Алғашқы кездесу естен кетпес, көптен күткен саналғанымен, өте маңызды болып табылатыны рас. Және жүктелер жауапкершілігі мен артылар міндеті айтарлықтай. Себебі, бірінші кездесуден кейін еркекті еліктіре аласыз немесе алғашқы кездесуде-ақ оны жалықтырып алуыңыз әбден мүмкін. «Бір жігіт, екінші жігіт…әрі қарай осылай жалғасын тауып, қарым-қатынас орнамай жатады, «ештеңе етпес, бәлкім, тағдыр емес» дерсіз, дегенмен, арақатынас сіздің қателіктеріңіздің кесірінен орнамаса ше? Осы тұрғыда сіз білуге тиіс, алғашқы кездесудегі қыздардың қателіктерін назарларыңызға ұсындық.
Кез-келген жігіт алғашқы кездесуде сыртқы болмысыңызға қарап баға береді. Тым ақылды не салмақты болып көрінуге тырыспаңыз. Данышпансып сөйлеп өзіңізге қызықтыра алмауыңыз мүмкін.
Десе де, мүләйімсіп түкке түсінбей қалып жүрмеңіз.
Ер мінезділік көрсетпеңіз! Жігіттердің бәрін өзі жайғастыра алатын, біреудің көмегіне мұқтаждығы жоқ қайсар арудан гөрі нәзік жандылар жігіттерді қызықтырады.
Бар сырыңызды ақтарып салудан аулақ болыңыз! Проблемасы көп бойжеткендер де жігіттің қызығушылығын су сепкендай басады.
Бұрынғы жігіттеріңізді айта бермеңіз! Бірінші кездесуде өткен-кеткен жігіттерді талқылап не бұрынғы ғашығыңызды айтудың мүлдем қажеті жоқ. Еркек атаулыға қолдап, қолпаштап, оларды бағалай білгеніңіз маңызды.
Жігіттің намысына тиіп қалмаңыз! Кемшілігін бас салып айта салмаңыз. Есіңізге сала кетейік, олар жанындағы ару жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білгенін қалайды.
Сондай-ақ, алдымен, бет-әлпетіңізге, болмыс-бітіміңізге, сымбатыңызға жігіт тарапынан назар аударылатыны анық. Сондықтан, таза, әдемі, ұқыпты болып жүріңіз. Ал қыздардың қатты боянғаны оларға ұнамайды.
anabol.kz