Домой Блог Страница 160

Елордада жәрмеңкелерде 600 тоннадан астам өнім сатылды

Елордада жәрмеңкелерде 600 тоннадан астам өнім сатылдыАпта сайын жұмадан жексенбіге дейін елордада Астана қаласының, Ақмола және Қарағанды облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осы аптада 36-шы жәрмеңке ұйымдастырылады. Осы күнге дейін 670 тоннаға жуық өнім сатылды, оның бағасы базардағыдан 10-15% арзан.

Жәрмеңке барысында бақылаушылар баға мониторингін жүргізеді. Бағалардың негізсіз көтерілуіне жол бермес үшін әрбір алаңда бақылаушы таразылар қойылады. Сатылатын тауарлардың, әсіресе ет өнімінің сапасына баса назар аударылады.

«Біздің тараптан өнімнің сапасын бақылау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Күнде таңертең ет өнімдері арнайы тексеруден өткізіледі, қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік мақсатында ветеринарлық бақылаудан өткен етті ғана сатып алуларын сұраймыз», — дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Оның айтуынша, қала әкімдігі тұрақты эпизоотикалық жағдайды сақтау үшін қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр. Соның ішінде, қала маңындағы мал бақылауға алынды. «Рубеж» бекеттерінде тұрақты түрде рейдтер өткізіледі. Тұрғын үй алаптарын аралап, халық арасында мониторингтеу және түсіндіру жұмыстары, сырттан әкелінген жануарларды вакциналау жұмыстары қолға алынды. Сауда нысандары мен мал сою алаңдарында ет өнімдері ветеринарлық бақылауға алынып, зертханаларда міндетті түрде ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізіледі. Күмәнді өнім анықталған жағдайда, оны алу және жою шаралары қабылданады.

Елордалық билік қала тұрғындарына ет сатып алу кезінде тиісті сәйкестік сертификатын немесе сынақ хаттамасын талап етуге кеңес береді.

Қарттар үйінде айтыс өтті

«Шалқар» радиосының ұжымы Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп, қарттар мен мүгедектерге арнап қайырымдылық шарасын өткізді.

wFRURjN59ts5G6x4fwpebs

jP6i_zaNb0M

Бас редактор, ақын Серік Сейітман бастаған радио ұжымы қарттарға айтыс өнерін паш етті. Қарттар мен мүгедектерге арналған медециналық-әлеуметтік мекемесінде қарияларға барлық жағдай жасалғанымен, мұндай шара жабыған көңілдерін көтеретіні сөзсіз. Ата-әжелер баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Шара қалалық Жастар ісі басқармасының «25 игі іс» акциясының аясында ұйымдастырылды.

Автор: Шырақ Байкенова

«Оңтүстік цирк» — халықаралық фестивальдің күміс жүлдегері

«Оңтүстік цирк» - халықаралық фестивальдің күміс жүлдегері«Оңтүстік цирк» ұжымы «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде күміc жүлдеге ие болды. Дәстүрлі фестивальге әлемнің сегіз мемлекеттік қатысты, деп хабарлайды otyrar.kz.

Цирк жанры бойынша өткен сайыста «Арқан» нөмірімен «Оңтүстік цирк» әртiстерi Шавкад, Шухрат Сураншиевтер мен Мадина Халилаева, Абылай Көпбаев өнер көрсеткен болатын.

Бірнеше күнге созылған өнер фестивалi қорытындысына сәйкес, бас жүлдені Астана циркi бағындырса, бірінші орынды Алматы және Ресей циркi, екінші орынды Шымкент пен Беларусь әртiстерi иеленген болатын.

Отандық «KazSat-3» жерсерігіне қосылып үлгеру қажеттілігінің 7 себебі қандай?

Отандық «KazSat-3» жерсерігіне қосылып үлгеру қажеттілігінің  7 себебі қандай?Баршамызға мәлім, 2014 жылдың желтоқсанында шетелдік жерсеріктерден ақпараттық сыйымдылықтарды жалға алудан бас тарту арқылы елден қаражаттың жылыстауының алдын алатын және елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қазақстандық «KazSat-3» жерсерігі іске қосылған болатын. «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларды таратудың Ұлттық операторы ретінде, сондай-ақ, өзінің санды сигналының хабар таратуын отандық жерсерікке көшіруде. Бүгінгі таңда қандай нәтижелерге қол жеткізілді және оған көшудің маңыздылығы неде? Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазтелерадио» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының басшысы Жанар Тұрысбекова айтып берді. Жалпы, қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне қосылып үлгеру қажеттілігінің 7 себебін тарқатты.

