Домой Блог Страница 180

Тар шалбар қаншалықты зиян?

Тар шалбар қаншалықты зиян?Бүгінде америкалық брендке айналған джинсы шалбарларын кимейтін адам әлемде кемде-кем. Ал қыздар арасында сәнге айналған тар джинсы шалбарлардың зиян екенін дәрігерлер ескертіп, бүгінде дабыл қағып отыр.

Жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша, үнемі тар шалбар киіп жүретін адамдардың денсаулықтарында аурудың бірнеше түрі кездеседі екен. Олардың басы жиі айналып, несеп жолдары ауруларына шалдығады. Вашингтондық дәрігер Карен Бойлдың айтуынша, тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенің қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкеліп соғады.

Невритке шалдыққан адамның жамбасында шаншу пайда болып, аяғы жиі ұйып қала беретін болады. Дәрігерлер сондықтан, жас қыздардың тар джинсыдан көрі жұмсақ матадан тігілген шалбарларды кигені абзал деп кеңес беріп отыр.

Сонымен қатар, ер кісілерге де джинсыдың тигізетін айтарлықтай зияны бар. Егер тар джинсы шалбар кисе, онда белден төмен орналасқан тамырлар қысылып, қалыпты жұмыс істеуін тоқтауы мүмкін. Бұл өз кезегінде жыныс мүшесінің түрлі ауруларына соқтырады. Сондықтан, ер азаматтарға да тар емес, еркін шалбар киюі керек. Джинсыдың ерлерге арналған кең тігілген түрлері бар, ал, әйелдерде мұндай таңдау жоқтың қасы.

ҚазАқпарат

Елордада Silk Way-2016 би байқауы аяқталды

Елордада Silk Way-2016 би байқауы аяқталдыЕлордалық Оқушылар сарайында спорттық баллдық биден Silk Way-2016 халықаралық жарысының қорытындысы шығарылды. Дүниежүзілік фестиваль Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан және т.б. елдердің өкілдерінің басын қосты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Украина бишілері бірінші орын алды. Израиль екінші орында, ал қазақстандықтар қола медальді қанағат тұтты.

7-17 жастағы балалар барлық номинацияларда қатысты. 17 жасқа дейінгілер 7 номинацияда шеберлік байқасты – қазіргі заманғы хореография, әлем халықтарының биі, стильді халық биі, балалар, классикалық және эстрадалық би, сондай-ақ, би шоуы.

Жасыл белдеу аумағында қосымша 1,5 млн астам ағаш отырғызылады

Жасыл белдеу аумағында қосымша 1,5 млн астам ағаш отырғызыладыЕлорданы абаттандыру мен көгалдандыру сыртқы факторлардың атмосфераға жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді. 2012 жылдан бері Астанада 1323,5 га жерге «Оңтүстік-батыс бөлігі» және «Талдыкөл су жинағышы» учаскелерінде 1 846 560 көшет отырғызылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіреді және оттегі бөліп шығарады, 24 сағаттың ішінде бір ағаштан үш адамға жетерлік оттегі бөлінеді, ал 1 га жасыл көшет бір сағатта 8 л көмірқышқыл газын сіңіріп, атмосфераға 30 адамның өмірін қолдауға жетерлік оттегі мөлшерін бөліп шығарады. Ағаш қалыңдығы 45 м жуық ауа қабатын көмірқышқыл газынан тазартады.

Қала көшелері мен саябақтарда отырғызылған жасыл көшеттер сәндік-жоспарлау және рекреациялықтан басқа, өте маңызды қорғаныш және санитарлық-гигиеналық роль атқарады. Жергілікті жердің ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, елорда аумағында ауа райы жағдайлары күрт өзгерген жағдайда өсе алатын ағаш егіледі. Атап айтқанда, терек, тал, қайың, үйеңкі, кәдімгі қарағай, сібір шыршасы, шегіршін, жиде және т.б.

Бес жылда Астананың жасыл белдеуінің 56% қылқан жапырақты ағаштар (шырша, қарағай, сібір балқарағайы) және 44% жапырақты ағаштар (емен, шегіршін, жиде) отырғызылды.

