Домой Блог Страница 183

Астанада дуатлоннан екінші жарыс өтеді

Астанада дуатлоннан екінші жарыс өтеді26 маусымда Елорда күнін мерекелеуге орай Астанада дуатлоннан ашық қалалық турнир екінші рет өткізілетін болады. Биыл жарысқа қатысушылар 25 шақырым қашықтықты бағындырмақ. Жолдың жалпы ұзындығы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ – ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған.

«Астана-дуатлон- 2016» жарысына 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алады. Бірақ 18-ге толмағандар тіркелу үшін ата-анасының жазбаша рұқсатын әкелуі керек. «Астана-дуатлон- 2016» жарысына қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келуі қажет. Қатысушыларды тіркеу шара өтетін күні «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда таңғы сағат 7-ден басталып, турнирге 15 минут қалғанда аяқталады. Дуатлон таңғы сағат 10.00 басталады. Турнир үш кезеңнен тұрады: алдымен қатысушылар 5 шақырым жүгіріп өтеді, содан кейін 15 шақырымды велосипедпен жүреді, ал соңғы кезеңде – тағы да 5 шақырым қашықтыққа жүгіреді.

Былтырғыдай әрбір қатысушының уақыты жеке белгіленеді, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда дуатлонға қатысушылар мен шара қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылады.

baq.kz

Түлектерге жұмыс табуға көмек көрсетіледі

Түлектерге жұмыс табуға көмек көрсетіледіАстанада техникалық және кәсіптік оқу орындарының түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету, медицина, құрылыс және т.б. салаларда қызмет ететін 50 астам компания бос жұмыс орындарын ұсынды. Оқу орындарының түлектері әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, елордадағы ең қажетті мамандықтармен танысты.

Сонымен қатар, студенттер мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алды.

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесі жоқ орта арнайы, жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған жастар практикасы бағыты іске қосылған. Оларға бастапқы тәжірибе жинау үшін алты айға уақытша жұмыс беріледі, еңбекақы мемлекет тарапынан төленеді. Диплом алған түлек Жұмыспен қамту орталығынан жұмыс берушімен әңгімелесуге жолдама алады, егер оң жауап алатын болса, құжаттар тізімін жинап, бағдарламаға қатысады, — деді Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімі басшысының орынбасары Азамат Байтасов.

Бағдарлама аясында кәсіби оқыту да іске асырылады. Мамандықты игеріп, жұмыс таба алмағандар немесе сұранысы жоқ кәсіпті меңгергендер даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бойынша тегін курстарға жіберіледі.

Елордада бос орындар жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізіледі, бос жұмыс орындарын іздеу мәселелері бойынша Бейбітшілік к-сі, 25 мекен жайында орналасқан Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Сүрінген сүрбойдақ» комедиясы

Қ. Қуанышбаев атындағы атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында – «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясы сахналанды.  Аталмыш спектакль театрдың XXV маусымының соңғы премьерасы.

Осетиялық драматург Асахмат Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық!» туындысы негізінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Әлімбек Оразбеков көрерменге ұсынып отыр. Қазақ тіліне тәжімалаған – Эльмира Макашева.

Бас кейіпкер орта жасқа келсе де серігін жолықтырмай, еркіндігін бағалап жүрген – Темкко. Оның абайсыз жасаған әрекеті қызық оқиғаға алып келеді. Нәтижесінде сүрбойдақтың үйіне нәзік әрі парасатты Дзерасса келеді. Екі ересек адамның қарым-қатынасы қалай өрбитіні сахналанады. Әдемі әзіл мен әртістердің кәсіби ойыны көрермендерді шат-шадыман күлкіге бөлегені сөзсіз.

Басты кейіпкер Темикко рөлінде – Мейрам Қайсанов, екінші құрамда – Ерлан Малаев. Көршісі Сиконы сахналайтын – Асылбек Қапаев, екінші құрамда – Боранбай Молдабаев.  Дзерассаны – Жанат Чайкина, екінші құрамда – Гүлбаршын Қылышбай сахналайды. Ал үкімет адамы Арсамагты – Олжас Жақыпбек, екінші құрамда – Жасұлан Ерболат ойнайды.

Автор: Шырақ Байкенова

Қыздың ғашықтығы туралы бірер ой

Қыздың ғашықтығы туралы бірер ойӘр адам баласының басынан өтетін «ғашықтық» сезімін екі бағытта түсіндіруге болады.

Біреуін ғылыми дәлелдер негізінде қарастырсақ, екіншісін күнделікті өмірден, өз тілімізбен түсінетін ұғымда жеткізіп көрелік.

