Домой Блог Страница 267

Алматы облысында 5 кластерлік аймақ дамытылмақ

Алматы облысында 5 кластерлік аймақ дамытылмақКеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облыстық филиалында Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаеваның қатысуымен туризм саласының дамуы тақырыбында брифинг өтті.

Жанар Алчимбаева:

—  Алматы облысында 5 кластерлік аймақ анықталған. Алдағы уақытта облыс Талғар-Есік, Қапшағай, Қарадала, Райымбек, Алакөл-Жетісу және Шығыс-Балқаш аймақтарында туристік кластерді дамытатын болады, — деп атап өтті өз сөзінде.

Оның айтуынша, негізгі міндет отандық туризмді дамыту болғандықтан, саяхатшылар мен туристерге барлық ыңғайлы жағдайлар жасалып, сапалы қызмет көрсетілуі тиіс. 2020 жылға дейін облыста туризм саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша, атап айтқанда ішкі және сыртқы туризм бойынша қызмет көрсетілген азаматтар санын 20 %, ал кірмелі туризм бойынша 18 % арттыру жоспары бар. 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда бір тәуліктегі жататын орындар саны 9% өседі деп болжануда.

Жетісу табиғатын жүз мыңнан астам адам тамашалады

Жетісу табиғатын жүз мыңнан астам адам тамашаладыКеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облыстық филиалында өткен брифингіде журналистердің сұрақтарына жауап берген Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева Алакөл жағалауы мен Талғар, Қарасай аудандарындағы таушаңғысы курорттарында 10 жоба іске асырылып жатқанын айтты.

Ресми статистика бойынша облыста бір уақытта 8887 демалушыларды орналастыру мүмкіндігі бар 254 қызмет көрсету нысаны бар. Олар осы уақыт аралығында 1,1 млрд. теңгенің қызметін көрсеткен. Сондай-ақ туристік нысандарды осы аралықта 111,2 мың адам тамашалаған.

Елбасы Алматы облысының инвестициялық тартымдылығын дамытуды тапсырды

Елбасы Алматы облысының инвестициялық тартымдылығын дамытуды тапсырдыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы өңір экономикасын тұрақтандыруды жалғастырудың, мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың, сондай-ақ жұмыспен қамтылуды ұлғайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті облыстың инвестициялық тартымдылығын дамыту, шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау жөніндегі міндеттерді орындауды жалғастыра беруді тапсырды.

Алматы облысының әкімі өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

А.Баталов облысты дамытудың негізгі бағдарламалық құжаты осы мақсатта арнайы әзірленген, он алты бағытты қамтитын Жоспар болғанын атап өтті.

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, экономикаға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыс бағыты айқындалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, биыл облыс экономикасы барлық көрсеткіштер бойынша қарқынды дамыды. Атап айтқанда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция салаларында өсім байқалып отыр», — деді Алматы облысының әкімі.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

                                                                    ***

Дамыту жөніндегі жоспарда қарастырылған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде Алматы облысы экономикада өсімге қол жеткізілді. Бюджет түсімдері 102 пайызға қамтамасыз етілді, дотациялар көлемі 15 пайызға қысқарды.

Жер мәселелерін реттеу мақсатында кешенді жер картасы әзірленді. Төрт ауданда пилоттық негізде ирригациялық желілерді қайта жөндеу жұмыстары басталды, Балқаш көлі мен Іле өзенінің саязданып кетуіне байланысты мәселелер шешілуде.

Ауыл шаруашылығындағы қант қызылшасы егістігі 4020 гектарға дейін ұлғайды, Көксу қант зауыты іске қосылды. Мал шаруашылығында «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары аясында асыл тұқымды мал басы көбейіп келеді, «Ырыс» бағдарламасы бойынша 50-100 бас малы бар отбасылық тауарлы-сүт фермаларын құру ісі ынталандырылуда.

Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі қолданыстағы бағдарлама аясында 360 компания қаржылық қолдауға ие болды. 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Аудандардың дамуындағы әркелкілікті азайту мақсатында 11 өнеркәсіп алаңы құрылып, экономикалық өсімнің жаңа ошақтары қалыптасуда.

Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын дамыту үшін электр желісі тартылып, автокөлік жолдары жөнделуде. Теміржол қатынасы ұйымдастырылды, енді әуе қатынасын ашу да жоспарланып отыр.

Білім беру саласында апатты жағдайдағы мектептерді жою жұмыстары жүзеге асырылуда. 2018 жылға дейін үш ауысыммен оқыту толығымен жойылады. Биыл жеке меншік инвестициялар есебінен 83 балабақша ашу жоспарлануда. Соның нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметімен қамту деңгейі 77 пайызға жететін болады.

Елімізде іскер әйелдерге кеңес беретін «ақылды портал» іске қосылады

Елімізде іскер әйелдерге кеңес беретін «ақылды портал» іске қосыладыКәсіпкерлікке толық диагностика жасап, дамудың келесі сатыларында келелі кеңестер алу сияқты бірегей қызметке қазақстандық іскер әйелдер жақында қол жеткізеді.

Портал әйелдердің IV Еуразиялық саммитінде елдің әр түкпірінен келген нәзік жандылардың назарына ұсынылып, жиылғандарды қайран қалдырды. «Бизнес Лэнс» деп аталатын бұл интернет-ресурсті іскер әйел ханымдарға арнап, Еуразиялық қайта құру және даму банкінің мамандары жасап шығарған. Әріптес елдерде оны іске қосу үшін халықаралық институт 600 млн еуро жұмсаған екен. Оның көмегімен қазақстандық іскер әйелдер жақында өздері қолға алған істің жағдайына талдау жасап, өндірісінің тиімділігін арттыра алады. Түрлі қаржы құралдары мен әлемдегі бизнестің тәжірибесімен де танысуға мүмкіндік береді.

Валерия Делла Роса, Еуразиялық қайта құру және даму банкінің аға менеджері:

— Біздің қазақстандық кәсіпкер әйелдерге қол ұшын созғымыз келеді. Порталды қолдану үшін өз парақшаңды ашып, жеке деректерді енгізу ғана қажет. Жүйе бизнестің жағдайын өзі оқып, тиімді кеңестер береді. Бұл тәжірибе әлемнің 16 елінде тиімділігін дәлелдеді. Жуық арада қазақстандық бизнес-ледилерге де көмек береді. Қазір оны қазақ және орыс тілдеріне аударып жатырмыз.

24.kz.

Астанада ұлттық спорттың үздіктері марапатталды

Астанада ұлттық спорттың үздіктері марапатталдыЕлордада байрақты бәсекелердің үздіктерін анықтап, жылдың қорытындысын шығару мақсатында «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Аталған шараны «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырды.

Алғаш боп сөз алған ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті Президенті Қ.Сатыбалдыұлы жеңімпаздарды құттықтап, биылғы жыл ұлттық спортымыз үшін табысты болғанын атап өтті.

Биыл бас партияның тікелей қолдауымен ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Астана қаласында Теңге ілуден І Ашық Азия чемпионаты және Асау үйретуден республикалық турнирі, сонымен бірге, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Аламан бәйге «Алтын тұлпар» ІІ республикалық турнирі, ал Тараз қаласында «Ұлы дала» ойындары мен «Еуразия барысы» халықаралық турнирі ұйымдастырылған еді. Аталған сайыстарда үздік көрсеткіштерге қол жеткізген спортшылар марапатталды.

