Домой Блог Страница 182

Алматы облысында «Жетісу Инвест -2016» форумында 1,202 млрд долларға меморандум жасасты

Алматы «Жетісу Инвест -2016» форумында облысында 1,202 млрд долларға меморандум жасастыАлматы облысында «Жетісу Инвест -2016: Жібек жолының өркендеуі арқылы жаңа мүмкіндіктерге» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Ұйымдастырған Алматы облысының әкімдігі.

Бизнес қоғамдастық, халықаралық қаржы ұйымдарынан 400-ден астам өкілдер қатысқан шара аясында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды. Форумға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаев, ҚР ИД вице-министрі Ерлан Хаиров, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Мәмин, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы А. Мырзахметов қатысты.

Пленарлық отырысты ашқан А. Баталов инвесторларды тарту аясындағы жұмыс нәтижелері туралы айтты.

«Соңғы жылдары бизнес тарапынан Алматы облысына қызығушылықтың тұрақты өсімі байқалады. Сонымен, 2015 жылы инвестиция көлемі (490 млрд теңге) бойынша облыс республикада 4-орынға шықты. Бұл 2014 жылғы деңгейден 105,3%  физикалық көлем индексімен 37 млрд теңгеден асады. Тұтастай, 2015 жылы сомасы 34,7 млрд теңгеге 170 инвестициялық жоба іске асырылды. 3,6 мың жұмыс орны құрылды. Биыл сомасы 94 млрд теңгеге 115 жоба жоспарланған. Бұл 4,4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2016 жылдан бастап 2020 жылдар аралығында барлығы 23 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеден астам сомаға 443 жоба іске асыруды күтіп отырмыз», — деп хабарлады өңір басшысы.

Оның айтуынша,  Алматы облысының тиімді географиялық жағдайы заманауи технологияларды пайдаланып, 100 млн астам адамды өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыстың табиғат-климаттық, аграрлық-индустриалдық бағыттылығын ескерсек, инвестицияның негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы өнімдерін қарқындату, оның өнімдерін тереңнен қайта өңдеу болып табылады. Жүгері өндірісі, сүт-тауарлық фермалар, қайта өңдейтін кәсіпорындар құру, туризм, әлеуметтік нысандар саласында, сондай-ақ жел, күн электр стансасын салуда өсім әлеуеті бар», — деп атап өтті Баталов.

Форум аясында панелдік секциялар ұйымдастырылды, онда мына мәселелер талқыланды: Алматы облысында агроөнеркәсіп кешенін, мемлекеттік-жеке әріптестік, шеберлік жоспарын құру, МЖӘ тетігін қолдану, туризм, көлік логистикасы, энергияның жаңартылған көздерін дамыту басымдығы.

Форум қорытындысы бойынша Алматы және Жамбыл облыстары әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы мемрорандумға,  жалпы сомасы 1,202 млрд АҚШ долларынан асатын қаражатқа түрлі салалардағы қызметті жүзеге асыратын компаниялармен бірқатар меморандумдар жасалды.

ҚазАқпарат

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бір топ өнер және қоғам қайраткерлерін Алматыдағы өкілдігінде қабылдады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бір топ өнер және қоғам қайраткерлерін Алматыдағы өкілдігінде қабылдадыАлматы облысының әкімі Амандық Баталов бір топ өнер және қоғам қайраткерлерін Алматыдағы өкілдігінде қабылдады. Елге танымал, жасы үлкен тұлғаларды облыс орталығына әурелегім келмеді деген әкім олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын, жеке өтініштерін тыңдады. Көмек сұрай келген ел ағаларының өтініштерін Амандық Ғаббасұлы кездесу барысында бірден шешуге тырысты.

Облыс әкімі алғаш болып белгілі ақын Марфуға Айтқожинаны қабылдады. 80 жасқа толған ақынның парасатты ойлары мен ұсыныстарын тыңдаған әкім автордың шығармалар жинағын сыйға алды. Дәл осындай рухани келелі әңгіме Халық әртістері Сәбит Оразбаевпен, Нұрғали Нүсіпжановпен жалғасты. Ал келер жылы 75 жылдығын тойлайтын Мұхтар Шаханов баспаға әзір тұрған жаңа туындысымен таныстырды.

