттық байқаудың республикалық кезеңіне қатысатын болады.

Талдықорғанда Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті

4fc401bd166fe9dc19e3acd6d142a765Жуырда Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» атты I Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция болып өтті.

Оған ірі шетел және отандық бизнестің, экономиканың және мемлекеттік ұйымдардың әртүрлі салаларының өкілдері ашық диалог өткізу үшін жиналды.

Конференция қатысушылары ең алдымен Ақтөбеде болған лаңкестік әрекет құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін облыстың медицина саласында соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері жайында дайындалған бейнесюжет көрсетілді.

Конференцияда сөз алған өңір басшысының орынбасары Б. Өнербаев форумның аясында болатын кездесулер мен диалогтар болашақтағы өзара тиімді және жанжақты ынтымақтастықты дамытуға, облыс экономикасының барлық салаларында инвестициялық әлеуетті тиімді қолдануға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Сондай-ақ өз сөзінде облыстың медицина саласында атқарған жұмыстары, жетістіктері мен жоспарларына да тоқталды.

Осыдан кейін РФ Халықтар достығының Ресей университеті (РУДН) және Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы арасында ынтымақтастық жөніңдегі меморандумға қол қойылды.

Жалпы конференция барысында «Денсаулықты сақтау технологиялары» мекемесінің бас директоры О. В. Симаков, медицина ғылымдарының докторы, профессор М. А. Газимиев, Тель-Авив медицина орталығының операциядан кейінгі бөлім меңгерушісі А. Зегерман, Ресей университеті Медициналық Институты госпитальды терапия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы П. Огурцов, медицина ғылымдарының докторлары, кардиология және ішкі аурулар ҚазҒЗИ директорыының орынбасары Г.Жүнісбекова мен Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор С. Қасенова баяндама жасады.

Конференцияда бүгінгі күннің проблемалы мәселелері талқыланып, оған қатысты түрлі пікірлер айтылды, емдеу жолдарының түрлі әдіс-тәсілдері түсіндірілді.

Жиын соңында медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосып, азаматтардың дертіне шипа тауып жүрген азаматтар марапатталды.

Алматы облысында кәсіпкерлерге шағын несие беруге 600 млн теңге бөлінді

Алматы облысында кәсіпкерлерге шағын несие беруге 600 млн теңге бөліндіКәсіпкерлер палатасында микронесиелеудің жаңа бағдарламасына қатысуға өтінім берген кәсіпкерлердің жобалары қаралды. Олар Ақсу, Балқаш, Кербұлақ аудандарының кәсіпкерлерінен түскен 7 өтінімдер. Несие комитетінің шешімі бойынша барлық өтінімдер бірауыздан мақұлданды. Еске салалық, шағын бизнес субъектілері үшін 600 млн теңгені «Атамекен» ҰКП және Алматы облысы әкімдігі бөлді.

«Қант қызылшасын өсіру жайлы төрт жоба, мал шаруашылығы бойынша екі  және жалпы сомасы 34 млн 300 мың теңге арпа өсіру жөніндегі бір өтінім мақұлданды. Қарыз алушылар — шаруа қожалығы өкілдері және жеке кәсіпкерлер екендігін баса айту керек»,- дейді Алматы облысы Кәсіпкерлері палатасы директоры Ләззат Шыңғысбаева.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына шешімдер хаттамалары берілді. Оларды қараған соң қаржы ұйымы қарыз алушылармен қарыз алу және ақша  құралдарын одан әрі аударуға арналған кепіл шартын жасайды. Сонымен қатар микронесиелеу бағдарламасы бойынша қор 62 өтінім жөнінде қаржы-экономикалық талдау, заңгерлік сараптама жүргізеді. Шыққан шешімді Несие комитетінің  мүшелері қарайды.

Атап өтелік, комитеттің алғашқы мәжілісінде жалпы сомасы 75 млн теңгеден астам 20 өтінім қаралды және мақұлданды. Бұл жобалардың барлығы өңірдің қызылша саласын дамытуға бағытталған. Микроиесиелеу бағдарламасының басты ерекшелігі — жер учаскелерін, тұрғын үй құрылыстарын және басқадай мүлікті кепіл ретінде қарау. Сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесі жылдық  6%-ды  құрайды,  сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 6,7% аспайды.

ҚазАқпарат

Соңғы бес жыл ішінде Алматы облысына 269 жас дәрігер келген

Соңғы бес жыл ішінде Алматы облысына 269 жас дәрігер келген«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Алматы облысы бойынша сәтті аяқталды. 2011-2015 жылдар аралығын қамтыған аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден 24,4 млрд. теңге қаражат бөлінген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев айтты. Соңғы бес жыл ішінде облыстың денсаулық сақтау саласына бөлінген жалпы қаражат көлемі 52%-ға өсіп, 2015 жылы 68,7 млрд. теңгеге жетті.

