Домой Блог Страница 208

Елордалық жоғары сынып оқушылары патриоттық конкурсқа белсенді қатысуда

Елордалық жоғары сынып оқушылары патриоттық конкурсқа белсенді қатысудаМ. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында жасөспірімдердің вокалдық ұжымдары арасындағы «Жеңіс деген ұлы сөз» қалалық конкурсы өтіп жатыр. Шығармашылық сайыс Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Көктемнің ізгі күндері 2016» патриоттық акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Конкурстың ашылуына М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының вокалдық және хореографиялық ұжымдары қатысты. Шараның мақсаты жастардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру, белсенді азаматтық позициясын тәрбиелеу, жоғары сынып оқушыларының арасында вокалдық өнерді кеңінен тарату болып табылады. Конкурс барысында ұжымдар тақырып бойынша вокалдық номерлер мен 1941-1945 жылдары орын алған атаулы оқиғаларға және тарихта өшпес із қалдырған тұлғаларға арналған аса көркем шығармаларды көпшілік назарына ұсынатын болады.

Конкурс 24 сәуірге дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша №30 орта мектептің, №47, 67 мктеп-гимназияларының, №48, 28, 64, 55, 58 мектеп-лицейлерінің және №1 математикалық-экономикалық лицейдің жасөспірімдер вокалдық ұжымдары ақтық сында бағын сынамақ.

Физика мен математика бағытындағы қызықты кітаптар

MueXmqbDMMM

Теория, формула, зертхана, сандар, дәрежелер, постулаттар… Ой… Басым қатып кетті. Физикалық кітаптарды оқып отырып ұйықтап кетемін. Мен осы бағытта оқып жалықсам, басқа жандарды елестету мүмкін емес сияқты. Бірақ төмендегі кітаптарды көріп, қызығушылығым артты. Бұл кітаптар физика мен математика бағытындағы ең қызықты, оқуға жеңіл кітаптар. Барлық бағыттағы жандарға ғылым негізін қалыптастырады. Қабыл алыңыздар.

✔Джон Дербишир «Простая одержимость»
Бұл кітап көптен шешілмеген 7 мәселенің бірі Риман гипотезасының тарихы, шешу жолдары туралы жазылған. Кітап қарапайым түрде қызықты етіп жазылған.

✔Митио Каку «Физика невозможного»
2008 жылы жазылған бестселлер бұрын мүмкін еместей көрінген ал, қазір қолданысқа кенінен енген технологиялар туралы, телепортация, телепатия, робот туралы.

✔Алберт Эйншейннің «Работы по теории относительности» кітабы
«Біз физикадан оқулық жазбадық. Мұнда элементар физикалық фактілер мкн теориялар жоқ. Жақында біздің ұмтылысымыз адам ойы мен әлемдер арасына жол ашады» деп басталатын бұл кітап салыстырмалылық теориясы бойынша ғылым ізденгендер туралы жазылған.

✔Стивен Хокингтің «Три книги о пространсве и времени» кітабы
Британдық ғалым Стивен Хокингтің үш ғылыми танымал бестселлері «Краткая форма времени» жинағы кеңістіктің дамуы туралы, «Черные дыра и молодые вселенные» жинағы автобиографиялық, философиялық эссе түрінде, «Теория всего» жинағы барлық бірыңғай физикалық теория туралы.

✔Филип Болл «Критическая масса: как одни явления порождают другие»
Жолда не үшін кептеліс туындайды? Неге барға бір және соған ұқсайтын адамдар барады? Қызық па?
Британдық ғалым осы сияқты қызықты сұрақтардың жауабын физикалық заңдылық арқылы түсіндіргісі келген.

✔Леонард Млодинов «(Не)совершенная случайность»
Өмірдегі көптеген кездейсоқ жағдайлар бұл тек жарқын жақтар екенін, олар таңқаларлық теорияларды жасыратынын айта келе «Кездейсоқтық біздің өмірімізді қалай басқарады?» деген сұраққа жауап іздейді.

✔Джеймс Трефил «200 знаков мироздания»
Бұл энциклопедия соңғы 100 жылда халықпен әлемдік экономиканың өсуі кеңістік туралы біздің жинаған білімдерімізге тікелей қатысты екенін түсіндіреді

✔Мартин Гарднер «Теория относительности для миллионов»
1914 жылы туылған Мартин философиялық факультетті аяқтаған, бірақ журналистикаға бет бұрған. Тәуелсіз журналист түрлі ертегілер, логиканы дамытатын басқатырғыштар жазған. Математикалық тарсырмаларды қоса жазған ол осы кітапты да жазады.

