Домой Блог Страница 222

Адамның мінезін ұйқысына қарап қалай анықтауға болады?

20160309035752Бүгінде психолог мамандар адамдардың мінез-құлқын анықтаудың түрлі тәсілдерін ойлап-тапқан. Солардың бірі — адамның ұйқы кезіндегі дене қалпына қарап, оның қандай екендігін оңай білуге болады. Сонымен, ұйқыдағы денеңіздің күйі сіз туралы қандай мәлімет береді?

1.Егер ұйықтаған кезде тізеңізді бүгіп жатсаңыз, онда сіз бірқалыпты, сенім артуға болатын, ешкімге кек сақтамайтын жансыз. Кез келген ортада өзіңізді жайлы сезінесіз және адамдармен тез тіл табысасыз.

2.Бүк түсіп ұйықтасаңыз, үнемі жақындарыңыздың демеуіне, моральды қолдауына мұқтажсыз. Өте сезімтал жансыз. Кейде, тіпті, көз жасына ерік бересіз. Осылайша, бүк түсіп ұйықтаған кезде сіз сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғанғандай боласыз. Өз шығармашылығыңыздың шыңдалуына жол ашыңыз: қолыңыздан келетін сүйікті іспен шұғылданғаныңыз жөн. Мысалы сурет салыңыз, би үйірмесіне қатысыңыз. Егер де сіздің жарыңыз да осы кейіпте ұйықтаса, оны мазалап, «миын ашыта» бермеңіз.

3.Көшбасшылар әдетте аяқ-қолдарын еркін сермеп жатады. Мұндай адамдар импульсивті болып келеді. Олар жұмыста да, отбасында да тәртіп орнатып, бәрін қадағалап жүреді. Алдын ала дайындалып, алдағы күндеріне жоспар құрып, діттеген мақсаттарына оңай жетеді. Тыңғылықтығы мен қайтпастығына қарай бұл топтағы адамдар кез келген өмір асуларын да оңай бағындырады.

4. Үнемі шалқасынан ұйықтағанды позитивті, көңілді адамдар ұнатады. Сіз жұрт назарын өзіңізге аудартып, шулы кездесулердің ортасында жүргенді қалайсыз. Жұмыста еңбекқорсыз, бірбеткей және шындықты бетке айтқанды ұнатасыз. Отбасында да, жұмыста да көшбасшысыз. Бар назар тек қана өзіңізде. Бұл кейіпте көбіне ер адамдар ұйықтайды.

5.Қарауылда тұрған күзетші секілді ұйықтасаңыз, өмірдегі мақсаты айқын және сол мақсатына аңдап басып, асықпай жететін жансыз.Сіз қаталсыз және айналаңыздағы адамдарға да қаталдық танытасыз. Бірақ көп жағдайда өзіңізге тым көп жауапкершілік аласыз.

6.Тырна сияқты ұйықтайсыз ба? Сізден бәрін күтуге болады деген сөз. Мінезіңіз құбылып тұратындықтан, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдарды таң қалдырып, тамсандырасыз. Жымиып тұрып, айқайға лезде басуыңыз әбден мүмкін. Көп жағдайда белгілі бір таңдау жасаған кезде көп кідіріп, қиналасыз. Өмірде де, қызметте де тұрақтылық пен тыныштықты, ықтияттылықты қалайсыз.

ҚазАқпарат

2016 жылғы «Медеу аруы» анықталды

2016 жылғы «Медеу аруы» анықталдыАлматыда «Медеу аруы-2016» байқауы өтті. 16 жастағы  КИМЭП студенті Ақбота Жұмакәрімова Еуропаға жолдама ұтып алды. Жеңімпаз бойжеткен Париж қаласында демалатын болды.

Айта кету керек, Ақбота конькимен мәнерлеп сырғанап қана қоймай, «Титаниктегі» саундтрекке билеп берді.

Екінші орынға тұрақтаған Қазақ Мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясының студенті Әсел Әбдуәли 75 мың теңге ұтып алды. Ол құммен сурет салып, қазыларды тәнті етті.

Үшінші орынға Ксения Иляхина есімді модель лайық деп танылды. Оған онлайн-дүкенде 50 мың теңге көлемінде сыйлық алды.

Байқауда барлығы 8 қыз бақ сынағысы келген. Олардың біреуі денсаулығына байланысты сайыстан шығып қалды. Өнерлі арулар түрлі талантымен қатар, мұзда жақсы сырғанай алуымен  ерекшеленді.

Финалға шыққан қыздар Медеу мұз айдынының тарихы туралы сауалдарға жауап беріп, ән мен биден шашу шашты. Сондай-ақ, әр қатысушы өзі туралы бейнеролик түсірді.