Материалдық-техникалық базаны нығайту, соны үлгідегі технологияларды енгізу және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстары нәтижесінде соңғы бес жылда қол жеткізілген табыстар аз емес. Мысалы, облыстағы демографиялық ахуал жақсарды — бала туу саны 2011 жылғы 24,3-тен 2015 жылы 25,6-ға дейін өскен.

Адамның өмір сүру жасы да ұзарған (69,8-ден 71,8 жасқа дейін). Ана мен сәби өлімі де едәуір төмендеген. Мемлекеттік «Саламатты Казақстан» бағдарламасы шеңберінде медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын күшейту үшін денсаулық сақтау мекемелеріне 2 420,4 млн. теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынған.

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша облыста 8 546,2 млн. теңге жұмсалған 8 нысан пайдалануға берілген. Ал, «350 дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт және фельдшерлік-акушерлік пункт» бағдарламасы аясында 7 178,8 млн. теңгеге 38 нысан іске қосылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша маңызды мәселелердің бірі – дәрігер- мамандарды, әсіресе жастарды көптеп тарту. Соңғы бес жыл ішінде облысқа 269 жас маман келген. Оларға көтерме жәрдемақы, баспана беріліп, жеңілдетілген несие және басқа да әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылған. Шалғай ауылдардан түлеп ұшқан 82 студент облыс әкімінің гранты бойынша еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарында білім алуда.

Дегенмен, бүгінгі таңда облыс бойынша невролог, эпидемиолог, аллерголог мамандар жетіспейді. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен өткен брифингте облыстың бас дәрігері келесі жылдан бастап жүзеге асырыла бастайтын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тарқатып айтып берді. Бүгінгі таңда бұл жүйе алдымен дәрігерлердің өз арасында егжей- тегжейлі түсіндірілуде.

baq.kz

Жер комиссиясының кезекті отырысы Алматы облысында өтеді

2ac69d79a26d63f59ccc9390dc02a860_resize_w_520_h_Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті көшпелі отырысы Алматы облысында өтеді. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық топ жетекшісі Мұхтар Тайжан мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазір ғана Комиссияның штабынан тел соқты, кезекті отырысымыз Алматы облысында өтеді, дүйсенбі күні, 20.06.16. Байсерке-Агро деген фирманың территориясында, сағат 10.00. Келіңіздер, қатысыңыздар. Жер жайлы ой-пікірлеріңізді ашық айтыңыздар», — деп жазды блогер facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін комиссияның алғашқы көшпелі отырысы Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында өтті. Отырыс 4 сағатқа созылды.

Онда өңір әкімі Сергей Кулагин өңірдегі 300 мың гектар жер қытайларға жалға беріледі деген ақпараттың жалған екенін айтты. Сондай-ақ жиын барысында әкім меншігінде қанша гектар жер бар екені де мәлім болды.

«Бұл туралы бұған дейiн бiрнеше мәрте айтылып, жазылды. Мен билiктен кетiп, бизнестi қолған алған адамдардың бiрiмiн. Бизнеспен 5 жыл айналыстым. Қазақстан азаматы ретiнде менiң жер алып, ауыл шаруашылығымен айналысуға құқығым болды ма? Болды! Әрине, менi билiкке қайта келгеннен кейін, жердi туысқандарыма жалға бердiм. Барлығы бүгiнде 80 мың гектар егiстiк жерім бар», — дейді Сергей Кулагин.

Зуқа батыр. 150 жыл: Батыр есімі Елордада ұлықталды

Зуқа батыр. 150 жыл: Батыр есімі Елордада ұлықталды14 маусым күні Астанадағы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік Ел арманы және Зуқа батыр Сәбитұлының өмірі мен күресі» атты көрме, шығармалар байқауының жеңімпаздарын саралау және халықаралық ғылыми конференция өтті.

Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы, Республикалық ардагерлер кеңесі, «TÜRKSOY» Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен шараға шетелден және елімізден белгілі ғалымдар, өнер қайраткерлері, журналистер мен өзге де көрмермендер қатысты

Ғылыми конференцияның соңы «Мəңгілік ел жəне Зуқа батыр» атты шығармашылық байқауға ұласты. Бұл бәйге мамыр жəне маусым айларында «Проза» жəне «Поэзия», «Үздік əн» аталымдары бойынша шығармалар қабылданған болатын.

