Домой Блог Страница 194

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жастар би биледі

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жастар би биледіҚазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысында мерейтойға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Оған жастар да белсене қатысып келеді.

Талдықорғанда мерейтойға арнап «CLICK DANCE AWARDS» көше билерінен турнир өтті. Турнирге Алматы облысының орталығына жақын орналасқан аудан, қалалардан жастар көптеп жиналды. Би турнирінің бағдарламасында қатысушылар түрлі номинациялар бойынша өнер көрсетті.

Облыстық жастар ресурстары орталығының өкілі А. Досжанқызының айтуынша, шараның басты мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру, талантты жастарды қолдау және жастардың бос уақытын тиімді өткізу.

Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмейді

Астана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері берілмейдіАстана қаласында жақын арада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ұсыну жоспарланбаған. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен арнайы брифингте Астана қаласы Жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркенов мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда елордада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне сұраныс қаланы дамытудың бас жоспарының жобалық қуатынан 7 есеге артық болып отыр. Бас жоспарға сәйкес, 2030 жылға дейін елорда аумағында қазіргі жеке тұрғын үйлер салынған аудандарды есепке алғанда, қаланың жер учаскелерін беру бойынша нақты мүмкіндігі шамамен 15 мың жер учаскесін құрайды.

— Қазіргі кезде Астанада 103 мыңнан астам адам жерге кезекте тұр. Өтініштер ҚР Үкіметімен бекітілген ережелер бойынша 2006 жылдың тамыз айынан бастап қабылдануда, онда дайын учаскелер беріледі делінген, яғни, инженерлік желілермен қамтамасыз етілген. Бүгінде Астанада ондай дайын алаңдар жоқ, сондықтан біз ешкімге де жер бере алмаймыз. 2007 жылы ҰОС ардагерлеріне, мүгедектеріне, олардың жесірлеріне және оларға теңестірілген басқа санаттарға, жеңілдікті санаттағы азаматтарға 1120 жер учаскесі берілді. Содан бері ешкімге де жер берілген емес,- деді Төлеуғазы Нұркенов брифинг барысында.

Айта кетейік, Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін ұсыну ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015ж. №255 бұйрығымен (ҚР Үкіметінің 01.08.2006ж. №726 қаулысымен бекітілген) бекiтілген Ережемен регламенттеледі.

Осы Ереженің нормаларына сәйкес, өтініш берген кезде бөлінетін дайын алаңдар болмаған жағдайда, азаматтардың өтініштері келіп түсуіне қарай арнайы есепке қойылады. Өтініштер қажетті инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген жоғарыда аталған алаңдардың болуына қарай қанағаттандырылады және қатаң кезектілік тәртібінде бөлінеді.

Ереженің нормалары Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардан басқа, азаматтардың барлық санаттары үшін бірдей болып табылады.

Бұдан басқа, брифинг барысында Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша пәтерлер беру туралы sms-хабарлама тарату туралы мәселе көтерілді.

«Астана қаласының әкімдігі sms-хабарлама таратумен айналыспайды. Барлық ресми хабарландырулар әкімдіктің және қалалық басқармалардың ресми сайттарында жарияланады. Аталған бағдарлама туралы айтар болсақ, қазіргі кезде ол аяқталды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша өткен азаматтар пәтерлермен қамтамасыз етілді. Енді қалған 50 тұрғын үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа пәтерлерге қоныстанатын болады», — деді елордалық Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.

Астаналық саябақтардағы жазғы демалыс

Астаналық саябақтардағы жазғы демалысЖазда «Астаналық», «Студенттік», «Жерұйық» және «Арай» парктерінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени-бұқаралық, спорттық, ойын-сауық шаралары өткізіледі. Ашық аспан астындағы шаралар 1 маусымда басталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әр сенбі-жексенбі күндері сағат 15.00-19.00 аралығында түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні саябақтарда «Алау», «Айналайын» вокалдық топтары, «Гүлнар», «Наурыз» би ансамбльдері, «Браво» пародиялар театры, «Наз» би театры, Астаналық цирк әртістері, Мемлекеттік академиялық филармонияның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, бұл күні безендірілген арбалар шеруі, велосипедшілер чемпионаты, қуыршақтар спектаклі, Оқушылар сарайының жас суретшілер конкурсы, оригами, ермексаз, ұсақ моншақтардан өнім жасау бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі.

31 тамызға дейін демалыс күндері қалалық шығармашылық ұжымдар, вокалдық топтар өз өнерлерін ортаға салады. Спортқа әуес жандар «Көңілді старт» , «Күшті бол» спорттық акцияларына және т.б. жарыстарға қатыса алады.

