Домой Блог Страница 232

Головкиннің әлеуетті қарсыласы жекпе-жегін 5 наурызда өткізеді

Головкиннің әлеуетті қарсыласы жекпе-жегін 5 наурызда өткізеді12 желтоқсанда Лондонда 31 жастағы ирландиялық Гари О’Салливанды жеңген 26 жастағы кіші Крис Юбанк келесі жекпе-жегін 5 наурызда өткізбек. Юбанктың қарсыласы 25 жастағы отандасы Ник Блэквелл болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін кіші Юбанктың әкесі, екі салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы, британдық Крис Юбанк оның баласының алдағы уақытта басты мақсаты  IBF, WBA (Super) және WBC (Interim) титулдарына ие орта салмақтағы аса күшті спортшы, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке шығу екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

inform.kz

Британдық фермер таза ауаны жинап ауқатты қытайларға саудалауда

Британдық фермер таза ауаны жинап ауқатты қытайларға саудалаудаҰлыбританияда жергілікті шаруашылық қожайыны Лео де Ваттс ауылдың таза ауасын сатып жүр. The Independent басылымының жазуынша, ауқатты қытай тұрғындары британдық тауарға ерекше қызығушылық танытып отыр.

Тұманды Альбионның таулы шыңдарынан жиналған ауаның бір құтысы 80 фунтқа сатылуда. Кәсіпкердің айтуынша, британдық «өнімді» ауасы ластанған Шанхай және Бейжің тұрғындары көбірек сатып алуда, ауқатты тұрғындар бірнеше жұтым ауа үшін қомақты соманы төлеуді қиынсынбай отыр.

Воттстың сайтында ауаның Сомерсет маңынан, Уэльс пен Дорсеттен жиналатындықтан, жұпар иісті екені аталып өтілген. Жарнамада «тұмса табиғат тазартқан ауа, ол ағаштың арасынан есіп, сылдырап аққан бұлақтың суымен тазарады, жартастардың арасынан өтіп көркем табиғаттың ортасына оралады» деп көрсетілген.

Бір қызығы кейбір тұтынушылар ауаны сатып алып жинауда, олар оның бағасы кейіннен қымбаттайды деп есептейді.

ҚазАқпарат

«Samsung» компаниясы Астана ЭКСПО-2017 серіктесі атанды

«Samsung» компаниясы Астана ЭКСПО-2017 серіктесі атандыАстана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ «Samsung» компаниясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Меморандум негізінде Samsung Electronics Central Eurasia компаниясына «Көрменің Ресми серіктесі» мәртебесі берілді, деп хабарлайды аталмыш компанияның баспасөз қызметі.

«Samsung» әлемге әйгілі трансұлттық компания. Ол өзінің мықты технологиялары, инновацияларымен белгілі. Сондықтан біз үшін «Samsung» жұмыс істеу мәртебе. Көрмеде барлығы жоғары деңгейде жұмыс істеуі қажет. Бұл ретте, «Samsung» технологиясы уақытпен тексерілген сапалы. Біз көрме барысында әлемдегі ең үздік дүниелердің барлығын көрсете алуымыз қажет. Серіктестеріміздің қатары көбейгеніне қуаныштымыз», — деді өз сөзінде Ахметжан Есімов.

«Әлбетте, ЭКСПО-2017 Қазақстан Республикасы үшін маңызды шаралардың бірі. Қазақстан жас, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Әрі өз өңірінің сөзсіз лидері. «Samsung» компаниясы өз саласының көшбасшысы ретінде осындай ауқымды шараға атсалысатындығына қуанышты. Бірлескен ынта-жігердің арқасында көрменің абыроймен өткізілетіндігіне сенімдімін», — деді Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының Бас директоры Юн Чол Вунг.

Бұдан әрі Samsung Electronics Central Eurasia және Астана ЭКСПО-2017 компаниялары халықаралық мамандандырылған көрмені ілгерілету барысында бірқатар іс-шаралар өткізуге ниетті.

