Домой Блог Страница 192

Обама Хиросимаға барды

Обама Хиросимаға бардыАҚШ президенті Барак Обама Хиросимаға келді. Жапондық қалада ол 1945 жылғы АҚШ атом бомбалауының құрбандары мен Екінші дүниежүзілік соғыста ажал құшқандарды еске алу үшін  Мир мемориалдық саябағына барады.

Хиросимада Обама еске алу музейіне де бармақ. Ол американдық атом бомбалауынан аман қалғандармен де кездесуі ықтимал.

Барак Обама — Хиросимаға барған алғашқы АҚШ президенті.  1945 жылы бұл қала Нагасакимен бірге АҚШ-тың атом бомбалауынан зардап шеккен. Ол кезде 450 мыңнан астам адам қаза тапты.

ҚазАқпарат

Норвегиялық ғалымдар қазақтардың ДНК-сын зерттейді

загруженоҚазақ географиялық қоғамы мен норвегиялық ғалымдар бірлесіп, Скандинавия мен Қазақстан арасындағы этнографиялық байланыстарды зерттемек. Жаңа жоба шеңберінде Норвегия телевизиясы журналистері Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен, еліміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін деректі фильм түсірмек.

Сонымен қатар, зерттеу барысында норвегиялық ғалымдар қазақстандықтардың этногенетикасына ғылыми зерттеу жүргізеді. Өйткені, олар екі ұлттың арасында көптеген ұқсастықтар бар деп болжайды. Оған қоса, делегация құрамында «NRK» арнасының түсірілім тобы мен ғалым-тарихшы Стурла Эллингваг та бар. Халықаралық ғалымдар тобы ежелде Орталық Азия тілдердің орталығы болған деседі. Ал өз кезегінде «NRK» арнасы еліміздің салт-дәстүрін, табиғи ерекшеліктерін баяндайтын бағдарламаға да арнайы репортаж түсірмек ниетте.

«Қазақстанға алғаш келіп тұрғаным жоқ. Бұл ел мені әсіресе терең тарихы мен мәдениетінің ерекшелігімен таңғалдырды. Зерттеу жұмысымыз әлі аяқталған жоқ. Әзірге нәтижесі белгісіз. Норвегиялық ғалымдар Қазақстан жерінде табылған археологиялық мүрделердің ДНК-сын да зерттейді. Екі елді салыстырамыз. Қазақстандықтар келісіп жатса, екі елдің азаматтарының да генін зерттеу ойда бар. Ұқсастықтар барына сенемін»,- деді тарихшы-ғалым (Норвегия) Стурла ЭЛЛИНГВАГ.

Оған қоса, ғылыми журналистиканы дамыту мақсатында Қазақ географиялық қоғамының ұйымдастыруымен белгілі норвегиялық ғалым, әрі «NRK» арнасының жүргізушісі журналистерге шеберлік сабағын өткізді. Математика ғылымының докторы, профессор және журналист Джо Рослиен ғылыми зерттеулердің дұрыс жүргізуді және заманауи бағдарларын айқындауға үйретпек. Норвегиялық журналистер алғашқылардың бірі болып ғылыми журналистиканы дамытуға мықтап кіріскен.

almaty.tv

ОҚО-ға Әділет министрлігі мен Мәжіліс депутаттары келді

0

index
Бүгін өңір басшысы ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Парламенті Мәжілісінің өкілдерінен құралған делегаттармен кездесті.
Кездесу барысында облыс әкімі мәртебелі қонақтарға Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында аймақта атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.

Өз кезегінде халық қалаулылары сот орындаушылары мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.

Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келген делегаттар жеке сот орындаушыларының жұмысымен танысып, жергілікті әділет департаменті мен облыстық соттың ұжымымен кездесу өткізді.

Сонымен қатар, бүгін аталған делегаттардың қатысуымен Бес институтционалдық реформаны іске асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарындағы 27-қадамның атқарылуы бойынша жиын өтті.

«Мерейлі отбасы» конкурсы Астана қалалық турының қорытынды марапаттау салтанаты өтеді

mr

2016 жылы 3 маусымда сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Мерейлі отбасы» конкурсы Астана қалалық турының қорытынды марапаттау салтанаты өтеді.

Аталған шараға Жүгінісовтер мен Салықовтар отбасы, Мәдина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева, Дос, Ерболат Төлегенов («Әзіл әлемі») т.б. эстрада жұлдыздары қатысады. Келем деушілерге есік ашық.

