Домой Блог Страница 211

Қазақ жігіті әлемнің ең ақылды адамдарының тізіміне кірді

Қазақ жігіті әлемнің ең ақылды адамдарының тізіміне кірдіҚазақстандық Димаш Әділет интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін Mensa халықаралық ұйымының мүшесі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Шамамен бір ай бұрын мен бірінші рет стандартталған IQ-тест тапсырып көргім келді. Таяуда оның қорытындысын алдым, қуанышыма орай, 99 процентили көрсеткішін алғаным үшін мені Мensa International ұйымына кіруге шақырды», — деп жазды Димаш Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұйымда Қазақстанның басқа өкілі жоқ. «Мен ел имиджін осы ұйымда қолдағаныма қуаныштымын, адамзат интеллектінің дамуына да қолдау әрі үлес қосқым келеді», — деп жазды Димаш.

Mensa International — интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін халықаралық ұйым. Ол 1946 жылы ашылған. Стандартталған IQ тестілеуінен 98 пайызынан асырып жинаған кез келген адам ұйымға мүше бола алады.

«Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысы өтті

Кеше Қазақ Ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алаш қайраткерлерінің бірі Ә. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысы өтті.

 Айтысқа оқу орнының «Дәстүрлі ән» кафедрасы «Айтыс» мамандығының студенттері, сонымен қатар Астана қаласы жоғары оқу орындарының таңдаулы  айтыскерлері қатысты.«Ұлы даланың ұланымын» атты студенттер айтысы өтті

Бірінші жұп болып, сахнаға Ардакерей Кәп пен Төрехан Совет шықты.  «Алғашқы нардың жүгі ауыр» десе де,  аға — іні болып, бақ сынаған екі жастың айтысы кештің қызықты болатынына күмән қалдырмады. AW0Y7147

Барлығы жеті жұп өнер жарыстырды: Сырым Әділбек — Таңжарық Ержан, Аруна Керімбек — Данияр Алдаберген, Дәурен Ысқақ — Дәурен Полатбаев, Рауан Хайдаров — Рай Дөңбай, Нартай Тілеуқұл — Сұлужан Таубалды, Бек Шымат — Нұрқанат Қайрат. AW0Y7150

Әділқазылардың шешімі бойынша, ең үздік өнер көрсеткен Рай Дөңбайға Бас жүлде (100 мың теңге) табысталды. Бірінші орынды Ардакерей Кәп  (75 мың теңге), екінші орынды Аруна Керімбек (50 мың теңге) иеленді. Дәурен Полатбаев үшінші орынды қанағат тұтты (40 мың теңге).AW0Y7248

AW0Y7296

Айтыстың мақсаты –  от ауызды, орақ тілді ақындардың жүрекжарды жырымен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру және азаттық жолында алтын бастырын бійгеге тіккен Алаш ардагерлерін еске алу, атамұра өнерді дәріптеу болып табылады. AW0Y7299

ҚазҰӨУ қабырғасында тұңғыш рет өткізілген айтыста үздік өнерімен дараланған ақынға – Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры, ҚР Еңбек Ері, Әлем әртісі Айман Мұсахаджаеваның арнайы  жүлдесі табысталды.  Сонымен қатар, үш жас ақын, атап айтсақ, Рай Дөңбай, Ардакерей Кәп, Аруна Керімбек Республикалық ақындар айтысына жолдама алды.

AW0Y7342

 AW0Y7385

Айта кетейік, айтысты ұйымдастырушы Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің «Дәстүрлі ән» кафедрасы.

 AW0Y7497

AW0Y7511

AW0Y7529

AW0Y7565

Фото Мұхтар Ерубаев

ЕҰУ-де саясаттанудан мектеп оқушыларының І республикалық «Ә.Бөкейхан» олимпиадасы өтті

2016 жылғы 4 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығы және қазақтың біртуар саяси  қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай мектеп оқушыларының Саясаттанудан І Республикалық «Әлихан Бөкейхан» олимпиадасы өтті.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы  – ел тарихындағы ерекше маңызды оқиға. Ширек ғасыр әлемдік саяси тарихпен өлшегенде қас қағым ғана уақыт. Осы қысқа мерзім ішінде біз әлем таныған, қазіргі заманғы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік бағыттарда орнықты қалыптасып келе жатқан мемлекет құрдық. Әлемдегі ең беделді халықаралық саяси ұйымдардың мүшесі, әлем таныған ел болдық. Еліміздің ең басты ұлықты мерекесі қарсаңында оның саяси тарихын білуге ұмтылып, ол бойынша сайысқа түсу үшін олимпиадаға қатысуға құлшыныс – құптарлық талап әрі үлкен ізденіс.

