Домой Блог Страница 190

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай  C. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы  C. Сейфуллин мұражайымен бірігіп «Сталиншілдік және Қазақ зиялыларының қасіреті» атты ғылыми семинар өткізді.

cfdb49

Қазақ тариxында xалқымызды есеңгіреткен екі дүркін оқиға бар. Біріншісі – Аңырақай шайқасы болса, екіншісі – жаппай саяси репрессия.  1921-1954 жылдар аралығында үздіксіз жүргізілген саяси қуғын-сүргін нәтижесінде 100 мыңнан астам адам сотталып, 30 мыңға жуығы ату жазасына кесілген. 1931-1933 жылдары әдейі қолдан ұйымдастырылған ашаршылық салдарынан 2 миллионға жуық қазақ қырылған. Ал 1 миллионнан астам қазақ шетелдерге қашуға мәжбүр болды. Міне, осы алапат оқиғалар халқымызға үлкен демографиялық залал тигізді. Егер саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық орын алмағанда,  біз 21 ғасырды 50 миллион қазақ болып қарсы алар едік.

hbcswStV3wg

Сәкен Сейфуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталған шара, «Сталиншілдік және Қазақ зиялыларының қасіреті» атты ғылыми семинармен жалғасты. Оқу орданың зерттеушілері мен аға оқытушылары «Жазықсыз жапа шеккендер», «20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси үрдістер» тақырыптары бойынша баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың еңбектері жайлы айтылды. 1933 — 37 жылдар аралығында Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарған кездері ол,  білім саласын мықтап қолға алған. Жүргеновтың тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артты. 4 жылдың ішінде 400 жуық мектеп салынды. «Қазақ білім алу керек» деп, мектепте онжылдық білім беру жүйесін бекіткен. Абай атындағы опера және балет театры ашылды, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ашылды. Еліне елеулі еңбектер сіңірген тұлғаның құрметіне неліктен көркем фильм түсірілмеске. Неге ақындар айтысын ұйымдастырмасқа деген пікірлер айтылды. Сондай-ақ, 20-30 жылдарды толыққанды зерттегіміз келсе, Өзбекстанға бару керек. Сондағы мұрағаттарда құнды деректер бар делінді.

OYeqRDViSZg

«Аталмыш шараны жылдағы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты науқан деп есептемеу керек. Себебі осы уақытқа дейін жасалған зерттеулер мен жазылған еңбектер бар. Соларды саралай отырып, қорытынды жасауға тырыстық. Бұған дейінгі зерттеулердің кемшін қалып жатқан тұстары, әлі де зерттеушілердің назар аударатын тұсатрын талқылап, өңделген материалдарды көпшілікке қалай насихаттау керек деген мәселені басты назарда ұстадық.» Сонымен қатар, семинар барысында оқылған зерттеулердің барлығы «қазіргі заман тариxы» атты оқу-әдістемелік құралына еңгізілетінін айтты C. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Өмірбай Жолдыбекұлы.

 

Қазақтың ұлттық ойындары. Ат сайысы

Ат сайысы спорттық ойынының түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген.

Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.
skachki24_thb_610x350x2
Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.65968_1437970061

Қыз қуу. Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.

hurlan_kugan_kyz

Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады. If_150EpiqA

www.info-tses.kz

Ұлттық музейде «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты көрме ашылды

????????????????????????????????????

Астанадағы Ұлттық музейде «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты фотокөрме өз жұмысын бастады. Көрме Орталық Азия өңірінде тұңғыш рет жарық көрген «National Geographic Қазақстан» журналының тұсаукесері аясында ұйымдастырылып отыр.

Ұлттық музейде екі айға жалғасатын «National Geographic-тің» үздік 50 суреті» атты фотокөрмеде 128 жылдық тарихы бар беделді басылымның әлемді өзгерткен ең үздік фотолары ұсынылған. Онда Стив Маккарридың дүниені шарлаған әйгілі «Ауған қызы» суретінен бастап, Джейн Гудоллдың таңғажайып кадрлары, Томас Аберкромбидің 1965 жылы түсірілген Мекке көрінісі және «National Geographic» тарихындағы басқа да танымал фототуындылар паш етілді. Сондай-ақ, келушілер 10 000 ваттық жарықпен 4 022 метр тереңдікте Эмори Кристоф «тірілткен» Титаниктің суретіне тәнті болып, керемет әсерге бөленді.

