Домой Блог Страница 204

Жер қатынастары бойынша 23 сұрақ

0

00

  1. Жерді жеке меншікке кім сатып алады?

Бірде бір шетелдік Қазақстан жерінің бір сантиметрінде сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқы бар, біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға құқы бар. Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Мынаны ескерткіміз келеді, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн га жері Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде, ал   99,5 млн га жер жалға берілген. Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлық, дақылдық, жемдік, көкөністік –бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі және бұндай жерлерде мал шаруашылығымен  және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теңгені құрады.

99,5 млн га жердің  шетелдіктерге  65 мың га жері ғана берілген  – бұл шамамен 0,06% — оның өзі жалға берілген. Атап өткен жөн, оның ең көп  бөлігі  -45 мың га – бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген, олардың үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді. Мысалы, Ақмола обласында 2010 жылы  американдық Global Beef компаниясымен (капиталдық үлесі 15% ) «KazBeef Ltd» ЖШС бірлесіп құрылды. Кәсіпорын жер телімінің көлемі 154,8 мың га, оның ішінде: егістік -13,2 мың га, шабындық — 141,6 мың га.

Компания елімізде алғашқылардың бірі болып тұқымдық таза ангус және герефорд малы тұқымдарын алып келе бастады, сөйтіп сапасы жоғары ет өндірісінің толық циклін құру жолын бастады. Биыл 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоғары сапалы 2014 тонна ет экспортталды. Қазір кәсіпорында 85 — ге жуық адам жұмыс істейді, олардың ішінде бірде бір шетелдік жоқ.

Сондай-ақ, Солтүстік –Қазақстан облысында қытай инвесторларының қатысуымен   май дақылдарын өндірісі мен қайта ұқсату бойынша пилоттық кооперативті құру іске асырылуды. Аталған жоба кластерлік жолға қойылған, ол  12 мың га  жер көлемінде май дақылдарын өсіру және оны өсімдік майын қайта өңдеу үшін май экстракциялау заводының құрылысы салынбақшы. Барлығы кооператив  9 ауылшаруашылығы өндірушілерінің басын қосады.

Жалға берілген жерлердің кейбір өңірлер бойынша  жерді таратуы мынандай: Ақтөбе облысында  — 29 мың. га, Жамбыл облысында – 13,5 мың. га,  Ақмола облысында – 8,6 мың га.

Ал ресейліктер болса 10 236 га жалға береді, Қытай резиденттері  — 282 га, ОАЭ — 859 га, Түркия — 7 га және тағы басқаларға жалға берілген.

  1. Заңнама қаншалықты жерді жеке меншікке алу үшін шетелдіктердің айналып өтуінің  мүмкіндіктерін ескере ме?

Заңнамада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға тиым салған, сондай-ақ    шетелдіктерге  салынған  шектеулердің айналып өту  тетіктерін де  ескереді.

Егер де шетелдіктер жеке меншігіне жалған неке арқылы қулығын асырып жерді сатып алуға тырысса, ЖШС үлесін сатып алу арқылы немесе  екінші нарықта жерді сатып алғысы келсе әділет органдары бұндай жағдайларды  тіркеу үшін  қабылдамайды.

Заң тұрғысында, бұндай тіркеусіз жер құқығына иелікте туындамайды.

Сонымен, әділет органдарындағы тіркеу рәсімдері арқылы шетелдіктер үшін белгіленген шектеулердің сақталуын бақылайды.

Сонымен бірге, заңнамалық шектеу туралы шетелдік азамат және әлеуетті сатып алушы нотариусқа келісім жасауға келгенде де біледі.

Мемлекет нотариустың тиым салуын, оларды жауапкершілікке тартумен белгілеген. Бұл кезде келісімдердің құқықтық салдары болмайды.

  1. Қоғамда шетелдіктер жерге жеке меншік құқы бар қазақстандық заңды тұлғаның үлесін сатып алу жолымен жер телімдерін алуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл солай ма?

Бұл мәселені екі жақты қарауға болады.

Біріншісі. Егер де шетелдік сатып алатын үлес 50%- тен асатын болса, онда бұндай заңды тұлғаның жер телімдері  үш айдың ішінде алынуға жатады немесе жер пайдалану (жалға беру) құқығы қайта хатталуы қажет.

Бұл талапты орындамаған кезде, Әкімдік жер телімдерін мемлекетке қайтару туралы шағым береді.

Мемлекет өз кезегінде бұндай фактілерді ақпараттық жүйелердің бірлескен іс қимылы арқылы анықтайтын болады, ондай ақпарат заңды тұлғалар үлесінің мөлшері және барлық заңды тұлғалар  – жер телімінің иелері туралы ақпараттан тұрады.

Егер де жеке меншігінде жер құқығы бар заңды тұлғалар анықталған кезде, шетелдіктердің үлесі 50%-тен  асса, бұл ақпарат әкімдікте  жерді алу үшін, жер телімін жалға беру құқығын қайта қарау  немесе сотқа  оны қайтару жөнінде шағым бойынша жұмыс істеуге  жіберілетін болады.

Екінші. Егер де шетелдіктің үлесі 50% -тен кем болса, заңды тұлға үшін ештеңе болмайды.

  1. Егер де, шетелдік 50% -тен кем үлес сатып алған болса, бұндай заңды тұлға шектеуді айналып өтпей ме?

Бұл күмәнді сейтсек деймін.

Азаматтық кодекске сәйкес, бұндай шетелдік – заңды тұлға иесі оның мүлкіне, оның ішінде жер теліміне де құқығы болмайды, тек  жарғы капиталындағы үлес құқығына ғана ие.

Басқа сөзбен айтқанда, бұндай жер телімдерінің  иелері  шетелдік азамат  емес, заңды тұлға – біздің заң бойынша қызметін жүзеге асыратын және осы жерде салық төлейтін Қазақстан резиденті болып табылады.

Егер де шетелдік  қатысушылар құрамынан шыққысы келсе және өзінің жер үлесін алғы келсе, оған ондай мүмкіндік жоқ, өйткені ол жер құқығын тіркей алмайды.

Бұл жағдай — заңды тұлға қатысушысы жұбайлар болып, оның біреу шетелдік болған жағдайға да қатысты.

Бұл кезде акционерлік қоғам сияқты ұйымдық –құқықтық нысаны ерекшелігінде ескерген жөн. АҚ үлестер, барлық мүлік нарықта еркін айналым акциялары, бағалы қағаздар түрінде, олар биржаларда сатылуы және сатып алынуы мүмкін.

