Бүгінде психолог мамандар адамдардың мінез-құлқын анықтаудың түрлі тәсілдерін ойлап-тапқан. Солардың бірі — адамның ұйқы кезіндегі дене қалпына қарап, оның қандай екендігін оңай білуге болады. Сонымен, ұйқыдағы денеңіздің күйі сіз туралы қандай мәлімет береді?
1.Егер ұйықтаған кезде тізеңізді бүгіп жатсаңыз, онда сіз бірқалыпты, сенім артуға болатын, ешкімге кек сақтамайтын жансыз. Кез келген ортада өзіңізді жайлы сезінесіз және адамдармен тез тіл табысасыз.
2.Бүк түсіп ұйықтасаңыз, үнемі жақындарыңыздың демеуіне, моральды қолдауына мұқтажсыз. Өте сезімтал жансыз. Кейде, тіпті, көз жасына ерік бересіз. Осылайша, бүк түсіп ұйықтаған кезде сіз сыртқы ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғанғандай боласыз. Өз шығармашылығыңыздың шыңдалуына жол ашыңыз: қолыңыздан келетін сүйікті іспен шұғылданғаныңыз жөн. Мысалы сурет салыңыз, би үйірмесіне қатысыңыз. Егер де сіздің жарыңыз да осы кейіпте ұйықтаса, оны мазалап, «миын ашыта» бермеңіз.
3.Көшбасшылар әдетте аяқ-қолдарын еркін сермеп жатады. Мұндай адамдар импульсивті болып келеді. Олар жұмыста да, отбасында да тәртіп орнатып, бәрін қадағалап жүреді. Алдын ала дайындалып, алдағы күндеріне жоспар құрып, діттеген мақсаттарына оңай жетеді. Тыңғылықтығы мен қайтпастығына қарай бұл топтағы адамдар кез келген өмір асуларын да оңай бағындырады.
4. Үнемі шалқасынан ұйықтағанды позитивті, көңілді адамдар ұнатады. Сіз жұрт назарын өзіңізге аудартып, шулы кездесулердің ортасында жүргенді қалайсыз. Жұмыста еңбекқорсыз, бірбеткей және шындықты бетке айтқанды ұнатасыз. Отбасында да, жұмыста да көшбасшысыз. Бар назар тек қана өзіңізде. Бұл кейіпте көбіне ер адамдар ұйықтайды.
5.Қарауылда тұрған күзетші секілді ұйықтасаңыз, өмірдегі мақсаты айқын және сол мақсатына аңдап басып, асықпай жететін жансыз.Сіз қаталсыз және айналаңыздағы адамдарға да қаталдық танытасыз. Бірақ көп жағдайда өзіңізге тым көп жауапкершілік аласыз.
6.Тырна сияқты ұйықтайсыз ба? Сізден бәрін күтуге болады деген сөз. Мінезіңіз құбылып тұратындықтан, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдарды таң қалдырып, тамсандырасыз. Жымиып тұрып, айқайға лезде басуыңыз әбден мүмкін. Көп жағдайда белгілі бір таңдау жасаған кезде көп кідіріп, қиналасыз. Өмірде де, қызметте де тұрақтылық пен тыныштықты, ықтияттылықты қалайсыз.