Қорқынышты кино кейіпкерлері өмірде жоқ екендігін біле тұра, қазір жаныңызға келіп қалардай қатты қорқасыз ба? Онда мына кеңестер мен ақпараттар сіз үшін маңызда болмақ.
Қорқынышты фильмдер психикаға қатты әсер етеді. Себебі:
— Сіздің санаңыздың түпкі жағында тығылып жатқан барлық қорқыныш, уайым, реніш сияқты тыйым салынған эмоциялардың барлығы дерлік оянады.
— Жасөспірімдерге ерекше әсер етіп, оның мінезін өзгертіп жібереді. Мысалы, Қытайда жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен қорлық күрт көбейіп кеткендіктен, сол кездері «Өлім күнделіктері» атты фильмнің көрсетіліміне тыйым салынған.
— Вашингтон қаласында 2009 жылы биохимиктер өткізген тәжірибе барысында бөлінген антиденелер қайда барарын білмей, адамның өзін жегідей жеген екен. Тәжірибе бойынша адамдар тобын үш түрлі жанрдағы фильмге кіргізеді. Бастапқы драма мен документальді фильмді көргенде олардың бойынан еш өзгеріс байқалмаған көрінеді. Алайда қорқынышты фильмнен кейін ғалымдар көрермендердің ағзасында антиденелер күрт көбейіп кеткендігін байқайды. Естеріңізге сала кетейік, антиденелердің басты міндеті -ағзаны түрлі ауру қоздырғыштарынан қорғау. Бірақ қорқынышты фильм көру салдарынан бөлінген антиденелер ешбір ауруқоздырғышын таба алмағандықтан, өз міндетін атқару мақсатында басқа мүшеге шабуыл жасалғаны анықталыпты.
Дей тұра үрей туғызатын фильмдер соншалықты жаман емес. Олардың пайдалы жақтары да бар екен:
— Адамның жүйке жүйесіне арналған мықты тренинг. Бұндай жанрдағы фильм фанаттары өте шыдамды келеді екен. Яғни, олардың сағын сындыру қиын.
— Адреналин алу үшін жақсы әдіс. Психологиялық клиниканың профессоры Дэвид Раддтың айтуынша, мұндай фильм тамашалағандарда ләззәт алу процессі жүріп, реалды өмір мен реалды емес өмірді ажыратып отырады екен.
— Фобияңызды, психикалық ауытқуларды жеңу мақсатында көруге болады. Қорқынышты фильм қарау арқылы, бойыңыздағы қорқу эмоциясын жойып, түрлі жағдайға бірқалыпты қарайтын боласыз.
Ал енді кеңестерге келетін болсақ:
— Қарап отырғаныңыз тек қана фильм екенін үнемі есіңізге салып отырыңыз. Қарайтын қорқынышты фильмнің ең әуелі түсірілім алаңы кезіндегі видеоларын қарап алыңыз. Фильмнің қалай түсірілгенін біліп отырып қарасаңыз, жеңіл болады.
— Сатиралық қорқынышты фильмдерді қарап көріңіз.
— Қорқынышты көрсетілімдерінде ойыңызды басқа нәрсеге аударуға тырасыңыз. Мәселен, біреу шыңғырып жатса, «неге шыңғырады», немесе «не киіп алған» деп басқа жағынан ойланып көріңіз.
— Қорыққан кезіңізде күліп көріңіз. Ол миды реакциядан аулақ болуға көмектеседі.
— Фильм бастан-аяқ қорқынышты бола бермейтінін, адамдар өле бермейтінін ескеріңіз. Фильмдегі жайбарақат уақытта сіз ойланып, келесі жолы қорықпауға дайындалып алуыңызға болады.
— Қорқынышты фильмді күндіз қарауға тырысыңыз.
— Жаныңызға сізге жақын немесе қорқынышты фильмді жақсы көретін адамды алыңыз. Сонда ол өзін де сізді де қорқыта алмайды.
Автор: Бағила Ағайдар