Домой Блог Страница 158

Үшқоңыр ауылында кио­ку­­ши­нкай-кан каратэден жарыс өтті

Үшқоңыр ауылында кио­ку­­ши­нкай-кан каратэден жарыс өттіАлматы облысы Үшқоңыр ауылында кио­ку­­ши­нкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер мен қыздар ара­сында «Батыр бала» атты Алматы облы­сының біріншілігі өтті, деп хабарлайды Жетісу газеті.

Талдықорған каратэ орталыңының шәкірттері намы­сын жерге түсірмей, олжалы қайтты! Бұл бәсекеде мына­лар жүлделі тұғыр­ға кө­те­ріл­ді: Айбар Түркпенбай 5 жас 18 кг. дейінгі салмақта,  Қа­дыр Еркебұлан 8-9 жас ара­лы­ғын­да  (30 кг. салмақта)  3-орынға ие болды. Давид Чен  5 жас (18 кг. жоғары), Нұрахмет Ерназар 6-7 жас (22 кг.), Болат Ернұр 6-7 жас (25 кг.),  Жарылқасын Бей­барыс 8-9 жас (26 кг.)  күміс жүлдегер атан­ды. Ал, Семен Зинченко 5 жас (18 кг. дейін),  Бегин Михаил 6-7 жас (19 кг.),  Амантай Әлім 6-7 жас (28 кг.) және Амира Нұр­дәу­ле­това  8-9 жас (30 кг.) жеңім­паз атанды.

Жүлдегерлердің бәрі арнайы дипломдармен, ал жеңімпаздар кубоктармен марапатталды.

 

Бірлік берекеге бастайды — Алматы облысы

Бірлік берекеге бастайды - Алматы облысыҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов жұмыс сапары аясында Алматы облысы Көксу ауданындағы бірнеше нысанды аралады. Сапар барысында тұр­ғындармен пікірлесіп, ауыл-аймақтың жағдайымен танысып, елді мекендерді дамыту мен өркендетудің жаңа бағыттарын бағамдады.

Жетісулықтар Серік Әбі­кен­ұлының адамгершілігі мен іскерлігін жоғары бағалайды. Оның осы өңірді басқарып тұрған тұсында талай өркенді істердің бастамашысы бол­ғанын да жұрт ұмыта қойған жоқ. Сондай істердің бірі Ер­бол Тоқтағұлов басшылық ететін «Уыз Май Industry» ЖШС еді. 2010 жылы өз қо­лымен тұса­уын кесіп, алғашқы өнімін көзі­мен көрген Серік Үмбетов алты жылдан кейін тағы да сол өн­діріске соғып, жағдайын тағы бір саралап шықты.

Кейінгі жылдары Алматы облысында қант қызылшасын өсіру қауырт қолға алынып, қар­қын­ды жобалардың атқарылып жат­­қа­ны анық. Көксу ау­да­нын­да қант қызылшасын өсі­ру­де өзгеге үлгі болып отырған «Қай­рат» шаруа қожа­лы­ғының та­бысы мол. Былтыр 20 гектар жер­ге қант қы­зыл­шасын егіп, 1200 тон­на өнім алса, биыл оның кө­лемін 60 гектарға жет­кі­зіп, 2100 тонна қант қызыл­ша­сын алуды жоспарлап отыр. Ел эко­но­микасын өркендетуге осын­дай деңгейде үлес қосып отыр­ған шаруаның еңбек­кер­лі­гін жоға­ры бағалаған депу­тат олар­дың егіс алқабын ара­лап шық­­ты. Жайқала өскен тәтті тү­бірдің мол өнімге ке­нел­тетіні бір­ден байқалады. Мұндай жұ­мыс нә­ти­­жесіне риза­шы­лығын біл­дір­ген депу­тат ал­дағы күн­дерінің та­быс­ты бол­уын тіледі.

Осылайша Серік Үмбетов бір күндік жұмыс сапарын қо­ры­тындылады. Соңында жур­на­листердің сұрақтарына жауап бе­ріп, ниет біріккен жер­де бе­ре­ке болатынын та­ғы­ да еске сал­ды, деп хабарлайды zhetysu-gazeti.kz.