-2016 жылдың 15 наурызынан біз «OTAU TV» жерсеріктік телевизияның абоненттерін отандық «KazSat-3» жерсерігіне көшіруді бастадық. Бұл қадам арқылы отандық телерадио арналары өзіндік қаражаттарын айтарлықтай үнемдейді. Өйткені келісімшарттар теңгемен жасалады және шетелдік валютаның бағамына байланысты емес. Сондай-ақ, отандық жерсерікте сыйымдылықтарды жалға алу шетелдік жерсеріктерге қарағанда анағұрлым төмен. Осылайша, біз өз еліміздің экономикасының дамуына септігімізді тигіземіз.

Қазіргі таңда «OTAU TV» қызметтерін 1 млн.-нан астам абонент қолданады және 2016 жылдың қыркүйегіне дейін олардың әрқайсысы шетелдік жерсерікті өшіргеннен кейін телевизия арқылы ақпарат алудан айырылып қалмау үшін жерсерікті жабдықты қайта  күйге келтіруді міндетті түрде жүзеге асыруы тиіс, — дейді Ж. Тұрысбекова.

ОҚО-да «Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі өтуде

ОҚО-да «Ұлы дала кілемдері» жәрмеңкесі өтудеЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Елорданың туған күніне орай, бүгін Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Ұлы дала кілемдері» атты кілемдер жәрмеңкесі бастауын алды. Осынау шараның басты ұйымдастырушысы еліміздегі ірі кілем шығару фабрикасы «Бал Текстиль» кәсіпорны болып табылады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шілде айының 9-на дейін, яғни 3 күн бойына жалғасатын жәрмеңкеде қонақтардың назарына 1 мыңнан астам кілемдер мен оның түрлері ұсынылуда. Шара аясында арзандатылған бағада кілем түрлерін сатып алуға болады.

Еске салайық, компания қазіргі заманғы бельгиялық жабдықта синтетикалық «БПК», «Жылу — Set», «Frize» полипропилен жіп брендтерінен жасалған кілемдер өндіреді. Компанияның өнімдері «Туран», «Хан-Тенгри», «Лидер», «Алатау», «Сарыарка», «Барыс», «ANTIQUE IMPERIAL», «ASTANA DELUXE», «VIZION», «FRIZE», «KASHAN», «SILK» сауда белгілерімен шығады.

Кілем фабрикасының жалпы ауданы 6 гектарды құрайды. Ал өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы. Өндірісте 200-ден астам адам жұмыспен қамтылса, 500-ден астам адам дизайнерлік міндетін атқарады. Айта кету керек, «Бал текстиль» фабрикасының Қазақстан бойынша 400-ден астам дистрибьюторы бар.

Компания болашақта бүкіл әлемде кiлемдердiң және кiлем бұйымдарының көшбасшы өндiрушiсі болуды мақсат етуде.

13575903_1007246469391692_2481427882635478518_o

13613300_1007246632725009_243868007427231506_o

13603476_1007246922724980_1225556364279004394_o

13613446_1007246062725066_1592719866672170190_o

13584944_1007246706058335_7539551710253974063_o

Фастфудтағы ең көп қолданылатын 10 қоспа

Фастфудтағы ең көп қолданылатын 10 қоспаФастфуд тағамдарында ең көп қолданылатын 10 қоспа:

1) Тауық еті: Сиыр және күркетауық етінен де көп қолданылады.

2) Ксантанды шайыр (ксантан): Тұздық, сүт өнімдерінде, крем және сусындарда, балмұздақтарда  стабилизатор, эмулгатор ретінде және қоюлығын арттыру мақсатында қолданылады.

3) Моно және диацилглицерин: Кондитерлік өнімдер, жержаңғақ майы, маргарин, пудинг және балмұздақ сияқты өнімдерде қолданылады.

4) Соя майы: Еріткіштермен араластырылады. Кондитерлік өнімдерде, маргарин, қамыр өнімдері мен сорпаларда негізгі қоспа саналады.