 «Алтын тұғыр» игерлері :
1.Көкпар спорт түрі бойынша: «Жыл үздігі» «Әулие ата» командасы
2.Теңге ілу спорт түрі бойынша: «Үздік теңге ілуші» — Ғалымжан Ізжанов.
3.Жамбы ату спорт түрі бойынша «Үздік жамбы атушы» — Айкөз Ералхан.
4.Құсбегілік спорт түрі бойынша «Үздік бүркітші» — Жалғас Әкімбеков
5.«Алтын тұлпар» жеңімпазы «Самалдың» иесі — Есбол Жаппасов
6. «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойына арналған ат бәйгесінің жеңімпазы «Тасқын»тұлпарының иесі — Болат Әбішұлы.
6. Қазақ күресінен «Үздік палуан» — Бейбіт Ыстыбаев.
7. «Үздік жыл ұйымдастырушысы» — Ром Әуезхан.
8. Ұлттық спортқа еңбек сіңірген ардагер — Әмірғалиев Орынтай.
9. Аударыспақтан «Үздік аударыспақшы» — Ерназар Жапарұлы.
10. Ұлттық спортты үздік насихаттаушы ұжым — «Астана» телеарнасы.
11. Ұлттық спортты тұрақты насихаттаушы — «Kazsport» телеарнасы атанды.

baq.kz

Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам болады

Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам боладыLi-Fi технологиясы жылдамдық жағынан бүгінгі Wi-Fi-дан асып түсетін болады, деп хабарлайды 24.kz.

Ғалымдар 4 жыл уақытын жұмсаған жаңа технология — бүгінгі ғаламтор желісін таратқыш Wi-Fi-дың баламасы, деп жазады Mashable. Li-Fi ақпаратты LED-жарықты диодтар көмегімен таратады. Олар наносекундтар деңгейінде жанып тұрып, жұмыс істейді.

2011 жылы ғалымдар лай-файды сынаған кезде ең жоғарғы жылдамдық — секундына 224 Гб-ке қол жеткізген еді. Бірақ үй ішінде пайдаланған кезде ол ықшам құралдар арқылы бұл көрсеткішті секундына 1 Гб-қа дейін азайтты. Сондай-ақ Wi-Fi-мен салыстырғанда, Li-Fi ақпаратты қабырға арқылы өткізіп тарата алмайды. Десек те, осының арқасында өзгенің ғаламтор желісін бұзып кіру мүмкін болмайды.

Астана — Бенфика 2:2

0

22

Чемпиондар Лигасы 5-турында өз алаңында Лиссабонның Бенфикасын қабылдаған Астана 2:2 есебімен тең түсті. Ойынның алғашқы таймында 2:0 есебімен алға шыққан ел чемпионы осы есепті ойын соңына дейін ұстап тұра алмады. Осылайша өз алаңында 3 ойында 3 ұпай жинаған Астананың Еуропа Лигасына шығу шансы әлі де жалғасуда. Соңғы турда Стамбулда Галатасарайды ұтса — өз тобын 3-орында бітіріп, Еуро Лигасына жолдама алады. Астана бүгінгі тең ойыны үшін УЕФА-дан 500 мың еуро сыйақы да алады.

«Астана» — «Бенфика» 2:2 (2:1)
Голдар: Твумаси 19 (1:0), Аничич 31 (2:0), Хименес 42 (2:1), Хименес 72 (2:2)
Ескертулер: Постников 23, Каньяс 50, Щеткин 90+4 — Лопес 44, Жонас 48
«Астана»: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Кетевоама (Жуков 87), Мужиков, Каньяс, Твумаси (Дедечко 90+1), Кабананга (Щеткин 84)
«Бенфика»: Жулио Сезар Лопес, Элизеу, Силвиу (Андре Алмейда 65), Жардел, Самарис (Талиска 65), Ренату Санчес, Хименес, Жонас (Кристанте 80), Гонсалу Гедеш, Пицци
Бас төреші: Рюдди Бюке (Франция)

Соққылар: 11 — 17
Қақпа ішіне: 5 — 8
Қақпа сыртына: 4 — 6
Сейвтер: 6 — 4
Пас саны: 301 — 449
Дәл пас: 199 — 345
Дәлдік пайызы: 66% — 77%
Бұрыштамалар: 3 — 4
Жүгіру қашықтығы: 111352 — 108853
Офсайдтар: 2 — 1
Фолдар: 13 — 13
Допқа иелік: 42% — 58%

