Домой Блог Страница 184

Биыл Астанада 35 аула аумағы абаттандырылады

f41cbdad0a1334ff3d4e3d4549eҚалада балаларға арналған алаңдар мен спорт алаңдарын кешенді абаттандыру, демалатын күркелер, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Жыл соңына дейін «Алматы» ауданында 10, «Сарыарқа» ауданында — 19, «Есіл» ауданында – 6 аула абаттандырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде Алматы ауданында 581 аула бар. Биыл 16 көп қабатты үйді қамтитын, 10 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Балаларға арналған 11 ойын және 3 спорт алаңы жасалады. Азаматтардың таза ауада жаттығуына да баса назар аударылады. Осы мақсатта бес гимнастикалық алаңда 56 тренажер орнатылады. Абаттандыру жұмыстары барысында 80 қоқыс жәшігі, 72 орындық, 8 күрке мен 8 кір жаятын алаң жасалады. Сонымен қатар, аданы 12 801 шаршы м жердің асфальтбетон жабыны жөнделіп, 4 465 шаршы м жерге жаңадан асфальт төселеді.

Былтыр 27 аула жаңартылды. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін балаларға арналған 36 және 11 спорт алаңы жасалды, 419 қоқыс жәшігі, 389 орындық, 30 күрке, 38 кір жаятын алаң орнатылды. Сондай-ақ, жаңа тұрақ орындары пайда болды.

«Есіл» ауданында 6 аула абаттандырылады. Жаңа ойын және спорт алаңдары қойылып, бұзылған элементтер қалпына келтіріледі. Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында сапалы, қауіпсіз шағын сәулеттік пішіндер, тренажерлар пайдаланылады.

«Сарыарқа» ауданында 707 аула аумағы орналасқан. Үстіміздегі жылы 19 аула жаңартылатын болады. Абаттандыру бағдарламасы Көктал және Өндіріс тұрғын алабтарын да қамтиды. Атап айтқанда, 8 гимнастикалық алаңға 80 тренажер орнатылады, жасанды жабын төселген 7 жаңа спорт алаңы, резеңке жабын төселген 7 балалар алаңы, құмда ойнауға арналған 8 алаң және түрлі шағын архитектуралық пішіндер тұрғындардың қолданысына енгізіледі.

2015 жылы «Сарыарқа» ауданында 14 аула абаттандырылып, 214 әткеншек, сырғанақ, орындық пен қоқыс жәшігі қойылды. Спортпен шұғылданып, белсенді демалысқа арналған 3 гимнастикалық алаңға 33 тренажер орнатылды, заманауи экологиялық қауіпсіз материалдардан әзірленген жасанды жабын төселген 2 жаңа спорттық алаң жасалды.

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді9 маусым күні сағат 09.00-16.00 аралығында М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласындағы бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.

Іс-шараны Астана қаласының Білім басқармасы, елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Астана қаласының аймақтық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр.

Іс-шараның мақсаты: Астана қаласындағы еңбек нарығының талаптарын назарға алып, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының 2016 жылғы түлектерін жұмысқа орналастыруға қолғабыс ету.

Жәрмеңкеге өнеркәсіп, өндіріс, кәсіпкерлік және қызмет көрсету салалары бойынша 50-ден аса ірі компаниялары және 6830 колледж түлектері келесі бағыттар бойынша қатысады: құрылыс және коммуналдық шаруашылық (398 адам), өндіріс, құрастыру, пайдалану және жөндеу (623 адам), байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар (885 адам), көлік (296 адам), қызмет көрсету (931 адам), білім беру (526 адам), медицина (1227 адам), заң (511 адам), өнер және мәдениет (169), экономика және басқару (951 адам), метрология, стандарттау және сертификаттау (107 адам), энергетика (151 адам), мұнай-газ және химиялық өндіріс (21 адам), ауыл шаруашылығы,ветеринария және экология (34 адам).

Жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің қызығушылықтарын, қабілеттерін ескере отырып, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу туралы әңгімелесіп, өздерінің ақыл-кеңестерімен бөліседі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары аралас мамандықтың иесі атанудың мүмкіндіктері, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жайлы баяндап, жұмыспен қамту мақсатында колледж түлектерінің жеке мәліметтерін ақпараттар қорына енгізеді.