Болашақ жастар қолында — Алматы облысы

Болашақ жастар қолында - Алматы облысыАлматы облысы әкімінің орынбасары Серік ТҰРДАЛИЕВ жаңадан ашыл­ған жастарға қызмет көрсету орталы­ғында болып, келе­шектің тұтқасын ұстайтын буын­мен келелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Жетісу газеті.

Кеңес барысында об­лыстық жастар ресурстық орталығының есебі тың­далып, өрендерге көр­се­тіліп жатқан қамқорлық пен жарқын істер  жайлы ай­тылды. Сондай-ақ, Же­тісудағы “Жасыл ел” шта­бының жастарды еңбекке баулу жолындағы жетіс­тік­тері тізбеленді. Төрт тоқ­сан білім қуған жас­тар­дың жаз бойы табиғатты көркейту жұмыстарына ат­салысқаны құптарлық іс. Анығында, әрбір жас ең­бекпен есею керек. Сон­­­да табанақы, маңдай тердің қадірін түсінеді. Серік Мелісұлы еліміздің тегеурінді буынын еркін диалогқа тартып, шынайы сырласуға шақырды. Ау­дан-аудандағы жас­тар­дың жетекшілері қатысқан кеңесте еліміздегі тіл сая­саты, бірнеше тілді мең­герудің маңыздылығы, бі­лім, мәдениет, ғаламтор, байланыс және ақпа­рат­тану көздері турасында әңгіме өрбіді.

–Тіл білгеннің ар­тық­ты­ғы жоқ, жастар. Сендер ел­дің болашағын жарқын ете­тін білімді буынсыңдар. Ал бі­лімді болудың бірінші қа­дамы – бірнеше тіл мең­ге­ру. Адам бір тілмен бір адам болып қалады. Екі тілмен екі тұлғалық қасиет­ке иесің. Мен ағылшын тілін 37 жасымда үйреніп алдым. Сіздерде мүмкіндік көп, – деді Серік Мелісұлы.

Алматы облысы әкімінің орын­ба­сары жастар саясаты мәсе­лелері басқармасының бас­шысы міндетін атқарушы бо­лып тағайындалған Ай­дын Нұрмұхамедұлын құт­тық­тап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Жиында об­лыстық дін істері басқарма­сының басшысы Рахмет Ес­дәулет сөз алып, жас­тар­ды жат ағымдардан ара­ша­лау­дың жолдарын ұсынды. Қа­зіргі таңда терроризм та­қы­рыбы өте өзекті. Ата ді­ні­мізден алыстап, отба­сын­да алтыбақан алауыз жағ­дай қалыптастырып жүр­ген жастар қаншама?! Сон­дық­тан, дәстүрімізге негіз­дел­ген, мемлекет уығын бірік­ті­ретін бабалар сенімінен ажы­рамағанымыз абзал.

Серік Мелісұлы сөз ара­сында сөзбен  ақыл ай­ту­дан гөрі іспен өнеге көр­се­тудің  қажеттігін алға тарт­ты. Әсі­ресе, ағылшын тілін үй­рену  туралы насихат ай­тарда алдымен адам өзі соған жауап бере алуы ке­рек. Жиын соңында жастар елдің келешегі үшін кемел ой айтқан аға буынға алғыс айтты.

250 жуық жетім бала арт-терапиядан өтті

250 жуық жетім бала арт-терапиядан өтті«Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда «В ритме дружбы» қайырымдылық шарасы өтті. Психологтар мен арт-терапевттер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап коммуникативтік дағдыларды дамытуға және өз-өзіне деген сенімді арттыруға бағытталған түрлі ойындар ұйымдастырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Акция бағдарламасы тәжірибелі мамандармен әзірленді, арт-терапияның түрлі әдістері балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ойлау қабілеттілігі мен қажетті әлеуметтік машықтарын дамытуға мүмкіндік берді.

– Акция осындай ауқымда алғаш рет өткізіліп отыр, сондай-ақ, ойын, іс-қимыл және елес-қиял арқылы қарым-қатынас құруға бағытталған. Бұл шара балаларды әлеуметтік бейімдеуге және өз бетінше өмір сүруге дайындауға арналған, – дейді Best for Kids қоғамдық қорының президенті Сая Кәкім.

Айта кетейік, шараға астаналықтар ғана емес, сонымен қатар Ақмола облысының да балалары қатысты.