Бұл кезде шетелдікке тиісті акция үлесін бақылаудың қажеттілігі жоқ, өйткені тіпті акцияның 100% иесі шетелдік акционердің өзі де  жерді өзінің меншігіне ала алмайды.

Айтылғандарды түйіндей келе, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлердің жеке меншік құқы тек қазақстандық компания құқығында ғана болады және ол қатысушы құрамынан шыққан кезде  жер телімімен емес ақшалай түрде төленетін заңды тұлға үлесіне ғана құқы бар.

  1. Жерді кім жалға алады?

Жаңа жер заңнамасы бойынша шетелдіктерге конкурс арқылы берілетін болады. Үкімет облыстың әрбір ауданы бойынша шетелдіктер үшін бір адамға берілетін жердің ең төменгі мөлшерін бекітеді. Мысалы, Ақмола облысында, Шортанды ауданында – бұл  1000 га. Конкурс ережесі былай, әлеуетті жалға беруші міндетті түрде жерді пайдалану жоспарын тапсыру қажет. Мемлекет конкурстың өтуіне кепілдік береді. Егер де шетелдік біздің талаптарды бұзатын болса, біз олармен жасалған келісім — контракты бұзуға  және олардан жерді алып қоюға құқымыз бар. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану ережелерімен Сіз мына сілтеме бойынша: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011549 танысуға болады

  1. Мемлекет жерді қайтарып алуға құқылы ма?

Иә, қайтарып алуға құқылы. Егер де, жер мақсаты бойынша пайдаланылмаса, мысалы, жер өңделмесе, жердің үстінде өнім өндірілмесе, онда мемлекет жерді қайтарып алуға құқы бар.

Екіншіден, сапаға жүргізілген бақылаудың көрсетуі бойынша, егер жер тиісті тәсілмен пайдаланылмаса (тыйым салынған химикаттар қолданылса), нәтижесінде жер құмға айналады. Жерді сондай-ақ, жырқыштар мекендеген жағдайда да алып тасталады. Бұл шаралардың барлығы жердің жеке меншікте немесе жалда болуына байланыссыз қолданыла береді.

  1. Қазақстан азаматы жерді сатып, немесе жалға ала ма?

Иә, алады. Қазақстандықтар үшін ерекше жеңілдік жағдайлары қарастырылған: жалға берілген жерді 10 жылға дейін ұзартылған мерзімде жарты бағасына сатып ала алады. Ал шетелдіктер үшін мұндай ереже қарастырылмайды.

  1. Қазақстандықтарға немесе шетелдіктерге жалға берілген жер олардың жауапкершіліксіз пайдалану әрекетінен тозуға  және тыйым салынған химикаттармен улануға ұшыраса, жалға берілген жерге не болады? Бұл жағдайды  кім және қалай бақылауға алады?

Песицидтер тізіміне ресми енгізілмеген химикаттарды пайдалануға Қазақстан заңнамасы тыйым салады.  Ауыл шаруашылығы министрлігінің агрохимия қызметі мен  Әкімдіктердің жер инспекциялары жер қыртысы мен оның жағдайын үнемі бақылауда ұстайды.

Заңнаманы бұзған жағдайда жерді қайтарып алуға дейінгі қатаң шараны қолданады.

Жер заңнамасын сақтау жөніндегі Әкімдіктердегі бақылау органдары тарапынан агроөнеркәсіптердегі кешендерге тиесілі жер телімдеріне тексерулер жүргізілді.  2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген тексерулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы 263,9 мың га жердің тиімсіз пайдаланылғанын анықтады.

Өткен жылы  187 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде 171 субъекті 169,5 млн. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

2016 жылдың бірінші тоқсанында 7 меншік иесі мен жерді пайдаланушыларға жер заңнамасын бұзғандығы үшін ескертулер берілді, оның ішінде  5 субъекті 106 мың. теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

  1. Жер қанша тұрады?

Жер телімінің нақты құны базалық ставкаға сәйкес анықталады, және бұл жөніндегі ақпараттар http://adilet.zan.kz/rus/docs/P030000890 сайтында орналасқан.

Жер телімі жағдайының сапасына, орналасқан жеріне, сумен қамтылуына, қызмет көрсету орталығынан алыс-жақындығына және т.б. байланысты базалық ставкаға түзету коэффициенті қолданылады.

Мысалыға, жер телімі елді мекеннен, инфрақұрылым нысанынан алыстаған сайын, коэффициенті де  төмендейді.

Әрбір жер телімінің жеке-жеке құны бекітіледі.

Жер телімінің қорытынды бағасы аукцион арқылы анықталады.

  1. Бір адам қанша жерді сатып ала алады?

Бір әкімшілік ауданның шеңберінде ауылшаруашылық мақсатында жеке меншікке және жалға берілетін жер телімінің ең төменгі шекті көлемі бекітілді. Жер телімінің ең төменгі шекті көлемі туралы ақпаратты adilet.kz. сайтынан алуға болады.

  1. Егер қазақстандықтар аукционда жерді сатып алып, оны шетелдікке қайта сатуға құқығы бар  ма?  

Жоқ, сата алмайды. Бұған заңнамамен тыйым салынған.

  1. Аукциондар мен конкурстар ашық әрі әділ өтеді дегенге күдігіміз бар. Осы бағытта қандай шаралар жүргізілуде?

Сатуды ұйымдастырудың тәртібі заңмен нақты бекітілген, аукцион – азаматтар үшін, конкурс – шетелдіктер үшін жүргізіледі.

Сатуды ұйымдастырудың тетігі жерді бөлуде жемқорлыққа жол бермейді. Өткізілетін аукциондар өз кезеңінде жариялылықты,  әлеуетті сатып алушылардың арасындағы жарыспалықты және ашық бәсекені қамтамасыз етеді.

  1. Еліміздегі шетелдіктердің жұмыс күшінің үлес салмағын кім бақылайды? Бірлескен кәсіпорындарды құруда шетелдіктер барлық жұмыс орнын иемденіп алады деген қауіп  жоқ емес.

Қазақстанға шетелдік азаматтардың келуі туралы мәліметті соңғы 5 жылда Қазақстанға келуші шетелдік азаматтардың  саны әлі өзгере қоймағандығымен   толықтырып өткім келеді. Жыл сайын біздің республикамызға орта есеппен түрлі мақсатта бір миллионнан артық шетелдік азаматтар келеді (тіркеледі). Бұлар туристер, іссапармен келушілер, студенттер, жұмысшылар және т.б. Олардың басы бөлігі  (80-90%) – ТМД елдерінің азаматтары.

Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың қызметі квота арқылы реттеледі, яғни үкімет қаулысымен біздің елімізге табыс табу үшін келген шетелдіктердің ең жоғарғы саны белгіленеді.  Бұл квота экономикалық белсенді тұрғындардың 0,7%-нан асып кетпейді. Мысалы, 2016 жылы квота 63 мың адамды қамтиды. Өткен жылы да  квота мөлшері жоғарыдағы көрсеткішпен шамалас болды, 2015 жылы 32 мың адамға елге кіруге рұқсат  берілді. Сонымен, квотаның 50% игерілді.

Осыған байланысты, квота отандық еңбек нарығында көрініс тауып отырған  тапшылықты жоюға,  еңбек нарығына білікті жұмысшыларды тартуды көздейді.  Олардың тек 2054 адамы ауылшаруашылық жұмыстары үшін келді.

  1. Қазақстан жерін жалға алушы шетелдік жер пайдаланушы өзінің отандастарын бірлескен жұмысқа тарта ала ма?

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тарту мемлекеттік жылсайынғы квотамен шектелген және тек ғана білікті жұмысшыларға таратылады.  2016 жылы  квота 63 мыңды адамды құрады және қазақстандық жұмысшылар санының 0,7%-нан аспайды. Шетелдіктердің біздің елімізде болу рұқсаттарының жарамдылығы жылдан аспайды, мерзімі өткен кезде олар Қазақстаннан кетеді

Бұдан басқа, шетелдік жұмысшылардың саны осы немесе өзге кәсіпорында жұмыс жасайтын жұмысшылардың жалпы санының 10% — нан аспауы қажет. Бұл норма тек қана жұмыс берушілерге таратылады.

  1. Біздің түсінуімізше, қазақстандықтар үшін жер – сакралды тақырып. Дәл қазір оны жалға беру немесе сату мәселесі басты мәселе емес. Жер – бұл ана. Ана ешқашан сатылмайды және ешкімге жалға берілмейді.

Бәрімізге белгілі, жер-ана байлығымыз, ал еңбек — оның әкесі! Еңбек және жер – байлықтың қайнар көзі. Ел өнімді көбірек өндірген сайын байи түседі. Байлықтың қайнар көзін өндірістен іздеудің  қажеттілігі туындауда. Қазақстан ауқымды ауылшаруашылық ресурстарын ие.  Біздің еліміздің жер қоры 272,5 млн. гектарды құрайды. Бұл біздің баға жетпес ұлттық байлығымыз, өкінішке орай, күні бүгінге дейін осы ұлттық байлығымызды тиімді пайдалана алмай отырмыз. Жылдар бойы жерлеріміз өңделмей, арамшөптер басып, деградацияға ұшырауда. Еңбек ету және жерді өңдеу арқылы жер еліміздің шын мәніндегі  байлығы мен  дәулетіне айналады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жерімізде алдыңғы қатарлы әлемдік технологиялармен жабдықталған өзіміздің үлкен-үлкен шаруашылықтарымызды өркендетуге барлық жағдайлар жасаймыз

  1. Заңдамалық нормаларды ендіру кезінде қазақстандықтар бұрын жалға алған жерлерінен айырылып қалмайды ма?

Қабылдаған заңнамада бұрын жерді жалға алып пайдаланушылардың  құқығы бұзылмайды.

Жалға алған жерлерін дәл қазір сатып ал деп ешкім күштемейді. Жалға алу мерзімінің аяқталуына дейін еркін пайдалана алады.

Сонымен бірге, жер пайдаланушының бұрын жалға алған жер телімін жеке меншігіне 50% жеңілдікпен сатып алу құқығын береді. Бұдан басқа, аталған сомманы 10 жылға ұзартылған мерзіммен рәсімдеп, төлеуге болады.

(2015 жылдың 2 қарашасындағы ҚР Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»,  Жер кодексінің 171 — бабы).

  1. Мен ауылда тұрамын және жер сатып алғым келеді. Бұл үшін мен не істеуім керек?

Біріншіден, ақпараттар легінен хабардар болып, хабарландыруларды қадағалап отыру қажет. Әкімдіктер аукционның өтуі туралы хабарландыруларды аукцион өткізілетін күннен күнтізбелік  он бес күн бұрын  кешіктірмей жариялайды. Аукционға сатылуға қойылған жер телімдері туралы хабарландыруларды облыстық мерзімді басылымдардан, әкімдіктің арнайы сайттарынан, Элекетрондық үкімет платформасынан табуға болады.

Аукционға қатысу үшін міндетті түрде әкімдікке өтініш беру қажет.

2016 жылдың 1 шілдесінен қазақстан азаматтары үшін 1,7 млн. га ауылшаруашылық жерін аукционға шығару жоспарланып отырғанын ұмытпаңыздар.

  1. Мен – кәсіпкермін. Мен жердің сапасы және оны не үшін пайдалану қажеттігі туралы ақпараттарды қайдан алсам болады?

Аукционды өткізу туралы хабарландыру жер телімі туралы, сондай-ақ, сапалы сипаттамалары мен жерді пайдаланудың мақсаты туралы  мәліметтерді қамтуы қажет.

  1. Қазақстанға ауыл шаруашылығы үшін шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі неде? Біз өз жерімізді өзімізі игере алмаймыз ба?

Отандық ауыл шаруашылығымыз белсенді дамуда десек те, біздің елімізде әлі де болса  игерілмеген үлкен әлеуеттер бар. Мысалы, Қазақстанда 147 млн. га жайылым бар және  сиыр етін тұтынушы екі ірі елмен шекаралас. Бұл  2014 жылы 4 млрд. АҚШ долларына сиыр етін сатып алған Ресей мен Қытай.   Осындай әлеуетті тұтынушыларға біз бар мүмкіндіктерімізді пайдалана алмай отырмыз.

Бұған себеп неде? Басты себеп – жоғары өндірістік қаржы шығындармен, өтімділігінің үлкен мерзіммен байланысты ауыл шаруашылықтағы инвестицияның жетіспеушілігі, ауылда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жоқтығы, осы салаға сәйкес мамандардың кетуі.

Өз кезегінде инвестицияның жетіспеушілігі бірінші мынадан көрінеді, саланың төмен техникалық жабдықталуы (ауылшарушалығы техникасы паркінің 80% тозған).

Екіншіден, қаржыландырудың төмендігіне байланысты көптегені шаруалар тыңайтқыштарды қолданбай жердің құнарлы қыртысын бұзады.