Айта кетейік, «National Geographic» — әлемдегі ең беделді қоғамдық ұжымдардың бірі. Негізі ХІХ ғасырда қаланған брендтің меншігіне бірқатар телеарналар, журналдар, баспа үйлері кіреді. «National Geographic-тің» бүгінде әлем бойынша 600 миллион аудиториясы бар. 128 жылда қоғам ғылыми-зерттеу жұмыстарына 11 000 грант бөлді. Басылым бетіндегі мақалалар шынайы әрі түбегейлі ғылыми зерттеулерге негізделген. Басылым әлемнің 38 тілінде, 80-нен астам елге тарайды және ғаламшарды аялауды насихаттап, оны қорғауға үндейді, Жер шарының қайталанбас табиғатының әдемілігін сақтауға шақырады.

Дағдарысқа қарамастан, қазақстандықтардың 64%-ы «ЭКСПО-2017» көрмесінен көп үміт күтеді

0

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «ЭКСПО көрмесі-2017» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Оған Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 1760 адам қатысты. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73%-ы әйел және 27%-ы ер азаматтар.
Сауалнама әдісі – телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама.
Зерттеу 2016 жылы 6-18 мамыр аралығында жүргізілді.
Іріктеу ықтималдығы 95%, сондықтан статистикалық көрсеткіш қателігінің максималды мөлшері 0,5%-дан аспайды.

Ел өміріндегі айтулы оқиға ЭКСПО халықаралық көрме жайлы қазақстандықтардың пікірі бір жақты. Жалпы, халықтың көзқарасы дұрыс. Бұл түйін зерттеу нәтижесінде белгілі болды.
Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 64%-ы көрмені өткізу мүмкіндігіне ие болған ел үшін
ЭКСПО-ң пайдалы тұсы – елімізде және әлемде ғылыми-техникалық прогресс дамиды, еліміздің халықаралық аренадағы беделі артады, үлкен кірістер, әрі инвестиция тартуға мүмкіндік туады және өзге елдермен тиімді байланыс орнатамыз дейді.

Infopraphic_EXPO_kaz

ОҚО-да «Отырар таланттары-2016» байқауы өтті

index
Күнгей өңірінде «Отырар таланттары-2016» өнер байқауы өз мәресіне жетті. Биыл бесінші рет өткізілген шара елді-мекендерден дарындыларды анықтау, қазақтың әдет-ғұрпын насихаттау және халық шығармашылығын дамытуды мақсат тұтқан.

Үш кезеңнен тұратын өнерпаздардың өнерлері мен шеберліктерін Қазақстанның Халық ақыны Әселхан Қалыбекова, сатирик Көпен Әмірбек, қолөнер шебері, академик Кендебай Қарабдалов, ақын Серік Сейтман, эстрада әншісі Хадиша Шалабаева, опера әншісі Ерлан Жандарбай, сазгер Берік Сексенбекұлы мен аталған байқаудың тұңғыш жеңімпазы Досхан Одамановтар саралады.

Отырар таланттарын анықтаған өнер байқауының гала-концертінде Отырар аспаны әнге бөленді. Ән сүйер қауымның басын қосқан дода соңында жеңімпаздар анықталып, сый-құрмет көрсетілді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Боксшы қыздарымыз төрт алтын еншіледі Әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты. Астана 2016

64 мемлекеттен 300 астам спортшы қатысқан Астанада өткен әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өз деңгейінде өтті. Қазақстанның қоржынына төрт алтын салған боксшыларымыз ел үмітін ақтады.

48 келі салмақ дәрежесінде қолбақ түйістірген Назым Қызайбай қытайлық Янь Вангты жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды. 54 келіде өнер көрсеткен Дина Жоламан болгариялық Стойка Петрованы 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал үшінші болып 69 келіге дейнігі салмақта күш сынасқан Валентина Хальзова қытайлық Гу Хонды жеңді. 81 келі салмақ дәрежесіндегі Ләззат Күнгейбаева АҚШ боксшысы Грин Шадасияны 3:0 есебімен жеңіп, елімізге төртінші алтын медаль сыйлады.