Әлихан Бөкейханов ұлт көсемі, тәуелсіз Қазақ мемлекетін  құру туралы идеялардың басында тұрған, ең алғашқы із салушы болған, ХХ ғасырдың басындағы бүкіл түркі дүниесіндегі, жалпы сол ғасырдың басында саяси-азаттық қозғалыстағы планетарлық ойлау жүйесі бар әлемдік өркениет деңгейіндегі саясаткер, ойшыл, қажырлы, табанды, осы жолға бүкіл өмірін арнаған, сол жолда өмірін құрбан еткен күрескер. Қазақ халқына алғашқы болып алаш идеясын, дербес мемлекет құру, оның мемлекеттік-саяси құрлысының теориялық негізін қалап, қазақ саясаттану ілімінің алғашқы із салушысы болған ғалым, саясаттанушы, ойшыл, мемлекет қайраткері. Алаш ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, идеологы, саяси көсемі, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әрі премьер-министрі.

Мектеп оқушыларының Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары мен саяси ойшылдарының ілімі мен ісін оқып, танып, ол бойынша Олимпиадаға қатысуға талап жасауы  – бүгінгі жас ұрпақтың дүние танымы мен мұрат-мақсаттарының кеңдігін, отаншылдығын, туған елінің, оның біртуар ұлдарының өмірі мен ісін білуге талаптарының жарқын көрінісі.

Олимпиадаға  келген оқушылар саны – 150-ге жуық. Олимпиадаға қатысушылар қамтыған  жағрапия да біршама кең, атап айтсақ, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жалпы жиыны — 39 конкурсант келді. Ең ірі делегация Павлодар облысынан 15 оқушы, Қызылорда облысынан 12 оқушы, Ақмола облысынан — 3, Ақтөбе және Атырау облыстарынан — 2, Астана қаласы мектептерінен 130-дан аса оқушының  қатысуы конкурс барысын қызықты, тартысты болуына әсер ететін  шығармашылық ахауалды әр қырлы, әрі сан салалы ететін, биікке көтеретін, қуантарлық жағдай болды.

Университет, факультет, кафедра алғашқы жеңістерге жол ашып, жаңа есімдер мен таланттарды, алаш идеяларының қазіргі заман үшін тағлымы мен маңызы мемлекет, ұлт мүддесі, Отан, Қазақстан тәуелсіздігі, Әлихан Бөкейханов туралы ойлы, таза, арманды да терең эсселер, толғауларды оқып, шығармашылық шабыт пен кәсіби қанағат алды.

Олимпиаданың демеушілері: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты және оның директоры Ерлан Қарин, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Егемен Қазақстан» газеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі және Ұлттық академиялық кітапханасы, Астана қалалық білім басқармасы, «Бақ Орда» компаниясы, университет түлектері, белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазықызы, қазақ қолөнерін жаңғыртушы Aigul Line компаниясы және баскалар.

Олимпиаданың жабылу рәсіміне еліміздің әртістері Б.Самединова, Клара Төленбайқызы, Айбек Бекбосын Олимпиадаға қолдау көрсетіп концерттік бағдарлама ұсынды.

Олимпиада жеңімпаздары:

І орын — Қадірбай Еркебұлан Бауыржанұлы (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №80 мектеп-гимназия), Болатбекова  Жансая (Астана қ., Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей интернаты);

ІІ орын — Досмағамбетова Малика (Астана қ., Физика-математика бағытындағы НИБ), Жанбау Марғұлан (Павлодар қ., Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты), Рамазан Рабиға (Астана қ., Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия), Бисембайұлы Мирас (Астана қ., №73 м/л);

ІІІ орын — Оразалиев Азамат (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №80 мектеп-гимназия), Канищев Никита (Астана қ., Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия), Бақытғани Айбота (Қызылорда облысы, №249 м/л), Өтеулі Бақтияр (Қызылорда облысы, №249 м/л), Жансұлтанова Ақбота (Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, мемлекеттік тілде оқытатын  дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі), Ауғанова Дана (Астана қ., Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия).