✔Ричард Фейман «Вы, конечно, шутите, мистер Фейнман!»
Атом бомбасын жасап шығарушы, кванттық электродинамикадағы еңбегі үшін Нобель сыйлығын алған Ричард кітапта өз өмірін, жетістіктерін бейнелейді.

✔Маша Гессен «Совершенная строгость. Григорий Перельман. Гений и задача тысячелетия»
Бұл кітап Григорий Перельманның өмірін ғана сипаттамай мыңжылдық 7 мәселенің 1 шешімі туралы болатын. 2002 жылы Перельман Пуанкер гипотезасын дәлелдейді, бірақ, тағайындалған премиядан бас тартады. Журналист Маша Гессен Перельманнан сұхбат ала алмайды, тек оның ұстазы және қызметтесінен мәліметтер жинайды.

Бұл кітаптарды қалай оқымауға болады? Бұл кітаптарды білмей, оқымай өзіңді қалай физикада, математикада оқимын деп айта аласын(мын)?

Автор: Замира Қабылбек

Компьютер революциясы: Алан Тьюринг пен Эмиль Лион Пост

585d8cbd3c445546b3fae289f4e84909
Есептеуіш құрылғыдан дербес компьютерге дейін дамыған машина өмірімізге, күнделікті қолданысқа қажет дүниеге айналды. Себебі, есептеулерді жүргізудің, ақпаратты алдан ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдаудың, қайта өңдеудің, сақтаудың, нәтиже шығарудың дамыған шегінде жұмыс істейтін машина бізге өте ыңғайлы.

Ыңғайлы машинаның жұмыс істеу принциптерінің өзіндік тарихы бар.
Давид Гельберд «екінші дүниежүзілік математиктер конгресінде» математиканың шешілмеген 23 мәселесін ұсынады. Ол кезде алгоритм туралы ұғым болмаған еді. Екінші мәселесі математикадағы аксиомалардың карама-қайшылығын анықтау, мәселенің өзгертілген түрі «мәселенің шешімі барын анықтау» болды. Мәселенің шешімі бар екені арифметикадағы аксиомалар бір-біріне қайшы келмеген жағдайда орындалады. Гельберьтің екінші мәселесін шешу үшін Алан Тюринг мақала жазады. Мақалада адамның қатысуынсыз кез-келген есепті есептеуге мүмкіндік беретін абстракты машинаны сипаттайды. Арине, бұл алгоритм ұғымының енуіне себепші болды. Тюрингтің машинасына ұқсас, бірақ оңай жұмыс істейтін машинаны Эмиль Лион Пост ұсынды. Бұл машиналар есептеу құрылғыларының дамуына септігін тигізді. Ғылымға алгоритм ұғымын енгізді.

Тюринг жане Пост машиналарының есептеу құрылғысынан айырмашылығы есте сақтау құрылғысы шексіз лентадан тұрды, ал есептеу техникасының есте сақтау құрылғысы қаншалықты көлемді болса да шектеулі болатын.

Қазіргі компьютерлер Фон Нейман (1940) принциптерімен жұмыс істейді.

Автор: Замира Қабылбек

Өмірді қалай бастағаның емес, қалай аяқтайтының маңызды

1982 жылы 2 желтоқсанда Австралияда өмір сүретін сербиялық эмигранттар Борис және Душка Вуйчич отбасында үйдің тұңғышы туылуы керек еді. Борис Вуйчич өте қобалжулы көңіл күйде жүрді. Әйелінің босану процесіне қатысқан ол баласының басы, одан соң иығы шыққанын көріп қуанған сәті ұзаққа созылмады. Ол жұбайына сыр білдірмей палатаны тастап, үнсіз шығып кетуіне тура келді. Дәрігер шыққанда, «Баламның қолы жоқ па?» деп сұрағанда, одан «Аяғы да, қолы да жоқ» деген жауап алады.

