Домой Блог Страница 181

Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін

ef502143c68310ff7dddc4a6cbb48880_resize_w_520_h_Бүгін-ертең Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.

12-13 маусым аралығында жоғары температураға және қарқынды қар еруіне байланысты Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі, жекелеген өзендерде су тасқыны және су жайылуы ықтимал.

Өскеменде тегін «Имам» такси жобасы іске қосылды

Өскеменде тегін «Имам» такси жобасы іске қосылды ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің қасиетті рамазан айында қайырымдылық жасау, сауапты істерді көптеп ұйымдастыру туралы берген тапсырмасына сәйкес Өскемен аймағы өкілдігі жамағатқа тегін қызмет көрсететін «Имам» такси жобасын қолға алды.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы «Имамдардың имиджін көтеру, уағыз-насихат жүргізудің тиімді, тың тәсілдерін қолдану мақсатында Өскемен өкілдігі «Имам» такси атты жобаны қолға алып отыр. Жоба аясында «Имам такси» деп аталатын арнаулы көліктер рамазан айы бойында мешіттің жамағаттарына тегін қызмет көрсетеді. Әсіресе тарауых намазына жамағаттардың қаланың әр түкпірінен келіп-кетуіне қиындықтар туындайды. Сондықтан жамағаттарға қасиетті рамазан айында алаңсыз құлшылық жасауына мүмкіндік тудыру мақсатында осы жобаны іске асырып отырмыз, әрі имамдар тұтынушыға жеткенше уағыз айтып отырады» деп таныстыра келе, бұл да қасиетті рамазан айындағы сауапты шарлардың бірі екендігіне тоқталды.

Тегін такси қызметіне қалалық мешіттердің қызметкерлері ат салысып отыр.

Рамазанның алғашқы күнінен басталған бұл тегін такси қызметіне қазір мешіттің жамағаттары да дән риза.

Facebook комментарийлерге видео қосуға рұқсат берді

Facebook комментарийлерге видео қосуға рұқсат бердіFacebook әлеуметтік желісін әзірлеушілер оны пайдаланушыларға жазбаларға пікір қалдыру кезінде видео қосуға мүмкіндік берді, делінген компанияның блогында.

Жоба жетекшісі Боб Болдуин (Bob Baldwin) хабарлағандай, жаңа қызмет жөніндегі бастама 2016 жылдың ақпанында 50-ші Hackathon шарасында туындаған.

Пікірлерге видео қосу әлеуметтік желінің браузерлік нұсқасында, сонымен қатар Android және iOS қосымшаларында істейді.

ҚазАқпарат

Бүгін ХІІ Дельфий ойындары басталады

Бүгін ХІІ Дельфий ойындары басталады13-15 маусым аралығында елордада өнерлі жастар өмірінің басты оқиғасы — XII Дельфий ойындары өтеді. Биыл өнер додасы «Тәуелсіздікпен болашаққа!» ұранымен ұйымдастырылады.

Қалалық конкурсқа қатысушылар бірнеше номинацияда бағын сынайды: фортепиано, скрипка, домбыра, прима-қобыз сияқты халық аспаптары. Сонымен қатар, халық биі, эстрадалық және академиялық ән салу, қысқаметражды фильм және бейнеролик, фотосурет, бейнелеу өнері. Әртістер, киім дизайнерлері мен ди-джейлер де шеберлік байқасады. Биыл «ым-ишарат тілінде ән айту» номинациясы енгізілді. Оған 16-25 жастағы азаматтар қатысады.

Жалпы, Дельфий ойындарына қатысушылардың орташа жасы 10-нан 25 жас аралығында, конкурста оқушылар мен студенттер, басқа да жастар өз өнерлерін ортаға салады. Дельфий ойындары жас дарындарды анықтауға және одан әрі дамытуға, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуге, тұлғаның рухани қалыптасуына қолдау көрсетуге көмектеседі.

Шараның салтанатты ашылуы 13 маусымда сағат 11.00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Американдық футбол Елордада

АҚШ-та кеңінен тараған спорт түрлерінің бірі елімізде аса танымал болмағанымен, оған әуес жандардың күшімен дамытылып келеді. Astana Wolves әуесқойлар командасы өзінің алғашқы жаттығуларын екі жыл бұрын бастаған болатын. Бүгінгі таңда «қасқырлар» командасына 40-50 адам мүше. Олар аталған спорт түріне аса құмар. 18 маусымда Орталық Азия лигасы аясында футболшылар Бішкектің «Барыстар» командасымен күш сынасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Американдық футбол Елордада

Американдық футбол командасын Денис Казимиренко мен Ассет Айнабеков құрған. Оны жасақтау идеясын олар көптен бері ойлап жүріп, осы спорт түріне әуес жандармен бірге іске асыра алды.