Олимпиада соңында қатысушыларға кітаптар мен ескерткіштер, естелік сыйлықтар табыс етілді.

enu.kz

ЕҰУ-дің Жаратылыстану ғылымдары факультетінде Ашық есік күні өтеді

ЕҰУ-дің Жаратылыстану ғылымдары факультетінде Ашық есік күні өтеді2016 жылдың 7 сәуірінде сағат 13:00-де  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Жаратылыстану ғылымдары факультетінде Ашық есік күні өтеді.

Бағдарлама бойынша келушілерге «Білім ордасы туралы білгім келеді, факультет туралы білгім келеді» атты факультет мамандықтарының көрмесі, «Мамандықтар фестивалі» атты флеш-моб және «Бағдар», «Сенің таңдауың», «Табысқа деген сенің қадамың», «Кел, оқы, қызмет жаса!», «Мәртебе» тақырыптарыңда шеберлік сыныптары өткізіледі.

Іс-шара соңында Жаратылыстану ғылымдары факультетінің туған күніне арналған мерекелік концерт болады деп жоспарлануда.

 Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 13, №3 ғимарат, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, байланыс телефондары: 8 (7172) 70-95-30, 8-705-12-818-90 (факультет деканы Шәпекова Нэля Лұқпанқызы).

Елордада жыл сайынғы Ломоносов оқулары өтеді

Елордада жыл сайынғы Ломоносов оқулары өтеді15 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының ғимаратында «Ломоносов — 2016» халықаралық конференциясының салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың «Ломоносов-2016» ХІІ конференциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының 15 жылдығына орайластырылып отыр.

Конференция еуразиялық кеңістікте халықаралық және университеттер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал тетін ғылым мен мәдениет саласындағы маңызды шара болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінен 400 астам адам оқуларға қатысуға өтінім берген.

«Ғылыми конференцияның негізгі мақсаты — студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін арттыру, жаңа заман ғылымының өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздестіру ісіне жас ғалымдарды жұмылдыру, Қазақстан мен Ресей студенттері арасындағы ғылыми байланысты нығайту», – дейді М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы директорының орынбасары, профессор Нұрсұлу Шәймерденова.

«Ломоносов-2016» конференциясына Қазақстан, Ресей және т.б. елдерден келген 35 жасқа дейінгі студенттер мен жас ғалымдар қатысады. Авторлар тіркелген баяндамаларын бес секция бойынша ұсынады: «Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар», «Қазіргі заманғы даму кезеңінде тұрақты және тиімді экономика қалыптастыру проблемасы», «Қазіргі замандағы тіл мен әдебиет», «Аймақтық экологиялық проблемалар», сонымен қатар «Еуразиялық кеңістік: ықпалдастықтың құндылықтары мен дәстүрлері».

«Ломоносов-2016» XII халықаралық конференциясының қорытындысы келесі күні пленарлық жиналыс барысында шығарылады. Үздік баяндамашылар үшін I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Осы күні халықаралық конференцияның салтанатты жабылуы өтеді.

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған «Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтеді

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған «Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтедіҚР Ұлттық музейінде сәуірдің 7-інде Қажымұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған «Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

«Тарихи тұлғалар» жобасы аясында өтетін іс-шараның басты мақсаты — Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы деректермен таныстыру, жас ұрпақты ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға шақыру.

Еске алу кешінде жауырыны жерге тимеген қазақ даласының батыры туралы танымдық бейнебаяндар көрсетіледі. Сонымен қатар, Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жас спортшылары гимнастика, бокс, таэквондо, грек-рим күресінен көрсетілімдер ұсынады.

Сарапшылар iPhone SE смартфонының нақты құнын айтып берді

Сарапшылар iPhone SE смартфонының нақты құнын айтып бердіМинималды жинақталыммен (16 гигабайт) бір iPhone SE  смартфонын шығару құны материалдар мен жинау құнын есепке алғанда 160 долларды құрайды. Бұл бағаны IHS сараптама жасайтын компаниясы келтірді, деп мәлімдеді Росбалт.

Компания жаңа iPhone-ды толық құрастырған соң смартфонның  құнын анықтады.

Сонымен, сарапшылардың есебінше, 16 гигабайтпен бір  iPhone жасау үшін компоненттер құны 156,2 долларды құрайды. Дайындауға шығыстарды ескере отырып, өндіріс құны 160 долларға дейін ұлғаяды. Атап айтқанда, смартфонда орнатылған процессор құны 22 доллар. Дисплей бағасы не бары 20 доллар тұрады.