Астана қаласының әкімдігі

Алғашқы кездесудегі қыздардың қателіктері

Алғашқы кездесудегі қыздардың қателіктеріАлғашқы кездесу естен кетпес, көптен күткен саналғанымен, өте маңызды болып табылатыны рас. Және жүктелер жауапкершілігі мен артылар міндеті айтарлықтай. Себебі, бірінші кездесуден кейін еркекті еліктіре аласыз немесе алғашқы кездесуде-ақ оны жалықтырып алуыңыз әбден мүмкін. «Бір жігіт, екінші жігіт…әрі қарай осылай жалғасын тауып, қарым-қатынас орнамай жатады, «ештеңе етпес, бәлкім, тағдыр емес» дерсіз, дегенмен, арақатынас сіздің қателіктеріңіздің кесірінен орнамаса ше?  Осы тұрғыда сіз білуге тиіс, алғашқы кездесудегі қыздардың қателіктерін назарларыңызға ұсындық.

Кез-келген жігіт алғашқы кездесуде сыртқы болмысыңызға қарап баға береді. Тым ақылды не салмақты болып көрінуге тырыспаңыз. Данышпансып сөйлеп өзіңізге қызықтыра алмауыңыз мүмкін.

Десе де, мүләйімсіп түкке түсінбей қалып жүрмеңіз.

Ер мінезділік көрсетпеңіз! Жігіттердің бәрін өзі жайғастыра алатын, біреудің көмегіне мұқтаждығы жоқ қайсар арудан гөрі нәзік жандылар жігіттерді қызықтырады.

Бар сырыңызды ақтарып салудан аулақ болыңыз! Проблемасы көп бойжеткендер де жігіттің қызығушылығын су сепкендай басады.

Бұрынғы жігіттеріңізді айта бермеңіз! Бірінші кездесуде өткен-кеткен жігіттерді талқылап не бұрынғы ғашығыңызды айтудың мүлдем қажеті жоқ. Еркек атаулыға қолдап, қолпаштап, оларды бағалай білгеніңіз маңызды.

Жігіттің намысына тиіп қалмаңыз! Кемшілігін бас салып айта салмаңыз. Есіңізге сала кетейік, олар жанындағы ару жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білгенін қалайды.

Сондай-ақ, алдымен, бет-әлпетіңізге, болмыс-бітіміңізге, сымбатыңызға жігіт тарапынан назар аударылатыны анық. Сондықтан, таза, әдемі, ұқыпты болып жүріңіз. Ал қыздардың қатты боянғаны оларға ұнамайды.

anabol.kz

Қазақтың ұлттық ойындары. Алтыбақан

Қазақтың ұлттық ойындары. АлтыбақанАлтыбақан — қазақ жастарының ежелден келе жатқан кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы.

Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған. Отырықшы халықтарда ол әткеншек деп те аталады. Алтыбақаннан айырмасы ол тұрақты орнатылады және жалғыз адамға арналады. Алтыбақанның қажетті заттары – тез құрастырылып, жиналатын үймүліктері. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді. Алтыбақан көріністері театр өнерінде халықтың ұлттық тұрмыс ерекшеліктерін көрсету, сахнаны әсерлендіру тұрғысында да лайықты орын алды.

Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады.

Балалар күніне орай сурет көрмесі ұйымдастырылады

Балалар күніне орай сурет көрмесі ұйымдастырыладыБалаларды қорғау күні және Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығы бірлесе отырып, «Хан Шатыр» ойын сауық және сауда орталығында «Түркия- Қазақстан балалар сурет көрмесінің» ашылу рәсімін ұйымдастырады. Аталған шара шеңберінде концерттік бағдарлама жоспарланып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпараттық агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 23 сәуірінде аталған ұжымдардың ат салысуымен Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Түркия- Қазақстан 23 сәуір балалар мерекесі» атты шара ұйымдастырылып, сурет салудан жарыс өткізілген болатын.

Жарысқа қатысқан 7-10 және 11-14 жас аралығындағы Астаналық 12 баланың жұмысы жүлделі орындарға ие болып отыр. 28 мамырда ашылатын көрмеге Қазақстан –Түркия достығы тақырыбына орай салынған 40 сурет қойылады деп күтілуде. Астаналықтар мен қала қонақтары 28 мамыр күні 15:00-де аталған шараны тамашалай алады.

Сұлулық зертханасы: Сәбіздің пайдасы

Сұлулық зертханасы: Сәбіздің пайдасыСәбіз – ұмытылған сұлулық пен ұзақ өмір сүрудің сыры. Сәбіздің құрамында каротин өте көп. Ол ағзаға түскенде А дәруменіне айналады. Сондай-ақ, С, В, D, Е дәрумендеріне және микроэлементтерге өте бай. Сәбіздің құрамында: калий, кальций, марганец, темір, фосфор, магний бар.

