Домой Блог Страница 217

Наурыз көже құпиясы

Наурыз көже құпиясыЖыл басы — Наурызды наурыз көжесіз қарсы алатын қазақ жоқ. Ұлыстың ұлы күнінде әр қазақтың дастарқанынан наурыз көже табылады.

Бұл тағамның 7 түрлі дәмнен әзірленетінін бәріміз жақсы білеміз. Наурыз көженің арнайы бір рецептісі жоқ. Әркім қолында бар азық-түлікті қосып, әзірлейді. Тек дәм саны жетеу болса болғаны. Көкөністер, тіпті жемістер қосып әзірлейтіндері де бар. Сөйтіп, Наурыз мерекесінде әр шаңырақтағы әжелер мен аналар қазанға сүр ет салып, көже асады. Көжеге қосатын дәнді дақылдарды да әркім өз қалауымен салады: бірі бидай, бірі арпа салып жатса, енді біреулер жүгері, күріш, қарақұмық қосады, әйтеуір талғамымен таңдандырып, дәмді етіп әзірлеп жатады.

Кейбір жеңгелеріміз құртты езіп, малта салса, енді бірі айран, қатық құяды. Сондықтан болар, әр үйдің наурыз көжесі бір-біріне ұқсамайды. Көпті көрген, тірлікте тәжірибесі мол әжелер май сақтаған қарынды жуып алып, көженің түбіне салады екен. Қарын әбден тұз сіңгендіктен де көжеге дәм кіргізеді. Өте ежелгі бұл әдіспен жасалатын көже бойында қышқыл элементтері жетіспейтін адамдар үшін таптырмас дәрумен болары сөзсіз. Сол сияқты ертеден келе жатқан наурыз көжеде қолданылатын тағы бір әдіс — жылқының ысталған жалын дәкеге түйіп қайнату. Көбіне батыстықтар меңгерген бұл әдіспен дайындалған көженің дәмі тіптен ерекше болады. Жылқының жалын аршамен, адыраспанмен, әртүрлі тау шөптерімен ыстайды. Сондықтан да ол көженің құрамына емдік әсері бар нәр қосады.

Біз жыл сайын 14 наурыздан бастап наурыз көжені бірнеше қайтара жасайтын, дастарқаны берекелі келіншек Гүлназ Сәрсенбаеваны әңгімеге тартқан едік.
— Әлі есімде, ол кезде мен баламын, Наурыз тойы Ырғызда 1986-1987 жылдары тойланды. Еміс-еміс білемін. Анам Наурыз тойланғалы бері наурыз көже асатын. Анам қыстағы соғымнан наурыз көжеге деп бөлек ет сақтайтын. Себебі, сүрленген ет наурыз көженің дәмін тіл үйірердей ететінін айтып отыратын. Сол есімде қалыпты. Содан мен де келін боп түскеннен бері, яғни 1995 жылдан бері жыл сайын Наурыз мерекесінде «Несібе-ырыздығымыз мол болсын!» деген ниетпен наурыз көже әзірлеймін. Әлбетте, Ұлыстың ұлы күнінде қазан толтырып, болса, қазы-қарта салып, ет асамыз, — дейді ол. Одан әрі Гүлназ Сәрсенбаева бізге өзінің наурыз көжесінің құпиясын айтты: «Мен әуелі қойдың құйрық майын шыжғырып, шыжығын сүзіп аламын. Қазандағы сол майға сүр қазыны немесе сүрленген етті мейіздің көлеміндей етіп турап, сәл қуырамын. Сосын үстіне су құйып қайнатамын. Ет піскен кезде дәнді дақылдың бірін саламын. Көбіне күріш салады екенмін. Ағарғансыз наурыз көже болған ба, міндетті түрде сүт құямын. Көженің татымына қарай тұз саламын. Соңғы кездері тары қосып жүрмін. Наурыз көжем дәмді болып шығады».
Гүлназ жұбайы Еркінғали екеуі бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. 4-сыныпта оқитын Дінмұхаммед «Ақжелкен» аула клубының мүшесі екен. Домбырада күй тартады. «Ақжелкендіктер Наурыз тойын тойлағанда ұлыма наурыз көже асып, беріп жібердім», — дейді «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы педагогикалық өлшеулер орталығының бағалаушы-сарапшысы Гүлназ Сәрсенбаева.
«Тапсырыстар түсіп жатыр…»

aktobegazeti.kz

50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдік

50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдікҚара зере (черный тмин) — ерекше емдік қасиеті бар өсімдік.

Қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай. Медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В дәрумендері, линолей, олеин,пальмитин, эйкозен, стеарин, альфа-линолен қышқылдары құрайды.

Ғалым Ибн Қайым Жаузия өзінің «Пайғамбар медицинасы» атты кітабында қара зеремен 50 шақты ауруды емдеуге болатындығын көрсеткен. Кейінгі зерттеулер бойынша да оның мынандай ауруларға ем екендігі белгілі:

Қандағы холестеринді азайтады;

Ағзаны улы заттардан тазартады;

Иммунитет жүйесін күшейтеді;

Инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;

Артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады;

Құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;

Құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады;

Бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем;

Ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді;

Тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе т.б.);

Өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады;

Несеп жолдарын тазалайды;

Ішті жүргізеді;

Ішек құрттарын жоюға көмек береді;

Бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады;

Сүйелді кетіреді;

Жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем;

Белсіздікке ем;

Семіздіктен арылуға көмектеседі;

Тәбетті арттырады;

Асқазанның ойық жарасын (язва) жазады,

Етеккiр циклын қалпына келтіреді, т.б.

Қара зере майы. Қара зеренің, негізінен, дәнектері мен майы емге пайдаланылады. Мәселен, қара зере майы аллергияны, қышыма мен псориазды бәсеңдетуге, демікпеге қарсы ағзаның иммунитетін арттыруға, асқорыту қиындағанда, жоғарғы қан қысымы байқалғанда емге пайдаланылады. Түрлі витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтермен қатар, қара зере майының құрамында көмірсулар, белоктар мен майлар да бар. Өсімдік майы негізгі маймен қатар майлы қышқылдардан да түзіледі. Осы себепті аталғандардың соңғысы қанықпаған майға жатады. Зерттеуші медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В витаминдері, линолей қышқылы, олеин қышқылы, пальмитин қышқылы, эйкозен қышқылы, стеарин қышқылы, альфа-линолен қышқылы құрайды. Ол сондай-ақ нигелон семохиропинон немесе меланин секілді арнайы белсенді компоненттерге де ие.

Қара зере шайы. Бүгінгі күні қара зеренің дәндерінен қайнатылған арнайы шай да жасалады. Бұндай шай көбіне іш кебу, іш өту және өт шаншуы сияқты ауруларға ем. Жас босанған сүті аз әйелдерге де оның пайдасы зор.

Қорыта келгенде, Қара зере — расында да емдік қасиеті мол шипалы өсімдік. Оның өлімнен басқаның бәріне ем екендігін бүгінгі медициналық зерттеулер бірінен соң бірі дәлелдеуде.

Қымыз қырық ауруға ем

55ee5d2a54Ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық сусынымыз қымыздың адам денсаулығына берер пайдасы орасан зор екені талай мәрте жазылып та келеді. Қымыз құрамындағы дәрумендер мен оның шипасы туралы тағы бір мәрте оқырман назарына салуды жөн көріп отырмыз.

Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.

Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады.

Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.

Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады.

Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан.

Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады.

Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.

Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды.

Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.

Қымыз адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады.

Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды.

Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.

Кез келген сүттегі ең бағалы зат — ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 — 2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 — 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем.

Тұрақты түрде қымыз ішкен адамның иммунитеті артады.

Бие сүтіндегі полиқанықпаған май қышқылдары қан айналымын жақсартады.

Бие сүтіндегі лактоферрин атты ақуыздан Ресей ғалымдары қатерлі ісікке қарсы дәрі жасауда.

Қымыз ішкен адамның жаны мен қаны бұрынғы ішкен арақ пен сыраның зардаптарынан тазартады.

Ерлер белсіздігіне қымыз ем.

Қымыздың майы атерокслероз ауруына шипалы.