Қалалық бос орындар жәрмеңкесі жас мамандарға кәсіби бағдарын дамытуға және жұмысқа бейімделуге, еңбек нарығының қажеттіліктерін айқындауға жол ашады. Сонымен қатар шараға қатысушылардың өзара әлеуметтік іс-әрекетін нығайтып, нәтижесінде жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді.

baq.kz

Елордалық аула клубтары жаңа форматта жұмыс істейтін болады

Елордалық аула клубтары жаңа форматта жұмыс істейтін боладыАстанадағы ең үлкен «Жас қанат» аула клубы жаңаша жұмыс істейтін болады. Енді клубтың өзіндік стилі бар, келушілерді есепке алатын онлайн-бағдарлама әзірленіп, жаңа секциялар мен бағыттар ашылды. Жыл соңына дейін елордалық 11 аула клубының барлығы жаңартылып, бірыңғай AULA CLUB брендімен жұмыс істейтін болады.

– Аула клубтары дегенде Кеңес заманы көз алдыңа елестейді. Ал біз болсақ, жаңа заманауи AULA CLUB брендін жасап шығардық, ол барлық аула клубтарын қамтиды. Олардың әрқайсысының өзіндік стилі, қызықты дизайны болады. Бірінші кезекте, ең үлкен клубтар өзгертіледі, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталмақ, – деді «Астана жастары» КММ ақпаратты талдау және мониторингі мен әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Аида Санат.

Оның айтуынша, қазіргі кезде аула клубтарына негізінен балалар ғана барады, ал алдағы уақытта жастар жиналатын, түрлі үйірмелер ұйымдастырылатын орталықтар құру жоспарланған.

Жаңартылған «Жас қанат» аула клубында қазіргі заманғы скауттар қозғалысының жастар орталығы ашылды.

Бүгінгі таңда клубтарда түрлі секциялар өткізіледі, соның ішінде каратэ, бокс, еркін күрес, қоян-қолтық күрес, дзюдо, үстел теннисі, шахмат, дойбы бар. Сонымен қатар, би, музыка, бейнелеу өнері және қолданбалы өнер сияқты шығармашылық үйірмелер де жұмыс істейді. Әр клубта жастарға өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік беретін дербес бағдарламалар әзірленген. Атап айтқанда, спортты, ұлттық өнерді, хореография мен музыканы, қолданбалы өнерді дамыту, дені сау жастарды тәрбиелеу бойынша бағдарламалар.

Алматы облысының таудағы өзендерде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде

2016 жылдың 8-13 маусымы аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.  «Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 8 маусымдағы №51-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды!  Ауа-райының ысуы және тауларда қардың қарқынды түрде еруіне байланысты, 8-13 маусым аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Жекелеген өзендерде су тасуы және сәйкесінше кейбір жерлерді су басуы ықтимал», - делінген хабарламада.2016 жылдың 8-13 маусымы аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі Департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 8 маусымдағы №51-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды!

Ауа-райының ысуы және тауларда қардың қарқынды түрде еруіне байланысты, 8-13 маусым аралығында Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Жекелеген өзендерде су тасуы және сәйкесінше кейбір жерлерді су басуы ықтимал», — делінген хабарламада.

Жазғы лагерьлер балаларға көп қызық ұсынады

Жазғы лагерьлер балаларға көп қызық ұсынадыЖаз – балалардың ең сүйікті және көптен күткен мезгіл. Кішкентай астаналықтар қаладан тыс және мектептердің жанынан ашылған лагерьлерде демалады. Елордалық Оқушылар сарайы да балаларға түрлі ойын-сауықтар ұсынады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының жазғы шығармашылық мектебі 6-12 жастағы балаларды қабылдайды. Биылғы бағдарламаға брейк-данс, мүсіндеу, бейнелеу өнері, хореография, вокал, шахмат сияқты үйірмелер енді.

Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайында да жазғы демалыс академиясы ашылды. Жоба бірнеше бағытты қамтиды. «Балалар қаласы» лагеріне 150 балғын жазылған. Мұнда мұз айдыны, бассейн, жеңіл атлетикалық манеж, сурет салу, вокал, хореография, театр өнері, көңілді старт және т.б. үйірмелер жұмыс істейді.

Айта кетейік, 8 шілдеге дейін 73 мектептің жанынан төменгі сыныптың 45 мыңнан астам оқушысын қамтыған лагерьлер ашылды. Ең белсенді балалар «Дидарлы жаз» спорттық, ойын-сауық алаңдарына барады. 8–10 сынып оқушылары үшін мектептердің жанынан «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңдар жұмыс істейді, бағдарламаға әскери далалық жиындар, ойындар, экскурсиялар, мұражайларға бару, саяхатқа шығу кіреді.