 Сәбізді емдік мақсатта шикілей немесе шырынын пайдаланады. Сәбіз ағзаға барлық жағынан пайдалы.

  • Сәбіз шырыны және үгітілген сәбіз ағзаны қалыпқа келтіруге әсер етеді. Олар қанды тазартып, улы және зиянды заттарды ағзадан жояды. Зат алмасуды қалыпқа келтіріп, ішкі ағзалардың белсенділігін арттырады. Авитаминоз және анемия кезінде сәбізді жиі тұтыну пайдалы.
  • Сәбіз шырыны бүйрек және бауыр жұмысы бұзылған жағдайда пайдалы болып табылады, бүйректегі құм және шағын тастарды жоюға ықпал етіп, бауырды тазалайды.
  • Халық медицинасында үгітілген сәбізбен шырынын күйген жерлерге, іріңді жараларға қояды.
  • Сәбіз көз ауруларында, жоғарғы тыныс жолдарының аурулары, ауыз қуысының қабынуы, стоматитті емдеу кезінде пайдаланады.

«Сұлулық дәрумені» деп аталатын А дәрумені, табиғи косметика үшін сәбіздің маңызды құрамы. Егер сіз тұрақты түрде сәбіз шырынын ішіп жүрсеңіз, онда сіздің жүзіңіз жасарады.

 Сәбізден косметикалық мақсаттарда маска жасап, сыртқы қолдануға болады.

anabol.kz

Бет пішіні арқылы мінезін таны

  Бет пішіні арқылы мінезін таныАдам баласы туылған сәттен бастап өзіндік ерекшелікпен, дүниеге келеді. Сол ерекеше қасиеттері оның бет пішіні болуы мүмкін, егерде сізді адамдардың бет пішіні арқылы да адамды тануға білетін боларсыз. Ендеше төмендегі бет пішіндеріне көңіл бөліңіз.

1.Сопақша бет- аристократты түрге жатады. Ондай бет-пішінді адамдар ақылды, бір қалыпты, сезімтал келеді. Олар жинақы, әділ әрі салмақты. Ондай адамдарда ұйымдастыру қабілеті жақсы дамыған және дегеніне жетпей қоймайды. Олар көбінесе жеңіске жететіндер.

2. Алмұрт пішінді бет- бұл адамдар кең маңдайлы, үшкір иекті болып келеді. Олар өмірде нағыз әртіс, ақылды, сезімтал болады және сол қасиетінің арқасында айналасындағыларға сыйлы болады. Алмұрт пішіндес әйелдер қамқор, өз ісіне берілген, өте әдемі және оптимистер.

3.Төртбұрышты бет — бұл адамдар тасжүрек, бірбеткейлі, ашық мінезді және баяу қимылдайтын болады. Олар лидер болуға ұмтылады және жетістікке жетеді. Бірақ олар қатал, дөрекі әрі мықты болып келеді. Олар өз сөзінде тұратын және бір шешімге келетін адамдар. Ал әйел адамдарға келетін болсақ, көбінесе отбасын әйел басқарады. Ерлері әйелінің айтқанынан шықпайды.

4.Үшбұрышты бет— бұндай адамның маңдайы ұзын әрі кең, ал көздері кіріңкі, иектері шығыңқы. Олар өзін ғана ойлайтын, қызғаншақ, сенгіш болады. Айналасындағыларға ұнамайтын істерде лидер болады. Сонымен қатар олар дарынды әрі сезімтал келеді. Көбіне ақылды және  аздап қулау да келеді.

5.Дөңгелек бет- олар ізгі ниетті, пәк сезімді, тазалық сүйуші, нәзік жанды таяз ойлаушылар. Ондай адамдар лидерлікке, атақ-абыройға ұмтылмайды. Олар жайлылықты және адамдармен көп араласуды ұнатады. Олардың көздері мөлдір әрі тұнық келеді. Мұндай адамдардан жақсы басшылар шығады.

anabol.kz

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды

«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталдыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 141 бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 11 сәуір мен 13 мамыр аралығында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың бірінші кезеңі өткізілді.

Көрсетілген кезеңде қабылданған құжаттардың жалпы саны — 276, олардың ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қабылдағаны — 168, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы — 47, «электронды үкімет» порталы арқылы- 61. Бұл ретте академиялық оқуға 215 үміткер, тағылымдамаға  61 үміткер тіркелген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау үш кезеңде өткізілетіндігін еске саламыз: бірінші кезең — 11 сәуір — 13 мамыр; екінші кезең — 13 маусым — 29 шілде; үшінші кезең — 15 тамыз — 30 қыркүйек, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметінен.

ҚазАқпарат