Домой Блог Страница 159

Алматы облысында шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 90 өтініш қанағаттандырылды

Алматы облысында шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 90 өтініш қанағаттандырылды«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына қант қызылшасын өндіру бойынша Алматы облысынан 533 200 теңгеге 112 өтініш келіп түскен. Оның 90-ы қанағаттандырылды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Бағдарламаға қатысушылар арасында Ақсу, Ескелді, Кербұлақ аудандарының кәсіпкерлері алғашқы болып несие алды.

Бағдарламада қант қызылшасын өндіруге басымдық беріліп отыр. Сол арқылы шағыннесиелеу бағдарламасы қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етіп, отандық өнімнің үлесін көбейтпекші.

Кәсіпкер Әбен Тайжанов жұмыс қызған кезде берілген қаражаттың көмектескенін айтты.

«Шағыннесиелеу бағдарламасы биыл біз үшін үлкен қолдау болды. Тұқым алу, тыңайтқыш, жұмыскерлерге жалақы беру үшін қаражат қажет болды. Қазір кәсіпкерлер бағдарламаның жалғасуын сұрап отыр. Екінші деңгейлі банктердің шарттары көптеген кәсіпкердің көңілінен шықпады, сол себепті шағыннесиелеуді жылдар бойы күткен жандар бар»,- деді «Тельман» шаруашылығының басшысы.

Шағыннесиелеу бағдарламасының басты ерекшелігі — жер телімдерін, тұрғын үйлерді және басқа да жылжымайтын мүліктерді кепіл ретінде қарау болды. Сондай-ақ, сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7% аспайды.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП және Алматы облысы әкімдігі шағын бизнес субъектілері үшін 600 миллион теңге бөлді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ аймақтағы несиелеу операторы болмақ.

Студенттерге арналған спорт

news145Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың басталуына 204 күн қалды. Алатаудың етегін дүбірге бөлейтін додаға бүгінде қызу дайындық жүріп жатыр. Ұлы Даланың айбынын асыратын спорт жарысына арналған нысандар бірінен кейін бірі бой көтеріп, ару Алматының ажарына ажар қосып отыр. Бұл туралы 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиадаға дайындық пен оны өткізу бойынша дирекция директоры Наиль Нуров «Hard Rock Cafе Almaty» мейрамханасында өткен журналистермен кездесуде мәлім етті.

Қазіргі таңда Универсиада нысандарының құрылысы 80 пайызға аяқталып қойды. Оның ішінде 12 мың көрер­мен­ге арналған Мұз сарайы бар. Нысандар күзгесалым пай­да­лануға беріледі. «3 мың адам­дық және 12 мың орын­ды Мұз сарайының құрылысы уақы­ты­сында емес, одан ерте­рек аяқ­та­лады. Өз кезегінде өзге ны­сан­дар қазір жұмыс істеп тұр, тек қажетті толық­тырулар, тех­никалық жарық­тандыру жұ­мыс­тары қажет. Бұл жерде ай­тарлықтай мәсе­ле жоқ. Тек «Ала­тау» шаңғы-биатлон ке­ше­нінде лока­ция­лық жүйе­лер­ді орнатуда тех­никалық қиын­­дық бар. «Шым­бұлақ» пен «Сұңқар» трамплиндер ке­ше­нін­де де жаңарту жұ­мыс­та­ры жү­реді», – деді Наиль Ну­ров.

Қазақстан Универсиаданы жарқын қылып өткізуге даяр. Өйткені, Универсиаданың теле аудиториясы бір миллиард адам­ды құрайды.Атап кетейік, тілшілерге арналған асты ұйым­­­дастыруға «Hard Rock Cafe Almaty» ұжымы қолдау білдірді. «Hard Rock Cafe» – 1971 жылы құрылған халық­аралық франчайзинг мей­рам­ха­наларының америкалық желісі. Бүгінгі таңда әлемнің 64 елінде 200-ден астам бө­лімшесі бар. Қазақстан атал­ған мекеме ашыл­ған 59-шы мемлекет бо­лып тіркелді. «Hard Rock Cafe Almaty» Азия елдері бойынша Мәскеуден кейінгі 13 жылдан бері істеп келе жатқан танымал кафе болып табылады. Мәң­гілік Елдің мерейі Алатау мен Алматыны әлемге тағы да та­ны­та түсетін Универсиадамен үстем.