ЖӨФ (Жүйкенің өсу факторы) –  симпатикалық жүйке жасушаларының өмір сүруіне қажетті, оның дамуын реттеп отыратын ақуыз. Бұл фактордың қайнар көзі сілекей безі мен орталық жүйке жүйесі. 1986 жылы американдық Рита Леви-Мантальчини атты әйел ЖӨФ-ны ашқаны үшін  Нобель сыйлығын алған.

Құштарлық, эйфория, жүрек қағысының жиілеуі, объектінің жанында ұялшақтықтың пайда болуы ЖӨФ-ның концентрациясының артуынан болады-мыс. Мысалы, ғашық және ұзақ уақыт некеде тұрған адамның қан құрамындағы ақуыз мөлшерін салыстырсақ, біріншісінде ол ақуыз 1,5 есе көп, ал, әзірге ешкімге ғашық емес адаммен айырмашылық 1,8 есе болыпты.

Иә, ғылыми деректер негізінде ғашықтық туралы айту сәл тұрпайы. Олай болса, күнделікті өмірдегі ұғымдармен жеткізіп көрелік.

Адамның бақылауынан тыс әрекеттерді 3 топқа бөлуге болады:

  1. Мінез-құлқы
  2. Көзқарасы
  3. Ым-ишарасы

Кеттік, ғашық қыздың іс-әрекетін осы үш топ бойынша анықтайық.

Мінез-құлқы

  • Қызығушылық. Ғашық болған объектінің қызық емес әңгімелері де ол үшін сұмдық қызық.
  • Қарым-қатынас. Егер қыз бірнеше рет сізге жақын жерде жүрсе, демек оның әңгіме бастағысы келгені деп түсіне беріңіз.
  • Бақыт. Ғашықтықты білдіретін бірден бір фактор — бақытты болу! Ғашық қызды оның сезімінен басқа көп нәрсе қызықтыра бермейді. Оның жүзі бал-бұл жайнап жүреді.
  • Қатты күледі. Егер ол көпшілік ортада қатты-қатты күлетін болса, сіздің назарыңызға түскісі келгені.
  • Екіжүзділік. Егер ол өзін шынайы ұстамаса, әлде көп қателессе, бұл оның ғашық екенін білдіреді.

Көзқарасы

  • Сіз оның назарын бірден аудара аласыз. Көп адам бар жерде, оның сізге  4-5 рет қарағанын байқасаңыз, ол сізге ғашық!
  • Сізге қараған көзде оның көз жанары үлкейіп кетеді. Қызық дүниеге қарағанда барлық адамдардың жанары 45- ке ұлғаяды. Қыздарға ғашық болған объекті барынша қызық
  • Сіз ол қызға қараған кезде, ол жанарын лезде тайдырып ала бере ме? Тексеріп көріңіз, бірнеше рет тайдырған қыз сізге «кет әрі» емес.

Ым-ишарасы

  • Флирт. Сезіміңді білдірудің ең қызық белгісі – флирт. Ол жағымды, жағымсыз түрде де жүре береді. Яғни, тіке мақтауы мүмкін. Және, тиісіп, шымшып аларлық сөздермен де флирт жасауы мүмкін.
  • Қобалжу. Жолықтырып қалған шақта, жүзі қызарыңқырап, дем алысы жиілеп кетер болса, сізге немқұрайлы емес.
  • Жақындау. Әңгіме-дүкен барысында, сіздің әзіліңізге күліп, сонымен қоса, сізді ұрып жіберуі мүмкін. Ондай сәттер көп байқалса, ойлай беріңіз, ол ғашық. Қасында отырғаныңызда, кетуге әрекет жасамаса да, ол ғашық. Себебі, қыздарға ұнамайтын жігіт жақындаса, бұдан асқан жаман нәрсе жоқ!
  • Жеке кеңістік. Егер, оның жеке өміріне араласып кеткеніңізге ешқандай жағымсыз реакция келмесе, оның сізге деген сезімі ерекше.

Енді, жалпы ғашық қыз қоғамдық ортада өзін қалай ұстайды?