Боксшы қыздарымызға жанкүйерлердің қолдауы да мықты болды. Жүздеген адам бір толқындай. Эмоциялар, гуіл. Бұл видеода сол сәттерден үзінді көре аласыз. Сондай-ақ, Дина Жоламанның атасы Ғабдисәләм Жоламан мен анасы Зәуре Жоламанова өз әсерлерімен бөліседі.

http://www.youtube.com/watch?v=OpYQrP26MpM&feature=youtu.be

Ең қысқа жұмыс аптасы белгіленген қала аталды

Ең қысқа жұмыс аптасы белгіленген қала аталдыШвейцариялық  UBS банкі әлемнің ірі қалаларында апта ішіндегі орташа жұмыс сағаты мөлшерін санады.

The Telegraph жазуынша, ең аз жұмыс істейтіндер — париждықтар екен.  Олардың орташа еңбек аптасы 30 сағатты құрайды.

Ең көп сағатпен жұмыс аптасы Гонконгта тіркелді. Бұл қалада адамдар орташа 50 сағат жұмыс істейді.

Ғалымдар 2045 жылы жер халқының жартысы жұмыссыз қалады деп болжайды. Өйткені бұл уақытта жоғары дамыған роботтар адамның барлық еңбек функциясын орындауға көшуі мүмкін.

ҚазАқпарат

Жақсы ана болудың 30 ережесі

Жақсы ана болудың 30 ережесіӘрбір әйелге жақсы отана, адал жар, ең бастысы тамаша ана болғысы келеді. Бірақ күнделікті қарабайыр тірлікпен біз кез келген әйелді нағыз ана деген атқа лайық ететін қарапайым нәрселерді ұмыт қалдырып жатамыз. Біз балаларымызға оларды жақсы көретінімізді айтып, жай құшақтауға да уақыт таппай жатамыз. Қалай дегенмен де, біздің жиі алаңдайтын қымбат репетиторлар, жекеменшік мектептер мен бағалы материалдық игіліктер ана мен бала арасындағы байланысты нығайта алмас. Ара-тұра сәбиге әр нәрсені үйретіп, ақыл айта бергеннен гөрі, қасында жай ғана мейірімді әрі жанашыр ана болудың маңызы көп.

Жақсы ана болу үшін, күнделікті орындалуға тиіс шарттар:

1. Балаға «Мен сені жақсы көремін» деп жиі айту керек. Бұл сөздің артықтығы болмайды.

2. Балаға оны құшақтаған сізге ерекше әсер беретінін және ересек адамның да көптеген проблемаларын шешуге көмектесетінін көрсету керек. Сіз қиналып отырғанда, кішкентайыңызға «Келші, мені құшақташы» деп айтсаңыз жеткілікті.

3. Балалармен кешкі ас ішіп отырғанда, күнді қалай өткізгені, қандай қызықты жағдайлар болғаны туралы міндетті түрде сұрау керек.

4. Кейде баланы басқа адамдардың көзінше мақтау да маңызды, балаға мұндай сәттер аса қажет.

5. Балаларға мақтау сөз айта отырып, осы арқылы баланың басқа адамдарға да өзінің ризашылығын білдіру әдістерін көрсету керек.

6. Мүмкіндік бола қалса болды  — баланы сүйіп, құшақтаңыз.

7. Баланы күлуге үйретіңіз. Сондай-ақ ол өзіне де күле білуі керек. Күлкі көптеген қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі.

8. Баланы өзінің іс-әрекеттерін жүрегіне жақын ала бермеуге үйрету керек. Барлық адам қателікке ұрынады, бірақ өз кемшілігін жеңіл қабылдап, кейде тіпті қызық жағдайға айналдырып жіберу екінің бірінің қолынан келмейді. Алайда бұл аса маңызды.

9.   Балаға «Рахмет!» деген сөзді жиі айту керек. Осылайша, біз оны адамдарға ризашылығын білдіре алатын, рахмет айта алатын, кеңпейіл адам болып өсуге үйретеміз.