Толығырақ zhetysu-gazeti.kz

Жастар үшін жұмыс істейтін орталық — Алматы облысы

Жастар үшін жұмыс істейтін орталық - Алматы облысыЖастар – ел ертеңі. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың өзі үлкен мән беріп, барынша қолдау көрсетуде. Сол игілікті іс Жетісу жерінде де жоғары деңгейде атқарылып келеді. Оған күні кеше ғана облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен салтанатты түрде ашылу рәсі­мі болған Жастарға қызмет көрсету орталығы дәлел.

Бүгінгі таңда облыстағы халықтың үштен бір бөлігін құрайтын – жастар. Оның ішінде жоғары және арнаулы оқу орындарында өңір бас­шысының грантымен 358 сту­дент білім алып жатыр. Сон­дай-ақ, біздің ғана облыста оқушылар мен білімгерлер қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Мұны да облыс бас­шысының қамқорлығы деп түсінгеніміз жөн. Ал біздің әңгіменің өзегі Жастарға қыз­мет көрсету орталығы. Олай болса, орталықтағы жастарға қызмет көрсететін бөлімдерге қысқаша тоқталайық. Аймақ­тармен және жастардың үкі­меттік емес ұйымдарымен жұмыс істеу жөніндегі ақпа­ратты тиянақты жеткізу ұйым­­дастырушылық бөлі­мінде іске асады. Облыс бас­шылығымен бекітілген өңір­дегі барлық билбордты қада­ға­лау, оларды уақытылы ауыстыру, көрнекі-үгіт құрал­дарының мәтіндерін, эскиз­дерін әзірлеу, заман талабына сәйкестілігін қадағалау, зама­науи аула клубтарын ашу, жал­пы шаруашылықты жүр­гізу бөлімінде іске асады.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желі арқылы да біршама шар­уаның басын қайыруға бола­ды. Әрине, егер оны жақсы жағынан пайдаға асыра алса­ңыз. Міне, осы тапсырмалар ақ­параттық саясат және әлеу­меттік желілермен жұмыс іс­теу бөлімінде жан-жақты қа­ра­лып, іске асады. Негізгі жұмыс жастарға қызмет көр­сету бө­лімінде. Мұнда жас­тардың жұмысқа орналасу мен жұ­мыспен қамтылуы, жастар ара­сында кәсіпкерлік қызметті дамытуы қаралады. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы ая­сында толық ақпарат беру, жас отбасылар үшін қол­же­тім­ді тұрғын үй жүйесін да­мыту жұмыстары жүргізіледі. Облыстың қай өңірін алып қарасаңыз да жас­тар ре­сурс­тық орталығы жоға­ры дең­гейде жұмыс жүргізіп келеді. Облыс бойынша әр ауылдық округте жастар сая­саты бойынша 1 нұсқаушыдан 253 жас жұмыс істейді. Биыл осы орталықтың ашылуына бай­ланысты 19 жұмыс орны бө­лінді. Облыстық жастар сая­саты мәселелері басқар­ма­сының берген мәліметіне сүйен­сек, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрап отыр. Жұмыс­сыздарды азайту мақсатында «Жастар тәжірибесі» бағдар­ламасы аясында 195 маман сынақтан өтуде.

