Домой Блог Страница 258

Нұрғиса Тілендиевтің өмірі «Құстар әніне» арқау болды

Screenshot_1Елордада аты аңызға айналған белгілі компазитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын қамтыған бес сериялы фильмнің тұсауы кесілді. Атақты дирижердің 90 жылдығына орай түсірілген «Құстар әні» көркем фильмі шынайы оқиғаларға негізделген. Ол 15 желтоқсан күні «Хабар» телеарнасынан көрерменге жол тартады.

Фильмдегі басты рөлді белгілі актер Ергенбай Әбу сомдаған.

«Мен бастапқыда бұл рөлге келіспедім. Кім-кімге де ондай ұлы тұлғаны жасау қиын. Ол ешкім білмейтін адам емес. Ертең ел-жұрт не дейді, қалай қабылдайды деп уайымдадым. Фильмнің кастинігіне 37 адам сыналған. Соның ішінен түсірілім тобы мені таңдады. Мен өмір бойына сақалмен жүрген адаммын. Олар мені компьютер арқылы сақалымды алып тастап көрген. Содан маған тоқтады. Ең қиналғаным ол кісінің мінезі болды. Оның мінезінің ешқандай қалыпқа сыймайтынын сіздер жақсы білесіздер. Фильм «Отырар сазы» оркестрінің дүниеге келуінен басталады. Менің қазіргі жастағы кезіммен сәйкес келеді. Мен бұл кісіге ұқсаймын деп ойламаппын. Менің мінезім осы кісі ұқсайды екен. Соны түсіндім», — деді ол.

Аталған бес сериялы фильм екі айда түсірілген.

Сондай-ақ, фильмнің режиссері Рашид-Адай Сүлейменовтің айтуынша, түсірілім кезінде Алматының 80-жылдардағы көрінісін көрсету қиынға соққан.

«Біз фильмді түсіру барысында Нұрғиса Тілендиевтің достарымен, жақын адамдарымен сұхбаттастық. Сол кісілердің кеңестерін алдық. Оның жеке өмірі, шығармашылығы туралы қызықты мәліметтерге кездестік. Соны көрерменге көрсету – басты ниетіміз болатын. Бізге ең қиын болғаны бүгінгі әсем Алматының 80 жылдардағы кезін көрсету еді», — деді ол.

Телехикаяның алдын ала көрсетіліміне қатысқан өнер адамдары да оң көзқарастарын білдіруде. Солардың бірі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов былай деді: «Бастамасы жаман емес, көңілімнен шықты. Мұндай тұлғаларды түсіру үшін үлкен жігер керек. Режиссер жас баланың осындай үлкен қадамға барып, жігерлік танытқанын мен құптап отырмын. Актер мен режиссердің шеберлігі үйлесім тапқан. Бағана Ергенбай дұрыс айтып кетті. Ұлы тұлғаларды сомдау үшін көп ізденіс, керемет талант керек. Ергенбайдың түрінің ұқсастығы бар, өзі де домбырада жақсы ойнайды. Осындай қасиеттерімен рөлін алып келе жатыр. Оның әрі қарай драматургиясы қалай? Соны көруіміз керек. Мұнда негізі интрига да бар, небір қызық шиеленіске толы оқиғалар да бар. Қазақтың көңілінен шығатынына сенімдімін».

Бұл пікірмен республикалық «Болашақ» жастар қозғалысының лидері Дәурен Бабамұратов та келісті.
«Кинодан ерекше әсер алдым. Әсіресе, соңғы кездері түсірілген «Побег из аула», «Келинка Сәбина» сынды киноларды көріп, жабырқап жүргенде мына кино рухани ләззат сыйлады. Тарихи, көркемдік жағынан да көш бастайды деген ойдамын. Нұрғиса Тілендиевтің ғұлама тұлға екендігі баршаға аян. Дегенмен шығармашылық топ біз білмейтін тұстарын кинода әдемі аша білген. Қазақ өнері, қазақ тарихы үшін маңызды кинолардың бірі болатыны сөзсіз. Бүгін тек бір ғана сериясын көрдік. Соның өзі осындай керемет әсер сыйлады», — деді ол.

