Домой Блог Страница 238

Мекке қаласында таңғажайып музей ашылады

20160120123209Қасиетті Мекке шаһарында Ислам дініне арналған ерекше музей ашылатын болады. Әл-Харам мешітінен жеті шақырым қашықтықта орналасатын бұл музейдің жалпы аумағы 5600 шаршы метрді құрайды.

Музей Ислам дінінің тарихы мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі жайы баяндайтын болады. деп жазады muslim.kz.

Музей дизайнын Лондон қаласынан келген сәулетшілер сызған.

Музей бір уақытта мыңдаған келушіге қызмет көрсете алатын болады. Ғимарат ішінде дәріс залдары мен кітап дүкендері де орын алады. Сондай-ақ, ғимарат шатырындағы бақ ішінде серуендеп, мейрамханада тамақтануға  болады.

Ғимараттың орама тәріздес баспалдақтарында Алла Тағаланың 99 есімі жазылған экспозиция орналастырылады.

ҚазАқпарат

Қытайда үйсіз жүрген қарт Мона Лизаның суретін салды

Қытайда үйсіз жүрген қарт Мона Лизаның суретін салдыҚытайдың Нанкин қаласындағы көшелердің бірінде атақты Мона Лизаның суреті пайда болды.

Бірақ, бұл жолы Леонардо да Винчидің әйгілі туындысын кәсіби суретші емес, үй-күйсіз жүрген қарт асфальттің бетіне салған болып шықты. Бұл үшін ол тек түрлі-түсті борларды қолданған.

Қарттың айтуынша, ол сурет салуды өз бетінше үйренген екен.

Күнделікті өмірде ол жұрттың садақа ретінде берген тиын-тебенін жұмсап, тіршілік ететін көрінеді. Қазір Мона Лизаның суретін қызықтау үшін халық Нанкиндегі көшеге көптеп келетін болған, деп жазады cri.cn.

24.kz

2016 жылы саяхаттау арзанға түсетін елдер

2016 жылы саяхаттау арзанға түсетін елдер2016 жылы саяхаттау арзанға түсетін елдер тізімін жасау барысында екі адамның бір тәулікке тұрақтанатын жерінің құны, тамақтануы мен көлікке жұмсалатын ақша сомасы ескерілген болатын. Skyscanner туристік қызметінің зерттеуі нәтижесінде жасалған бұл тізімге бірінші болып, Үндістан мен Индонезия кірді.

Үндістан мен Индонезиядағы бір күндік сапарына жұп орташа алғанда 40 доллар жұмсайды. Ал өте үнемшіл туристер мыңжылдық тарихы бар Үндістанға барғанында бұл соманы 20 долларға дейін үнемдеуі әбден мүмкін.

Ал Үнді елінің көршісі Непал мен Вьетнамды бір күн аралау үшін 45 доллар кетеді. Әрине, алдыңғы айтылған елдерге қарағанда айтарлықтай  қымбат емес. Лаоста 55 доллар, ал Шри-Ланкада 60 доллар жұмсалады екен.

Біздің елімізбен іргелес Ресейге көрші елдерде де арзан демалуға болады. Атап айтқанда, Абхазияда бір тәулікте 65 доллар, Арменияда 70, ал Грузияда 80 доллар жұмсалатын көрінеді.

Орташа табысты адамның қалтасы көтере алатын еуропалық елдердің қатарында Сербия, Болгария, Черногория, Румыния және Венгрия бар.  Осы елдерге жасалынатын бір күндік сапарға 70-85 доллар қажет.

Рейтингті құрастырғанда ұшақпен ұшуға төленетін ақша есептелмеді, деп жазады ТАСС.

2015 жылы YOUTUBE арқылы миллионер атанғандар

Forbes YouTube арқылы өзінің алғашқы миллиондарын иеленген бейнеблогерлержің тізімін жасады. Олардың көбісі тіпті 30-ға да толмаған екен.

10. Rosanna Pansino (Розанна Пансино) – $2,5 млн.

9. Roman Atwood (Роман Этвуд) – $2,5 млн.

8. Lilly Singh (Лилли Сингх) – $2,5 млн.

7. Michelle Phan (Мишель Фан) – $3 млн.

6. KSI (Оладжиде Олатунджи) – $4,5 млн.

5. Rhett & Link (Ретт Джеймс Маклафлин және Чарльз Линкольн Нил) – $4,5 млн.

4. Lindsey Stirling (Линдси Стирлинг) – $6 млн.

3. Fine Brothers (Раффи Файн және Бэнни Файн) – $8,5 млн.

2. Smosh (Энтони Падилла және Иэн Хикокс) – $8,5 млн.

1. PewDiePie (Феликс Чельберг) – $12 млн.

Гарвард университеті студенттерінің мотивациясы

train3Оқу процесінің сабақта, сабақтан тыс немесе өз бетінше орындалуына қарамастан, оқытушы мен студент көптеген талаптарға ұшырасады. Оларға сабақтың мақсаты, әдісі, ғылыми негізділігі, оқытудың проблемалары сияқты көптеген әрекеттерді жатқызуға болады. Дегенмен, осылардың барлығына негіз болатын тағы бір талапты ерекше атау қажет. Ол – оқыту процесіндегі мотивация.