– Бұл орталық жастардың жаңа идеялары мен жобала­рына бағыт беріп, күш-жігерін бі­ріктіру мен түрлі мәселелер бойынша көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, олардың әрі демалатын, әрі білімін же­тіл­діретін, пікір алысатын жә­не жан-жақты қолдауға кеңі­нен мүмкіндік жасайтын ор­тақ шаңырақ боларына се­нім­діміз. Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев: «Білімді, ең­бекқор, бастамашыл, бел­сенді болуға қазірден бастап дағ­ды­ла­ның­дар. Себебі, ерін­бей еңбек еткен, талмай ғы­лым іздеген, жалықпай тех­ни­ка меңгерген адам бәрінен оза­ды. Тұрмысы жақсы, абы­ройы асқақ бо­лады», – деп Қа­зақстанның гүлденуін жас ұр­пақпен тіке­лей байланыс­ты­рып отыр. Сондықтан тәу­ел­­сіздіктің туы өз қолымызда жел­біреген ши­рек ғасырда ұлы істі бастап берген ал­дың­ғы толқынның ізін әрмен қа­рай лайықты түрде жалғас­ты­ру – жас ұр­паққа артылған па­рыз. Құр­метті жастар, сіз­дерге есігін айқара ашқан қыз­мет көрсету орталығы әр­бір жалынды жас үшін құт­ты мекенге айналсын деп ті­лей­мін. Мем­ле­ке­ті­міз­дің даму жо­лындағы қосқан әр істе­рі­ңіз абыройлы, қа­дам­да­ры­ңыз нық болсын, – деген об­лыс әкі­мі Амандық Баталов ыс­тық ықыласын көпшілікке жеткізді.

Алаш арысы Мағжан ақын жастарға мол сенім ар­тып кеткені бәрімізге аян. Қан­ша уақыт өтсе де қасиетті де қас­терлі өлең сөз күні бү­гін­ге дейін жадымызда сақ­тау­­лы. Олай болса, жас­тар­дың мін­­де­­ті сол сенімге сызат тү­­сір­­меу.

zhetysu-gazeti.kz

«Алло» сөзі қалай пайда болды?

teleponАдамның телефон тұтқасын көтергенде айтатын алғашқы сөзі «Алло». Алайда осы сөздің мағынасы мен қандан шыққаны туралы бір сәт ойланып көрдіңіз бе?!

Александр Грейам Белл телефонды ең алғаш ойлап тапқан кезінде оның желісін сүйіктісінің үйіне қарай тартады. Ол қыздың есімі– Алессандро Лолита Освалдо. Шеберханасында жұмыс істейтін Грейам Белл телефон тұтқасын көтерер-көтерместен: «Алессандра Лолита Освалдо» дейді екен. Уақыт өте келе сүйіктісінің атын қысқартып: «Але Лол Ос», – депті.

Жұмыстары көбейген сайын қыздың атын одан сайын қысқартып, «Алло» деп тұтқаны көтеретін болған. Алайда өнертапқыштың телефон желісін барлық қалаларға таратып, жұмыстан бас алмауы сүйіктісін зеріктіре бастайды. Содан Алессандро Лолита Освалдо одан кетіп қалады. Бірақ Грейам Белл сүйіктісінен үмітін үзбейді. Шеберханасына соғылған әрбір қоңырауды Лолита деп ойлап, «Алло» деуден жалықпайды екен. Уақыт өте келе басқа да адамдарға осы сөз ұнап, күнделікті қолдана бастайды. Осылайша бүкіл әлем халқына «Алло» деп айту сәнге айналады.

ozgepikir.kz

Біз білмейтін деректер

Біз білмейтін деректерБилл Гейтс – әлемдегі ең атақты және бақуат адамдардың бірі. Олигархтар өміріне  қызығатын адамдар Билл Гейтс жайлы барлығын білемін деп ойлауы ғажап емес. Асықпаңыз. Билл жайлы мына деректерге де назар аударыңыз:

Билл 13 жасында сыныптастарымен мектептегі компьютердің «қорғаныс шебін» бұзып, құпия ақпаратты ақтарады. Сиетльдің компьютерлік орталығы жас хакерді жазалаудың орнына оны өз бағдарламаларын сынақтан өткізетін лауазымға қызметке  қабылдайды.