Қымыздың құрамындағы қанықпаған май қышқылдары адам денесіндегі жасушаларды жақсартады.

Қымыздағы кіші молекулалы пептидтер жасушалардағы нәруыз (белок) синтезін күшейтеді, ағзадан улы заттарды сыртқа айдап шығарады, ұрық безі гормондарының түзілуін дамытады.

Тамақтың алдында немесе тамақпен бірге аз мөлшерде (50–100 мл) ішілген қымыз ас қорыту сөлдерінің бөлінуін айтарлықтай күшейтеді.

Ағзадағы зат алмасуын реттеп отыратын асқазанның, ішектің, ұйқы безінің ас қорыту сөлдерінің, бауырдағы өт бөлетін ферменттердің жұмысын ынталандыратын қымыз құрамында пайдалы заттар бар.

Қымыз құрамында ағзаға жеңіл сіңетін ақуыздар, пептидтер, аминқышқылдар болғандықтан, сусынның бұл түрі сырқат адамның күш-қуатын тез қалпына келтіреді.

Қымыздағы F дәрумені болып табылатын линолен және линол қышқылдарынан простагландиндер мен басқа да маңызды эйкозаноидтар түзіліп, олар жасушалар деңгейінде барлық химиялық үдерістерді реттейді, тін жасушаларының жаңаруын жылдамдатады. Бұл өнімдерде В тобы, А, Е дәрумендері, әсіресе С дәрумені өте көп. Олар қымызда түзілген антибиотиктермен бірге жасушалардың қанықпаған липидтері қышқылдандырғыштарының әсерін тежейді, адамның иммундық жүйесі мен денсаулығын нығайтып, күшейтеді.

Қымыз ашығанда пайда болатын сүт қышқылы, спирт асқазан-ішек сөлін қоздырып, астың жақсы қорытылуына, ыдырау өнімдерінің сіңуіне жәрдемдеседі.

Қымыз құрамындағы биологиялық белсенді ақуыздар, эйкозаноидтар, С дәрумені, микроэлементтер, сүт қышқылды, спирт ашу өнімдері жасушалардағы химиялық реакциялар ағымын шапшаңдатуға, олардағы үдерістерді қалыпқа келтіруге үлкен ісер етеді. Бұл тіндердің жасушалық компоненттерін жаңартып, ағзаны жасартады.

Бие сүтінде С дәруменінің мол болуынан, қымыз туберкулез ауруын емдеуде өте шипалы. Қымыз туберкулезбен ауыратындардың ағзасындағы дәрумендер алмасуының бұзылуын тоқтатады.

Қымыз құрамында В, В2, В12 дәрумендері бар болғандықтан, ол жүйке ауруларына да өте шипалы.

Қымыз ас қорыту органдарының, жүрек-қантамырларының, жүйке жүйесінің, басқа да органдардың қызметін жақсартады.

Қымыз ішкенде адам тәбеті ашылады. Оған қымыз құрамындағы сүт қышқылы әсер етеді.

П. Ю. Берлиннің зерттеуінде бие сүті майының туберкулез бактериясының өсуін тежейтіні айтылады.

Қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларынан, ішек-қарын, жүрек, қантамырлары кеселдерінен емдегенде, дәрумендер жетіспегенде қолданылуда.

Қымыз мал ауруларын емдеп-жазуда да кеңінен пайдаланылады. Оның ем болатын сырқаттары: бұзаулар мен құлындар диспепсия ауруына шалдыққанда, бұзаулар мен құлындардың, балапандар мен тауықтардың ащы ішегінде қабыну белгілері байқалғанында, бұзаулар мен құлындар қан бөлетін гастроэнтеритті ауруға ұшырағанда, ірі қара малдың асқазаны әлсірегенде, балапандарға А және В дәрумендері жетіспегенде, іріңде, күйікте, сиыр, бие, қойларда кездесетін іріңді вагинит және эндометрит ауруларында, сиырлар мен биелердің іріңді желінсау дертінде және тағы да басқа науқастарында.

Қымыздың әсері адамның бүкіл ағзасын өзгертеді. Ондағы физиологиялық, биохимиялық үдерістерді күшейтеді, зат алмасуды қалпына келтіреді.