5) Ниацин (никотин қышқылы): Қажетті дәрумендер мен минералдарды фастфуд тағамдарынан ала алмайсыңдар. Бидай ұны, осы тағам түрлерінде қолданылатын кең тараған азық болып табылады.

6) Глутамат натрия: Көптеген fast food мейрамханалары тарапынан қолданылады. Бұл глутамат қышқылының тұзы.

7) Тұз: Ас тұзы әрқашан қосылады. Тәтті тағамдарға да тұз қосылады.

8) Карамель түсі: Түс беретін қоспалар, тамақтың түсін сақтап қалу үшін қолданылады.

9) Жоғары фруктозалы жүгері шәрбаты: Консервіленген тамақтарда, кекс және сол сияқты өнімдерде, кетчуптерде (бір ас қасығы кетчуптың құрамында бір шай қасығындай бар) балмұздақтарда, тосаптарда және көптеген сусындарда табылады. Жеген, ішкен нәрселеріміздің барлығына осындай  шекерді көп-көп қосады. Өйткені кәдімгі шекерге қарағанда өте арзан болады. Тағамдарда шамадан тыс қолданыла бастаған 1980 жылдан бері Америкада семіздік ауруы 4 есе артты. Ғалымдардың көбі семіздік ауруының көбейгенінің ең үлкен себебі ретінде осы затты көрсетуде.

10) Лимон қышқылы: Еттерді және балықтарды жүз жылдап сақтау үшін қолданылады. Шекер және дәрі жасауда да пайдаланады.

ОҚО-да «Дипломмен ауылға» жобасы асында 1478 маман баспаналы болды

ONK_1813Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жамболат Олжатай хабарлады.

Баспасөз мәслихатында «100 нақты» қадам Ұлт жоспарының орындалуын мәлімдеген баяндамашы Елбасының жыл сайынғы Жолдауында  еліміздің жас азаматтарына үлкен назар аударылып келетінін айтты.

«Елімізде іске асырылып келетін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында  яғни,  2009-2015 жылдар  ішінде 4 226 маман 496,2 млн. теңге сомасында көтерме жәрдемақымен қамтылған. Осы жылдар ішінде бағдарлама шеңберінде 3,2 млрд.теңге бюджеттік кредит бағытталып, нәтижесінде 1 338 маман баспаналы болды. Ал жыл басынан бері 445,4 млн.теңге сомасында бюджеттік несие  бағытталып, 140 маман тұрғын үймен қамтылды»,- деді Ж.Олжатай.

Брифингте мәлім болғандай 2016 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы негізінде 699 маманға 103,8 млн.теңге көтерме жәрдемақы мен 954,5 млн.теңге бюджеттік кредит бөлу жоспарлануда. Нәтижесінде 300 маман баспаналы болады деп күтілуде.

Алматы облысында кәсіпкерлердің аудандық кеңестері ашыла бастады

Алматы облысында кәсіпкерлердің аудандық кеңестері ашыла бастадыТалдықорғанда облыстық кәсіпкерлер палатасының жиыны өтті.

Жиынның басты тақырыбы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жарты жылдық жұмыстарының нәтижесі мен қорытындысын байыптау. Аудандық филиал директорлары әр айдың соңында палатада кездесіп, ұйымның қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін жиналады. Оның үстіне бөлімше бастықтарына біліктілігін көтеретін білім беретін семинарлар, мастер-кластар мен тренингтер жүргізіледі.

Палата директоры Ләззат Шыңғысбаева жергілікті палата құрамында аудандық кеңестің қызмет етуі маңызды деп атап өтті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен аудандық кәсіпкерлер кеңесі құрылғанын айта кетелік.

«Қазіргі кезде «Аудандық кеңестер туралы» ресми құжат дайындалып жатыр. Бұл орган жаңа мәртебе мен өкілеттілікке ие болмақ. Кеңес мықты ұйымға айналау тиіс. Мәселен, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сынды. Ол филиалдардың жұмысына игі ықпалын тигізіп, кәсіпкерлер мен қоғамды өз ісіне тартып отыратын болады», — деп атап өтті ӨКП басшысы. Шілде айында аудандық кеңестер қызметінің жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдары, бизнес қауымдастық алдындағы тұсаукесері өтпек.