***

Биллдің ата-анасы ұлының компьютерге шектен тыс қызығып, барлық уақытын компьютерде өткізе бастағанынан қорқып, оны мүлдем «жын жәшігіне» жолатпай қояды. Осылай бір жыл бойы Билл Наполеоннан бастап Рузвельтке дейінгі ұлы тұлғалардың өмір баяндарын оқумен болады. Осылай жеткіншек Билл ұлылардың өмірі  мен ойлау жүйесін зерттейді. Бұл компьютерсіз кезең Билдің ұлылар жолын меңгеріп, ой өрісі мен таным көкжиегінің кеңейе түсуіне септігін тигізеді.

***

Билл Гейтстің әлемдегі ең атақты университеттердің бірі – Гарвардты тастап кеткені белгілі. Сондағы профессорларға Билл: «30 жасқа толмай тұрып миллионер боламын» деген екен. Гейтс 31 жасында миллиардер болды. Қазақтың «отызында  орда бұзды» дегені осы шығар…

***

Қазіргі уақытта Билл Гейтс әрбір секундта 250 доллар ақша табады. Бұл – күніне 20 миллион, ал жылына – 7,2 миллиард доллар деген сөз.

***

Билл Гейтс – әлемдегі ең жомарт жан. Ол бүгінге дейін денсаулық сақтау саласындағы шаралар мен аштықпен күрес бағдарламаларына 28 миллиард доллар қаржы бөлді. Гейтстің бұл салаларға жылына бөлетін көмегі БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаржысынан едәуір көп екен.

Электронды сандық қолтаңба деген не?

Электронды сандық қолтаңба деген не?Кешегі күні электронды түрде қолтаңба қою түгілі электронды мәтінді жазып, бір нүктеден екінші нүктеге жіберуді елестете алмайтын болсақ, қазір анықтаманы да, кезекті де үйде отырып-ақ тындыруға болады.  Ол аздай некеге де, балаңызды балабақшаға кезекке тұрғызу, жоғалған құжаттарыңызды қайта алу, үйге кезекке тұруды да электронды құжат арқылы жүзеге асыра алатын болдық. Ал бұл жұмыстардың бәріне алдымен электронды қолтаңба алу қажет.

«Электрондық сандық (цифрлық) қолтаңба»  (ЭСҚ) дегеніміз — электрондық сандық қолтаңба  құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілі әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық нышандар терімі. Қолтаңбаны пайдалану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білім, дағдылар және құралдар талап етілмейді. Электрондық қолтаңба кілтінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелерден тиісті анықтамаларды ала алады. Мысалы, жылжымайтын мүлкіңіздің бары немесе жоқтығы туралы, мекен-жай анықтаманы, салымшының зейнетақы аударымдары туралы анықтама, сотталған немесе сотталмаған туралы анықтама алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып кезекте тұрмай-ақ үйіңізде отырып ала аласыз. Қазіргідей ақпараттың көп, ғаламтордың қарыштап дамыған кезінде осы шаруаларды үйіңізде отырып-ақ тындыру — уақытыңыз бен қаржыңызды үнемдеудің тиімді жолы.