Сонымен бірге, қазақтар тарихтан белгілі  білікті малшылар болған және фермерлер бүгінде бұл саланың бұрынғы әлеуетін қалпын келтіруде. Бұған инвестицияны тарту осы бағытты қарқынды дамытуға алып келер еді.

Сондай-ақ ауылшарушалығына келген инвестициялар 2015 жылы 167,0 млрд. теңгені құрады, бұл өнеркәсіпке келген инвестициялардан 23 есе төмен. Сондықтанда шетелдік компанияларды агроөндірісті дамытуға тарту жаңа агротехнологияларды, ауылшаруашылығы техникаларын, дәндік тұқымдарды, тыңайтқыштарды және тағы басқаларды енгізуге мүмкіндік береді.

Біз қазақстандықтар, өзіміздің отандық ауылшараушылық өнімдерін, өз жерімізде өскен: ет, жеміс жидек, көкөністі  пайдаланатын боламыз. Ал шетелдік компаниялар бізге салық төлейтін болады, жұмыс орындарын құратын болады, ауылдың инфрақұрылымн жақсартады, біздің жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін болады. Біз азық- түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды төмендетуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыруға тырысуымыз қажет.

Сонымен катар Қазакстанда жерді  химизациялаудың тарихи төмен деңгейінде және жақын маңдағы нарықтың төлем қабілеттілігіне байланысты көрінетін органикалык өнімді өндіру үшін қолайлы шарттар жасалған.

2015 жылдың аяғында біздер органикалық өнімді өндіру туралы заң қабылдадық. Осы заң органикалық өнімнің жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесуге және халықты жоғары деңгейдегі өніммен, ал өндірушіні әділ бағамен қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сонымен қатар оның ғаламдық алғышарттары да бар.

Біріншісі, ол халықтың өсімі. Халық санының өсімі туралы болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай тамақ өнімін 60%-дан көп, ал дамушы елдерде қазіргі көлемнен 2 есе көп өндіруді қажет етеді.

Екіншісі, халықаралық ауылшаруашылығының әлеуеті деңгейінің төмендеуінен  тамақ өнімі дефицитке ұшырауы мүмкін.

Сондықтан да, Қазақстан әлемдегі  тамақ өнімінің тұрақтануы мен жақсаруына байланысты маңызды рөл ойнамақ.

Әлемдің тәжірибеде ауыл шаруашылығына бөлінген ақы- пұлдың өтімділігі минимум 10 жылды құрайды. Ал бұл өндірістің әрі қарай дамуына ұзақ жылдар қажет.

Мысалы шетелдіктерге жерді жалға беру Ресейде- 49 жыл, ал Біріккен Араб Әмірлігінде- 99 жылды құрайды. Бұл тегіннен тегін емес.

  1. Азаматтық алу мәселесі ( жалған некелер, Қазақстан Республикасының азаматымен некелескен тұлғалардың азаматтық алуы және олардың жер үлесін алуы)

Қазақстан Республикасының азаматтығына: Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының азаматымен некелескен тұлғалар (ең кемі 3 жыл) қабылдана алады.

Аталған норма Қазақстан Республикасыны «Азаматтық туралы» Заңның  16 бабына сәйкес реттелген.

Егер де, шетелдік азамат азаматтық алу мақсатында Қазақстан Республикасының азаматымен жалған некеге тұратын болса, оның азаматтық алу мәселесі жойылады.

Бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында нақты бекітлген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» Заңның  6 тармағы, 21 бабы: «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса».

  1. Ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік құқығын енгізу ұзақ мерзімді жалға беруге қарағанда оның нәтижелі қолданылып жатқаны қандай обьективті көрсеткіштермен дәлелденген?

Жеке меншік жері бар адам міндетті түрде өз жеріне жауапкершілікпен қарап, оны қолданады және жері арқылы табыс табады. Алайда, жерді жалға алып, ол үшін мардымсыз ақша төлеген Қазақстан азаматтары ( орташа есеппен 200 тг/га) , жерге қамқорлық тұрғысынан қарамайды.

Ауыл шаруашылығына инвентаризация жүргізу нәтижесінде 2012-2014 ж.ж.) 7,4 млн.га  аумағында 19,2 мың қолданылмаған жер учаскілері бар екендігі анықталған.Сонымен қатар, топырақ құнарлығының деңгейінің төмендегені анықталды.

Сараптама көрсеткендей заңнаманың бұзылуы көбінде жалға берілген жерді пайдалану немесе пайдаланбау кезінде туындайды.Өйткені жерді жалға алушы тұлғаның басты мақсаты -табиғи ресурс ретінде жердің құнарлы бөлігін эксплуатациялау болып тыбылады.

Қазіргі жерді жалға алушылардың біразы жерді адал пайдаланбайды және жерді өңдеу кезінде қазіргі технологиялық мүмкіндіктерді  қарастырмайды.

Осыған орай, Ұлт жоспарының 35–ші қадамында ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу қарастырылған.

  1. Қазақстан Республикасының азаматымен некеге тұрған шетел азаматы иемденген жердің меншік иесі бола алады ма?

Заңда нақты бөліп көрсетілгендей: Ауыл шаруашылық жерлерге  жеке меншің құқығы Қазақстан Республикасының азаматына ғана беріледі, ал жалға алу құқығы – шетел азаматына беріледі.

Сондықтан некелік қатынастар жерге қатысты құқықтарға ықпал етпейді.

Қазақстандық ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда (зайыбының),  жекеменшігінде жер бөлігі қалады, ал, шет елдік азаматта — жалға алумен шектеледі.

Егер жерді шет елдік қаржыға қатысы барлар жерді меншікке алғаннан кейін біріккен— сатып алушы компаниялардың  үлесі 50 пайызға дейін өсе ме?, егер ол жер кепіл ретінде шет елдік банкте тұрса?

  1. Ауылшаруашылығына қатысушылардың болашақ тағдыры қалай болмақ?

Жер кодексінің 24 бабына сәйкес заңды тұлғалардың  жарғылық капиталында  шетелдіктер үлесі  50 пайыздан  астам болса, онда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тек  25 жылға жалға алуға мүмкіндігі бар.

Егер,  заңды тұлғаның шет елдік қорына қатысуы (үлесі) ұлғайған жағдайда, Жер Кодексінің 66 бабына сәйкес жер учаскесі шеттетіліп, немесе жалға алу құқығы үш ай мерзім ішінде қайта рәсімделуі тиіс.