Шығармашылық байқаудың қортындысына сəйкес, «Проза» аталымы бойынша бірінші орынды батыр жайлы кітап жазумен бірге, повесть, пьесса жанрларында қалам тербеген Бақытбек Бəмішұлы иеленсе, екінші орынды Бодауқан Тоқанұлы мен Ықылас Ожайұлы, үшінші орынды Қуандық Шамақайұлы, Заңғар Кəрімханұлы, Талғат Кеңесбаев сынды қаламгерлер еншіледі.

Сонымен қатар, Нəзира Байырбекқызы, Рахметуллин Еркін, Елдос Тоқтарбай, Барлық Шынғазы, Бақытбек Үйсіпұлы қатарлы бес қаламгерге ынталандыру сыйлығы берілді.

Ал, «Поэзия» аталымы бойынша жүздеген шығармалар ішінен оза шыққан Ұларбек Дəлейұлы мен жас ақын Үмітбек Бағдатұлы бірінші орынды бөлісті. Қытайда тұратын қандасымыз, танымал ақын Ерлан Нұрдықанұлы мен жас ақын Ұмтыл Зарыққан екінші орынды еншілесе, Ұларбек Нұрғалымұлы, Ауыт Мұқибек, Аманкелді Мұратбек қатарлы ақындар үшінші орынды иеленді.

Сонымен бірге, Əскерхан Ақтай, Ербол Бейілхан, Ержан Жаубай, Оралхан Жəнібек, Гүлсамал Аймаханова қатарлы ақындар ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

«Үздік əн» аталымы бойынша, келіп түскен туындылар ішінен талғамды туындысымен оқ бойы озып шыққан белгілі сазгер Ерғожа Тілепбердиев иеленді. Байқау нəтижесі бойынша елімізге танымал ақын, жазушылардың таңдаулы туындылары жүлдеге ілініп, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен қатар қаржылай марапатталды.

baq.kz

Универсиада дирекциясына жаңа директор тағайындалды

Универсиада дирекциясына жаңа директор тағайындалды2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясына жаңа директор тағайындалды. Енді бұл қызметті Наиль Фаридұлы Нұров атқарады. Ол 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясына, Алматы қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен ауысты.

Наиль Нұров 1967 жылдың 21 мамырында дүниеге келді. Алматы қаласындағы Қазақстан денешынықтыру және спорт институтын жаттықтырушы-оқытушы мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтында заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Түрлі жылдары Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының директоры, «Медеу» мұз айдынының директоры, Алматы қаласындағы Туризм және спорт басқармасының бастығы, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойындарын және Олимпиада алауы эстафетасын ұйымдастыру және өткізу бойынша қалалық дирекция» МҚКК-ның директоры, Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайының басшысы қызметтерін атқарды.

baq.kz

Ардагерлердің үйлеріне атаулы тақтайшалар ілінеді

Ардагерлердің үйлеріне атаулы тақтайшалар ілінедіАстана қаласының Сарыарқа ауданы Ардагерлер кеңесінің өкілдері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері жазылған тақтайшаларды орната бастады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласының мәслихаты мен қалалық ардагерлер кеңесі тиісті шешім қабылдаған болатын, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде ауданда 67 соғыс ардагері тұрып жатыр. Олардың үйлерінің іргесіне тегі, аты және әкесiнiң аты жазылған тақтайша орнатылады.

— Өтіп бара жатқандардың барлығы мұнда кім тұратынын біліп жүрсін деген ниетпен тақтайшаларды қабырғаға ілеміз. Бұл ардагерлердің ерлігін ұмытпау үшін жасалады. Мұндай акциялар жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге септігін тигізеді, — дейді Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ебенғаппас Ахметов.

Ең бірінші атаулы тақтайша ардагер Фролов Алексей Федоровичтің тұрғын үйіне орнатылды. Қария өз үйінің ауласында қонақтарды қуана қарсы алды.

— Әуелі әкімдіктерге, мәслихат мүшелеріне және ардагерлер кеңесіне көрсеткен қамқорлықтары үшін алғысымды білдіремін. Елімізде «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» жобасы қолға алынған. Патриоттық тәрбие беруге баса көңіл бөлініп жатыр. Осы жағдайды пайдалана отырып, жастарға оқуға және жақсы әскери білім алуды тілеймін, ешқашан да сағымыз сынбасын, — деді ҰОС ардагері Алексей Фролов.

Қалалық және аудандық Ардагерлер кеңестері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне белсенді қолдау көрсетуде. Атаулы тақтайшалар ардагерлер тұрып жатқан барлық тұрғын үйлерде орнатылады.

Күніне қанша шақырым жол жүру керек?

Күніне қанша шақырым жол жүру керек?Жаяу жүрген денсаулыққа аса пайдалы. Әсіресе жүрек бұлшықеттерінің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасайды.

