Домой Блог Страница 231

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Сербия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Сербия-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетедіБүгін Сербия астанасы Белградта футзалдан Еуропа чемпионаты аяқталады. Турнирдің соңғы күні Қазақстан Ұлттық құрамасы да бақ сынайды.

Еліміздің спортшылары Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін Сербия командасымен ойнайды. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:20-да тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, бүгін Еуропа біріншілігінің финалында Испания мен Ресей құрамасы ойнайды. Бұл ойынның тікелей көрсетілімін «Қазақстан» Ұлттық арнасының көрермендері Астана уақытымен сағат 01:50-ден бастап тамашалай алады.

ҚазАқпарат

Қазақ жауынгерлері ат үсті ұрысқа дайындала бастады

Қазақ жауынгерлері ат үсті ұрысқа дайындала бастадыҚР Құрлық әскерлері 91678 әскери бөлімі ат үсті ұрыс дайындығына кірісіп кетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланды.

Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД-дағы бірден-бір таулы-қорықтық аймақта әрекет ететін рота жыл сайынғы ат үсті әскери дайындығын бастады. Жаттығу сабақтарын арнаулы нұсқаушылар өткізеді. Әсери қосынның атқа мінуі олардың таулы, күдір өңірге орналасуына сай қолға алынған шара. Олар әскери техника бара алмайтын жерлерде саптастарына жедел көмек көрсетіп, ұрыс жағдайында жүрген қосынға лайықты көмек көрсетуге бағытталған.

Онда негізінен жаңадан келген жауынгерлерді атқа мінудің белгілі тәртіп-ережелеріне үйретеді. Сондай-ақ, жылқыларды мылтық дауысынан үрікпеуге көндіктіреді. Жауынгерлік даярлық әртүрлі полигондарда өткізіледі. Алыс қашықтықтарға жылқыларды пойызбен тасымалдайды. Жердің географиялық ерекшеліктері мен жылдың мезгіліне қарамастан, аттар берілген тапсырманы орындайды. Атқа міну дайындығы міндетті пән болып табылады. Ал полигондарда атпен жаттығу жасау жоспарға байланысты айына бірнеше рет өтеді. «Сәйгүліктерге өзіміз ұарап, жемдейміз. Сұлы, кебек, бидай сияқты нормаға сәйкес күн сайын беріледі. Сонымен қатар жемге дәрумендер қосамыз. Жылқылар жеке қорада ұсталады. Ротаға аттар үш жасында, дөнен кезінде келеді, олардың мініс уақыты 5 жыл», — дейді таулы-қорықтық ротасының командирі аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы.

Рота жанында жылқылардың денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады. Рота құрамында барлығы 52 жүйрік бар. Әрқайсысы бір-бір әскери қызметшіге бекітілген және өзінің мүкәммалдық нөмірі бар. Таулы-қорықтық ротадағы негізгі қызметтен басқа сәйгүліктер өзге де «мәдени» шараларға қатыстырылып тұрады. Мәселен, 2015 жылы Таразда өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге апарылды. Түсірілімі Жаркент пен Қапшағайда өткен «Қазақ елі» тарихи сериалында пайдаланылды.

baq.kz

«Жібек жолы» раллиі рекордтар кітабына енуі мүмкін

«Жібек жолы» раллиі рекордтар кітабына енуі мүмкінОсы жылдың 8 шілдесінде Мәскеудің Қызыл алаңынан жолға шығатын «Жібек жолы» раллиінің керуені Гиннес редкордтар ктабына енуі мүмкін.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Жібек жолы» жобасының атқарушы директоры Сергей Гиря мәлімдеді.

«Жібек жолы: Мәскеу – Астана – Пекин» раллиі бағытының жалпы қашықтығы 10 500 шақырымды құрайды. Бұл көпшілікке танымал «Париж — Дакар» раллиінен асып түседі. Ал спортшыларымыз болса, аталған қашықтықты 16 күн ішінде басып өтуі тиіс. Сондықтан да қысқа уақыт аралығында осындай ұзақ қашықтықтағы раллидің толық құрамда жасақталып, ұйымдастырылуы тұрғысынан Гиннес рекордтар кітабынан енуі мүмкін. Бұл жерде ерекше атап өтерлігі сол, жарыс барысын әуеден бақылау қызметі де қамтамасыз етіледі. Ол 16 ұшақ және тікұшақтың көмегімен жүзеге асырылады» деді С. Гиря.