Сондай-ақ, ұялы сымтетік арқылы онлайн қызметтерді алуға болатынын хабарлаймыз. Электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасының алғашқы нұсқасы 2012 жылы шілде айында іске қосылған болатын. Ең алдымен мобильдік қосымшаны қазақ және орыс тілдерінде Andrоid пайдаланушылары қолданса, кейін ол іOS жүйесінде іске қосылды. Ең алдымен, қазақстандықтар ұялы телефон арқылы салық, коммуналдық төлем мен айыппұл төлеп, мекенжай анықтамасын алу мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі таңда, ұялы телефоныңыздағы электрондық үкіметтің қосымшасы арқылы кезекке тұруға болады. Кейін Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, операторға кезек нөмірін көрсетесіз. Осылайша кезек күтіп, уақытыңызды жоғалтпайсыз. Бұдан басқа, салық комитетінің қызметін енгізу көзделген. Нәтижесінде онлайн-режимінде қарыздың бар-жоқтығы жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік беріледі. Мысалы, сіздің төленбеген мүлік салығыңыз бар. Сол мәліметті тексере аласыз. Порталда мұндай анықтама бес күнде беріледі, ал мобильдік қосымшада бұл қызмет автоматты түрде көрсетіледі.

Пайдаланушы санаулы секундта мекенжай анықтамасын электрондық поштаға жіберіп, басып шығара алады. Мекенжай бюросына жүгіріп, не болмаса анықтама алудың өзге жолдарын іздеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, балабақшаға кезекке тұрып, оны қадағалап отыруға мүмкіндік беретін электрондық қызмет іске қосылған. Бұл үшін баланың ЖСН-н немесе туған жылы мен күнін, аты-жөнін енгізу қажет. Келешекте, Шымкент қаласының тұрғындары үшін дәрі-дәрмек атауы арқылы жақын маңдағы дәріхананы табуға мүмкіндік беретін қызмет енгізіледі. Айта кетерлігі, бұл қызмет тек мобильдік қосымшада ғана көрсетіледі.

Бүгінгі күні елімізде 144 ХҚКО чипке электрондық цифрлық қолтаңба жазылған жаңа жеке куәлік беру бойынша қызмет көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық үкімет бұрыштары ашылған. Бұл жерде қазақстандықтарға электрондық қызметтер алу мәселелері жөнінде кеңес беріледі. ЭЦҚ жазылған куәліктің иесі үйден шықпай-ақ, картридердің көмегімен мемлекеттік қызметті онлайн түрде ала алады. Картридерді тұрмыстық немесе компьютерлік техника дүкендерінде сатып алуға болады.

Сонымен қатар, тағы бір «Электронды үкімет» порталының мүмкіндігі ол азаматтар облыстың кез келген жерінде тұрып-ақ республикамыздың барлық өңірлеріндегі өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды ала алады.

Қысқасы, «Электронды үкімет» порталы мен электрондық сандық қолтаңбаның тиімділігі – уақытыңызды үнемдейсіз әрі қызметтері қолжетімді.

Жомарт НҰРЖАНОВ, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның

ОҚО бойынша филиалының Шымкент қалалық №3 бөлімінің басшысы

ozgepikir.kz

 

Дәрісіз емделудің жолдары

Дәрісіз емделудің жолдарыҚай-қайсымыз да басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса дереу дәріханаға жүгіріп, дәрі сатып алуға асығамыз. Алайда сол дәрілік зат ауырған жерімізді жазғанымен, оның құрамындағы кейбір элементтер адам ағзасының басқа мүшесіне қандай да бір зиянын тигізетінін ойлап жатпаймыз ол кезде. Ал шын мәнінде дәрі-дәрмексіз де емделуге болады.

Мәселен, бас ауырғанда жарты шай қасық кептірілген жанжабілге (имбирь) ыстық су құйып, паста пайда болғанға дейін араластырыңыз. Дайын болған пастаны маңдайыңызға қойып жатыңыз. Күйдіруі мүмкін, бірақ өте пайдалы.

Қызу көтерілгенде бір шай қасық ұнтақталған кардамонды (имбирь тұқымдасына жатады) жарты литр сумен араластырып, оның үстіне сүт пен қант қосып ішсеңіз, қызуыңыз бірден басылады.

Тұмау болғанда кептірілген жанжабілден шай ішіңіз және куркуманы (имбирь тұқымдасына жататын өсімдік) сүтке қосып, күніне 3 рет пайдаланыңыз. Ол аурудың алдын алып, иммунитетті нығайтады.