Бұдан басқа, қаладан тыс орналасқан «Арман» спорттық-сауықтыру лагері мен «Батыр» палаталы лагері де балаларды демалуға шақырады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері – 160 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала «Боровичок» демалыс аймағында демалады.

Өзгеруге дайынсың ба?

Өзгеруге дайынсың ба?Өз-өзін өзгерту тілегі әдетте өмірге не өзіне деген ризасыздықтан туындайды. Алайда, өзгеру — қиын үдеріс. Қоғамдағы қалыптасқан жағдайлар, әдеттер мен стереотиптер сізге өзгеруге мүмкіндік бермейді. Бірақ, дұрыс жолын, әдісін таба білсеңіз тілекті орындауға да болады.

Нұқсаулықтар:

  1. Егер өз-өзіңізді өзгерткіңіз келсе, «Мен неге өзгеруге тиіспін?» деген сұраққа жауап іздеуден бастаңыз. Өзгеруді қажет ететіндей сізде қандай мәселелер болуы мүмкін? Нақты нені өзгерткіңіз келеді? Өзіңзге болмысыңызда ұнайтын жақтарыңыз туралы тізім жасаңыз. Содан кейін, өзгеруі тиіс дүниелерді жазыңыз. Осы өзгерістерді жасау себебіңізді де жазып қойыңыз.
  2. Алдыңызға нақты мақсат қойыңыз. Мақсаттың бұлыңғырлығы сізге ойлаған нәтижеге қол жеткізуге кедергі жасайды. Егер, сізге сенімділік жетіспесе, нақты мақсат қойып алыңыз. Мәселен, өзіңізге енді бөгде адамдармен сөйлесуден ұялмаймын деп айтып алыңыз.
  3. Өзгерісті тура бүгіннен бастаңыз. Кейінге қалдырмаңыз, ешқашан іске аспай қалуы мүмкін.
  4. Комфорттық зонадан шығыңыз. Өзгеше ортада, сізге қолайсыздықты сездірген жерде болу, сізге жаңа идеялар алып келеді, сіз басқаша ойлана бастайсыз.
  5. Өз-өзіңізді өзгерту қиын. Ми анықтықты ұнатады. Ойыңызды өзгерту үшін, сізге үнемі мақсатыңызды еске салып, қайталап тұру қажет. Өз-өзіңізді жиі жігерлендіріңіз.
  6. Мақсатқа жету жолында реалист болыңыз, қазір болып қалар деген қиялы ойдан аулақ болыңыз. Бәрінен де, сізге кедергілер жиі жолығатын болады. Сіздің міндетіңіз – кедергілерге қарамай, алға жылжу. Шыдамды болыңыз, кішкентай болса да, нітижеге қуаныңыз. Олар сіздің дұрыс жолда екендігіңіздің дәлелі.

Өзіңізді 100 күнде толықтай өзгертіңіз!

Киімді, шаш үлгісін өзгертпес бұрын, кеңесшіге жүгінуді қажет етпейтін қарапайым заттардан-ақ бастаңыз.  Алдымен, өз дене-тұрқыңызға талдау жасаңыз. Денеңіздің ең тартымды жеріне басты акцент қойыңыз.

  • Ерніңіздің түсі, көлемі;
  • Күлкіңіз; (қалай әдемі, тартымды күлуге болатынын іздеп, өзгертіп көріңіз)
  • Арқаңыздың түзулігі.
  • Ым-ишараңызбен жұмыс жасаңыз. Сіз туралы ақпараттың 50 пайызын сіздің ым-ишараңыз-ақ білдіріп қояды екен.
  • Жүрісіңіз.

4 аптада осы дүниелерді өзгерту жолында бар күшіңізді салып, қызығушылықпен істер болсаңыз, сізде нәтиже пайда болады.

  • Шаш үлгіңізді өзгертіңіз. Ол ұзақ уақытты алуы мүмкін. Кәсіпқойлардың көмегіне жүгініңіз.
  • Стиль өзгерту де оңай дүние емес. Барлық дүкендерді аралап, көріп, шешім қабылдаңыз. Табиғатыңызға жақын,сізді шабытқа бөлей алатын киім киіп жүргеніңіз дұрыс.
  • Аяқ-киімді дұрыс таңдаңыз.