Жұмысты тез атқарып, уақытты үнемдеудің 5 жолы

Жұмысты тез атқарып, уақытты үнемдеудің 5 жолыОсы біз қанша жерден жылдам қимылдасақ та уақытымыз үнемі жетпейтіндей боламыз. Ал атқарылмаған жұмыстар бәрібір қалып қояды. Осы орайда мамандар уақытты тиімді пайдалану мен жұмыстың өнімділігін арттыруға көмектесетін келесі кеңестерді ұсынады:

1.  Қазір орындалуы тиіс істерді ешқашан ертеңге қалдырмаңыз.

2. Алдымен қиын, өзіңізге ұнамайтын істерден бастаңыз.

3. Өзіңіздің нақты істеріңізден бөлек, қосымша істер шығып жатса, «иә, бүгін аяқтап тастаймын» деп өзіңізге де, басқаларға да уәде бермеңіз. Уақытыңыз бен күшіңізбен санасыңыз.

4. Тым асығып, жұмыстың сапасына көңіл бөлуді ұмытып кетпеңіз. Сапа — бірінші орында тұруы тиіс.

5. Уақытты «жұтатын» ең зиянды нәрсе — интернет пен телефон. Кез келген жұмысты атқару барысында (жұмыста болсын, үйде болсын) уақытыңызды болмайтын әңгімелерді айтып, интернеттен пайдасыз нәрселерді көрумен жоғалпаңыз, деп жазады asylsoz.kz.

Көшпенділер өркениеті фестивалі

Елордамыздың туған күніне орай көптеген іс-шаралар өтті. Солардың ішінде ең ірі әрі ұлттық бояуға қанығы  – «Мыңжылдықтар тоғысқандағы Астана» атты көшпенділер өркениеті фестивалі.

3-6 шілде аралығында өткен фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарына қызық бағдарламалар ұсынды. «Хан Шатыр»  сауда-ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда киіз үйлер тігіліп, көшпелі мұражай қоныстанды. Әр облыстардан келген мұражайлар өз жәдігерлерін орнатты. Мәселен Маңғыстау облысының музейі көне күміс бұйымдарын паш етіп, тарихымен таныстырды. Фестивальде ипподром да жасалды. Алматы облысының шабандоздары «Ат жалында» думанын көрсетті. Мүсілім Садықұлы басшылық ететін «Арлан» ұлттық костюмдер театрының алып жігіттері мен ару қыздары дәстүрлі сән үлгілерінің көрсетілімін өткізді. Сондай-ақ, Өзбекістаннан келген цирк, Қырғызстаннан келген шығармашылық топ өз өнерлерімен мейрамның мерейін үстем етті. Оңтүстік Қазақстан обылынан, Алматы облысыннан, Қытайдан келген қандас шеберлер қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесін және шеберлік дәрістер өткізді.

Сонымен қатар, «Саят» құсбегілік өнері, қазақтың ұлттық ойындары, күй,  дәстүрлі әндер кештері, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінің, би ансамбльдерінің концерті, айтыс ұйымдастырылды.

Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл фестиваль биыл айрықша кең қарқынмен ұйымдастырылды.

Автор: Шырақ Байкенова

«Алау» мұз сарайында шахматтан халықаралық турнир өтіп жатыр

Елордада әр түрлі жастағы шахматшылар халықаралық жарыста шеберлік байқасуда. «Х. С. Омаров мемориалы – 2016» жарысы 19 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды қалалық әкмідіктің баспасөз қызметі.

Жалпы, қатысушылар саны – 200 адам, соның ішінде 70-сі – ересек. Ашық турнирге түрлі мемлекеттерден келген гроссмейстерлер де қатысуда. Балалар екі санат бойынша сайысқа түседі – 6-дан 10 жасқа дейін және 10-нан 14 жасқа дейін. Жарыста 100 жуық спортшы Астананың намысын қорғайды.

«Алау» мұз сарайында шахматтан халықаралық турнир өтіп жатыр

Жарыс басталғаннан кейін ұл-қыздар зейінін ойынға шоғырлады. Қарсыластар бір-біріне лайық екендігі байқалады.

4450cfa88a0594e0241300da6de.jpeg

Қатысушыларды қолдау үшін халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова да келді, ол да осы Х. Омаров атындағы клубтан бастаған болатын. Бүгінде ол — кәсіпқой шахматшы.