Теріңіз күйіп қалған жағдайда бір шөкім куркуманы алоэ шырынымен араластырып, күйіп қалған жеріңізге жиі-жиі жағып тұрыңыз.

Ұйқысыздыққа ұшырасаңыз жатар алдында жарты шай қасық теңіз жаңғағын сүтпен араластырып ішіңіз. Сонымен қоса бір шай қасық қуырылған куминді піскен бананмен қосып жеуге болады.

Салқын тигенде немесе тұмауға шалдыққанда тоңып қалтырасаңыз жарты шай қасық жанжабіл (имбирь) мен бір шай қасық ұнтақталған даршынды (корица) 10 минут қайнатып, үш сағат сайын бір стаканнан ішіп отырыңыз. Бал қосуды ұмытып кетпеңіз, деп жазады ozgepikir.kz.

Миды сергітудің 10 тәсілі

mPbQkz7O394Таңертең ұйқыдан тұру бір уайым болса, тұрғаннан соң тиімді жұмыс істеу — екінші уайым. Ал өнімді жұмыс болуы үшін миыңыз жақсы жұмыс істеуі тиіс. Назарларыңызға миды сергітудің 10 жолын ұсынамыз.

  1. Физикалық жаттығу

Физикалық жаттығулар бұлшық еттеріңізді шынықтырып қана қоймай, миыңыздың мүмкіншіліктерін де арттырады, өйткені белсенді қозғалыс кезінде қан айналымы жақсарып, бұлшық еттеріңіз бен миыңыз жақсырақ жұмыс істейтін болады.

  1. Кофе емес, су ішіңіз

 Таңертең кофе ішу сергітудің орнына, керісінше ми жұмысын тежейтіні туралы көптеген зерттеулер жүргізілген. Ал егер оны қарапайым таза сумен алмастырсаңыз, сергектік сезімі әлдеқайда ұзағырақ болмақ. Аш кезде ішкен таза су ас қорыту жүйесін белсендіріп, кофеге қарағанда, шырышты қабықты тітіркендірмейді.

  1. Хош иісті адам назарын күшейтеді

Әдетте адамдар хош иісті әрдайым аңғара бермейді. Алайда дәл осы хош иістер адам назарын күшейтіп, сергектік береді. Ароматерапия мамандары базилик, гүлшетен, жаужапырақ, жебіршөп, раушан және лаванда хош иістері зейін қоюға жақсы көмектеседі.

  1. Оптимизм

 Жайбарақат ортада кез келген жұмыс, соның ішінде ақыл-ой жұмысы оңай атқарылады. Дегенмен, ондай мүмкіндік әркімде бола бермейді. Сонда да өз назарыңызды өміріңіздің, жұмысыңыздың тек жақсы жақтарына қойсаңыз, жұмыстың өнімділігі әлдеқайда өседі.

  1. Басқатырғыштар

Миды жаттықтырудың тиімді жолдарының бірі — әралуан басқатырғыштарды, сөзжұмбақтарды шешу мидың қабілеттерін күшейтеді.

  1. Телеарналарды және ондағы бағдарламаларды сұрыптап барып көру

«Телеарналар ойлау деңгейін төмендетеді» деген пікір қалыптасқаны жасырын емес. Дегенмен, кез келген нәрсені көре бермей, бағдарламалар ақыл-оймен сұрыптап барып көрсеңіз, көптеген пайдалы дүниелерді табасыз.

  1. Интернеттен ақпаратты іздеңіз

 Интернетте ақпарат іздеу адам миын кітап оқудан да қатты шаршататынын растайтын көптеген зерттеулер бар. Бірақ бұл интернеттің қажетсіз екенін еш білдірмейді. Бастысы ақпарат іздеу кезінде дұрыс сұрақ қоя білу.