МҰХТАР ШАХАНОВ, Ақын:

— Осыны бір шығарып берсеңіз, осыған жәрдем берсеңіз. Мынаның ішінде саяси не жоқ, ешкімге тиіспейміз. Таза менің өлеңдерім, әндерім. Содан кейін трактат, «Өз ана тілінде сөйлемеу мен ойламаудың залалы».

Ақынның сөзін құп алған әкім жақын арада жаңа кітапты 10 мың данамен шығарып беруге уәде берді. Одан өзге облыс орталығына қонаққа шақырып, шығармашылық кеш өткізу жайын да ұсынды. Алматы облысындағы оң өзгерістер мен жаңа бастамалар да әңгімеге арқау болды.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, Алматы облысының әкімі:

— Жол алыс, 260 километр. Тағы жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сол үшін оларды қинамай осы жерге келіп, еліміздің танымал адамдарын осы жерде қабылдап, ұсыныстарын тыңдап, қолымыздан келген көмекті көрсетейін деп келіп отырмыз.

Халықтың рухани және мәдени өміріне үлес қосып жүрген қайраткерлермен кездесуге қашан да әзірмін деген облыс әкімі ел ағаларының ақыл-кеңесі мен нұсқауларын бағалайтынын жеткізді. Кездесуге келген танымал тұлғалар да дән риза болып қайтты.

31.kz

Колледж түлектері жұмыспен қамтылды

2016 жылғы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға қолғабыс етілді.

Түлектер түйіндемелерін дайындап әкеліп, жұмыс берушіге өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Көңілдерінен шыққан жұмыс орынға өздері жайлы мәлімет қалдырып, кездесу күнін де бекітті.

Жәрмеңкеге өнеркәсіп, өндіріс, кәсіпкерлік және қызмет көрсету салалары бойынша 50-ден аса ірі компаниялар және 6 мыңға жуық колледж түлектері: құрылыс және коммуналдық шаруашылық, өндіріс, құрастыру, пайдалану және жөндеу, байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, көлік, қызмет көрсету, білім беру, метрология, стандарттау және сертификаттау,  мұнай-газ және химиялық т.б бағыттар бойынша қатысты.

Мұндай бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жас мамандарға тәжірибе жинауға, жұмысқа орналасуға, еңбек нарығының қажеттіліктерін айқындауға жақсы мүмкіндік береді. Іс-шара Астана қаласының Білім басқармасы, елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Астана қаласының аймақтық кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылды.

Автор: Шырақ Байкенова

Маңдайына қарап, мінезін таны

2SZIxhtT2oEБұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Физиономистика ғылымының мақсаты тек адамды тануға көмектесу. Маңдай пішініне байланысты адамның мінезін танып көрейік.

1. Жазық, кең маңдай.
Ол ақылдылықтың, ойлылықтың нышаны. Мұндай адамдар интеллектуалдық қызметке бейім. Осындай маңдайды шаштың етегі дөңгелене жиектеп тұрса, табандылықты, турашылдықты көрсетеді. Кең маңдай – ақыл, ойдың кемелділігі.

2. Қусырыла біткен тар маңдай. Мұндай маңдай иесінің көбінесе интеллекті төмен болады. Алайда өмірге икемді, өзіне-өзі сенімді. Аяғын қашанда нық басады. Егер осындай маңдайға шаш тым төмен орналасса, етегі тым төмен түсіп тұрса, қарабайырлықтың, орта қолдылықтың нышаны саналады. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық келеді.

3. Жалпақ маңдай. Адамның маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келсе, мұндай кісінің есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ та мінезі құбылмалы. Оның өте сезімталдықтан қолға алған ісінен тез жалыға салатын қасиеті де жоқ емес.

4. Орташа маңдай.
Бұл иесінің естілігінен хабар береді.