Сонымен қатар, Samsung Electronics Central Eurasia демеушілік көмек ретінде жеңілдікпен тауар және қызметтер көрсететін болады, көрменің алдын ала келісілген кейбір ғимараттарын жабдықтаумен айналысады.

Еске сала кетсек, көрмені өткізуге 10-нан аса ірі компания тартылып отыр. Олардың қатарында: NCOC, Shell, Эйр Астана, CISCO, Saint-Gobain, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Самрұқ Энерго» АҚ, «Қазпочта» АҚ және т.б. бар. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

ҚазАқпарат

Ақтөбеде 8 жасар қыз Қазақстандағы алғашқы балалар дизайнері

Ақтөбеде 8 жасар қыз Қазақстандағы алғашқы балалар дизайнері Ақтөбеде 8 жасар Аяна Мұратова Қазақстандағы алғашқы балалар дизайнері атанды. Сәнмен айналысу оның хоббиі ретінде басталған.

«Бір жыл бұлын ол сән көрсетуге қатысты. Содан ол бұдырлы былғары күртеше, былғары шорты кигісі келетінін айтты, дүкендерді аралап, таппадық. Сосын өзіміз тікпекші болдық. Ол киіп шыққанда достарының аналары қызығып, қайдан алғанымызды сұрай бастады. Бізден тігіп беруімізді өтінді. Содан кейін қызым қазақ оюларымен джинси көйлек кигісі келетінін айтты. Суретін салып берді. Сосын дүкендерге сабылғанша, тігіп беруді жөн санадық», — деді анасы Мәдина Мұратова.

Мәдина қызының талғамы жоғары екенін атап өтті. Оның үлгісін киетіндер де көбейе түсті. «Сосын қызымның хоббиі ретінде киім тігумен айналысуды шештік. Ол суретін салып береді. Мен түзетемін, кеңес бермін. Аяна күнде сурет салады, кейде үлгілері ерекше болып шығады», — деді анасы.
Қазір анасы мен қызы жаңа үлгілерді ойластыруда.

20160207115131

«Ательемен шарт жасастық. Қарашада қалада FWA сән апталығы өтті. Содан кейін тапсырыстар да көбейді. Қыздар Аяна сияқты киінгісі келе бастады. Біз стиль брендін Ayana Styles деп атадық, қазір тапсырыстар мен ұсыныстар көбейді, енді Астанадағылармен ынтымақтаспақпыз», — деді М.Мұратова.

Аяна өзі биге қатысады, дефиле, вокалға барады. Мектепте жақсы оқиды, ментальды арифметикамен шұғылданады. Ол өскенде шығармашылық кәсіпті таңдайтынына сенімді.

ҚазАқпарат

Алматыда инновациялық гранттарға байқау жарияланды

 Алматыда инновациялық гранттарға байқау жарияландыАлматыда Инновациялық гранттарға байқау жарияланды. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл байқауда өз ісін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерге, әйелдерге, еңбекке қабілеті жоқ мүгедектерге және 50 жастан асқан азаматтарға бизнесті дамытуға мемлекеттік гранттар бөлінеді.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеңімпаздарға 3 млн. теңгеге дейін гранттар беріледі. Бұл үшін байқауға қатысушылар байқау талаптарына сай болулары тиіс. Мысалы, олардың әзірлеген бизнес-жобаларының идеясы жаңашылдық сипатқа ие болып, бәсекеге қабілетті болуы қажет.  Яғни, лайықты маркетингтік сараптама жүргізіліп, аталмыш кәсіпорынның тауарға немесе қызметке деген нарықтық қажеттілігі белгіленуі керек. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыруға болатын үй-жай, сату нарығы және жобаның өндірісті іске қосуға қатысты дайындық деңгейінің болуы шарт. Бұдан басқа, бизнес-жобаның тағы бір ерекшелігі — байқауға қатысушы оны жүзеге асыруға кететін шығындардың белгілі бір мөлшерін өзі төлейді. Бұл сома сұралған гранттың кем дегенде 10 пайызын құрауы тиіс.