330a775a50738f4b28d9108b9e5.jpeg

Спортшылар Назарбаев университетінің алаңында дайындалады. Бірыңғай жаттығу жоспары әзірленді, балалар сол бойынша жұмыс істейді. Оларға тәжірибелі ойыншылар мен жарақат алып, жаттығуға қатыса алмайтындар да көмектеседі. Команда құрамына 16-дан 36 жасқа дейінгі футболшылар кіреді. Дене бітіміне қарамастан, кез келген адамға белгілі бір позиция беріледі, бұл спорт түріне бәрі де қатыса алады.

Тәжірибелі ойыншылардың бірі Бақыт Жазықбековтың айтуынша, бір қарағанда ойында көп жарақат алуға болатын сияқты, бірақ бұл тәжірибесіздіктен орын алады. Бастысы, техникалық айла-тәсілдерді меңгеру, дұрыс құлай білу және соққы жасағанда өз-өзіңді ұстана білу керек, киімді де тура өлшем бойынша кию қажет.

c829de19250f20b8c5d3ced63ab.jpeg

Футболшылар үлкен мақсатты көздеп отыр – алдағы уақытта маңызды ойын өтеді. Матч Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда ұйымдастырылады және бұл қайырымдылық шара болмақ. Жиналған қаржы мүгедектігі бар талантты адамдарды Болгарияға халықаралық конкурсқа жіберуге бағытталады. Кіру билетінің құны – 200 теңге.

Сонымен қатар, жақында елордада флаг-футболдан әйелдер құрамасы құрылды. Американдық футболға қарағанда бұл түйіспелі емес спорт түрі. Қыздар беліне жалаушалар байлап алып ойнайды, ал ойынды тоқтатпас үшін қарсыласыңның жалаушасын тартып алу керек.

Алматы облысында «Жетісу Инвест — 2016» бизнес-форумы өтті

Алматы облысында «Жетісу Инвест - 2016» бизнес-форумы өттіКеше Алматы облысы Талғар ауданында «Жетісу Инвест — 2016» — «Жібек жолын жаңғыртудың жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық инвестициялық форум өтті. Оған шағын және орта бизнестің әулеуетті инвесторлық компаниялар мен ұлттық компаниялардың, жергілікті атқарушы органдардың  жалпы саны 400-дей өкілі, сонымен қатар Таяу және Қиыр шетелдердің өкілдері қатысты. Форумды Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды. Шараның мақсаты – Алматы облысының инвестициялық тартымдылығына бизнес-қауымдастық пен халықаралық қаржы ұйымдарының назарын аудару. Сонымен қатар форумға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Хайыров,  «Қазақстан Темір жолы» АҚ вице-президенті Қанат  Алпысбаев, сол сияқты «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлер ұлттық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

AH1Z8705

Пленарлық отырыста Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысушыларға ризашылығын білдіре отырып, өңірге инвестиция тартудағы оң нәтижелерді атап өтті.

— Республика бойынша инвестиция көлемі жағынан 2015 жылы  облысымыз 4-ші орыннан көрініп (490 млрд. теңге), 2014 жылғы деңгейді 37 млрд. теңгеге арттырдық (нақты көлем индексі 105,3%). 2015 жылы жалпы сомасы 34,7 млрд. теңге болатын 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Бұл өз кезегінде 3,6 мың жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етті. 2016 жылы сомасы 94 млрд. теңге болатын 115 жоба  қолға алынып, 4,4 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Барлығы 2016 жылдан 2020 жылға дейін жалпы құны 2 триллион теңгелік 443 жобаны жүзеге асыру, соның негізінде 23 мың жұмыс орнын құру межеленіп отыр, — деді А. Баталов.

AH1Z8773

Алматы облысының географиялық жағынан қолайлы орналасуы заманауи технологияны қолдана отырып, азық-түлік өнімдерімен 100 млн.-нан астам адамды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар облыс басшысы облыстың инвестициялық мүмкіндіктері туралы кеңінен әңгімелей келе, облыстың аграрлық-индустриалдық бағытын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін интенсивтендіру мен ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңнен өңдеуге мамандану негізгі бағыттар ретінде белгіленіп отырғанын тілге тиек етті. Облыста жүгері өндірісіне, сүт-тауарлы фермалар мен өңдеу кәсіпорындарын құруға, туризм саласына, әлеуметтік нысандарды салуға, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде балабақшалар салуға, оған қоса жел-, және күн электр станцияларын салуға инвестиция тартуға резервтер бар.

AH1Z8940

Пленарлық отырыстан кейін форум бірнеше бағыт бойынша, атап айтқанда агроөнеркәсіптік сектор «Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы басымдық», мемлекеттік-жекеменшік әріптестік «Мастер-жоспарлар құру мен МЖӘ тетігін қолдану», «Туризм және көлік логистика», «Алматы облысында жаңартылған энергия көздерін дамыту» тақырыптарындағы дискуссиялық секцияларымен жалғасып, мұнда әрбір қатысушы өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын айтты.

AH1Z8807

Форумның қорытындысында Алматы облысы мен Жамбыл облысы әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы, сонымен қатар Алматы облысының аумағында жұмыс істейтін компаниялармен 900 млн.-нан астам АҚШ доллары көлемінде түрлі  келісімдер жасалды.

