Домой Блог Страница 191

Біз білмейтін дәстүрлер

Дәмету

 Дәметудің әр түрі бар Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні бөлек. Жас балалар мен келіндер ата енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дәмететтін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе оның меселін қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі ісіп кетеді. Бұл өмір шындығы. Ал үлкен кісілер, аналар, әжелер жас келіншегі бар үйге дәметіп қалар деп қашанда қалтасына дәм тұзын сала жүреді. Бұл әркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым.

 Күйеуаяқ

 Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошеметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді.

 Түйемұрындық

 Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан бұрымды көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсыншығарып салады .

Балдыз қалың

 Кейде қалыңдық қайтыс болатын жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса төлеген малдың жартысы қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын алатын болса, онда бұрынғының үстіне «балдыз қалың» төлеуге тиіс. Оған түйе бастатқан бір тоғыз қосылады. Күйеу бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса «балдыз қалың» төленбейді.

 Қапқа салар

 Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол — жоралғыларымен яғни, құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый сияпатымен, той малымен келеді.Той басталды. Қыз өз үйінен аттанар алдында оның әкесі барлық құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес «қапқа салар» деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер тоқым, жігіт жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.

Атбайлар

 Атбайлар (салт). Мұның да екі түрі бар. Жас отаудың шаңырағы көтерілген соң ағайын туытсра оған шашу шашып, «керегесі кең болсын», «босағасы берік болсын» деген тілек айтады. Байғазы береді. Ет жақыны босағаға жылқы байлайды. Мұның аты «атбайлар».

 «Атбайлардың» екінші түрі кәде. Құда құдағилар келгенде немесе күйеу қалыңдығын алуға келгенде олардың жеңгелері алдынан шығып түсіріп алып, атын байлайды. Бұл «атбайлар» деп аталатын той салты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәдеден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.

anabol.kz

Жаман ой жан аздырады

Жаман ой жанды аздырадыОйыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз:

  • Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз.
  • Таңды әдемі күлкіден бастаңыз.
  • Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз.
  • Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз.
  • Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз.
  • Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз.
  • Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз.
  • Таңертең күліп ояныңыз күні бойы сергек жүресіз.
  • Табиғатты тамашалауға жиі шығып тұрыңыз.
  • Уайымдаған сайын денсаулығыңызға да зиян келеді.
  • Көңіл-күйіңізді көтеретін әуенді тыңдауға тырысыңыз.
  • Кім соңғы рет сізге жақсы сөз айтты?
  • Жақсы көретін адамыңыз болса айтыңыз.
  • Қарсылық танытатын жандармен күресудің бір жолы үндемей құтылу ондай адамдармен санасудың қажеті жоқ.
  • Күліп жүріңіз сізге күлген жарасады.
  • Жаман ой мен біреуге жамандық ойламауға тырысыңыз. Біреуге атқан оғыңыз, өзіңізге келіп қайтады.
  • Біреудің жасаған жамандығын, жақсылықпен қайтаруға тырысыңыз.
  • Ой мен жүрек бір байланыста жүрекке неғұрлым жақсы дүниелерді ұялатсаңыз, ойыңызда жаныңызда тазарады.
  • Азғындық пен ашуланшақтық денсаулықтың түбіне жетіп, адамды рухани азғындыққа апарады.
  • Жүрегіңіз мейірімге,жаныңыз шуаққа бөленсін. Ойыңыз тек жақсылықтардан тұрсын.

anabol.kz

Қазақтың ұлттық ойындары. Айгөлек

Қазақтың ұлттық ойындары. АйгөлекАйгөлек — ұлттық ойын. Айлы кеште, далада өтеді.

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Шепті бұзар ер керек.

Екінші топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Саған қандай ер керек?

— дейді.

Алдыңғы топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,
Күші мығым, қуатты,
Екпіні желдей өршіген

Бізге пәлен ер керек,

— деп бір ойнаушының атын атайды.

Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.
Сайысқанда саспайтын,
Самала күнге бастайтын,
Пәлен деген ер шыққан,

Топ бұзуға мен шыққам,

— деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпек болады. Ол екпінді, күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетекте өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла бере ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы да ойын ережесін сақтауға тиіс.