— Соңғы кездері ашық аспан астында өткізілетін шараларға басымдық беріліп келеді. Ашық алаңдар – жастардың демалысын ұйымдастыру қызметін ұсынудың мінсіз нысаны. Жалпы алғанда, мәдени және спорттық шаралар халықтың басым бөлігіне қолжетімді болады. Жазда оқушылар демалады, Астанаға туристер көптеп келеді, сондықтан паркте өткізілетін шаралар тартымды болмақ. Өткен жылы осы сияқты шағын акциялар өткіздік. Жыл сайын бұл үрдіс одан әрі қарқын алатын болады, — деді Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

Айта кетейік, қазіргі кезде әр демалыс сайын Астаналық парк аумағында Fitness Park Astana бұқаралық жаттығулар жасау ұйымдастырылады.

Астанада Олимпиада күні аталып өтіледі

Астанада Олимпиада күні аталып өтіледі29 мамырда елордалық мәдениет және демалыс паркінде қала тұрғындары үшін спорт мерекесі ұйымдастырылады. Халықаралық Олимпиада күніне орайластырылған 60 және 100 метрге жүгіруге ниет білдіргендердің бәрі қатыса алады. Сонымен қатар, парк аумағында бірнеше сайыс өткізіліп, кішкентай балалар Олимпиада тақырыбында суреттер салады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Барлық қонақтар үшін Олимпиада күні нағыз мерекеге айналмақ, әр адам өзін бүкіләлемдік олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі ретінде сезінеді. Мерекелік шара интерактивті форматта өтеді. Келушілер жүгіру, шағын футбол, үлкен теннис пен үстел теннисі, арқан тарту, дартс, допты себетке дәл тастау бойынша жарыстарда бағын сынайды.

Ересектер қашықтықты бағындырса, балалар көркемдік сайыста күш сынасады. Асфальтқа сурет салу байқауында Олимпиада күнінің белгісін ойлап тауып, салу керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, интерактив көбіне өскелең ұрпаққа бағытталған, бұл балалардың Олимпиада ойындарына деген қызығушылығын оятуға, спорттық рухты дамытуға септігін тигізеді. Атақты чемпиондар Серік Сәпиев, Асхат Жіткеев, Юрий Мельниченко және т.б. фестиваль қонақтары болады.

Биылғы шараның басты ерекшелігі — қаланың әр тұрғыны Риода өтетін Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларға арнаған өз тілегін қалдыра алатын қабырға.

Мереке сағат 12.00-де басталады. Сондай-ақ, шара еліміздің көптеген қалаларында және облыстарында өтеді.

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастадыБүгін Тәуелсіздік сарайында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жыл сайынғы Астана экономикалық форумын ашты. Биылғы форум «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы» тақырыбына арналған.

Астана экономикалық форумы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүкіл әлем сарапшылары, көшбасшылары, ғалымдар мен көрнекі саяси қайраткерлері, бизнес сектордың өкілдері жаһандық проблемаларды талқылау үшін жыл сайын бір диалогтық алаңға жиналады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Форумның ашылуы барысында ҚР Премьер-министрі аталған шараның Ұлы Жібек жолы елдері мен ҚР Президентінің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға табыс тіледі.

– Ежелгі Жібек жолы бірегей көпір болған. Жібек жолы озық тәжірибе алмасуға ынталандырып, Еуразияда бейбітшілікті нығайтуға және диалог орнатуға септігін тигізген. Соңғы он жылдықтарда Азия мен Еуропа арасында өзара іс-әрекеттің қажет екендігін көріп отырмыз. Бұл жоба инвестициялық және іскерлік ынтымақтастық алаңына айналады деп ойлаймын, – деді Кәрім Мәсімов.

АЭФ-тың басты мақсаты халықаралық бейтарап алаң қалыптастырып, әлемдік сарапшылар-экономисттер Орталық Азия аймағының, сондай-ақ, жаһандық экономиканың өзгеруі жағдайында әлемдік кеңістіктегі экономикалық даму мәселелерін талқылау болып табылады.

Астана экономикалық форумының бірінші күні аясында өткізілетін басты шаралар: «Гипержаhандану дәуірінің аяқталуы: экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаңа жағдайлар», «Ұлы Жібек жолы елдерінің форумы: энергия, ресурстар және тұрақты даму»,«БҰҰ ДБ 50 жылдығы: орнықты даму мақсаттарына жетуді жеделдету үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеу».

Сонымен қатар бүгін өтетін маңызды сессиялардың бірі «Қазақстан инвестициялық саммиті», оған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев қатысты.