Қас-қабаққа байланысты адам мінезінің сипаттамасы

1. Жіңішке қас. Егерде адамның қасы жіңішке болса, ол – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жан.
2. Түзу қас. Адамның қасы түзу болса, ол – елгезек, тіл алғыш адам.
3. Қиылған қас. Мұндай қас қиялшыл адамдарға тән.
4. Алшақ қас. Егерде адамның екі қасының арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпалына тез түседі.
5. Түйіскен қас. Егерде адамның екі қасы бір-бірімен түйісіп тұрса, бұл жүйкесінің мықтылығын білдіреді.

info-tses.kz

«Hello ауыл» фильмі онлайнға шықты

«Hello ауыл» фильмі онлайнға шықты2015 жылғы 30 желтоқсан күні Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Оңтүстік жастары» жобасы аясында түсірілген «Hello ауыл» бейнефильмнің тұсау кесу рәсімі өтті.

Бейнефильмнің мақсаты: «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламаны насихаттап, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу және отандық киноиндустрияның дамуына жастардың да үлес қосуына жағдай жасау.

Туындыда жастардың өмірі кеңінен суреттеліп, бас кейіпкердің диплом алып, мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында алғашқы еңбек жолын ауылда бастауынан басталады. Қала баласының бейтаныс ауылға үйренісіп кетуі оңайға соқпағанымен, бастауыш мектепте мұғалім болу оның өмірлік принциптерін өзгертіп, өмір ағысын басқа бетке бұрады. Балаларға қаладан футболист-жаттықтырушы досын шақыртып, футбол ойнап, саламатты өмір салтына тәрбиелейді. Қызығы, жас жігіт шет елден келген оқуға шақыруды қабылдай ма, жоқ әлде, бас тартып ауылдың гүлденуіне үлес қосуды таңдай ма?!

Фильм Оңтүстік өңірінде танымал жұлдыздар мен жас жайдарманшылардың, ауыл тұрғындарының қатысуымен түсірілген.

Тұсау кесу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Е.Қ. Айтахановтың атынан фильмде басты рөлде сомдаған азаматтар алғыс хатпен марапатталды.

Фильмнің режиссері, белгілі актер, бұрынғы Жайдарманшы– Орынбаев Шапағат Шойбекұлы

Белгілі актер, «Шаншар» әзіл-ысқақ театрының әртісі –Жүсіп Ақшора

Түсірілім жұмысына, ерекше көмек көрсеткен анамыз Аманқұлова Айна Умаралиқызы

Құрманай Бақтиярқызы

Басты рөлді сомдаған — Жолдасов Бағлан Болатбекұлы

Басты рөлді сомдаған  — Әзиза Әбдіқызы

Олжас Садуақасұлы /«Томпақ» және т.б. бейнефильмдерге түскен жас актер/

Шараға Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, қаланың белсенді жастары мен Жастар орталықтары мамандары, 200-ден астам студент жастар қатысты. Алдағы уақытта бейнефильмді аудан, қалалардың жастарына және телеарналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен таратып, көрермен назарына ұсыну жоспарлануда.

Аталған бейнефильмнің шығармашылық тобы:

Фильмнің режиссерлары: Шапағат Орынбаев және Арман Әбдеш
Операторы: Жандос Балабиев
Сценарий авторы: Алмас Тоқабаев
Композиторы: Бабыржан Ходжакулов
Әкімшілік топ: Есен Шондыбаев, Керімхан Мырзақұлов, Азамат Орманбай
Монтаждық топ: Жандос Балабиев, Мейіржан Тайман, Қайрат Пашаров

Сонымен қатар, түсірілім топ Дәнекер Оразбайға, «Талас фильм» студиясына, «Шаңырақ продакшн», «Әділ фильмс», «Шоу магнат», сазгер Махмуд Урумбаевқа, «Мотор видео» , «Жалын Продакшн», «Мақтарал» футбол клубына және  ерекше М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Байболов Қанат Сейтжанұлына және оқу орнының жастар орталығының директоры Исахов Мағжан Шыңғысұлына алғысын білдірді.

https://www.youtube.com/watch?v=Xaq1ObwCMMo

EXPO-2017 көрмесіне билеттер сату басталады

EXPO-2017 көрмесіне билеттер сату басталадыБүгіннен бастап, EXPO-2017 көрмесіне билеттер сату басталады.

Астана қаласында  EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің басталуына дейін тура бір жыл қалғанда көрменің ресми сайты tickets.expo2017astana.com.-да электрондық билеттерді сату басталды.