Гранттың ақшасы жылжымайтын мүлік немесе жер телімін сатып алуға немесе жалдық төлемдерді төлеуге қолданылмайды.

Грант туралы егжей-тегжейлі ақпаратты мына сайттан алуға болады:

http://almaty.gov.kz/page.php?page_id=1320&lang=3&article_id=27624 (қаз)

http://almaty.gov.kz/page.php?page_id=1319&lang=1&article_id=27619 (орыс)

Конкурстың ұйымдастырушысы: Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

ҚазАқпарат

Twitter алдағы аптадан бастап Facebook-ке ұқсап өзгермек

Twitter алдағы аптадан бастап Facebook-ке ұқсап өзгермекTwitter әлеуметтік желісі бірнеше күннен кейін жаңарады. Қазіргі кезде жариялаған твиттер хронология бойынша тізілетін болса, келер аптадан бастап олар басқа алгоритммен сұрыпталады.

Өзгерістер енгізілгеннен кейін, қолданушы қай хабарламаны бірінші болып көретінін Twitter өзі шешетін болады. Бұндай принциппен Facebook желісі жұмыс жасап жатқандығын айтып өткен жөн.

Бұл жаңарту арқылы Twitter компаниясы қолданушыларына ең қызықты контентті ұсына алады. Бұл әлеуметтік желі қолданушылардың белсенділігін арттыруы мүмкін, себебі желіде қажет емес ақпараттар да тым көп жарияланады, деп атап өтті компанияда. Сонымен бірге бұл өзгеріс қолданушыларға еш қиындық туғызбайтындығы айтылды.

baq.kz

Отандық тауар Вьетнамда еркін саудаланатын болады

Отандық тауар Вьетнамда еркін саудаланатын боладыҚазақстанның ауыл шаруашылық тауарлары енді Вьетнам елінде де еркін саудаланатын болады. Мұндай мәлімдемені бүгін Парламент Сенатының депутаты Асхат Күзеков айтты.

Бүгін Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттері мен Вьетнам Социалистік Республикасы және өзге де тараптардың арасындағы еркін сауда айналымы келісімін ратификациялау» жөніндегі заң жобасы талқыланған болатын.

«Біз отырыста жоғарыда аталған құжатты талқылап, қолдап Сенаттың жалпы отырысына шығаратын болып шешім қабылдадық. Ал енді бұл заң жобасының бірнеше ерекшеліктері бар. Оның біріншісі – ЕАЭО құрылғалы сырт мемлекеттермен еркін сауда жөнінде жасалған алғашқы келісім болса, одан кейінгісі бұл ЕАЭО аясындағы еркін сауда аумағына қызығушылық танытып отырған Үкіметтердің бар екендігін айғақтайды. Сонымен қатар, тағы бір ерекшелік ретінде атап өтуге тұрарлық мәселе – бұл құжаттың бастамашылығына өткен жылы Бурабайда қол қойылған келісім арқау бола алады және бүгінгі заңымыз мейлінше халықаралық талаптарға сай келетіндей етіп әзірленген. Әсіресе, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен ЕАЭО елдерінің даму стандарттарына сәйкестендірілген» дейді сенатор.

«Сондай-ақ, бұл құжат ел кәсіпкерлеріне не береді деген мәселеге келетін болсақ, оның бірқатар артықшылықтары болады. Мысалы, кедендік баж салығы мен бақылау жүргізуде жеңілдіктер қарастырылады әрі біздің экспорттық өнімдеріміз Вьетнамға барғанда да тиісті жеңілдіктермен өткізіледі. Атап айтқанда, ауылшаруашылығы өнімдеріміз бидай, ұн, сиыр еті секілді тауарларымыз арзан бағамен барып, еркін сауда аймағындағы өтімділігі күшейеді деген сенім бар. Ол жақтан келетін тауарларға да сондай мүмкіндіктер беріледі» дейді А. Күзеков.