Айта кетейік, халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын раллиге әлемнің 35 елінен 1000-ға жуық спортшылар қатысады едп күтілуде. Биылғы жылғы ерекшелік «Жібек жолы» раллиі трансқұрлықтық негізде өткізілмек.

baq.kz

«Сенің даусың – сенің болашағың» республикалық постерлер байқауы басталды

«Сенің даусың – сенің болашағың» республикалық постерлер байқауы басталдыБүгін «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қоры «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауының басталғанын жария етті.

Байқаудың басты мақсаты – қазақстандықтарды 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттарын сайлауға белсенді қатысуға шақыру.

«Қаламгер Азамат» ҚҚ Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы «El.kz» әләуметтік жүйесі негізінде онлайн-форматында «Казконтент» АҚ – ның техникалық қолдауымен өтеді. Әр қалаған қатысушы байқауға өтінішін беріп, өз материалдарын жүктеуге мүмкіндігі бар. Желі қолданушылары ұнатқан жұмысқа дауыстарын бере алады. Ең көп дауыс жинаған постерлер, білікті және құзыретті қазылар алқасының төрелігіне тапсырылады.

Парламент Мәжілісі және бүкіл деңгейлік маслихаттар депутаттылығына үміткерлердің пайдасына үгіттеуге бағытталған жұмыстар байқауға қатыстырылмайды. Іс-шара 12 ақпан мен 18 наурыз аралығында үш кезеңде өтетін болады:
— 2016 жылғы 12 ақпан мен 14 наурыз аралығы байқаулық жұмыстарын қабылдау кезеңі;
— 2016 жылғы 14-17 наурыз аралығы – қазылар алқасының байқаулық жұмыстарды қарастыру кезеңі;
— 18 наурыз – үміткерлер жұмыстарының қорытындысын жиынтықтау және марапаттау кезеңі.
Толық ақпаратқа келесі сілтеме арқылы қол жеткізе аласыз: sailau2016.el.kz.

baq.kz

Тақтар ойыны 6-маусым суреттері жарияланды

0

HBO сәуір айында шығатын Тақтар ойыны сериалының 6-маусым суреттерін жариялады.

ramsay

myrcella

sparrow

theon-sansa

yunella

Tyrion-wine

tyrion-varys

tyrion

SansaTall

twins

samwell

sansa2

missandei

melisandra

jaime

got-game-of-thrones-9999z-2015-122815-07a

DANY

dany2

dany2-1

davos

brienna

BranRaven

boltons

baelon-greyjoy

Arya

arya2

asha

Астана қаласының басшылары «Ашық есік» күнін өткізді

Қала тұрғындары басқарма басшылары отырған орындарды аралап жүр

Бүгін Астанадағы «Конгресс холл» сарайында «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтті. Оған барлық қалалық басқармалардың басшылары қатысты.

Шараның мақсаты қала тұрғындарының көкейіндегі сұрақтарын біліп, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында, инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын қаперге алу болатын. Сондай-ақ, басқармалардың басшылары былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, осы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Шаһар тұрғындары өз сұрақтарын ауызша және жазбаша түрде жолдауға мүмкіндік алды.

Бұл бастама қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп отыр. Алдағы уақытта жыл сайын екі рет өткізу жоспарда бар.

Жас-ақпарат

25 жылда елге 957772 қазақ оралды

0

957
1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% — Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% — Қытайдан, 9,2% — Моңғолиядан, 6,8% — Түрікменстаннан, 4,6% — Ресейден және 3,6% — өзге елдерден оралған қандастарымыз.

Олардың 21,2% — Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% — Алматы облысына, 13% — Маңғыстау облысына, 9,4% — Жамбыл облысына, 40,1% — еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.

Елге оралған қандастарымыздың 55,6% — еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері — 39,9%, зейнеткерлер — 4,5% құрайды.

Еңбекке жарамды оралмандардың 8,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,6%-ында орта арнаулы білім бар, 60,8% — жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 9,8%-нің білімі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қарашада Елбасы Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.

Заңда этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ынталандыру мақсатында:

— этникалық қазақтарға қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін беру. Оларға шетелдік азаматтарға қарағанда көші-қон полициясына хабарласу арқылы төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі;

— этникалық қазақтарға Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік пакет беру. Сондай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңірге қоныстанған оралманның әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндігі болады. Егер олар қоныстанған өңірден 5 жыл мерзімнен бұрын қоныс аударып кететін болса, алған көмектерін Үкіметке қайтару міндеттері қарастырылған.

— оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін уақытша тұру ықтиярхатын алғаннан кейін 1 жылға дейін қысқарту көзделеді.

ҚазАқпарат

Елімізде екінші рет әскери ару қыздар байқауы өткізіледі

Елімізде екінші рет әскери ару қыздар байқауы өткізіледіАқпан айынан бастап Қарулы Күштерде әскери қыз-келіншектер арасында «Батыр арулар» байқауы басталды. Екінші мәрте өтетін сұлулық байқауында армияның он екі аруы таңдалады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Алғашқы «Батыр арулар» республикалық байқауы өмірін әскери қызметке арнаған жандар туралы болды. Үміткерлер өтінім бергеннен бастап шешуші кезеңге дейін ауыр сынақтардан өтті. Олар оқ атты, граната лақтырды, әртүрлі кедергілерді өтті, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды басқарды.

Биылғы байқауға өтініш қабылдау ақпаннан басталды. 25 наурызға дейін байқауға қатысуға ниет білдіргендер сауалнаманы толтырып жібереді, өзі және ҚР Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызмет туралы әңгімелеп береді.

Екінші кезеңде Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында ашық дауыс беріледі. Ол 1 сәуірде басталып, 15 маусымда аяқталады. Барынша көп дауыс жинағандар байқау жеңімпазы атанады.

Естеріңізге сала кетсек, «Батыр арулар» — ҚР ҚК қыз-келіншек әскери қызметшілері арасында өткізілетін республикалық байқау. Бірінші байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен өтінім білдірген 123 әйел әскери қызметші қатысты.  Сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірлігін, төзімділігі мен күшін дәлелдеген 12 жеңімпаз анықталды.  Байқау мәресінде қыз-келіншектерді кәсіби стилистердің ажарлану қызметі көрсетіледі және мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия жүргізіледі.

inform.kz

Жаңа технология салдарынан алдағы 10 жылда көптеген мамандықтар жойылады

Жаңа технология салдарынан алдағы 10 жылда көптеген мамандықтар жойылады

Жасанды интеллектінің дамуы салдарынан алдағы 10 жылда көптеген мамандықтар жойылады, деп хабарлайды CNN Money басылымы. Америка банкінің есебінде, 2025 жылдары роботтар АҚШ-та өндіріс жұмысының 45 пайызын атқарады делінген. Қазір бұл көсеткіш — 10%.

Жойылатын кәсіптер қатарында — мәліметтерді өңдеуге қатысты әкімшілік қызметтер, өндірістік мамандар тұр. Роботтандыру 80-100% қамтитын мамандықтар қатарында — такси жүргізушілері, наубайшылар, фармацевтика қызметкерлері, сақтандыру агенттері, сатушылар, салық жинаушылар бар.

Сұраныс азаймайтын салалар ретінде түйсікті талап ететін, адам жанын түсінетін әрі әлеуметтік қарым-қатынасты қажет салалар аталуда.  Олар — дәрігерлер, психологтар, өрт сөндірушілер, полицейлер, әртістер, әлеуметтік және дін қызметкерлері.

Экономика сарапшылары роботтандыру жаһандық экономиканы өзгертіп, табыстың әркелкілігін арттыра түседі деп болжауда. Өйткені, автоматтандырудан төмен жалақылы әрі біліктілік талап етілмейтін қызметкерлер зардап шегеді.

Алайды Deloitte зерттеулеріне қарасақ, Англияда соңғы 140 жылда жаңа технология алмастырып жабылған жұмыс орындарынан оған қызмет көрсетуші жұмыс орындары көп ашылған.

inform.kz

Финляндияда өрт сөндіруші турникке тартылудан әлемдік рекорд орнатты

Финляндияда өрт сөндіруші турникке тартылудан әлемдік рекорд орнаттыФинляндияда өрт күзетінің қызметкері Йоонас Мякипелто турникке 5,05 мың рет тартылып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Алдыңдағы үздік нәтиже 5,045 мың рет тартылуды құраған болатын.

Финн жаттығуын сенбі күні таңертең бастап, оны жексенбінің таңында ғана аяқтаған. Жаттығуды толық орындауға 18 сағаттан көп уақыт кетті.

Мякипелтоның өзі болса, алты мың рет тартылуды жоспарлағанын хабарлады.

inform.kz