Егер адам бір іске 60 күн бойы дағдыланса, ол әдетке айналады. Осы дүниелерді шыдамдылықпен жасай алсаңыз, сіз өзгересіз! Өзгеріс барысында сізідң жан дүниеңіз жайлы да ойланыңыз. Оны тазартыңыз, жаңаша дүниелермен айналысыңыз. Және ұмытпаңыз, сіз өзіңіз үшін өзгересіз және өзіңіз үшін күш жұмсайсыз!

Автор: Бағила Ағайдар

Студенттік паркте гүлдер фестивалі өтті

28854716ec3823bbac507d481a3Астанада «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты гүлдер фестивалі өтті. Үш күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары базар аралап, «гүл» тағамдардан дәм татып, өз қолымен раушангүл немесе пион түріндегі сабын жасады, тіпті олар өсімдіктер де отырғызды.

Келушілер назарына көп жылдық гүлдерден құралған ағылшындық стильдегі 167 бұталы өсімдік пен жасанды тоған ұсынылды.

Фестиваль барысында жергілікті және шетелдік өкілдерден гүлдердің, ағаштар мен бұталардың түр-түрін сатып алуға болатын арнайы базар жұмыс жасады.

Мерекеде ұсынылған 32 мың гүл түстерінен көз тұнады. Өсімдіктерден жасалған жасыл пішіндер шараға қосымша көрік берді.

Фестиваль барысында өткізілген конкурстардың басым бөлігі балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған. Олар гүлдердің хош иісі шығатын сабындар мен балауыздар жасап, сурет салу байқауына қатысты.

– Сурет салуды ұнатамын. Астанада гүлдер мерекесі өтіп жатыр, бәріміз де гүлбен байланысты суреттер, түрлі картиналар салып жатырмыз. Мен көкнәр гүлдерін салдым. осындай шараларды жақсы көремін, өйткені қалада жиі өткізіледі, — деді Адина Кариева.

Гүлдер фестивалі 5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған.

astana.gov.kz

Жаз бойы елордалық оқушылар тегін жол жүретін болады

Жаз бойы елордалық оқушылар тегін жол жүретін болады2016 жылғы 1 маусым – 31 тамыз аралығында 7-15 жастағы балалар қалалық және экспресс маршрутармен тегін жол жүретін болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл мамыр айында қалалық мектеп оқушыларына атаулы көлік карталары беріле бастады. 7-15 жастағы балаларға аталған карталар оқу орындарында немесе ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен ASTRA PLAT атаулы көлік карталарын беру пунктінде тегін беріледі. 2015 жылы фототіркеуден өтпеген және көлік картасын алмаған балалар мамандандырылған ASTRA PLAT кассаларына жүгінуі керек. Мамандандырылған кассалар мен карталарды беру пункттері орналасқан орындар туралы 20 маусымнан кейін қосымша хабарланатын болады.

ASTRA PLAT  электронды жолақы төлеу жүйесін қолданысқа енгізуге байланысты аталған акция балалардың көлік карталарын пайдалану механизміне дағдылануына ықпал етеді. Жазда балалар автобустарда көлік карталарын қолдануды (валидацияны) үйренеді, ал 1 қыркүйектен бастап қоғамдық көліктермен 50% жеңілдікпен жүретін болады.

Атаулы көлік карталарын алмаған балалар қалалық қоғамдық көліктермен оқу орнынан берілген анықтаманы көрсетіп, тегін жүре алады.

Қытай тілін үйренуге 24 ресурс

Қытай тілі аудиториясы кең тілдердің ішінде алғашқы орындарда тұр. Өзге ұлттардың арасында қытай тілін үйренуге деген құлшыныс артып келеді. Назарыңызға қытай тілін үйрену кезінде сізге көмекші бола алатын ғаламтордың ғаламаттары. ЕСКЕРТУ: сайттар, әлеуметтік желілер немесе сөздіктер қазақша нұсқада емес! Орысша не ағылшын тілінде үйретеді. Сондықтан, орыс тілі мен ағылшын тілінен біліміңізді пайдаланып қытай тілін үйренсеңіз болады.
Онлайн-курстар
• Lingust — қытай тілін жаңадан үйреніп жүргендер үшін 12 сабақ. Иероглификадан бастап, диалогтар мен мәтіндер бар.
• Studychinese — белсенді дамып келе жатқан сайт. Көптеген теориялық ақпараттар мен онлайн-сабақтар, пайдалы әдістер салынып отырады
• Chineseboost — ағылшынша жүретін қытай тілінің грамматикасын үйрететін сайт.
• Shibushi — қытай тілін үйренуше арналған қызықты сайттардың бірі.
• Langcen — Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша базалық қытай тілін үйрететін сайт. Ағылшын тілінде жүреді.
Әлеуметтік желілерде
• Vk.com/kityaz — қытай тілін үйренуге бағыттайтын аудиториясы ауқымды топ.
• Vk.com/lazychinese — Вконтакте желісідегі тағы бір топ. Еріншектерге арналған)
• Vk.com/chinawings — қытай тіліндегі қажетті сөздер. Сондай-ақ кітаптар да салынып отырады.
• Facebook.com/writtenchinese — Фейсбук әлеуметтік желісіндегі топ.