Сондай-ақ, телехикаяға Гүлназ Жоланова, Бақытжан Әлпейісов, Меруерт Түсіпбаева, Санжар Мәдиев сынды елге белгілі өнер адамдары түскен. Әр серияның хронометражы – 50 минут. Орыс және қазақ тілінде көрсетіледі.

baq.kz

Теміржол билеттері енді еліміздің барлық пошта бөлімшелерінде сатылады

Теміржол билеттері енді еліміздің барлық пошта бөлімшелерінде сатыладыТәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақстан теміржолы» және «Қазпошта» ұлттық компаниялары пошта бөлімшелерінен теміржол билеттері сатылу жөніндегі бірлескен жобаны іске қосты, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Енді қазақстандықтар еліміз бойынша 800 пошта бөлімшелерінен (оның 500-і ауылдық және аудандық бөлімшелер) қалаған бағытқа билет сатып ала алады. Ең бастысы ауыл тұрғындары үшін қалаға шапқыламай, жақын маңдағы бөлімшеден билет алу мүмкіндігі туды.
Алғаш рет жоба 2015 жылдың мамыр айында Ақтөбе облысы мен Астана бөлімшелерінде тәжірибе ретінде іске қосылған еді. Мамырдан қараша айына дейін 2 мыңнан астам теміржол билеттері сатылып, бұл қызмет жергілікті халық тарабынан оң бағасын алды.
Қазір Қазақстан бойынша 3 мыңнан астам пошта бөлімшелері болса оның 2160-і ауылдық жерлерде орналасқан. Аталмыш қызмет кезең-кезеңмен барлық облыстарды түгелдей қамтитын болады.
Бұл «Қазпоштамен» бірлескен жобаның алғашқысы емес. Жуырда «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен пошталық корреспонденцияларды жедел тасымалдау қызметі іске қосылды. Қазірдің өзінде Астана және Алматы-2 вокзалдарында орналасқан «Қазпошта» нүктелерінде салмағы 3 кг дейінгі сәлемдемелер қабылдануда.

baq.kz

Алматы облысында іскер әйелдер форумы форумы өтті

Бүгін Индустрияландыру күні аясында өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Алматы облысының Іле ауданында бой көтерген жаңа фармацевтикалық зауыттың іске қосылуына рұқсатын беріп, ақ жол тіледі. Телекөпір барысында «Абди Ибрахим ГлобалФарм» ЖШС бас директоры жеткізгендей, жаңа зауыттың қуаттылығы жылына 1,5 млрд дәрі-дәрмек пен капсуланы құрамақ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов: - Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Алматы облысында Индустриаландырудың өңірлік бағдарламасының арқасында 2010 жылдан бері 53 жоба жүзеге асырылды. Бүгін міне сапалы, қауіпсіз әрі емдік қасиеті жоғары дәрі-дәрмек шығаратын маңызды нысанды іске қосудамыз. Осы күнге дейінгі жобаның қаржыландырылуы 3,7 млрд. теңгені құрады. Екінші кезеңде, өндірісті ұлғайту кезінде тағы да 9 млрд. теңге инвестиция тартылатын болады. Кәсіпорын еліміздің дәрі-дәрмекті сырттан тасуын азайтып, фармацевтика дамуын 10 пайызға арттырып, жетекші елдердің қатарына енуіне мүмкіндік береді. Зауыт шығаратын қан қысымын төмендететін және туберкулезге қарсы препараттар, қандағы қант құрамын төмендететін дәрілер мен жаңа антивирустық препараттар шығаратын болады. Өнім сапалы, бәсекеге қабілетті, сондықтан да экспортқа шығаруға толық мүмкіндігі бар. Бүгін Талдықорған қаласының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының іскер әйелдер қауымдастығының 20 жылдығына орай «Өзгермелі экономикадағы әйелдердің рөлі: жаңа мүмкіндіктер мен әрекеттер» атты Алматы облыстық іскер әйелдер форумы болып өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов Форумға қатысушыларды құттықтау сөзінде:
— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес»,- деген сөзі әйел азаматтарына үлкен сенім артады.