Қымызда адам ағзасына қажетті барлық элементтер бар.

Адам тамағында В1 дәрумені болмаса, ол бергебери ауруына шалдықтырып, мұндай адамның қозғалғыш және сергек сезім жүйкелері зақымданады, паралич (сал) болып қалады. В12 дәрумені жоқ болса, жілік майында қан құрау бұзылады, қан аздық пайда болады. Мұнан қымыз ішіп сақтана аласың.

argymaq.kz

Қан қысымы көтерілгенде пайдалы 10 тағам

Қан қысымы көтерілгенде пайдалы 10 тағамҚан қысымы қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш. қан қысымы адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады. Ол қантамырларда бірдей болмайды. Қан қысымы артерияларда, әсіресе, қолқада барынша жоғары болады. Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы каппилярларға жеткенше төмендеп, веналарда, әсіресе, жоғары және төменгі қуысты веналарда ең төмен болады.

1. Майсыздандырылған ірімшік тамырлардың созылуына әсерін тигізіп, жүректі жақсартады және кальций, магний, калийдің көзі болып табылады. Сондықтан күніне 100 грамнан кем емес ірімшікті жеу қажет.

2. Қызыл болгар бұрышы С дәруменінің аса көп мөлшерін өзінің құрамында сақтайды. Гипертония ( қан қысымының артуы) ауруына шалдыққандарға бұл тағамды міндетті түрде пайдаланған жөн. Егер күніне 2 дана қызыл бұрыш жейтін болсаңыз, организмдегі С дәруменінің орнын толтырады.

3. Албырт (лосось) — май қышқылының көзі және қан қысымын түсірудің тамаша әдісі. Оны аптасына 3 рет 100-150 грамнан қолданған жөн.

4. Сұлы жармасының ботқасы гипертониямен ауыратын адамдардың таңғы ас мәзірінде міндетті түрде болуы қажет. Зерттеулер нәтижесі бойынша, сұлы-ағзадағы селеннің орнын толтырушы.

5. Асқабақ шемішкесі ағзадағы цинктің азаюынан сақтайды және инфарктан құтқарады. Күніне 20 грамнан жеген жеткілікті.

6.Какао қан тамырларының жағдайын жақсартады. Дегенмен, ол өте құнарлы(калориялы) сусын. Аптасына 1-2 шыныаяқ ішуге болады.

7. Майсыздандырылған сүт құрамында калий, кальций, магний және басқа да дәрумендер бар, гипертониямен ауыратындардың жағдайын жақсартады. Күніне 3 стақанға шейін ішуге болады.

8. Ащы шоколад жүрек бұлшық етін бекітеді, антиоксидантты құрамында сақтайды және 5-10 мм-ге қан қысымын түсіруге қабілеті бар. Дей тұрғанмен, оны көп мөлшерде жеудің қажеті жоқ.

9. Миндальдың құрамында мономайлар бар болғандықтан, холестериннің деңгейін төмендетеді. Бұл жаңғақта қан қысымының түсуін қамтамасыз ететін Е дәрумені, калий, магний элементтері бар.

10. Көк шай үнемі ішіп отыруды қажет етеді, осылайша холестериндік тығынды ерітеді, құрамында көп антиоксидант бар, организмнің тозу үдерісіне жол бермейді. Әлемде көк шайды көп ішетін Жапонияда халықтың барлығы дерлік гипертония ауруымен ауырмайды.

Әр өңірдің қымыраны әр түрлі…

Әр өңірдің қымыраны әр түрлі…Қымыранның сусын екенін бар қазақ жақсы біледі. Бірақ, бір қызығы, осы “қымыран” сөзі талай сусынға атау болыпты. Атамның айтуынша, Қорғалжын төңірегінде ертеректе “қымыран” деп түйе сүтінің сауып алынғаннан кейін бірталай уақыт тұрыңқырап қалғанын айтады екен. Түйе сүтінен ашытылып жасалған сусын да қымыран аталыпты.

Көкшетау өңірінде “қымыран” – су қосылған қымыз.