Бұл Вуйчичтар отбасы үшін өте ауыр болды. Борис не істерін білмеді, Душкаға физикалық жағынан қалпына келгенше ұзақ уақыт бойы баланы көрсетпеді. Кішкентай сәби сирек кездесетін мұрагерлікпен жалғасатын «тетраамелин» синдромына шалдыққан екен. Баланы көрген кезде анасы еңіреп сала берді. Кішкентай тіршілік иесінің көз жанары мөлдіреп, үміт сәулесі жанып тұрғандай көрінді. Алайда аяқ-қолсыз сәби сыйлайтындай Құдайға не жазды? Кейін ол қалай өспек, өздігінен қалай өмір сүрмек? Анасы мұндай сәтте кімнен көмек сұрарын білмеді, тіпті дәрігерлердің өздері шок алғандай әсерде жүрді.

«Тек 4 ай өткеннен кейін ғана мен өз-өзіме келе бастадым. Біз, күйеуіміз екеуміз, алысқа көз жүгіртпей, дәл қазіргі сәтте кездескен мәселелерді бірінен кейін бірін шешіп отырдық» — деп еске алады Душка Вуйчич. Бөбек ештеңені білместен, ештеңеге қарамастан өмір сүргісі келді. Қарны ашқанда айқайлап жылады, тоқ кезінде күлімсіреп ойнады. Ник деп ат берген оған ата-анасының қамқорлығы мен мейірімділігі керек болды.

 

123400846519

Адам баласы бәріне де көнеді деп жатады. Никтің ата-анасы балаларының осындай екендігіне көндігіп, оны өз маxаббатымен аялап өсірді. Никте ержеткенше бәрі де жақсы болды. Алайда ес біле келе, өз құрдастарынан ерекшеленетінін түсінді. Ол өзінің осындай болғанына қатты ызаланды, ел қатарлы өмір сүргісі келді, бұл ойлар оған маза бермеді, депрессияға түсті.
Ең алғаш ол өз өмірімен қоштасқысы келген кезі — сегіз жасында болды. Ол суға толтырылған ваннаға батып кетуді ойлады. Бірақ бұлай жасауына кедергі болған — ата-анасының оған деген ыстық маxаббаты еді. «Егер дәл қазір мен өліп кететін болсам, мүгедектігіме қарамай осынша жыл қиналып өсірген отбасым одан сайын қайғыға душар болар еді»- деп толғанады Ник.

Осыдан кейін оның өмірге деген көзқарасы өзгерді. Ол аяқ-қолының жоқтығына қарамай, тек алға қарай жүре беруді үйренді. Жанұясының қолдауының арқасында ол жүруді, жүзуді, жазуды, скейтпен сырғанауды үйренді. Кейін сыныптастар тауып та үлгерді. Сабақта белсенді болғаны соншалық, 7-сыныпта оны мүгедектерге арналған қайырымдылық шарасы жөніндегі кеңестің басшысы етіп сайлады.

Мектепті бітіргеннен кейін Ник оқуын одан әрі жалғастырғысы келді, оның тіпті 2 жоғарғы білімі бар — буxгалтер және қаржылық жоспарлау. Ол 19 жасқа келгенде университеттегі бір шараға 7-10 мин сөз сөйлеуге ұсыныс келіп түседі. Сонда сөзінің 3-минутына жетпес уақыт өткенде аудиториядағы адамдардың жартысы дерлік жылады. Баяндама жасап болғаннан кейін, бір қыз саxнаға көтеріліп, Никті құшақтайды және былай дейді: «Ешкім маған ешқашан мені жақсы көретінін айтқан емес, ешкім мені дәл қазір қандай болсам, осы болмысымда әдемі екенімді айтқан емес. Бүгін менің өмірім түбегейлі өзгерді». Бұл айтылғандардан кейін оның ынталанғаны соншалық, Вуйчич бұл өмірдегі негізгі атқаратын қызметі буxгалтер болу емес, адамдарға көмектесу, өз сөзі арқылы адамдардың өмірге деген құлшынысын арттыру, шабыттандыру екенін түсінді.