Бүкіл елімізге танымал Күляш Айтжанова, Адалят Зайнаудинова (Панфилов) және Рахилям Сейітова (Ұйғыр) апайларымыз – Социалистік Еңбек Ерлері, біздің жерлестеріміз.

Алматы облысы халқының жартысынан астамын әйел азаматтар құрайды (980 мың немесе 50,8%). Осы күнде мұғалімдердің 80, медицина саласы қызметкерлерінің 65 пайызынан астамы – нәзік жандылар. Қазір облыстағы шағын және орта бизнес субъектілерінің 60 пайызына әйелдер басшылық жасайды. Бұл – гендерлік стратегияның жемісі, оның оңды жүзеге асып жатқандығын көрсетеді.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына биылғы жылы облыстан 253 отбасы қатысты.

Облыс әкімі өзінің құттықтау сөзін: «Әйелдің жаны нәзік, жолы жіңішке»,- дегендей, Елбасының Жолдауын іске асыру үшін Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз, іскерлік қабілеттеріңіз толық жететіндігіне сенімдімін. Сіздердің ұлт тәрбиелеу мен қоғамдағы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — деп қорытындылады.

Осыдан кейін барша әйелдер қауымының атынан жалынды сөздерімен Алматы облысының Құрметті азаматы Күмісжан Өмірбаева мен ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбаслық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен форумға қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Жиын соңында облыстың белсенді іскер әйелдері өңір басшысының қолынан алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және арнайы төсбелгілермен марапатталды.

Бикен Римова атындағы драма театрдың құрылғанына 40 жыл

Бикен Римова атындағы драма театрдың құрылғанына 40 жылБикен Римова атындағы облыстық драма театры өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы орайда барша облыс тұрғындары мен қонақтарын осы қуанышты бөлісуге шақырады. Мерекелік шараның басталуы 12 желтоқсан күні сағат 11.00-де. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен брифингте театр директоры Ғалия Темірбаева мәлімдеді.

Журналистермен болған брифингте Қазақстанның Халық әртісі Алмахан Кенжебеков, театрдың көркемдік жетекшісі, «Құрмет» белгісінің иегері Серік Нұрхалық, және өз уақытында талай жыл Алматы облысының театрында бас режисер қызметін атқарған, қазіргі таңда Қызылорда облысындағы Н.Бекежанов атындағы драма театрының көркемдік жетекшісі қызметінде жүрген Қазақстанға Еңбегін сіңірген қайраткер Хусеин Әмір-Темір Алматы облысының театр ұжымының өткенінен сыр шертіп, театр ұжымының құрамы, қойылымдарының ерекшеліктері, гастрольдік сапарлары мен сахна сыртындағы қызықты естеліктерін әңгімелеп берді.

Баспасөз-конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап қатқан театр саңлақтарынан театрдың мерейтойын атап өту кезінде қонақтарды көлемді әрі қызықты бағдарлама күтіп тұрғандығы, ал ол қызықтарды тек келген азаматтар ғана өз көздерімен көріп, бағасын беретіндігі, мерекелік бағдарламаның сол үшін соңғы минуттарға дейін құпия сақталатындығы белгілі болды. Бір белгілісі, өнер ұжымын құттықтауға, еліміздің түкпір-түпкірінен көптеген өнер майталмандары жиналуда.