Айта кетейік, аталған құжатта ЕАЭО аясындағы мүше-мемлекеттің тиісті органдары қызу талқылау үстінде. Құжатқа мемлекет басшылары қол қойғаннан кейін Еркін сауда аймағында толық күшіне енетін болады.

baq.kz

Созақ ауданының ең қарт тұрғыны ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Screenshot_2Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев ең қарт тұрғын Бейсек Рсымбетовті 110 жасқа толған туған күнімен арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Теріскейлік ең қарт ақсақал әкім құттықтауын ерекше ілтипатпен қарсы алып, аудан басшысына батасын берді. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар деген. Елімізде өзіңіздей сүйегі асыл, қазыналы қарияларымыз көп болып, жасыңызды ұрпақтарыңызға берсін. Немере, шөберелеріңіздің алдында аман-есен жүре беріңіз», — деді аудан әкімі. Кездесу барысында туған күні иесі ұзақ өмір сүруінің құпиясы қазақтың ұлттық сусыны – қымыранды көп ішуінің арқасында екенін айтты. Зейнеткердің бүгінде 32 немересі мен 22 шөбересі бар.

baq.kz

Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолы

Өзіне сенімді бала өсірудің 10 жолыӘр бала – өз қабілетімен, дене-бітімі, мінез-құлқы, ішкі дүниесімен ерекше жаратылған жан. Бір үйдің балаларының өзі әртүрлі болады, әр баланы өзіндік болмысымен қабылдай білу, түсіне білу, қабілетіне қарай бағыт-бағдар бере білу өте маңызды. Ата-ананың тәрбиеге деген дұрыс көзқарасыбаласын өзіне сенімді, жетістікті, жан-жақты етсе, жіберген қателері сенімсіздік пен ызақорлыққа, жасықтыққа, өзіне деген салғырттық пен өмірінің мәнсізденуіне әкеп соғуы әбден мүмкін.

Өзіне сенімді бала өсіру үшін мына факторларға көңіл бөлінуі керек:

1. Баланың өз ойын айтуына, ішіндегісін жеткізуіне жағдай жасау.

2. Сөзін бөлмей, көңіл бөле отырып тыңдай білу.

3. Тыңдай салу ғана емес, айтқандарын есту, дұрыс жауап беру.

4. Баладан өз жасына сай әрекеттер күту, мысалы, қонақта 3 сағат қимылдамай отыруын немесе 3 жастағы баланың төкпей-шашпай жеуін талап ету дұрыс емес.

5. Балаға кішкене де болса, жауапкершіліктер жүктеу, орындауына мүмкіндік беру.

6. Баланың ұмтылысын бағалай білу, кейде мақтау, қолпаштау.

7. Баланың үлгерімсіздігі немесе сүрінген жерлерін «сен сондайсың» -деп тұлғалық кемшілігіне айналдырмай, бір саладағы уақытша бір жеңіліс етіп көру және балаға да солай көрсете білу.

8. Мектепте де балаға жеке тұлға ретінде қаралуы, жақсы оқитын балаларды ғана оқшауламай, барлық балаға бірдей ұстаздық етілуі өте маңызды.

9. Баланың қалауын ескеру, кішкентайынан оған таңдау мүмкіндігін беру — келешекте өз пікірінің қалыптасуына себепші болады.

10. Балаға айғайламау, зекімеу, әсте қол көтермеу.

Фото Ж.Болатбектің фэйсбук парақшасынан алынды

otbasy.kz

Кір сабынның пайдасы

myiloҚазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол. Мәселен,

  • Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
  • Егер шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі. Оған қоса, таз ауруына шалдыққанда дәрігерлер  кір сабынмен жуынуға кеңес береді.
  • Бетті аптасына екі рет кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
  • Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып қана қоймай,  денеңіз сергіп қалады.
  • Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
  • Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
  • Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
  • Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады.
  • Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, аууханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.
  • Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені  басыңыз.
  • Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз,ол көгеруден сақтайды.
  • Ер адамдар қырынғаннан кейін тері тітіркенсе, кір сабынмен сабындап қоюға болады. Көпіршік кебуін күтіп, кепкеннен кейін сумен шайыңыз.