10. Бәрін кешіре білу керек. Бұл балаға ғана қатысты емес. Мұны балаға да үйреткен дұрыс. Оған қатігездік адамды іштей қинайтынын түсіндірген абзал.

11. Балаңызға арнайы күн арнаңыз. Екеуіңіз бірге оңаша өткізген уақыттар ерекше есте қалады. Екеуіңіздің араңыздағы байланысты нығайтады.

12. Баланың өзінің шынайылығын көрсетуге тыйым салуға болмайды, тіпті оның көңіл-күйі немесе іс-әрекеті сіздің түсінігіңізге қайшы келсе де, оған тыйым салмаңыз.

13. Баланың таңы, яғни, ұйқыдан тұрған сәті күлкіден, сүюден басталуы керек. Тек «Кешігіп барамыз!» деген асығыс айқайдан сақ болыңыз!

14. Балаңыз не айтқысы келсе де, бұған әлемдегі ең маңызды әңгіме сияқты назар аударыңыз.

15. Сіздің отбасыңызға қатысты жәйттарға қатысты баланың көзқарасын білуге тырысыңыз. Оның пікірі де ескерілетінін сезінуі керек.

16. Балаға күрделі істерді жүктеуге қорықпаңыз. Қателессе, қателессін, бірақ оның не екенін енді біледі. Өмірінде қажет болуы мүмкін.

17. Балалардан көмек сұрауға болады және сұрау қажет.

18. Қателікті мойындай білу керек. Сіздің өз кемшіліктеріңізді мойындауыңыз, баланы өз қателіктеріне жеңіл қарауға үйретеді. Бала өзі ғана қателеспейтінін түсінеді.

19. Сізге балабақшадағы досының есімі, ойыншықтың аты сияқты балаңызға қатысты ұсақ-түйектің барлығы маңызды болуы қажет.

20. Балаңызға ұнайтын, тартымды әрі жағымды еркелететін лақап ат ойлап табыңыз.

21. Кейде ертегінің орнына өз өміріңізден қандай да бір оқиғаны айтып беріңіз. Мұның барлығы оны сізбен ғана емес, жалпы отбасымен жақындата түседі.

22. Кейде музыка қосып, бірге билеңіздер. Мұндай сәттер ең тамаша кездер десе болады. Отбасыңыз ғана түсінетін құпия пароль немесе құпия сөздер ойлап табуға болады.

23. Кейде баланың босаңсуына мүмкіндік беру керек: шұлығы мен киімдерін бөлмеге лақтырып, өзіне бояу жақса да, балаға біраз еркіндік беріңіз. Үй жиналады, ал баланың сол кездегі қуанышы есте қалады. Бірақ әр нәрсенің шегі бар. Бастысы – артық кетпеу.

24. Анда-санда болса да, балаға кейде тәртіп бұзуға мүмкіндік беру керек: кешке дейін теледидар көрсін, анда-санда мектепке бармасын. Осындай сирек берілетін мүмкіндіктер бала үшін үлкен мереке.

25. Сіз өзіңіздің кемшілігіңізді түсінсеңіз, кешірім сұраңыз. Бұл өте маңызды.

26. Балаға өздігінен шешім қабылдауына мүмкіндік беріңіз.

27. Егер балаға бірдеңе уәде берсеңіз, оны міндетті түрде орындау керек. Я болмаса, уәде беруді қойыңыз.

28. Бала ән айтса, оған қосылып әндету керек.

29. Балаға оның әкесі әлемдегі ең мейірімді әрі ең керемет әке екенін айтып отыруды ұмытпаңыз.

30. Балаңыздың сізге жасаған әрбір сыйлығын, құттықтауларын сақтап қойыңыз. Ара-тұра бірге қарап, еске алып тұрған да маңызды.

anabol.kz

Өрік пен шабдалы өсіреді

Өрік пен шабдалы өсіреді

Индустрияландыру картасының арқасында Алматы облысындағы Ұйғыр ауданында «Шонжы Агро» ЖШС өз жобасын сәтті жүзеге асыра бастады. Енді кәсіпкерлер жеміс ағаштарын өсіруге белсене кірісіп жатыр. Аграрлық сала мамандарына Кәсіпкерлер палатасының мамандары қолдау көрсетуде.