10 маусым күні сатып алушыларға билеттердің құны әр түрлі бірнеше түрі қолжетімді болды — бұл жұмыс және демалыс күндеріндегі ашық және жабық датасы бар билеттер.

Билеттің әрбір типі тек бағасымен емес, Көрмеге барудың белгілі бір талаптарымен ерекшеленеді. Осылайша, жұмыс немесе демалыс күнгі жабық датамен сатылған билет Көрмеге тек билетте аталған күні ғана баруға мүмкіндік береді. Ашық дата қойылған билет Көрмеге кез келген күні («жұмыс» немесе «демалыс» күні билетте көрсетіледі) баруға мүмкіндік беріп отыр — ол үшін келушілер Көрмеге баратынын Жеке кабинетте немесе Көрмеге барар алдында кассада растауы тиіс.

ҚазАқпарат

ЕСКЕРТУ: Ақмола облысында аптап ыстық болады

In warm weather melts even the scale of the thermometer

Ақмола облысында аптап ыстық болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

«Күндіз 10 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты ыстық 35 градус болады», — деп жазылған хабарламада.

Үш жарым сағат ораза ұстайтын ел

Үш жарым сағат ораза ұстайтын елРамазан айы соңғы жылдары жаз маусымына сәйкес келуіне байланысты әлем мұсылмандары тәулігіне кемінде 15 сағаттан ұзақ ораза ұстайды.

Алайда, Оман сұлтанаты таулы аймағында орналасқан Вакан ауылының мұсылмандары небәрі 3,5 сағат қана ораза ұстайтын көрінеді, деп жазады mazhab.kz.

Мұның себебі, бұл ауылда күн сағат 11-де шығып, 14:30-да батуында болып отыр. Оман астанасынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан бұл ерекше ауыл бүгінгі күнде туристердің қызығушылығын тудырған мекенге айналды.

Мұхтар Мағауин: «Туылған» сөзі жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, қара қасқа надандық қана бар

Мұхтар Мағауин: «Туылған» сөзі жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, қара қасқа надандық қана барЖақында көрнекті жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996) Мұхтар Мағауиннің «Туылған мен өлінген» деген мақаласын қазақстандық БАҚ жарыса жариялады. Мұнда қазіргі сөз мәдениеті мен тілдік қолданыстың өзекті мәселелері айтылған. Соның ішінде көпке дейін айтылып, жазылып жүрген «туған күн» мен «туылған күннің» де ара жігін ажырата кеткен. Олай болса мақаланың осы бір тұсын оқырмандар назарына ұсына кетуді жөн санап отырмыз.

***

Туылған!.. Қазақ тілінің табиғатына жат, түйеден түскен емес, жер астынан жарып шыққандай, сұмпайы, сөлекет сөз. Заманымыздың заңғар тұлғасы, әлемге әйгілі ұлы ақынымыз Мүнхаузен пәленбайыншы жылы туылған. Ол туылған, мен туылғам, сен туылғансың!.. Сұмдық қой. Тіл бұзу ғана емес, түйте-долаң сауатсыздық көрінісі. Арыдағы мың жылдық эпостарымызды айтпайық, қазақ әдеби нұсқалары таңбаға түскен соңғы екі ғасыр бойы… Абай… Шәкерім… Мұхтар Әуезов… Мысал келтіріп, дәлелдеп жатудың өзі артық болар еді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең…». «Бар — қартаймақ, жоқ — тумақ, туған — өлмек…». «Анадан алғаш туғанда — Жыладым неге дауыстап…» «Мен 1897 жылы… Шыңғыстауда тудым». Қалыптасқан ауызекі тіліміз тұрыпты, арғы-бергі жазба нұсқалардың өзінен мың сан мысал келтіруге болады. Сөз білетін, жөн білетін ағайындар кейіспен, ренішпен жазып та жатты. «Туылған» бейбақ кең дүниеге жаңа келген, шамасы бұдан бес-алты жыл бұрын. Одан кейін және дәп бүгінгі күні. Ешқандай нәтиже шықпады. «Туылған» жұрттың берік сенім, нақты дәлелі бар. Қалай айтсаңыз да бұрынғы қазақ білмеген, жазарман атаулы жаңылысқан. Бала өз еркімен, өзінен өзі тумайды ғой! Туылады! Анасы туады. Міне, керемет. Мал — ұрғашы мал ғана туады. Әйел — табады. Бұрынғының анасы. Бес бала тапқан, он бала тапқан. Қазір де жалғыз-жарым баласын. Басқасын жиып қойғанда, өткен замандарда ешкім олай айтқан жоқ, олай жазған жоқ.