Шу бойында су қосылған сиыр сүтін “қымыран” дейді.
Маңғыстау жерінде “қымыран” – жылы суды сиыр сүтіне араластырып оған қымыз қосылған сусын.

Кезінде жазушы Сәбит Мұқанов: “Түйенің сүтінен ашытатын қышқылтым ішімдікті Түркістан жағында “қымыран” деп атайды” деп жазыпты.

Ал, осы қымыранға баспасөзде берілген анықтама – дән жармасынан ашытылып жасалған көже (ашыған көже). Ол көбіне бидайдан ашытылып жасалады. Бабына келтіріп дайындалған қымыран адамның ыстығын басып, сусынын қандырады делінген.

Негізінде, түркі тілдес халықтардың бірқатарында “қымыран” сөзі осы мағынада қолданылады.

Дайындаған Төлеген Жәкітайұлы

Қазақтың ұлттық сусындары: қымыз, шұбат, айран (ФОТО)

Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас – адамның арқауы», «Жаман ауру-жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» — деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар: соғымбасы, қонақасы, табақ тарту, сарқыт, сәлемдеме, түстену, асату, дәмеу, асар, ауыз ашар тағы басқалар. Дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына көбінесе ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды. Ұлт тағамдарының негізі –сүт тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран,уыз сияқты тағамдар жасаған. Бүгін сіздермен халқымыздың ұлттық сусындары жайлы қысқаша ақпаратпен бөліспекпіз.

Қазақтың ұлттық сусындары: қымыз, шұбат, айран (ФОТО)

Қымыз

Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.

Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді. Қымыз бір тәулікте ашуы жетіп, сапыруға жарап қалады.

Қымыз тәрізді табиғи құдіретті сусынмен былай да емдейді: қымызды алғашқыда тәулігіне 6 рет 100 грамнан (қатты науқасқа 50 гр.), кейін 250 грамға дейін береді де, ағза қымыз ішуге үйренген соң оның мөлшерін 2-3 литрге дейін көбейтеді. Қымызды тамақтың алдында 1-1,5 сағат бұрын ішеді. Жатар алдында ішпейді. Жоғарыдағы ем сырқатпен әлсіреген, жүдеген, қаны азайған, туберкулезге шалдыққандарға шипалы.

Шұбат

Түйенің сүтін ашытып жасайды, қышқыл дәмді. Оның әзірлеу тәсілі қымыз ашытуға ұқсас. Шұбатты тағам ретінде үнемі ішіп жүретіндер өкпе ауруына өте сирек ұшырайды. Дәрігерлер өкпесі, асқазаны, ішегі ауыратындарға шұбат ішуді ұсынады. Өйткені, шұбат асқазанның секреторлық қызметін жақсартады, қышқылдылығын көтереді, дәрі-дәрмектердің емдік қасиетін арттырады, адамның дертке қарсы күресу қабілетін күшейтеді.

Шұбатты ашыту: жаңа сауылған түйе сүтін сүзеді, 30-35 градусқа дейін салқындатады, сосын емен бөшкеге құяды, өндірістік ашытқы қосады; қоспаны піспекпен 20-30 минут бойы піседі, араластырады, ашуы үшін 3-4 сағат бойы тыныш қояды. Осы мерзім ішінде микрофлора әрекетінен күрделі заттар жай заттарға айналады, қышқылдығы 60-70 градусқа көтеріледі, казейн іріп, тұнбаға түседі, — дейді мамандар. Казейннің ірі түйіршіктері пайда болмауы үшін шұбатты жақсылап тұрып араластырып отыру қажет. Ашыту процесі 20-25 градус жылылықта 10-20 сағатқа созылады.
Айран. Әрі тағам, әрі сусын. Сиырдың, қой мен ешкінің піскен сүтіне мәйек, ашытқы (ескі айран) қосып ұйытады да салқындатып ішеді. Қалмақтар айранды ашытып, көкір (арақ) жасап ішкен.