nick-vujicic-2

Ник әкесінің ісін жалғастырып, ата-анасына xристиан дінінің таратушысы, уағыздаушы қызметін атқаратынын айтады. Оның басынан өткен қаншалықты оқиғадан кейін әлемнің әр еліндегі, әрбір континенттегі адамдармен сұxбаттасуға толық құқығы бар еді, себебі ол жан дертінің, өмірден түңілудің алдын-алу жолдарын, депрессиядан шығу жолдарын, үміт сәулесін қалай жағуға болатынын білетін еді. Ол біршама сынақтан өте отырып, адамдардың барлығы Құдайдың құлы екендігін, егер адам өмірге келсе, онда оның белгілі бір мағынасы бар екенін, яғни бұл өмірде әрбір адамның атқаратын өзіндік міндеті бар екенін түсінді. Бұл жөнінен Н.Вуйчичке өмірдің мәні — басқа адамдардың өз-өзіне деген сенімін, өмірдегі бақытты, үмітті қалыптастыру болып көрінеді.

Қазіргі таңда Ник Калифорнияда жалғыз өмір сүрмейді. 2012 жылы 12 ақпанда Ник Вуйчич Канаэ Миахаре есімді қызға үйленді, үйлену тойы Калифорнияда, ал бал айы Гавай аралдарында өтті. Көп ұзамай олардың аяқ-қолы балғадай Кийоши Джеймс Вуйчич есімді ұлдары дүниеге келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ник Вуйчичтің өмірі арқылы көп нәрсені ұғынуға болады. Қазіргі таңдағы жастардың болмашы нәрсе үшін өмірін қиып, суицид жасаушылардың санын көбейтудің негізгі себебі — өзіне сенімділіктің болмауында деп түсінемін. Қандай болып туылғаныңа, өмірде қаншама қиындықтан, тауқыметтен өтуіңе қарамастан, бұл өмірдегі негізгі мақсат — өмірді мәнді сүре білу немесе мәнділікті қалыптастыра білу. Барлығы өз қолымызда, себебі «Біз — өз өміріміздің бас директорымыз!»

 

Автор: Гаухар Іздібай

Елордалық жастарға арналған тегін тренинг өтеді

Елордалық жастарға арналған тегін тренинг өтеді18-22 сәуірде Астанада «Азия» бизнес орталығында (Әуезов к-сі, 8) жастарға арналған жұмысқа орналастыру бойынша тегін тренинг өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Оған 18-29 жастағы кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі семинарлар барысында ең бірінші саты – жұмыс іздеуден бастап, мансаптық баспалдақпен көтерілу ережелерімен және жолдарымен таныстырады. Жобаның негізгі міндеттері – жастардың ұйымдастырушылық, шығармашылық және басқа да қабілеттіліктерін дамыту, сондай-ақ, басқару дағдыларын, өз позициясын құру және оны қорғау шеберлігін үйрету.

«Жастардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебі» тренингін ұйымдастырушы – Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы.

Айта кетейік, бір жылда 300 адамды қамту жоспарланып отыр. Тренингтер сағат 18:00-21:00 өтеді. Барлық қатысушыларға тренинг аяқталған соң сертификаттар беріледі.

Анықтама телефондары: +7 707 879 82 65, +7775 143 64 67.

1 мамырдан бастап, Астаналық парк ашылады

1 мамырдан бастап, Астаналық парк ашыладыБиыл Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтарын көптеген тосын сый күтеді. 1 мамырдан бастап аттракциондар, ашық басейндер, би алаңдары іске қосылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде би алаңдары мен бар жасалған ашық бассейндер кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталуда. Паркті қалпына келтіру кезінде «Уақыт өзені» субұрқағымен басты аллея, «Сағат» стеласын, су шымылдықтарымен үңгірлер, «Күннің көзі» композициясы, олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған, сондай-ақ, паркте су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді су бұрқақтар кешені болады.

Парктегі тоған сақталды, реконструкция кезінде оның аумағы ұлғайтылды.

Парк жаңа аттракциондармен толықты, атап айтқанда, Merry go round және Сircus swing әткеншектері, балаларға арналған Aladin jet 6 мини-джет, Balloon wheel шағын көру дөңгелегі, Wonder Flight көңілді аттракционы және экстремалды Flying School.

Парк салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың да сүйікті орнына айналды. Оның аумағында ересектер мен балаларға арналған тренажерлер орнатылған, бұл спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

Бүгін — Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бүгін - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніБұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен.

Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Таңбалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

ҚазАқпарат

Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылады

Астанада Қазақ ұлттық хореография академиясы ашыладыЕлордамызда Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылады. Ол Орталық Азиядағы кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклі бар бірінші оқу ордасы болмақ.