Біз Сіздердің назарларыңызға Гарвард университеті студенттерінің мотивациясы топтамасын ұсынамыз.

1. Сен қазір ұйықтап кетсең, әрине, түсіңе сенің арманың кіреді. Ал егер сен ұйқының орнына оқуды таңдасаң, арманыңды шындыққа айналдырасың.

2. Тым кеш қой деп ойлай бастасаң, әлі ерте деген сөз.

3. Білім алудың азабы уақытша ғана. Білімсіздік азабы — мәңгілік.

4. Білім алу — босқа кеткен уақыт емес. Оқу деген — еңбектену.

5. Өмір тек қана оқудан тұрмайды, алайда, сен оның осы бөлігінен де өте алмасаң, қолыңнан не келгені сонда?

6. Айнымас қиналудан ләззат ал.

7.  Әр салада жетістікке жету барлығының қолынан келе бермейді. Алайда, жетістік тек қана өз-өзіңді кемелдендіру мен табандылықпен бірге келеді.

8. Уақыт зымырайды, тоқтамайды. Бүгінгі күн енді ешқашан қайталанбайды.

9. Тәтті ұйқыда ағызған сілекейің ертең көз жасыңа айналады.

10. Болашаққа инвестиция жасаған адамдар — реалисттер.

11. Сенің жалақың сенің білім деңгейіңе тура пропорционал.

12. Қазірдің өзінде сенің дұшпандарың кітаптан басын алмай оқып отыр.

13. Еңбек етпей мал таппайсың.

Ми жұмысын арттырудың жолдары

wXLrtj2cQDgҒалымдардың пікірінше, адамдар өз миының азғантай ғана бөлігін қолданады. Күнделікті бір ғана жұмысты орындап, өмірі бірсарынды қалыпқа ие адамдардың миы мүлдем дамымай қалу қаупі бар. Сол себепті ми жұмысын арттырып, ақыл мен есті дамытатын бірнеше кеңес топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Жұмыс пен үй арасындағы маршрутыңызды өзгертіп отырыңыз. Жол бойындағы дүкен, үйлер мен жазбаларды есіңізге сақтауға тырысыңыз. Мүмкін болса, жаяу жүргеніңіз абзал. Себебі ол денсаулыққа да, мидың жұмысының артуына да тікелей әсер етеді.
  2. Қараңғы түскен сәтте, кешқұрым үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабілетін жақсартады.
  3. Спортпен шұғылданыңыз.Жүзу, жүгіру және басқа да спорттық белсенділік ми жұмысын жақсартады. Бұл миға келетін қанның көлемін арттырады.
  4. Оңқай болсаңыз, сол қолыңызбен әрекет етіп көріңіз. Мәселен, тісіңізді ысқылағанда, қасық ұстағанда немесе тінтуірмен жұмыс жасағанда.
  5. Әр күні әр түрлі киім киіңіз. Ғалымдардың пікіріне сүйінсек, адамдардың киіміне қарай ойы да өзгеріп отырады екен.
  6. Тәтті ұйқы — тәнге шипа, жақсы ұйқы — есте сақтау қабілетінің кепілі. Түнгі 22:00-де ұйықтап қалуға әдеттеніңіз.
  7. Өзіңіздің креативті ойларыңызды шектемеңіз. Жауабы стандартты болатын сұрақтарға басқаша жауап беруге тырысыңыз.
  8. Қолыңызға монета алып, оның қанша теңгелік екенін саусақтарыңызбен сипап анықтауға тырысыңыз. Осы бір пайдасы мол жаттығу, әсіресе, кезек күтіп отырғанда іш пыстырмайды.
  9. Теледидардың дауысын өшіріп, экрандағы кескіндерге, олардың іс-қимылы мен бет-әлпетінен көрініс тапқан эмоциясына сай, диалог немесе монолог құрастырып көріңіз.
  10. Жөнімен айтылған жүйелі сөзді әзілмен әдіптеңіз. Себебі, жаңа әзілдер ойлап табу — миға өте пайдалы.