Айран

Сүт те бар элементтер айранда да бар. Сондай-ақ, айранда ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стакан айран ішсе, діттеген мақсатына жете алады.Әсіресе, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы.
Қазақтың ұлттық сусындарының (айран, қымыз, сүт, шұбат) адам денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор. Бабаларымыз қадірлеген жылқы малының сүті – қымыздың емдік қасиеті бар екендігі ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы бір тәулікте орта есеппен 50 мг С дәруменін қажет етсе, бір литр қымыз құрамында 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі.
Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз – туберкулез, сүзек, дизентерияға, дифтерия бактерияларына тосқауыл қояды. «Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз» – деп Жамбыл атамыз жырға бекерден-бекер қоспаса керек. Ал Ақтамберді жырау болса: «Биенің сүті сары бал – қымыздан асқан дәм бар ма?» деп тамсанған. Өйткені, қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмдерінің бірі.

Қатық

Көбінесе қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен ұйытқан аса қою айран. Оны әзірлеу әдісі былай: піскен сүт қан жылым дәрежесіне дейін салқындатылады да, бұрынғы айраннан ұйытқы құйып (бір шелекке бір кесе) араластырады, одан кейін бетін қымтап жауып қояды. Ұйыған уақытта қатықтың бетін (жазда 2-3 сағат, күзге таман салқын түскен кезде 3-4 сағатта) ашып, біраз салқындатады. Жақсы ұйыған қатыққа шанышқан қасық тік тұрады. Оның қатық аталуы да осыдан. Ал бабына келмеген қатық қатық саналмайды. Аспазға сын қойылады. Қатықты сол күйінде ішеді. Бұл — қарын аштырмайтын өте жұғымды әрі сіңімді тағам.

Шалап

Айранға суық су қосып сапырып, шөлдегенде ішетін сусын. Айран-шалап деп кейде жалпы ақты да атаған.

Қымыран

Қымыран — сүттен ашытылып жасалған сұйық тамақ — айранның бір түрі немесе түйенің шұбаты мен сиыр сүтінің араласы. Ғылыми дәйектерге жүгінсек, қазақтың қымыраны әлемнің шөлін қандыруға қауқарлы, халықаралық нарықта бәсекеге бәс тігуге қабілетті, сондай-ақ талай дертке дауа болар қасиеттері де баршылық.

Гүлжан Раманқұлова

baq.kz

Ас содасының емдік қасиетін білесіз бе?

baking-soda-01Күнбе-күнгі тұрмысымызда қолданылатын ас содасының тағамдық пайдасынан бөлек, оның емдік қасиеті бар екенін біле бермесек керек-ті. Осы орайда біз оның емдік бірнеше қасиетін айтқымыз келеді.

Расында, ас содасының әуелгі үлкен пайдаларының бірі – ол иммунитетімізді едәуір көтеріп, вирустар мен бактериялардың көбеюіне тосқауыл қояды, һәм өз клеткаларымыздың ракқа қарсы тұрып, оны алдын алудан қорғайды.

Өз кезегінде ас содасының қалай, қайтіп және қаншалықты пайдалануды білмесеңіз, ағзаңызды ауыр кеселге ұшыратып алуыңыз әбден-ақ мүмкін. Сондықтан, белгілі бір маманның кеңесіне жүгінгеніңіз жөн болмақ.

Ас содасының ішкі бәзбір ауруларға пайдасы бар:

— Онкологиялық ауруларды профилактикадан өткізіп, оны емдеу үшін;

— Асқазан-ішек ауруларында;

— Асқазан, бүйрек және бауырда пайда болған тасты ерітуге, бір сөзбен айтқанда, бүкіл ағзаны шаюға;

— Буын ауруларының кейбір тұстарына.

Сыртқы ауруларға қарсы да емі бар:

— Жан-жәндіктер шағып алған жерді сүрту үшін;

— Аздап салқындап не ангинаға тап болғанда, ингаляция жасау үшін;

— Оның өте төмен көлемдегі ерітіндісімен қабынған көзді сүрту үшін;

— Жалпы тісті тазалап және ағарту үшін;

— Аяқ пенен қолдың таз ауруы үшін;

— Қол менен аяқтағы тырнақтарды аз-кем жұмсарту үшін.

Ас содасын пайдалудың тәртібі:

— Таңсәріде ашқарынға ішу (бір стақан суға).