Қазақтың ұлттық ойындары. Аудараспақ

Қазақтың ұлттық ойындары. АудараспақАударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі.

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатыстырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт.

Астанада стритболдан Қазақстан құрамасы таныстырылды

Астанада стритболдан Қазақстан құрамасы таныстырылдыБүгін елордада әйелдер арасындағы бокстан әлем біріншілігі аяқталады. Қазіргі кезде тағы да бір дүбірлі додаға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Санаулы күндерден кейін Астанада стритболдан FIBA 3х3 U18 Әлем чемпионаты басталады. Дүние жүзіндегі ең мықты көше баскетболшыларымен күш сынасатын Қазақстан құрамасы мүшелерінің есімдері анықталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Командаға Камал Әубәкіров, Артем Парфенов, Бақтияр Намазбаев, Ільяс Жүнісов енді. Әйелдер құрамасында Мәдина Байбөлекова, Райля Мүбаракова, Луиза Зукова және Карина Оленберг ойнайды. Олар жаттығу кезінде өз шеберліктерін көрсетті. Енді спортшылар өз алаңында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Қазақстанның ерлер құрамасы Румыния, Индонезия, Италия және Катар командаларымен ойнаса, қыздар командасы Нидерланды, АҚШ, Италия және Польша спортшыларымен сынға түседі.

Жастардың бапкері Дэмиан Лонгтың айтуынша, спортшылар бір жыл бойы бірге жаттыққан. Олар жақсы дайындалып, өзіндік стиль жасап шығарды.

— Біз Алматыда дайындалдық, бірнеше турнирге қатыстық, ал екі апта бұрын Голландиядан мол тәжірибе жинап келдік. Не боларын уақыт көрсетеді. Жарысқа түрлі мемлекеттердің құрамалары жиналады, әлсіздер болмайды, — деді ол.

Елордалық жанкүйерлер 1-5 маусым аралығында «Астана Опера» театрының жанындағы алаңда еліміздің құрама командасына қолдау көрсете алады.

Әлем чемпионаты өтетін күндері көрермендер стритболдан 3х3 форматындағы кездесулерді, сондай-ақ, әр алуан ойын-сауық бағдарламасын тамашалайды

Еуразия Ұлттық университеті өзінің 20 жылдығын мерекелеуде

ЕНУЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – Қазақстанның үздік көпбейінді университеттерінің бірі – биыл 20 жылдығын мерекелейді. Аталған жоғары оқу орны 1996 жылы 23 мамырда екі ЖОО-ны — Целиноград инженерлік-құрылыс институты (ЦИҚИ) мен Целиноград педагогикалық инстиутын біріктірудің негізінде құрылды.

ЕҰУ 20 жылдығына орай, Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты (ЦМПИ) мен ЕҰУ түлектерінің, оқытушылары мен қызметкерлерінің кездесуін өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерекелік шараға жиналғандардың назарына мерекелік концерт, деректі фильм ұсынылды. Түлектер мен ЦМПИ соңғы ректоры Амангелді Құсайынов сөз сөйледі. Кеш барысында білім ордасының үздік түлектері марапатталды.

Сонымен қатар, мерейтойды атап өту аясында ЕҰУ, ЦМПИ пен ЦИҚИ түлектері үшін ашық есік күні өткізіліп, бұрынғы студенттер университеттің барлық корпустарын, музейлер мен студенттердің үйлерін аралады. Бұдан басқа, университетте «Қалыптасу мен дамудың 20 жылы» фотокөрмесі ашылды.

Еске салайық, Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты 1962 жылы ашылған. Целиноград инженерлік-құрылыс институты Қазақстан Компартиясының ОК мен Қазақ КСР Кеңесінің 1964 жылғы 29 мамырдағы қаулысының негізінде құрылған.