Егер көрсетілген эаңды талаптар орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган жер учаскесінің орналасқан жері бойынша сот органдарына  жер телімін мемлекет меншігіне өткізу жөніндегі шағымын жібереді.

Егер, қазақстандық жер телімі шет елдік банкке кепілдікке қойылған жағдайда, шет елдік банк жерді меншігіне алуға құқылы емес.

Анықтама:  Жер кодексінің 24 бабына сәйкес  (  2016 жылдың  1 шілдесінен  бастап енгізілген өзгеріске сәйкес), шетелдік тұлғалар ауылшаруашылығына қатысты жерлерді 25 жылға жалға алып, тек қана уақытша қолдануға құқылы.

Мұндай жағдайда да Жер кодексінің 66 бабының 1 тармағына сәйкес шет елдік тұлға үш ай ішінде жерді иеліктен шығаруға талаптанып немесе жер құқығын қайта рәсімдеу керек. Бұл талдаптар орындалмаған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық деңгейдегі қалалар жерді орналасқан аумағына байланысты қайтарып алуға шағым түсіре алады.

Алматы облысында үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептердің мәселесі толығымен шешіледі

мектеп суретАлматы облысының Іле ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасымен екі мектеп салынуда. Жәпек батыр ауылы мен Боралдай кентіндегі бұл заманауи білім нысандары аталған елді мекендердегі үш ауысыммен оқыту мәселесін шешуге ықпал етпек, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Құрылыс учаскесі бастығының айтуынша, Боралдай кентіндегі мектеп 600 орынға лайықталған, бүгінгі күнге ғимарат аяқталуға жақын. Жұмыс кестеге сай жүргізілуде, мектеп ғимаратын жаңа оқу жылына дейін бітіру жоспарланған.

Жапек батыр ауылында салынып жатқан мектеп те 600 орынды. Мұнда да құрылысшылар белгіленген мерзімге жұмысты аяқтаймыз деп отыр.

Іле аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Шыңғыс Нұржановтың айтуынша,  жалпы аудан бойынша 7 мектептің құрылысы жоспарланған.  Олардың құрылысы биылғы жылдың маусым айында басталады. Сөйтіп, мектеп жетіспеушілігінің қиындығын көріп отырған тағы жеті елді мекеннің балалары үшін келесі жылы жаңа мектеп есігін айқара ашпақ.  Сонымен қатар білім саласы нысандарымен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасымен ауданда екі 50 пәтерлік жалға берілетін үй салынуда.

Жалпы, Алматы облысында 43 жаңа мектептің құрылысын жүргізудің нәтижесінде 2016-2017 жылдары үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептердің мәселесі толығымен шешілетін болады.

Елордада «Достық — бірлік нышаны» фестивалі атап өтілуде

Елордада "Достық - бірлік нышаны" фестивалі атап өтілудеЕлордамыз Астанада «Достық — бірлік нышаны»  фестивалі өтуде. Іс-шараны «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» тапсырысымен «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

130-дан астам ұлт бірлікте тұратын Қазақстанның төзімділік моделін жоғары бағалайды. Бейбітшілікте, тұрақтылықта өмір сүріп отырған ондаған конфессиялар мен ұлт өкілдері осының куәсі деп білеміз. Сыртқы қатерлерден, дағдарыстардан қазақ жерінде достық пен бейбітшілікті сақтау өте маңызды.

Ұрпақ тәрбиесі – өте күрделі іс. «Достық – бірлік нышаны» мерекесі жастардың қоғамда қалыптасуына, ұлтжандылыққа тәрбиелейді.

Бүгінгі мерекеге этномәдени орталықтың өнерпаз жастары, мектеп оқушылары, студент жастары қатысып отыр. Концертте әр түрлі ұлттық билер биленіп, тамаша әндері шырқалды. Іс-шараның соныңда қатысушыларға «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының төрайымы Қойшиева Л., этномәдени орталықтың өкілі Шабқат И.А, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің міндетінің атқарушысы Е. Рысбаевтан арнайы құттықтау мүсіні мен грамоталар табыс етілді.

Мерекелік іс-шараның негізгі міндеті — жастарды төзімділікке, бірлікке, өзге ұлт өкілдеріне және конфессияларға құрметпен қарауға бейбіт келісіммен өмір сүруге үгіттейді.

zhastar.astana.kz

Алғаш рет Халықаралық «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалі өтті (фото)

IMG_8057-1024x683«Жарқын болашақ» кеше Астанада осындай атаумен Халықаралық тіл және мәдениет фестивалі өтті. Бұл фестивалді — «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры осы уақытқа дейін республикалық қазақ тілі олимпиадасы ретінде ұйымдастырып келген болатын.

Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және 1 мамыр Қазақстан бірлігі күніне орай ҚР Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге әлемнің 25 мемлекетінен жасөспірімдерді шақырып, айтулы мерекеге тарту ретінде «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасын халықаралық деңгейде өткізді.

IMG_8107-1-850x636

Халықаралық олимпиадаға шетелдегі, нақтырақ айтсақ, Моңғолиядағы, Қырғызстандағы, Өзбекстандағы және Алтай Республикасынан келген қазақ қандастарымыз қатысты. Осы арқылы оларға ата-бабаларының кіндік қаны тамған жерінің әсемдігін көрсетіп, олардың елжандылық сезімдерінің оянуына мүмкіндік беру болды. Сайыс қорытындысы бойынша бес бағыт бойынша жеңімпаздар анықталып, «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша бірінші орын иеленген Моңғолиядан келген Қатыренқыз Алтынайға Сулейман Демирел университетінің білім гранты табысталды. Шетелден келген қандасымызға осылайша өз ата жұртында білім алуына қолдау көрсетілді.

Ал, осы Халықаралық «Жарқын болашақ» тіл және мәдениет фестивалінің жабылу салтанатында әлемнің 25 елінен келген жас өрендер Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тарту ретінде өз өнерлерін көрсетті. Олардың арасында әсіресе, Сенегалдан келген қарындасымыздың «Үш қоңыр» әнін орындауы, Угандадан келген қара домалақтың Ибрагим Ескендір және Абзал Жаңабай бауырымызбен бірге «Қазақғым» әнін айтқаны көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Бұл олимпиадаға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың арасында еліміздің барлық облыстарынан келген қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 7-11 сынып оқушылары 5 бағыт бойынша («Тілші-әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші-бұлбұлдар») білімін сарапқа салған болатын.