— Күн бойы тамақ алдында 30 минут бұрын немесе тамақтан 1 сағат кейін ішу. Осы тұста ескеретін бір жайт, асқазанда мейлінше тамақ болмағаны абзал; былайша айтқанда, асқорыту үрдісі жүріп тұрмағаны мақұл.

— Бастапқыда ақырындап пайдаланса дұрыс болар. Яғни, оны пышақтың ұшында тұрар-тұрмас көлемде ғана қолдану тиімді. Өйткені соданы бұрын-соңды пайдаланбаның анық қой.

— Тіпті оны біртіндеп пайдалану керек, яғни аптасына не айына небары бір рет дегендей. Мұнда өз ағзаңызға құлақ түріңіз. Егер ол оны қаламаса, мүлде мәжбүрлемеңіз.

Сөз соңында айтарымыз, нені пайдалансақ та, жоғарыда келтіргеніміздей, оны қалай, қайтіп және қаншалықты қолдануға болатынын әбден біліп, маман адамның кеңесіне тікелей көңіл бөлген ләзім-дүр.

Көңіл-күйіңіз жоқ па, шабдалы жеңіз

Көңіл-күйіңіз жоқ па, шабдалы жеңізАроматерапевтердің зерттеуі бойынша, шабдалы — адамды күйзелістен құтқаратын, көңіл күйді көтеретін, ойлау және есте сақтау, зейін аудару қабілеттерін арттыратын адам денсаулығына пайдалы дәрмек.

Ал Қытай ғалымдары шабдалы өмірді ұзартатын ең тиімді жеміс екенін дәлелдеген, деп жазады massaget.kz. Алайда бұл жемістің пайдалы тұстарын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Назарларыңызға шабдалы жемісінің пайдасы мен зиянды тұстарын ұсынамыз.

1. Шабдалы темір, кальций, натрий, фтор, фолацин, ниацин, фосфор, мыс, марганец, селен, мырыш, магний және С, В, К, РР, Е каротин дәрумендеріне өте бай.

2. Құрамында пектин мен эфир майы, сүйегінде бадам майы мен амигдалин бар.

3. Ағзаны қайта қалпына келтіреді.

4. Жүрек бұлшық етін нығайтады.

5. Асқорытуды жақсартады.

6. Иммунитетті көтереді.

7. Қуық тастарынан тазартады.

8. Іштің қатуынан құтқарады.

9. Жүрек қан-тамырлары аулары мен аритмия, анемияға шипасы мол.

10. Шаршағанды басып, жүйке жүйесін тыныштандырады.

11. Терінің жасаруы мен ағаруына әсері мол.

12. Қандағы гемоглобин құрамын арттырады.

Жеуге болмайды:

— аллергияға бейім адамдарға;
— қант диабетімен ауыратындарға;
— тез семіруге бейім адамдарға;
— асқазан қышқылы жоғары адамдарға.

22 Наурыз мейрамына байланысты 22 қызықты дерек

22 Наурыз мейрамына байланысты 22 қызықты дерекМереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Түркі халықтарында жаңа жыл көктем мерекесімен бірге басталады. Яғни, 22 наурыз — Жыл басы. Осы орайда 22 Наурыз мейрамына байланысты  22 қызықты деректі Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
  2. Бұрынғы қариялар 22 наурызды «Қызылбастың наурызы» дейді екен (Қызылбас — Иран, бұрынғы Парсы елінің қазіргі атауы). «Наурыз» сөзі парсы тілінен шыққан, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы наурыз демей, Амал деген.
  3. Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. 7 санға байланысты әдет-ғұрыптар бар. Наурыз мерекесін тойлау кезінде, ақсақалға наурыз көжеге толы жеті кесе ұсынылады. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне 7 қонақты шақырып, өзі де 7 үйге жолығады. Өзбекстанда «Сумалақ» — наурыз көжеге ұқсас тағам дәстүрлі болып саналады. Ол да жеті азықтық заттан әзірленеді.
  4. Наурыз мерекесі 18 ғасырға дейін Ежелгі Грекияда, Ежелгі Римде, Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген деген дерек бар. Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі.
  5. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео.

Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.

  1. Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.
  2. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді.