ҚазАқпарат

Ақпанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі байқалды

Ақпанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі байқалды2016 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,2%, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату – 0,4%-ға төмендеді, ал абаттандырылмаған тұрғын үйлерді – 1%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2%-ға жоғары болды. Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі кезең соңына, өткен жылғы желтоқсанға пайызбен, өсуі +, төмендеуі —

Әдіснамалық түсініктемелер:
Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.

baq.kz

Тұңғыш рет қыздар арасында Құран жарысы өтеді

imagesҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2016 жылы мамыр айының 7-8 күндері «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Құран жарысы өтеді.

Жарысқа қатысушы төменде көрсетілген паралар бойынша сайысқа түседі. (Жүлде қоры 3 500 000 теңге)

15 пара

– 1-орын (500 000 теңге)
– 2-орын (450 000 теңге)
– 3-орын (400 000 теңге)

10 пара

1-орын (350 000 теңге)
2-орын (300 000 теңге)
3-орын (250 000 теңге)

5 пара

– 1-орын (200 000 теңге)
– 2-орын (150 000 теңге)
– 3-орын (100 000 теңге)

3 пара

1-орын (100 000 теңге)
2-орын (85 000 теңге)
3-орын (70 000 теңге)

2 пара

– 1-орын (70 000 теңге)
– 2-орын (60 000 теңге)
– 3-орын (50 000 теңге)

1 пара

1-орын (50 000 теңге)
2-орын (40 000 теңге)
3-орын (30 000 теңге)

Ескерту:
– Қатысушының Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
– Қатысушы талапкер 1 мамырға дейін тіркелуі қажет;
– Қатысушы ҚР азаматы болуы тиіс.

Өтетін жері: Алматы қаласы, «Нұр-Мүбарак» университеті (әл-Фараби көшесі, №73)

Байланыс ақпарат: Айша Кеңесбай: +7 747 104 74 94, +7 775 626 81 21. ummetfound.kz@gmail.com

Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға қатысуға өтініш беру 29 наурызға дейін жалғасады

Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға қатысуға өтініш беру 29 наурызға дейін жалғасады2016 жылдың 29 қаңтарынан бастап, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға тура бір жыл қалғанда, www.almaty2017.kz ресми сайты қатысушы-командалардың онлайн-аккредитациясын бастады.

2017 жылғы Универсиадаға қатысуға ниет білдірген Ұлттық студенттік спорт федерацияларының өкілдері, Универсиаданың ресми сайтындағы арнайы “Аккредитация” формасын толтыруы тиіс.

Қысқы Универсиадаға шақырту қағазы 170 ұлттық студенттер федерацияларына – Халықаралық студенттік спорт федерациясының өкілдеріне(FISU) жіберілген болатын.

Жарысқа қатысу өтініштері 2016 жылдың 29 наурызына дейін қабылданбақ.

Белгілі болғандай, Алматыдағы Универсиада 2017 жылдың 29 қантары мен 8 ақпан аралығында өтеді.

Қысқы Универсиадаға әлемнің 55 елінен 2000-ға жуық спотршылары қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс 8 спорт нысанында, 12 спорт түрінен өтеді.Олар: биатлон, керлинг, коньки спорты, шаңғы қос сайысы, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, сноуборд, фристайл және мәнерлеп сырғанау.

Универсиадаға шетелден және еліміздің облыстары мен қалаларынан 3000 ерікті тартылмақ. 30 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде. Телеаудиторияның саны 1 млрд адамды құрамақ. Ал, телетрансляция әлемнің 80 еліне таратылмақ.

baq.kz

«Тақтардың ойыны» сериалының 6-маусым трейлері жарияланды

0

HBO арнасы «Тақтардың ойыны» сериалының 6-маусымының алғашқы трейлерін жариялады. Саундтрек ретінде Джеймс МакМорро орындайтын Wicked әні қолданылған.

Трейлерде Джон Сноудың өлі денесі көрсетіледі. Яғни, Джон Сноу тақырыбы әлі ашық деген сөз.

6-маусым 24 сәуірден бастап көрсетіледі.

Елордада құқықтық тәртіпті сақтау жасағы қатарына 400 студент қабылданды

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдыртпау, сондай-ақ адамгершілік және мәдени салтты дамыту мақсатында 2016 жылдың 29 ақпанында Астана қаласы Жастар саясаты баскармасы және Ішкі істер департаментінің бастамасымен «Студенттік құқықтық тәртіпті сақтау жасағы» атты жалпықалалық жоба басталды.  

Пресс-конференция барысында жасақ қатарына елордамыздың 3-4 ЖОО мен колледждерінен 400-ден астам студент қабылданды.