Айта кету керек,«Жарқын болашақ» олимпиадасы 2008 бері, қазірге дейін 7 рет республикалық деңгейде ұйымдастырылды, жыл сайын оған 1000-нан астам мектеп пен 5000-нан астам оқушылар қатысуда, олардың 118-не алдыңғы қатарлы ЖОО-да білім алуларына мүмкіндік беретін білім гранттары табысталды.

суреттер elana.kz сайтынан алынды.

Еуропада тегін білім алуға бола ма?

Еуропада тегін білім алуға бола ма?Көптеген адамдар үшін Еуропада білім алу қол жетпес арман. Дей тұра, ізденген жанға еуропалық дипломға қол жеткізетін бірнеше әдіс бар. Осы тақырып төңірегіндегі тізімімізді  басқа елден келген студенттерге тегін білім беретін елдерден бастайық.

Чехия

Чехияда шетелден келген азаматтарға мемлекеттік ЖОО-да тегін білім алуға барлық мүмкіндік жасалынған. Тек міндетті түрде чех тілін білуіңіз керек, өйткені сіз жоғары білімді сол тілде аласыз. Білім алу барысында жатын орныңыздың шығыны өз қалтаңыздан төленеді.

Польша

Польша — шетелдіктер үшін шекарадан асып, білім алуға тағы бір мүмкіндік. Оқуға түсу қиын емес, ағылшын тіліндегі бағдарламалар жеткілікті. Бұл елде университетке құжат тапсыру үшін аттестат немесе бакалавр дипломын көрсетсеңіз болды.

Германия

Германия да шетелдіктерге тегін білім алу мүмкіндігін беруден қалыс қалмады. Оқуға түсу үшін неміс тілінен емтихан тапсыру — міндетті талап. Тіркелген мәліметтер бойынша кітапхана, спортзал сияқты қажеттіліктер ақылы. Сондықтан қалтаңыз бен банктегі шотыңызды толтырып барыңыз. Оқу уақытында құжаттағы бағаға сәйкес жалға үй беріледі. Қысқасы, білім іздеген жанға бұл шарттар түк емес.

Бельгия, Норвегия

Бұл елдерде де ағылшын тілінде тегін білім алуға бағытталған біраз бағдарламалар бар. Кейбір оқу орындарында кітаптар үшін алдын ала төлем жасауыңыз мүмкін. Норвегияда оқу үшін олардың тілін білуіңіз керек.

Греция

Грецияның мемлекеттік жоғары оқу орындарында шетелдік азаматтар еркін келіп, оқи берсе әбден болады. Әрине, аттестаттағы орташа балыңызбен. Кейбір оқу орындарында 600 еуроға дейін жылдық төлем болады. Грек тілін білмесеңіз, курстарға барып оқып алуыңыз керек. Оған қоса, Грециядағы оқу сізге аптасына 20 сағат жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Франция

Заң бойынша шетелдіктер мемлекеттік ЖОО -да тегін оқуға құқылы. Ол жергілікті студенттермен бірдей құқыққа ие, сондықтан керек жерінде төлемдерді де төлеп тұрады. Француз тілін білу – шарттардың бірі. Францияда білім алу тегін, бірақ жүріп-тұруыңыз өте қымбат. Сондықтан болар, көптеген студенттер оқудан бос уақытында жұмыс істеп жүреді.

Маңызды

Оқуға түсетін шет мемлекетті таңдағанда, күнделікті жүріп-тұруңызға жұмсалатын қаражаттың көлемін есептей білген де өте маңызды. Білім алуыңыз тегін болғанымен, баспана мен тамағыңызды университет қамтамасыз етпейді.  Бұндай жағдайда сізге стипендиялық бағдарламалар қажет.

Стипендияны қалай табуға болады?

Стипендия алып тұру үшін әртүрлі коммерциялық емес ұйымдардың жобаларын, гранттарды, түрлі бағдарламаларды қарастырған жөн.

Erasmus Mundus –  студенттердің алмасып оқитын еуропалық бағдарламаларының ішіндегі ірісі. Ол толықтай магистратураның шығындары мен жүріп-тұруды қамтамасыз етеді. Бірақ бағдарламаның бір ерекшелігі бар: сіз нақты бір университетті таңдай алмайсыз. Бағдарлама аясында оннан аса университет қамтылған. Сізге соның екеуіне ғана таңдау жасау ұсынылатын болады.

Chevening гранты немесе Commonwealth Scholarship for Developing Countries – Ұлыбританияда білім алу.  Бұл гранттар толықтай оқу ақысын, жататын орынды, бару-келу билеттеріңізді қамтамасыз етеді.

Еуропада тегін білім алу – қол жетпес қиял емес. Сіз тек ЖОО таңдап, ақпарат іздестіріп, оқуға түсудің жолын қарастыра бергеніңіз жөн. Айтпақшы, тіл туралы да ұмытып кетпеңіз. Дайындық 1 жылға жуық уақытты алуы әбден мүмкін. Бірақ нәтиже үмітті ақтайды.

Автор: Бағила Ағайдар

Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің ширек финалы өтті

29 cәуір күні Астана қаласы «Жастар» сарайында Астана қалалық «Жайдарман»  біріншілігінің кезекті ойыны өтті. Әдеттегідей Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтетін чемпионаттың бұл жолы ширек финалы.

 Наурыз айында өткен «Маусымашар» фестивалінде іріктелген  он тоғыз команда өзара «Сәлемдесу» және «Бес жаңалық» сайыстары бойынша сайысты.  Бұлардың арасынан үздік өнер көрсеткен он екі жайдарман тобы қыркүйекте өтетін жартылай финалдық сайыстарға жолдама алды.

 Сонымен  қатар, қатысушы жайдарманшылар және командалар арасынан үздіктерін қазылар алқасы таңдап, бағалы сыйлықтарын табыстады. 

Ойын екі бөлімде өтті,  түскі сағат 15:00- де және 19:00-де.  Әр бөлімде командалар екі-екі топқа топтастырылды. Ұпай сандары бойынша ойын нәтижесі төмендегідей. Тікелей жартылай финалда:

Төртінші корпус —  8,8

Жібек жолы — 8,6

Жеті жұлдыз жастары — 8,6

Тұран жастары — 8,6

Бәсеке — 8,4

Сарыарқа құрамасы  — 8,2

Энерго — 8,2

Грация — 8

Ақорда — 7,8

Арнайы — 7,6

Оң жақ жағалау — 7,4

Қараөткел құрамасы — 7

АТЭК құрамасы — 6,6

ЕлОрда — 6,4

Қонаев жастары — 6,2

Дежавю — 6,2

Қаржы академиясы құрамасы  — 6,0

Теміржол тарландары — 5,8

ҚазАТУ құрамасы — 5,8

Қытайдың 10 ірі компаниясы Алматы облысымен 2 млрд. доллардан астам сомаға меморандумдарға қол қойды

0

20160426015110

Облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға, жаңа серіктестер тауып, өзара тиімді ынтымақтастық келісімшарттарын жасасу мақсатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастаған ресми делегация екі күндік сапармен Қытай Халық республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесінде болып қайтты.