IHS зерттеуі логистика, жарнама және өзге де шығыстарды қамтымайды.

Ал,   АҚШ-та iPhone SE смартфонының бөлшек  саудадағы құны $399 құрайды.

IHS сарапшыларының бағалануынша, Apple жады 64 гигабай әр iPhone SE  смартфонын сатудан $89 пайда табады.  Бұл үлгінің құны  $499 екенін есепке алсақ,   оны шығару құны  $170 құрайды.

ҚазАқпарат

Шаштың ағаруына жауапты ген табылды

Шаштың ағаруына жауапты ген табылдыЛондон университетінің мамандары шаштың ағаруына әкелетін генді тапты.

Ғалымдар Оңтүстік Американың 6 мыңнан аса тұрғынының ДНҚ-сын зерттеп көрді. Бұл құрлықта түрлі нәсілдің өкілдері тұратындықтан, олардың генетикалық құрылымы да сан алуан. Зерттеу нәтижесінде шаштың түсі, қалыңдығы мен түзулігі үшін жауапты IRF4 гені екені анықталды.

Бұл геннің екі түрі бар екен. Біреуі бүкіл әлем тұрғындарында таралған болса, екінші түрі тек еуропалықтарға тән. Сол екінші түрі шашты екі есе жиі ағартады деп топшылаған ғалымдар «болашақта бұл генді өшіруге болады», — дейді. Бірақ ол үшін әлі талай зерттеу жүргізіп, оның пайдасы мен зиян әсерлерін бағалау қажет. Ал қарапайым халық бұл жаңалыққа әртүрлі баға беріп жатыр.

ҚазАқпарат

Қазақстан 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Қазақстан 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуге ниеттіҚазАқпарат  Қазақстан футзалдан 2020 жылы өтетін әлем чемпионатын өткізуге қызығушылық танытқан. Бұл туралы ФИФА-ның ресми сайтында хабарланды, деп жазады www.alaman.kz.

Қазақстаннан бөлек әлем чемпионатын өткізуге Коста-Рика, Хорватия, Чехия, Египет, Грузия, Иран, Жапония,  Литва, Нидерланды, Жаңа Зеландия, БАӘ және АҚШ ниет білдірген. Аталған мемлекеттер 6 мамырға дейін ФИФА-ға өз кандидатураларын ұсынуы тиіс.

2016 жылғы әлем чемпионаты Колумбияда өтеді. Бұл сынға қатысуға Қазақстан да үміткер. Бір жолдамаға біздің футзалшылар Польшамен таласып жатыр. Сыртта өткен матч 1:1 есебімен аяқталған. Қарымта матч 12 сәуірде Алматыда өтеді.

Н. Назарбаев Б.Обамаға АТОМ жобасы елшісінің картинасын сыйға тартты

Н.Назарбаев Б.Обамаға АТОМ жобасы елшісінің картинасын сыйға тарттыҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит туралы айтып берді.

«Таяуда ғана Вашингтонда Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аяқталды.

Соның аясында Президент 15-ке жуық шет мемлекеттердің және  үкіметтерінің басшыларымен кездесу өткізді. Жалпыға бірдей ядролық сынаққа тыйым салу тақырыбында бірқатар бірлескен мәлімдемелерді талқылап, бекітуге қатысты.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысы АҚШ қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесіп үлгерді», делінген жазбада.

Бұл шара ондаған сағат бойы пікірталас, пікір алмасу, оларды шешу жолдары, ұстанымды қуаттау және тіпті ізгі шақыртуларды қамтыды.

«Сонымен қатар кей қызықты оқиғалар кадр сыртында қалды. Саммит аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамаға сыйлық табыс етті. Естеріңізде болса, 2012 жылы Сеулде ядролық қаруға қарсы саммитте Б. Обама президенттік сайлау қарсаңында Мемлекет басшысынан қазақ тұмарын сыйға алған.

Осы жолы Қазақстан Президенті белгілі қазақстандық суретші, халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі, АТОМ жобасының (The Atom Project (ENG) құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтің «Жарылыс» деп аталатын картинасын сыйға тартты.

20160406110220

Нұрсұлтан Әбішұлы осы сыйлығымен ерекше жол көрсете отырып, өзекті мәселеге тағы да назар аудартты деп ойлаймын», деп жазады Дәурен Абаев.

ҚазАқпарат