Елордада құқықтық тәртіпті сақтау жасағы қатарына 400 студент қабылданды

Бұл жоба заң факультетінде білім алып жүрген студенттер үшін таптырмас мүмкіндік. Себебі олар өз білімдерін тәжірибе барысында қолданып, сыннан өткізеді. Осы Іріктеу кезінде негізгі талаптар — студенттердің оқудағы үлгерімі, спорттық жетістіктері мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі бойынша таңдалады.

IMG_0256

Студенттік жасақ құрамы жыл бойы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде профилактикалық жұмыстар мен ҚР заңдарын ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізіп отырады. Сонымен қатар, осы жылдан бастап жыл соңына дейін ерекше көзге түскен студенттер «Жас сақшы»  ерешелік белгісімен марапатталады.

IMG_0264

Басқарманың хабарлауынша, 2015 жылдың қорытындысы бойынша Студенттік құқықтық тәртіпті сақтау жасағының көмегімен 15-тен аса рейд өткізіліп, 500-ден аса әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Биыл өткен жылға қарағанда жасақ қатарындағы сақшы саны екі есе көп болмақ.

Бүгін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі қазақ жеріне қонады

Бүгін «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі қазақ жеріне қонадыРесейлік ғарышкерлер Михаил Корниенко мен Сергей Волков және америкалық астронавт Скотт Келли мінген «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажырады.

«Кеме стансадан ажырады»,- деді Ұшуды басқару орталығының өкілі.

Корниенко мен Келли 11 ай бойы экспедицияға қатысты. «Союздің» командирі Волков ХҒС-да 182 күн болды. Олар ұшып кеткеннен кейін стансадағы жұмыстарды Юрий Маленченко (Ресей), Тимоти Копра (АҚШ) мен Тимоти Пика (Ұлыбритания) жалғастырды.

Ғарыш кемесі бүгін Мәскеу уақыты бойынша сағат 10:25-те Жезқазған қаласынан 147 км қашықтықта қонады деп болжанып отыр.

Bnews.kz

Бас мүфти имамдардың білімін жетілдіру орталығының ашылуына қатысты (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінде имамдардың білімін жетілдіру орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, сондай-ақ, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет, қала имамдары мен Алатау ауданының тұрғындары қатысты.

Бас мүфти имамдардың білімін жетілдіру орталығының ашылуына қатысты (ФОТО)

Бас мүфти имамдардың білімін жетілдіру орталығының жаңа ғимаратын аралап көрді және оның ұжым мүшелерімен әңгімелесті.

Алатау ауданының бас имамы Орынбасар Дәуренбеков тиісті кәсіби мамандары, жоғары сапалы жабдықтары, білім беруге қажетті құрылғылары бар білім жетілдіру орталығы барлық заманауи талаптарға сай екенін атап өтті.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы діни білім беру саласының одан әрі дамуы маңызды екеніне, бұл имамдардың білім сапасына оң әсерін тигізетініне тоқталды.

«Діни басқарма діни білім беруді сауат ашу курсында, медіреселер мен Нұр-Мүбарак университетінде жүйелі жүргізіліп келеді. Имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру, жетілдіру мақсатында осы орталықты ашып отырмыз. Бұл орталықтан алдағы уақытта жергілікті жамағатта діни білім алатын болады. Осы білімін жетілдіру курсында білімін алған дін қызметкерлері еліміздің әр өңіріне барып білімін халыққа жеткізеді», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы.

Орталық бір ауысымда 30 адам қабылдайды. 2 қабатты ғимаратты, озық техникалармен жабдықталған дәріс бөлмесі, асханасы мен кітапханасы бар.

Сондай-ақ, салтанатты кеш барысында Бас мүфти «Бекет ата» мешітінің іс басқарушысы Ғалымжан Молдабаевқа автокөлік кілтін табыстады.

baq.kz

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ел біріншілігі өтеді

Шымкентте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ел біріншілігі өтеді2-7 наурыз аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Стенд атудан Қазақстан Республикасы Кубогының I кезеңі өтеді.

Жарысқа Астана, Алматы қалаларымен қатар Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 80-ге жуық спортшы қатысады.

Жарыстың мақсаты елімізде Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау мен спортшылардың рейтингін анықтау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау болып табылады.

Бұл жарыста 17-ші Азия ойындарының чемпиондары мен жулдегерлері Давыдова Анастасия, Дмитриенко Мария, Середа Оксана және Могилевский Андрей өз шеберліктерін көрсететін болады.

Кубоктың салтанатты ашылу рәсімі 4 наурыз сағат 12-30-да Шымкент қаласы бұрынғы Комсомол көлі маңындағы «Эльдорадо» спорттық кешенінде өтеді.

Жарысты ұйымдастырушылар ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК, Облыстық ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ. 

baq.kz