Сапар барысында ҚХР ШҰАӨ-дегі бірқатар іргелі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, үлкен бизнес-форум өткізілді.

Алғашқы күні делегация қуаттылығы жылына 300 мың тонна қант өңдейтін ірі мемлекеттік корпорация зауытында болды. Мұнан кейін көп жылғы тарихы бар жиһаз өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бүгінгі күні әлемге танымал «Сименс» компаниясының басты бәсекелесі энергия құралдарын шығаратын «Ти Би Эй» корпорациясына да атбасын бұрды. Кездесу қорытындысында өзара ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалып, жаңартылған энергия көздеріне қатысты инвестициялық жобаларды қолға алу туралы меморандумға қол қойылды.

Тағы бір назар аударылған нысан — металлургиялық зауыт, мұндағы кәсіпорынның өз жұмысшыларына демалыс және тұрмыстық жағдайлар жасаудағы тәжірибесі үйренуге тұрарлық.

Өз кезегінде облыс әкімі А. Баталов қытайлық әріптестеріне облыстың мүмкіндіктері туралы баяндап, «Қорғас» шекара маңы орталығында және индустриалды аймақтарда серіктестікті дамытуға қолайлы жағдай жасалғанын айтты.

Сапардың екінші күнінде ауқымды бизнес-форум өтіп, онда Жетісу өлкесінің инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Облыс басшысы А. Баталов кәсіпкерлерге ешқандай төрешілдік кедергісіз барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

ШҰАӨ төрағасының орынбасары Мао Сайдихамуза Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы екі аймақтың ынтымақтастығын кеңейту мен дамытудағы керемет платформа екенін атап өтті. Сонымен қатар ол бұл тек экономикада ғана емес, білім, ғылым, туризм салаларында да жаңа байланыстарға жол ашатынын тілге тиек етті.

Жалпы, сапар барысында 10-нан астам ірі компаниялар Алматы облысымен жалпы сомасы 2 млрд. доллардан астам инвестиция болатын 12 меморандумға қол қойды. Олардың қатарында күн және жел электр стансаларының, қабырға панельдерін шығаратын инновациялық зауыттың, қазақстандық-қытайлық агрокешеннің, ауыл шаруашылығы агроөңдеу паркінің құрылысы және тағы басқа жобалар бар. Сондай-ақ тәжірибе алмасып, мәдени, іскери байланыстар дамытылып, бұдан әрі де ынтымақтастықта болу мәселесі пысықталды.

ҚазАқпарат

«Еуразия» тобының шығармашылық кеші

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразия» вокалды-инструменталды ансамблінің шығармашылық концерті өтті.

Топ — гитара, барабан және клавишті аспаптарда ойнайтын талантты төрт жігіттен құралған. Ал ансамбльдің аты өздері білім алып жүрген әрі өнерлеріне қолдау көрсететін оқу ордаларының атымен қойылған. 3 жылдан бері «Еуразия» тобы әнші Бауыржан Исаевпен бірге жұмыс істеп келеді екен.

Z09B0175

«Музыкалық аспаптарда ойнап, жеке концерттерімнің жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосты» деп топқа алғысын білдірді әнші. Кеште Қазақстан эстрадасының жұлдыздары ән шырқады.

Шырайлы Шым қаладан арнайы келген Заттыбек Көпбосынұлы «Ақ маржанымен» залдың көңілін көтерді. Одан өзге Құрмаш Маxан «Дипломмен ауылға» әнін орындап, жастарды білімдерімен ауылды дамытуға шақырды. Сондай-ақ, Досымжан Таңатаров, «Қазақ қыздары» тобы өнер көрсетті.

Күйші әрі кеш үйлестірушісі «Жігер» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі Айбек Бекбосын Құрманғазы күйлерін заманауи өңдеп орындады.

Z09B9971

Z09B9970

Z09B0021

Z09B9943

Z09B0083

Z09B9981

Z09B0220

Аталмыш шара университеттің ашық есік күнімен орайластырылды.

Қала тұрғындарына діни ағымдар туралы дәріс оқылды

28 сәуір күні Астана қаласының Есіл ауданы әкімдігіндігі ғимаратында  осы ауданға қарасты тұрғындар арасында Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ұлағат» мәдениет және даму қоры дәріс өткізді. «Дәстүрлі емес діни ағымдардың ұлттық құндылықтармен қайшылықтары» деген тақырыпта өткен дәріске «Есіл» ауданы ПИК, сауда ойын-сауық орталықтары, бизнес-орталықтарының өкілдері, мемлекеттік органдарының (Жергілікті полиция қызметі, ҰҚК, прокуратура қызметкерлері) өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәрістің мақсаты — Мемлекет және дін қатынастары бойынша діни-құқықтық түсіндірмелер жүргізіп, жастар арасында жиі туындайтын дінтану және теологиялық сұрақтарға мамандар тарапынан толыққанды жауап алуына жағдай туғызу. Сонымен қатар, жастардың отансүйгіштік түсінігін дамыту арқылы экстремизм идеологиясының жастар арасында таралуының алдын алу және радикалды топтардың қаупінен құтылуына ықпал ету болып табылады.

Ал дәрісті Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық топ мүшелері ретінде, Астана қаласының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Ұлағат» Мәдениет және даму қорының атқарушы директоры Жумакасова Камажан Габдрашевна және Астана қаласының ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, «Әзірет сұлтан» мешітінің наиб имамы Өткелбаев Бақытжан жүргізді.

Лекторлар радикалдық идеологияның жастар арасында таралуының алдын алу мәселесінің құқықтық және заңнамалық тұстарынан баяндады және Астана қаласындағы соңғы жылдардағы діни ахуалға сілтеме жасай отырып, тиісті ақпараттарды ресми дерек көздерінен алудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар жиынға қатысушы тұрғындар тарапынан лекторларға сұрақтар қойылып, оларға тиянақты жауаптар алынды.