Астананың халықаралық рейтингі Еуропаның ірі қалаларымен теңесті

Астананың халықаралық рейтингі Еуропаның ірі қалаларымен теңестіӨткен жылы қаланың экономикасына тартылған инвестициялардың жыл сайынғы өсімі 397 миллиард теңгеден 773 миллиард теңгеге дейін 1,5 есеге артты, бұл Астананың халықаралық рейтингін Baа3 деңгейіне дейін көтеруге және Барселона, Стамбул және әлемнің басқа да ірі қалаларымен теңесуге мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

— Біз 2012 жылдан бері Moody’s агенттігімен белсенді жұмыс істеп келеміз. Үстіміздегі жылы елорда республикалықпен бір деңгейде тұрған инвесторлар үшін тартымды рейтингтің Baа3 деңгейін растады. Мысалы, Барселона, Стамбул, Мадрид және басқа да қалаларға да рейтингтің осы деңгейі берiлген, — деді баяндамашы.

А. Лукиннің хабарлауынша, қаланы дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру Астанаға Қазақстанның барлық өңірлерінің ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатардан орын алуға мүмкіндік берді.

— Бағдарлама жүзеге асырылған бес жылдың ішінде жалпы өңірлік өнім көлемінің нақты көрсеткіші 2010 жылғы 1 трлн 800 миллиард теңгеден 2015 жылы 4 трлн 600 млрд теңгеге дейін 1,6 есеге ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада экономикалық өсімнің оң үрдісі байқалады — 106,3 пайыз. Бұл ретте Астананың республиканың ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі үлесі сәйкесінше, 8 пайыздан 11 пайызға дейін өсті. Өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің нақты көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 111 миллиард теңгеден 348 миллиард теңгеге дейін 1,4 есеге артты, — деді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар, қала басшысының орынбасары қаланың туристер үшін де аса тартымды екендігін атап өтті. Бес жылдың ішінде Астанаға 3 млн-нан астам қонақ келсе, оның 650 мыңы шетелдіктер болып табылады.

Facebook пен Microsoft Атлант мұхитының түбімен 6 мың км кабель жүргізеді

Facebook пен Microsoft Атлант мұхитының түбімен 6 мың км кабель жүргізедіFacebook пен Microsoft тамыз айында өткізу қабілеті жоғары суасты трансатлантикалық кабельді жүргізу жұмыстарын бастайды.

MAREA жобасы Солтүстік Америка және Еуропа жағалауын байланыстырады. Сегіз оптикалық жұп кабель мәліметтерді 160 Tbps жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді.

Ұзындығы 6 600 шақырымдық кабель Виргиния Бич — Бильбао бағытымен өтетін болады.

ҚазАқпарат

Астанада гүлдер фестивалі өтеді

Астанада гүлдер фестивалі өтеді3-5 маусым аралығында «Қазақстан» спорт сарайының жанындағы Студенттік паркте алғаш рет «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» атты гүлдер фестивалі өтеді.

Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, мерекелік шара барысында гүлдердің 32 мыңнан астам түрі көпшілік назарына ұсынылады.

— Гүлдер фестивалінің мақсаты — гүл өсіру дәстүрін жаңғырту, мәдени кеңістік мүмкіндіктерін кеңейту, елорда тұрғындары мен қонақтарын қаланың экологиялық дамуына тарту,- дейді «Астана көгалдандыру құрылыс» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Әбілдинов.

Ұйымдастырушылар көрермендер үшін қызықты бағдарлама әзірлемек. Шара барысында «Гүлден сабын жасау» тұжырымдамасына қатысуға болады, онда ересектер мен балалар өз қолымен гүлдің хош иісі бар сабындар мен балауыздар жасауды үйренеді. Бір жылдық гүлдер отырғызу бойынша шеберлік дәрістері өтеді, гүлдер базарынан отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алуға болады, гүлдерден басқа түрлі ағаштар мен бұталар да сатылады. Сонымен қатар, парк аумағында «гүлдер» аспаздығынан дәм тату мүмкіндігі туады.

Қазақтың ұлттық ойындары. Арқан тартыс

Қазақтың ұлттық ойындары. Арқан тартысОны арқан тартпақ деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.

Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың негізгі мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.