  • Ғашық қыз – өмірге ғашық . Ол үшін мына әлем тек ізгіліктен тұрады. Кәдімгідей ғашық болып жүрген қызға барып, сол жігіт туралы өтірік бірер сөз қозғап қойып, ақша немесе бір зат сұрасаңыз болады. Оның ашық-ғашық жүрегі – қолын да ашық қылады.
  • Көп күледі. Көпшілік ортада оны әңгімеге тарту қиын. Өйткені, өзіне қызық ой тауып алып, соны ойлап отыра береді.
  • Пәлсапашы. Оның пәлсапа айтуы жиілеп, шығарамашылықтың шыңына шығады.
  • Барлық жерде өзіне қарап жүреді. Ғашық қыздың сырт-келбетінен бірден анықтай берсеңіз болады. Өзгеріс көзге ұрып тұрады.
  • Лоторея жеңімпазы. Ғашық қызды миллион ұтып алғандай мақтаныш сезімі кернейді де жүреді. Себебі, ғашық қой, шіркін!
  • Құрбысымен тым жақын болып кетеді. Себебі, ішіне сыймаған телегей сезімді сыртқа шығаратын бірден-бір ыңғайлы жан – құрбысы.
  • Лидер болуға ұмтылыс. Ол ғашық жанға өзін сүйкімді етіп көрсету үшін қайсібір нәтижеге ұмтылады.

Автор:Бағила Ағайдар

Геннадий Головкин: Астанада жекпе-жекті 2017 жылы ұйымдастыруға болады

Геннадий Головкин: Астанада жекпе-жекті 2017 жылы ұйымдастыруға боладыҚазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылы жекпе-жекті Қазақстанда өткізуге болады деп есептейді. Бұл туралы ол Астанада жанкүйерлермен болған кездесуінде xабарлады.

«Бүгін біз америкалық HBO телеарнасының командасын алып келдік. Олар біздің бұл жекпе-жекті қаншалықты жоғары деңгейде өткізе алатындығымызды бағамдайтын болады. Меніңше, бұл жекпе-жек аз дегенде келесі жылы өткізілер еді. Егер бұның барлығы қолдан келсе», — деді Г. Головкин жанкүйерлерге берген жауабында.

Чемпионның сөзі бойынша, қазіргі уақытта GGG жекпе-жегін Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткізу мүмкіндігі бойынша көпдеңгейлі келіссөздер өтуде.

«Біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сөзсіз, жекпе-жектің бірін Қазақстанда — өз жанкүйерлерің үшін өткізу менің ойымда бар. Біздің елде нағыз әлем таныған даңқты чемпиондардың қатысуымен барша әлемге дүркіретіп бокс кешін ұйымдастырсақ қанеки. Біздің ел оған лайық емес пе!?», — деп атап өтті Геннадий Головкин.

Бұның алдында xабарланғандай, HBO телеарнасының түсіру тобы орта салмақтағы суперчемпион Геннадий Головкин туралы арнайы жоба түсіру үшін Қазақстанға келген болатын. Түсірілім негізінен, боксшының туған жері Майқұдықта өтпек.

ҚазАқпарат

Астанада «Сабантой» мейрамы тойланды

Астанада татар және башқұрт ұлттарының «Сабантой» мейрамы тойланды.

Мерекені тойлауға еліміздің әр аймағынан, сондай-ақ Ресейден татар және башқұрт ұлтының өкілдері арнайы келді. Шара барысында «күреш» деп аталатын белбеу күресі, шелекпен жарысу, қол күресі, ойыншықты таңда сыңды  ұлттық балалар және ересектер ойыны өткізілді. Дәстүрдің тәртібі бойынша ең мықты палуанға жүлде ретінде тірі қой сыйланды. Ұлттық киімдерін киген татар және башқұрт ұлтының өккілдері салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық билерін билеп, ән шырқады. Биылғы жылы мерекелік концертті Екібастұз қаласының татар-башқұрт мәдени орталығы ұйымдастырды. Еліміздегі ұлыстар арасындағы достық пен ынтымақтың көрсеткіші болған бұл мерекеге жиналған жұрттың қарасы көп болды.

Автор: Шырақ Байкенова

 

Талдықорғанда лагерьдің ашылу салтанатында флешмоб ұйымдастырылды

Талдықорғанда лагерьдің ашылу салтанатында флешмоб ұйымдастырылдыБүгін Талдықорғанда «Жас Ұлан» шатырлы лагерінің 4-ші маусымы ашылды. Лагерьдің ашылу салтанатына Талдықорған әкімі Бағдат Қарасаев қатысты.

«Барлықтарыңа демалысты жақсы өткізуді тілеймін. Өз кезегімізде біз шатырлы лагерьде сіздердің өз  уақыттарыңызды есте қаларлықтай өткізулеріңіз үшін қолдан келгенін жасаймыз»,  — деді Бағдат Қарасаев.