Қазіргі таңда Астана қаласының жасыл белдеуі аумағында көшеттерді қалпына келтіру мен екінші қабылдаудағы орман дақылдарын жасау жобасының кезекті кезеңі әзірленді. Жасыл белдеу аумағында қоян, түлкі, қарсақ, құр мен қырғауылдар мекендейді. 5 жылдың ішінде 4 483 қырғауыл өсірілді. Өткен жылы жасыл белдеу аумағына 4083 жабайы аң жіберілген. Қазіргі кезде вольерде 400 қырғауыл мен 1500-ден астам балапан бар. Қырғауылдар мекендейтін ареалдың мониторингі олардың жыл сайын жасыл белдеу аумағына таралып, табиғатта белсенді көбейіп жатқанын көрсетті.

1500 астам астаналық «Арман» лагерінде демалады

1500 астам астаналық «Арман» лагерінде демаладыТұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, жетім 250 жуық бала жазғы демалысын «Арман» лагерінде өткізуде. Мұнда нағыз балалық шақ атмосферасы орнаған. Кішкентай астаналықтар спортпен шұғылданып, түрлі конкурстарға қатысады, тәлімгерлерімен бірге ашық ауада тынығады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Лагерьде күн таңғы жаттығудан басталады. Балаларды спорт пен дене шынықтыруға баулу үшін салауатты өмір салтына баса назар аударылады. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қабілеттіліктері де дамытылады. Әрбір күн белгілі бір қызықты тақырыпқа арналады.

«Арман» лагеріне демалуға Астана қаласының Арнайы коррекциялық мектеп-интернатының да шәкірттері келді. Мұнда олар дос болуды, бірін-бірі түсінуді және қоғамда өмір сүруді үйренеді.

Балалар табиғат аясындағы демалыстың ең үздік екендігін бірауыздан құптады. Жалпы, лагерьде бес маусым өткізілмек. Осы уақыттың ішінде мұнда 1500 астам елордалық балғын тынығады. Соның ішінде 1000 бала – халықтың осал топтарына жатады, олар үш маусым бойы лагерьде тегін демалады.

Астаналық делегация Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты

Астаналық делегация Жаһандық әйелдер саммитіне қатыстыАстана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова 9-11 маусымда Варшавада (Польша) өткенжыл сайынғы Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты. Биылғы саммит «Әйелдер – сандық технологиялар дәуірінде инклюзивті экономиканы құру үшін» тақырыбымен өтті. 70-тен астам елден 1000 астам табысты бизнес пен саясаткер әйелдер осы беделді алаңда өз тәжірибелерімен әрі пікірлерімен алмасты. Бұл саммит мемлекеттік және жеке өмірдің барлық салаларында тиімді дамуға қол жеткізудегі жаңа креативті ойлармен алмасу мүмкіндігін бере алатын аса маңызды іс-шара болып табылады.

«Бүгінгі таңда бизнестегі басшы әйелдердің үлесі 42%-ға жетіп отыр және бұл көрсеткіш тұрақты түрде артып келеді. Астанада бұл үрдіс ШОБ саласында ерекше байқалады, сондықтан озық тәжірибені меңгеруге және жетістіктермен бөлісуге мүмкіндік тудыратын осы сияқты форумдарды өткізу өте орынды» — деп баяндады «Қалалардың болашағы» атты форумда Қазақстанды таныстыру барысында М. Бектұрова.

Астана әкімі орынбасарының Варшаваға сапары барысында Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Польша елордасының Вице-Президенті М. Ольшевскимен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында Астана мен Варшава арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың мәселелері талқыланды.

М. Бектұрова Польшаның Даму министрлігінде өткен кездесуде поляк бизнес өкілдеріне Астананың инвестициялық шарттары мен басымды жобалары туралы баяндап берді. Бұл кездесу Қазақстан Елшілігі үстіміздегі жылдың мамыр айында ұйымдастырған Польша Даму Вице-министрі Р. Домагальски-Лабэндзки және Астана қаласының Әкімдігі арасындағы келіссөздердің жалғасы болды. Семинарға Қазақстанда жұмыс істейтін және ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отырған Польшаның 18 компаниясы қатысты. Кездесу қорытындылары бойынша тараптар Польшаның құрылыс кластерімен белсенді ықпалдастық орнатуға уағдаласты, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, баламалы энергетика, ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу және көлік-логистикалық жобалары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеу туралы келісімге қол жеткізді.