Видео-сабақтар
• Cctv.cntv.cn — CCTV каналының көңіл көтерітін бөлімінен қытайша видеолар.
• YouTube — Елены Полозковамен бірге қытай тілін үйреніп бастаңыз.
• YouTube — ағылшын тілін білетіндер үшін қытай тілін үйренуге болатын жер.
• YouTube — қытай қыздан қытай тілінің алфавиттік фонетикасын меңгеруге арналған 5 видео-сабақ.

Фонетика мен сөйлеу
• Chinesepod — фонетика бойынша №1 жер. Ағылшын тілін білу арқылы үйрене аласыз.
• Forvo — қытай тілінде қалаған сөзіңіздің айтылуын тыңдай аласыз. Айтпақшы, тек қана қытай тілі емес.
• Lingomi — үндер мен айтылуын үйрететін сайт.
• Yoyochinese — пиньиньдер кестесі.
• Pin1yin1 — иероглифтер мен пиньиндерді үйренесіз.
Сөздік пен лексика
• Bkrs.info — орысша-қытайша үздік сөздік.
• Zhonga — орысша-қытайша сөздіктер легінен.
• Linedict — ағылшынша-қытайша сөздік.
• Vk.com/cidian — иероглиф бойынша іздеу салатын сайт.
• Сhineasy.org — қытай тілін үйренемін деушілерге арналған әлемдегі ең атақты проект. Иероглифтер сурет түрінде болады.

Автор: Бағила Ағайдар

Мүгедектігі бар адамдарға арналған тегін курстар ашылды

Мүгедектігі бар адамдарға арналған тегін курстар ашылдыЕлордада мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, соның ішінде есту қабілеті бұзылғандар  қолдан бұйымдар, әшекейлер жасауды тегін үйренеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

– Алғаш рет курстар 2010 жылы өткен. Өткен жылы елорда әкімдігінің қолдауымен, «Көмек» әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылды. Онда сұлулық салоны бар, мүгедектігі бар астаналықтарды оқытып жүргенімізге бір жыл болды. Үш айлық оқу аяқталған соң тәжірибе басталады. Былтыр курсты тәмамдаған қыздардың жартысы осы салонда, кейбір басқа жерлерде жұмыс істеп жүр, — дейді «ЖасНұр» саңыраулар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қызылгүл Сембина.

Биыл сабақтар мамыр айында басталды. Шаштараздың, маникюр шеберлерінің курстары бар, жобаны іске асырған уақыттың ішінде 50 астам мүмкіндігі шектеулі тұлға оқытылды, енді олар қызмет көрсетіп, ақша таба алады, жұмыссыздар санатынан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өтеді. Бұл жолы мүгедектігі бар 15 адам оқып жатыр. Салондағы курстардан басқа, табиғи тастардан әшекейлер жасау бойынша сабақтар өткізіліп, тігін шеберханалары жұмыс істейді. Күзге қарай кілем тоқу үйірмесін, жиһаз цехын ашу жоспарланған.

– Топқа көп адамды қабылдауға болмайды, бір топта 5-6 адам ғана оқиды, сонда тиімді болады, сонымен қатар, бізбен бірге ым тілінің мамандары да жұмыс істейді,- деді Қ. Сембина.

Бұдан басқа, Орталықта халықтың мұқтаж топтарына, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедектерге, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға киім-кешек, ойыншықтар, кітаптар, аяқ киім, азық-түлік түрінде қайырымдылық гуманитарлық көмек көрсетіледі.

Мүдделі азаматтар 39-00-63, 39-00-61 телефондары бойынша хабарласа алады.