Б. Римова атындағы драма театрдың директоры Ғ. Темірбаева:
— Өнер саласында еңбек ету көптің ойындағыдай оңай іс емес. Күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп, жаңа қойылымдар әзірлеп, соны сахналап, көрерменнің ыстық қошеметіне бөленген сәтте төккен теріңнің зая кетпегендігін сезініп, бір марқайып, шаршағандығыңды бір демде ұмытып кетесің. Тек жүрекпен сезініп ойнаған қойылым – көрерменнің жүрегінен орын алатындығы белгілі. Киелі өнер ұжымы бүгінде елімізге әйгілі болып жүрген талай режиссерлар мен актерларды, әртістер мен өнер қайраткерлерін тәрбиелеп шықты. Біздің, яғни үлкен буын өкілдерінің мақсаты, артынан талантты да шебер, ізімізді басуға лайықты театр саңлақтарын тәрбилеу.

Осы жылы Алматы облысының әкімі жаңадан театр ұжымына 10 бірлік бөліп, қатарымызды он талантты жастармен толықтыруымызға үлкен үлесін қосты. Өңір басшысы Амандық Баталов театр ұжымын алда талай жақсы жаңалықтардың күтіп тұрғандығын атаған болатын. Уақыты келгенде баршамыз сол жаңалықтардың куәсі болатындығымызға сенімдіміз, — деп ойын қорытты.

Қазпочта бірегей байланыс алаңын даярлады

Қазпочта бірегей байланыс алаңын даярлады«Қазпочта» АҚ көпшілікке қолжетімді, еркін және тегін таралатын www.post.kz электронды поштасын іске қосты. Портал мемлекеттік органдарды, бизнесті және халықты бір байланыс алаңына біріктіреді.

www.post.kz Ұлттық электронды поштасы онлайн қызметтердің тізімін көбейтіп, олардың қолдануын ыңғайландырады. Бұл алаң абоненттік жәшік нұсқасында, электронды түрде іске қосылып, керекті хаттар мен хабарландыруларды, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен халық арасындағы құжаттарды жеткізуге арналған. Жобаның іске асуында, электронды үкімет операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен ынтымақтастығымыз маңызды орын алуда» — дейді «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.

«Бірлесіп қызмет көрсету барысында, www.post.kz пен www.egov.kz арасындағы бірегей қуаттау жүйесі іске асырылады. Бұл ынтымақтастық нәтижесінде Қазпочта мен электронды үкіметтің қызметтерімен бір есепті жазба арқылы қолдануға болады. Енді мемлекеттік қызметтерге тапсырыс беруден бастап, құжаттардың төлнұсқасын пошта арқылы жеткізу сияқты кешенді форматта қызмет ұсынылады» — дейді Руслан Енсебаев.

Жоба барысында «Қазпочта» АҚ бөлімшелерде ұсынылатын пошталық және қаржы қызметтерінің электронды нұсқасын қосады. Енді қазақстандықтар электронды пошта қызметтерімен бірге, жол ережесін бұзған үшін айыппұлдарды және басқа да төлемдерді іске асырып, сәлемдемелерді ресімдеп және бөлімшедегі кезекті брондай алады. Сонымен қатар, клиенттер сәлемдемелердің келер мекенжайын ауыстырып, ыңғайлы болатын бөлімшеге немесе үйге жіберіп, гибридті электронды хат жібере алады, яғни Қазпочта қызметкерлері электронды түрде келген хатты керекті мекенде басып шығарып, қағаз түрінде жеткізеді.

www.post.kz ұлттық электонды поштасы арқылы онлайн-трейдинг қызметімен инвестициялар және құнды қағаздармен Қазақстан қор биржасында келісімдер мен алып-сату операциалырын жүзеге асыруға болады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, Қазақстанда электронды пошта жүйесі пайда болып, шетелдік электронды пошта жүйелеріне балама ретінде қызмет істеп, барлық мәліметті Қазақстандық серверлерде сақтайтын болады. Ал Қазпочта хаттар мен хабарламаларды жеткізу уақытын үнемдеп, онлайн-трейдинг, постамат, пошталық индекстер, электронды кезек және т.б. қызметтердің белгілігін көтеруге жол ашады.