Астаналық жедел жәрдем дәрігерлері еліміз бойынша үздік атанды

Астаналық жедел жәрдем дәрігерлері еліміз бойынша үздік атандыАлматыда алғаш рет өткізілген жедел жәрдем бригадалары арасындағы республикалық жарыста елордалық дәрігерлер көш бастады. Мамандандырылған сайыс санитарлық авиация қызметтері, жедел жәрдем және симмуляциялық орталықтар мамандарының конференциясы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен келген жедел жәрдем бригадаларының командалары қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Екі кезеңмен өткен сайыста алдымен шұғыл қызметтер өткір коронарлы синдром, ЖКО зардап шеккен, пациенттерді құтқарды, ересектер мен балаларға жүрек пен өкпе реанимациясын жасады, баланы анафилактикалық шоктан құтқару жолдарын көрсетті. Екінші кезеңде жедел жәрдем бригадалары үй жағдайында әйелді босандырып, жаңа туған сәбиді тірілтуге тырысты, босанғаннан кейінгі қан кетуді тоқтатты. Сонымен қатар, дәрігерлер мен фельдшерлер дәріден уланған немесе ішек инфекциясының әсерінен гиповолемиялық шокқа ұшыраған балаларды емдеді. Алматы медициналық колледжінің студенттері-еріктілер пациенттер болды. Сондай-ақ, манекендер мен қазіргі заманғы симмуляциялық жабдықтар пайдаланылды. Осындай жарыстарды өткізу тәжірибесі оны 10 жылдан бері сәтті өткізіп келе жатқан литвалық әріптестерден алынды. Айта кетейік, қазылар алқасының құрамына Литва жедел жәрдем қауымдастығына мүше сарапшылар енді.

Еске салайық, бүгінде Астана қаласының жедел жәрдем станциясында 85 бригада жұмыс істейді. Күн сайын 2000 астам шақыру келіп түседі. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап дәрігерлер жеделділіктің 1-ші санатындағы (ЖКО, жарақаттар, улану) пациентке 10 минуттың ішінде жетеді. Елордалық жедел жәрдем бригадалары жеделділік көрсеткіштерімен, пациентке жету уақытымен және жұмыс сапасымен ұдайы жұмыс істейді. Биылдан бастап, 100 астам фельдшер израильдік парамедиктерден білім алады.

Қара нанның пайдасы қандай?

Қара нанның пайдасы қандай?Қара бидай наны әрқашан сұранысқа ие. Қара бидай әрқашан жақсы өнім береді, және бағасы да жоғары емес. Қара наның құрамындағы пайдалы заттар авитаминоз және көптеген ауруларды жеңуге көмектеседі. Қара нанның пайдалы қасиеттерінін адамдар осы күнге дейін пайдаланады.

Қара бидай нанының пайдасы қандай? — оқып көріңіз.

Ресейде аштық жылдары қара бидай нанын жеген адамдар ешқашан авитаминоздан зардап шекпеген. Бұл қара нанда ағзаның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті пайдалы және маңызды заттары бар екенін көрсетеді.

Қара нанды жыл бойы пайдалануға болады, әсіресе қыста, себебі қыста ағза дәрумендер тапшылығын сезінеді. Қара нанның құрамын амин қышқылдары, минералдар, макро және микроэлементтер көптеп қамтиды. Қара нан темір және В, А, РР және Е дәрумендеріне бай.

Қара нан адамның тұрақты тұтыну өнімінің санатына жатады. Егер сіз қара нанды тұрақты түрде пайдаланатын болсаңыз, ағзаңызды токсиндерден және тұздардан тазарады. Қан тамырларынан артық холестериндер шығарылып, ағза токсиндертен тазартылады. Қара нан ас қорыту және асқазан-ішек жолының жұмысын қалыпқа келтіреді. Заманауи медициналық зерттеулер қара нанды көп пайдалану қатерлі ісік және қант диабетімен ауыру қаупін азайтатынын көрсетті.

Қара нанды асқазан және ішектің ойық жарасы бар адамдар үшін және асқазан қышқылы артып кеткен кезде пайдалануға болмайды.

Қара нанды халық медицинасында да пайдаланады. Қара нанды пайдалана отырып, түрлі ауруларды емдеудің тиімді әдістерін қарастырайық. Балалардағы энурезді емдеу үшін: қара нанның бір бөлігін алыңыз және тұз себіңіз. Ұйықтардан алдында балаға жегізіңіз, мүмкіндігінше су бермеңіз. Аурудан айыққанша пайдаланыңыз.

Безеуден емделу үшін: қайнаған судың аз мөлшеріне қара нанды бұлаулап, бір шай қасық таза бал қосып, біртекті қоспа болғанша жақсылап араластырыңыз. Дәрі дайын. Безеу шыққан теріге жағып, 15 минуттан соң жуып тастаңыз. Бұл әдісті аптасына екі мәрте қолдану қажет.