Бас Ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді.

Ал UNESCO болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.

  1. Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз.
  2. Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті, ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Ескі киімдерін тастаған. Ескірген шыны аяқты сындырған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салған. Үйлеріндегі тіреу, ағашқа гүл ілген. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
  3. Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы.
  4. Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Наурыздың нақты тарихы тереңде жатыр, ол өзінің бастауын мұсылмандыққа дейінгі заманнан алады. Кейбір ғалымдар бұны зороастризм мен шаманизм кезеңіне дейінгі уақытпен байланыстырады. Кейбіреулер Парсы патшасының жорықтарымен байланыстырып жүр.
  5. Атырау және Маңғыстау облыстарында Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталып, «Амал» деп аталады, осы мейрамның дәстүрлі элменті — «Көрісу». Бұл күні адамдар қол алысып қауышады. Сонымен бірге, барлығы «Жаңа жыл құтты болсын!» деп амандасады.
  6. 1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
  7. Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берді.
  8. Наурыз Қазақстанда ғана тойланбайды. Жақын шетелдің елдері (Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей) Наурыз мерекесін қарсы алады! Ауғанстан, Иран секілді алыс шет елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтеді.
  9. Бұрын Наурыз мейрамын тойлау таң атуды қарсы алудан басталды. Бұл ежелгі ғұрыптардың біріне «Бұлақ көрсең, көзің аш!» деген мәтелге байланысты болды.
  10. Наурыздың алғашқы күндерінің бірінде қазақ халқының нанымы бойынша жердің бетінде ерекше бір гуіл жүреді. Білетін адамдар мұны жұмақтан шыққан қойлар бірінші болып сезеді, оларды баққан қойшы да байқайды дейді. Мұндай күні бүкіл табиғат, жан-жануарлар, адамдар жандана түседі. Бұл күні шаш алуға, тырнақ алуға болмайды, әйтпесе сал болып қаласың дейді. Айналадағы жан иесінің бәрі «әзден» кейін ғана ерекше күш-қуатқа ие болады. Халықта мынадай қанатты сөз бар: «әз болмай, мәз болма».
  11. Бұл мереке Ислам дәуіріне дейін тойланып, халық арасында ерекше қолдауға ие болып келеді. Шығыс елдерінің (шәмси) күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал — Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады.
  12. Наурыздың мағынасы — наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды.
  13. Шығыс жыл санағы бойынша, мереке ирандықтардың жаңа жылы Наврузбен жанасады. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені «Бәйшешек», «Гүлгардон» не «Гүлнавруз», татарлар «Нардуган», бирмалықтар «Су мейрамы», хорезмдіктер «Наусарджи», буряттар «Сагаан сара», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп атаған.
  14. Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы Наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Бұл таңғажайып жайт емес, өйткені наурыздағы қар әдетте жұмсақ, ерекше аппақ болады.
  15. Наурыз айы туғанда өтетін «Көрісу» бір күнмен шектелетін мереке емес, ол наурыздың 14-інен басталып, айдың соңына дейін жалғаса береді.

Ақпарат «Астана ақшамы» газетінен алынды

«Шабыт аруы—2016» байқауы өтті

шабыт аруКеше Елордамыздағы орын тепкен Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде көктемнің шуақты күнімен құлпырған арулар арасында «Шабыт аруы-2016» байқауы өтті.

Байқауға жалпы саны оншақты ару қатысып өз бақтарын сынады. Үш кезеңнен тұрған сайыста арулар аянып қалған жоқ.

Бар өнерлерін ортаға салған арулардың арасынан сайыс қорытындысы бойынша Қанаш Бибінұр «Шабыт аруы 2016» атанып, сонымен қатар «Сүйкімді ару» номинациясын жеңіп алды.

Жүлделі екінші орынды  Юсупова Карина қанжығасына байлады.  Өнерімен тамсандырға Досова Әсем «Өнерлі ару» атанса, жиналған көпшіліктің көңілінен шыққан Токаева Айлин «Көрермен көзайымы» болды.

Қатысушылардың барлығына бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары табысталды. Университет басшылығының қолдауымен өткен сайыс, жыл сайын жалғасын таппақ.