Жыл сайын форумға экономикалық және саяси даму саласындағы әлемнің  жетекші сарапшылары жиналады. Биыл сессия жұмысына қазақстандық сарапшылардан басқа, Польшаның бұрынғы президенті Александр Квасьневский, Ресей Сбербанкінің төрағасы Герман Греф, AliBaba Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма, JPMorgan Chase International корпорациясының төрағасы Джэйкоб Френкель, ХВҚ директоры-басқарушысы Кристин Лагард, ДСҰ бас директоры Роберту Азеведу, ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти форум спикері болады.

АЭФ-2016 екі күнге жалғасады. Бірқатар сессиялар қаржы және банк секторларының даму перспективаларына, монетарлық саясатқа және капиталды бақылау режиміне оралу мүмкіндігіне, сондай-ақ, тұрақты даму мен экологиялық үндеулер мәселелеріне арналады.

Сұлы ботқасы — сұлулық сыры

Сұлы ботқасы - сұлулық сырыСұлы ботқасы (овсяная каша) басқа ботқалармен салыстырғанда ең пайдалысы. Сұлы ботқасы шотландықтардың ұлттық тамағына айналып, голливуд жұлдыздарында әйгілі, кеңінен тараған ас болып табылады екен.

 Сұлы — астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Дәнінің құрамында ақуыз, май, крахмал, жасұнық, В1, В2, РР, Е дәрумендері, марганец, кремний, кальций, фосфор бар. Сұлы ішектерді артық шлактардан тазартып, іш ауырып, кебінгенде қолданылады. Гастрит, асқазан жарасы, қатерлі ісіктің дамуын тежейді. Сұлы биотин дәруменіне бай болғандықтан теріге пайдалы, дерматит ауруына шалдықтыртпайды. Беттің барқыт тәрізді жұмсақ болуы үшін жағатын маскалар да дайындауға болады.

anabol.kz

Лимон шырыны мен су ішудің 7 себебі

Лимон шырыны мен су ішудің 7 себебіГастроэнтерологтар күнді лимон шырыны мен 1 стақан судан бастаудың 7 жақсы себебін атады.

1. Сіз иммундық жүйеңізді нығайтасыз. Лимон С дәрумені және калийге бай. Ол ми және жүйке жүйесіне пайдалы. Қан қысымын реттейді.

2. Лимон сілтілік балансты реттейді. Лимон асқазан қышқылын көбейтпейді.

3. Сіз тез салмақ тастайсыз. Лимон шырынында ағзадағы аштықпен күресетін пектин бар. Сонымен қатар, сілтілік диетаны қолдану әлдеқайда жылдам салмақ тастауға көмектеседі.

4. Лимон шырыны ас қорытуды реттейді. Жылы су асқазан-ішек жолдары және перистальтикасын жақсарту үшін қолданылады.

5. Бұл сусынның жұмсақ несеп айдағыш әсері бар. Лимон су несеп жолдарының денсаулығын сақтай отырып, организмнің тез тазалауға көмектеседі. Зәр шығару жылдамдығын арттырады.

6. Сіз, теріңіздің тазарғанын байқайсыз. Қаннан улы заттарды шығарады. С дәрумені терідегі әжімдерді азайтады.

7. 1 шыны су – таңертең барлық жүйелер бірінші кезекте дұрыс жұмыс істейтін болады. Және күні бойы қалыпты жұмыс істеуге қабілетті.

Сізге бұл “өмір элексирін” жасау үшін 2 минут қажет.

anabol.kz

Атсалим Идиговке Қазақстан Журналистер академиясының академигі куәлігі тапсырылды

Атсалим Идиговке Қазақстан Журналистер академиясының академигі  куәлігі тапсырылды Бүгін Қазақстан Журналистер академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев Алматы облысының «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идиговке Қазақстан Журналистер академиясының академигі куәлігін және дипломын тапсырды. Салтанатты рәсім Талдықорғандағы Журналистер үйінде өтті. Жиында марапат иесін қаламдас әріптестері құттықтап, оның өңірдегі журналистиканы дамытудағы еңбегін атап өтті.

Идигов Атсалим Саламұлы – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Шаңырақ» республикалық конкурсының лауреаты, Геннадий Толмачевтің «2015 жылдың үздік бас редакторы» сыйлығының иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі.

Қытайда бір уақытта 1000 адам домбырада күй шертті

Қытайда бір уақытта 1000 адам домбырада күй шерттіШыңжаңның Тарбағатай аймағы Толы ауданында III кезекті «Тарбағатай тау гүлі шешек атты» домбыра мәдениеті мерекесі басталды. Мәдени шара аясында мың адам бір уақытта домбыра шертті, деп жазады қытайдың kazak.ts.cn сайты.