Кәсіпкерлер палатасы Ұйғыр аудандық филиалының директоры Муслим Амангелдінің айтуынша, «Шонжы Агро» ЖШС үшін бизнес-жоспар дайындалып, заңгерлер құрылтайшылық құжаттарды дайындауға көмектескен. Оларды өндіруші ретінде Индустрияландыру картасына енгізуге септескен. Мұнан кейін аймақтық несиелік кеңес компания үшін 800 гектар жер бөлді. Үш жыл көлемінде кәсіпкерлер бөлініп берілген аумақты түгелімен игеруді жоспарлап отыр. Биылғы жылы 100 га жерге өріс пен шабдалы көшеттерін отырғызбақ. Оның 30 гектарына ағаш қазір егілсе, қалған 70 гектарына күзде отырғызылатын болады. Барлығы жылына 400 тонна жеміс жинау жоспарланған.

Сонымен қатар «Шонжы Агро» ЖШС жеміс-жидектердің сөлін сығатын зауыт ашуды межелеуде. Ешқандай қоспасыз, табиғи таза өнім – жеміс шырындары мен джем дайындамақ.

Жалпы, биылғы жылы Ұйғыр ауданында 261 га жерде жаңа бақ алқаптары пайда болды. Аудан бойынша барлығы 6 мыңнан астам шағын бизнес өкілдері жұмыс істейді.

Немістер Қазақстанда 30 миллиард еуроға шипажай салмақшы

Немістер Қазақстанда 30 миллиард еуроға шипажай салмақшыЕлімізде жаһан жұрты тамсанып, таңданатын тағы бір туристік аймақ пайда болады. Бұл жолы Каспий теңізінің жағасында заманауи демалыс орындары бой көтермек. Игі істі қолға алған неміс инвесторлары Маңғыстаудың «Кендірлі» шипажайын жер шарына әйгілеуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды 24.kz телеарнасы

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, Каспий теңізінің жағасында орналасқан «Кендірлі» шипажайы 200 мыңдай тұрғыны бар шағын қалаға айналады. Жоба бойынша мемлекет бұл мекенге мектеп, аурухана, балабақша салып береді. Ал көпшілік үшін көңіл көтеріп, бой сергітетін коммерциялық орындар мен қонақ үйлерді неміс инвесторлары қаржыландырмақ. Бұл мақсатқа олар 600 миллионнан 30 миллиард еуроға дейінгі қомақты қаржы жұмсауды жоспарлап отыр.

Analoga GmbH компаниясының басшысы, инвестор Герхард Лойблдың айтуынша, бір нысанның құрылысына 2000 адам тартылады. «Ал 4 жылдан соң үш бірдей қонақ үй пайдалануға беріледі. Біз Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз. Себебі бұл елдің табиғи көркі көз тартады. Жалпы Қазақстан әлем елдері үшін ашық әрі қолайлы мемлекетке айналады», — деді ол.

Еліміздегі инвестициялық ахуалдың игілігін германиялық көлік құрастырушы CLAAS компаниясы да сезініп келеді. Ауыл шаруашылығы техникаларын жасаушы ірі кәсіпорын 15 жылдан бері қазақстандық шаруалармен жұмыс істейді. Бүгінге дейін оларға 700-ден астам астық жинаушы комбайн мен трактор сатқан. Енді елімізге өндірістің өзін әкеліп, көлік құрастыруды жоспарлап отыр.

«Қазір екіжақты келіссөздер жасалып жатыр. Біз Қазақстан нарығында ұзақ уақытқа қалғымыз келеді. Инвестиция апарып, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетпекпіз. Шаруалар CLAAS техникасын қолдану арқылы сапасына алаңдамайтын болады», — дейді CLAAS компаниясының экспорт жөніндегі аймақтық менеджері Алексей Зонин.

Жалпы еліміздегі неміс инвестициясының 90 пайызы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Ал соңғы екі жылдың бедерінде екіжақты 72 келісімге қол қойылды. Биыл да қос мемлекет 4 миллиард еуроға жететін маңызды меморандумдарды іске асырмақ.