Шатырлы лагерьде бір мезгілде 200 бала демалмақ. 20 тамызға дейін барлығы  2000 бала демалады.  Оқушылардың күнделікті бағдарламаларында спорттық ойындар, кешке алау алдындағы жиын,  дискотека, командалық ойындар бар. Ойын-сауық бөлігінен басқа балалар үшін мүзейлерге, галереялар мен тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

Төрт жыл бұрын ашылған шатырлы лагерь балалардың көңілінен шықты. Атап өту керек, маусымда мұнда 600 жетім, ата-ана қамқорынсыз қалған балалар, сонымен қатар көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары тегін демалады.

Оразада шөлдемеудің амалдары

Оразада шөлдемеудің амалдарыБиыл Рамазан айы негізінен маусым-шілде айларымен тұстас келетіндіктен, ораза ұстайтындар үшін шөлге шыдау мәселесі аса маңызды болып табылады.

Осы күндері күннің астында жұмыс істейтіндер де кездеседі. Сол кездерде организм көп су жоғалтса, адамның басы айналып, ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тіпті құсуы да мүмкін. Ендеше, жаздың ыстық күндерінде ауыз бекіткенде, шөлдемеу үшін не істеу керек?

Енді осы жөніндегі аздаған кеңестерге құлақ түріңіздер.

  1. Шай, кофе, газдалған сусын мен алкоголь ішпеген дұрыс. Оларда кофеин мен химиялық қоспалар болғандықтан, шөл қанудың орнына, организмді қайта сусатуға әкеліп соқтырады.
  2. Ауыз бекітерде бір шым-шым тұз салынған бір кесе тұзды су ішсеңіз, организмнен су шығу үрдісі тежеледі. Әркімнің қажетіне қарай адамдар су мөлшерін әрқалай қабылдайды. Өте белсенді адам тәулігіне 2-3 литр су ішуі керек. Су, көк шай және әр түрлі шөптерден жасалған шай шөлді жақсы қандырады.
  3. Ораза кезінде тамақ ішкенде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдар жемеңіз. Қуырылған және майлы тағам асқазан мен ішекті тітіркендіреді және өте баяу қорытылады. Ал ащы, тұзды және тәтті тағамдар болса адамды шөлдетеді. Осы жағдайларға байланысты таңертең ботқа жеген өте тиімді. Ботқаның қорытылуы оңай, организмге пайдалы, жеңіл тағам. Сонымен қатар, ботқа жеген адам белгілі бір дәрежеде күні бойы тоқ болады.
  4. Қырыққабат, сәбіз, картоп, кәді сияқты көкөністерді мейлінше көбірек жеңіз.
  5. Ауыз бекіткенде алма, жүзім, апельсин, алмұрт сияқты жемістерді жемеген дұрыс. Өйткені, олардың құрамында қышқыл көп болғандықтан, күндіз адамды шөл қысуы мүмкін, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Google кабельдік ғаламтордан сымсыз ғаламторға қосылуды арзанырақ етті

Google кабельдік ғаламтордан сымсыз ғаламторға қосылуды арзанырақ еттіАмериканың Google компаниясы елді мекендерді жылдамдығы жоғары сымсыз ғалаторға қосудың жаңа технологиясын ұсынды. Бұл инновация кабельдік қосылуға қарағанда арзанырақ болғаны хабарланып отыр.

Аталған технология мәліметтерді жіберу жылдамдығын секундына 1 гб-қа дейін жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл Google-дің оптикалық-талшықты кабель арқылы қамтамасыз ететін жылдамдықпен баламалы болып тұр.

Google жылдамдығы жоғары сымсыз ғаламтор моделін жұртшылыққа 2017 жылы таныстырмақ.

ҚазАқпарат

Спорттық балл биінен Silk Way-2016 Әлем кубогында 500 жуық бала жарысқа түседі

9770a3e82bf7381b10e6bdc919d10-12 маусымда Оқушылар сарайында әлемнің тоғыз мемлекетінен және еліміздің өңірлерінен келген бишілер бас қосады. Би фестивалі үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Silk Way-2016 шарасына Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан мемлекеттерінің бишілері қатысады.

7-17 жастағы балалар кіші, орта және ересек топтарда ча-ча-ча, самба, вальс және т.б. танымал бағыттар бойынша өз өнерлерін ортаға салады.

— Бұл біздің ең үздік жобаларымыздың бірі. Біз балалардың өнерін, шығармашылығымыздың ерекшелігін және қонақтарымыздан не үйренетінімізді көрсетпекпіз. Қазылар алқасының мүшелері – тәжірибелі педагогтар – хореографиялық залдарда балалар мен бапкерлерге шеберлік сыныптарын өткізеді, — деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.

Фестиваль аясында сондай-ақ, халық билерінен конкурс өтеді.