Дәп осы арада ешқандай қисыны келмейтін ырықсыз етіс емес, қазақ тілінің грамматикалық ішкі заңдылықтарына сәйкес қалыптанған есімше сөз. Бұрнағы берік тұрғы, кейінгі ақылға сыйымды лепес атаулыны жиып қойдық. Жағалай «туылып» жатыр. Жекелеген қолданыстан озып, жаппай қатарға енді. Қазіргі қазақ сайттарының бәрі дерлік, ағымдағы баспасөздің көпшілігі, тіпті, кейбір, әжептәуір саналатын жазушылардың өзі тынымсыз «туылуға» көшкен. Ақыры, егемен еліңнің шекарасынан өтіп кетті. Бұл жақтағы алаштың жақсысын танымай, жаманын қасиет тұтатын қытай қазақтарына барып жетті және мен қадағалап отыратын сайттарында жаппай қолданысқа түсті. «Туылғанға» дауа жоқ екен. Ендеше, келесі саты — «өлінген!». Адам әдетте өз ырқымен өлмейді ғой. Ауру-сырқау ма, көлденең пәле немесе аштық пен кәрілік пе — «өлінеді!». Абай: «Адам жылап туады, кейіп өледі» — деп еді, Шәкерім қажы: «Туған жан өлмек, — Тағдырға көнбек!» — деген, ал күні кешегі Қасым: «О дариға, алтын бесік туған жер!.. Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, — Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім…» — мүлде қате: «…Жылап туылады, кейіп өлінеді», «Туылған жан өлінбек», «Туылған жер… Сенде туылдым, сенде өлінсем…» — деп айтулары шарт екен.

Уақа емес, келесі бір басылымдарда түзетеміз! Ендеше, бүгінгі білікті қаламгер тіршілігінде, яғни өлінгенге дейін өзінің бар жазуына ие болуы керек. Оның ішінде біз де. Кейбір жеке басылымдарда, тіпті, ғұзырлы редактор ғана емес, еркін ойлы, білгір корректорлар сөйлеміңді оңдап, сөздеріңді түзетіп жатыр, осы ретпен сен де бір күні «туылып» шығуың әбден мүмкін. «Туылған» жанның «өлінбегі» хақ болса, әзірге жаңаша түрленбей тұрған «тіршілігіңде» шамаң келсе, қаптай «туылған» сөз жендеттерінен сақтанып, бар жазуыңды қызғыштай қорып отыру қажет сияқты. Жалғыз біз емес, жазатын, жазбайтын, әйтеуір шәлдіріксіз, түзу сөйлей алатын, басы тұнық барлық жұртқа қатысты лепес.

Сонымен, қыжыртпай айтсақ, «туылған» — тіл мәдениетінің айна-қатесіз жаңа бір өлшемі: «туылған» жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, қара қасқа надандық қана бар. Ең сыпайы сөзіміз деп біліңіз…

ҚазАқпарат

Бүгін Еуропа чемпионаты Франция мен Румыния ойынымен басталады

Бүгін Еуропа чемпионаты Франция мен Румыния ойынымен басталадыБүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Кәрі құрлықта өтетін осы жарыс додасын «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалауға болады.

Атап айтқанда, бүгін Франция мен Румыния командалары арасындағы ойынды тікелей эфирде жанкүйерлер сағат 00-40-та көре алады.

Ал ертең «Албания — Швейцария» командаларының арасындағы ойынды «Kazsport» телеарнасынан сағат 18-50-де көруге болады. Ал Англия мен Ресей командалары арасындағы ойынды тікелей эфирде сағат 00-50-де «Қазақстан» ұлттық телеарнасы көрсетеді.

Еуропа чемпионаты 10 шілдеге дейін созылады. Биыл Еуропа чемпионатын еліміздің жанкүйерлері «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Kazsport» телеарнасы арқылы көру мүмкіндігіне ие болып отыр.