– Өзім де бұған дейін «Х. Омаров атындағы мемориалға» талай рет қатысқанмын, жарысқа қатысатын балалардың жыл сайын артып жатқаны қуантарлық жайт. Қазақстанда шахмат дамып келеді, бұған өзім де үлес қосқаныма қуаныштымын, – деді ол.

«Астана Опера» театр маусымын аяқтайды

«Астана Опера» театр маусымын аяқтайды«Астана Опера» театрының үшінші маусымы екі бөлімнен тұратын гала-концертпен жабылады. 16 шілдеде Үлкен зал сахнасында Л. Минкус пен Э. Дельдевездің “Пахита” балетінен жарқыраған Гран-паның тұсауы кесіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Театр сүйер қауым “Трильби”, “Кандавл патша”, “Қанатты ат”, “Сильфида”, М. Фокиннің “Армида павильоны” сияқты ескі балеттерден тұратын ең тартымды вариациялар шеруін тамашалайды. Әрбір солистке көпшілік алдында өзінің барлық әртістік шеберлігін паш ететін мүмкіндік ұсынылады.

— Бүгінде «Астана Опера» балеттік труппасы белсенді дамып келеді, мен соған қуаныштымын. Театрдың үшінші маусымында біз үлкен жұмыс атқардық: Л. Минкустың орасан зор “Баядерка” классикалық спектаклінің тұсауы кесілді, мазмұнды Гала-балет бағдарламасы құрылды. Жақында ғана ХХ ғасыр хореографиясының үздік туындысы – Р. Петидің “Париж Құдай Анасының соборын” ұсындық. Техникалық жағынан күрделі бұл балет бірегей стильдік мәнерімен ерекшеленеді, мұнда кордебалетке баса назар аударылған. Біз мұнымен тоқтамаймыз және айтарлықтай нәтижеге қол жеткіземіз, – дейді «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Ресей халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

Театрдың жетекші солисттері әлемдік классикалық опера жауһарларын орындайды. Сонымен қатар, тыңдарман сүйіп тыңдайтын отандық музыка туындылары шырқалады.

Автошеру — Алматы облысында

Автошеру - Алматы облысындаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының бастамасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ұлы дала азаматтары» патриоттық акциясы басталып, ел ішіне автошеру шыққан болатын. Аталмыш делегация кеше Алматы облысына келді, деп хабарлайды Алматы облысы әкмідігінің ресми сайты.

Автошеру Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігін дәріптеуді, «Нұрлы жол» бағдарламасын және «Мәңгілік ел» идеясын түсіндіруді мақсат етеді.

Алакөл, Сарқан аудандарында болған автошеру делегациясы кешкілік Талдықорғандағы «Мәңгілік алау» алдына тоқтап, гүл шоқтарын қойып, акцияның мақсат-міндеттері, қаһарман азаматтардың ерлік шежірелері жайлы айтып берді.

Аулаларда футболдан тегін сабақтар өткізіледі

Аулаларда футболдан тегін сабақтар өткізіледіЕлордада төрт тұрғын үйдің ауласында балаларға арналған футбол секциясы ашылды. Жаттығулар аптасына үш рет — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өтеді. Қазіргі кезде 8 жастан асқан 60 бала тегін жаттығып жүр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Футбол лагері «Есіл» ауданында Сауран к-сі, 5а, Сарайшық к-сі, 34, сондай-ақ, «Алматы» ауданында Абылай хан даңғылы, 49/3, Жұбанов к-сі, 10 мекен жайлары бойынша жұмыс істейді. Басталуы сағат 15.00. Жаттықтырушылар — Ербол Мұсабаев және Павел Халезов.

– Меніңше балаларға жаттықтырушылармен дайындалған қызық болады. Оларға әр түрлі жаттығулар жасатамыз. Бұл жартылай кәсіби деңгей. Біз балаларды бақылаймыз, деңгейі жоғары және қабілеттілігі бар балалар қалалық футбол орталығына, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жіберіледі, – дейді Павел Халезов.

Қазақстанның футбол федерациясы жас спортшыларды керек-жарақтармен қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, жыл соңына дейін тағы да 10 аулада футболдан тегін сабақтар өткізу жоспарланған.