Темекі шегуді тастаған адамдар семіре ме?

Темекі шегуді тастаған адамдар семіреді ме?Әлбетте, осы бір зиянды әдетінен арылған, яғни темекі шегуді тастаған адам көбінесе салмақ қосады деген тұжырым шылымқорларды ғана емес, ғалымдарды да бұрыннан қызықтырып келеді.

Chest журналында жарияланған АҚШ ғалымдарының зерттеулеріне жүгінсек, шылым ағзаға жиналған майды ыдыратып отыратын геннің белсенділігін арттырады екен. Темекі шегуді тастаған адамның тәбеті жоғарылап, метоболизм деңгейі төмендей түсетін көрінеді. Әдетте метоболизмнің жедел болуына никотин әсер ететін.

Сонымен қатар, шылым шегу және салмақтың байланысы молекулярлық негізге ие, дәлірек айтатын болсақ, шылым шегу кезінде AZGP1 генінің белсенділігі артады. Тышқандарға жасалған зерттеулер нәтижесінде, бұл ген олардың май мөлшерін реттеп отыратыны анықталған.

Дей тұра, темекі арықтаудың жолы емес. Ғалымдардың пікірінше, шылым шегу мен салмақтың ара-қатынасы әлдеқайда күрделі, және бұл үдеріске тамақтану және физикалық белсенділік сияқты көптеген факторлар әсер етеді.

2015 жылдың басты оқиғалары

image30759DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан жастары арасында «2015 жылдың басты оқиғалары» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1870 адам қатысты. Сұрақтарға жауап берген азаматтардың 74%-ы әйелдер және 26%-ы ер азаматтар. Сауалнама әдістері —  телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Зерттеу 25-28 желтоқсан аралығында жүргізілді. Статистикалық қателік 2%-дан аспайды.

2015 жылы ел экономикасында орын алған оқиғалардың ең маңыздысы — теңгенің еркін айналымға жіберілуі. Cауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 36%-ы осындай пікірде. Ал, 5% қазақстандық респонденттер Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс жасай бастауын Қазақстан экономикасында болған ең маңызды оқиға деп біледі.

12575953_952864238138643_1786402159_n

Осы және өзге де мәліметтер DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген зерттеуде анықталды.

23801A2B-710F-4340-BAA4-968B196B3F88_cx0_cy8_cw0_w900_r1_s_r12015 жылы ел экономикасында болған өзгерістердің біразы халықтың есінде жақсы сақталыпты.   Мәселен, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы (20%), мұнай бағасының арзандауы (19%) және Ұлттық банк төрағасының ауысуы (18%). Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы қарашада Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындалған болатын.

Ал, сауалнама қатысушыларының қалған 2%-ы шағын және орта бизнесті тексеру мақсатында жүргізілген мораторийдің аяқталуын ел экономикасында болған маңызды оқиға деп санайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы (38%)  және Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке қарсы қозғалған сот ісі (27%) —  еліміздің саяси өмірінде орын алған ең маңызды, қоғамда ең жиі талқыланған оқиғалардың бірі. Сауалнама нәтижесі отандастарымыздың бұл оқиғалардан шет қалмағанын дәлелдеді.

thumb_700x394_625834e8e0dd1e5257020bfd0d4f2594Сауалнама қатысушыларының 19%-ы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың  100 нақты қадамын» жариялады деп жауап берді. Ал, 16%-ы  Елбасының «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасын маңызды саяси оғиғалар қатарына жатқызды.

Зерттеу барысында халыққа «2015 жылы елімізде болған қандай саяси оқиға сіздің есіңізде ерекше сақталды?» деген сұрақ қойылған болатын.

golovkin_vs_macklin_1_20130629_1224393400Еліміздің спорт саласына кезек берсек, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 41%-ы «Давид Лемьені жеңген Геннадий Головкин 21 кездесуді қатарынан нокаутпен ұтып, жаңа әлемдік рекорд орнатты» деп жауап берді.

Қазақстандық ауыратлетшілердің спорттағы жетістігі де халық назарынан тыс қалмады. Респонденттердің 16 %-ы 2016 жылы өтетін Рио-де-Жанейро Олимпиадасына Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы алғаш рет толық құраммен қатысатыны жайлы ақпаратпен таныс екен.

Сонымен қатар, ауыр атлетші Илья Ильиннің Ресей Президенті Кубогы үшін өтетін халықаралық турнирде орнатқан жаңа рекордын қазақстандықтардың 14%-ы мақтанышпен еске алды.