“25 Игі іс” атты республикалық акция өтіп жатыр

“25 Игі іс” атты республикалық акция өтіп жатыр«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мен Ақтөбе олысы Мұғалжар ауданы «Жастар патриоттық клубы қоғамдық бірлестігі» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған  “25 Игі іс” атты республикалық акциясын өткізіп жатыр.

Аталмыш акцияның басты мақсаты — тәуелсіздігіміздің құндылықтары мен қадір қасиетін жастар арасында кеңінен насихаттай отырып, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығының нышаны ретінде әрбір азаматын ігі істерді жасауға  шақыру.

Акция адамдар  бір-біріне  көмек көрсетіп, мейрімді болуға, ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік-эстетикалық қағидаларын қалыптастыруға өз үлесін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.

Бұл шараға республикамыздың барлық тұрғындары қатыса алады. Сонымен қатар еліміздің белсенді жастары мен жастар ұйымдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылары мен жұлдыздары, шетелдегі қандас қазақ бауырлар да өз үлестерін қосады деп күтілуде.

Тура бір ай бойы жалғасатын “25 Игі іс” атты республикалық акция 2016 жылдың 6-маусымында басталған болатын.

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев Қаратал ауданына іссапармен барды

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары  Ғалиасқар Сарыбаев  Қаратал  ауданына  іссапармен барып, аудан тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Қаратал ауданында Алматы облыстық партия филиалы  төрағасының  бірінші орынбасары  Ғ.Сарыбаев Елтай ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындармен Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам», «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен «Мәңгілік ел»  идеясы  және  жер  кодексі    мәселелері талқыланды.

DSC_0037

«Өздеріңіз білесіздер, Елбасының алға қойған мақсаты —  Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі. Бұл жолда көптеген жұмыстар атқарылуда. Партия төрағасы Н.Назарбаевтың елімізде  жүргізіліп  отырған  көптеген реформаларын халыққа жеткізіп, дұрыс түсіндіру тікелей біздің партияның міндеті», — деді Ғ.Сарыбаев.

Кездесуде ауыл тұрғындары да елде болып жатқан жағдайлардан хабардар екендіктерін өздерінің белсенділігі арқылы білдірді.  Жиналғандар ел жағдайының дамып, ауылды жерлерге де көңіл бөлініп жатқанын білетіндіктерін және оған ризашылықтарын айтып жатты.  Сонымен қатар, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.DSC_0100

Күн тәртібіне сәйкес Ғ.Сарыбаев Қаратал аудандық партия филиалының ғимаратында  ауданның белсенді мүшелерімен және бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен  кездесті. «Нұр Отан» партиясы Қаратал аудандық филиалының төрағасы Қ.Бисембаев партия филиалының атқарылған жұмыстарына тоқталып, аудан жағдайымен таныстырып өтті. Ауданның партия белсенділері және БПҰ төрағаларымен Ғ.Сарыбаев партияның ішкі саясатын талқылап, аудан жұмысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, «Нұрлы жол»  инфрақұрылымды  дамытудың 2015-2019 жылдарға  арналған  мемлекеттік   бағдарламасын  іске асыруға  ҚР Ұлттық қорынан және тиімді  жұмсалуына  партиялық  бақылауды  қамтамасыз ету бойынша комиссия  мүшелерімен  кездесіп, осы бағдарлама аясында салынып  жатқан  320  орындық  балабақшаның  жұмыс  барысымен  танысты.

DSC_0170

Алматы облысында Шарын шатқалына түнгі тур өтеді

Алматы облысында Шарын шатқалына түнгі тур өтедіАлматы облысында туризм басқармасы мен туроператорлар туристерді тарту үшін жаңа жолбағдарлар жасауда. Сондай жаңалықтардың бірі — орнитологиялық туризм мен Шарын шатқалына түнгі тур.

Маусымның 18-інен 19-іне қараған түн ортасында туристер Шарын шатқалында болмақ. Бұл туралы Алматы облыстық туризм басқармасының бастығы Жанар Алшымбаева хабарлады.

«Туристерде Шарын шатқалында, қаладан аулақта түн ортасында тыныштық пен мамыражай мүлгіген табиғатты бақылаудың бірегей мүмкіндігі туады. Тур маусымның 18-інен 19-ына қараған түнде өтпек», — деп атап өтті Жанар Алшымбаева.

ҚазАқпарат

ЕСКЕРТУ: Алматы облысында аптап ыстық болады

In warm weather melts even the scale of the thermometer
In warm weather melts even the scale of the thermometer

2016 жылғы 10-11 маусым аралығында Алматы облысында аптап ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 9 маусымдағы №5-ші  «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды.

10-11 маусым аралығында Алматы облысында аптап ыстық болады деп күтілуде. Жекелеген жерлерде ауа температурасы 41 градусқа жетуі мүмкін», — делінген хабарламада.