Мамыр айында Толы ауданында тау гүлі шешек атып, бөктерлер мен қыраттарды гүл көмкереді. Осыған орай бұл өңірде жыл сайын мәдени шаралар өтіп тұрады. Биыл да ұйымдастырылған мерекелік шара аясында 1000 адам күй шертіп, көрермен ықыласына бөленді.

Араб әлемінің Хюррем сұлтаны

Араб әйелі дегенде көз алдымызға хиджабтағы, паранжадағы қыз баласы елестейді. Тағы бірде, үйде, бала тәрбиесімен отырған әйелді көреміз. Мен айтқалы отырған әйел бұрынғылардан өзгерек.  Сұлтан Сүлейманның атақты Хюрремін тарихтан біліп, сериалдан көрген болсаңыз, шынайы өмірде онымен тең келетін бір әйел барын да білгеніңіз жөн. Ол – Катардың бірінші бикеші Шейха Моза.

Шейха Моза кім?

1959 жылы Катардағы Аль Хор қаласында дүниеге келген. Әкесі Египеттің президенті болған. 1977 жылы Моза 18 жасқа келгенде Катардың ханзадасына атастырылады. Қазір Хамад бин Халиф Аль-Тани Катардың билеушісі, Мозадан басқа екі әйелі бар. Тұрмысқа шықпас бұрын, оқуға тапсырып, 1986 жылы Катар университетінде әлеуметтанушы мамандығын бітіріп шықты. Қазір Шейха Моза әлемдік болсын, мемлекеттік болсын ортада өте белсенді, Катардың қоғамдық өмірін де қатар алып жүрген әйел.

Негізінен, білім саласын басты назарда ұстайды. Катарлық білім, ғылым, қоғамдық даму фондының басқарушысы; отбасы мәселесіне қатысты Жоғарғы Кеңестің президенті; білім беру бойыншаЖоғарғы Кеңістің вице-президенті; ЮНЕСКО-ның базалық және жоғарғы білім бойынша арнайы елшісі.  Білім саласына қатысты соңғы жылдары екі үлкен жоба жасады. Олар «Білім қаласы» мен «Аль-Джазира балалар арнасы». «Білім қаласы» — Ақш-тан келген профессорлар сабақ беретін университет.

Араб демоктариялық фондын басқарады. Бірнеше жылдар бойы Моза АҚШ-тың беделді университеттерінде дәріс беріп жүрді. Дәріс араб әйелдері мен олар туралы аңыздар мен ақиқаттар жайлы. Сол дәрісі үшін АҚШ университеттері оған доктор атағын берді.

Vanity Fair журналына бір кездері ғаламшарымыздағы ең сәнді әйелдердің тізімінде екінші болып көш бастаған Шейха Моза бүгінге Форбестің ең ұлы 100 әйелінің алдыңғы қатарларында тұр.

Екі қызы, бес ұлы бар Катардың бірінші бикешін Хюрремнен асты демесеңіз, қалыс қалмағанын байқайсыз. Шейхтің екінші әйелі бола тұра, саясатта, қоғамда, әлемдің қауымдастықта өзін көрсете білген дана әйел 57-е келсе де сыры мен сынын берер емес. Шейхтің 29 ізбасары бола тұра, Шейха Мозаның ұлы таққа отырар ханзада болғаны да оның күшін көрсетеді.

Егер ол керемет тартымды болмағанда, осының бәрі әдемі, ғажайыпқа толы сарынмен айтылмас та еді. Сән мен талғамды үздік ұштастыра алған Моза, Ульяна Сергеенконың кимідерін ұнатады екен. Оның басына таққан орамалы, кейде ұзын белдемше, кейде ұзын шалбармен үйлесе кеткен қысқа жейделері ұзын бойына жарасып, мықты әйел етіп тұрады.Шейха Моза келгелі Шейхтің ел басқаруда қолы жүріп, көркейтуі «жақсы әйел ерін патша етіп, өзі нағыз патшайым болады» дегенге келеді.  Араб әйелдері туралы барьерді бұзып, хиджаб кимеген бұл әйелдің қолында нендей күш?

Мозадан кейін билеушінің үшінші әйелді алуы, махаббаттан немесе құштарлықтан емес, Шейха Мозаға әдейі өзінің ұлы билеуші екенін дәлелдеу мақсатында болған деседі. Қалай алып қарасақ та, ертегі немесе автобиография жазуға өте қызықты тұлға. Хюрремнің қайсарлығын көрсете алған, феминизмді қолына алған ұлы әйел ұлықтап, қол шапалақтауға лайық-ақ!

Бағила Ағайдар