  1. Дұрыс тамақтану

Саналы ой мен есте сақтау қабілетін жақсартудың бірден-бір жолы — дұрыс тамақтану, яғни рационымызда азық-түліктер мен жеміс-жидектер көп болуы тиіс. Әрине, анда-санда тәтті жеуге де болады. Алайда, адам миы глюкозаға зәру екен деп, тәттіге «отырып» қалуға тағы болмайды.

  1. Шөптер

 Дәстүрлі және халықтық медицинада шөптер адамның когнитивті қабілеттерін едәуір жақсартатыны мойындалады.

  1. Танып білуді тоқтатпаңыз

Қабілеттілігі ең жоғары мидың өзі жұмыссыз тұрса, меңіреулене басталады. Сол үшін оған әрдайым жаңа тапрсырмалар ойлап тауып отыру қажет. Мысалы, шет тілін оқу, сурет салуды меңгеру, кулинария сабақтарын алу және т.б.

El.kz сайтынан алынды

Жүзге жуық астаналық байдаркамен және каноэмен есу спортымен айналысады

Жүзге жуық астаналық байдаркамен және каноэмен есу спортымен айналысадыАстаналықтар байдаркамен және каноэмен есу спортына асқан қызығушылық танытуда. Бүгінде жүзге жуық жас спортшы №4 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде білім алып жүр. Ескек есушілер жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, құрама команда деңгейінде өнер көрсеткенде Астана қаласының мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебіне ауысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталған спорт түрі елордада 2000 жылдан бері дамып келеді. Топқа он жастан асқан балалар қабылданады. Бұл спортқа ұлдар да, қыздар да әуес. Қайықта отырып үйренудің өзіне 2-3 аптадай уақыт кетеді.

Жазғы демалыс уақытында жаттығулар аптасына 8-10 рет өтеді. Ал балалар мектепке барғанда – 5–6 рет. Оның үстіне төзімді болу үшін көп еңбектену керек. Қыста спортшылар шаңғы тебеді, тренажер залдарында жаттығады, жүгіреді.

Он жеті жасар Александра Ким бұл спортқа келем деп ойламаған, бүгінде ол — спорт шебері. Үш жыл бойы байдаркамен жүзсе, енді каноэге ауысты.

Спортшылар 23 жасқа дейін №4 БЖСМ базасында жаттығады. Үздік нәтижелер көрсеткен балалар мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде шеберлігін шыңдайды.

Мұнда спортшылармен психолог, диетолог, массажист, және басқа да мамандар жұмыс істейді. Мысалы, әр спортшының рационы бөлек, орташа салмағы 85-95 кг болуы керек.

Топ бес адамнан тұрады. Соның ішінде үшеуі Сергей Токарницкий, Зоя Ананченко, Инна Клинова Олимпиада ойындарына дайындық үстінде.

Еске салайық, төрт жылдықтағы басты жарыстың ашылуына дейін бір айдан аз уақыт қалды. Олимпиада тамыздың 5-і мен 21-і аралығында Рио-де-Жанейрода өтеді.

Қазақ мергені «Азия балалары» ойындарының алтынын ұтып алды

IMG_8517-e1467879394385Азия балалары» ойындары аясында пневмо мылтықпен нысана көздеуде қазақстандық Елдар Иманқұлов жеңімпаз атанды. Оның нәтижесі — 198,3 ұпай.

Екінші орында якут спортшысы Арсен Гурьев (191,5 ұпай), қола жүлдені Индонезия командасынан Ай-Кадек Рико Вержиан иемденді (169,7 ұпай).

Жарысқа Ресей, Қазақстан, Бангладеш, Индонезия, Катар, Сингапура мен Шри-Ланка командалары қатысты.

Қыздар арасынан ресейлік Яна Енина жеңімпаз атанды, «күмісті» қазақстандық Ирина Локионова иемденді, «қола» — тағы бір ресейлік якут қызы Нюргустаана Борохинаға бұйырды.

ҚазАқпарат