baq.kz

Елбасы М.Алтынбаевты «Барыс» Орденімен марапаттады

Елбасы М.Алтынбаевты «Барыс» Орденімен марапаттадыЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Мұхтар Алтынбаевпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру аясында заң шығарушылық қызмет талқыланды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы М.Алтынбаевты 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында оны I дәрежелі «Барыс» Орденімен марапаттады.

baq.kz

Желтоқсандықтар Алматы облысының әкімінің қабылдауында болды

Желтоқсандықтар Алматы облысының әкімінің қабылдауында болдыАлматы облысының әкімі Амандық Баталовтың  Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтармен кездесуі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жақсы үрдіс бойынша биыл да осы кездесу ұйымдастырылып, Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, құрмет көрсетудің сәті түсті.

Амандық Ғаббасұлы Алматы облысына қарасты аудан, қалаларда тұрып жатқан Желтоқсан оқиғасына қатысқан жетісулықтарды құттықтап, Тәуелсіздікке қол жеткізудің оңай еместігін, ал оны ұстап тұрудың одан да қиын екендігін атады. Сондай-ақ өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайында болып жатқан оңды өзгерістер мен қол жеткізген жетістіктерге тоқталып өтті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмаларының орындалу барысы, ауылшаруашылығы саласын дамытудағы үлкен бастамалар мен жетістіктер, облыс орталығы Талдықорған қаласында салынып жатқан сәулет көркі жарасқан зәулім ғимараттар мен өңіріміз арқылы өтіп жатқан республикалық маңызы бар жолдардың құрылысы, «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мен Ұлы Жібек жолын жаңғыртқан «Батыс Европа — Батыс Қытай» халықаралық жолының құрылысы, осының барлығы бүгінгі күннің ауыз толтырып айтуға болатын жетістіктері екендігін атап өтті.

Кездесу барысында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар атынан сөз алған Е.Шаймерденов пен Е. Жүнісхан желтоқсандықтарға облыс басшылығының тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білідіріп, алғыстарын жаудырды. Сондайқ-ақ кездесуге жиналған барша азаматтарды алдағы күндері аталып өтетін Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Кездесу соңында жиналғандар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Естеріңізге салар болсақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстың барлық аудан, қалаларында мәдени – көпшілік шаралары, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, ұлттық ойындардан түрлі сайыстар, патриоттық әндер байқаулары өтетін болады.

Алматы облысында Жолдауды талқылауға қатысты актив отырысы өтті

Алматы облысында Жолдауды талқылауға қатысты актив отырысы өттіБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен облыстық актив отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен тапсырмаларын орындау бойынша атқарылатын іс-шаралар ретін анықтап алу мәселесі қаралды.

Актив жиынына өңір басшысының орынбасарлары, аудан, қала әкімдері, басқармалар мен департаменттер басшылары, кәсіподақтар мен жастар ұйымдары, депутаттар мен журналистер қатысты.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзінің баяндамасында өңірлердің алдағы уақытта атқаруы тиіс жұмыстары көрініс тапқан Жолдаудың 5 бағытына жеке – жеке тоқталды.

Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік, инвестиция тарту, агроөнеркәсіптік кешенді, өнеркәсіпті, шағын және орта бизнесті дамыту – біздің атқарар жұмысымыздың басты бағыттары болмақ. Аталған салалар бойынша облысымызда бүгіннің өзінде жоңды нәтижелер көрінуде, алдағы уақытта осы көрсеткіштерімізді ұстап тұрып қана қоймай, оларды әлі де еселеуіміз қажет.

Осыдан кейін өңір басшысы Жолдауда ерекше назар аударылуы тиіс деп аталған жұмысшылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан өтуі, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына атаулы көмек көрсету қажеттілігіне тоқталды.