Танымал тұлғаларды партия қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті

0

nurotan-news-1448433313_0

Бүгін, Астанада «Нұр Отанның» Орталық аппаратының ғимаратында елімізге танымал тұлғаларды партия қатарына қабылдаудың дәстүрлі салтанатты рәсімі өтті. Әдебиетіміз бен өнеріміздің көрнекті өкілдері, спорт шеберлері, бизнесмен мен журналистер (барлығы 13 адам) партия Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қолынан мүшелік билеттерін алды. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген А. Мырзахметов бүгінгі уақытта «нұротандықтар» қатарының миллиондық межеге жақындап қалғанын айтып, мүшелік билеттерін алған әріптестерін құттықтады.

«Жыл сайын партияға деген ел сенімінің артып келе жатқаны — үлкен қуаныш. Әсіресе өздеріңіздей, әдебиет, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларда толайым табыстарға қол жеткізіп, ел мақтанышына айналған айтулы тұлғаларымыздың партияға өтуінің маңызы біз үшін өте зор. Сіздердің бұл шешімдеріңізді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына қолдау білдірген ниеттеріңіз ретінде қабылдаймын», — деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында партия Төрағасы Бірінші орынбасарының қолынан билеттерін алғандардың ішінде ұлттық поэзиямыздың көрнекті өкілі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы, жас ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, көсемсөзші Ауыт Мұқибек, Қазақстанның ең үздік футболшыларының бірі, қақпашы Давид Лория, «Түйе балуан» жарысының жеңімпазы Жұманазар Ерсұлтан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Керімбаев, эстрада жұлдызы Маржан Арапбаева, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының (Астана) актері, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты Нүркен Өтеуілов, 2015 жылғы сайлауда Президенттің сенімді өкілі болған, «Global Eagles» ЖШС Бас директоры Дастан Нүскенов пен БАҚ өкілдері — «Қазақстан» РТРК АҚ ұлттық телеарнасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас директоры Уәли Қыдыр мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы шығармашылық бірлестігінің редактор- жүргізушісі, Ирина Тен бар.

Саналы ғұмырын ақындар айтысына арнап, атамұра өнеріміздің өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген талантты ақын, Мұқағали Мақатаев сыйлығының иегері Жүрсін Ерман сөйлеген сөзінде, тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдар ішінде қазақ халқының мұрат-мүддесіне, мәңгі ел болу мақсатына, әлемдегі ең озық елдердің қатарына қосылуға ұмтылған мемлекетімізге «Нұр Отандай» қызмет ете алған ешбір саяси ұйымның болмағанын атап өтті: «Партияның саяси-әлеуметтік құрылысымызды, экономикалық әлеуетімізді жетілдіре отырып, тарихымызды түгендеп, дәстүріміз бен салтымызды, тіліміз бен дінімізді сақтауға жұмсап отырған күш-жігері менің көзқарасыммен үйлеседі. Мемлекетіміздің ішкі-сыртқы ынтымағы, бейбіт өмірі осы партияның дұрыс саясатының арқасы. Республикамыздың тағдырына алаңдайтын әрбір саналы азамат «Нұр Отанның» қатарынан табылуы керек».

Ақын, көсемсөзші Ауыт Мұқибек «Нұр Отанның» уақыт сынынан өткен, халық сеніміне ие болған өте қуатты саяси ұйым екеніне тоқталып, шетте жүрген қандастарымызды Елбасы төңірегіне топтастыру үшін партия қатарына өту жөнінде шешім қабылдағанын тілге тиек етті.