Адам күніне кем дегенде 3 шақырым жаяу жүруі керек. Күнделікті күйбең тіршілікпен қанша шақырым жол жүріп, қанша қимыл-қозғалыс жасағанымызды қаперге ала бермейміз. Десе де технология дамыған заманда қимыл-қозғалысымыз азайып бара жатқанын мойындауға тиіспіз. Кеңседе қызмет істейтіндер 3 шақырым жол жүрмек түгілі, бір-бірімен көп сөйлесе де бермейді. Мұның денсаулыққа тигізер зияны көп. Ендеше аурудың алдын алуға кіріскен дұрыс.

Егер көлігіңіз болса, аптасына бірнеше күн жұмысқа қоғамдық көлікпен не жаяу барыңыз. Жаяу жүру салмағыңызды бірқалыпты ұстауға да көмектеседі. Ол үшін жұмысыңызға барар жолда және қайтар жолда бір аялдама бұрын түсіп қалып, жаяу жүріңіз.

Көпқабатты үйде тұрсаңыз, лифт көмегіне көп жүгінбеген жөн. Себебі, баспалдақпен түсіп-көтерілудің өзі — жаттығу. Жұмыста да орындықта ұзақ отыра бермей, жиі қимылдаңыз.

Тым құрығанда күніне 15-20 минутыңызды серуендеуге арнаңыз. Себебі, жаяу жүру — есте сақтау қабілетіңізді жақсартып, қанайналымыңызды реттейді. Күніне 1 шақырым жаяу жүру — 10 минут жүзуге, 16 минут аэробикамен айналысуға, 12 минут футбол ойнауға жұмсаған қуатпен тең.

Спорттың кейбір түрі адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Алайда, жаяу жүрудің ешқандай да зияны жоқ. Қимыл-қозғалыс қашан да маңызды, деп жазады Массагет порталының денсаулық айдарында.

Қандағы холестеринді төмендетудің жолдары

Қандағы холестеринді төмендетудің жолдарыХолестерин  ағзаның бірқалып­ты жұмыс істеуіне пай­дасын тигізетін құрамдас бөлік болғанымен, оны артық пайдалану артериялық тамырлардың ішіне майлы заттардың жиналып, жү­ректің ишемиялық ауруының қауіп-қатерін арттыратыны белгілі. Қандағы холестеринді қалай азайтуға болады? Төменде холестеринді азайтудың бірнеше жолдарымен таныса аласыз.

  1. Холестеринді азайтудың ең қарапайым және ең қолжетімді түрі диета болып табылады. Ол үшін тамақ рационындағы тәтті және майлы тағамдарды алып тастап, ұйықтардан алдын тамақтанбау қажет.
  2. Холестериннің негізгі көзі жануарлар өнімдері болып табылады. Сондықтан оларды тұтынуды азайту немесе құрамында холестерині аз өнімдерді пайдаланған жөн.
  3. Майсыз сүзбе тұтынып, майсыз сүт ішіңіз.
  4. Жұмыртқа пайдалануды шектеу қажет. Аптасына 2 жұмыртқа тұтыну жеткілікті.
  5. Майлы етті қоян, бұзау, тауық етімен алмастыру қажет.
  6. Рационыңызға майлы теңіз балығын қосыңыз (теңіз балығындағы қанықпаған май қышқылдары қан тамырларын тазартуға және оларда холестерин туындауының алдын алады).
  7. Дәл осы қасиеттер теңіз өнімдерінде де бар. Теңіз орамжапырағын көп тұтынғаныңыз пайдалы.
  8. Брокколи, қырыққабат пен пияз жеуді ұмытпаңыз. Олардың құрамында холестеринді төмендетуге қажетті элементтер бар.
  9. Холестерині жоғары адамдар үшін күнбағыс, жержаңғақ, соя және зәйтүн майлары өте пайдалы. Сондай-ақ холестеринге қарсы зығыр майыныңда әсері бар.
  10. Жақында ғалымдар күніне 70 грамм бадам жеу холестериннің деңгейін төмендету мүмкіндігіне ие екенін дәлелдеді.
  11. Жидектерді көбірек жеңіз. Себебі олардың құрамында салицил қышқылы болады, олар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді және қанның ұйуына жол бермейді. Күніне 3 түйір сарымсақ жесеңіз қаныңыздағы холестерин деңгейі 15%-ға дейін азаяды. Ол тек жаңа піскен сарымсақ болуы керек.
  12. Жаман әдеттерден аулық болыңыз. Күнде таңертеңгілік жаттығу жасауды ұмытпаңыз, деп жазады anabol.kz.