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің төрайымы Римма Салықова қызметті тиімді ұйымдастырудың бірнеше кеңесімен бөлісті. Оның айтуынша, жұмыстың ауқымын дұрыс бөле білу мен қызмет пен тапсырмаларды лайықты бөлу жұмыстың нәтижесін анағұрлым арттырады.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Баниямин Файзуллин кәсіпті қорғау бағыты бойынша жасалған жұмыстардың бүге-шігесін айтып берді.

Директордың құқықтық сауалдар бойынша орынбасары Қанат Қабдиев филиалдың ісін жүргізу мен ұйымдастыру бойынша мастер-класс өткізді.

Сонымен қатар жиналыста директорлардың үздіксіз біліктілігін көтеріп отыру бойынша мәселе көтерілді. Өйткені, олардың теориялық білімінің молдығынан, тәжірибеде ысылуынан филиалдың белсенділігі артып, бастамалары көбеймек.

ҚазАқпарат

Астаналық әртістер «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде топ жарды

cbac63125f0bff07eb530e40927Астана циркінің әртістері «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде бас жүлдені еншіледі, деп хабарлады  24.kz.

Назерке Мерекеқызы мен Ёка Қоңырбаева әлемде орындалу жағынан ең күрделі әрі қыздар орындай қоймайтын трюкті паш етті. Эквилибри жанрында өнер көрсеткен қыздардың бірі Назерке Мерекеқызының бұл үлкен цирк аренасындағы дебюті екен.

,«Біздің нөмірдің аты штейн-трапе. Эквилибрдің бір түрі. Бұл штейн-трапеде көбінесе баланспен жұмыс жасаймыз. Тепе-теңдікпен. Рекордты трюктер бар. 12 метр биіктікке жұмыс жасаймыз және бұл күнге дейін қыздар бұл нөмірді жасамаған», — дейді цирк әртісі Назерке Мерекеқызы.

Бұл фестиваль осымен тоғызыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Өнер сайысына 8 елден цирк әртістері келген. Олардың арасында Моңғолия, Түрікменстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан мен Нидерланд акробаттары бар. Сиқыршылар мен клоундар және эквилибристер де осы ортадан табылды.

Астанада аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» турнирі өтеді

20160708103412 (1)Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аламан бәйгеден  «Алтын тұлпар»  дәстүрлі республикалық турнирі  өтеді.

Бәйгенің бас серіктес — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Әлеуметтік серіктес — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастыратын  аламан бәйгенің жарыс жолы 51 шақырымды құрайды. Бәйге үлкен аумақты шеңберді 4 рет айналып шабу арқылы жүргізіледі. Жарыс жолының бойына әрбір 2 шақырым сайын барлығы — 7 бақылау бекеті орналасады. Бекеттерде телекамералар мен төрешілер, мал дәрігерлері, тәртіп сақшылары тұрып, бәйге барысын бақылайды. Жарысқа қатысатын шабандоздарға түсі әртүрлі, арқасында сандық нөмірі бар арнайы жейде кигізіледі. Бекеттегі төрешілер көлденеңнен ат қосылып кетпеуін бақылайтын болса, телекамералар бәйге барысын халыққа тікелей эфирде көрсетеді. Бұлардан басқа 1 тікұшақ жарыс жолын үстінен айналып жүріп, бәйге аттарын биіктен бақылап камераға түсіреді. Көрермендер мен ат иелері өз жүйріктерінің қай тұста шауып бара жатқандығын жарыс алаңында орналастырылған ЛЭД экраннан бақылауға мүмкіндік қарастырылған. Аламан жарысқа еліміздің 14 облысы және Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүліктен қатысады. Жарысқа жүйрік тұқымдардың барлығы қатыстырылады. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға диплом және қаржылай жүлде беріледі.

Аталмыш шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Шын жүйрікті жазбай таныған сыншыларға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Шоқай сыншы» және «Киікбай сыншы» атындағы арнайы жүлделер бар.

Жарыс өтетін жерге жолаушылар тасымалдайтын автобус қатынайды. Жарыс кезінде концерттік бағдарлама, қол өнер көрмелері және тойшыл қауымға арнап қымызмұрындық, ұлтық тағам түрлерінен фестиваль ұйымдастырылады.

ҚазАқпарат