Эстрада өнерінің жұлдызы, «Жас Қанат», «Азия дауысы», «Славян базары» т.с.с. халықаралық байқаулардың жүлдегері, «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпазы, Маржан Арапбаева болса Елбасы күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының билетін алуды зор мәртебе санайды: «Бұл менің саналы түрде ойланып жасаған шешімім. Себебі, мен бұл партияның қоғамға, қарапайым азаматтарға және жастар мен өнер адамдарына деген көзқарасы мен принциптерін толық қолдаймын. «Нұр Отан» — біздің Елбасымыз, Ұлт Лидерінің партиясы және оның барлық бастамалары бірінші кезекте қазақстандықтардың жасампаздығы мен ынтымағын нығайтуға бағытталғаны баршаға мәлім. Елімнің патриоты ретінде мен партия қатарында жүріп, Отанымыздың одан әрі гүлденуі үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға дайынмын»

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қолынан билеттерін алғандардың ішінде өзге ұлт өкілдері де бар. Солардың бірі, ««Қазақстан» ұлттық телеарнасы шығармашылық бірлестігінің редактор- жүргізушісі болып жұмыс істеп, таза қазақ тілінде сөйлеп жүрген кәріс қызы – Ирина Тен, екіншісі, Қазақстанның ең үздік футболшысы атағын иеленген, «Ертіс» клубының қақпашысы – Давид Лория.

«Мен де барлық қазақстандықтардай бұл партияның келешегіне үмітпен қараймын. Өйткені, мен «Нұр Отанның» халықтың игілігі үшін қызмет етіп жатқанын жақсы білемін.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында, біз спортшылар нақты көмекті сезудеміз. Елімізде спортқа ерекше көңіл бөлінген. ҚР Президентінің Жолдауында бұқаралық спортты жандандыру туралы жақсы айтылған.

Мен грузинмін. Ұлты мен діни сеніміне қарамай, барлық азаматтарға тең жағдай жасалған Қазақстанда туғанымды бақыт санаймын. Елдегі барлық ұлттар болашақ Қазақстанның келешегін бірге қалап жатырмыз», — деді, атақты футболшы Давид Лория.

Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде партия қатарына қабылдау салтанаты өтуде. Еліміздің мыңдаған азаматтары бұл күні «Нұр Отанға» мүше болып, партиялық билеттерін алады.

nurotan.kz

Нарат сахарасының суреттері

Күнес ауданы – дүниежүзiндегi қазақ ең көп әрi тығыз қоныстанған аудан. Халқының 80 пайыздан астамы қазақтар, 13 ауыл, 3 ферма, 4 қалашық, 100-ге тарта қыстақта 400000-ға жуық қандастар тұрады. Қытайдағы iрi туристiк орталық – Ақөзен жайлауы, Нарат сахарасы осында орналасқан.

narat

narat-02

那拉提草原

narat-05 narat-06 narat-07 narat-08 narat-09 narat-11 narat-12

Суреттер baidu.com сайтынан алынған

Рубиктің кубигін жинаудан рекорд жаңартылды

Рубиктің кубигін жинаудан рекорд жаңартылды АҚШ-та Рубиктің кубигін жинаудан жаңа рекорд жасалды. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Рубиктің кубигі аталып кеткен жұмбақ конструкцияның  құрылысын венгрлік сәулетші, архитектура профессоры Эрно Рубик ойлап тапты. Рубик Будапешт қолданбалы өнер академиясының интерьер дизайны факультетінде өнеркәсіп дизайны мен архитектура пәнінен мұғалім болып жұмыс істеді. Ол математикалық теория ережелер негізін түсіндіргісі келгендіктен, өзінің ойлап тапқан кубигін ең алғаш өз білім бағдарламасына кіргізген.

Мэриленд штатының Кларксвилл қаласында өткен сайыста 14 жасар Лукас Эттер бас қатырғыш кубикті небәрі 4,9 секундта жинады. Бұл осыған дейінгі жасалған рекордтық көрсеткіштен 0,3 секундке тез.  Жаңа рекордты Бүкілдүниежүзілік кубик бірлестігі растады.