Қазақстандық «Астана» футбол клубының алғаш рет  УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы спорт саласындағы айтулы жеңіс деп пікір айтқан халық 14% болса,  2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарының Алматыда емес Бейжіңде өтетіні туралы жаңалық 15% отандастарымыздың есінде қалған екен.

Screenshot_12015 жылы Қазақстанның мәдени өмірінде болған оқиғалар да ел есінде жақсы сақталды. Композитор, әнші, Қазақстанның мәдениет қайраткері Батырхан Шүкеновтің мезгілсіз өлімі Қазақстан жұртшылығының қабырғасын қайыстырды. Зерттеу қатысушыларының 39%-ы бірден осы жауапты таңдады.

Ал, Қазақстандықтардың 36%-ы «2015 жылы еліміздің мәдени өмірінде болған оқиғалардың қайсы сізге ерекше әсер етті?» деген сауалға «Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы» деп жауап берді.

Елімізде жасалған аяқ киімдер отандық нарыққа жол тартады

Елімізде жасалған аяқ киімдер отандық нарыққа жол тартадыҚазақстанда жасалған аяқ киімдер отандық нарыққа жол тартпақ. Ақтаудағы «Жамал-ай» фабрикасында тігілген Sharkey брендті мокасиндер бірер күнде дүкен сөрелеріне шығарылады. Кәсіпорын басшысы Зәбира Хасанова «Ұлт жоспарында айтылғандай, ауыл шаруашылығына басымдық беріп, аяқ киім өндірісіне қажетті былғарыны өзімізде шығарсақ, ұтарымыз көп болар еді», — дейді.

Табаны фабрикада құйылып, таза былғарыдан тігілген аяқ киімдер. Сәні мен сапасы шетелдікінен кем түспейді. Фабрика қызметкерлері осылай деп сендірді. Өйтпегенде ше, мұнда тігілген тауарлар тексеруден өткен соң ғана тұтынушыға жол тартады. Сондықтан, әр аяқ киімде шебер қолының табы бар.

Оксана Көркембаева, фабрика жұмысшысы:

— Барлығы қиылып, тігіліп болған соң менің алдыма келеді. Барлық жерін тексеріп, содан соң жіберемін. Табаны өзімізде құйылады. Барлық жұмыстар қолмен жасалатын болғандықтан, өте сапалы. Аяққа кигенде де ыңғайлы, жеңіл.

Жақын күндері фабрикада тігілген 500 жұп аяқ киім тұтынушыға жол тартпақ. Sharkey брендті мокасиндер еліміздегі ірі сауда орындарында сатыла бастайды. Тіпті, кәсіпорынға келіп өзі қалаған тауарға тапсырыс беріп жатқандар да бар. «Егер өндіріске қажет шикізат өзімізде шығарылса, өнімдерімізді экспортқа шығаратын едік», — дейді кәсіпорын басшылығы.

Забира Хасанова, «Жамал-ай» АҚ президенті:

— Елбасы Қазақстанда жасалған тауар сапалы, ыңғайлы, әдемі әрі арзан болуы керек деп біздің алдымызға нақты міндет жүктеді. Сондықтан, осы талапқа сай өнім өндіруді қолға алдық. Бірақ аяқ киім тігетін былғарыны шетелден сатып аламыз. Елбасы аграрлық сектордағы әкімшілік кедергілерді азайту мен шаруалардың жер мәселесі туралы дөп басып айтты. Бұл тапсырма ауыл шаруашылығын дамытып, былғары өндірісін жолға қоюға көмек береді деген үміттеміз.

Былтыр фабрикада мұнайшылар мен жұмысшылар үшін 60 мың жұп аяқ киім мен 1000 жұп шәркей тігілді. 700 млн теңгеге жуық пайда тапты. Жаңа жылдан да күтері көп. Қазірдің өзінде 10-ға жуық ірі мұнай компаниясынан тапсырыс келіп түскен. Кәсіпорын күрделі экономикалық кезеңге қарамастан мемлекетке алақан жаймай, отандық өндірістің өрісін кеңейтіп отыр. Себебі, кәсіпорынның ісі өнімді, өнімдері де өтімді.

24.kz

GGG-дің ең үздік жаттығуларынан құралған ролик

GGG-дің осы жылғы алғашқы жекпе-жегі 23 сәуір күні АҚШ-та өтеді деп күтілуде.

Ғаламторда Mighty Fighter атты пайдаланушы WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ең үздік жаттығулары көрсетілген бейнероликті өз каналында жариялады.

Роликтің ұзақтығы 4 мин 10 с.