Сүт безі обырын алдын алу үшін: әйелерге күніне 1-3 бөлікке дейін қара нанды тұтыну қажет.

ҚазАқпарат

Елордада дәстүрлі «Туған күн 2016» республикалық арнайы жобасы өтеді

Елордада дәстүрлі "Туған күн 2016" республикалық арнайы жобасы өтеді2016 жылы 18 маусым күні сағат 19.00-де Қазақстан Республикалық Білім және ғылым министрлігі қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ еліміздің танымал жайдарман топтары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Астана қаласы күніне  және Қазақстан КВН одағының құрылу күніне орай дәстүрлі «Туған күн 2016» республикалық арнайы жобасын ұйымдастырады. Ойын мақсаты — кешегі, бүгінгі, ертеңгі күннің жайдарман топтарын бір арнаға тоғыстыру. Фестивальдың тақырыбы: «Кеше. Бүгін. Ертең».

       Арнайы жобада барлығы 12 команда ойнайды:

  1. Номад құрамасы — Қазақтың спорт және туризм академиясы, Алматы қаласы
  2. Грант — Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы
  3. ТұранАстана — «Тұран-Астана» университеті, Астана қаласы
  4. ҚЖУ құрамасы — Қазақ қатынас жолдары университеті, Алматы қаласы
  5. ҚазИИТУ құрамасы — Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, Орал қаласы
  6. Фемида — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы
  7. Байдың балалары— М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қаласы
  8. Аягөз құрамасы — Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы
  9. Сағыз құрамасы — Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
  10. Демеушіміз Болашақ — Астана қаласы
  11. Альянс — Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей қаласы
  12. Күлтегін — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы

Әділ қазылар алқасымен жеңімпаздар анықталып, көлемді сыйақылалар табысталады.  Қазылар құрамы — мәдениет және қоғам қайраткерлері және эстрада-кино жұлдыздары.

«Туған күн 2016» республикалық арнайы жобасы Астана қаласы,  «Конгресс Холл» сарайында өтеді.

Отан қорғаушы мемориалдық кешенінің үздік эскизі байқауы басталды

Отан қорғаушы мемориалдық кешенінің үздік эскизі байқауы басталды

Қазақстанда мемориалдық кешеннің үздік эксиз-идеясы — «Отан қорғаушы» сәулет және мүсіндік композиция ашық республикалық байқауының өткізілуі туралы  хабарланды. Мемориалдық кешеннің үздік эскиз-идеясына байқаудың өткізілуі туралы «Ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігі хабарлады.

Байқау 2016 жылғы маусымның 13-і мен шілденің 13-і аралығында өткізіледі. Байқауға кәсіби сәулетшілер, мүсіншілер, суретшілер қатыса алады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Қатысушы ретінде тіркелу, байқау шартымен танысу және өзге де сұрақтар бойынша 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы 2 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына хабарласуға болады. Тел.: +7 (7172) 44-25-73, e-mail: mhm.kazakhstan@gmail.com.

«Bolashak Life» қан тапсыру аптасы ұйымдастырылады

«Bolashak Life» қан тапсыру аптасы ұйымдастырылады2016 жылғы 13 – 17 маусымда «Болашақ» Қауымдастығы “Bolashak Life” республикалық акциясын өткізеді.

Емдеу мекемелері қанның құрамдас бөліктері мен өнімдеріне көп мөлшерде күн сайын мұқтаж. Донорлық мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында «Bolashak Life» қан тапсыру аптасы ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және «Болашақ» Қауымдастығының 15-жылдығына арналған «25 Қайрымды іс» жобасының шегінде өткізілетін бұл қадам Дүниежүзілік донор күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Баршаңызды донор болуға шақырады.

Толық ақпаратты дәрігерлердің ұсынымдарымен және басқа да қызықты фактілермен іс-шараның Facebook-тегі «Неделя донорства «Bolashak Life» атты ресми парағынан таныс бола аласыздар.

Ұйымдастырушылар «Болашақ» қауымдастығы, Республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, «Өмір тамшысы» ҚБ.

Ынта білдірген донорларды 2016 жылғы 13 – 17 маусымда Қазақстанның барлық ірі қалаларынан, өңірлік қан орталықтарынан мына мекенжайлар бойынша күтеді.

c6869a327f05e5bcc412cd5e681a2347