— Біздің басты мақсатымыз – Мемлекет басшысының берген тапсырмалар уақытылы әрі сапалы орындау болып табылады. Себебі берілген тапсырмаларды орындау арқылы халықтың әл-ауқатын жан-жақты жақсартуға және жалпы мемлекеттің белсенді дамуына бағытталған.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біздің мақсатымыз – біздің Отанымызды бақытты және өркендеп келе жатқан халқы бар мәңгілік елге айналдыру». Сол себепті облыстың барлық атқарушы органдары үнемі жемісі әрі жауапты еңбек етулері тиіс, — деп ойын қорытты Амандық Ғаббасұлы.

Облыс активінің жиынында сөз сөйлеген өңірдің қоғам белсенділері Мемлекет басшысының ұсынған жаңа бағыттарының өекті және уақытылы екендігін атап, Елбасы Жолдауын толықтай қолдайтындықтарын білдірді.

Әлемдік ірі автобрендтер Қазақстанда өз өндірістерін ашты

Әлемдік ірі автобрендтер Қазақстанда өз өндірістерін аштыӘлемдік ірі автобрендтер — Тоyота, Nissan, Renault, Peugeot компаниялары Қазақстанда өз өндірістерін ашты. Бұл туралы Қазақстандағы белсенді шетелдік инвесторларды марапаттау рәсімі барысында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, инвестиция саласында инвестициялық омбудсмен рөлі маңызды. Омбудсмен ол ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. Ол бірқатар компанияның ағымдағы проблемаларын шешіп берді. Осының арқасында олар Қазақстанға инвестиция құю туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, 2000 жылдың 1-жартыжылдығы мен 2015 жыл аралығында Қазақстанға салынған тiкелей шетелдiк инвестициялардың ағыны 215 млрд АҚШ долларын құрады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгiн ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешевтiң қатысуымен Қазақстандағы белсендi инвестициялық қызметi үшiн 10 шетелдiк инвестор марапатталды. Марапаттау барысында Қазақстанның индустрияландыруына, инвестициялық қызметтi кеңейтуге және жоғары технологиялық өндiрiстi дамытуға үлес қосқан компаниялар аталып өттi.

baq.kz

Әділбек Жақсыбеков жас отбасыларға пәтер кілтін табыстады

Әділбек Жақсыбеков жас отбасыларға пәтер кілтін табыстадыБүгін, 9 желтоқсанда, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков баспана алған 72 жас отбасын құттықтады. Елорда әкімдігінде Өңірлерді дамыту — 2020 бағдарламасы аясында салынған жаңа пәтерлердің кілтін табыс ету салтанаты өтті.

Қала басшысы отбасыларды осынау атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері жұмыстың басты басымдығы болып табылатынын және толық көлемде орындалатынын атап өтті.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында 72 жас отбасы пәтер кілтіне ие болуда. Жас отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысының жаңа бағыты тікелей Президенттің тапсырмасымен әзірленді. Мемлекет бұл мәселеге әрқашан көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетіп келеді. Сіздерді бүгінгі қуанышпен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа қоныстарыңыз береке мен қуанышқа тола берсін!» — деді Ә. Жақсыбеков.

Соңғы жылдары әлеуметтік бағдарламалар бойынша 4,5 мың астаналық баспаналы болды. 2014 жылы елордада жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағыты бойынша 672 пәтер бөлінді. Бүгінде 211 отбасы үйлеріне көшсе, 72 отбасы Астана қ., С 409 көше, 43, 45, 47 үйлер мекенжайында орналасқан «Сарыбұлақ өзенінің бойында Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай» пайдалануға берілген тұрғын үй кешеніне қоныстанады.

Жас отбасыларға арналған қалған 389 пәтер тұрғын үй комиссиясының алдағы отырысында (пәтерлерді Тұрғын үй басқармасында тіркеу процедурасы аяқталады) үлестірілетін болады.

Жалпы, Өңірлерді дамыту — 2020 бағдарламасы аясында тұрғын үй өткізудің негізгі бес бағыты қарастырылған, соның ішінде ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу пилоттық жобасы да бар. Аталған жоба аясында 3 500 отбасы жаңа үйлерге көшірілмек.

astana.gov.kz