Араб әйелі дегенде көз алдымызға хиджабтағы, паранжадағы қыз баласы елестейді. Тағы бірде, үйде, бала тәрбиесімен отырған әйелді көреміз. Мен айтқалы отырған әйел бұрынғылардан өзгерек. Сұлтан Сүлейманның атақты Хюрремін тарихтан біліп, сериалдан көрген болсаңыз, шынайы өмірде онымен тең келетін бір әйел барын да білгеніңіз жөн. Ол – Катардың бірінші бикеші Шейха Моза.
Шейха Моза кім?
1959 жылы Катардағы Аль Хор қаласында дүниеге келген. Әкесі Египеттің президенті болған. 1977 жылы Моза 18 жасқа келгенде Катардың ханзадасына атастырылады. Қазір Хамад бин Халиф Аль-Тани Катардың билеушісі, Мозадан басқа екі әйелі бар. Тұрмысқа шықпас бұрын, оқуға тапсырып, 1986 жылы Катар университетінде әлеуметтанушы мамандығын бітіріп шықты. Қазір Шейха Моза әлемдік болсын, мемлекеттік болсын ортада өте белсенді, Катардың қоғамдық өмірін де қатар алып жүрген әйел.
Негізінен, білім саласын басты назарда ұстайды. Катарлық білім, ғылым, қоғамдық даму фондының басқарушысы; отбасы мәселесіне қатысты Жоғарғы Кеңестің президенті; білім беру бойыншаЖоғарғы Кеңістің вице-президенті; ЮНЕСКО-ның базалық және жоғарғы білім бойынша арнайы елшісі. Білім саласына қатысты соңғы жылдары екі үлкен жоба жасады. Олар «Білім қаласы» мен «Аль-Джазира балалар арнасы». «Білім қаласы» — Ақш-тан келген профессорлар сабақ беретін университет.
Араб демоктариялық фондын басқарады. Бірнеше жылдар бойы Моза АҚШ-тың беделді университеттерінде дәріс беріп жүрді. Дәріс араб әйелдері мен олар туралы аңыздар мен ақиқаттар жайлы. Сол дәрісі үшін АҚШ университеттері оған доктор атағын берді.
Vanity Fair журналына бір кездері ғаламшарымыздағы ең сәнді әйелдердің тізімінде екінші болып көш бастаған Шейха Моза бүгінге Форбестің ең ұлы 100 әйелінің алдыңғы қатарларында тұр.
Екі қызы, бес ұлы бар Катардың бірінші бикешін Хюрремнен асты демесеңіз, қалыс қалмағанын байқайсыз. Шейхтің екінші әйелі бола тұра, саясатта, қоғамда, әлемдің қауымдастықта өзін көрсете білген дана әйел 57-е келсе де сыры мен сынын берер емес. Шейхтің 29 ізбасары бола тұра, Шейха Мозаның ұлы таққа отырар ханзада болғаны да оның күшін көрсетеді.
Егер ол керемет тартымды болмағанда, осының бәрі әдемі, ғажайыпқа толы сарынмен айтылмас та еді. Сән мен талғамды үздік ұштастыра алған Моза, Ульяна Сергеенконың кимідерін ұнатады екен. Оның басына таққан орамалы, кейде ұзын белдемше, кейде ұзын шалбармен үйлесе кеткен қысқа жейделері ұзын бойына жарасып, мықты әйел етіп тұрады.Шейха Моза келгелі Шейхтің ел басқаруда қолы жүріп, көркейтуі «жақсы әйел ерін патша етіп, өзі нағыз патшайым болады» дегенге келеді. Араб әйелдері туралы барьерді бұзып, хиджаб кимеген бұл әйелдің қолында нендей күш?
Мозадан кейін билеушінің үшінші әйелді алуы, махаббаттан немесе құштарлықтан емес, Шейха Мозаға әдейі өзінің ұлы билеуші екенін дәлелдеу мақсатында болған деседі. Қалай алып қарасақ та, ертегі немесе автобиография жазуға өте қызықты тұлға. Хюрремнің қайсарлығын көрсете алған, феминизмді қолына алған ұлы әйел ұлықтап, қол шапалақтауға лайық-ақ!
Бағила Ағайдар