Қарағандыда «Karaganda Invest 2016» инвестициялық форумы өтті

0

00

Қарағанды қаласында шағын және орта бизнестің 1035 өкілі, әлеуетті инвестор-компаниялардың, ұлттық компаниялардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілдері және Қиыр және Таяу шетелдері қатысушылары қатысқан «Karaganda Invest 2016» IV Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті.

Форумды ашқан толық мәжілісте Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қанапияұлы аймақтық форумдарды өткізу тарихында алғаш рет  «Karaganda Invest 2016» тек қана Қарағанды облысының емес, Қазақстанның басқа да аймақтарының  инвестициялық жобаларын ұсынған алаң  болғанын айтты. «Форум алаңы барлық аймақтар үшін ашық. Бүгін Қарағанды аймағының жобаларынан басқа Форум қатысушылары Павлодар, Солтүстік-Қазақстан және Ақтөбе облыстарымен ұсынылған жобалармен таныса алады. Біз саналы түрде осындай форматты таңдадық.  Себебі, барлық аймақтардың мақсаты бір – ол Қазақстанның экономикалық өсімі «сандықшасына» өз үлесін қосу үшін жаңа жобаларды жүзеге асыру және іске қосу» — деді ол.

Толық мәжілістің спикерлері болып,  ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі вице-министр Альберт Павлович Рау, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ахметжанов Әнуар Мұратұлы,  Орталық Азиядағы герман экономикасының өкілеттігі басшысының орынбасары Жүнісәлиева Ғалия Сағадинқызы, «Даму» Кәсіпкерлікті  дамыту қоры»АҚ Басқармасының төрағасы Тлеушин Қаныш Аманбайұлы,  Директорлар кеңесінің мүшесі, «SAT & Comany» АҚ басқармасының төрағасы Саурамбаев Нұрлан Батырғалиұлы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары Шотанов Төлеміс Садықұлы,  сонда-ақ, Джефферсон Траст Гонг Конг  Аймақтық директоры Фурузонфар   Зехни шықты.

Толық мәжіліс өткеннен кейін  келесі салалар бойынша 1035 адам келген үш толық секциялар өтті: «Жер қойнауын пайдалану және энергетика: «Дәстүрлі салаларға жаңа көзқарас», «Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін жүзеге асыру» және «Қарағанды облысы—инвестициялардың жаңа көкжиегі»,

«Karaganda Invest 2016» кульминациялық сәті Қарағанды облысының экономика және әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастық шарттарды анықтайтын жергілікті және халықаралық Меморандумдар мен Инвестициялық келісімдерге қол қоюлар болды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.М Ахметжанов  Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Г.И Дүйсембаевпен  және Солтүстік- Қазақстан  облысы әкімінің орынбасары М.Н Манкеевпен Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары арасындағы аймақаралық ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды.

Сондай-ақ, IV Халықаралық Инвестициялық Форумы ясында Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысының экономика жәна әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастық шарттарды анықтайтын меморандумдарға қол қойды.

ҚР Қарағанды облысының әкімдігі мен Түрік Республикасының Эскишехир провинциясының Үкіметі арасында Ынтымақтастық және  2016-2018 жылдарға достық байланыстарды орнату туралы келісімдерді жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспарына қол қойылды.

«Металлургиялық, химиялық және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін бірінші сұрыпты әк өндірісі бойынша зауытты салу» жобасын жүзеге асыруға қатысты Global Lime Industries ЖШС Бас Директоры Ж.Е. Жаныкұлов тұлғасынан Қарағанды облысының әкімдігімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Зауыт Қарағанды облысының Осақар ауданында орналастырылатын болады. Жаңа зауытты іске қосу 105 жаңа жұмыс орындарды ашуға мүмкіндік береді

 

Бұдан басқа, Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компанияларының мердігерлері, атап айтқанда «Топан» ЖШС (Орал қ) және «Қазақстан метрология институты» РМК  (Қарағанды қ). арасында тексеретін газ қоспаларын дайындауға ұзақмерзімді шартқа қол қойылды. Бұрын шетел жеткізушілерінен сатып алынған жергілікті мазмұндағы  тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді оқшаулау арқылы дамыту бойынша бағдарламалар аясында Қарашағанақ кенорындарының қажеттіліктері үшін қазақстандық тексеру газын жеткізуді қамтамасыз ету Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг –мен қолға алынған болатын және сол 09 желтоқсан 2015 жылғы Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг пен Қарағанды облысының әкімдігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру бойынша Қарағанды облысы кәсіпорындарының қатысуымен Қарашағанақ Петролиум Оперейтинг және Қарағанды облысы әкімдігі арасындағы кездесулер серияларының қортындысы болды.

 

Форум Қазақстанның инвестициялық келешегі мен инновациялық болашағын талқылау, сондай-ақ, Қарағанды облысының ауқымды жобаларын ұсыну үшін құрылған бизнес және мемлекеттің диалогқа арналған заманауи алаң болды.   Бұл инвестицияларды іздеуге және алуға, инновацияларды, технологиялар мен оларды қолдану тәжірибесін алмасуға арналған  орталықтандырылған платформа.

 

Форум аясында әлеуетті инвесторлардың агроөнеркәсіптік кешен, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік-жеке серіктестік, құрылыс индустриясы мен туризм секілді аймақ үшін маңызды бағыттарды инвестициялауы үшін жалпы сомасы 1.5 трлн теңге болатын 151 инвестициялық жоба ұсынылды. Шетелдік  инвестициялау үшін ашық болған аймақтық компаниялар мен кәсіпорындарға Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан және Ақтөбе облыстарының қолданыстағы ең үздік жобалары ұсынылды

«Karaganda Invest 2016» қатысушылары өздерінің инвестициялық жобасын әлеуетті инвесторларға ұсыну үшін шетел делегаттарымен танысу, сондай-ақ, өздерін қызықтырып жүрген мәселелер бойынша Қарағанды облысының басшылығына сұрақ қою мүмкіндігіне  ие болады. «Karaganda Invest 2016» IV Халықаралық Инвестициялық Форум ұйымдастырушылары болып Қарағанды облысының әкімдігі мен «Сары-Арқа» Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы болып шығады. Форум Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының, «Icкер» Қарағанды бизнес-қауымдастығының,  «SAP», «Samsung Electronics Central Eurasia» компанияларының, «1С» фирмасының, «ТЭМК» АҚ-ның, «Cosmonaut», Efes Kazakhstan қонақүй кешенінің, «Бёмер Арматура»  және «Хрустальная»суы ЖШС қолдауымен өтті.