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Үкіметінің 2015 жылы 11 наурыздағы  №126 қаулысына сәйкес құрылды.  2016 жылдың мамырында  республикада Академия студенттерін қабылдау жарияланады», делінген жаңа оқу орнының хабарламасында.

Академия балет өнерінің түрлі саласында білім беруді жүзеге асырады және кішкентай кезден кәсіби балет орындаушыларын дайындайды.

Хореография академиясында балет әртістері негізгі жалпы немесе орта жалпы білім базасында кәсіби білім алатын болады. Білім берудің көпсатылы формасы — Бастапқы білім,  Техникалық және кәсіби білім,  Жоғары білім (бакалавриат), ЖОО-дан кейінгі білім (магистратура), Сонымен қатар ЖОО-дан кейінгі білімнен (докторантура PhD) тұрады.

Оның негізгі қызметі «Балет әртісі»,  «Би ансамблінің әртісі»,  «Режиссер хореограф», «Хореограф педагог», «Спорттық баллдық би педагогы», «Өнертану» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша кадрларды даярлау.

Қазақ ұлттық хореография академиясы оқушыларына тегін білім береді. Сонымен бірге аталған оқу ордасының шәкірттері тұратын орны мен медициналық қызметке төлемейді.

Академияның оқу бағдарламасы барлық жалпы білім беру стандарттары бойынша жүзеге асырылады.

ҚазАқпарат

Сон Паскаль қазақтың күйеу баласы болуға дайындалып жүр

Сон Паскаль қазақтың күйеу баласы болуға дайындалып жүрТанымал итальяндық әнші Сон Паскаль қазақ тілінде жаңа әндер топтастырылған YURT атты жаңа әнжинағын шығарды.

Оған 4 қазақтың халық әні, Нұрлан Шәуірбековпен бірге жазған әншінің 3 жеке әні және ағылшын тілінде 1 авторлық әні топтастырылған. Әндердің басым көпшілігі қазақ тілінде жазылған және олардың бәрі itunes, spotify, deezer онлайн-қызметтерінде қолжетімді.

Осылайша, Сон Паскаль бірмаша үзілістен кейін жаңа әнжинағымен қазақ сахнасына қайта оралмақшы.
Оның уақытша үзіліс жасауына байланысты бірқатар БАҚ «әнші Қазақстаннан біржола кетіп, енді мұнда өнер көрсетпейді» деп жарыса жазған еді.

Бірақ әншінің өзі бұл қауесетті жоққа шығарып, өнерден бөлек оны Қазақстанмен байланыстыратын тағы да бір себептің барын айтты.

«Мен итальяндық болсам да, жаным қазақ. Оған қоса мен өз махаббатымды осы қазақ жерінде жолықтырдым, енді «күйеу бала» болуға дайындалып жүрмін», — деді әнші.
Осы жазда итальяндық әнші өзінің жаңадан құрылған тобымен республика бойынша гастрольге шығып, тыңдармандарын жанды дауыспен орындаудағы жаңа әрі хитке айналған әндерімен қуантпақшы.

Baq.kz

Аstanabike маусымы ашылды

Аstanabike маусымы ашылдыКеше «Аstanabike» автоматтандырылған велосипедтерді жалға алу жүйесі өз жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары мен қонақтары экологиялық көлік түрімен жүре алатын болады.

Өткен жылы Астана қаласы бойынша велобекеттер саны 150-ге дейін, ал велосипедтер саны 1000-ға дейін ұлғайтылған болатын. Арасы 300-500 метрден аспайтын қашықтықта орналасқан бекеттерді мейлінше ыңғайлы орналастыру нұсқасы жасалды.

Биыл бекеттердің орналасуы мен толықтырылуын қадағалауға болатын Android пен IOS базаларындағы мобильді қосымшалар мен интернет арқылы онлайн төлеу жүйелері іске қосылып, пайдаланушылар үшін қол жетімді, әрі икемді тарифтер ұсынылады. Сондай-ақ карточкаларды «Мега Астана» ОСО орналасқан сату бөлімінде рәсімдеп, толықтыруға болады. Карточканың құны — 6500 теңге.

Айта кетейік, өткен жылғы веломаусымда жоба пайдаланушыларының саны 1800-ден асқан.